Танымдық дидактикалық ойындар


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Бірінші тарау Ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері . . . 9
- Ойын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі . . . … . . . 9
- Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері . . . 19
Екінші тарау Ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік - эксперименттік жұмыс мазмұны. . . . . 32
2. 1. Ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны. . . 32
2. 2 Ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау . . . 42
Қорытынды . 58
Әдебиеттер тізімі ………. 59
Қосымшалар ………. 63
Кіріспе
Кез келген елдегі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуіне бағытталған, себебі мектеп, жоғары оқу орны болашақта коғамның экономика, мәдениет, саяси өмірі салаларында белсеңді қызмет ететін адамдарды дайындайды. Сондықтан білім берудегі негізгі буын - мектептің pөлі өте маңызды.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіле келіп, "педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен eмес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті, "-делінген.
Дәстурлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажетлігі туындады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог - ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде.
Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бip формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А. И. Берг, В. П. Беспалько, Б. С. Блум, M. В. Кларин, И. Я. Лернер, В. Оконь, Б. Скиннер, Н. Ф. Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Г. И. Щукинаның зерттеулерінде, жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш. А. Амонашвили, Е. В. Бондаревская, И. С. Якиманская еңбектерінде, жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы А. А. Бударный, Р. Б. Вендровская, А. А. Кирсанов, А. В. Петровский еңбектерінде жан-жақты зерттелген. К. Я. Вазина (ұжымдық ойлау ic-әрекеті), Н. Д. Хмель (ұжымдық танымдық әрекет) сияқты ғалымдар ынтымақтастықты педагогикалық технологияның негізі деп қарастырса, жаңашыл-педагoгтap С. Н. Лысенкова, Е. И. Соседова, В. Ф. Шаталов мұны тәжірибеде жүзеге асырды.
Оқытудың модульдік технологиясы В. М. Монахов, Қ. Қабдықайырулы және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер M. Ж. Арыстанов, Н. К. Ахметов, Б. А. Қойшыбаев, П. И. Пидкасистый, Ж. С. Хайдаров және басқалардың еңбектерінде зерттелген.
Қазіргі кезде қай салада да маңызға ие болып отырған ақппараттық технологияның мәні, мазмұны, қолданылуы және оны оқу процесіне еңгізу мәселесі Б. С. Гершунский, Ж. А. Қараев, Н. М. Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр.
Оқушылардың оқу процесіндегі компьютерлік ойындардың, компьютер негізінде дербес оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері туралы Қ. Аганина, Ж. Сардарова, К. Халықова және басқалардың, мектеп, жоғары оқу орнында математиканы оқыту процесінде Монахов технологиясын қолдану туралы Л. Оразбекова, И. В. Логинова және басқалардың зерттеулері бар.
Қазіргі заманда білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, білім беру жүйесін прогрессивтік және динамикалық бірлікте тұтас, интегративті дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие процесін, жоғары тиімдиліктегі педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Осыған байланысты ipгeлi ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті де зор болашағы бар көкейкесті бағыты Қазақстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ipi өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал, жақын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік процесте алатын орны оның үкіметі мен халқының Қазақстанды материалдық емес, парасат-пайымға негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға беретін ғылым негіздерін олардың болашақ ic-әрекетінің берік негізі әpi тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әді-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыр еңгізуді талап етеді.
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияларды дұрыс пайдалану мүғалімнің шеберлігін көрсетеді. Технологиялардың түрлері көп, соның ішінде біз ойын технологиясын пайдалануды жөн көрдік. Бүгінгі күні білім мазмұнын жаңарту кезінде білімді жоғары деңгейде меңгеруін, оқушынын психологиялық даму ерекшелігін, олардың ақыл - ойын дамыту, танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігін ескеру, көптеген ғалымдар өздерінің ғылым еңбектерінде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру құралы ретінде ойындарды бөліп көрсетті. (В. С. Мухина, Е. Э. Селецкая, Н. Ф. Талызина т. б. ) бастауыш сынып оқушыларының әрекеттеріне қарасақ, олардың әлі де болса ойын балалары екенін көреміз. Сондықтан да бала өмірінде ойының маңызы ерекше. Ойынның балалардың дамуына әсерлі екенін, бала өмірінде алатын орны өз еңбектерінде көрсеткен атақты педагогтар К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов т. б. болды. Жаңашыл педагогтар, Ш. Амонашивили, С. Н. Лысенковалар т. б. ойынның оқу - танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы екенін өз іс - тәжірбиесінде дәлелдеді және оның нәтижелігін көрсетті.
Қазіргі қоғамға ақыл - ол кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адамдар керек. Осыған сәйкес жалпы білім беру саласындағы түрлі өзгерістер болашақ ұрпақтарды оқыту, білім сапасын жаңарту, арттыру мәселелерін қарастырды.
Біз жоғарыда айтылғандардан оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді зерттеуді қажет ететін өзікті мәселелер. Сондықтан біз бұл мәселені зерттеуді “Ойын технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру” дипломдық жұмысымыздың негізі етіп алдық.
Зерттеу объектісі - Ойын технологиясы арқылы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған оқыту процесі
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ойын технологиясын пайдалану бойынша мұғалім жұмысының мазмұны
Зерттеу мақсаты - оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері :
- “таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық -педагогикалық мәнін ашу;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
- алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
- бастауыш сыныптың оқыту процесінде оқушыларыдың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде ойын технологиясын пайдаланудың тиімділігін анықтау;
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын пайдалану қарастырылса, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің белсенділігі және білім сапасы артады
Зерттеудің әдіснамалық негізі - жеке тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, педагогикалық процесс теориясы, мемлекеттік құжаттар.
Зерттеу әдістері:
- Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау.
- Бақылау әдісі.
- Әңгімелесу.
- Сауалнама.
- Педагогикалық эксперимент.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі: Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, № 65 жалпы білім беретін орта мектебінде жүргізілді. Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (2005), мектептің әдістемелік отырысында баяндамалар жасалынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейтестілігі көрсетіліп, зерттеудің ғылыми аппараты айқындалған.
Бірінші тарауда ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері қарастырылып, ойын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі, ерекшеліктері ашып көрсетілген.
Екінші тарауда ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мұғалім жұмысына талдау жасалынады, жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелері беріледі.
Қорытындыда ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге байланысты ұсыныстар қатары берілген
Қосымшада тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері көрсетілген, кестелер және сабақ жоспарлары берілген
Бірінші тарау Ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері
1. 1. Ойын бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі
Оқу - ғылыми танымнан айырмашылығы бола тұра, ол сөзсіз шындықты жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.
Жалпы таным туралы өз ой пікірлерін ортаға салған атақты философтар да жоқ емес. Атап айтсақ: Р. Декарт, Г. Гегель, Г. Лейбниц т. б.
Г. Гегель: “Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің мәні қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйелі ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процессі” - деді.
Педагогикада таным процесі төмендегідей құрылымдардан айқындалған. 1. Қабылдау. 2. Ұғыну. 3. Талдап қорыту. 4. Бекіту.
Оқушының танымдық дербестігі жөнінде мәселе бүгінгі күндері түрлі пікірталастар түдырады. Оқушының танымдық дербестігі мұғалімнің кәсіптік дайындығына байланысты. Бұл оның педагогикалық процесте оқушылармен бірлесіп мақсатты түрде әрекеттерін ұйымдастыра білу, оларды білім негіздерімен, әрекет тәсілдерімен қаруланып, танымдық тапсырмаларды өмірдің жаңа кезеңдеріне сай қолдана білуге үйрету болып табылады.
Таным және адамның танымдық іс - әрекеті мәселелері бұл филологтардың негізгі мәселесі, генеологияның зерттеу пәні мен түйсінуі.
Философия танымының жалпы әдісі дидактиканы қаруландырады. Оқу процесінің методологикалық негізі - таным теориясы.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, белсендіру процесінің қозғаушы күші шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түріне қызығушылық болып табылады.
Зерттеушілер оқушылардың оқу барысындағы танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп керсетеді:
1) Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін шешу арқылы (М. Г. Голант, Б. П. Есипов, М. Н. Скаткин, т. б. ) ;
2) Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Д. Н. Богоявленский, Е. Н. Кабанова-Меллер, Н. А. Менчнская, В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин) ;
3) Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина) ;
4) Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И. Я. Лернер, П. И. Пидкасистый) ;
5) Оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л. И. Рувинский) .
Адамның іс-әрекеті сан-алуан түрлі болады. Материалдық және рухани өмірге қажеттерінің бәрі болып өмір сүру адам қоршаған дүние жөнінде хабардар болуға, табиғат, қоғам туралы дұрыс түсінігі болуға, айналадағы адамдардың және өткен ұрпақтардың тәжірибелерін игеруге тиіс, оған іздену, ойлау, білу, зерттеу, бір сөзбен айтқанда танымдық іс-әрөкетпен шұғылдану қажет. Сезім органдары мен ми адамға қоршаған дүниені қабылдауға, білгендерін өсінде сақтауға, оны ойына түсіругө, ойлауға т. с. с мүмкіндік береді. Сондықтан психикалық процестер: қабылдау, ес, ойлау, қиял-мұның бәрі адамның танымдық іс-әрекетінің көрінісі.
Педагогикалық тұрғыдан келетін болсақ, таным - «адамның сана-сезіміндегі шындық қубылыстардың бейнесінің ерекше процесі» (50, 131) . Таным процесінде ойлаудың әртүрлі тәсілдері пайдаланылады (талдау, жинақтау, дедукция, индукция, абстрактыдан нақтыға көшу және т. б. . ) . Танымның негізі және білім ақиқатылығының өлшөмі -практикалық іс-әрекет.
Оқу-оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары - танымдық іс-әрекеттің кезеңдері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну-жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімнің, білігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам санасына бейнелеу процөсі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымыза бейнеленуін түйсік деп атайды.
Ұғыну-бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқтылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Бекіту-бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Білімді, білікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, білігін және дағдысын тексеру, бағалау-бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде төк қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін-білім сапасын, байымдау сауаттылығы, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмуны анықталады, объективті баға беріледі.
Оқытудың нәтижесі ең алдымен танымдық іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін немесе оның жетеленген элементтерін: ұғымдары, елестері, әртүрлі ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру болып табылады. Бұл танымдық іс-әрекетті тиімді қалыптастыру оқу процесінің тиімділігін дәлелдейді.
Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойында баланың жеке басы дамиды. Оқу және тәрбие әрекетінің жемісі баланың психологиялық жағынан көрінеді.
Ойын әрекет естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орынд алады.
Н. К. Крупская “Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді” - дейді /10. 96/.
Бірден-бір оқушылардың сабаққа ынтасын арттыратын құралдың бірі- ойын.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырад дегенді айтады.
Н. Ф. Талызина “Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте - бірте ойынан кейін оқу әрекеті орын алады. ” - деген пікір айтты.
Мұғалім оқушы танымның аса нәтижелі болу жолында есте сақтау дәрежесін үнемі сапалы атқарғаны жөн. Оқушылардың танымы негұрлым жоғары сапада болуы үшін, ұстаз үнемі баланың сенімдері мен қиялына иек сүйеп отыруы керек. Жер бетіндегі байлықты, әсемділік атауын жасайтын адам.
М. Н. Саткин бастауыш сынып оқушуларына берілетін материалдарда проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптаса, В. В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді. /5, 79/
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетінін дәлелдеді. /50. 112/
Психолог А. С. Выготский: “ Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді ” - дейді. /4. 150/
Я. А. Каменский “ойынды рухани және дененің даму қозғалысы” - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты. /17. 160/
К. Д. Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді. /45. 78/
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухамлинский В. А. терең және жан-жақты қарастырды.
Павлыш мектебінде кіші жастан жоғары жастағы балалардың танымдық қызығушылығын оятудың жүйесін ойлап тапты. Оқу процесін осылай ұйымдастырғанда оқушылар қызығушылықпен органикалық түрде ғылыми білімдер мен дене еңбегін байланыстыра алады. Соңғы жылдары оқытудың белсенділігін арттыру жолдары толықтырылады және дамыта оқыту, проблемалы оқыту, пән аралық байланыстар мен техникалық оқу құралдарын пайдалану назарға алынды. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша жұмыстары жүргізіп, әр сабаққа идеялық әдістемелік, жоғары дәрежеге жеткізу, оқыту мен тәрбие берудің дамыта оқытудың жолдарын іздестіруінде.
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:
- Танымдық дидактикалық ойындар.
- Сұрақ-жауап, тапқырлық клубы, викторина, қызықты математика.
- Пәндік олимпиада апталығы.
- Көрнекіліктер.
- Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
- Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
- педагогикалық технологиялар.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.
- Дидактикалық міндет.
- Танымдық қабілетін арттыру.
- Оқудын тиімділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірбиелерде қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай - ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алдады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілеттерін артуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.
- Сабақтың творчествалық бастамасы;
- Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы;
- Сабақтар түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы;
Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыруын жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.
- Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер;
- Білім мазмұнының көлемі, маңызы;
- Дайындық мөлшері, таным мүмкіншілігінің дағдылары және оқушылардың күші;
- Оқу міндетін шешуге кететін уақыты.
Оқушылардың әрбір іс-әрекетіне танымдық қызығушылықтың жойылып кетпеуіне мектептегі педагогикалық ұжым бақылап, есте сақтап, қадағалап отыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz