Кітап оқушылар конференциясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І-бөлім. Кіріспе3

Кітап оқушылар конференциясы6

“М. Әуезов - драматург” атты әдеби кешті өткізудің жолдары. 28

Мұқағалиді аңсау38

ІІ - бөлім. Сыныптан тыс оқу-сабақтары40

Мұқағали жырлаған табиғат42

Мұқағали поэзиясындағы соғыс тақырыбы мен қазақ әйелінің бейнесі. 48

Илия Бахтия және қазақ ақындары56

Жүрегімнің түбіне терең бойла59

Абай туралы музыкалық композициялық кеш. 59

І-көрініс59

Қорытынды83

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі86

І-бөлім. “Әдебиет пәнін оқытудағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

а) Оқушыларды оқырман ретінде білу (анкеталық сұрақтар)

ә) Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

б) Әдеби кеш (“М. Әуезов-драматург” атты әдеби кеш), конференция, диспут т. б.

ІІ-бөлім. Сыныптан тыс оқу сабақтары

а) Мұқағали поэзиясына арналған сабақтар

ә) Абайдың табиғат лирикасын оқыту

б) Басқа ақындармен үндестігі, Мұқағали мен Илия Бахтияның поэзиясындағы ұқсастық

Қорытынды

І-бөлім. Кіріспе

Сыныптан тыс оқу сабағын ұйымдастырудың негізгі принципі- сыныптан тыс оқуды бағдарлама бойынша өтетін материалдармен байланысты жүргізу болып табылады. Мұндай оқу сабақтарында оқушының сыныпта алған білімдері бекітіледі, одан әрі дамытылып, тереңдетіледі.

Оқудың үлкен еңбек пен шығармашылықты қажет ететінін көрнекті совет психологі В. Ф. Асмус “оқу-еңбек және творчество” деген мақаласында: “Шығарманы бір оқып шығу емес, қайталап оқу ғана оны зерттеуге, талдауға, тереңірек қабылдауға жол ашады”, - дейді.

Оқырмандық тәжірибені шыңдай түсу және оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазіргі әдебиет бағдарламасына қазақ әдебиетінен дәуір тынысын бейнелеген ең таңдаулы шығармалары сұрыпталып енгізілген. Оқып үйренуге қажетті шығармалардың екі түрі ұсынылады. Біріншісі- хрестоматиялық (эталондық) мәнге ие болған шығармалар. Екінші түрі сыныптан тыс оқу, қосымша оқу тізімі ретінде беріледі.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі принциптері:

  1. Сыныпта жүргізілетін оқу мен тығыз байланыста;
  2. Сыныптан тыс оқуда оқушылардың өздерін қызықтыратын материалдар алынады;
  3. Оқушыларды өз еркі бойынша кітап оқуға бейімдеу

Сыныптан тыс уақытта баланың кітап оқуын ұйымдастыру өте маңызды. Оқушыны оқырман ретінде білу үшін:

  • Анкеталық сұрақтар тарату
  • Шығарма жазғызу
  • Жеке әңгімелесу
  • Кітапхана формулярын зерттеу т. б. жұмыстар жүргізу қажет

Сыныптан тыс жұмыс дегеніміз - оқушылардың сабақтан бос уақытын дұрыс пайдалануға және оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар

Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс жұмыстың кітапханамен байланысы, отбасының оқушыға өз бетімен оқуға тигізетін әсері, әдебиеттік кездесулер, көркем әдебиетте, тағы басқа кітаптарда кездесетін тарихи жерлерге саяхат, оқушылардың шығармалары мен творчествосына арналған әдебиеттер, конкурстар, әдеби газеттер мен журналдар, әдебиет көрмесі, альбомдар, әдебиет кабинеті, мұражай, театр, кино, мектептегі театр.

Сыныптан тыс жұмыстың тағы бір түрі- ақын-жазушылар, көркемөнер қайраткерлерімен кездесулер т. б.

Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың енді бір түрі- оқушыларды кино және театрға апару, олар жөнінде бос уақытта оқушылармен пікір алысып, талдау жүргізіп отыру. Оқушылармен кино және театрға барудағы мақсат- көрсетіліп отырған шығармалардың ұқсастығы, немесе, оқиғалардың ара-қатынастарының алшақтығын байқату. Кейде солардың тақырыбы бір болғанмен, оқиға желісі, құрылысы, образ жасалуында қандай ерекшелік барлығын салыстыра талдату. Драмалық немесе кино ретінде беріліп отырған шығармалардың түп-нұсқасынан қандай өзгерісі бар екендігін анықтау. Оқушылардың назарын шығарманы жан-жақты талдауға аудару. Олар пікір айту кезінде, осыларды естен шығармауларына үнемі көңіл бөліп отырылады.

Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстар тығыз байланыста жүргізіледі. Олар- оқушылардың ой-өрісін дамытады, білімдерін тереңдетіп, әдебиеттің ғылыми-теориялық жағын жете түсініп, оны өмірмен байланыстыруға ынталандыратын жұмыстар.

Сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты- жастардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін үйрету, сөйтіп бұл әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғатын, сауатты жазуға да баулитын жұмыстардың бірі.

Ал сыныптан тыс оқу дегеніміз- педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған көркем әдебиетті, ғылыми және басқа әдебиеттерді оқушылардың өз бетімен оқуы. Мұндай оқудың негізгі формасы- кітап оқушылармен жеке жұмыс істеу, оқушыларды ойлауға, кітап сөзін саналы түрде түйсінуге, кітап оқуға ынталандыру, өз бетімен кітапты оқи беруге дағдыландыру. Сонымен қатар оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшелігіне, кітап оқуда қабылдау, еске сақтау қабілетіне байланысты жұмыстар жүргізу.

Сыныптан тыс оқудың түрлері: Әдебиет үйірмесі, оқушылар конференциясы, әдеби және әдеби-музыкалы кештер, әдебиеттік диспут, кітап көрмесі, әдебиеттік күнделік (оқылған кітаптарына арналған), көрнекі құралдарды пайдалану т. б.

Әдебиет пәнінен сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру- жастар тәрбиесіне көңіл бөлудің бір түрі. Жас ұрпақты сергек, өз ісіне сенетін, қиындық пен кедергілерді жеңе білетін, сауатты, әдебиетті сүйе білетін жастарды тәрбиелеу.

Әдебиетке байланысты сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың мақсаты

Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру дегеніміз- оқушыларды өз бетімен кітап оқуға үйретудің негізгі бір жағы. Кітап туралы талай асыл сөздер ел арасында ғасырдан-ғасырға сақталып келеді. “Кітап- ғылым, бүкіл адам баласына ортақ”, жұртшылық кітапты ұстаз, сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиелі, ұлы үйретуші деп түсінеді.

Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жағы- сыныптан тыс материалдарын мектеп ұжымының іс жоспарымен таныстырып жасау. Сыныптан тыс оқудың жоспары нақтылы, жүйелі түрде жасалып, ол мектептің жалпы тәлім-тәрбиелік іс-жоспарына кіреді де, педагогикалық кеңесте бекітіледі.

Осы бекітілген жоспар бойынша орындалатын жұмыстарды мұғалімдер жалпы сабақ жүйесімен байланысты жүргізіп отырады.

Кітап оқушылар конференциясы

Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың бірі- әдебиетке байланысты кітап оқушылар конференциясын ұйымдастыру.

Бұл- мектеп тәжірибесінде белгіленген тақырыптар бойынша өткізіледі. Оқырмандар конференциясының тақырыбы сыныптан тыс оқуға берілген шығармалардан алынады.

Оқушыларды әдебиетке байланысты сыныптан тыс оқуға қызықтырудың негізгі бұл түрінің- кітап оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор және конференцияның оқушылардың білімдерін тиянақтандырып, толықтыруға тигізетін әсері мол.

Конференцияға дайындық кезінде оқушы тақырыпқа лайықты көптеген материалдарды оқиды. Әдебиетке ғылыми тұрғыдан баға беріп, әдебиет сыны мен теориясы, әдеби тіл және көркем шығарманың ерекшелігі қандай деген мәселелерге көңіл бөліп, кітап оқудың мақсаттарын түсінеді. Кітапты ойланып, түсініп оқуға, оқыған кітабына өз бетімен талдау жасауға, әдеби тілдің негізінде, жазушылардың көркем шығармасының тілін талдауға, идеясын ашуға, оқыған кітабына сын көзімен қарауға, өзі көркем тиянақты сөйлеп, сөздік қорын молайтуға, баяндамалар жасауға, жарыс сөзге шығып, өз пікірін толық жеткізіп, сын айта білуге дағдыланады.

Мектеп тәжірибесінде кітап оқушылар конференциясының үш түрі қолданылады:

  1. Тақырыптық конференция
  2. Оқытушылар мен кітапханашының кеңесімен өтетін конференция.
  3. Есеп беру конференциясы

1. Тақырыптық конференция - жазушылардың творчествосын не жеке шығармасын, немесе романын талдауға, кітапты мәдениетті оқи білуге арналады.

Тақырыптық конференцияға дайындық кезінде сыныптан тыс оқуға берілген шығармалардың ішінен тәрбиелік, білімдік маңызы басым туындылар таңдап алынса, оның әдеби проблемалық мәселелерді шешуге тигізетін көмегі мол.

Конференцияның жоғары дәрежеде өткізілуі оған нақтылы уақыт белгіленіп жоспарланған жұмыстардың оқушылар мен оқытушылар тарапынан тиянақты орын алуына тікелей байланысты.

Конференцияның алғашқы дайындығы оның қандай тақырыпқа өткізілетініне қарай кітаптарды дайындаудан басталады. Пән оқытушысы, сынып жетекшісі, кітапханашы конференция өткізетін кітапқа оқушыны қызықтырып, кітапты оқып шығуға, пікір айтуға, ол пікірін қағазға жаза білуге үйретеді. Конференцияға тек оқушылар ғана дайындық жасамайды, оған оқытушының өзі де жан-жақты дайындалады, материалды оқып шығады. Оған жазылған сын мақалалар мен де танысады, конференция өткізетін материалға ұқсас материалдар болса, оны да оқып, оқушыны қалай салыстырып айтуды жан-жақты ойланады. Өтілетін конференцияға көрнекі құралдар әзірлейді. Кітаппен жұмыс істеудің түрлерін көрсетеді. Конференцияның жоспарын дайындайды.

Әзірлік кезінде әрбір оқушының міндеті бөлініп беріледі. Міндеттеме алған оқушылар үлгіре алмаса, онда олар басқаларды өзіне көмекке тартады. Ал мұндай дайындықтар алдын-ала жасалған жоспармен жүргізіледі, ол тек талданатын кітапқа ғана арналады және сыныпта орындалатын басқа жұмыстарды қайталамайды. Қайта алған білімдерін тереңдете түсуге көмектеседі.

Ал енді бірде конференцияның жоспары барлық оқушыларға түгел таратылады да, оған оқушылар жаппай дерлік дайындалып келеді. Бірақ бұл жерде де ескеретін бір жай бар: ол сөйлеуші оқушылар бірін бірі қайталап, конференцияға қатысушыларды жалықтырып алады. Сондықтан күні бұрын кімнің қандай мәселе бойынша сөйлейтіндігін белгілеп қою керек.

Конференцияға дайындалудың үшінші бір түрі, бір топ баяндамашы бекітіледі. Олар кемінде жеті-сегіз топ оқушы болу керек. Конференцияға негізгі топтың оқушылары баяндамашы болып тағайындалады да, қалған оқушылар толықтырушы, шығармадан мысал, үзінділер теріп, тақырыпты ашуға көмектесуші болады. Конференцияның мұндай ұйымдастырыла-тын түрінің де іс-жоспарын бірнеше күн бұрын қарап, оның өткізілу тәртібін алдын-ала бекітіп алады.

Конференция оқытушының алғы сөзімен ашылады. Қорытынды сөзімен жабылады. Конференцияға арналған газет, фотомонтаж, бюллетень, альбом, кітап көрмесі, викториналар жасалады, концерт беріледі. Конференцияның ашылуындағы ұстаз сөзі оқушыларға үлкен әсер етіп, олардың конференцияда шешіле сөйлеуіне, талқыланып отырған тақырыптың толық талдануына мүмкіндік береді.

Конференцияның екінші бөлімінде кітап талқыланады. Оқырмандар өздерінің пікірін айтады. Сөйлеушілер жасалған жоспар бойынша шығады. Жоспарда көрсетілген мәселелерді толық қамтып, жинақы түрде сөйлейді. Конференцияның барысында қосымша ойлар тууы да мүмкін, ескертпелер де болады. Конференцияны басқарушының тосыннан сұрақ қоюы арқылы кейде тіпті жоспарланбаған қызық ойлар да туып кетеді. Осы мәселенің бәрін конференцияны басқарушы қадағалап отырады. Сөйлеушілерді қызықтырып, ынталандыра түседі, артық пікірлер айтылмау жағы үнемі қарастырылып отырады. Оқушылардың баяндамасы мен сөзіне, дайындығына, түсінігіне баға беріліп отырады. Өз ойын толық көпшілікке жеткізе алмаған, дайындығы аз оқушыларға кезінде ескерту жасалады. Ал толық әзірлікпен жақсы сөйлеген оқушыларды ерекше бағалап, көтермелеп отырған дұрыс. Сөйтіп, ең негізгі ойды, тұжырымды, пікірді оқытушы оқушыларымен бірге отырып, қорытындылап шығады.

2. Оқушылар мен кітапханашының кеңесімен өтетін конференция

Көпшілік жағдайда жаңа шыққан кітаптарды оқушыларға таныстыруға, кітап оқудың мәдениетін арттыруға арналады да, ал көбіне қатар сыныптарда өткізіледі.

Оқырмандарға арналған кеңес беру конференциялары мектеп тәжірибесінде алғашқы тоқсаннан бастап өткізіліп жүр. Себебі, оқу бағдарламасында көрсетілген сыныптан тыс оқу материалдарын оқушылар жыл бойына түгел меңгеріп кетуі есептеліп жасалады. Мұны өткізуге пән оқытушысы, сынып жетекшісі және кітапханашы тікелей міндетті. Негізгі дайындықты мектеп кітапханашысы жүргізеді. Дайындық жұмысын жүргізу де, кітапханашының тікелей міндеті. Мектеп бағдарламасына байланысты оқушыларға сыныптан тыс оқуға арналған жаңа кітаптардың тізімін алып, әрбір жаңа кітап туралы оқушыларға қосымша түсінік береді. Оқушылардың жаңа шыққан кітаптарды оқуын талап етеді. Кеңес беру конференциясын өткізу үшін шыққан кітаптың қызық оқиғаларын әңгімелеп, оқушыларды үнемі қызықтырып отырады.

Конференция өткізілетін кітап сыныптан тыс оқылатын шығармалар мен оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқуға деп көрсетілген материалдардан алынады. Бұл конференцияны өткізуде жоғары сыныптың қайсысында болмасын жаңа кітаптың көрмесі ұйымдастырылады. Кітап көрмесі бағдарлама бойынша әдебиеттен сыныптан тыс оқылатын кітаптардан ұйымдастырылады. Жаңа кітаптарға плакаттар жасалады, ұсынылатын кітаптарға арналып бюллетеньдер шығарылады, бюллетеньдерде жаңа кітаптар туралы түсініктеме, кітапты оқып шыққан оқушылар немесе жаңа кітаптарды ұсынбастан бұрын оқыған оқушылардың пікірі жазылады.

Кеңес беру конференциясына пән оқытушылары, класс жетекшілерімен бірге актив оқушылар тобы қатысады. Тек қатысып қана қоймай, конференцияны оқушылар тобы өздері ұйымдастырады. Оқушы мен кітапханашының басшылығы да оқушылар конференцияға инсценировка, үзінді, мәнерлеп оқитын материалдар дайындайды.

Конференция оқытушының алғы сөзімен ашылады. Ол конференциянның мақсатына толық тоқталып, оқушыларды конференцияға бағыттаған соң, дайындалған оқушылар оқыған кітаптары туралы сөйлейді.

Олар оқырмандарды қызықтырып, кітап оқиғаларын баяндап шығады. Кейбір оқушылар жаңа кітаптарға арналған сын туралы да пікірін айтады. Енді біреулері кітаптың образына талдау жасайды. Қалғандары оқыған кітаптары туралы өз пікірлерін баяндайды.

Ең соңында оқытушы оқушының пікірін жинақтай отырып, ұсынылған жаңа кітаптарды толық таныстырып, көрмедегі кітаптарды қалай пайдалануға болатынын түсіндіреді. Оқушылардың кітап оқуды дағдыға айналдыруды және қандай кітаптарды үзбей оқуды керектігін, оқығанда ең алдымен ұсынылған кітаптарды оқудың қажеттігін жеткізе айтады. Сонымен бірге ұсынылып отырған кітаптың негізгі идеясын түсіну, мазмұнына айрықша назар аударып, тәрбиелік мәніне жете көңіл бөлуі баса айтылады.

Кеңес беру конференциясын жылына екі-үш рет өткізуге де болады. Оқу жылының басында, аяғында және демалыс кездерінде, немесе жыл бойында да өткізе береді. Бұл конференция қазақ әдебиетінен шығып жатқан жаңа кітаптарды оқушылардың білуін, оқуын, қызығуымен қамтамасыз етеді.

3. Есеп беру конференциясы.

Бұл конференция мектепте оқу жылы бойынша бірнеше рет өткізіледі. Оның негізгі мақсаты балалардың сыныптан тыс оқитын кітабының тізімін алып, қанша оқушы қандай кітап оқып шыққанын, кітап оқымайтын оқушы болса, олардың саны қанша екенін білуі, тіпті мектеп кітапханасына бармайтындар болса, оларды да анықтап, әдебиеттен сыныптан тыс оқудың қорытындысын шығару.

Есеп беру конференциясын кітапханашы педагог, сынып жетекшілері бірлікте ұйымдастырып, әр оқушыны жазғы, қысқы каникулда оқыған кітаптарына толық анализ жасайды.

Оқушыларды есеп беру конференциясында болатын жарыс сөзге дайындау үшін мынадай сұраулар беріледі.

Оқуға ұсынылған кітаптардың қандайын оқыдың?

Олардың қайсысы саған ұнады, не үшін?

Оқыған кітаптарыңнан қайсысын жолдастарыңа оқуға ұсындың?

Оқыған кітаптарыңа жазылған арнайы күнделігің бар ма?

Кітапты көп оқудағы мақсатың не?

Оқыған кітаптарыңның қаншасына пікір жаздың?

Өзің жазған қандай шығармаларың бар? т. б.

Конференцияға көрме ұйымдастырылады.

Ол көрмеде оқушылардың күнделігі, жазған пікірлері, жасаған альбомдары, салған суреттері, шығарған бюллетендері, ұсынылған әдеби кітаптар туралы көркем плакаттар, жаңа шыққан кітаптар тұрады.

Конференцияның қорытынды сөзбен оқытушы өзі жасайды. Онда оқушылардың сөйлеген сөздеріне, істеген істеріне жұмыстарына толық баға береді.

Есеп беру конференциясы- өте тиімді конференция, бұл конференцияны жүйелі түрде жүргізіп отыру әдебиеттен сыныптан тыс жүргізілетін, оқылатын, істелетін жұмыстардың барлық түріне пайдалы, өйткені оқушылар конференцияға толық қатынасады, жан-жақты дайындықпен келеді. Оқушының алдына үлкен міндет қойылады. Оқушы өз жұмысына есеп берумен қатар, өзін бақылаушы бар екенін де сезінеді. Сөйтіп мұндай жұмыстар тәрбиелік жағынан пайдалы.

Есеп беру конференциясының күн тәртібі.

  1. VІІІ-Х сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмысы мен сыныптан тыс оқыған кітаптарының қорытындысы туралы оқушының есебі.
  2. Сынып оқушыларының және жеке өзінің оқыған кітаптары туралы.
  3. Қорытынды сөз.

Бұдан кейін кітап оқуда үздік-шыққан оқушыларға сыйлық беріліп, алғыс айтылады (балаларға үлгі ретінде)

Алғы сөзден соң он бес-он алты оқушы шығып тақырыпқа сәйкес сөйлеуге болады.

Әдеби және әдеби-музыкалық кештер.

Қазақ әдебиетінен сыныптан тыс жұмыс жүргізуде, сыныптан тыс көркем әдебиетті оқытуда өте жиі қолданылатын жұмыстың түрі әдеби кештерді өткізу. Мектепте оқушылармен әдеби кештерді өткізудің сан алуан түрлері бар.

  1. Пән мен пәннің арасындағы байланысқа арналған кештер.
  2. Мектеп бойынша өткізілетін кеш.
  3. Әдебиет пәніне байланысты өтетін кештер.
  4. Әдеби-музыкалық кештер т. б.
  1. Пән мен пәннің арасындағы байланыстар көпшілігінде

мынандай жағдайларда жүргізіледі. Тарихи тақырыптарға жазылған шығармаларды тарихқа байланыстыра отырып, әдебиет пәні мен тарих пәнінің оқушысы өзара келісіп, сыныптан тыс жұмысты немесе сыныптан тыс кешті бірге өткізеді. Ол кештер мынандай тақырыпта өтуі мүмкін: “Үш арыс”, “Тәуелсіздіктің көк туы желбірей берсін” т. б.

Әдебиет пен жағрафия пәнінің көлемді тақырыптарын әдебиетпен байланыстыруға мүмкіндік бар. Әсіресе жағрафиялық өлкетану бөлімі әдебиетпен байланысты. Әдеби шығармаларды талдағанда, жағрафиялық материалдар көп кездеседі. Сондықтан әдеби кештерді жағрафия пәнімен байланыстырып өткізудің де пайдасы мол.

Мектепте әдебиет пен жағрафия пәнін байланыстыра өткізетін кештерің тақырыптары:

  1. “Менің өлкем”
  2. Сәкеннің “Көкшетау” поэмасына әдеби және жағрафиялық талдау.
  3. Исатай-Махамбет көтерілісін сипаттайтын әдеби шығармалардағы жағрафиялық атаулар (жер, су) олардың бүгінгі Қазақстан картасы мен жағрафиясында сақталуы.

Қазақ әдебиетіндегі жылдың төрт мезгілі мен табиғатты жырлайтын шығармаларды ботаника, биология пәндерімен байланыстыра отырып, мазмұнды кештерді: “Алтын күз”, “Сабан той”, “Жаңа жыл” тағы басқа тақырыптарда өткізуге болады.

Физика-әдебиет кеші ғарышкерлер күніне байланысты ұйымдастырылады.

Мектеп бойынша салтанатты кештер қызыл күнпарақ күніне арналады. Мысалы: 8- наурыз, 22-наурыз, 9-мамыр тағы басқа. Мұндай кештер мектеп ұжымының түгел қатысуымен өткізіледі.

Әдебиет үйірмесінің кештері арнаулы жоспарға байланысты өтеді. Мектеп бойынша болатын әдеби және әдеби-музыкалы кеш, сондай-ақ, жалпы кештердің бәрі жоспарға енгізіліп, тақырыбы мен көрсетілген уақыты сақталады. Ондай кештер ақындар мен жазушылардың творчествосына, не олардың туған күніне, не торқалы тойына сыныптан тыс кітап оқудың қорытындысына, оқушылардың тврорчествосын талдауға арналады.

Әдеби-музыкалық кеш.

Мұның сыныптан тыс жұмыстардың басқа түрлерінен ерекшелігі, ол оқушыға өнердің түрін танытып, оны көзіне көрсетіп, құлағына естіртеді, эстетикалық қасиетін, психологиялық сезімін, лирикалық сырын, музыкалық нәзіктігін білдіреді, сөз зергерлерінің асыл сөздерін танытып, байсалдылыққа, өнертапқыштыққа баулиды, өнердің әр түрлі жанрларын ажырата білуге үйретеді.

Әдеби-музыкалы кештер мен монтаждар мектеп өмірінде тақырыптық не қызыл күнпарақ күндерінде дайындалынады.

Әдеби кештердің материалдарын жинақтап, құрастыру немесе монтажды рецензиялау, әдебиет үйірмесінің жас талапкерлеріне, сыншыларына тапсырылады. Материал жинақталып болған соң, ол әдебиет үйірмесі мүшелерінің отырысында талқыланып, музыкалы-әдеби кешті алып барушылардың тізімі жасалады. Жоғары сынып оқушылары өз міндетін сынып бойынша бөліп алады. Мұны көркемдеу, иллюстрациялау, қажетті құрал-жабдықтарын дайындау жұмысына мектептің сурет және сызу мұғалімі көмектеседі. Ал газет, фотомонтаж, бюлллетень көрнектілік шығару әдебиет үйірмесінің редколлегия мүшелеріне жүктеледі. Әдеби-музыкалы кештің музыка бөлімі ән сабағының оқытушысы мен мектептің көркемөнер үйірмесінің жәрдеміне сүйенеді.

Кешті жұртқа хабарлау және оны жүргізу барысындағы істелген жұмыстардың қажеттілерін магнитофон пленкасына жазып отыру әдебиет үйірме мүшелері арқылы іске асырылады.

Әдеби-музыкалы монтаж және кештің материалы түгел дайындалып, құрастырылып болғаннан кейін, оған жауапты адамдардың пікірі тыңдалады, мектептің методикалық пән бірлестігі кеңесі қарап бекітеді.

Әдебиеттік диспуттар

Әдебиеттік диспутта-оқушылар оқыған кітаптарына өз пікірлерін айтады. Әркім өз ойын ортаға салу арқылы түрлі пікір-таластары туады, оны шығарманың желісі бойынша талдайды. Диспуттың қандай түрі болмасын, ол мектепте өте қызық болып өтеді. Себебі, оқырмандар пікір айту үшін түрлі шығармаларды оқиды, ізденеді өз ойын дәлелдеуге тырысады.

Оқытушы таңдаған тақырып оқушылар үшін маңызды, қызықты болу керек. Мысалы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
Сыныптағы тәрбие жұмысы
Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
Сынып жетекшісінің қызметі
ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру моделі
Сыныптан тыс оқу
Сыныптан тыс оқытудың жалпы теориялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz