Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І-тарау. Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
1.1. Халық педагогикасының мәні, мазмұны мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қазақ этнопедагогикасы педагогика ғылымының бөлігі ретінде
... ... ... .13

ІІ-тарау. Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың
жолдары
2.1. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Сыныптан тыс жұмыста халық педагогикасын пайдаланудың
формалары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 35

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...47
Қолданылған әдебиет тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 49

Кіріспе
Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ
тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан ой - пікірлері мен іс-
тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ
рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді
халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін,
рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық,
балажандық, қонақжайлық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі
бар. Онда кешегі өткен данғой қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және
ақын-жыраулардың саналық болжамдарының, психологиялық пайымдаулары мен
педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Қоғамдық ойдың тағы бір бағыты
дәстүрге, халықшылыққа сүйенеді. Шынында да, бұрынғы қасаң қағидалар
жарамсыз болып қалған кезде неге назар аудару керек. Сірә, қарапайым әрі
түсінікті, сонымен бірге әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани
негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек.,-деп көрсетуі бұл проблеманың
көкейкестілігін айқындай түседі. (26;18).
Осы орайда республикамызда халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу,
саралап игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен
міндет болып табылады. Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған халықтық
педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен
лайықты орын ала бастады.
Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Қазақстан
Республикасының қазақ тілінің әлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-
шаралары, ғылым мен мәдениеттің өрістеуін қамтамасыз ететін Конституциясы,
еліміздің мәдени-әлеуметік дамуына бағытталаған тұжырымдамасы жастарға
жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде адамгершілік, эстетикалық
тәрбие, мәдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деген
сенімдеміз.
Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен әдістеріне, оқу
жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде.
Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік
тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау болса, бұл мәселелерге
қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан басқа
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, т.б. үлкен мән
берген.
Бүгінде Қ.Бөлеев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, т.б. көптеген
қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын,
оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр
ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді.
Осындай жетістіктеріміз болса да педагогикалық әдебиетте, баспасөзде
жазылып, мектеп тәжірибесінен көрініс беріп, жүрген талғамсыздық,
сыңаржақтық, ұраншылдық, мәселенің ішкі мазмұнына емес, сыртқы көрінісіне
әуестенушілік секілді келеңсіз құбылыстар бой көрсетуде. Мұның өзі уақыт
талабына сай оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың қажеттілігі
мен педагогика теориясы мен практикасындабұл мәселенің жеткілікті
зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту үрдісінде халық педагоггикасын
пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық
жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау
қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу дипломдық жұмысымның тақырыбын Халық
педагогикасын оқыту үрдісінде пайдалану деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты - халық педагогикасының мазмұны мен құрылымын
теориялық тұрғыдан қарастырып, оны мектептің оқыту үрдісінде пайдаланудың
тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі - жалпы білім беретін мектептегі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – жалпы білім беретін мектептегі оқыту үрдісінде халық
педагогикасын пайдалану жүйесі.
Зерттеу болжамы - оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану
тиімді болуы мүмкін, егерде оқыту үрдісінің мазмұны мен әдістемесі
оқушылардың сана-сезіміне, сенімін, еркін, қарым-қатынасын және мінез-
құлқын ұлттық тәлім-тәрбиелік мақсаттылықпен қалыптастыруға бағытталған
жүйемен қамтамасыз етілсе.
Зерттеу міндеттері:
- халық педагогикасының теориялық негіздерін қарастыру;
- халық педагогикасын мектептің оқыту үрдісіндегі тәрбиелік
мүмкіншіліктерін ашып көрсету;
- озық үлгілерін оқыту үрдісіне ендірудің нақты жолдарын көрсету.
Зерттеу көздері – халық педагогикасына байланысты тарихшы-
этнографтардың, философтардың, психолгтардың және педагогтардың еңбектері,
Қазақстан Республикасының ресми құжаттары; зерттеу проблемасы бойынша
жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер; жалпы білім беретін мектептердегі
мұғалімдердің озат тәжірибесі; автордың педагогикалық тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: тарихи-этнографиялық, философиялық, психологиялық,
педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау,
оқушылардан сауал-сұрақ алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық
бақылау арқылы озат педагогтық іс-тәжірибені зерттеу, оны қорытындылау,
метематикалық әдістер.
Зерттеу базасы. Алмазов атындағы ЖББМ (Шыңғырлау ауд., Алмазов
ауылы).
І-тарау. Мектепке халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
1.1. Халық педагогикасының мәні, мазмұны мен құрылымы.
Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени адамгершілік, рухани
құндылықтарымыз жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Сонымен қатар
төл мәдениетіміз, салтымыз, дәстүріміз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи
ортамыз, ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған кезінде
әр халықтың ұлттық өзгешелігін, ерекшелігін зерттеп біліп, тауып, шешіп
қамту керек деген талапты жүзеге асру әбден қажет.
Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық
дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын алал
бастады. Халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелерін этнография,
этнопсихология, педагогика ілімдерімен қатар этнология, шығыстану,
этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты. Сол себепті халық
педагогикасының бұлақ бастауы – көне наным-сенімдердің тәрбиелік сипаты
басты назарға алынады. Оның асыл арналарын қоғамдық сананың түрлері мен
категориялары арқылы жүйелеудің маңызы зор. Қоғамдық дамудың алғашқы
сатыларында тәрбиелік ой – сана көне наным-сенімдермен аралас көрінеді. Оны
ғылым тілінде халық педагогикасының синкреттік (толық дамыған жағдайы)
белгісі деп атаймыз. Халықтың тәлімгерлік тәжірибесі өзінің синкреттік
белгілеріне қарай екі салаға жіктеледі. Олар: идеологиялық және жанрлық
синкретизм. (20,14)
Мұның алғашқысы тәрбиелік ой-сананың мифтік ұғымдардан ажырамай,
рулық – тайпалық деңгейдегі көрінісін білдірсе, келесі түрі оның көне
ұғымдардан бөлініп, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым, кәде, жол-жоралғы т.б.
жанрлық салаларға жіктеле бастағанын байқатады.
Түркі тайпаларының сол ұғымдары саралана келіп былайша жіктеледі:
1. Халықтың тәлімгерлік – тәжірибесінің қоғамдық сананың мифологиялық
сатысындағы көріністері.
2. Тарихи (реалдық ) сатысындағы деңгейі.
Қоғамдық сананың даму кезеңдерін негізгі екі салаға бөліп қарастыру арқылы
түрлі мифтік ұғымдарды жіктеу, саралау мүмкіндіктері туады. Мұндағы алғашқы
сатыға мифологиялық, космогониялық, демонологиялық ұғымдар, ал екіншісіне
тотемдік, анемистік т.б. нанымдар жатқызылды. Бұл мәселелерді Э.Б. Тайлер,
Дж. Фрэнер, Мэри Бойс, Н.А. Алексеев, С.А. Токарев, мифология мектебінің
көрнекті өкілдері – Кун, Шварц, Миллер басқа да ғалымдар әлеуметтік-
пәлсапалық тұрғыдан зерттеген.
Көне наным-сенімдердің қазақ халқының тұрмыс - тірішілігі мен
фольклор мұраларындағы көріністері В.Радлов, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов,
Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, С.Қасқабасов, т.б. еңбектерінде, ал тарихи-
этнографиялық, әлеуметтік-пәлсапалық мәселелері Қ.Шүленбаев, С.Адатаев,
Р.Мұстафина т.б. зерттеулерінде сөз болған.
Көне түркі жазбаларының бірі – Күлтегін. Онда ежелгі түркі
тайпаларының мифтік ұғымдарының бірі – Ұмай ана бейнесі көрінген. Әйел
тәңірісі Ұмай әйел мен нәрестелер тірі ғана емес, сонымен қатар тайпа
батырларына айрықша рух беріп, жеңістерге жетелейтін құдіретті күш.
Бұл тұста Ұмай ана кейпіндегі мифтік бейненің тәрбиелік сипаты
байқалады. Ежелгі түркі тайпаларынан қазақ халқының кейінгі тұрмыс-
тіршілігіне өткен мифтік, космогониялық, демоногониялық ұғымдар оғыз-қыпшақ
дәуірлерінде туған Оғызгнама, Қорқыт ата кітабы басқа да мұралардан
көрініс тапқан. Енді бір үлгілері бүгінгі рухани өрісімізге жаңадан
мағынада еніп, қасиетті таным, ырым, әдет, қанатты сөздер түрінде бой
көрсетті. Педагогикалық тұрғыдан келсек осы ұғымдардың адамның ойлау,
сөйлеу, әрекет жасау, тіршілікке бейімделу, күресу, қорғану қабілеттерін,
сана-сезімін жетілдіріп, рухани шыңдалуына себепші болғаны байқалады.
Қоғамдық сананың тарихи сатысындағы тәрбиелік ұғымдардың маңызы да
елеулі. Түркі тайпаларының тотемдік және шамандық нанымдары қоғамдық
сананың осы кезеңінде туып қалыптасқан. Оның іздері қазақ халқының кейінгі
тұрмыс – тіршілігінен де көрініс тапқан. Мысалы, балаға ат қою, жы қайыру,
мүшел, жер- су, күнтізбе, төрт - түлік пірлері, ата-баба дәстүрлерін
ардақтау, құда түсу, қалыңдық айттыру, үйлену, той жасау, қонақ күту, өлген
адамды жерлеу, жоқтау, бата беру, т.б. салттары, түрлі сөз тіркестері мен
қанатты сөздер, толып жатырған ырым, ұғым, әдет, кәде, жоралғылар соның
айғағы.
Заманның талабына сай соңғы уақытта халық педагогикасын байланысты
зерттеулер көбеюде. Соларға сүйене отырып Халық педагогикасы,
Этнопедагогика атауларын қарастырайық. Педагогикалық әдебиетте халық
тәрбиесі, халық педагогикасы және этнопедагогика ұғымдарына, олардың
арақатынасына байланысты көптеген пікірілер бар. Жергілікті педагог – ғалым
Н.Даулетовтің пікірінше Халық тәрбиесі, Халық педагогикасы,
Этнопедагогика деген ұғымдар осы кезге дейін өзіндік ғылыми түсінігі
сараланып, нақтыланбай келеді.
Н.Дәулетов халықтық тәрбиені белгілі бір ұлттың жеке адамға, соның
ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесі деп
түсінеді. (9) Академик Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасына
қарағанда халық педагогикасы әлдеқайда біртекті. Халық педагогикасымен
халық тәрбиесінің арасында, тәрбиелеу өрісіндегі идея мен шындықтың
арасында педагогикалық ой мен педагогикалық практиканың арасында тікелей
бір мағыналы сәйкестік жоқ.
Осыдан келіп шығатын қортынды Халық тәрбиесі – бұл педагогикалық
практика, тәрбиелеу өрісіндегі өмір, шындық, ал халық педагогикасы – бұл
халық білімінде жүзеге асқан идея, педагогикалық ой. (6).
Ал, халық педагогикасымен қатар этнопедагогика дейтін де ұғым
бар. Осы екеуінің арақатынасы қандай бұлар синоним ұғымдар ма, әлде қайсысы
білім қайсысы ғылым, әлде басқаша ма деген сауалдар туындайды.
Еліміздің белгілі педагог – ғалымы Қ.Жарықбаев академик Г.Н.
Волковтың осы екі ұғымының ара жігін анықтап көрсеткен ойларын қостайды.
(12).
Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасы дегеніміз әр этностың
отбасылық тәрбиесінің жиынтығы, ол әлі ғылыми жүйеге нақты түспеген,
атаулары мен принциптері анықталмаған ілім білімдерінің қарапайым саласы.
(5).
Қ.Жарықбаевтың пікірінше халық педагогикасы - бұл тәлім-тәрбиелік
ғылымының алғашқы баспалдағы, ол тәрбие туралы ілім-білімдердің, ой-
пікірлердің жиынтығы. (13)
Ол жеке өз алдына ғылым бола алмайды, өйткені оның өрісі тар, әрі
теориялық астары жоқтың қасы, ол қарапайым тәжірибенің деңгейінде тұрған
феномен. Ал этнопедагогика болса – бұл ғылыми педагогиканың жеке бір
саласы, мұның өзіндік ғылыми атаулары, белгілі принциптері бар.
Қ.Жарықбаев халық педагогикасы ұғымының синонимдеріне халықтық
тәрбие, халық тәлімі, қазақ тағылымы, ұлттық тәлім-тәрбие т.б. осы
тәріздес ұғымдарды салыстырып пайдалануға қарсы. Оның пікірінше халық
педагогикасын жоғарыда келтірген ұғымдардың баламасы деу қате. Бұларда
өзіндік мағынасы бар. Тәрбие ұғымының қолданылу аясы тәлім, тағылым
ұғымдарынан әлдеқайда ауқымды, яғни логика ғылымының тілімен айтсақ тәрбие
кең мағыналы текті ұғым да, ал қалғандары одан мән—мағынасы бар түрлі
сипаттағы ұғымдар.
Қ.Жарықбаев халық педагогикасы деп оңды-солды айта да, жаза да
бермей этнопедагогика ұғымына қарай бой ұрғанды абзал деп есептейді.
(12).
Енді педагогикалық әдебиетте халық педагогикасы этнопедагогика
ұғымына қандай анықтама берілгенін қарастырайық.
Халық педагогикасына академик А.Э. Измайлов мынадай анықтама береді:
Халық педагогикасы – ұрпақтан ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе
жатырған халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесі жемісінің жинақталып
және іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматының, дағдылардың жиынтығы.
Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында,
жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы
өзіндік көрінісін беріп отыр.
Ал, халық педагогикасын зерттеуде орасан зор үлес қосқан ғалым-
педагог Г.Н. Волков халық педагогикасы ұғымына мынадай анықтама береді:
Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-
ғұрыптарында, ырымдарында, балалардың ойындары мен ойыншықтарында мәңгі
сақталып қалған білім, педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу
тәжірибесінің жиынтығы. Бұ әдетте, ауызша таралады. Халық педагогиаксы –
халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық
мақсатының, міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-құралдарының, тәсілдерінің
жиынтығы мен өзара байланысы (5).
Халық педагогикасы ұғымымен бірге этнопедагогика ұғымы да бар.
Бұл ұғымды педагогикалық әдебиетке ең бірінші болып академик Г.Н. Волков
енгізді. Этнопедагогика – халықтың жасөспірім тәрбиелеу тәжірибесі туралы,
олардың педагогикалық көзқарастары туралы, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа, ұлт
педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан
ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Сөйтіп, егер педагогикасы
тәжірибеге және оны баяндауға қатысты болса, ал этнопедагогика теориялық
ойлаудың, ғылымның өрісіне қатынасты болады.
Қазақ халқының педагогикасының тереңінен тамыр тартқан арналарын
зерттеген Қ.Жарықбаев этнопедагогиканы ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отырған тәлімгерлік тәжірибесін зерттейтін ғылым ретінде
таныса, С.Қалиев халық педагогикасы деп сол халықтардың ғасырлар бойы
жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелердің
жиынтығын айтады.
К.Қожахметова этникалық деген ұғымды тәрбиелеу және оқыту саласында
дәстүр, тіл этникалық сана-сезім ерекшелігінде материалданған,
этноерекшеліктерге, белгілерге зейін қою деп есептейді. (19;162).
Қазақ этникалық педагогикасы дегенде қазақ этносының нақты
этноерекшелік жағдайының өмір сүруіне тарихи қалыптасқан, қазақ этникалық
тәрбиесінің ерекшелігін зерттейтін саланы түсінеді. Келесі тарауда қазақ
этнопедагогикасының мәселесі қарастырылады.
- Педагогикалық әдебиетте халық педагогикасының ерекшеліктері
айқындалған;
- Халық педагогикасы ғылыми педагогикадан бұрын ежелгі дәстүрде
қалыптасып халықпен бірге жанасып келеді;
- Ертеде қалыптасқан сөз шеберлігі бәрінен бұрын халықтың көркемөнер
шығармаларында - ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-
мәтелдерінде іске асқан;
- Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ерекшеліктері мен
заңдылықтарының қалыптасуына ықпал жасаған.
- Халық педагогикасы бүгінгі күні ғылыми зерттеудің тек қана
объектісі емес, сонымен қатар ол педагогикалық теорияны, әсіресе,
отбасындағы тәрбиенің дамуына әсері зор.
- Халық педагогикасының негізін халықтық аңғырт – реалистік,
стихиялық-материалистік философияның көзқарастары қалайды. Халық
көзқарасында атейзм элементтерінің бар екені соның дәлелі.
- Ортаның тәрбиеге ықпалы туралы халықтың өз көзқарасы болған, ол
тұқымқуалаушылыққа сенбеген.
- Халық балалардың психологиялық ерекшеліктерін өте жақсы зерттеп
білген.
- Халық педагогикасында нақты заңдар мен жүйеленген білім, ғылыми
ұғымдар жоқ. Халық даналығының терминологиясында жергілікті диалектілер,
ырым-жоралар таңба болып қалған.
- Халық педагогикасының шығармашылық негізі – оның ұжымдылығы:
фольклор, халықтық тәрбие туралы нақыл сөздері жеке адамның емес бүкіл
халықтың ұжымдық шығармашылығы;
- Өнермен, тәжірибемен тығыз байланысты;
- Қоғам педагогикалық мәдениетінің ең асылын өзіне сіңірген:үлкенді
сыйлау, қонақжайлық, кішіпейілділік, т.б.
- Рухани мәдениеттің басқа салаларындағыдай халық педагогикасы өзі де
әсерленуге және өзі ықпал жасауға бейім.
- Халықтың көптеген шығармаларында ұлттық шекарадан аттап
интернационалдық сипат алып кетті.

1.2. Қазақ этнопедагогикасы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде
Педагогика әдебиетте этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдас
бөлігі ретінде қарастырады. Этнопедагогиканың педагогикадан кейбір
айырмашылығының болатындығы, оның компоненттік құрамымен шартталып отыр.
К.Қожахметова қазақ этнопедагогикасын педагогика ғылымының құрамдас
бөлігі ретінде көрсету үшін мына схеманы қолданады: педагогикалық ғылым –
жалпы, этнопедагогика – ерекше, қөазақ этнопедагогикасы – жекелік болады.
(19,149).
Педагогикамен салыстыра отырып этнопедагогиканың логикалық
структурасын анықтау үшін К.Қожахметова структуралық – аналитикалық тұрғыны
пайдаланады. Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасын қарастыра
отырып, этнопедагогиканың компоненттерін таблицамен көрсетеді.
Салыстырмалы талдау этнопедагогиканың ғылыми статусының бар екенін
көрсететтін негізгі компоненттерін байқатты.
Қазақ этнопедагогикасын анықтау үшін К.Қожахметова әр түрлі ғылыми
саладағы әдебиетті талдай келіп мынадай қортындыға келді: педагогика –
жалпы, оның заңдары этнопедагогика саласына да әсер етеді; этнопедагогика –
ерекше, яғни барлық этникалық топтарға, этнос формаларына тән, этникалық
ерекшелік астарларды педагогикада бөліп шығарады; қазақ этнопедагогикасы –
бұл жекелік, мұнда тілде, дәстүрде, салттарда, дінде көрінісін тапқан
этникалық мәдениеттің өзіндік беті арқылы пайда болған ерекшеліктерін
көреміз. Бұл ерекшелік ортаның, тұрмыстың, шаруашылық іс-әрекеттің,
этникалық психологияның әсерімен тарихи қалыптасқан этникалық дүние танудың
өздігінен пайда болып отыр. Міне, олардың бәрі педагогикада өзінің ұштасу
нүктелерін табады. (19;150)
Қазақ этнопедагогикасының объектісін, пәнін, т.б. анықтау үшін
К.Қожахметова оның білімнің басқа салаларымен байланысын қарастырады
Кейін ғалым-педагог құрылымдық – талдау тұрғысын пайдаланып,
этнопедагогиканы педагогикамен салыстыра келіп, оның логикалық құрылымдық
компоненттерін, яғни мақсаты мен міндеттерін, объектісін, пәнін,
функцияларын, әдістерін, категорияларын, заңдарын, заңдылықтарын,
теорияларын анықтайды. (кесте - 1). Этнопедагогиканың компоненттерін
анықтауға Г.Н. Волковтың еңбектері кеңінен пайдаланылған.
Салыстырмалы талдау этнопедагогиканы ғылыми педагогиканың құрамдас
екенін көрсетті, себебі құрылымдық таладу тұрғысынан қарастырғанда білім
жүйесінің ғылыми екендігін көрсететін негізгі компоненттері бар екенін
анықталды.
Этнопедагогика ғылымының көптеген салаларымен байланысты (1-кесте).
Педагогика мен этнопедагогиканың байланысы ішкі пәнаралық байланысқа
жатады, себебі этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі. Ал,
этнопедагогика мен этнопсихологияның байланысы ұлттық сананы, ұлттық
мінезді, ұлттық сезімді, т.б. мәселелерді зерттеу байланысында этномәдениет
жетекші роль атқарады, себебі ол этнопедагогиканың мазмұнына, құралдарына
тікелей әсер етеді.
Көптеген ғылыми талдаудан кейін К.Қожахметова қазақ
этнопедагогикасына мынадай анықтама береді: қазақ этнопедагогикасы – қазақ
философиясының, этникалық мәдениеттің, этнографияның қиылысында қалыптасқан
педагогика ғылымының құрамдас бөлігі, оның саласы. Оның пәні бүкіл өмір
бойы отбасында, халық ағарту мекемелерінде үздіксіз жүзеге асырылатын қазақ
этникалық тәрбиенің жүйесі болып табылады. (19;163)
Этнопедагогика арқылы этникалық ерекшелік есепке алынып педагогикалық
білім нақтыланады. К.Д. Ушинский бір халық екінші халықтың үлгісі бойынша
өмір сүре алмайтынын көрсетіп, әрбір елде халықтың мүддесіне, мақсатына
сәйкес өзіндік білім және тәрбие беру жүйесінің қажет екендігін айтты.
Шынында да, әрбір халық қайталанбас тәрбие жүйесіне ие. Сол ерекшелігі,
яғни психологиялық құрылым ерекшелігімен, тілмен, ұлттық мінезбен, ұлттық
өзіндік санамен, салт-дәстүрмен, дінмен т.б. байланысты қазақ этносына тән,
ерекше қазақ этнопедагогикасын зерттейді.
К.Қожахметова қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-логикалық моделін
пайдаланған. (19;164-166) Кесте – ІІ.

Кесте - 1. Этнопедагогика. Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы.

Этнопедагогика – халықтың жасөспірім тәрбиелеу
Ғылымның тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары
компоненті туралы, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа, ұлт педагогикасы
туралы ғылым.
Мақсаты мен Мақсаты: жетілген адамды тәрбиелеу, оның дамуы ақылмен,
міндеттері еңбексүйгіштікпен, ізгілікпен жүзеге асады.
Міндеттері:
- Халық педагогикасының ерекшелігін, оның пайда болуын,
дамуын, қазіргі жағдайын, оның халық өміріндегі орнын
және оның адамзаттың педагогикалық мәдениетінің
дамуындағы ролін зерттеу;
- Халық тәрбиесінің негізгі категорияларын және
заңдылықтарын анықтау;
- Ұлттық мінездің қалыптасу процесін зерттеу, оны
этникалық қауымдастыққа тән тәрбие жүйесінің әсерінің
нәтижесі ретінде қарастыру;
- Халық педагогикасының педагогикалық ғылыммен
байланысын анықтау;
- Халықтық педагогикалық мәдениетінің ерекшелігін
талдау.
Объект Халық педагогикасы
1. Халықтың педагогикалық мәдениетінің ауқымы
2. Халық педагогикасы
Негізгі педагогикалық ұғымдары; бала тәрбиесінің
объектісі және субъектісі ретінде; тәрбиелеу
Пәні функциялары; тәрбиелеу факторлары; тәрбиелеу әдітері;
тәрбиелеу құралдары; адамзаттың жеке адамды жетілдіру
идеясы; тәрбиелеуді ұйымдастыру; адамдардың өмір
сүруінің ұжымдық қатынасының педагогикалық ролі, халық
тәрбиешілері.
Этникалық педагогика ұлттық тәрбиелеу жүйесі арқылы
сақталған, тарихи жағдайлардың әсерімен құралған,
ұлттық мінездің ерекшеліктерін зерттейді.
Асыл педагогикалық мұраны насихаттау, оны педагогикалық
Функциялар ғылымда меңгеруге және өңдеуге, тәрбиелеу практикасында
қолдану. Халықтық педагогикалық дәстүрлердің
өміршеңдігі білім және олардың қазіргі қоғамның рухани
өміріне енуінің механизмін анықтау. Үлкен және кіші
халықтардың тәрбиелеу практикасының ерекшелікерін
зерттеу .
Белгілі дәрежеде этнографиялық, бірақ педагогикалық
объектіні зерттеуге бағытталған және педагогикалық
мазмұнға толы. Халық өмірінің құбылыстарына
этнопедагогикалық ыңғайдың болуы педагогика пәнін тар
Әдістері мағынада қарастырмауға жағдай жасайды. Халық
көзқарасына сәйкес бір адамның ғұмырын толық
педагогикалық цикл ретінде қарастыруға болады. (Адам
немере болып дүниеге келеді, ата болып дүниеден озады)
Принциптері Табиғатқа сәйкестілік: бүкіл өзінің іс-әрекеттерін
табиғатқа үйлесімділік жағдайына келтіруді талап етеді,
яғни бейбітшілік, гармония, үйлесімділік. Жастық
кезеңде табиғатта сәйкестілік басым болады, жеке мен
жалпының, ұлттық пен жалпы адамзаттың бірлігі; бір
жағынан этникалық ерекшеліктері зерттеледі, екінші
жағынан халықтардың педагогикалық мәдениеттерінің
ортақтастығы анықталады.
Халықтық принцип.
Халық педагогикасы.
Халықтық педагогикалық шығармашылық.
Халық педагогикасының негіздері.
Балалар ортасы халықтық тәрбиенің факторы ретінде.
Категориялар Тәрбиенің халықтық құбылыстары: демократизм,
табиғилығы, эмпиризм, практикалығы, синнкретизм,
этнопедагогика.
Этнопедагогика объектісі. Этнопедагогика пәні.
Заңдылықтар Халық мәдениетінің дәрежесі халықтың педагогикалық
мәдениетінің дәрежесін де көрсетеді.
Халық педагогикасында нашар тәрбие болашақ ұрпақтың
мінез-құлықының нашарлауымен байланыстырылады. Халық
педагогикасында тұтас сатылы қорытындылар бар, әрбір
сатыны жалпылау арқылы адам жоғарыкөтеріле береді.
Жалпы заңдылық: ең жақсы ұлттық әрдайым
интернационалды.

ІІ-тарау. Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың
жолдары.
2.1. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс, оның
барасында жеке көзқарастар мен сенім жүйесі дамиды, жеке адамның әрекет
жасауына бағыт береді. Ерте балалық шақтың балаларда қоршаған болмысқа
дұрыс түсінікті тәрбиелеу, оларды табиғат құбылыстарымен таныстыру қажет.
Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен, отбасы, балабақша
және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты
оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатынасты ояту және тәрбиелеудің бір жолы - өмірді
тікелей бақылаудан басқа, танымдық әдебиеттерде жатыр, әсіресе, халық
ауызекі шығармашылығының үлгергендігі. Бұған дәлел ретінде С.Ұзақбаеваның
еңбектерін алуға болады. Оның пайымдауынша қазақ халқының шығармашылығында,
әсіресе эпостар мен ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық
бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны объектілі
болмыстың көрінісі болып табылады.
Бүгінгі күні оқытуда қойылып отырған талаптардың бірі - өмір шындығын
балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде
балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін
дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігін, қызығуын
арттыру. Ендеше оқу материалдарын сабақ мазмұнына сай етіп, оларды енгізу
–балалардың алған білімін толықтырып, жан-жақты дамуына ықпал етпек.
Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын
болсақ, мұның жеке тұлғаға танымдық әсері жоғары. Өйткені, онда табиғи
құбылыстардың және адам өмірінің алуан түрлі қырлары, сыртқы көріністері
адамның ішкі психологиялық жан-дүниесіне теңеп бейнелеу шебер берілген.
Айта кету керек, халық педагогикасының асыл мұралары бастауыш
мектептің білім мазмұнында өзінің орнын алуда.
2002 жылы “Атамұра” баспасынан бастауыш мектептің 2 – сыныбына жаңа
буын оқулықтары қайта басылып шықты. Қазір мектеп оқушылары “Ана тілі”
оқулықтарының жетілдірілген нұсқасын қолдарына алды:
-балаларға арналған тақпақ, санамақ, мазақтау, өтірік өлең, т.б.
- төрт түлік жырлары: төрт түлік туралы өлеңдер, мал, жан –жануарлар
айтысы, т.б.
- ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер
- аңыз әңгімелер : тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр туралы, т.б.
- шешендік сөздер: әйгілі билер мен шешендік сөздері
- жұмбақтар мен жаңылтпаштар: әр түрлі тақырыптағы
- орыс халқының ертегілері: хайуанаттар жайындағы
- өзге халықтардың ертегілері: хайуанаттар жайындағы
төмендегі жетілдірілген “Ана тілі” оқулығы бойынша “Асыл сөз”
бөлімінің күнтізбелік жоспарының үлгісі беріліп отыр.
№ Күнтізбелік жоспардың тақырыптары
ІІ . Асыл сөз
1. Бөбектің тілегі
2. Шопан атаға 1
3. Түйе
4. Сиыр 1
5. Қожанасыр мен Алдаркөсе
6. Үш сом
7. Кімнің баласы? 1
8. Бала Жиренше 1
9. Күй құдіреті. 1
10. Мазмұндама 1
11. Мақал –мәтелдер , жаңылтпаштар 1
12. Жұмбақтар 1
13. Тазша бала. өтірік өлең. 1
14. Кедейлік неден?
15. Жақсы жігіт белгісі. 1
16. Ананың арқасы.
17. Қазыбектің Төле бимен кездесуі
18. Не қымбат? 1
19. Әйтеке бидің айтқаны.
20. Жігіттің жақсысы 1
21. Шығарма 1
22. Байлық пен ақыл (ертегі) 1
23. Ұр тоқпақ (ертегі) 1
24. Жақсылық пен жамандық (ертегі) 2
25 Бөлімді қайталау 1

Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық
шығармашылығы болғандықтан, оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша
үздік кейіпкер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық-көркем
қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып
үйрену жолдары, әдіс-амалдары бар. Мәселен, ертегілерді алатын болсақ, ол
ел аузында ғасырлар бойы сақталып, айтылып, әңгімеленіп келеді. Ал осы
ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып,
ұстамдылыққа үйренеді, адамгершілік қасиеттерге ие болады, әсемдікті
түсінуге мүмкіндік алады.
Балалардың әсемділікті сезініп, түсініп, оған қызыға білу олардың
өмірді ерте тануына көмектеседі. Әрине, ертегілердегі суреттелген туған жер
байлығы, табиғат сұлулығы, жер бетінің көріністері, ертедегі батырлардың
оларға деген көзқарасы, олардың халық бақыты үшін күресі, киген киімі,
пайдаланған қару-жарағы, сауыт-сайманы, мінген аты балаларға өмірді танып
білудің маңызды құралы болады.
Демек, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелі, қабілетті азамат етіп өсіруде
халық ертегілерінің танымдық-тағылымдық рөлі орасан зор. Халық
ертегілерінің оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу мүмкіндіктері шексіз, өйткені
ол жеке адамның бөліктеріне (танымдық, еріктік, қажеттілік, қызығу) әсер
етеді. Ертегі балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке
адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығу тудырады.
Ертегі – бұл халық ауызекі шығармашылығының бір тармағына жататын,
атадан балаға ауызша берілетін, халықтың аңсаған арман-қиялынан туған
шығарма. Ертегілердің өзіндік құрылымы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай
ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің
басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға
желісі күрделене түседі. Мұғалім ертегі элементтері арқылы бала сезіміне
жол табады. Ертегі кейіпкерлерімен кездесу балаларды немқұрайлы қалдыра
алмайды. Бақытсыздыққа ұшыраған кейіпкерге көмек беруге деген тілек,
ертегідегі жағдайларды түсіну баланың ақыл-ой қызметін белсендіреді,
бақылағыштығын, нәрсеге, затқа қызығу және қуанып қайғыра білу қабелітн,
эмоциялық және образдық есін, қалжың сезімін дамытады, бағалай білу (қу,
сараң, ақылсыз, т.б.) іскерлігін, әдеттегіден ерекшені, таңғажайыпты көре
білу, таңқалу іскерлігін қалыптастырады.
Ертегілердің танымдық-тағылымдық рөлі К.Ушинский, А.Макаренко,
В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог
В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын
тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол Ертегісіз,
творчествосыз, фантазиясыз толық мәнінде тәрбие жүзеге аспайды деп сана
санады. Ол өз тәжірибесі арқылы бірінші сыныптан бастап-ақ кішкентай
балаларды шығармалар құрастыруға үйреткен.
Ертегі – бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын
самал жел. Балалар ертегіні тек тыңдауды ғана жақсы көрмейді, олар өздері
де ойлап шығарады. Ертегі шығару – бұл мұғалім үшін балалармен рухани қарым-
қатынас жасау болса, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы болады.
Олар ертегіге құмартады. Осыны байқаған В.Сухомлинский балалардың көріп
отырған нәрселері туралы, қазір олардың көз алдына болып жатқан нәрселер
немесе олардың түсінуіне қиын болмайтын жайлар туралы қарапайым ертегілер
ойлап шығарған. Оның қашанда басты назар аударғаны:ертегіде терең ойдың
болуы. Балалар ақиқатты ойлауы, оған таңырқауы, рухтануы керек. Өйткені
бала өзінің төңірегіндегі заттар мен құбылыстардың ғажайып көріністерін
байқайды. Белгісіз, түсініксіз нәрсе, әсіресе ғажайып, фантастикалық
нәрсенің бәрі баланы қызықтырып, өзіне тартады. Өздерінің байқағандарынан
балалар ертегілер ойлап шығарады. Өз ертігісін көрген бала қуанышты басынан
кешеді.
Ертегі - өмір оқулығы. Себебі қуанышта, күлкіде, шаттықта, уайым-
қайғыда сол ертегіде.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, баспаға шығуы ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов,
Г.Потанин, В.Радлов, Ә.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б. атауға
болады. Олардың жинаған материалдарын өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан
бастап Дала уалаяты газетінде, Торғай облыстық ведомосында, Ақмола
облыстық ведомосында, Орынбор газетінде, Орынбор губарниялық
ведомосында, Астрахан газетінде т.б. жарияланған.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев,
С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Ш.Уәлиханов қазақтың аңыз-әңгімелері, ертегілері мен жырларына
халықтың өткендегі тарихын білу үшін маңызы зор материалдар деп қарады.
Сондықтан да олардың тарихи, әдебиеттік және психологиялық мәні жоқ емес
деп көрсетті. М.Жұмабаев өзінің Педагогика кітабында ертегіні баланың жан
дүниесін байыту үшін, ойы мен ақылын кеңейту үшін қолдануды ұсынады. Оның
пікірінше, бала ертегіні жан-тәнімен беріліп тыңдайды, ертегіде баяндалған
оқиғаларға шын көңілмен нанады. Балаға құрғақ, жай сөзбен айтсақ ұқпайды,
жандандырып, суреттеп, көркемдеп айтсақ ұғады.
Белгілі қазақ жазушысы, академик Әуезов Мұхтар қазақ
фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп
алғашқы анықтаманы берді: ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге
көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң,
елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп,
жақсылықты көтеріп айтқан ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Қазақ ертегілері туралы алғашқы жинақ 20-жылдарда шықты. Бұл
профессор П.Фалевтің Введение в тюркскую филологию (1922) және
М.Әуезовтің Әдебиет тарихы (1927) еңбектері болды. М.Әуезов ертегілерді
жанрлық табиғаты бойынша былай жіктейді:
- өте ертедегі адамдардың түсінігін сақтап қалған аңыз-ертегілер;
- өте ертедегі адамдардың өмірін және олардың ерлік істерін суреттейтін,
салт немесе үлгі ертегілері;
- мысқыл-мазақ ертегілер;
- эпостық батырлар туралы әңгімелейтін ертегілер;
- көңіл көтеру үшін айтылатын өтірік әңгімелер.
30-жылдардың басында С.Сейфуллиннің Қазақ әдебиеті (1932) кітабы
жарық көрді. Осы кітаптың бір тарауы ертегілерге арналады. Автор
ертегілерді жанрға бөліп жіктемейді, оны тұтасымен сол кезеңдегі билерге
арналған ауызекі шығарма ретінде қарастырады.
М.Ғабдуллин ертегілерге үлкен мән берді. Ол өзінің Қазақ халқының
ауыз әдебиеті деп аталатын еңбегінде қазақ ертегілерінің жиналып,
зерттелуі өте маңызды іс екенін айта келе, оларды көркемдігі, танымдық-
тағылымдық жағынан жоғары бағалайды.
Халық ертегілері туралы қызықты ойлар С.Қасқабасов, Н.Төреқұлов,
Е.Тұрсынов еңбектерінде де кеңінен орын алған. Сондай-ақ қазақтың қиял-
ғажайып ертегілері профессор Н.Смирнованың да зерттеу объектісі болды. Ал
А.Диваевтың жинағында ертегілер, өлеңдер, мысалдар бір жанрға жатқызылған.

Қазақ фольклорын зерттеушілердің бірі – академик В.Радлов
ертегілердің екі түрін бөліп көрсетеді: батырлар жайлы және қиял-ғажайып
ертегілер.
Танымал ертекші Я.Гордиенко айтып жүрген қазақ ертегілерін қиял-
ғажайып, сатиралық, ертегі-анекдоттар, тұрмыстық ертегілер жанрларына
бөлшектесе, Н.Потанин оны жеті түрге жіктейді: хайуанаттар жайындағы
ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, қиял-ғажайып-новеллистикалық, батырлар
жайлы ертегілер, тұрмыстық-новеллистикалық, тұрмыстық-ғибратты және
сатиралық.
Ә.Қоңыратбаев қазақ ертегілерін тақырына қарай былай деп бөледі:
мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; хайуанаттар (жан-жануарлар)
жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс-салт) ертегілері.
Иә, кез келген ертегі өзінің тыңдаушысында қуаныш, шаттық,
жайдарлылық, күлкі, мейірімділік және бұған керісінше қаталдық, зұлымдық,
уайым-қайғы, тағы басқа да кереметтей әсер қалдырады. Осыған қарап
ертегілердің педагогикалық маңыздылығы оның балаларға әсер ететін
эмоционалдық күшінде деп айтуға әбден болады.
Байқап қарасақ, ертегілерде адамның айтайын деген ойы ашық айтылады,
онда бүркемеленіп, жасырын тұрған ештеңе жоқ. Сондықтан әрбір ертегі өзінің
тақырыбы мен мазмұнына қарай өз тыңдаушысын ойлантады, қиялға батырады.
Кейде балалар ертегіні тыңдап отырғанда Өмірде бұлай болмайды дегенді жиі
айтады. Осы жерде Ал өмірде қалай болады? деген сұрақ өз-өзінен туады.
Міне, осының өзінен-ақ оның танымдық жағы көрініп тұр.
Демек халық ертегілерінің эмоциялық, жеңіл түсініліп қабылдануы оның
өзіндік ерекшелігі болып табылады. Әйтсе де, әр ертегі өзінің мазмұны мен
түрі жағынан оқушыларға ұсыныла бермейді.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының
танымдық қызығуын қалыптастырудағы қазақ халық ертегілерінің мүмкіндіктерін
анықтау. Осы мақсатпен біз мектептегі сынып және сыныптан тыс жұмыстарда
оны пайдалану үшін қазақтың халық ертегілеріне сұрыптау жасадық. Ең әуелі
балалардың жас ерекшеліктері, есте сақтауы және көлемі, зейіннің
тұрақтылығы ертегінің көркемдік және тәрбиелік жағынан құндылығы есепке
алынды.
Балаларды бастапқыда заттар мен құбылыстардың қозғалғыштығы,
жылжымалылығы, тек содан кейін оның туу себептері қызықтыратыны туралы
психологиялық мәліметтерге (А.Запорожец, Д.Эльконин, А.Леоньтев және
басқалар) сүйене отырып, біз ертегілерді сұрыптап алуда мынадай келесі
көрсеткіштерді де есепке алдық:ертегінің түсініктілігі; нақтылығы;
мазмұндылығы; мәнерлілігі; эмоционалдығы; танымдылығы; баяндау сыршылдығы
(лиризм); көркемдігі; оқиғаның бейнелеу динамикасы (талас-тартыс,
жанжалдар, сюжеттің тез дамуы); ертегі кейіпкерлері арасындағы қарапайым
өазара қатынастары; ертегі мәтінінің көлемі (бастауыш сынып оқушыларының
қабылдауы үшін қиын емес және өте ұзақ ертегілер).
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, ертегілердің
педагогикалық маңыздылығы мынада деп айтуға болады:
- эмоционалдылығында;
- эстетикалылығында;
- танымдылығында.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға жалғасып келе жатқан бала
тәрбиесі бар. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып, әр кезеңнің заман
талабына сай өзгеріп, қорланып бай тәжірибесімен жан жақты дамып келеді.
Халықтық тәрбиенің қайнар көзі дәстүлер, әдет ғұрыптар; ауыз әдебиетінің
туындылары, өнер түрлері, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі т.б.
Халық тәрбиелік мәні зор дүниелерді туғызып, оны жүзеге асырып қана
қоймаған, сонымен қатар тәрбиенің теориялық жақтарымен, заңдылықтарында
ерте түсінгендігі байқалады.
Халықтық тәрбиедегі ғылыми түсініктер дегенде халықтың тәрбиеге
қатынасты тәжірибелерді жинақтап, ой елегінен өткізіп, сол үрдістің
табиғатына сәйкес келетін, объективтік негізі бар қорытындылар жасауының
тәрбие заңдылықтарына сәйкес келуін түсінеміз.
Педагогика ғылымы қалыптаспаған кездің өзінде-ақ, халықтың даналығы
сол, күнделікті өмір тәжірибесінен адамның қалыптасып дамуына қатысты небір
тәрбие заңдылықтарын ерте анықтаған. Осы халықтық тәрбиедегі ең басты
ғылыми түсініктердің бірі – баланы ақыл-ой жағынан дамыту заңдылықтарына
қатынасты. Халық баланы ақыл-ой жағынан дамыту, бала тәрбиесінің басты
мәселелерінің бірі деп қараған және мұны көп ойнасан бала боласың, көп
ойласаң дана боласың, Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды,
деген түсініктермен береді.
Ал, педагогикалық-психологиялық еңбектерде баланың ақыл-ойын дамытуға
қатынасты түсініктерге келетін болсақ, Л.С.Выготский Баланы ақылды етемін
десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл
ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек,сонда ғана оқыту
баланың ой-өрісін алға сүйрейтін болады деп жазса (Л.С.Выготский
Избранные психологические исследования, М., 1956). В.В.Давыдов: Егер
оқыту баланың сабақ үлгеріміне шақ келсе, ол осыған қиналмайды, ой-өрісті
сүйрейтін тек қиыншылық, егер оқу материалы балаға жеңіл түссе, не шақ
келсе осының өзі баланың ой-өрісін дамыта алмайды деп көрсетеді.
(В.В.Давыдов К проблеме определяющей роли учебной деятельности в
формировании теоретического мышления у детей М., 1976). Л.В.Занков
Жоғарғы қиындықта оқыту принципін ұсынады. Бұл қағида баланың
қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз
жеткізеді. (Л.В.Занков Обучение и развитие М. 1975).
Қиындықтар тек ойды шоғырландыруға ықпал ету үшін ғана емес,
байқағыштықты, есте сақтауды, елестетуді, қиялды ақыл-есті және адам
сипатының анықтайтын психологиялық қасиеттердің комплексін дамытып,
қалыптастыру, тәрбиелеу үшін керек (Педагогикалық ізденіс. А. Рауан.
1990).
Бұл түсініктердің барлығы да баланың ақыл-ойын дамыту үшін қиындығы
бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын
шындайды деген тұжырымға келеді. Ал, халық яғни баланың ақыл-ойын дамыту
үшін, оның ойына күш түсіру, ойланта білу қажеттілігін айта отырып, осы
негізде мынадай тәрбиелік дүниелер жасаған жұмбақтар, жаңылтпаштар,
санамақтар, өтірік өлеңдер т.б. Соның ішінде жұмбақтарға келетін болсақ:
Жұмбақтардың барлығы да екі бөлімнен тұратынын байқаймыз. Оның біріншісі
жұмбақ етіп айтылуу болса, екіншісі оның шешілуі. Бірінсіз бірінің мазмұны
түсініксіз болып қалады. Жұмбақтардың айтылуы мен шешімін табу әрқашан
қатар тұруды қажет етеді. Бала жұмбақты жаттауда:
1. Жұмбақты жаттап, есінде сақтайды.
2. Жаттаған жұмбағын екінші балаға айтады.
3. Екінші бала сол жұмбақтың шешімін табады.
Жалпы, бұл бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен қарым-
қатынас жасауға талпыну, ойын әрекеті елеулі орын алады. Баланың есте
қалдыруындағы негізгі ерекшелік-заттың сыртқы түрлеріне, көңіл бөлетіндігі
суретке түсіріп алғандай есте сақтайтындары да кездеседі, психологияда
мұндай естің түрін эйдетикалық ес деп атайды.
Бала жұмбақты жаттап алу үшін:
1. Сол жұмбақты зейін қойып тыңдайды.
2. Айтылған нәрсенің мағынасына түсінеді, ол ойлау процесімен байланысты
(салыстырады, ұқсас нәрсені іздейді)
3. Есінде қалдыруда бірнеше рет қайталайды.
Зейін дегеніміздің өзі адам санасының белгілі бір затқа бағыттала
тұрақталуы, яғни бала өзінің барлық ойын күш-жігерін сол нәрсеге
бағыттайды. Ал екінші бала енді жұмбақтың шешімін табу үшін ойлана
бастайды.
Мамықтай ұлпа,
қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады
(қар)
немесе
Үй үстінде ұсақ тас.
(Жұлдыз)
Бала осы жұмбақты айтылған көрініске ұқсас не бар? деп ойлана
бастайды, өзінің күнде көріп, қолмен ұстаған нәрселердің бәрін көз алдына
елестетіп, жұмбақтағы айтылған нәрселерге ұқсас екінші затты іздейді.
Жұмбақтарды Аристотель Жан-жақты жымдасқан метафора дейді, яғни затты
бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттерімен түріне,
көлеміне, аумағына зер салып, жұмбақты шешеді.
Екінші бұл, бала бір затты, екінші бір заттың түр-түсіне балап,
салыстыра отырып жұмбақты шешеді.
Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Артындағы баласы,
Елбең-елбең етеді.
(Түтін)
немесе
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
(Тіс пен тіл)

Бала ойланады, жұмбақтағы айтылған көріністі күнделікті көрген
заттарымен салыстырып, іздей бастайды, салыстыру дегеніміздің өзі заттардың
ұқсастық және айырмашылық қасиеттерін айқындау.
Яғни бала ойлауын дамытуда:
1. Жұмбақ шешімін табуда өзін-өзі іс-әрекетке, терең ойға жұмылдырады.
2. Жұмбақтар қарапайымнан күрделіге қарай беріліп отырады.
3. Бала ойлауы айналадағы нәрселерді қабылдап, көз алдына елестету, еске
түсіру негізінде жасалады.
4. Айтылған нәрсенің мағынасына түсінеді, салыстырады, ұқсас нәрсені
іздейді.
5. Өзінің көргенін жұмбақ етіп айту арқылы жолдасының да ойлау
қабілетінің дамуына көмектеседі.
Жаңылтпаштарға келетін болсақ: жаңылтпаштарды айтқан кезде, шапшаң
айтуда өзінің тілін дамытады, сөздерді дұрыс айту үшін баланың тіліне күш
түседі. Мысалы: Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым,
Жорта қойдым. немесе
Шымдай-шытырмыш,
Ол шытырмышты.
Мен шым-шытырмыштамай
Кім шытырмыштайды.
деген жаңылтпаштарды жылдам айту үшін бірнеше рет қайталайды, бірнеше рет
қайталап жылдам анық сөйлеуге жаттығады. Бала қиналып айтатын дыбыстары бар
сөздерді неғұрлым жиі-жиі дбыстап айтып жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де,
өз ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылтпаштарды жаттап, жатқа айту арқылы баланың ана тілін ардақтау,
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып ой қиялы дамиды, тәрбие алады.
Екінші, бұл балаға жастай тәрбие берудің қажеттілігін де ерте
түсінген. Халықтық тәрбие бойынша, баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына,
ата-анасына, үлкендерге олардың үлгі өнеге байланысты. Осы халық тәрбиесіне
орай айтылатын халық педагогикасының көптеген принциптерімен талаптарының
ұлы ойшылдардың пікірлерімен сабақтастығы, орайластығы.
Бұл туралы Л.Толстой Туғаннан бастап, бес жасқа толғанға дейін бала
қоршаған ортадан, бес жасындағы кезден өмірінің аяғына дейін, өзінің ақылы,
сезімі, еркі, мінез-құлқы үшін әлдеқайда көп нәрсе алады деп жазса,
(Л.Толстой Педагогические сочинения М., 1953) А.С.Макаренко Бала
тәрбиелеудің негізі бес жасқа дейін қаланады және сіздің бес жасқа дейін
берген тәрбиеңіз бүкіл тәрбиелеу процесінің 90%-не жуығы болады деп
көрсетеді. Бұл кезеңнің бала тәрбиесіндегі аса жауапты кезең болып
есептелетіндігін, өз алдына дербес әрекетпен шұғылдануға тырысушылық, түрлі
амал әрекетке дағдылану, ақыл-ой белсенділіктері, әртүрлі нәрселерді ұғыну,
қабілет, қасиеттерінің біраз нақ осы шақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Этнопедагогика пәні.
Әдеби бастаулардың түрлері
Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары
Пәндер