ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
4: 4
: 1
КІРІСПЕ: ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ. ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
4: 7-37
: 1. 1
КІРІСПЕ: Болашақ мұғалімдерді қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде кәсіби дайындаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ: Жоғары оқу орнында оқытудың ақпараттық-компьютерлік технологияларын қолданудың қазіргі жағдайына сипаттама
4: 24
: 2
КІРІСПЕ: АҚПАРАТТЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
4: 38-65
: 2. 1
КІРІСПЕ:

Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу арқылы кәсіби дайындаудың тұжырымдамасы

4: 38
: 2. 2
КІРІСПЕ: Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау моделі
4: 51
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 66
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 67
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
4:
:
КІРІСПЕ:
4:


Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және

математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АКТ - Ақпаратты коммуникациялық технология

АКММ -Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу

АКОӘК -Ақпараттық-компьютерлік оқу-әдістемелік кешен

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

АЖ - Ақпараттық жүйелер

ДК - Дербес компьютер

ЖОО - Жоғары оқу орны

КОБ - компьютерлік оқыту бағдарламалары

КИ - Кентау институты

ККБД - Кәсіби компьютерлік біліктіліктер, дағдылар

ҚазҰПУ - Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

ҚР - Қазақстан Республикасы

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ММ - Математикалық модельдеу

МҚ - Мультимедиялы құралдар

МАОЖ - Мультимедиялы аутоматтандырылған оқыту жүйесі

МОТ - Модульдік оқыту технологиясы

ОПҚ - Оқытушы-профессорлар құрамы

ОАТ - Оқытудың ақпараттық технологиялары

ОЖ - Операциялық жүйелер

ОҚМУ - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

СӨЖ - Студенттердің өзіндік жұмыстары

СОӨЖ - Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

ХҚТУ -Халықаралық қазақ-түрік университеті

ЭЕМ - Электронды есептеу машина

ЭОӘК - Электронды оқу-әдістемелік кешен

ЭО - Электронды оқулық

IBM - International Business Machines (іскерлік қызметтер

үшін халықаралық машиналар )

IT - Интернет технологиялар

MS DOS - Microsoft фирмасының дискілі операциялық жүйесі

HTML - Hiper Text Marpup Language (гипермәтінді белгілеу тілі)

WWW - World Wide Web (дүниежүзілік тармақталған өрнек)

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін осы жолдаудағы алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі»-деп атап айтты.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет барысында пайда болатын мәселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әдістері туралы кәсіби білім, іскерлік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу, есептерді математикалық модельдері бойынша шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу, құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арнап бағдарламалау тілдерінің көмегімен бағдарлама құру және бұл білімдер мен іскерліктерді объектінің, құбылыстың ақпараттық-компьютерлік моделін жасау үшін қолдана алу негізгі бір мәселе болып табылады.

Замани ақпараттық жүйелерді қолдану дағдылары және олардың көмегімен кәсіби практикалық есептерді шешу іскерліктері мен практикалық маңызды есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижелерін сауатты өңдеу іскерлігі, оның нәтижелерін кәсіби практикалық іс-әрекеттерде қолдану дағдыларын болашақ мұғалімнің бойында қалыптастыру басты назарда болуы қажет.

Бұл талаптардың осы көлемде жүзеге асырылуы болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы айтылғандардан байқайтынымыз АКММ түсінігі «ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық - компьютерлік және математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.

Ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда, болашақ мұғалімдердің ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың ақпараттық технологияларды меңгерумен қатар оларды жасау іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта түсуде.

Қазіргі ғылым мен ақпараттық технологияның дамыған кезеңінде және өндірістің барлық салалары, соның ішінде оқу-ағарту саласы да және оларға арналған қолданбалы бағдарламалардың көптеп енуі, ал екінші жағынан болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту сәйкессіздіктерінен туған қайшылықтар да бар. Осы қайшылықтар зерттеу тақырыбын “1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің объектісі. Болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби дайындау үдерісі.

Зерттеудің пәні. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту үдерісінде кәсіби дайындау жүйесі.

Зерттеудің мақсаты. Информатика, математика, кәсіптік білімнің болашақ мұғалімдерін ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту арқылы кәсіби дайындауды теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу, оның әдістемесін жетілдіріп, тәжірибелік-эксперименттен өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің болжамы. Егер информатика, математика, физика және кәсіптік білімнің болашақ мұғалімдерін ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемелік кешені даярланса, онда ақпараттық-компьютерлік технологиялар арқылы ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді жетік меңгерген мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінің тиімділігі артады.

Зерттеудің міндеттері.

  1. Болашақ мұғалімдерді қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау.
  2. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау тұжырымдамасын жасау.
  3. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау моделін жасау.
  4. Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың әдістемесін негіздеу.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту үдерісінде кәсіби дайындау жүйесін теориялық және педагогикалық-тәжірибелік тұрғыда дамыту ақпараттық-компьютерлік технологияларды меңгерген болашақ маманның кәсіби білімі мен іскерлігін қалыптастырады.

Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың және т. б. ғалымдардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-компьютерлік технологиялар саласындағы ғылыми еңбектері.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері. Оқытудың ақпараттық-компьютерлік технологияларын қолдану

1. 1 Болашақ мұғалімдерді қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде кәсіби дайындаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.

Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.

Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын” дайындап, көрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын.

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.

Мамандардың пікірінше ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.

ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана кәсіпкер мұқтаждығын көрсетті. Болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.

Ғалым-психологтардың пікірі бойынша педагог профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің психологиялық құрылымын ескеру қажет. Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер мыналар: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, бейімділік пен іскерлік.

Мамандар профессиограммасын жасауда социологтардың «маман моделі» қасиеттерін қамтитын мынандай төрт түрлі блок болады:

  1. кәсіптік;
  2. әлеуметтік;
  3. саяси-идеялық;
  4. әлеуметтік -психологиялық;

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру»-деп атап көрсетілген.

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби - педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілді. Жоғары педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.

Осындай талап деңгейіндегі маманды даярлау жоғары оқу орындарының үлесіне тиеді. Педагогикалық мамандық - білім беру нәтижесінде алынған және берілетін біліктілікке сәйкес кәсіптік-педагогикалық міндеттерді алға қоюды және шешуді қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылардың жиынтығынан тұраты күрделі үрдістің жемісі, яғни осы кәсіптік топ шеңберіндегі қызмет түрі. Білім деңгейі мен кәсіптік деңгейді ұдайы арттырып отыру қажет, себебі ғылым мен техниканың даму нәтижесінде білім тез ескіреді; ғылыми ақпарат көлемі тез өсіп, жаңа білім салалары дамыды, жаңа мамандықтар енгізу мен басқаруды ғылыми негізде жетілдіру қажеттігі туды. Міне, осыдан келіп әрбір адамның бүкіл өмір бойына білім алуына, оны толықтырып, жетілдіріп отыруына мүмкіндік жағдай жасалуда.

ЖОО-ғы болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.

ҚР-ң жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында «Болашақ мұғалім тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай педагогикалық үдеріске қатысушының әрқайсының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек» -делінген [160] .

Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері ішінде информатика пәні мұғалімінің алатын орны ерекше. Мектеп информатика курсы оқушының ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Информатиканы мектепте оқыту оқушыларға қоршаған ортаны танып білуді үйретеді, логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін, шығармашылық, қабілеттерін, қалыптастырға ұйытқы болады, оқушының зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық сияқты еңбек мәдениетін дамытуға ықпал етеді, дүниге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға жағдай туғызады.

Ал бүгінгі қоғамға өз бетінше дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және шығармашылықпен шеше білетін адам қажет. Қазіргі қоғам - ақпараттық технологиялар қоғамы. Ал оның азаматтары өз бетінше белсенді қимылдауға, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемділікпен бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Сондықтан қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты - адамның интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда дамуы. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін болашақ мұғалім бойына мектепте қызмет ететін маман ретінде оларға білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты айқын көрсетілуі тиіс. Оған оқу процесінің тиімділігі, сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы білімнің тереңдігі бүкіл оқу тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға игі ықпал етеді.

Біздің елімізге, сонымен бірге Ресей және шетелде кәсіпке бейімделу мәселесі еңбек психологиясы және кәсіби оқыту аясында қарастырылып жүр. Бірақ, бұл мәселені кәсіби оқыту кезінде ғана қарастыру көзқарасы, бір жақты болып табылады, себебі бұл кезде ең басты мәселе адамның барлық өмірлік жолына деген әсер ету ескерілмеген. Адам өз өмірінің белгілі бір кезеңіне өте отырып әрмен қарай өмір жолын таңдауы өзіне байланысты болады.

Болашақ мүғалімнің кәсіби бейімделу аясына негізінен мыналар кіреді: кәсіби бағдар, кәсіпке дайындық, кәсіби орнығу, мамандық бойынша студенттердің білім алу ерекшеліктері, еңбек жағдайлары. И. Калайконованың айтуынша бұлар кәсіби бейімделу құрылымында ең маңызды орынды алады. Бірақ, әр түрлі бейімделу түрлері маманның қалыптасуына әр түрлі әсер етеді. Оның ең негізгісі кәсіпке бейімделу болып табылады.

Болашақ мұғалім үшін оның өмірлік іс-әрекетіне мамандықты меңгеру мәселесі үлкен орын алады. Ол алдымен мамандықты оқып үйренуге, дайындыққа көңіл аударса, одан кейін мамандықты терең меңгеруге, кәсіби шеберлікке ұмтылуы қажет.

Сонымен, айта кететін жайт, студенттердің оқу іс-әрекетінің нәтижелілігі, оған бейімделу көптеген факторларға байланысты. Оған студенттердің танымдық іс-әрекетін реттеу функциясы, өмірлік жоспары мен қызығушылықтары, мотивтерді, құндылықтық бағдарлардың басым болатын түрі, ұмтылыс деңгейі, мінез-құлықтарын саналы басқара алуы т. б көптеген факторлар үлкен ықпал етеді.

Болашақ мұғалім мамандығына бейімделу мәселесі кезеңінде студент болашақ мамандығы бойынша еңбек талаптары мен ерекшеліктерін меңгеру керек. Ол мамандықты меңгеру кезеңіндегі тұлғаның кәсіби қасиеттерінің қалыптасуынан, еңбек дағдыларынан көрінеді. Болашақ мұғалімдік кәсіпке бейімделу студенттің жаңа ұжымға сіңуіне, енуіне әсер етеді. Ол жаңа ұжымға, еңбек талаптарына, кәсіби іс-әрекетке қатысу үдерісі және кәсіби қызығушылықтарының, жеке сапалардың осы іс-әрекет талаптарымен арақатынасын көрсетеді. Біз ғылыми-педагогикалық еңбектерге сүйене отырып болашақ мұғалімнің кәсіби бейімделуінің мазмұндық құрылымын және олардың қалыптасқандығын анықтау критерийлерін ұсындық (Сурет 1) .

Кәсіби іс-әрекетке бейімделу үдерісі табысты болуының негізгі жағдайларын көрсетер болсақ: біріншіден, кәсіби іс-әрекетке бейімделу жоғары оқу орындарындағы жас маманды дайындау сапасымен, олардың тәжірибелік бағдыларды жинақтауларымен байланысты. Ол кәсіпке оқыту және тәрбиелеу кезеңінде бейімделе бастайды. Бұл жерде кәсіби іскерліктер мен дағдылар да қалыптасады, кәсіпке керек деген білімдермен қамтамасыз етіледі, еңбекке деген шығармашылық қатынас пайда болады, ұжымдық жұмыс дағдылары мен кәсіпке деген қызығушылық дамиды, яғни кәсіби іс-әрекеттің жағымды мотивациясы шыңдалады. Бұл кезеңде өндірістік және педагогикалық практикаларға үлкен көңіл бөлінеді. Екіншіден, кәсіпке бейімделу кезінде кәсіпті таңдау мотиві де үлкен орын алады. Адамдың нақты мінез-құлықтары мен әрекеттерінен нақты мотивті көруге болады, ол іс-әрекет процесі кезеңіндегі мақсатты көрсетеді. Мамандықты өз қызығушылығымен, қоғамға қажеттілігі құндылығына байланысты таңдаған кездегі кәсіпке бейімделу де табысты болады. Үшіншіден, кәсіпке бейімделудің табысты болуы кәсіби іс-әрекеттің ұнамдылығымен, ұжымның психологиялық климатымен, қоғамдық белсенділік және жеке ерекшеліктермен байланысты. Төртіншіден, кәсіби бейімделу кезінде еңбек іс-әрекетінің мазмұны, ұжымдағы өзара қатынас,

Сурет 1 - Болашақ мұғалімнің кәсіби бейімделуінің мазмұндық құрылымы және олардың қалыптасқандығын анықтау критерийлері

жақсы жағдайлар және еңбекті ұйымдастыру секілді параметрлері әсер етпей қоймайды.

Кәсіби оқыту кезінде студент топтарын үшке бөлуімізге болады:

Бірінші топтағы студенттер білімге кәсіп ретінде бағдар жасайды. Бұл топтағы студенттер болашақ жұмысына деген қызығушылықтары бар, өз болашағын осы кәсіп бойынша іске асырғысы келетін студенттер.

Екінші топтағы студенттерде бизнеске деген бағдар басым. Олар үшін білім алу құрал ретінде ғана болады. Олар өз іскерлік, сауда саттықтарын жасағысы келеді. Бірақ олар уақыт өте келе бұл бағыттың өзі білімді талап ететіндігін түсінеді.

Үшінші топтағылар жеке, тұрмыстық деңгейлерінде проблемалары бар студенттер. Олар үшін бірінші орында тұрмыстық, жеке, отбасылық проблемалар тұрады. Өз жолдарын таңдауда қиналатын, кәсіпке деген қызығушылықтары жоқ студенттер қатарына осылар жатады. Өзіндік тану оларды кеш болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қашықтықтан білім беру технологиясының мәні
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану
Жаңа педагогикалық технологиялар
Қазіргі кезеңдегі тарих пәнін оқыту сипаты және заманауи әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері
Оқыту технологиясы мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz