Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
ЖОСПАР
Кіріспе 3
2. Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы – ұлттық педагогика тарланы 10
2.1 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тұлғалық дамуының қайнар көзідері 10
2.2 М.Ж. Көпеевтің философиялық көзқарастарындағы шығыстық сарын 17
2.3 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары 25
Қорытынды 33
3. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің педагогикалық ойларының өзегі – адамның рухани –
адамгершілік тәрбиесі 34
3.1. Ғылым - білім беру мәселелері 34
3.2 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығындағы діни-адамгершілік және еңбек
тәрбиесі. 39
3.3 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің педагогикалық мұрасындағы 51
отбасы тәрбиесі мәселелері 51
3.4 М.Ж. Көпеев - әйел тәрбиесі мәселесінде ұлттық тәрбиенің көрнекті
өкілі 55
Қорытынды 59
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Педагогиканың дамуы өткен ұрпақтардың
тәжірибиесіне бас бұруымен, оны тарихи-педагогикалық түсінумен байланысты.
Сондықтан педагогика ғылымы барлық ертерек кезеңдердегі алдыңғы қатарлы
педагогикалық ойлардың ең үздік жиынын мұқият зерттеп сын көзбен қарап
қолданады. Өйткені ол өткен ұрпақтардың жұмысының қорытындысы ретінде
қарастырылғанда ғана мәнді. Тарихи–педагогикалық білімді меңгеру тәрбие
алаңында шығармашылық табыстарды жалғастырып, көбейтуге мүмкіндік береді.
Педагогика тарихындағы ізденістер мен адасушылықтар, үміт пен түңіліс, жаңа
ашылыстар және олардың замандастарына тигізген жарқын әсері, оның
тежірбиешілікте іске асырылуы – осының бәрі бізді көп нәрсеге үйретеді.
Қазіргі кезеңдегі жағдайда адыңғы ұрпақтардың жинаған құнды
педагогикалық тәжірибиесін сақтау мен еліміздің мектептерін дамыту жолдарын
белсенді іздестірудің тиімді ара қатынасын құру мәселесі маңызды болып
табылады. Мұндай мiндеттердi шешу қажеттiлiгi тарихи дамуымыздың әр
кезеңдерiндегi ұлт ойшылдары мұраларын, қазақ халқының ғасырлар бойы
қордаланған бай даналық мұрасын игерудi талап етедi. Сондықтан болар біздің
уақытымыздың көріністерінің бірі еліміздің, жеріміздің тарихына,
халқымыздың тарихи мұрасына, ұлттық құндылықтарына деген қажеттіліктің,
қызығушылықтың, ынтазарлықтың уақыт өткен сайын өсіп келуі. Мұндай құбылыс
көп жағдайда өтпелі және қиын- қыстау кезеңдерде байқалады. Себебі
ертеректе қалып қойған не нәрсе болса да, егер ол жүрекке жылы тисе, онда
одан бас тарту оңай емес. Өткенді тарихи тұрғыдан түсіну – бұл өткенде қол
жеткізген табыстардың, мәдениеттің жалғасы ретіндегі қазіргі кезеңді
түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогика идеялар мен тұжырымдамалар жиынынан бiртiндеп ғылымға
айналғаны белгiлi. Бұрынғы қазақ педагогикалық ойының Шоқан Уәлиханов,
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтан аспайтын ауқымы қатарына Шәкәрiм
Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Жүсiпбек Аймаутов,
Мағжан Жұмабаевтың т.б. еңбектерi қосылып арнаулы зерттеу жұмыстары
жүргiзiлiп, жарыққа шығарылуда.
Қазақстан ғалымдары халыққа білім берудің дамуы мәселелерін зерттеу
бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Бұл мәселе А.И.Сембаев, А.И.Ситдықов,
Г.М.Храпченков, К.Б.Бержанов және т.б. еңбектерінде айдындалған. Бұл
мәселенің тарихи аспекті Р.Б.Сүлейменов, Х.И.Бисенов сияқты Қазақстан
авторларының зерттеу пәні болып табылады. Білім берудің кейбір әлеуметтік-
философиялық мәселелерін А.Х.Тұрымбаев қарастырған. Революцияға дейінгі
Қазақстандағы педагогикалық ойлардың тарихы (Қ.Б.Жарықбаев), кәсіптік білім
берудің даму тарихы (Г.А.Уманов) және т.б. халыққа білім беруді дамыту
мәселелері докторлық диссертацияларда кең орын алды.
Білім берудегі ұлттық құндылықтардың аксиологиялық приоритет ретіндегі
маңызы А.Н. Ілиясова, Әлсатов Т.М., Көшенова Р.Н., Шалғынбаева Қ.Қ.,
Шаймерденова К., Тұрсынова А. еңбектерінде ашылып көрсетілген.
Ғасырлар өтсе де бiздiң заманымызда адамгершiлiк тәрбиесi, еркiн және
белсендi жеке адам тәрбиесi мәселесiнiң маңызы азайған жоқ. Қоғамның
қазiргi кездегi дамуы адам тәрбиесiнде оның барлық табиғи және дара күштерi
мен мүмкiндiктерiн дамытатын, әлемге, Отанға, адамдарға сүйiспеншiлiгiн
қалыптастыра алатын жаңа жолдарды үнемi iздестiрудi талап етедi. Бүгiн
педагогика қоғамның бүтiн бiр қатпарларында рухани құндылықтардың тапшылығы
байқалатынынан бастау алуы керек. Жас отандастар жалпыадамзаттық
адамгершiлiк принциптердiң негiзiн, халық педагогикасының дәстүрлерiн, дiн
оқуларын елемейдi, тарих қалыптастырған мөлшерлер мен идеялардан ұзақта. Ал
сонымен бiрге кез келген халықтың рухани мәдениетiн құраушылардың бiрi -
адамгершiлiк қасиетi мол игiлiктi адамның жеке басы.
ХХ ғ. соңында ғылым адамзаттың мәдениеті мен тарихында діннің маңызын
қайта мойындады. Бұрынғы кеңестік зорлық-зомбылық идеологиясының күйреуіне
орай қазіргі қоғамдағы діннің ролі артуда. Халықтың едәуір бөлігі дәстүрлі
игіліктер мен қоғамдағы адамгершілік қалыптарды дін арқылы жаңғыртқысы
келеді. Осыған байланысты тарихи-педагогикалық ғылымда діни адамгершілік
тәрбиені зерттеп білу маңызды аспект болып отыр. Дінді ғылымның тежеушісі
деп айыптау әділетсіздік еді. Діни сенімде тұрған талай ғалымдар болған да,
бар да. Солардың ішінде ұлы педагогтар Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, Л.Н.
Толстой т.б. Олай болса бізге ақын, фольклорист, педагог Мәщһүр Жүсіп
Көпеевпен қарым-қатынас жасайтын уақыт жеткен сияқты. Кеңес дәуірі кезінде
оның діни-адамгершілік тақырыптарына тиым салынды, себебі маркстік ғылым
концепциясына үйлеспеді, ал бұл ақынның педагогикалық көзқарастарын оқуға
теріс ықпал етті.
Қазір оның діни ізденістерін объективті ой елегінен өткізуге, оған
талдау жасап, руханилығы, адамгершілігі, шығармашылығы бар адамның идеал
бейнесін жасауға тамаша мүмкіндік ашылды.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмiр сүрген Мәшһүр Жүсiп
Көпейұлы өзiнiң кiтаптары, қолжазбалары, мақалалары түрiнде бай мұра
қалдырды. Солардың iшiнде тәлiм-тәрбие саласында бала мен үлкендердiң қарым-
қатынасы, әйелдерге бiлiм беру жөнiнде, әдiлдiк, iзгiлiк, адалдықты
iздеушiлер өмiрiн бейнелеген еңбектері аз емес. Ақын қоғам өміріне
белсенді қатысып, әдеби шығармаларын жазды, фольклор жинақтады, балаларды
оқытты, мақалалар жариялады, кітаптарын бастырды. Өз жеке басының ғана
пайдасын көздемей, білімге, ғылымға деген шынайы қатынасымен абыройға,
құрметке ие болды. Зерттеуші ғалым У. Қалижан Мәшһүр Жүсіп зерттеу
еңбегінде: Мәшһүр Жүсіптің бүкіл тірлігі-жастарға үлгі, өнеге, ол мал
мүлікті көзіне сүрітпеген аса жомарт, мол білім иесі, ғұлама, ағылып –
төгіліп тұрған ақын, Адам Атадан бері қарай толғап кетсе – шежіреші,
тарихшы, этнограф, әр нәрсенің байыбына бармай, тексермей қалам тербемейтін
терең ойшыл екені даусыз. Ол бір жаратушы Алладан басқаға мойын бұрмаған
діндар да еді, - аузына адам салмаған тахуа да еді, деп ақындық тұлғасына
баға береді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев әр жақты дарынды адам еді, ұлттық мәдениет
тарихында әдеби-педагогикалық мұрасымен өшпес із қалдырды. Ол тәрбие
жөнінде мақалалар жазып қана қоймай балаларды оқытып, педагогикалық
тәжірибемен де айналысты. Мәшекеңнің қандай дәрежедегі адам екендігі
белгілі ғалым ақын Әбділдә Тәжібаев: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев дегенді білмейтін
қазақ зиялыларында жан жоқ. Әрі ақын, әрі ақылгөй жан, ұлы Абайға ілесе
шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды. Ақындығын
да өзіне мұрат етті - дегенін айтса да жеткілікті.Ойшылдың тәрбиелік
ықпалы жөнінде айтатын болсақ ол оның педагогикалық көзқарастарының
көкейтестілігімен ғана анықталып қоймайды. Ақынның жеке басының ұлылығы –
адам жанын тәрбиелейтін нағыз тәрбиеші – міне осы. Бұл ғажайып рухани
ықпалдың табиғатын түсіну педагогика үшін оның өз педагогикалық
көзқарастарын қарастырудан маңызы аз емес.
Екі ғасыр аралығындағы қазақ сөз өнерінің көрнекті тұлғаларының бірі
М.Ж..Көпейұлының шығармашылығы көп қырлы. Соған қарай дүниетанымы да өте
күрделі. Оның өлең, әңгімелері мен мақалаларының арқауы-жеке адам болмысы
мен қоғам өмірінің байланысы одан туындайтын алуан түрлі мәселелер.
Нақтылай айтқанда, Мәшһүр Жүсіп ұлттық идеяға құрылған таза
ағартушылық бағыт ұстанды. Ұлттық сана-сезімді ояту негізінен құрылған төл
туындыларында ол ар тазалығына, имандылыққа үндеді. Оның ұғымында дін
адамның рухани дүниесін қалыптастырады. Құдайды тану адамшылыққа, әділікке
бастау ісіне көмегін тигізеді.
Жетпіс жыл бойы қорқытса да, үркітсе де, иландырса да, алдаса да,
әйтеуір, берік құрсауында ұстап келген коммунистік идеологияны тәрк еттік.
Таусылмайтын даңғаза саяси шараларымен бірге комсомол ұйымы да тұғырынан
тайды. Біз енді ұлттық идеологияны қалыптастырып, жастарымызды соның
рухында тәрбиелейміз деп шештік. Ал ұлттық идеология қалай жүзеге асырылуы
қажет? Алдымен, жастардың иманы мен дүниетанымын қалыптастыру арқылы. Мұның
ең төте жолы – бұрын айтылмай келген, жазуға тиым салынған Мәшһүр Жүсіп
Көпеев сынды ұлы ойшылымыздың мұрасын жаңаша кең әлеуметтік – мәдени
ауқымда талдап, жастарымызға әсерлі етіп ұғындырып беру. Сонда қазіргі
жастарымыз Мәшһүр Жүсіп Көпеев іліміндегі адамгершілік, төзімділік,
адалдық, ізгілік, өмірдің ақиқатын ұғуға талпыну идеясының жанында кез
келген Кришна бауырластығы далада қалатынын түсінер еді. Міне, Мәшһүр
Жүсіп Көпеев мұрасын жаңаша зерттеудің қажеттілігі осында.
Ғалым Р.Бердібайдың ...Дүниені түбірімен жаңартамыз деген қызыл
сөзбен елеуреп, ұранға малданғандар діннің мәңгілік жасайтын қымбат
тұстарын көргісі де, білгісі де келмеді. Сондықтан діннің тарихы да,
тағлымы да үйретілмеді. Осыған байланысты қыруар қазына архивтің терең
түкпірінен орын тапты. Ал дін шарттары мен ғибраттарын түсіндіретін халық
мұрасы болып кеткен аңыз-әпсаналар, ертегілер, шежірелер, көне сөздер мүлде
жиналмады. Діни кітаптарды жинау былай тұрсын, олардың көзін жоғалту, тіпті
өртеп жіберу әдеттегі іске айналған еді. Мешіттердің жойылуымен бірге
оларда сақталған кітаптар да құрдымға жіберілді деуі біздің жоғарыдағы
пікірімізді қуаттайды.
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы Бір ұрпақтың көз алдында ұлттық
жазуымыздың арапшадан латыншаға, латыншадан орысшаға алмасуы өткендегі
мәдени-рухани мұрадан түпкілікті түрде қол үздірудің таптырмайтын құралына
айналды. Яғни ұрпақ пен ұрпақтың арасындағы рухани байланыстың дәнекеріне
айналған жазу таңбаларының үш рет өзгеріске түсуі келер ұрпақты туған
халқының тарихи жадынан мақұрым қалып, ұлттық менталитетін де шайқалтып
кетті деп 70 жыл ішінде жазу таңбамыздың үш рет ауысуы да рухани санамызды
жою үшін жасалған әрекет екенін ашына сөз етеді. Өткен ғасырда бастарына
күн туып, ұлтының қамы үшін күрескен арыс азаматтарымыздың кітаптарына
қиянат жасалғаны ақиқат. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбалары республикалық
Ұ.Ғ.А. Орталық кітапханасының арнаулы қолжазбалар қорында сақталып қалды.
Басқа кітапханаларда кітаптар жойылып жіберіліп, ал арнаулы қордан ешкімге
берілмейтін.
Шығыстың классикалық әдебиеті мен тарихын жетік білетін жазбагер әрі
ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ халқының мәдени мұрасына ерекше
сүйіспеншілікпен қарап, мол мұраны жинау арқылы өзіндік ғылыми ой қабілетін
айқындатып,мойындатқан.
Мәшһүр Жүсіп еңбектерінің оқулық пен хрестоматияларда берілуі
қалдырылған мұраның тәрбиелік қуатының жоғарылығын байқатады. “Көпеевтен
қалған мол мұра ішінде әлеумет мәселесіне арналған неше алуан шағын көлемді
шығармалар, ұзақ оқиғалы хиқаялар, айтыстар, шежірелер, тарихи материалдар,
фольклор үлгілері бар. Ақынның араб, парсы, шағатай тіліндегі көшірмелерін
есепке алсақ, одан қалған мұра кемінде 30 томдай болады”,- деп жазады
филология ғылымдарының докторы М.Бөжеев.
Рухани тәрбие - әлеуметтік, педагогикалық категория. Ендеше тағлымды
шығармаларын зерттеу, тану арқылы жазбагердің талғамын, арманын,
көзқарасын, мұратын жаңаша қабылдап жетілдіріп отыру- рухани өсу арқылы
Мәшһүрдің кім екенін, тарихи орнын, еңбегін таразылау болмақ. Ақынның өзі:
Жеткізер құдай, пенде, қылса талап,
Дүниені кім өткізер қолдан санап.
Үлгі жол жақсылардың әрбір ісі,
Кітаптан қалмайды екен жанасалап,-
деп рухани дүние мен ұрпақтар сабақтастығының үзілмесіне сенеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің бай публицистикалық мұрасын – мақалаларын оқып,
зерттемей оның рухани жолы жөнінде дұрыс елес қалыптастыру мүмкін емес. Біз
әлі де болса ұлы тұлғаның орасан зор көлемін осал елестетеміз. Ақынның
еңбектерiн терең зерттеу, оның бай және әр жақты мазмұнын ашу тек елiмiз
егемендiгiн алғаннан кейiн ғана мүмкiн болды. Бұл оңай мiндет емес едi.
Оның мәнi ақынның көзқарастарының барлық оң жақтарын анықтауда, қоғамдық
болмыс пен сол заманның санасы арасындағы қарама қайшылықтарға талдау
жасауда, оның мұрасының өткеннiң алдыңғы қатарлы қозғалыстарымен тығыз
идеялық сабақтастықта және қазақ халқының мұқтаждығымен қарастыруда едi.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы мұсылмандық діни әдебиеттің
кемеңгер, ойшыл, ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ әдебиеттану
ғылымына ғана емес, педагогика қорына да өшпейтін мұра қалдырған ақын.
Қазақ зиялылары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Д.Әбілов,
Ә.Тәжібаевтардың ой-пікірлері ақын мұрасын танудың игі бастамасы болса,
әдеби мұрасы дара сипатты ақын, әрі ғалым шығармашылығын халыққа жеткізу
жолында У.Қалижанның Қазақ әдебиетіндегі діни – ағартушылық ағым
кандидаттық диссертацисы, Н. Жүсіповтің Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
фольклорлық еңбегі (Ақмола, 1998), Г.Жүсіпованың Мәшһүр Жүсіп дастандары
(А, 1998), С. Сүтжанның Мәшһүр Жүсіп әдеби мұрасы (1994) кандидаттық
диссертациялары Мәшһүртанудағы қомақты ғылыми-зерттеудің заңды жалғасы.
Көптеген ғалымдар Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығын терең және жан
жақты зерттеуге көп еңбек сіңірді. Бүгін жариялылық арқасында Мәшһүр-
Жүсіптің 30 томдай болатын бай мұрасының алғашқы екі томдық таңдамалысы
(1990, 1992 ж.) шықты. Содан кейінгі газет, журналдарда жарияланған Мәшһүр-
Жүсіп шығармаларын қоса есептесек, ол да екі томдай материалдарды қамтиды.
Бұрыннан әр кезде С.Садуақасов (1919 ж.), Б.Кенжебаев (1958), Ә.Қоңыратбаев
(1959), Ы.Дүйсенбаев (1970), Ә.Жиреншин (1971), М.Бөжеев (1972), М.Мағауин
(1978), Д.Әбілев (1983), С.Дәуітов (1983-1998), А.Қыраубаева (1988) т.б.
еңбектерінде Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына тиісті баға берілсе, қазір ол
туралы арнайы қомақты зерттеулер туа бастады.
М.Ж.Көпеевтің шығармалары әдебиетшiлер С.Дәуiтов, С.Сүтжанов,
Н.Жүсiпов, Г.Жүсiпова т.б. тарапынан зерттелiп, қолжазбалары жарық көрiп
жатқанымен оның тұтас бейнесiн елестету үшiн iзденiстер әлi жеткiлiксiз.
Мына жұмыс Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларына арналған.
Ойшыл - педагогтың шығармашылығындағы тәлiм-тәрбиелiк пiкiрлерi
бүгiнгi бiздiң ойларымызбен үндесiп, ақынды қазiргi кезеңдегi
тәрбиешiлердiң сұхбатшысы етуде.
Зерттеу объектісі. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің бүтін шығармашылық мұрасы
және ағартушылық қызметі. өмірбаяны
Зерттеу пәні. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің педагогикалық қызметі,
шығармашылығындағы педагогикалық ойлары, жас ұрпақтың оқып, білім алуына
және тәрбиесіне көзқарасы.
Зерттеу мәселесі. Жаңа ұрпақ тәрбиесі бойынша қоғамның әлеуметтік
сұранысы мен бұл істе ұлттық педагогикалық мәдени мұраларды қолданудағы
тапшылықтар арасындағы қайшылықтар. Ғылымда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
педагогикалық мұрасының жете зерттелмеуі мен ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік
қасиеттерді әрі қарай жетілдіру қажеттілігі.
Зерттеу мақсаты. Бұл еңбектің мақсаты қоғамды, ең бірінші мұғалімдер
мен студенттерді Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің педагогикалық көзқарастарымен
таныстыру және педагогикалық идеялардың даму тарихының құнды ескерткіштері
болып табылатын бірнеше еңбектеріне талдау жасау. Объективті берілгендерге
сүйене отырып біз оның тәрбие мәселесі бойынша көзқарастарын сол кездегі
алдыңғы қатарлы орыс педагогикалық ойларының теориясы мен практикасында
орын алғандармен салыстырдық.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы қалдырған мұрасының алатын орнын көрсете отырып
біз оның қандай күрделі жағдайда өмір сүргенін және оның көзқарастарының
қашып құтылмайтындай жағдайдағы бірізді болмаған, кейбір мәселелер бойынша
айтқандарын ескердік.
Зерттеу міндеттері
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының философиялық, әлеуметтік, педагогикалық
көзқарастарының өзектерін анықтау.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы педагогикалық пікір
тұжырымдарын сараптай отырып ашып көрсету.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ақын, фоьклорист-педагог ретінде педагогика
тарихы мен этнопедагогикаға қосқан үлесін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.
Ғылыми жаңалығы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің педагогиканы байытудағы
еңбектеріне ғылыми баға беріледі. Осы мәселелерге тұңғыш рет ғылыми
тұрғыдан талдау жасалды.Зерттеудің методологиялық негізі ретінде көрнекті
қазақ, орыс ғылымдарының зерттеу тақырыбына тікелей немесе жанама қатысы
бар еңбектер пайдаланылады.Негізгі материалдар ретінде М.Ж.Көпеевтің
өлеңдері, поэмалары, Қазақ Ұлттық Ғылыми академиясы Орталық кітапханасының
қолжазбалар қоры, архив құжаттары алынады.Зерттеудің нәтижесі оқулықтар мен
қолжазбалар үшін материал бола алады, этнопедагогика бойынша арнаулы
курстың семинарында пайдалануға болады.
Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлім
және әдебиет тізімінен тұрады.
Бірінші тарауында М.Ж.Көпеевтің философиялық, әлеуметтік,
педагогикалық көзқарастарының өзектері анықталды.
Зерттеу әдістері – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әдеби-педагогикалық мұрасын
оқып білу, іріктеу, жүйелеу, негізгі түп деректерге контент-анализ жасау,
құрылымдық және жүйелі талдау.
Зерттеудің методологиялық базасы болып әдеби – педагогикалық мұраға
өркениетті келіс концепциясы табылады, зерттелетін құбылыстарды және
фактілерді нақты тарихи уақыт контексінде қарастыру философиялық идеясы,
тәрбие мен білім берудің әлеуметтік шарттылық идеясы.
Зерттеу жарияланған, жарияланбаған еңбектері, мақалалары, архив
материалдары, естеліктер негізінде іске асырылды.
2. Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы – ұлттық педагогика тарланы
2.1 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тұлғалық дамуының қайнар көзідері
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 1858 ж. Қызылтауда Найзатас деген жерде дүниеге
келген.
Қаламның жарып ішін, үшін кесіп,
Кигізген қара сөзге киім пішіп.
Заты – арғын, нәсілі – қазақ, ұраны – алаш,
Көпеев – фамилиясы, Мәшһүр-Жүсіп.
деп баяндайды ақын Ауыл молдасынан хат танып сауатын ашқаны жөнінде
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мына өлеңінен аңғарамыз.
Атамыз берген екен әуел баста
Мектепке доңыз жылы дәл 5 жаста
Ысмайыл Қызылағаш деген жерде
5 шақырым жерде ауыл Бұзаутаста.
Мәшһүр-Жүсіп зеректік көрсетіп жақсы оқыған
Мәнді оқыған жоқ менен басқа бала
Араб, парсы өлеңді жатқа жана, немесе
Сабақ білмей, болмаса ойын ойнап
Мен таяқты молдадан жеген емен.
Осылайша үш жыл үйден ұзақтағы мектепте
Бір үш жыл ұдайым осылайша өтті
Өлмей тірі жүрумен сегіз жетті
Құдіретті құдайымның еріксіз айдап
Келтіруі Баянтауға хазіретті.
Мұса мырзаның балалар сабақ алсын деген қамқорлағымен алдырылған
қазірет келісімен Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ертеңінде-ақ Ғылымнан он екі пән
өзі білді
Кісі еді, сөзге ұста шешен еді
Айтқанын доптай қағып түсірмейтін
Алдына дәл өзіндей бала келді.
оған оқуға келді. Қазірет өте білімді еді деп сипаттайды Мәшһүр:
Хазіреттен оқыған Мәшһүрдің білімі жергілікті бала оқытқан Жүніс
молдамен тартысып, аузын ә деп аштырмайтын деңгейде еді.
Білім қуған Мәшһүр әрі қарайғы жағдайы жөнінде былай дейді:
Кеудеге он бес жаста ғылым толды.
Толумен тасып кетіп өлең қонды.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевті он алты жасында Әкімбек бай жалғыз баласы
Қалибекке ұстаз ету үшін ата-анасынан сұрап алады.
Әкімбек он алтымда алып кетті
Жалғызы Қалибекке ұстаз етті.
Екі жыл баласын оқытқан Мәшрһүр-Жүсіпті Әкімбек байдың отбасы сыйлап,
құрмет көрсетіп, еңбегін жақсы бағалап әкесін риза қылып жіберген.
Ендігі жердегі ақынның арман мүддесі көрсем, білсем, білгенімді
кейінгі ұрпаққа жазып қалдырсам деген ойға сайған.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы бірнеше рет Түркістан, Ташкент, Бұхара сапарына
шығып, білім алған:
Бұл Мәшһүр Бұхар барған, Қоқан барған
Өз ойы барсам дейді одан арман
Жасымнан ғылым іздеп кеткен басым
Жерімде жүрген – тұрған сөзім қалған.
Ақынның жалпы педагогикалық ойлары, оның тәрбие мен бiлiм берудiң аса
маңызды мәселелерiн бейнелеуi кездейсоқ жәйт емес. Оның өмірі біріншіден
Ресейдің қазақ даласына белсенді отарлаушылық саясатымен және осы процеспен
байланысты отарлаушылық реформалармен, екінші жағынан ұлт – азаттық
идеялардың дамуымен сипатталатын тарихи кезеңмен сәйкес келді.
М.Ж.Көпеевтің дүниеге келуінен бірнеше ондаған жылдар ғана бұрын халық
жадында айқын бейнеленген ірі тарихи оқиғалар өтті. Бұл оқиғалар халықтың
тарихи аңыздарында жырланған Абылай мен Кенесары хандардың кезінде жүздеген
қазақ батырларының ерлігімен, Кенесары ханның ұлт-азаттық соғысымен
байланысты еді. Бұл өз азаматтық және әскери қызметімен кеңінен әйгілі
болған тарихи тұлғалары бар кезең болатын. Олардың арасында кейін Мәшһүр
Жүсіп қалыптасатын ортадан шыққандар да аз емес еді, өйткені қазақ
даласынның ең тамаша адамдарын қалыптастырған ұлттық мәдениет ошақтарыныың
бірі қасиетті Баянауыл жері болатын.
Бұл жер көптеген алдыңғы қатарлы адамдарды – халық билерін,
батырларды, әншілерді, жырауларды, ғалымдарды бергені белгілі. Осы жерде
әйгілі Бұқар жырау, Едіге би, Шоң би, Торайғыр би, Шорман би, Мұса мырза
Шорманұлы және көптеген басқа тамаша адамдар өсіп өз халқына адал қызмет
етті. Әрине, бұл М.Ж.Көпеевтің жеке көзқарастарына, дүниетанымына, құнды
бағдарларына ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Оның шығармашы тұлға болып қалыптасуы ХІХғ.екінші жартысындағы
позитивті көзқарастардың әсерімен жүрді. М.Ж.Көпеев Абайдың сара жолын
арман–мұрат тұтып, соның соқпағымен ілгері басқандардың бірі. Оның
ізденістеріне күшті әсер еткен тұлғалардың бірі - өз өлкесінің мәдени және
қоғамдық өмірінің жанашыры, түп қазығы, діңгегі болған, әртүрлі қоғамдық
орталарда жұртшылықтың өзіне деген зор құрметі мен ілтипатын тудыра білген,
орасан зор беделге ие болған Баянауыл жерінің аға сұлтаны, полковник Мұса
Шорманұлы еді. Алғаш ауыл молласынан тәлім алған Мұса кейін Омбыдағы екі
жылдық әскери ущилищеде оқиды. Дәл осы жылдары өз руластары үшін қатал
уақыттың азаптарынан құтылудың жалғыз жолы – ағартушылық деп таныған сирек
кездесетін қабілет – дарынға ие тұлға қалыптасты. Өз Отанын ерекше сүйіп,
қастерлейтін ұланның жан күйзелісі, қауіптенген көңілі оның Г.Н.Потанинге
жазған хатынан да айқын сезіледі. Ол: ”білім және ғылым игермеген қазақ
халқының болашаққа деген сенімі де жоқ” деп жазады. Осы бір кілтті тіркес
арқылы оның өміріндегі көп қырлы қызметінің мазмұны айқын аңғарылады. Мұса
Шорманұлының қаламынан бірнеше этнографиялық және тарихи еңбектер туды:
“Павлодар уезінің қазақтары туралы” (1866ж.), “Қазақ халқының салт-
дәстүрлері” (1871ж.), “Батыс Сібір қазақтарының шаруашылықтары” (1883ж.)
және т.б. Мұса Шорманұлы үнемі Г.Н.Потанин, Н.Ядринцев, Н.Костылецкий
секілді көрнекті ғалымдармен, сондай-ақ, өзінің атақты жиені
Ш.Ш.Уәлихановпен ой бөлісіп, пікірлесіп отырған. Өзінің өкілетті билігін
пайдалана отырып, М.Шорманұлы ауқатты қазақтарды Омбыдағы жетімдер үйіне,
қазақ қыздарының интернатына қайырымдылық көмек көрсетуге шақырып, қаржы
жинаттырды. Ол өз қаржысына Баянауылда медресе мен мешіт салды. Білім мен
ағартушылықты жақтаған аға сұлтан Омбы және Павлодар қалаларында қазақ
балалары үшін орыс мектептерінің ашылуына да жағдай жасады. 1865ж. Мұса
Шорманұлының белсенділігі арқасында Омбыда қазақ мектебі ашылды. Сондай-ақ,
ол қазақ ақсүйектері балаларының орыс оқу орындарында оқып, кейі
азаматтыққызмет атқаруға құқық алуы туралы ұсыныс та енгізген. Осы мақсатқа
байланысты ол өз округы бойынша әрбір болыстан орыс мектебіде оқуға екі
баладан жіберуді міндеттеген шешім қабылдайды. Ол өзінің Потанинге жазған
хатында: “Сіздің көшпелі гимназия туралы баяндама құрау ойыңыздың
орындалуына деген сыпайылық танытуыңызды және бізге жіберуіңізді сұраймыз.
Әйтпесе, қазақ халқы білімсіздіктен дөрекі надандықта қатып қалары анық.”
дейді. Бұл Шорманұлының қазақ жастарын көшпелі өмір жағдайларына
бейімделген гимназиялар ұйымдастыру жолымен сауаттандыру идеясын жақтаушы
болғанын танытады. Оның баяндамалық жазбалары бүгінгі күні де Омбы және
Алматы мұрағаттарының қорында сақтаулы. Мұса Шорманов үшін билік - өз
ойлары мен идеяларын өмірде іске асыруға пайдаланған негізгі қару болды.
Жеке басының қамы үшін, ұсақ-түйек қызығушылық үшін билікте жүргендер одан
көп нәрсені үйренері сөзсіз еді. “Ол барша жұрт үшін қайғыратын және
адамсүйгіштігі жоғары болатын. Қазақтарға секілді орыс халқына да көмек
қолын созып, жәрдем ететін. Оған көмек сұрай барғанның бәрі де
қажеттіліктерін шешіп, қанағаттанып қайтатын". Губернаторлық хатшы
Д.П.Путинцевтің айтқан бұл сөздерінне мыңдаған адам келісер еді. Мәшһүр-
Жүсіп Көпеев орыс әскерінің полковнигі, ірі, оқыған азамат Мұса Шорманов
(1819-1885) дүниеден өткенде жоқтау шығарған. Сонда ұлы жиындарда он үшінде
би атанған Шорманның асыл тұяғы Мұсаның кескін-келбетін, келісті
өнерпаздығын, кемел мүсіндеген.
Бас қосылған жиында
Бұлбұлдай болып сайраған.
Бұлақтай ағып қайнаған,
Сөйлеген шақта көздері,
Шамшырақтай жайнаған.
Яғни сегіз қырлы, бір сырлы асыл ардагер, қанатты шешен болмысы
мынадай:
Есіл бар сондай бекзаттың жұрт аузына қараған.
Көркі менен сымбаты, ақыл мен ілім, дәулеті,
Баршасы бірдей табылып, әр пендеге жараған.
Кішкентай Жүсіптің болашағынан мол үміт күтіп, дарындылығын тани
білген Мұса Шорманов өзі “Мәшһүр” деген атты қосақтап берген болатын. Бұл
туралы:
Бес жаста “бісмілла” айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған тиді қатты,
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған “Мәшһүр” атты, -
деп ақынның өзі де атап көрсетеді. Өз жерлестерінің білімді, өнерлі
болуына орасан зор еңбек сіңірген дара тұлға жөнінде проф. Е.М.Арын, проф.
А.Нұхұлы “Халқына қамқор болған Мұса Мырза” атты мақалада баяндайды.
Кез келген адамның дүниеге көзқарасы оның бiлiм деңгейiне тура
тәуелдi. Мәшһүр Жүсіп Көпев ескiше көп оқыған, дiнге сенген адам. Бұхара,
Ташкент, Түркiстанға үш рет сапар шегеді, Бұхарада оқып бiлiмiн көтередi,
арабша, парсыша шыққан кiтаптарды қадағалап зерттейдi. Оның мұрасының нәр
алған көздерiнiң бiрi бiздiң тiкелей рухани ата мұрамыз, сан ғасырлар бойы
бабаларымыздың ой санасынан орын алған Яссауи поэзиясы едi. Мәшһүр-Жүсіп
Көпеев 1872-1880 жж. Бұхара қаласындағы Көкілдаш медресесінде оқиды. Бұл
медресе өз заманындағы мұсылман елдеріндегі ең үлкен жоғарғы діни оқу орны
болатынды, оның кітапханасында дүниеде сирек кездесетін тарихи маңызы зор
кітаптар өте кең жинақталған еді. Олардың ішінде орыс тілінде жазылған
кітаптар да аз болмаған. Көкілдаш медресесінде шәкірттер діни оқулармен
қатар жоғары математика, физика, медицина, география пәндерінен де дәріс
алған.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Қазақстан мен Орта Азияның көп жерлерін шарлаған
кісі. Ол Алатау, Қаратау, Шу өңірлерінде, Түркістан, Ташкент, Самарқанд
қалаларында, Еділ мен Жайық жағалауларында болады. Ақын осы сапарларында
сол кездегі қазақтың білікті адамдарымен кездеседі. Олардың ішінде Бөгенбай
батырдың ұрпағы Саққұлақ би, Ақан сері, атақты балуан Қажымұқан.
Жігітке кедейлік жоқ дені сауда.
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Бірі ақын, бірі балуан, екі атақты ер
Кез болған душарласып Баянтауда.
Ол онымен 1925 жылы таныс-біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн
бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан - өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл
өтпес дос болып, қимай-қимай ажырасыпты.
Тапталған талай ақын табанында,
Қаршыға алған, көп жүрген қамалында.
Қажымұқан балуан Мұңайтпасов
Қыпшақтан шықты жарып заманында.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Л.Толстой, А.Пушкин, М.Лермонтов шығармаларымен
таныс болған. Ол 1888ж. Ташкент қаласында орыстың шығыс зерттеушісі, тіл
білімпазы-түрколог, этнограф, археолог В.В.Радловпен (1837-1918 жж)
кездесіп онымен орыс тілінде қазақтың ауыз әдебиеті жөнінде әңгімелеседі.
Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының сирек
кездесетін қолжазбалар қорынан Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Жүсіпбек
Аймауытовтың бір-біріне өзара жазысқан хаттарының түпнұсқасы табылды. Бұл
хаттар 1927 жылы жазылса да сыры түспей, сипаты бұзылмай бізге анық күйінде
жетіп отыр.
Жүсіпбек Аймауытовтың хатын көзінің қарашығындай сақтаған Мәшһүр Жүсіп
Көпеевтің өзі екені де ешқандай күдік тудырмайды. Өйткені ол өзінің
туындыларының арасына бұл хаттарды өте бір ықтияттықпен желімдеп сақтапты.
Ал өзінің жазған хатын қайта көшіріп, көшірмесін Жүсіпбектің хаттарымен
бірге сақтапты. Бұл хаттарда қазақ халқының ардақты екі азаматының ішкі
сыры, бір-біріне деген зор құрметі мен ыстық ықыласы, сондай-ақ қазақ
әдебиетіне деген шынайы құрметі тұнып тұр.
“Сіз шамаңыз келсе, осынау Түрікпен, Майлы, Шәңгерейлерше жүрегіңіздің
шерін шертіңіз. Неден күйінесіз, неден өкінесіз? Неден жиренесіз? –
дегендей соларды әңгіме қылыңыз. Ол бір.
Екінші, сіздің бұрыңғы шығарған өлеңдеріңіз бар. Тырна мен қарға
айтысқан болсын, Бұл-бұл мен қаршыға болсын, Сарт әңгімесі болсын
соларды жинастырыңыз. Оларға қосып менің айтатыным: Түркістан елдерін
кезгенде, Шыршыққа келгенде жүрген-тұрған жерлеріңізді, елдеріңізді, жазған
өлеңдеріңізді жас кезімде жатқа білуші едім. Енді ұмытып кетіппін. Со да
жақсы нәрсе еді. Әр елдің жақсыларын тараулатып, ата-тегінен қозғап жазған
өлеңіңіз бар еді. Олар да керек.
Жақсы әйелге, жаман әйелге шығарған өлеңдеріңіз де болушы еді... Сондай
қолжазбаларыңыздың бәрін жіберсеңіз шамам келсе, баспаға түсіруге ізденіп
керер едім.
Менің адресім: Шымкент, Педтехникум.
Саулығыңызға тілеулес ініңіз Жүсіпбек
Шымкент. 15 қараша 1927 жыл”.
1927-інші жылда Шымкентте тұрған Жүсіпбек Аймауытовтан бір сәлем хат
келгенде Мәшһүрдің өзі жер таянған жетпісте отырғанда соған қайырған
жауабы:
Бәйге алған шаршы топта озып аты,
Танымал болған жұртқа хияпаты.
Мәшһүрді өліп қалған бір тірілткен,
Шымкенттен Жүсіпбектің жазған хаты.
Куандым тірілікте хатыңды алып,
Сөзіңнен сағынғандық әбден танып.
Шаба бер, алла оңғарып жолыңды ашсын,
Тұрайын мен Мақпалдап ұран салып.
Баянаула баурайында туып-өскен ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан
(1904-1985) Ленинград қаласындағы мемлекеттік университетте оқып жүргенінде
еліндегі Мәшһүр-Жүсіпке 1922 жылы жазған хаты қазірде Баянауыл ауданы Жаңа
жол совхозындағы Мәшһүр-Жүсіп музейінде сақтаулы тұр.
Бұдан 70 жылдар бұрын Ленинград университетінің студенті жас Әлкей бұл
хатын қызыл-қоңыр сия, темір қаламмен араб әріптерін пайдаланып, бөгде
тілдерден кірген сөздерсіз-ақ, таза қазақ тілінде жазыпты.
Біздер үшін бұл хаттың тәрбиелік үлкен мәні болмақ. Ойлап отырсақ,
хатын Мәшһүр-Жүсіпке арнап жазған жылы Әлкей 18 жаста екен. Әрі сауатты,
әрі терең ойлы жазылған хат.
“28 март, 1922 жыл.
Ленинград.
Қадірлі Моллеке!
Сіздің ақырғы жазған хатыңызды алдым. Мен туралы шын ниетпен тілеуқор
болғаныңызға сансыз алғыс айтамын.
Ол сияқты мейірімді сөз, ескіні көріп, өмір танитын Сіздей ескі
жыршының аузынан шықпаса, бүгінгі дүниеден алғыс алу қиын ғой...
Мүмкін болса сіз өзіңіз білетін нәрселерді жиып, майдың 10-ына шейін
менің қолыма тиетін қылыңыз. Маған келген соң реттеп, лайығы бола қалса
сіздің атыңыздан бастырып шығаруға баспаға берейік. Оны әлігідей орынның
бар кезінде істемесек, кей уақытта көп заманға созылуына мүмкін. Сондықтан
тез жіберуге ұмтылғайсыз.
Қолыңызда қандай әдебиет жұрнағы бар, тегіс жіберіңіз. Оның ішінде
өзінің айтқан Бұқар жырау, Абылай, Олжабай әңгімелері. Сақау ақын айтқан –
Қозы Көрпеш. Тағы басқа көзге түспеген нәрсе болса тым жақсы. Қысқасы, бар
нәрсеңізді жіберіңіз. Билердің айтысы, ақындардың айтысы.
Өзім кеше Петрбордан шығып, Тәшкенге демалысқа бара жатырмын. Бұл
хатты сізге бүгін Мәскеуден жаздым. Қош тұрыңыз. Адресім бұрынғы:
Ленинград, центр, ул. Декабристов, 14, кв. 1. Әлкей.
М.Ж.Көпеевтің философиялық, әлеуметтік, педагогикалық көзқарастарының
қалыптасуына оның ауыз әдебиетін жинақтаушы ретіндегі қызметі де ықпал
етпей қоймады Ол халық қазынасының көптеген құнды үлгілері бар ауызша
тарихи материалдарды жинай отырып қазақ даласының барлық жерін аралады.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірінің көп бөлігін Орталық Азияның рухани
орталықтарында іргелі теологиялық білім алуды, оқушыларды оқытуды,
этнографиялық және тарихи мәліметтерді жинауды және оған талдау жасауды, өз
шығармалары мен публицистикалық мақалаларын бастырып шығаруды және т.б.
қамтыған белсенді ғылыми қызметке арнады.
2.2 М.Ж. Көпеевтің философиялық көзқарастарындағы шығыстық сарын
Дүниеге шығыстық қатынасты алсақ, шығыстың ұраны: өзіңді өзің танып
соның негізінде оны қайта өзгерт. Шығыс адамы үшін әлем шексіз, сондықтан
да ол өзінің бойында барлығын жинақтайды. Ендеше ол дүниені қайта құруды
қажет етпейді. Дүниені емес, адамды өзгертуді талап етеді. Материалдық-
тәндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рухани жанды нәрсе бола тұрып,
адам өзінің физикалық шектелуін және нәпсісін жеңіп шығуы және таза рух
деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан Шығыстың басты қағидасы – адамның
өзін-өзі тануы, өзінің санасын жетілдіруі болып табылатын ішкі
психологиялық-рухани әрекет. Шығыстың рухани қазына көздері деген ұғым
ғылыми тұрғыдан танылған. Қазіргі Батыс өркениетінің іргетасы шығыстың
ғұламалар еңбектерінің негізінде қаланғаны бүгінгі таңдағы ғылымда
мойындалған ақиқат. Әрине, сопылық деген сөзден әзірейіл көргендей шошитын
бұрыңғы идеологияның құрсау тұсында бұл тақырыптарды ауызға алуға қорқып
келгеніміз рас.
Енді Әл-Фарабидің де, Ибн-Синаның да, Жүсіп Баласағұнның да, Махмұт
Қашқаридың да сопылық ағымының белсенді өкілдері болғанын несіне жасырамыз,
немесе Шопенгауэр де, Бердяев те, Ясперс те өз идеяларының өзегін
шығыстан, оның ішінде сопылық ілімнен алғанын жасырмай айтып кеткен.
(Ә.Нысанбаев)
Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы Ибн-Араби, Қ.А. Яссауи, Абай, Шәкәрiм сияқты
өзiнен бұрынғы ғұламалардың сопылық ойларынан тәлiм алған ұлттық мәдениет
тудырған тарихи-педагогикалық тұлға. Ал сопылық – адам туралы ілім. Оның
сонылығы-руханилығында. Қоғамды жетілдіру, дүниенің ақиқат сырын білу үшін
алдымен адамның өзі жетілуі қажет деп есептейді сопылар. Сопылықтың
тұжырымдамасы бойынша Аллаға жақындасу біртіндеп іске асады. Тек қана
дүниеден бас тарту Аллаға ұмтылуға мүмкіндік береді. Адам қалпына жетіп,
әлемдік ақыл-оймен бірігуін үшін міндетті түрде 4 сатыдан тұратын ерекше
күйге түсуің қажет. Олар шариғат, тарихат, ақиқат, мағрипат.Сопылар кез
келген тіршілік Алладан пайда болады және тек Алла ғана шындық деп
есептейді. Алланы тану жан тазалығына ие болғанда ғана мүмкін. Адам –
айна, оны жалтыратқанда ғана Алланы бейнелейді. Сондықтан ең бірінші Құран
заңдарын орындау керек, бірақ бұл әлем табиғатын түсінуге мүмкіндік
бермейді. Адам, мысалы, микрокосм, яғни кішілейтілген түрдегі әлем. Ол
макрокосм әлемнің бейнесі. Ендеше, адам жөнінде білімді тереңдетіп әлемді
тануға болады, Аллаға жақындау деген осы. Ақынның ойынша білім адамның өз
ішіндегі ақиқат шындықты ашатын тек қана өзін-өзі тану нәтижесі болып
табылады. Мұндай дін қорғайтын ұлы гуманистік құндылықтар барған сайын
таласты аз тудыруда.
Ғылым-білім немен болады? Ең алды құдайды, құдайтағаланы танымақ. Ол
құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, сонда тәңірісін таниды. Қазақ
қариялары да айтады жақтырмаған кісісін: "бұл, шіркін, өзін танымайды,
кімді таниды? " - деп. Олай болғанда, ғылым-білімге талап қылушылар алдымен
өзін тануды мақсат қылу керек.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің педагогикалық ойларындағы адамның өзін-өзі
дамыту идеясы өте маңызды, өйткені өз-өзін жақсы білу дамудың қажетті алғы
шарты, өзін-өзі дамытуға қажеттілік кемел адамның негізгі құраушысы.
Бұлақ пен судың көзін ешкім ашпас,
Екпіндеп өзі тасып шашылмаса.
Ерлерге жай жатумен қайрат кірмес,
Ғалидай орда жатып ашынбаса.
Қасіретін тартып жүрген бақытсыздықтың едәуір бөлігі біздің
жағдайымызға байланысты, қабілетімізбен қол жеткізе алатын мақсатымыз
жөнінде иллюзиядан болады. Тұжыраңқылық немесе қызғаныш сезім өз-өзімізге
байланысты жіберілген диагностикалық қатенің жемісі.Осы иллюзияларды
болдырмау үшін белгілі бір көнушілікке, келісімге келу дозасы қажет; яғни
өз-өзін төмен бағалау емес, біздің жағымды жақтарымыз бен
кемшіліктеріміздің шынайы ара қатынасына назар аудару керек.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев бойынша өзін-өзі жақсы білу кез келген кемедегі
сияқты, өмір саяхатында уақыт сайын тұрған жеріңді анықтау үшін керек.
Қайда тұрмыз, неге қабілеттіміз, не істегіміз келетінін білу қажет.
Ақынның ойынша адам табиғатының тұрақты ерекшелігінің бірі – ілгері
ұмтылысқа қабілеттілік. Біздегі жасырын құпия мүмкіндіктерді ашу үшін
үнемі тәрбиелік күш қажет. Жастық шақтағы алған тәрбиеміз уақыт сынынан
өткенде, біз өзіміздің ересек шақтағы өміріміздің иесі боламыз және өз
эволюциямызға жауап береміз.
Жастықта ұмтылып бақ ілгері етіп,
Жұмысың жабдықтансын ерте бітіп.
Қолыңа қармағанмен түк түспейді,
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп.
Талаптыға мол нәсіп беріледі, дейді ақын, яғни прогреске ынтасы
болғандар қай алаңда шамасы келетінін керегінше анық білген жағдайда
ылғи да оған қол жеткізеді.
Мұндай әрекеттің ең тамаша алаңы – біздің өзіміз. Әркім өз жеке
басының қабілетін өзі тұрған жағдайда қалай дамыта алатынын шешу керек.
Күн сайын өзің-өзіңе жас баласың,
Жаспын ғой деп әр істен жасқанасың.
Піскен астан ішпейсің мезгілінде,
Мезгілі өтіп кеткен соң аш қаласың.
Құнан, дөнен – құлын мен тайдан өсті,
Ат болады толған соң болып бесті.
Отыз-қырықтан асқан соң ойланамыз,
Он бес пен жиырма бесте қылар істі.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев А.Құнанбаевтың ізінше ескі үйреншікті өлшемдердің
жаңа шаруашылық, отбасы, құқықтық қатынастарға жарамайтындығын бірден
байқады. Ол жалпы ұлттық бірлік мәселесіне көңіл қойып ынтымақтастыққа
отаншылдықты сезінуге шақырды.Әлеммен ынтымақтастықта болу біздің
бақытымыздың алғы шарты екенін түсіне білді
Мейлің қазақ маған бол, мейлің татар.
Пайданың ортасында өзі жатар,
Залалға мейлінше арзан бізді сатар.
Ынтымақ қылыңыздар, бас қосумен,
Әлеуметтік қауымдастық Отанға деген белгілі бір сүйіспеншілік сезімсіз
мықты, берік бола алмайды. Елді мекендейтіндерді тарих, мәдениет
біріктіреді – бұл болашақ құрылатын негіз. Бұл шындықты елемеу – бостыққа
оралу.
Қол күшпен ел билеген хакімдерге,
Мұңдының өтер емес айтып назы.
Алаш боп басты қоссақ қор болмаспыз,
Біз болып тұрсақтағы көптің азы.
Адамзаттың таңында пайда болып ғасырлар бойы қалыптасқан дін халықтың
мәдени потенциалының бөлігіне айналып белгілі бір мәдени-этикалық функция
атқара бастағаны белгілі. Кейбір өркениеттер дінге айқын негізделген. Ең
жарқын мысал – еврей халқы, егер діні болмаса тарихта тіршілік етпес еді.
Сопылық философияның басын түйген Қожа Ахмет Яссауй шығармасына тәнттi
болған. Орта Азия ақын шайырларын ұстаз тұта отырып, Мәшөүр Жүсiп те дiн
ақиқат iсiнен аттап кете алмаған. “Мен құдайды бiр деп бiлемiн, бар деп
бiлемiн, күштi деп бiлемiн. Осы үшеуiнен нанымым, сенiмiм күштi... өзге
нәрсеге: “құлақпен естiген-танық, көзбен көрген анық”. көзiм көрмей
нанбаймын”
“...Көктi, жердi, айды, күндi, жұлдызды, шөптi, тауды, тасты, отты,
суды, желдi, топырақты, ағашты, хайуанатты, мақұлық атанған нәрсенiң бәрiн
құдай жаратты. Жаратқан мақұлықтарын ерлi-бойлы қылып, мұнан бұлайғының
бәрiн сол мақұлықтарыны жасап шығаратын қылды” – дейді. (“Адам және
жұлдыздар арақатынасы” Қазақ тарихы журналы 1995-6). Демек, адам-әлемнiң
бөлiнбес бөлiгi табиғат пен ғарыштың синтезi. Сондықтан да ел арасында
“табиғатын жоғалтпаған адам екен” деген сөз тiркесi кездеседi. Немесе,
“Аспан, көк-байы, жер-қатыны, солай болғаны үшiн: “Көктен жаудырсын,
жерден өндiрiсiн!” – дейдi (М.Ж. Көпеев “Адам және жұлдыздар арақатынасы”
Қазақ тарихы журналы 1995-96.)
“Ақымақтың тiзгiнi – құлағы. Ғақылдың тiзгiнi – көңiлi. Ақмақ не
нәрсенi естiсе, естiгенiне қанағат қылады, қатықтай қатып, сүттей ұйып жүре
бередi. Ғақылды не нәрсенi естiсе, естуiне қанағат қылмайды, ғақылына
салып, көңiлнiң дауалауына тоқтайды”
Мәшһүр: “... көз алдымызда толық бiр қазан су қайнаттық шашылған жоқ,
қайнап-қайнап суалып таусылады. Су қайда кеттi: бу болып көтерiлiп
жоғарыдағы өзiнiң жынысы – суға кеттi. Қанша отынды өртеп жақтық, жаққан
отымыздың мөлшерiне қарағанда күл шақтылы азғантай ақ. Ол қайда кеттi?
Түтiн болып өзiнiң жынысы отқа кеттi”. (М. Копеев. Аспан, жер және адам
жаратылысы туралы. Қазақ тарихы журналы 1995-2) Ажал келдi. Өлдi. Жан қайда
кеттi? “аспан ие” өз жынысына кетi ме? “Күннiң көзi жарқырап шыққанда,
таулардың көлеңкесi болады. Сол көлеңке жоқ болғанда қайда кетедi, таудың
өзiне кетедi. Осы жүрген бiр өзiмiз қайдан көлеңке болып түскен болсақ,
түскен жерiмiзге кетемiз”. (Сонда, қараңыз.) “Өлдi құдайын тапты” – дейдi
қазақ.
М.Ж. Көпеев дiни әдебиетте адамгершiлiк, ибалық, имандылық арқылы
тазалық, сезiм, парыз келдi деп бiр тоқтаса, жер, аспан, күн, ай, жұлдыз
адам жаратылысының тылсым дүниесiмен байланысты бiр айтып, басын қайырады.,
Мәшһүр Жүсіптің пәлсапалық ұғымдарында, ол ескілікті, наным-сенім
жайында да топшылауларын ортаға салып, шайтанға қожа-молдаларша емес,
басқаша түсінік береді. Гүрілдеп ағып жатқан өзен адамның денесіндегі қаны.
Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны шайтан-дейді. Ол бір кесек нәрсе
емес, денеңе арам қан болып кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып,
өзіңді бұзады. Шайтан сол-қан бұзылса, кісі бұзылады. Шайтан деген
өзіңнің ойың. Ой иесі - шайтан жүрегіне неше түрлі ой салады. Бұл жай
адам сезбейтін, байқамайтын, Мәшһүрдің танып- түйсінген адами болмыс туралы
толғанысы. Мәшһүрдің сипаттауындағы образ халықтың тұрмыс – тіршілігімен,
ырым- нанымымен, дүниетанымымен өзектес, ой- санаға, сезім дүниесіне әсер –
ықпалға құрылған. Басты қаһарманы – адам ойы (ниеті). “...Өзіңнің денеңдегі
арам қанның жүрегіңе барып құбылып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзатұғын
шайтан да сол... Қан бұзылса, кісі бұзылады.Шайтан деген нәрсе өзіңнің
ойың”,- деп бастауы оқырманын еріксіз өзіне шым – шымдап тартады. Мәшһүр
қаһарманын екіге жарып, толық бүтіндікке жетуге (періштелікке, ниеті
түзулікке) жетелейді де “Мен қандаймын?” деп парасат иесін ойландыруға, өз-
өзіне мінездеме жасауына көмектеседі. Әрі қарай “шайтан” немесе “періште”
болуынның төркіні неде сауалына жауап қарастырады:
“Ой иесі шайтан жүрегіңе неше түрлі ой салады. Олай болса, көп ішіп,
көп жеумен екі арам көбейеді бірі қарын кебежесінде, бір қап..., бірі күллі
денеңді аралай тұғын қан.
Бұл екеуі бойыңда толық болып тұрғанда басқан – тұрған жұмысыңның бәрі
өзіңе у болғаннан басқа пайдасы жоқ”,- деп адам қанындағы ашкөздік нашар
қылықтарды түбінен зерделетеді.
Мәшһүрдің “періштесі” – қанағат, ой тазалығының бейнесі. Қазаққа таныс
Ибрагим Құнанбаев тәлімін үлгі ете:
“... Соңғы әулиелер адамды адам санына кіргізбей жүрген қарындағы бір
қап... екенін біледі де ішпек- жемекті аз қылды. Ол екеуі азайған соң, ұйқы
бөлінді. Сергек болды. Сонан соң күлкі кем болды. Денеде арам қан азайды.
Арам қан азайған соң жүректі барып ұйтқытып бұзатын дәнеме табылмады. Күш,
құт алып періште сипатта болды...”, деп адам пиғылын жігер етсе түзеуге
болатындығын аңғартады. Адам болып туған соң адамшылдықта болуға үндейді!
Олай болса, көп ішіп, көп жеумен екі нәрсе көбейеді. Бірі-қарын, бірі-
көңіл. Бұл екеуі бойында толық тұрғанда басқан тұрғаныңның бәрі-өз басына у
болғаннан басқа пайдасы жоқ. Сөйтіп, шайтанды ақын дербес малғұн, көзге
көрінбейтін азғырушы емес, адам денесінде, қанда бар нәрсе деп ұғынып,
өзінің шығыс ғұламаларымен пікірлес екендігін білдіреді.
Жалпы мұсылмандық шығыс әдебиетінде нәпсі ұғымына кең назар
аударылады. Осы орайда біздің түйгеніміз: шығыс ақындарында нәпсіні
ауыздықтау басты мәселе болатын себебі – нәпсінің мұсылмандар үшін негізгі
де, өзекті мақсаттан - Алла жолын, әділдікті іздеуден аулақтататыны. Атап
айтқанда, нәпсіге берілу, сол арқылы біреудің ақысын жеу, зорлық, қиянат
жасау, өсімқорлыққа, пайдакүнемдікке беріліп зиянқорлыққа салыну т.б. –
бәрі де адалдықтан, Алла жолынан алыстатуға бастайды. Міне, сондықтан да
нәпсіні меңгеру, тыю да мұсылман ақындары үшін өзекті, басты міндет болып
табылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz