Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . 3-7
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Экономикалық тәрбие берудің даму тарихы . . . 8-20
1. 2. Экономикалық мәдениеттің мәні мен мазмұны . . . 21-36
ІІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2. 1. Оқушыларда экономикалық мәдениетті қалыптастыруда пәнаралық байланыстың алатын орны . . . 37- 48
2. 2. Пәнаралық байланыс негізінде оқушыларда экономикалық мәдениетті қалыптастырудың әдістемесі . . . 49-56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57-58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59-63
ҚОСЫМШАЛАР . . . 64-68
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектiлiгi: Қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі - нарық жағдайына бағдарланған, адамгершілігі мол, экономикалық сауатты адамға қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру. Оны шешу тек қана экономикалық білімнің тұжырымдамалық, әдіснамалық, теориялық және дидактикалық негіздерінің жасалуына тікелей байланысты болуы мүмкін.
Оқушылардың экономикалық білімі мен тәрбиесіне, олардың экономикалық мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда орта білім беру мектептерінде пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі экономикалық дамуы, болашақта экономикалық іс - әрекетпен айналысатын оқушылардың экономикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейіне байланысты. Сондықтан келешек ұрпақты экономикалық мәдениетті етіп тәрбиелеу мәселесі ешқашанда зерттеу нысанасынан түспеген көкейкесті проблема.
Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып, курстық жұмыс тақырыбын “Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру ” деп атауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі жағдайда оқушыларда экономикалық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі оқу процесі.
Зерттеу пәнi: Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпы білім беретін мектеп оқушыларында экономикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде пәнаралық байланыстарды қолданудың педагогикалық шарттары мақсатты түрде пайдаланылса, оның тиімділігін арттырудың педагогикалық шарттары анықталып, іс-жүзіне асырылса, онда бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеудің негізі қаланады, себебі оқушылардың экономикалық мәдениеті арқылы білімі, өмірге бейімділігі артады.
Зерттеудің мiндеттерi:
1. Теориялық негізде оқушыларда “ экономикалық мәдениеті” ұғымының мәнін ашу.
2. Оқушылардың экономикалық мәдениетін пәнаралық байланыстар арқылы қалыптастыруды теориялық негізде ашып көрсету.
3. Экономикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде пәнаралық байланыстарды қолданудың педагогикалық шарттарын анықтау және негіздеу.
4. Пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы оқушыларға оқытудың әдістемесін әзірлеу және эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы:Мектепте білім беру барысында пәнаралық байланыс арқылы оқушыларда экономикалық тәрбиені қалыптастыру негізінде қалыптасқан экономикалық білім оқушылардың өмірге бейімделудегі тұлғалық қасиеттерін қанағаттандырады.
Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне: философия, мәдениеттану, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, ғылыми зерттеулердегі жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, экономикалық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар.
Зерттеу әдістері: Қарастырылып отырған мәселелерге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық, экономикалық және әдістемелік еңбектерімен оқып танысу және оларға талдау жасау; жүйелі және салыстырмалы зерттеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; оқушылардың оқу-тәрбие процесін бақылау; мектеп құжаттарымен танысу және оларды сараптау; оқушылардан, мұғалімдерден сауалнама алу; алынған нәтижелерді талдау, тәжірибелік - эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.
Зерттеу көздерi: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, пәндік оқу бағдарламалары, оқу - әдістемелік кешендері, мұғалімнің педагогикалық және ғылыми іс - тәжірибесі.
Зерттеу кезеңдерi:
бiрiншi кезеңде (2009ж. екінші жартысы -2010 ж. бірінші жартысы) зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналды, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат анықталды. Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде пәнаралық байланыстарды қолданудың педагогикалық шарттары белгіленді. Оқушылардың экономикалық мәдениетінің жай-күйі зерттеліп, тәжірибелік-педагогикалық бағдарламалары айқындалды.
екiншi кезеңде (2010ж. екінші жартысы -2011 ж. бірінші жартысы) Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде пәнаралық байланыстарды қолданудың педагогикалық шарттары ғылыми-практикалық зерттеу жолына қойылды. Эксперимент жұмыстарының практикалық мүмкіндіктері дамытылып, тиімді формалары мен әдіс-тәсілдері белгіленді, өлшемдері мен көрсеткіштері, даму сатылары айқындалды, нәтижелері ғылыми-практикалық тұрғыда дәлелденді. Үшiншi кезеңде (2011ж. І жартысы - 2011ж ІІ жартысы) эксперимент нәтижелерi мен теориялық бiлiмдердi пысықтау, жинақталған материалдарды талдау мен сараптау негiзiнде магистірлік диссертациялық жұмыс бір жүйеге келтіріліп, ғылыми талап пен ережелерге сай магистірлік диссертацияның жалпы мазмұны айқындалып, жобасы түзілді.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы, Арыс қаласындағы №18 С. Қожанов атындағы орта мектеп. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың әр түрлі кезеңдеріне 200 оқушы, 18 мұғалім қатысады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Пәнаралық байланыстар арқылы оқушының экономикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері анықталып, құрылымдық - мазмұндық - қызметтік моделі жасалынды;
- Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде пәнаралық байланыстарды қолдануға бағытталған оқу-әдістемелік материалдар мен ұсыныстар жасалды.
- Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық - қызметтік моделі жасалынды;
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде пәнаралық байланысты қолданудың ғылыми - әдістемелік негіздемесі.
2. Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық - қызметтік моделі.
3. Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің мәні мен мазмұны.
Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi: зерттеу объектiсiндегi негiзгi тұжырымдардың әдiснамалық тұрғыда дәйектi дәлелденуiмен, зерделеу назарына iлiккен теориялық материалдарды объективтi тұрғыда талдаумен, алға қойған мақсаттарға сай пайдалануымен және зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлдi.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерiн сынақтан өткізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми мақалалар түрінде «Жалпы орта мектептерде, кәсіптік лицейлер мен колледждерде бағдарлы және кәсіптік білім беруді өзара байланыстыра жүргізуді жетілдіру жолдары»атты облыстық ғылыми-әдістемелік конференциясында (Шымкент 2009), «Жас ғалымдардың заманауи
зерттеулері»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Шымкент 2010) . Және «Білім әлемінде/ В мире образования/ In the world of Educftion» атты үш тілдік ғылыми журналында жарық көрді
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, болжамы мен негізгі міндеттері көрсетілген.
«Оқушының экономикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде бүгінгі таңда мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие беру мәселесінің тарихына талдау жасалды. Сонымен бірге онда экономикалық мәдениеттің мәні мен мазмұнына сипаттама берілді.
«Экономикалық мәдениетті қалыптастыру процесінде пәнаралық байланысты қолданудың сипаттамасы» атты екінші бөлімде оқушыларда экономикалық мәдениетті қалыптастыруда пәнаралық байланыстың алатын орны қарастырылып, пәнаралық байланыс негізінде оқушыларда экономикалық мәдениетті қалыптастырудың әдістемесі баяндалды.
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Экономикалық тәрбие берудің даму тарихы
Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің педгогикалық негізі - өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты нарықтық экономика заңдылықтарына үйрету болып табылады.
Экономикалық тәрбие берудің негізін ежелгі ғалымдар қалаған. Ежелден келе жатқан заңдылықтар - олар адам баласының барлығына аманат. Адам баласы жаралған күннен бастап тайпа болып өмір сүрсе кейіннен мемлекет пайда болды. Мемлекет пайда болған күннен бастап салық пайда болды. Салық пайда болды деген сөз - экономика ежелден келе жатыр деген сөз. Әрине бұл ғылымның өзіндік заңдылықтары болды. Сол заңдылықтар бізге де жетті. Тәуелсіздік алғаннан күннен бастап мемлекет халқының алдында шешімін табуға лайықты үлкен мәселе тұрды. Ол бұрын біз басымыздан өткізбеген нарықтық экономика. Қазақстан бұл жолда жеңіске жету үшін көп еңбектенуде . Нәтиже көзбен көрерліктей әлем Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Әрине бұл нәтиже қазақ халқының ежелден келе жатқан арманы еді. Экономика тарихы тереңде жатыр. Оны сонау ежелгі дүниедегі гректер, римдіктер және басқа да халықтар қалыптастырды. Ең алғаш болып әрине өз ойларын жүзеге асырған халық - гректер болды.
Экономикалық білімнің тиімділігі оның үздіксіздігінде . Оның мазмұны көп жағдайда экономика ғылымына байланысты.
Ксенофонт. Платон әсіресе Аристотельдің еңбектерінде грек қоғамының экономикалық құрылымын зерттеу мәселелері терең зерттеулер арқылы орын алған болатын. «Экономия» ( грек сөзі ойкономия, ойкос - үй, шаруашылық деген сөзден шыққан, яғни үй шаруашылығын, жердегі шаруашылық жұмыстарын тиімді, үнемді жүргізу дегенді білдіреді) сөзі Ксенофонт еңбектерінің басты тақырыбы болған. Әрине оның астарында үй шаруашылығын үнемді етіп жүргізу идеясы да жатыр еді.
Экономикаклық тәрбие немесе қоғамдағы экономикалық ойларды ашық айтуды ежелгі грек ойшылы, ғұламасы Аристотель тереңнен зерттеген болатын. Экономика деген сөзді - экономия - үнемдеу деп тура Ксенофонт секілді ұлы ойшыл айтып кеткен.
Аристотель өзі өмір сүрген қоғамның экономикалық болмысына талдау жасаған. Ғылым тарихында алғаш болып саяси экономия заңдылықтарын ашты.
Өзінің «Этика» атты еңбегінде «ақылға сыйымды өзімшілдік» идеясын талдаған. Ол өзімшілдіктің екі түрінің бар екендігін атап өткен. Ол кейбір адамдар көп ақша табуды, ол тапқан ақшасынан рахат ләззәт алуды армандаса, екінші адамдар адамзатқа көбірек қайырымды істер жасағысы келетіндігін атап өткен. Аристотельдің ойынша, адамды қайырымдылық жасауға жақсылыққа жаны ынтызар етіп тәрбиелеу жеке және қоғамдық талпыныстарды туғызады - деп атап өткен.
Экономикалық білімнің негізін қалаушылардың келесі тобына Томас Мор мен Томазо Кампанелла жатады. Олар болашақтағы социалистік қоғамға қажет тәрбиенің мазмұны жайлы айтып кеткендер. Бұлардың екеуі де утопиялық - социализмнің өкілдері.
Тәрбие жөніндегі алғашқы ойларын социалист - утопистер XIX ғасырдың бірінші жартысында А. Сен - Симон, Ш. Фурье, Р. Оуэн және басқалар да білдірген. Аталған ғалымдардың еңбектерінде жеке меншікті қоғамдық меншікке айырбастау қажет делінген.
Роберт Оуэн баланың жан - жақты тәрбие алуы үшін, тәрбиені ғылымның барлық саласымен байланыстырған дұрыс деп көрсеткен. Себебі осы жағдайда бала жан - жақты болып өседі деген ой қалыптасқан.
Орыстың белгілі демократ - революционерлері А. И. Герцен, Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский және басқалар оқушыларды еңбекке баулу және экономикалық тәрбие беру мәселелері бойынша өз тұжырымдамаларын жасап шығарған. Тұжырымдаманың басты да өзекті тақырыбы - ақылға сыйымды өзімшілдікті қалыптастыру, яғни кез - келген тұлғаның көпшіліктің игілігі үшін еңбектенуі.
Қоғамдағы жастарды еңбекке баулу, тәрбиенің әлеуметтік - экономикалық маңызы жайында өз еңбектерінде ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар К. Маркс, Ф. Энгельс пен В. И. Ленин де атап көрсеткен.
Өз еңбектерінде ұлы пролетариат ұстаздары адамзаттың бақыты дүние табуда емес, өз еңбегінің жемісін көруде деп көрсеткен.
Өндіруші күштердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы тәрбие процесінің ережелері де өзгеріп отыратыны ғылыми түрде дәлелденген.
К. Маркс өз еңбектерінде кәмелетке толмаған балалар еңбегі жайлы сөз қозғаған. «Гот бағдарламасын сынау» атты еңбегінде балалар еңбегіне қарсы болудың қажеті жоқ деп көрсеткен, себебі бала біріншіден еңбектенуге үйренеді, екінші жағынан оның дүние табуға және оны керегінше үнемдеп жұмсауға үйренеді, керісінше бала еңбегін қанауға қарсы шығу қажет деп жазған [1] .
А. С. Макаренконың еңбектерінде баланың еңбексүйгіштігі жаратылысынан емес оның негізін тәрбие қалайды. Кез - келген еңбек адамға қуаныш сыйлауы қажет делінген[2; 3] .
Экономикалық тәрбиенің негізі жайлы 1966 жылы жарық көрген Л. Е. Энштейннің «Коммунистік тәрбиенің экономикалық фактілері» атты еңбегінде атап өткен. Л. Е. Энштейн экономикалық қатынастар қоғамдық өнімдер мен жұмыс күшінің сапалы болуынан тұрады деген. Оның ойынша экономикалық қатынастар экономикалық қызметтердің келесі түрлерінен тұрады делінген:
- өнімнің тікелей дайындалуы;
- жұмысты ұйымдастыру процедуралары;
- өндірісті басқару;
- ақшалай - тауарлық айырбас;
- жоспарлау;
- талдау және экономикалық есеп және басқалар.
Экономикалық білім мен экономикалық тәрбие беру мәселелері жеке ғылым ретінде XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап зерттеле бастады. Балаларға экономикалық тәрбие беру мен қатар еңбекшілерді де экономикалық тәрбие беруге дайындау мәселесі де алдыңғы қатарда тұрды.
Сондықтан экономикаылық тәрбие жайындағы ойлар сол кезеңде жарық көріп жатқан барлық ғылыми - көпшілік еңбектерде жарық көріп отырды.
(Чичканов В. П., Попов В. Д., Пономарев Л. Н және басқалар) [4] .
70 -80 жылдары педагогикалық әдебиеттерде балаларға экономикалық тәрбие беру жайлы зерттеулер нәтижелері мен осы тақырыптағы ойлар жарық көре бастады. Бұл зерттеулерде экономикалық білім :
- еңбекке баулу тәрбиенің бір элементі (Ю. К. Васильев, Н. П. Кулакова; )
- еңбек, адамгершілік, саяси идеялық тәрбиенің бір бөлігінің синтезі;
- тәрбие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады (Аменд А. Ф, Барило И. А, Валиева З. А, Иткин И. Б, Кисилев В. П, Кураков Л. П, Нульман Л. М, Плахотник О. В, Пономарев Л. И, Прокопенко И. Ф, Рябинина И. Б, Сасова И. А, Сергеева Т. Е, Товстик В. А, Юнусбаев Б, Х. және басқалар) [5; 6; 7] .
Бұл еңбектерде экономикалық білім, экономикалық тәрбие жайлы тұжырымдамалар мен ойлар айтылған. Осы тақырыпта жазылған арнайы еңбектерде экономикалық білім мен экономикалық тәрбие арасында айтарлықтай айырмашылық көрсетілмеген. Мысалы, экономикалық білімді меңгеру дегеніміз экономика жайлы біліммен жастардың сусындауы, осы мақсаттағы тақырыптар бойынша сауатты болу және оны күнделікті іс жүзінде қолданып отыру деп көрсетілген. (Автономов А. Я, Аменд А. Ф, Малышев М. Л, Сасова А. И, Шемякин Б. П. ) [8; 9] .
Кейбір авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз оның негізінде, ал оның негізі дегеніміз - өндірісте қызмет ету барысында ғана емес күнделікті өмірде де сонымен қатар, оны іс тәжірибеде қолданып отыру үнемділік жайлы ойлау деп көрсетті(Рывкина Р. В., Шадрина С. З. ) [10; 11] .
Кейбір авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз - жасөспірімдер санасында жүйелі түрде бағытталған экономикалық білім мен таным сондай - ақ, ойлау стилі жатыр деп атауда (Нисемчук А. С, Литова З. А. ) [12; 13] .
Ал енді келесі авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз - жастардың қоршаған ортаға, еңбекке деген ұқыптылығы деп атап көрсетеді (Шемякин Б. П, Розов В. К, Михалкович Н. В, Розов В. К) [14; 15] .
Көріп отырғанымыздай, педагог - ғалымдардың ңбектерінде экономикалық білім мен оның жүзеге асырылу жолдары терең зерттелген.
Еліміздегі орын алған әлеуметтік - экономикалық жағдай - нарықтық экономиканың орын алуына байланысты педагогикалық орта мен мектептер алдында жаңа мақсат немесе жаңа мәселе туындады - ол мектеп түлектерін нарықтық экономика заңдарына, бүгінгі күннің талаптарына жауап бере алатын етіп шығару. Осы жұмыстың басты бағдары экономикалық мәдениетті қалыптастыру.
Қарапайым экономикалық білім жиынтығы оқушыларға тек ақпараттық мән жағына ғана құнды емес, сонымен қоғамдағы адам ролі мен оның құқығын түсіне білуге негіз болады. Экономикалық білім жас ұрпақтың адами қасиеттерін қалыптастыруға көп мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар экономикалық білім оқушылардың демократия, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам адам құқығы, бәсекелестік, нарық сияқты жалпы адамдық құндылықтарды белсенді қабылдауына септігін тигізеді.
Экономикалық білім мен біліктіліктің негізі - экономикалық ойлау. Бұл біліктілік, яғни экономикалық ойлау өмірге нақты жол ашуға үлкен көмек тигізеді.
Қазіргі таңдағы ғалымдардың ойынша (Сатубалдина, Жарылғапов, Литова және Терюкова) экономикалық білім мен экономикалық тәрбие экономикалық мәдениет пен оның компоненттерін құрайды екен.
Авторлар өз жұмыстарында экономикалық мәдениет педагогикалық талпыныстар категориясынан тұрады деп түсіндіреді. Экономикалық тәрбие қоғамның дамуына дұрыс ықпал ететіні анықталып отыр. Экономикалық тәрбиенің тамыры тереңде жатыр. Сондықтан экономикалық тәрбие адамзат жер бетінде пайда болған кезде пайда болған деп айта аламыз[16; 17] .
Экономикалық тәрбие кез - келген қоғамға тән. Мысалы, Қазақстан Республикасы социализмнен капитализмге бірден аттап кеткен мемлекет болып табылады. Осы жерден бір типті эволюциядан екінші типті эволюцияға өту экономикалық білімді қажет етеді. Экономикалық тәрбиенің сипаттамасы қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайынан туындайды. Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономика ғылымы, экономикалық білім мен практика арасындағы өзара қарым - қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елде экономикалық білімге деген сұраныс туындады. Қазақстанда жалпы экономикалық білімге деген қажеттілік өсіп отырған шақта, осы бағыттағы білім сапасын жетілдіру міндеті - өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі таңда жалпы экономикалық білім беру мәcелесін зерттеуші ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, көптеген мәселелерге шешім табуға болады. Ғаламдық жаһандану кезеңіндегі жаңғырулар адам санасының, соған сәйкес олардың өмір сүру жағдайларының түбірлі өзгерулерімен сипатталады. Бұл өзгерістер, әрине білім беру жүйесінің қызметіне тікелей байланысты болып келеді. Білім беру саласының мамандарының зерттеулеріне сүйенсек, бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру жүйесі өзінің жылдам өзгеруімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Ал білім жүйесіндегі жаңалықтың негізі - білім алушы оқушыны жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, оларды болашақ өмірдегі бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу.
Экономикалық білім - оқытушылар мен оқушылар арасындағы арнайы білім алу үшін бағытталған байланыс. Стратегиялық мақсаттар арқылы іс жүзіне асатын процесс.
Қазіргі кезде экономикалық жағдайымыздың жақсаруын қамтамасыыз ету үшін экономикалық білім беруді дамытуымыз қажет. Жоспарлы экономикада мемлекет барлық экономикалық мәселелерді шешуді өз мойнына алып отырған, ал қазір әрбәр тұлға, қоғам мүшесі алдында тұрған мәселелерді өз бетімен шеше білуі тиіс. Экономикалық білім мен тәрбие беру, қоғамдық өндірістің даму заңдылықтары оқыту, нарық заңымен таныс болу, алған экономикалық білімдерін тәжірибеде тиімді, нәтижелі қолдана білуге үйрету орта арнаулы оқу орындардың алдында тұрған басты бағыт. Болашақ мамандарға экономикалық білім берудің мақсаты- нарықтық өндірістегі ұйымдастырушылық және экономикалық қызметпен байланысты адамның әлеуметтік тәжірибесі негіздерінің мәнін ұғындыру.
Жасөспірімдер бойында экономикалық білім алу үшін қалыптастыратын экономикалық тәрбие олардың болашақтағы өмірде көп құндылықтарға қол жеткізеді. Экономикалық білімді жас өспірімнің бойында қалыптастыру баланың жалпы және арнайы білімнің (интеллектуалдық, шығармашылық, логикалық) жетілуіне бағыттайды. Экономикалық білім нарықтық экономика жағдайында кез келген адам үшін қажет .
Педагог және экономист Жарылқапов оқушылар, курсанттар мен студент жастарды экономикалық тәрбиеге баулу олардың қоғамдағы өмірін әлдеқайда жақсартады деп есептейді. Қоғам талабына жауап беру кез - келген жастағы адамның өмір талабына сай өмір сүруіне көмектеседі. Әлемдік педагогика ғылымы дәлелдегендей экономикалық тәрбие адам баласының ақылмен еңбек етіп, ақылмен баюына көмектеседі. Соңғы уақыттарда экономикалық білім мазмұнын анықтау, білімге қойылатын талаптарды нақтылау, экономика пәні мұғалімдерін даярлау бағдарламасын жасау мәселелеріне ерекше мән берілуде. Жастарға экономикалық білім беру мазмұнын жеке тұлғаның экономикалық санасын қалыптастыруға, оның экономикалық ой - санасын дамытуға бағытталған белгілі бір білім, білік және дағдылардың жүйесі ретінде анықтауға болады.
Экономикалық білім беру мемлекетке оның жас балғындарына жаңа экономикалық нарықтық көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Қазақстанның ХХІ ғасырдағы экономикасының басқару тұтқасын солар ұстайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz