ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Жаратылыстану факультеті

Математика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

АЛГЕБРА САБАҒЫНДА 7 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцентЕсенова М. И.

Орындаған: математика мамандығының с/б 2-курс студенті Матбекова Х. Қ.

Хаттама №7

Қорғауға 26. 03. 2004 жіберілді

Кафедра меңгерушісі, т. ғ. д., профессорБаймахан Р. Б

Алматы-2004 ж.
М азмұны

КІРІСПЕ

  1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашу
  2. Алгебра сабағында ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстың

түрлері

  1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

2. 1 Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға байланысты

тәжірибелік- педагогикалық жұмыстың қойылуы

  1. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барысы және

нәтижелерін өңдеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Егемен Қазақстанның қалыптасып, түрлі салалардағы адамдар қызметі өрісінің аумағы күрт кеңейіп келе жатқан қазіргідей кезеңде елімізге білімді, ең бастысы шығармашылықпен ойлауға, белсенді еңбек етіп, мәдениет, ғылым және техниканы алға дамытуға және өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігінің артып отырғаны бәрімізге белгілі. Ел Президенттінің Жолдауындағы білім беру ісіне аса көңіл аударуы - болашаққа деген сенімнің дәлелі. / 1 /.

Адам бойында мұндай қасиеттер өмір бойы қалыптасатындығына қарамастан, оның негізі мектеп қабырғасында қаланып, оқушының белсенді оқу - іздену қызметі нәтижесінде дамиды. Міне сондықтан да қазіргі заман талабына сай, оқушылардың оқу - іздену, ойлау мәдениеті, ғылыми - техникалық және қоғамдық - саяси ақпараттар ағымында дұрыс бағытты таңдап, өз бетінше іздену мен оқуға әдеттеніп, білімін үздіксіз жетілдіруде мектептің орны ерекше болып табылады. Осы айтылғандардан біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін анықтайды.

Уақытпен үндес ұстаздардың пікірінше, бұл маңызды мәселені шешудің өміршең жолы - мектеп оқушыларының бойында өзіндік жұмыс істеуге, білімге деген құштарлық пен ғылымға қызығушылықтың дамуына жол ашатын әдістемелерін игеру. Ғылыми жетістіктер көлемінің қарқынды артуы оқушылардан өз бетінше ойлау, еңбек ету мен белсенді ақыл - ой жұмысына қабілеттілікті қатаң талап етеді.

Ешқандай да оқу орны адамға оның кәсіби қызметінде қажет болатын барлық білім көлемін толық мөлшерде бере алмайды. Заман ағымынан қалып қоймас үшін өмір бойы оқып, өсуге ұмтылу шарт!

Оқушылардың оқу - танымдық қызметі мен өзіндік жұмыстарына арналған өзекті мәселелер көптеген ғалым - педагогтар, психологтар мен әдіскерлердің ( А. Е. Әбілқасымованың, А. П. Аристовтың, Е. Я. Голант, В. П. Есиповтың, П. И. Пидкасистыйдың, М. А. Данилованың, И. Я. Лернердін, Т. И. Шамованың және т. б) еңбектерінде кеңінен сөз болады.

Психологиялық - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау мен мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі оқушылардың өзіндік жұмыстарының деңгейінің төмен екендігін, яғни бұл бағыттағы жұмыстардың ойдағыдай жолға қойылмағандығын көрсетеді.

Мектепте алгебра пәнін оқытудың әдістерін кемелдендіру арқылы оқушылардың ойлау икемділігін, ақыл - ой белсенділігін, өз бетінше жұмыс істей алуын, білім мазмұнын терең қабылдауын, алған білімін өз қажетінде қолдана алуын қамтамасыз ету білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде зерттеу жұмысына арқау болды.

Осыдан келіп, оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баулу қажеттігі мен мұғалімнің қызметінде кездесетін қиындықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты «Алгебра сабағында 7- сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі ң деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзіндік жұмысын сабақ барысында тиімді ұйымдастыру арқылы олардың оқу - танымдық белсенділігін арттырудың әдістемелік жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісі: 7 - сыныпта алгебра пәнін оқыту процесі.

Зерттелу пәні: Алгебра сабағында 7 - сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

Зерттеу болжамы: 7 - сынып оқушылырының мүмкіндіктері мен қызығушылығын ескере отырып, жоспарланған өзіндік жұмыстарға жұмылдыру:

  • олардың өз беттерінше оқу - танымдық белсендігін арттырады;
  • олардың білім сапасы мен пәнге деген қызығушылықтарын

арттырады;

  • олардың ойлау қабілеттері дамып, оқу - танымдық білім, білік,

дағдылары қалыптасады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбына сәйкес психологиялық - педагогикалық

әдістемелік әдебиеттерді талдау;

  1. Өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашу.
  2. Алгебра пәнін оқыту барысында 7 - сынып оқушыларында өзіндік

жұмыс біліктерін, дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтап, мұғалім мен оқушылардың функцияларын белгілеу.

  1. Алгебра пәні бойынша 7 - сынып оқушыларының білім, білік,

дағдыларын игеруге арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік жолдарын айқындау.

  1. 7 - сынып оқушыларының өзіндік жұмысын алгебра сабағында

ұйымдастырудың тәжірибелік - педагогикалық жұмысын қойып, нәтижелерін өңдеу.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне:

философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, іс - әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар

( А. Н. Леонтьев, Қ. Б. Жарықбаев және т. б), оқу үрдісін басқару теориясы

(Б. П. Беспалько, Н. Р. Талызина, Н. Д. Хмель) өзіндік жұмыс істеу қабілетін дамытудың теориялық қағидалары (А. Е Әбілқасымова, Б. П. Есипов, П. И. Пидкасистый және т. б) жатады.

Зерттеудің әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқыту үрдісін бақылау, оқушылардан анкета алу, пікірталас, әңгіме жүргізу, зерттеліп отырған мәселеге сәйкес факультативтік сабақтар өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

  1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Өзіндік жұмыс ұғымының мағынасын ашу

Қазіргі қоғамның мектепке қоятын негізгі талаптарының бірі - оқушының өзіндік білімін көтеру қабілетін дамыту, танымдық белсенділіктері мен білім сапасын арттыруларын қамтамасыз етуі.

Білімді бекітудің ең маңызды кезеңдерінің бірі - өзіндік жұмыс. Ол оқушының сабақ материалын түсінуі мен оны меңгеруі арасындағы көпір болып табылады.

Қазіргі таңда барлық ағарту саласының алдында тұрған ең басты міндет - оқушыны өздігінен еңбек етуге, білім алуға, ең бастысы, алған білімін қолдана білуге үйрету. Бұл міндеттің шешімді жалпы оқу - тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуын айқындайды.

Қазіргі уақытта ұстаз алдында тұрған көкейкесті міндет оқушыларға белгілі бір білім мөлшерін беру ғана емес, олардың бойынан оқуға деген құштарлықты оятып, білім ала білуге үйрету. Осыған байланысты К. Д. Ушинский былай деп атап көрсетті: “ Қызығушылықсыз, мәжбүрлеп оқыту оқушының білімге деген ынтасын жойып, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмауына әкеліп соғады / 2, т. 8, 256/.

Тәрбиені оқушы белсенді де дербес ойлауға құмартуын тудыратындай деңгейде ұйымдастыру қажет екендігін өмір үнемі дәлелдеп келеді. Әйтсе де, әрбір оқушыны сабақта белсенді жұмыс істеуге жұмылдырудың қаншалықты қиын екендігін ұстаздар жақсы біледі. Сондықтан да оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге баса көңіл аудару қажет.

Өзіндік жұмыс деген не және оның қандай екендігіне кеңінен тоқтала кетейік.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары проблемасына арналған әдебиеттердің мол екендігіне қарамастан, бұл дидактикалық түсінікке нақты анықтама берілмеген. Оның үстіне өзіндік жұмыс - дәріс беру әдісі ме, оқыту тәсілі ме немесе сабақты ұйымдастыру түрі ме деген мәселе де толық шешімін таппаған.

Соңғы кездері педагогикалық мерзімді баспасөз беттерінде оқушылардың өзіндік жұмысының мәнін, мақсатын, сипатын оқушы тұлғасының қалыптасуына орындалған тапсырманың әсерін, қол жеткізілген нәтижелердің деңгейін көрсету арқылы түсіндіруге тырысушылық байқалып жүр.

Оқушының өзіндік білімін жетілдіру проблемасы мен пән құрылымында оңы ұйымдастыру жолдары теориялық мәселерінің жарық көруі және мектеп тәжірибесінде іске асырылуының бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері бар.

Жалпы, көптеген ғасырларға созылған мектептер дамуында озық ағартушылар арасында өзіндік білім жетілдіру проблемасы төмендегідей үш түрлі бағытта талқыланып келеді.

Бірінші бағыт терең көне заманнан тамыр алады. Оның өкілдері баланың ерікті түрде, өздігінен белсенді білімін көтеруінің маңыздылығын жан - жақты дәріптеген, ежелгі грек ғұламалары - Архит, Аристоксен, Сократ, Платон, Аристотель. Өз пайымдауларында олар адамның ойлау қабілеті - дербес қызмет барысында, ал тұлға ретінде қалыптасып жетілуі өзін - өзі тану жолымен жүреді деген тұжырым жасайды. Осындай жолмен жетілу балаға қуаныш пен қанағаттанушылық сыйлап, білімнің жоғары сатысына ұмтылуына қанағаттандырады. Бұл қағидалар кейіннен ұзақ ғасырларға созылған мектеп пен педагогикалық қызмет дамуы барысында көптеген тәлімгер - теоретиктердің пікір - таласын тудырып келді. Қағиданың одан ары дамуына мектеп өміріндегі схоластика, догматизм мен жаттандылық белең алған, сонау сүренсіз орта ғасырлардың өзінде, адам бойында сыни баға беру мен ұшқыр ойлау қабілеттерін қалыптастырудың маңыздылықтарын дәріптеген Франсуа Рабле, Мишель Монтень, Томас Мор, Томазо Компанеллалар зор үлес қосты. Адамның өз бетінше жаңа білім алып, тосын заттар мен құбылыстардың “ дәмін ” жеке татып, таным бағытын дербес анықтауға күш салуының мәні айрықша.

Бұл пікірді педагогикалық еңбектерінде Ян Амос Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, Н. И. Новиков, Г. С. Сковорода, К. Д. Ушинский және басқалар да қуаттады.

Бірінші әлеуметтік - педагогикалық бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдау негізінде былай жүйелеуге болады:

а) танымдық өздігінен ізденуді дамыту мәселесі бойынша олардың көзқарастарын біріктіретін идея: ойлау қабілеті ізденушілік әрекет нәтижесінде ғана дамиды, ал оның жүзеге асуы өзіндік таным нәтижесіне байланысты болады.

ә) мынадай ұғымдар беріледі: өзіндік әрекет - бұл белсенді оқыту ұстанымы (Руссо) ; оқыту әдістері - бұл баланың дербестілігі мен өзіндік әрекеті; тәрбиенің шешуші ролі - өзіндік әрекет етуге және өзін дамытуға ұмтылдыру (Пестолоцци) ; өзіндік әрекет - өздігімен білім алуға жетелейтін таным еркіндігі (Дистервег) ;

б) бірінші бағыт зерттеушілері баланың өзіндік даму теориясы шеңберінен шықпайды.

Екінші бағыт Я. А. Коменскийдің еңбектерінен бастау алады. Ол мектеп оқушыларын өзіндік жұмысқа тартудың ұйымдастыру - практикалық мәселелерін шешуге бағытталған.

Мұнда оқыту мәселелеріне басты назар аударылады, яғни оқушының еңбегі зерттеліп, терең талдау жасалмай, негізінен мұғалім қызметі жан - жақты теориялық негізделеді. Бұл бағытты шартты түрде дидактикалық - әдістемелік бағыт деп атауға болады. Ол бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, дами түсті.

Дидактикалық - әдістемелік бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:

а) бұл бағыттың ерекшелігі - оқушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған мұғалімнің әрекеті болып табылады;

ә) мынадай түсініктер берілген: өз бетінше әрекет ету - шынайы білім мен дұрыс түсіну кілті (Коменский) ; баланың өзіндік жұмысы - оларды дамытудың қажетті шарты ( Д. Локк ) ;

б) екінші бағыт зерттеушілері тұжырымында оқушы әрекеті терең зерттелмеген, өзіндік жұмысының процессуальдық жағы ашылмай қалған.

Үшінші бағыт оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу мәселесі ретінде танылуымен ерекшеліктерінен бастау алады. Мұны шартты түрде психологиялық - дидактикалық бағыт деп атауға болады.

К. Д. Ушинский: өзіндік жұмыс оқытуда жетістікке жетудің бірден - бір жолы деп есептеді. Сондай-ақ, ол шәкірттің жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне тоқталды.

Ушинскийдің пікірінше, оқытудың алғашқы сатысында мұғалімнің басқарушылық әрекеті, сөйлеуі, маңызды сұрақтар қоюы және оны оқушыларға жеткізуі, кітап оқуы және оны әңгімелеп беру, сурет бойынша әңгімелеу сияқты әрекеттері маңызды болып табылады. Бірақ, мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігі мен ізденушілігін дамытуда ұйымдастырылған өзіндік бақылау мен тәжірибе, көрнекіліктер дайындау сияқты өзіндік жұмыстарының маңыздылығына тоқталады. Ол: “ өзінің ой - пікірін жеткізе алмау кемшілік болып есептелінеді, ал өзіндік ой - пікірінің болмауы - өте үлкен кемшілікке жатады, өзіндік ой - пікірлер тек қана өзіндік алған білім арқылы жүзеге асады”, - дейді / 2, т. 8, 355 /.

Оқушылардың өз беттерінше еңбек етуі мен өзіндік жұмысын “барлық жемісті білім берудің бір ғана берік негізі” - деп есептейді ол.

Осылайша, К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмыстарына философиялық және психологиялық - физиологиялық тұрғыда талдау жасайды.

Психологиялық - дидактикалық бағыттың ерекшелігі:

а) бұл бағыт өкілдері еңбектерінің теориялық негізі - оқушының ізденушілік әрекеті болып табылады;

ә) мынадай анықтамалар беріледі: өз бетінше әрекет ету - бұл “мұғалімнің көмегінсіз” жаңаны табу, білуге ұмтылу ( К. Д. Ушинский) ; өз бетінше әрекет ету - бұл оқушының жаңа білімді игеруге қажетті ішкі үрдісі (Г. Ф. Каптерев) ; оқыту әдістері оқушының ізденімпаздық дәрежесі арқылы бағаланады ( Ы. Алтынсарин) ;

б) психологиялық - педагогикалық бағыт өкілдері тұжырымында оқушылардың ізденімпаздық әрекеті құрылымы мен үрдісі толық анықталмаған.

Оқушыны өзіндік жұмысқа тартуда, өзіндік жұмыс тапсырмасының сипаты, мәні мен құрылысын анықтауда, жоғарыда атап көрсетілген бағыттардың барлығын біріктіріп, белгілі деңгейде еңбектің жемісті болуын алдын - ала қамтамасыз ететіндей, ең негізі мәселе не деген сұрақтың еріксіз туындайтындығы жасырын емес.

Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

а) оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

б) жұмыстың оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы;

Қорыта келгенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар деп ойлаймыз:

  • оқушылардың орындайтын өзіндік жұмысының мақсатын түсінуде,

қабылдауды қамтамасыз ету;

  • оқушылардың жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы

нәтижесіне қызығуына ықпал жасау;

  • жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға

көңіл аудару;

  • оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен

дұрыс ұштастыра білу;

  • оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін

жүйелі түрде дамыту.

Өзіндік жұмыстың мағынасын ашып, оның түрлерін жүйелеуде басты қағида ретінде не алынуы тиісті?

Н. Г. Дайри бұрынғы ғалымдарының ( Б. П. Есипов, Л. М. Пименова, А. Я. Понамарев және басқалар ) еңбектеріне, өзінің оқушылар жұмысын бақылауы мен арнайы тәжірибелеріне сүйене отырып, осы негіз ретінде, шәкірттің өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін бөліп көрсетеді. Оның үстіне бұл қасиет оқушы бойында түрліше көрініс беретіндігіне тоқталады. Оқудың алғашқы кезеңінде баланың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігі оның мұғалімге еліктеуі және оны қайталауы түрінде байқалады. Бұл кезең шығармашылық қызметке дайындық мерзімі болып табылады.

Н. Г. Дайри “ егер бастапқы оқушылық мезгілдегі шәкірттің өзіндік жұмысын әлсіз сәулеге теңесек мектеп бітірушілердегі оның жоғары көрінісін күшті де жарық жалынмен салыстыруға болады ” - деп жазды

/ 5, 38/. Өзіндік жұмыстың қарапайым және күрделі түрлері кездесетіндіктен, оқушыларды алғашқылардан соңғыларға сатылай бастау орынды. Осыған орай, оқушы бойында өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігінің пайда болуы мен дамуын дер кезінде байқап, соған сәйкес, өзіндік жұмыстарды күрделендіріп отыру аса маңызды болып табылады.

Н. Г. Дайридің келтіріліп отырған пікірінде мектеп оқушыларының қарапайымнан күрделі өзіндік жұмыстарға ауысуы туралы жемісті ой айтылады / 5 /.

Н. Г. Дайри өзіндік жұмыстардың арақатынасын олардың түрлерін жүйелеудің критерийі ( көрсеткіші ) ретінде қарастырады.

Оқушылар өзіндік жұмысын күрделендіру жүйесін игерудің аса маңызды екендігі талассыз. Дегенмен өзіндік жұмыс ұғымының мәніне қайта оралайық.

Педагогикалық әдебиетте өзіндік жұмыстың сан алуан анықтамасы кездеседі. Өзіндік жұмысты Р. М. Микельсон оқушының тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз, бірақ бақылауымен орындалуы деп түсінетіндігін білдірді / 6 /.

Е. С. Голант, бұл түсінікке анықтама берместен өзіндік жұмыс проблемасын теориялық талдауда, оқушылардың жұмысты дербес орындауын, олардың дербес тұлға ретінде қалыптасуының шартымен теңестіруге болмайды деп қорытынды жасайды / 7 /. Дербес жұмыстардың негізгі үш элементін ажыратты

а) ұйымдастыру техникалық дербестілік;

ә ) ойдың дербестілігі;

б ) іс - әрекеттің, қимылдың дербестілігі

Бірінші элемент оқушының жұмысты жоспарлай білуін, өз уақытын бөлу, жұмыс орнын ұйымдастыра білуін білдіреді. Білімдік жұмыстың техникасын игеру үшін оқушы мектепте рациональды оқуға және кітап материалдарын меңгеруге, кітапхана каталогы, сөздіктерді пайдалана білуге, жоспар құруға, лекцияны конспектілеуге, бақылау күнделігін жаза білуге тәжірибе хаттамаларын жазуға т. б. үйренуі керек.

Ойдың дербес жұмысы - бұл материалдарды іріктеу, оны жүйелеу, салыстыру, қорытындыны тексеру, алынған қорындыны жаңа мәліметтермен бекіту, өзіндік шағын тұжырым жасау, т. б. деп түсіндіреді. Дербес іс- қимыл дербес жұмыстың құрылымын заңды түрде аяқтайды.

Сонымен оқушылардың ойлау және практикалық іс- әрекеттердегі белсенділігіне шешуші мән бермей, өзіндік жұмыстың мағынасын оның сыртқы байланысы бойынша қарастырған.

Р. М. Микельсоннан Е. Я. Голанттың өзгешелігі, ол өзіндік жұмыстың ішкі мағынасы-ойлау, пайымдау және қорытынды жасау дербестігінде деген түйін жасайды.

Бұл арада Е. Я. Голант ең алдымен оқушының өзіндік жұмысының құрылысына баса назар аудара отырып, оның көптеген үй жұмыстарын орындауын өзіндік жұмысқа жатқызуға болмайды, себебі олардың басым-бөлігі мектепте өткенді бұлтарыссыз қайталау деп дәлелді көрсетіп береді.

Е. Я. Голант жарық көрген еңбектерінде өзіндік жұмыстың төмендегідей маңызды белгілеріне тоқталады:

  • бірнеше іс-әрекеттерден тұратын белгілі жаттығу тапсырмасының болуы;
  • жұмыстың мұғалімінің тікелей басшылығынсыз және әрбір әрекетті тап сол мезетте тексеруінсіз орындалуы;

Біздің пікірімізше, бұл белгілер өзіндік жұмыстың мағынасын

жеткілікті деңгейде ашпайды және логикалық мазмұны мен атқарылуы барысының бірлігін көрсете алмайды. Тап осы бір тұтастықтың ашылып көрсетілуі оқушының өзіндік жұмысының мән-мағынасын, оның құрылысы мен тетіктерін барынша саралауға мүмкіндік береді.

Дидактикалық әдебиеттерден өзіндік жұмысқа берілген басқа да анықтамаларды кездестіруге болады:

В. П. Беспалько “өзіндік жұмыс” ұғымын адамның өздігінен, ешкімнің көмегінсіз орындалуын айтады /8/.

Г. П. Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өзіндік жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы, оқытушының қатысуымен орындалатын танымдық әрекет /9/.

Ө. Төлегеновтың пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысы дегеніміз мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқу жұмысының жеке және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады /10, 21-22/.

Ә. Бидосовтың пікірінше, оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және өрістету, оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көз қарастарын қалыптастыруға үйрету, екінші оқушылардың алған білімін өздігінен іс- жүзінде қолдана білуге баулу /11/.

Ж. Сардарованың пікірінше, өзіндік жұмыс - бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес /12, 8-9/.

П. И. Пидкасистыйдың пікірінше, ең қолайлы және практикада тексерген сабақтың тиімділігін, сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы оқу жұмысында өзіндік жұмысты тиісті ұйымдастыру болып табылады. Өздігінен жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді меңгеруде қол жеткен жетістікке жетеді. Сабақ үстінде оқушылар өз мүмкіндіктерінше өздігінен еңбектену қажет, ал мұғалім оқушылардың өздігінен жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып, оны орындауға тапсырма беру қажет. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс деп, мұғалімнің ұйымдастыруымен оқушылардың белсенділік әрекетін, белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған; білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтады /14/, /13/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми - теориялық негіздері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
САБАҚТА ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шетел тілінен өзіндік жұмысты ұйымдастыру өзін – өзі талдау, өзін – өзі бағалау, өздігінен даму жолы ретінде
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz