Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы


РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университеті
Физика-математика факультетi
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: “ орта мектепте информатиканы бейінді оқытудың мазмұны мен ұйымдастырылуы ”
Қорғауға жiберiлдi
" " 2009ж.
кафедра меңгерушiсi
тех. ғ. к., доцент
Г. И. Салғараева
Орындаған: .
3-курс (3-жылдық)
Информатика мамандығы
сырттай бөлiмнiң студентi
Ғылыми жетекшiсі: тех. ғ. к., доцент Г. И. Салғараева
Алматы, 2010ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. орта мектепте бейінді оқыту ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1. 1. Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы.
1. 2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі (бір бейінді мектеп, көп бейінді мектеп) .
1. 3. Бейінді оқыту үдерсінде жеке тұлғаға бағытталған жаңа технологияларды пайдалану.
1. 4. Жалпы білім беретін орта мектептердің жоғарғы сатысына бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары.
ІІ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН БЕЙІНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде Информатика пәнін бейінді оқытуды дамыту.
2. 2. Информатика пәнін бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігі.
2. 3. Бейіндеп оқытуда қолданылатын интеллектуалды ойындарды ұйымдастырудың әдістемесі мен оларға қойылатын дидактикалық талаптар.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Сонымен бірге бейінді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамассыз етуі қажет:
- жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
- білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау,
- жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастық, бейінді сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең әуелі бейінді оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдайы үшін неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бейінді қыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мынаны атауға болады: бейінді оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі:
- ресурстық орталық кезінде ұйымдастыру
- әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.
Шағын қала жағдайында бейінді оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі, яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтік серіктестік негізінде оқыту үлгісі жүзеге асырылуы мүмкін.
Бейінді оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуметі жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме «ресурстық орталық» төңірегіне шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бейінді жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады.
«Ресурстық орталық» үлгісінің артықшылығы сол, онда білім беретін мекемелердің әрқайсысының кадрлық немесе (және) материалдық-техникалық әлеуеті жеткіліксіз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бейінді дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады.
Бейінді оқытуды жүзеге асырудың жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерден айыамашылығы оның бейінді емес пәндердің оқу материалдарын салыстырмалы түрде қысқартқан жағдайда ғана мүмкін болатындығында.
Мектептің жрғары сатысында бейінді оқыту оқу пәндерінің әртүрлі комбинацияларын, яғни бейінді оқытудың икемді жүйесін жасауды көздейді. Бейінді оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:
- базалық жалпы білім беретін пәндер;
- бейінді пәндер;
- қолданбалы курстар;
- таңдау курстары;
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттарағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беруұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпыбілім беру мақсаты-көп функционалды компетенциялармен (құзырлармен, шығармашылықіс-әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарланаалуға дайын адамды дамыту болып табылады. Қоғам өзінің әрбір мүшесініңзиятты-шығармашылық, адамгершілік потенциалын мүмкіндігінше дамытуға, өзін ісжүзінде ойдағыдай көрсету және таныта білудің шарты ретінде жоғары деңгейдебілім алуға құқығы бар. Жоғары сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталған. Бейінді-бейінді оқытудыңмақсаты-оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін келешекте ие болуға тиістімамандыққа бейімделуін қанағаттандыру немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғағабағытталған, яғни оқытуды дифференциалдау жәнежекешелендіру. Бейіндеп оқытатын мектептіңжоғары сыныптарына арналған оқу жоспарын шартты түрде 3 бөлікке бөлугеболады.
1-бөлік. Жалпы білім беретінбазалық пәндер. Бұл сыныптағы барлық оқушылар үшін міндетті болып саналады.
2-бөлік. Белгілі бір бағыттағытаңдаған оқушылар үшін міндетті және сол бағытты толық анықтайтын тереңдетілгенбейіндік білім беретін пәндер.
3-бөлік. Оқушылардың өз таңдауыбойынша енгізілетін таңдау (элективтік ) курстары.
Бағдарлы сараланған білім беруде оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын элективті үлкен мәні бар. Элективті курстар-мектептің жоғары сатысында оқыту бағдарының құрамына енетін және оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын міндетті курстар.
І. орта мектепте информатиканы бейінді оқытудың мазмұны мен ұйымдастырылуы
1. 1. Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының Негізгі ережелеріне сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сатысына бейінді оқытуды енгізу көзделіп отыр.
«Бейінді оқыту» және «кәсіптік білім беру» ұғымдарын шатастыруға болмайды. Бейінді оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Ал кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді.
Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бейінді оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бейінді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:
- жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
- білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
- жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкіндіктері, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең әуелі, бейінді оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдай үшін неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бейінді оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:
1) бейінді оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі;
2) бейінді оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі:
- ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру;
- әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.
Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бейінді оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды.
Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бейінді оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бірбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін.
Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Әр бағдардың ішінде білім салалары бойынша бір немесе бірнеше мамандану бағыттары болуы мүмкін, мысалы, жаратылыстану-математикалық бағдарда: химия-биологиялық, биология-географиялық, физика-математикалық, математика-информатикалық және т. б.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектептің бағдарлау үлгісін таңдау кезінде мыналар ескерілуі қажет:
- оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтеріңкі деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы;
- таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында білімін жалғастыруға талпынысы;
- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі;
- жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі;
- сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі;
- бейінді оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы;
- мектептің материалдық-техникалық базасы.
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің қай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығы мыналар:
- мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;
- берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды шоғырландыру;
- мектеп бітірушілердің бәсекейге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Ал кемшіліктері ретінде мыналарды атауға болады:
- оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейін нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әртүрлі болуы;
- біркомплектілі мектептерге бейінді оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;
- оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей оларды біржақты дайындау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру.
Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:
- оқушылардың жеке тұдғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;
- тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;
- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады.
Ал кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей:
- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін;
- оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады;
- қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі.
Мектепішілік бағдарлау үлгісін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бейінді оқытуды қала жағдайында ұйымдастыру үшін мектептің колледждермен, кәсіптік-техникалық училищелермен, орта арнайы оқу орындарымен, жоғары оқу орындарымен, өндіріс орындарымен және т. б. өзара байланысқан жұмысын да пайдалануға болады.
Шағын қала жағдайында бейінді оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі , яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтік серіктестік негізінде оқыту үлгісі жүзеге асырылуы мүмкін.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі - білім беру кеңістігін (торабын) қалыптастыру мақсатымен басқа да білім беру ұйымдарының (қосымша білім беретін, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін, жоғары білім беретін мекемелердің, жалпы білім беретін басқа мектептердің) білім беру қорларын мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейді. Бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бейінді оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме - «ресурстық орталық» төңірегіне шоғырланады. Бұл жағдайда ж алпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады.
«Ресурстық орталық» үлгісінің а ртықшылығы сол, онда білім беретін мекемелердің әрқайсысының кадрлық және/немесе материалдық-техникалық әлеуеті жеткіліксіз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бағдарлы дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады.
Ал кемшіліктері мыналар:
- ұйымдастырудың күрделілігі,
- мұқият үйлестірудің қажеттілігі,
- оқушыларға педагогикалық жетекшілік жасау шығындарының артуы.
Бейінді оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру кезінде білім беретін түрлі типтегі мекемелер - мектептің әлеуметтік серіктестері торабы шеңберінде бағдарлы дайындық беріледі. Торап шеңберінде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептің әлеуметтік серіктестері, яғни шағын (кіші-гірім қалада немесе ірі қаланың бір ауданында) жинақы орналасқан білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің әртүрлі типтері мен түрлері ұсынады.
Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал мектептің әлеуметтік серіктестері:
- бағдарлы жалпы білім беретін курстарды;
- тәжірибеден өткізуді;
- жобалық және зерттеу жұмыстарын;
- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды жүзеге асырады.
“Әлеуметтік серіктестік” үлгісінің а ртықшылығы ретінде мыналарды:
- білім беру бағдарламаларының көп нұсқалылығының артуын,
- оқушылардың таңдау мүмкіндігінің артуын,
- серіктестер арасында тікелей байланыстың болуын атауға болады.
Кемшіліктері мыналар:
- ұйымдастырудың күрделілігі
- қаржымен қамтамасыз етудің күрделілігі
- оқушылардың таңдау курстарын игергендігін мониторингілеудің күрделілігі.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың аса маңызды мәселесі - бұл бағдарлау бағыттары мен құрылымын анықтау. Бағдарлардың алуан түрін жасау жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін неғұрлым толық ескеруге тырысудан туындайды.
Бейінді оқытуды жүзеге асырудың жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерден айырмашылығы оның бағдарлы емес пәндердің оқу материалдарын салыстырмалы түрде қысқартқан жағдайда ғана мүмкін болатындығында.
Мектептің жоғары сатысында бейінді оқыту оқу пәндерінің әртүрлі комбинацияларын, яғни бейінді оқытудың икемді жүйесін жасауды көздейді. Бейінді оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:
- базалық жалпы білім беретін пәндер;
- бағдарлы пәндер;
- қолданбалы курстар;
- таңдау курстары.
Мұндағы базалық жалпы білім беретін пәндер - барлық бағдарларда оқушылардың бәріне тегіс міндетті. 2002 жылғы МЖМБС бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқыту үшін мұндай пәндер саны 9, олар: математика, физика, химия, биология, география, өнер, технология, дене тәрбиесі, АӘД. Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағыты үшін базалық жалпы білім беретін пәндер саны 12: ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері, технология, дене тәрбиесі, АӘД.
Сонымен, қолданыстағы МЖМБС бойынша барлық бағдар үшін мына пәндер міндетті болып табылады: математика, ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, «Қоғамтану» білім аймағының пәндері (дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері), «Жаратылыстану» білім аймағының пәндері (физика, химия, биология, география), технология, дене тәрбиесі, АӘД.
Бағдарлы пәндер деп отырғанымыз - бұл орта жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқыту бағдарын анықтайтын негізгі оқу пәндері. Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағытында мұндай пәндер саны 6, олар: математика, информатика, физика, химия, биология, география. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағытында - 9: ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері.
Бағдарлы оқу пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті.
Қолданбалы курстар - оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді.
Ал таңдау курстары - оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті (жеке сабақтар, консультациялар және т. б. ) есебінен жүзеге асырылады.
Базалық жалпы білім беретін пәндерді, бағдарлы пәндер мен қолданбалы курстарды комбинациялау білім беру ұйымдарына, жеке сыныптарға қандай да бір бағыт шеңберіндегі бағдарлаудың әртүрлі формаларын алуға мүмкіндік береді. Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс.
Мысалы, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқыту бағдарлары:
- лингвистика
- филология
- тарихи-филология
- тарихи-құқықтану
- тарихи-қоғамтану және т. б., ал жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқыту бағдарлары:
- математика
- физика-математика
- математика-экономика
- физика-технология
- биология-химия
- география-биология
- биология-экология
- экология-салауаттану және т. б.
Сонымен 2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстанның білім беру ұйымдарының жаппай іс-тәжірибесіне орта жалпы білім берудің жоғары сатысында бейінді оқытуды енгізу жүзеге асырылады. Ол үшін бізде мектептің жоғары сатысында бейінді оқытуды ұйымдастырудың оқушыларды олардың қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігін ескере отырып саралау мүмкіндіктері ретіндегі әдістемелік-нормативтік-құқықтық негіздері бар. Мұнда оқу орындарына нақты сынып оқушыларының қызығушылығы мен қабілетін қанағаттандыруға бағытталған орта жалпы білім беру мазмұнын, мектептік және оқушы компоненті жүктемесінің шеңберіндегі бағдарлау бағытын ескере отырып, өзбетімен анықтауға құқық беріледі.
Оқу жоспарының базалық құраушысының құрылымы мен мазмұны барлық оқу орындары үшін бірдей болғандықтан, жоғары сынып оқушыларын саралап оқыту принципін жүзеге асыру инвариантты мазмұнды кеңейту, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларын пайдалану есебінен мүмкін болады.
Қорыта айтқанда, бейінді оқытуды енгізуге байланысты мектеп құрылымында, білім беру мазмұнында, оқу процесін ұйымдастыру деңгейлерінде жүзеге асырылатын барлық өзгерістер оқушының жеке тұлғасын олардың талап-тілектері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс.
1. 2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі ( бір бейінді мектеп, көп бейінді мектеп )
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz