Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы


Мазмұны
Кіріспе. 3-4
І. ТӘРБИЕ ӨНЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1. 1 Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы
1. 2 Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
1. 3 Тәрбиелік істер
ІІ. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕРТЕДЕН ҚАЛЫПТАСҚАН ТӘРБИЕ САЛАЛАРЫНЫҢ БІРІ
2. 1 Әл-Фарабидің тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы
2. 2 Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы
(1499-1551)
2. 3 Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
ІІІ. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДЛАГОГИКАДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ
3. 1 Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
3. 2 Қазақ мәдениетіндегі еңбек құндылығы
3. 3 К. Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі
ІV. ОҚУШЫЛАРҒА ЕҢБЕК ПРОЦЕСІНІҢ БАРЫСЫНДА АЗАМАТТЫҚ, ҚҰЛЫҚТЫЛЫҚ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАР БОЙЫНША КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
4. 1 Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша (бала құқықтары туралы Конвенция)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Отандық психологияда Л. С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде партия Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз баяндамасының төртінші бөлімін қазіргі қазақ қоғамындағы құндылықтарды қайта қарау қажеттігіне арнап, көшбасшы партияның қоғамдағы құндылықтардың оң жүйесін қалыптастырудағы орнын көрсетіп берген болатын. Сонда асқан сарабдалдықпен көтерілген еңбекқорлық пен кәсібилікті дәріптеу керектігі өз өзектілігін ешқашан жоғалтпақ емес, ол жаңа мақсаттар биігін межелеген 2010 жылдағы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру тұрғысынан да өте маңызды. Себебі адал еңбекті биік құндылық деп білмеген жерде, адал еңбекпен сый-құрметке бөленбеген елде іскерлікке тірек болар еңбек мәдениеті қалыптаспайды. Ендеше, Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын экономикалық өрлеуге жол бастаймыз десек еңбек адамына деген құрметті арттыруымыз, таза еңбекпен байлыққа кенелу мүмкін деген сенім қалыптастыруымыз қажет.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және қүндылығы
артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, "он саусағынан өнері тамған" нақты кәсіп иесі болуын көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды енбекке психологиялық және практикалық тұрғы-дан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдарын қарастыру.
Бұл істе әр түрлі әдебиеттер, бұқаралық-ақпарат құралдарының хабарлар, халық даналығы - мақалдар мен мәтелдер пайдаланған.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттерін қарастыру. Еңбекке үйрету және оған байланысты оқуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.
- Оқушыларға еңбек процесінің барысында азаматтық, құлықтылық, эстетикалық аспектілер мен құрылымдар бойынша кәсіптік бағдар берудегі оқытушының рөлі.
Зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибеден.
Дипломық жұмыс: Кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ТӘРБИЕ ӨНЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1. Тәрбиелеудің жалпы сипаттамасы
Адамды оқыту мен тәрбиелеу арасындағы байланыс -педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі Оны қарастыру барысында:
а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде - кейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-кұлықтық, әрекеттік өзгерістер жүреді (Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев) ;
б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды аныктаушы факторлар ретінде В. С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффқа), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады» немесе, басқа сөзбен айтканда, «оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр». Ж. Пиажеге сәйкес, «баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықган өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз».
Отандық психологияда Л. С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің көпшілігі кұптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, окыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады». Бұл ереже тек қана отандық психологияда ғана үлкен бетбұрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та қабылдаған Дж. Брунердің когнитивтік психологиясы үшін үлкен бетбұрыс болды. Брунер атап өткендей, « . . . ғылым негіздерін оқытуда, ең қарапайым деңгейдің өзінде, баланың танымдық дамуының табиғи ағымына көзсіз еріп отыруына болмайды.
Оқыту осы дамытудың жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты және әлбетте жүзеге асырылатын мүмкіндіктерді пайдаланып. өз дамуын қарқынды түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады». Л. С. Выготскийдің тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас оқыту дамытуды озып өтіп, оны стимулдайды, және дәл сол уақытта оның өзі актуалды дамуға сүйенеді. Осыдан барып, оқыту «кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы» тиіс. Бұл ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін маңызды.
Дамудың карастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардьщ жауабы болып отыр: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын және өзінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере алмауы мүмкін емес.
2. Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. "Технология" сөзі "техно" - өнер, шеберлік және "логос" -ғылым деген сөздерден қүралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні - бұл қолдану кезінде алдын-ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми-өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология - бұл өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нэтижесі. Кез-келген іс-әрекет негізінде технология немесе өнерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал технология ғылымды арқау етеді.
Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ ерте ме, кеш пе "ұжымдық шеберліктің" жинақты көрінісі технологияға айналады.
Соңғы кезге дейін "ой шығармашылығы", оның ішінде адам тәрбиесі де технология түсінігінен тыс болатын. Қазіргі педагогикалық теория технологияның мақсаттылығын рационалды, яғни ұтымды екендігін мойындайды, бірақ мектеп өндірісіндегі технологияның механикалық түрде өтуімен ешбір келіспейді.
Мектеп тәрбиесі мен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Өндіріс сияқты мектепке де қоғам өзінің әлеуметтік тапсырысын жасайды, өндірістегі сияқты мектептің де алдына қойылған міндеттеріне сәйкес белгілі материалдық базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге өндірістегідей тәрбие процесіне байыпталады. Бүл процестің негізі - жоспарланған нәтижеге жету тәсілдерімен, сол тәсілдердің модельденуімен, адамдар іс-әрекет және қылығын басқарумен байланысты педагогтардың тәрбиелік іс-әрекеті. Мұндағы педагогтардың басқару іс-әрекеті өндірістегідей жүйенің жағдайы және оның жүргізілу пәрменділігін сипаттайтын ақпараттар негізінде іске асырылады.
Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әртүрлі іс-әрекеттерін басқару үйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникатавті желіні іске қосады.
Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері болатынын ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым да анық жүмыс барысына қарағанда мектептегі технологияның күтілмеген күрделі жәйіттері мен белгілері сан-қилы, олар:
Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырма-
шылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие процесін жеке
операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді параллель схемада емес, комплекс түрде орындалады.
Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни "технологиялық операцияларды" игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологаялық процесті басынан
аяғына дейін жүргізу қажеттілігі түрады, яғни тәрбие
жалпы технологияға негізделген жеке, шеберлікпен
үштасады.
Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ,
ол түлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезендерімен толық қабылдануы тиіс. Оларды анықтап, нәтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технопогиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің жолын алдын-ала белгілеген "өзекі нүктелердің" арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Қазіргі тәрбие тәжірибесі өзінің өтпелі кезеңінде түр. Тәрбиешілердің көбі ғылыми технология бойынша жұмыс істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ тәрбие міндетгерін шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бүрылыс көрініс бере бастады. Пайдасы көп, сарапталған технологиялық жаңалықтарды енгізуге педагогтар қауымы ыңғай танытуда.
Тәрбиенің комплекстігі. Тәжірибелік технологиядағы біртүтас тәрбие процесі оның қүрылым бірліктерін комплексті түрде қабылдау арқылы іске асырылады. Комплексті ықпал тәрбиелік мақсаттардың, міндеттердің, мазмүнның, әдістер мен формалардың бірлігін білдіреді.
Комплексті қажеттік тәрбие теориясы мен мектептегі тәрбие жүмысы тәжірибесінің соңғы 10 жылдықта жетекші процестердің бірігімі ретінде танылуына байланысты болды. Бүл процестер уақытында өз бетінше үйымдастырылатын, сонымен өзінше жетілетін қүбылыс деп есептелінді. Осыдан бүл процесте біртұтас түлғаны қалыптастыруға емес, сол тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі бұзылды.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып мынадай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі тәрбиеге комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі
арқылы қалыптасады. Бүл істер бір арнаға бағытталып, процестегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орындалуын талап ететін нақты комплексті сипатта болуы қажет.
Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны
басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бүл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі болуы шарт.
Тұлғаны толық қалыптастырудағы комплекстік осы жағдайлардың біріккен сипаты ретінде ескерілгені жөн.
Тәрбие комплекстігінің маңызды шарты - тәрбие мақсаттарының, мазмұнының, формалары мен әдістерінің бірлігі. Мұндай бірлікке келген ой мен әрекеттің қара-қарсылықсыз орындалуы және алға қойған мақсат, міндеттің нәтижелерімен сәйкес келуі комплекстіліктің жоғары деңгейде іске асқаны.
1. 3 Тәрбиелік істер
Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі "тәрбие ісі" деген түсінік береді. Бүны соңғы кезде теоретиктер мен практиктер көп қолданып жүр. Тәрбие ісі - тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі (формасы) .
Тәрбие процесі үздіксіз жалғасты ТІ нен тұрады. ТІ ұжымдық және шығармашылық сипатта болатындықтан және үжымдық тәрбие істері (ҮТІ) немесе үжымдық шыгармашылық істер деп аталады. ТІ-де тәрбиеші мен оқушылардың өзара әрекеттерінің формасы, құралы және тәсілдері үйлесіп келеді.
ТІ өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой әсерлерін топтастырады. Іс-әрекеттік түрғыдан істің қорытындылау кезеңі ұжымдық талқылау мен жеке педагогикалық сарапқа бағытталады. Қойылатын мақсат - жетістік пен кемшіліктердің себептерін анықтау. ТІ таңдау схемасында ескерілетін мәселелер:
Жоспарда ТІ дайындау мен өткізудің барша бағыт- бағдары ескерілген бе?
Ұйымдастыру деңгейі көзделген мақсаттар мен міндеттерге жауап бере ме?
Мазмұн мақсаттарына сәйкес келе ме?
Жоспарланған істерге сәйкес қор жеткілікті ме?
Істің қай бөліктері жақсы нәтиже берді, не себепті?
ТІ жоспарлы уақыты сақталды ма?
Орындалу мерзімін кім және неліктен өзгертті, не бұзды?
ТІ жүйелі болды ма, әлде кездейсоқ байланысқан беліктермен шектелді ме?
Жаңалықты енгізудің пайдасы қаншалықты болды?
ТІ-нің эмоциялық жағы оның бастау ниетіне сай ма?
ТІ-нің сапасы қанағатанарлық па, оқушылардың оған қатынасы қандай және толғандыра ма?
ТІ қатысқан ұжымның әрбір мүшесі қандай бағаға лайық?
Оқушылардың әрекет-қылығы ТІ-ге қаншалықты сәйкес болды?
Педагоггың кейбір әрекетіне оқушылар қарсылығы неліктен туындады?
Кезекті ТІ-де неден аулақ болған жөн?
Келесі ТІ-ге қандай жаңалықтар енгізу қажет?
Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері
Тәрбие ісі мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы (ӘБ), эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология, еңбек және т. б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы Тәрбие ісін ӘБ деп атайды. Бұл бағыттағы Тәрбие істерінің негізгі мақсаты - оқушыларда әлеуметгік катынастар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекетгік басқару және қүқық мекемелеріне.
Тұлғаның негізгі қоғамдық сапаларының мазмұны қандай? Маңыздысы - қоғамда, мемлекетке, әлемде болып жатқанның барлығына жеке азаматтық бағам білдіре алу. Азаматтық борыш қазіргі жағдайда аса көкейкесті мәселе. Бұл сапа тәртіптілікпен, яғни тұлғаның маңызды әлеуметтік-адамгершілік қасиетімен тікелей байланысты.
Тәртіп негізінде ғана әлеуметтік қатынасты ұғуға болады. Тәртіптілік әр адамның қоғам нормалары мен қылық ережелерін саналы орындау әрекеттерінде көрінеді.
Саналы тәртіпті үйретудің негізгі жолы - Тәрбие істерін ұйымдастыру.
Бұл жұмыстың мақсаты - оқушылардың мінез-құлық ережесін, күн тәртібі талаптарын сақтауын, өмірлік іс-әрекеттер тәртібін орындауға үйрету. Сол үшін әрбір оқу орнында мінез-қүлық ережелері белгіленеді. Ал бұл ережелер бір жағынан - қоғамдық мораль принциптерін танытса, екінші жағынан - сол оқу орнының жұмыс ерекшелігін білдіреді.
Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетінің тәртібін күн ережесі деп атайды. Күн ережесі - бүл үздіксіз орындалатын тәрбие ісі Ереже талаптарын орындау - тәрбиенің нәтижелілігі, ол тұлғаның тұрақты әдеттерін тез дамытады.
Қажет болған жерде ереже өзгереді. Ереже сипаты: 1) тәрбиеленушінің өмір жағдайына сай әрі үйлесімді, оның мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне сәйкес болуы керек; 2) дәл белгіленген мерзімде барлық іс-әрекеттің бірге орындалуын міндеттейтін болуы қажет; 3) нақты; 4) шынайы орындалатын әрекеттерді қамтуы шарт.
Тәбие ісі табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы жалпы талаптар: 1) әрбір жаңа іс бүрынғыға негізделе отырып, сапалы тәртіп дайындығы процесін жоғары деңгейде жалғастыруы міндетті; 2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа қатып қалмай, орын және уақыт жағдайларын ескеруі шарт; 3) тұлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндікген, тәрбие істері де белгіленген нақты, жинақы жүйеде орындалуы қажет.
Егер тәртіптілігін сапасы үнемі өзгеріп жатса, онда педагог мінез ауысуларының қайда, қашан басталғанын зерттеп үйренуі керек. Педагог шеберлігі тәрбие ісіне белгілі кезеңде жаңа сапаға бағыттай алуынан көрінеді. Тәрбие ісін дұрыс ұйымдастыруға кедергі жасайтын себептер:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының нашар құрылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz