Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 4-8

І. Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері

1. 1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері 9-16

1. 2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және

олардың ұлттық ерекшеліктері 17 - 22

ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі

2. 1 Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі 23- 28

2. 2 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы 29-31

2. 3 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие 32-33

2. 4 Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі 34-42

IIІ . Тәжірибелік бөлім 43-44

Қортынды 45-46

Қолданылған әдебиеттер: 47-48

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады) .

Екіншіден уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.

Үшішіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "Ата жұрт", "Атамекен", "Елім-жерім", "Туған өлке" ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұни, т. б. ), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. ), шетел психолог-педагогтері (Н. Крупская, А. Луначарский, П. Блонский, Д. Лихачев, С. Шацкий, Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Бакушинский, т. б. ) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбаева, Ө. Қамақов,

Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, Е. Асылханов, Қ. Ералин, Қ. Ижанов,

Ү. Ибрагимов, З. Ахметова, Қ. Болатбаев, С. Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.

Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде сана ақыл-парасат болуы мүмкін тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, . . . эстетикалық сезім -жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М. Жұмабаев «Жаратылыстың Һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады». Үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды.

Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие алуына тиісті . . . " деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Зерттеу мақсаты: Жас ұрпаққа кәсіби маман беру арқылы рухани - эстетикалық дамудағы ролін терең зерттеу.

  • эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттерін ашу;
  • мектептегі эстетикалық тәрбиенің бағыттары және ұлттық ерекшеліктерін негіздеу.
  • Күнделікті өмір мен тазалық тәрбиесін зерттеу

Зерттеу әдісі: әдебиеттер мен жұмыс, бақылау жүргізу, тест, анкета,

талдау.

Зеттеу обьектісі: оқушы, мұғалім, ата-ана іс - әрекеті.

Зерттеу пәні: музыка, технология, педагогика, психология, әдебиет т. б.

Зерттеу базасы: Мұхамед - Рахим Қыдырбайұлының І - ХІ сыныптарға

арналған «Атамекен» бағдарламасы.

Жұмыстың құрылымы : Менің курстық жұмысының тақырыбы:

«Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық

өнердің ролі» Ол кіріспе бөлімінен және

негізгі құрылымы үш тараудан тұрады.

Бірінші тарау «Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері»

Екінші тарау «Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі»

Үшінші тарау «Тәжірибелік бөлім»

Қолданылған әдебиеттер саны :

I. Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Адамдардың эстетикалык сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілігінің тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігі, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарға тәрбиелеу - тәрбие барысына зейін салуды, құя санап өсіруді талап ететін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-

әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.

Оқушы өнегелілігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдыңда ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерді орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тербие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Сызба № 1

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлу-лықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуына негіз болады.

Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру - эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен өнердегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарыс өткізіледі.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты -оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы сонымен қатар тәрбие ала алады.

Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В. Г. Перовтың, И. Е. Репиннің, В. В. Верещагиннің, И. И. Шишкиннің, И. Н. Левитанның және қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың т. б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М. Горький, Н. А. Островский, АА. Фадеев, М. А. Шолохов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, т. б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік түрғысынан қатынасы, өзіңдік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықтың, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.

Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық катынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін үйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.

Бақылау және балалармен әңгіме олардың, әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.

Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады.

Бұл тұрғыдан әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.

Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

1. 2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктсрі

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, «әр алған тәлім-тәрбиені айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олрдың рухани күші дамиды.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ер жүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтың тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.

Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мекгеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнекгеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тертібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында калыптаса бастайды.

Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды. Кейбір оқушылар жас кезінен-ақ өлең, әңгіме жазуға талаптанады. Оларды мұндай қасиеттерінің дамуына мүмкіндік жасау керек. Бұл істе қабырға газеттерінің қолжазба, әдеби журналдардың, жергілікті және Республикалық жастар газеттерінің маңызы өте зор.

Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры биология, география, химия, физика сабақтарында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыстардың бай эстетикалық сымбаты жөнінде мәліметтер алады. Биология, география сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.

Сонымен, мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.

Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер - олар әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері т. б.

Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.

Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады.

Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.

Мектеп және сынып бойынша алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.

Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызыгушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар қабылданады.

Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапханасының көп мүмкіншіліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері, кескіндеме, музыка және өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көрмесін ұйымдастырады, әдебиет тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, мұгалімдермен бірігіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмаңдар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.

Сызба № 2

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.

Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді.

Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Ежелгі дүниедегі мектеп және тәрбие
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Отбасы - рухани тәрбиесі
Эстетикалық тәрбие теориясы
Педагогика ғылымы жайлы
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz