Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

1. Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың теориялық негздері . . .

1. 1 Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері . . .

1. 2 Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың мәні . . .

2. БОЛАШАҚ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ САПАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ . . .

2. 1 Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру және оның кәсіби қызметіне даярлығы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - дей отырып [1], білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттілігін баса айтқаны баршаға мәлім. Мектепте, жоғарғы оқу орнында білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамассыз етіп, оны іске асыратын басты тұлға мұғалім болса, бүгінгі таңда мұғалімдерге қойылып отырған талаптар өте жоғары. Елімізде жаңа экономика құру үшін барлық оқу орнында кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс.

Соған сәйкес осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз жаңа экономика құра алмайтынымыз белгілі, соған қарамастан кәсіби тұлға қалыптастыру алдыға қойылған басты міндет болып табылады. Бұл үздіксіз педагогикалық білім жүйесінде рухани - адамгершілікті, рефлексияға қабілетті ақпараттық коммуникативтік, әлеуметтік - тұлғалық кәіби маңызды сапалары қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік әдістемелік деңгейі жоғары жаңа формация мұғалімдерінің негізін қалыптастыру қажеттілігін туындатады. Өйткені өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытуға педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, кәсіби мәнділігін жүзеге асыра алатын белгілі бір әлеуметтік мәртебені иеленген, тарихты жақсы меңгерген мұғалім ғана қоғам талап етіп отырған біртұтас, ашық, динамикалық тұлғаны қалыптастыра алады. Осыған орай мұғалімдер мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру ісімен айналысып отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын өзгерту мұғалімдердің педагогикалық нақты жағдайларға тез бейімдеу, олардың кәсіпілігін арттыру өзекті мәселелердің бірі.

Соған байланысты Қазақстанның саяси - экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қарқынды өзгерістер нәтижесінде оның дамыған елдің стандарттарына деген ұмтылысы, әсіресе болашақ тарих мұғалімінің дәрежесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық және әлеуметтік мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін - өзі жетілдіріп, әлеуметтік мүмкіншілігін дамытатын білімді, тарихи білімі терең, барлық іс - тәрбие әрекетінде шығармашылық бағытты ұстанатын білікті маман тәрбиелеу өзекті болып отыр. Демек қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі таңдағы білім беру жағдайы мұғалім тұлғасымен анықтап отырғандығы байқалады. Себебі оның мәдени деңгейі, кәсіби даярлығы, өрісінің кеңдігі сияқты азаматтық бағытына қоғамның саяси - әлеуметтік және рухани дамуы тікелей байланысты. Білім тарамынан өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашаландыру міндетін қояды, ал оның мақсаты - кадрлардың кәсіптік жеке дамуына арналған жағдай туғызды, бұл өзін - өзі дамыту, бойындағы кәсіптік қасиеттерін жетілдіру үшін қайта білім алу, барлық білім беру үрдісі субъектілерінің ұстанымдары мен іс-әрекеттерінің құндылық - мәнділік келісімдер механизмін меңгеру деген сөз. Білім беру қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру және қайта даярлау үздіксіз үрдіс болып табылады. Біліктілікті арттырудың үздіксіздігі мынадай үрдістің органикалық байланысымен қамтамассыз етіледі: оқытушының басшылығымен әрбір 5 жыл сайын ұдайы жүргізіліп тұратын арнайы ұйымдастырылған қысқа мерзімді оқыту және курс барысында да, сондай-ақ курсаралық кезеңдерде де жүзеге асырылып тұратын өзін - өзі білімдендіру. Олардың өзара байланысы біліктілікті арттыру жүйесіне үздіксіз білім берудің барлық қалған сатыларынан өзіне тән сипат береді.

Сонымен бірге мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру және шеберлікті дамыту, педагогикалық іс-әрекет құрылымы мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру кәсіби біліктілікті шыңдау мәселелеріне арналған зерттеулердің де педагогика ғылымында ерекше мәнге ие болатынын айтқан орынды деп санаймын.

Жоғарғы педагогика және психология мектебінде болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары ерекше назарға алынған. Тұлға мен оның кәсіби маңызды сапаларын В. А. Сластенин [2], Н. Д. Хмель және т. б., педагогтың кәсіби шеберлігінің қалыптасуын Ю. Г. Азаров, Ф. Н. Гоноболин, және т. б., педагогикалық қабілеттілігін Н. В. Кузьмин, А. И. Щербаков және т. б., гуманистік бағыттарын С. Ф. Збандуто, Н. Я Мокрецова, С. З. Тайбогаров, Е. Н. Шиянов және т. б. зерттеулерінде назарға алынған.

Жоғарыда айтылған зерттеу еңбектері мұғалімнің кәсіби дайындау проблемасын өңдеуде сөзсіз өз үлесін қосып, оны болашақта іске асуына бағыт берді.

Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарына Н. Д. Хмельдің біртұтас концепциясы педагогикалық процесте негізделген. Оған А. Ф. Дайкер, Р. Р. Масыров, А. А. Молдажанов, Е. П. Нечитайлов, Л. В. Никитенков, А. Қ. Рысбаев, Г. Т. Сманов, К. Оспановалардың жұмыстары дәлел бола алады. Бұл авторлардың жұмыстарында кәсіби маңызды сапаларының жүйесі, механизмі және олардың білімінің нәтижесі, Қазақстан Республикасының көп жылғы тәжірибесін мәлімдейді.

Сонымен қатар, кәсіби дайындықтың кейбір аспектілерін А. Х. Бабаева, Л. В. Бабич, А. П. Васильева, Н. Д. Иванова, А. А. Калюжный, С. Т. Каргин, Н. Н. Тригубова және т. б. қарастырады.

Кәсіби дайындау проблемалары шет ел ғалымдарының да назарынан тыс қалмаған. Мысалы: Р. Бернс, К. Блага, Нгуен Ван Тхань, Прой Отто, Райнер Винкель, Рихард Перкун, М. Шебек, Эрнст Маиер т. б.

Зерттеушілер болашақ мұғалімнің әртүрлі кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру мәселелеріне назар аударған: кәсіби дайындығы [К. М. Дурай-Новакова, А. Н. Марушина, Н. А. Неустраева, Л. В. Никитенкова т. б. ], тұлғаның мәдениеті [А. В. Бабич, Н. Б. Крылова, А. А. Молдажанова, М. М. Мукамбаева, А. Қ. Рысбаева т. б. ], өз беттілік [Н. И. Дидус], қарым-қатынасы [К. Успанов], ұнамды қасиеттері [К. Л. Лебедева, А. С. Раимкулова т. б. ] адамгершілік моралі [К. С. Сатпаев], адамгершілік қарым - қатынасы [Б. Д. Кисикова, Э. Эшмурадов] және т. б.

Сондықтан мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жоғары білім беруде тарих курсының алатын орны ерекше. Өйткені қоғамдық дамудың барлық негізгі кезеңдерімен, сол кезеңдердегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастармен, өзгерістермен, адамзат қоғамының тарихының барлық жақтарымен, қырларымен таныстырылатынын білеміз.

Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені, ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әр бір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін дұрыс орындай алады. Бірде - бір ұлт өз елінің тарихын, мәдениетін силамайынша, өз өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта қалыптастырып өркендетпейінше, азаматтық және рухани тәрбие жүргізбейінше дамып, өмір сүруі мүмкін емес.

Бұл қайшылықтарды шешу қажеттілігі болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орындарында педагогикалық даярлығын қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіруді зерттеу мәселесі ретінде көрсетеді.

Осы қарама - қайшылықтың шешімін табу үшін «Болашқ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деген тақырыбын таңдауыма себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Болашқ тарих пәні мұғалімінің жалпы білім беруде маңызды сапаларын қалыптастыруды ғылыми-теориялық негіздеу.

Зерттеу нысаны: болашақ тарих мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру процессі.

Зерттеу пәні: мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруда педагогикалық шарттары айқындалып, әдістемелік жүйесі жетілдірілсе, онда болашақ тарих пәні мұғалімінің білімі, біліктілігі, дағдысы, кәсіби құзырлығы жетіле түседі, бұл қазіргі қоғам талабы.

Зерттеудің міндеттері:

  • болашақ тарих мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының мазмұны мен құрылымын анықтау; болашақ тарих мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын қалыптастыру жұмыстарын ұсыну; болашақ тарих мұғалімінің педагогикалық кәсіби даярлау процесінің мазмұның моделін жасау және шарттарын айқындау;

Зерттеудің әдістері: болашақ тарих мұғалімнің кәсіби дайындау проблемасы орын алған тарихшылар, философтар, психологтар, педагогтар еңбектері, ресми құжаттар мен материалдар, оқу программалары, оқу жоспары.

Курстық жұмыс құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған деректер көздерінің тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, әдістері баяндалады.

«Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың теориялық негздері » деп аталатын бірінші бөлімде болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері, қалыптастырудың мәні, моделі қарастырылады.

«Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының іске асырылуы» атты екінші бөлімді тәжірибелі эксперименттің нәтижесі мен болашақ мұғалімнің кәсіби қызметіне даярлығы мен тарих пәнінің мүмкіндіктері көрсетіледі.

Қорытындыда теориялық және эксперимент жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар берілді.

1. Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың теориялық негздері

1. 1 Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері

Қазіргі әлемде шығармашылық әлеуеттітану әрі дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілу үшін тұлғаға өмір бойы оқыту, қажеттілігін сезіне отырып, өзін-өзі дамыту үлкен мәселе болып табылады. Нәтижесінде жаңа құндылықтар пайда болады: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі таныту. Олар тұлғаның білімділігінің, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруының негізі болып табылады.

Сондықтан болашақ тарих мұғалімінің білімімен қатар кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі болып табылады.

Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғарғы оқу орындары білімді мұғалім ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы-тәрбиеші-мұғалім даярлау күрделі үрдіс.

Бүгінгі білім беру саласындағы көкей кесті мәселенің бірі - біліктілікті арттыру, яғни біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа дидактикасын жасау. Білік - игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Жүйенің мазмұны мен мақсатын, әдіс-формаларын, ұстанымдарын, білім алушылар мен оны ұйымдастырушылар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту жаңа нәтижелерге әкеледі. Бұл мәселені шешудің жолдырының бірі - осы дидактикалық жүйедегі негізгі бөлік оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінеміз.

Біздің елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: орта мамандар даярлайтын арнайы оқу орныдары, жоғарғы мамандар даярлайтын оқу орындары. Кәсіптік білімнің негізі - жалпы және политехникалық білім. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет. Сонымен тарих пәні мұғалімінің кәсібилігі іс жүзінде жас ұрпақты өмірге әлеуметтік қажеттілік деңгейінде дайындап шығаруды қамтамассыз ететін оның психологиялық, педагогикалық және ғылыми-пәндік білімдері мен оларға сәйкес мәдени-адамгершілік бейнесі және имиджінің жиынтығының жоғарғы сатысы болып табылады.

Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі әрекет - кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен ғарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты.

Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

  1. Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі ұанша екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шағармашылыұпен шеше алу біліктілігі, т. б. жататындығын атап қтеді.
  2. субъективті критерийлер: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығуларына сәйкес. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге, сондай-ақ, кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқастың болуын жатқызады.
  3. Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе. Бұған қатысты қазіргі уақытта әр түрлі түсінік бар екендігі белгілі. Біреулер нәтиже ретінде студенттердің білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулері олардың меңгеру қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері студенттердің өмірге дайындығын басты назарда ұстайды. Осы тұста өз көзқарасымызды білдірсек, оқыту нәтижесі біз үшін баланың психикалық функцияларының жетіліп, өзінің тәжірибелік әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуы.
  4. Шығармашылық критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шындығында да шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың, шығарма шылық бағыттылықтың болуның мәні зор. Тек сонда ғана ол өз студенттерінің дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретінде ішкі сұраныстарына жаап бере алады. [5]

Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа енгеніне де көп уақыт бола қойған жоқ. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар-бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан, ЖОО студенттерінің сапалы білім, дұрыс тәрбие алуы ең басты мәселе болып табылады. Олай десек, ертеңгі болашағымыздың саналы болуы, білімді болуы қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты.

Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбеккер, кез-келген ортаның ұйытқысы, өз оқушыларына беделді, ұжым мүшелері және ата-аналар арасында сыйлы болуы шарт. Міне, осындай барша жақсы қасиеттерді бойында жинақтаған адам ғана мұғалім бола алады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев мұғалімдердің қоғамдағы орнын бағалай отырып былай деді: "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түйсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз" [6] .

Ендеше, түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беру- кез-келген мұғалімнің міндеті.

Қазіргі кезеңде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің кепілі ретінде білім беру жүйесін реформалауды ойдағыдай жүзеге асырудың маңызы артып отыр. Білім беру жүйесіндегі білім, білік, дағды жиынтығынан жылдам өзгеріп отыратын өмірге бейімделген өзін-өзі көрсете алатын, қоғам өміріне белсене қатысатын, қоғам өміріндегі жағдайларға терең талдау жасап, шығармашылықпен ойланатын, өздігінен қажетті ақпаратты іздеп өз қабілетін дамыта білетін жеке тұлғаны субьект ретінде қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында, "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы", "Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы", "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту" тұжырымдамасында бүгінгі білім берудің алдына қойылатын талаптарды іске асыру шаралары анықталған. Осы шараларды жүзеге асыру барысында да тарихшы мұғалімнің үлесі көп.

Түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беру кез-келген мұғалімнің міндеті болуға тиіс. Себебі бізге халық өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр.

Қазақстан тарихынан сабақ беретін мұғалім тереңірек ойланып, өзіне үлкен тарихи, әрі саяси жауапкершілік жүктелгелі тұрғанын жүрегімен сезінуі керек. Осы курстың негізгі мазмұнын құрайтын қазақ халқының тарихы қандай тарих, оның басқа тарихтардан, мәселен дүние жүзі тарихынан Ресей тарихынан айырмашылығы, ерекшелігі бар екенін білу керек.

Жоғарғы оқу орнында тарихты оқытудағы маңызды да үлкен өзгерістің бірі тарихты шындық тұрғыда оқыту. Олай болса тарихты шындық тұрғыдан оқыта отырып, халқымыздың тарихқа ақысы кеткен тұстарын, бастан кешкен сансыз нәубеттерін, мың өліп мың тірілгенін, сондай-ақ тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізген қаһармандық күресін ашып көрсете келіп, студент жастардың отаншыл, ұлтжанды етіп тәрбиелеу. Қоғамымызда қазір орын алып отырған келеңсіздіктерді, соның бірі қазақ халқының тарихын бұрмалаушылықты, мемлекеттік тілге қарсы шығушылықты әшкерелеп, оны уағыздаушылардың түпкі мүддесін ашып көрсету қажет.

Жоғарғы оқу орнында бүкіл оқу тәрбие жұмысы, жеке пәндердің оқытылу дәрежесі мұғалімдерге байланысты екені белгілі. Сондықтан да Қазақстанның жұртшылығы, Мемлекеті мен Үкіметі мұғалімдер қызметіне үлкен міндеттер жүктеп отыр. Ол туралы 2001 жылы болып өткен халыққа білім беру саласы қызметкерлерінің съезінде Елбасы да айтқан болатын «Қоғам ілгері қарай дамыған сайын бұл жауапкершілік өсе түседі. Өз міндетіне зор жауапкершілікпен қарап, оқушыларды оқытып, тәрбиелеуге бар білімі мен педагогтік өнерін, күш-жігерін сарқа жұмсап, шығармашылықпен еңбек ететін ұстаздар қазақ мектептерінде жүздеп саналады. Сонымен бірге мектеп оқушыларына казіргі талаптарға сай білім, тәрбие беріп, оларды өмір талабына сай дамыту үшін жақсы жұмыс істейтін мұғалімдердің жүздеп, тіпті мындап саналуы жеткіліксіз екенін, қазақ мектебідегі барлық мұғалім, тіпті бірі қалғанша жақсы жұмыс істеуге міндетті екенін атап өтті [7] .

Педагогтың тұлғасы, оның рөлі мен маңызы туралы пікірлер көп. Солардың арасында К. Д. Ушинскийдің " . . . Тікелей жеке ықпалсыз мінезге сіңетін шынайы тәрбие жоқ. Тек тұлға ғана тұлғаны" дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды", - деген пікірі ерекше. []

Педагогикалық білім беру үнемі бір нәрсені үйретуге бағытталады. Оқыту тиімділігінің басты көрсеткіші студентке оқу нәтижесінде пайда - қосымша мүмкіндіктер болып табылады. Бұнда практикалық бағыттылықты күшейтудің бір әдісі «қателесу арқылы үйрену» болып табылады. Педагогикалық білім үшін оқыту үрдісінде қателерді анықтау және түзеу әдістеме болып табылады. Егер студент немесе басқалар қателессе, ол жазаланбауы керек, ол қатені түзету барысында ынталандыру қажет.

Қазіргі кезде қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құбылыстарына, жаңа ғылыми тұжырымдарға бейімделу қабілеті, бұқаралық ақпаратгы педагогикалық тұрғыдан түсіндіре алу сияқты бағалы қасиеттер бүгінгі тарихшы мұғалім үшін де ауадай қажет.

Педагог тұлғасының қалыптасуы ұзақ та үздіксіз процесс. Ол жоғары оқу орнынан басталып, педагогтың бүкіл еңбек қызметі барысында жалғасады.

Еңбек жолын жаңадан бастаған жас маман немесе педагогикалық тәжірибеден өтетін тарихшы студент алғашқы сабақтарында мынадай типтік кемшіліктерге жол береді:

• негізгі, басты мәселені бөліп алуға, жүйелі түрде базалық білімді игеруге қиналады;

• баяндап тұрған материалдың мазмұнын бұрынғы және кейінгі материалдармен байланыстыра алмайды;

• материадды ұзақ, қажетсіз егжей-тегжейлілікпен түсіндіреді;

• уақытты ұтымды пайдалана алмайды, көбінесе үй тапсырмасын сұрау жаңа материалды түсіндіруден де көп уақытқа созылып кетеді;

•тарихты оқуға деген қызығушылықты дамытуды мақсат етіп қоймайды, танымдық ойындардың маңызын елемейді;

• бір сарынды әрекет, бір үлгідегі сабақ типі мен оқыту түрін қолданады;

• мектептің тарих оқулығымен жүйелі жұмыс жасай алмайды (ұғымдар, есімдер, даталар, сұрақтар мен тапсырмалар, сұлбалар мен кестелер) .

• оқушылардың оқу әрекетін бағалауға қиналады, сабақта оқушылар мүлдем аз немесе мүлдем бағаланбайды, бағаланса да тек жоғары бағалар қойылады;

• дербес тапсырмалар, оның ішінде проблемалық сипаттағы тапсырмалар бермейді;

• оқушыларға белгілі бір өзекті мәселеге әртүрлі көзқарас ұсына алмайды; пікірталас жүргізбейді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметін қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негізі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Бастауыш сынып мұғалімінің өзін өзі жетілдіру жолдары
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz