Математиканы модульдік технологиямен оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________к олледжі
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жаңа технологияны пайдалана отырып математика сабағында
оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Орындаған:__________________
Қабылдаған:
________________

Астана 2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3
І. Математика сабағында жаңа технологияны пайдалана отырып
оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
1.1.Математика сабақтарында оқушылардың қызығушылық қабілетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..4
1.2Математика сабағында тиімді тәсілдерді
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... 6

ІІ. Математиканы модульдік технологиямен оқыту.
2.1Сабақта модульдік оқыту технологиясын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының математика пәнін оқытудағы
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..15
2.3Топтау тәсілінің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .17

ІІІ. Математика сабақтарында оқушылардың қызығушылық қабілетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...26

Кіріспе
Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін кетіреді: бірі –математикамен шұғылдану,
екіншісі – одан сабақ беру - деп С.Д. Пуассон айтқандай, сабақтың басты
белгісі – жоспар құру, жоспарды жүзеге асыру, жақсы нәтижелерге жету.
Қазіргі кезде мұғалімнің басты мақсаты – жаңа технологияны тиімді
пайдалану болып табылады.
Математиканы мектепте оқытудың басты мақсаты – қазіргі қоғамның әрбір
мүшесінің күнделікті өмірі мен еңбек қызметіне қажетті аралас пәндерді
үйрету мен білім беруді жалғастыруға жеткілікті жүйелі математикалық
білімді меңгерген, икемді, саналы жеке зерделі оқушыны қамтамасыз ету. Жаңа
техника мен технологияны меңгеріп, басқаруүшін алып шығатын жалпы дайындық
құрамына сапалы математикалық білім ауадай қажет. Математикалық дайындықтың
сапалық деңгейіне қоршаған орта мен жаңа өндіріспен байланыстыра оқыту
арқылы жеткізуге болады.
Әр ғылымның шығу тарихы, даму кезеңдері болады. Сол сияқты математиканың
да өзіне лайық бай тарихы бар. Бұл тарих эрамызға дейінгі ықылым заманнан
бері жасалу үстінде. Математика сөзінің грекшеден аударғандағы баламасы
ғылым сөзі. Олай болатын себебі, математика ең алғашқы ғылымдардың бірі.
Ендеше оны білу математиканы сүйер қауымға, мектеп оқушысына, студентке
қызықты болады.
Математика ғылымы алғашында Мысыр, қазіргі Египет және Вавилон
елдерінен бастау алып, кейін Грецияда, одан кейін Қытайда және Орта Азияда
дамыды. Европадағы математиканың даму осы жоғары аталған елдерден кейінгі
орынды алады. Математика даму осы жоғары аталған елдерден кейінгі орынды
алады. Математика дамуының шарықтау мерзімі деп өте күрделі теориялар
жасалған Европа математикасының өрлеу кезеңі 17-19 ғасырларды атауға
болады. Міне, осы кезде дифференциял, интеграл, ықтималдық теориясы, көп
өлшемді геометрия, салыстырмалдық теориясы тағы басқа ғылым негізі болған
жаңалықтар ашылса да, математика пәнінің көкжиегін кеңейте түсті. Ал 20-21
ғасырлар кибернетика мен компьютерлер заманы болып, математика пәні барлық
пәннен үстем болмақ.
Математиканы жоғары деңгейде білу үлкен еңбекпен келуі қажет.
Сондықтан математикалық білім көп ізденісті, іскерлікті, еңбекқорлықты
талап етеді.Осыны оқушы санасымен түсінуі қажет.
Математика сабағында оқушылардың миына шабуыл жасамаса,
оқушыларсабаққа белсене қатынаспаса, өздігімен жұмыс істемесе, тапқырлықты
қажет ететін есеп шығара алмаса сабақ қажетті деңгейде жүргізілмеді деп
саналады. Сонымен, математика сабағын жаңа технологияны пайдалана отырып,
оқушылардың қызығушылығын арттыру.

1.1 Математика сабақтарында оқушылардың қызығушылық қабілетін қалыптастыру.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім
алуы мақсат ете отырып, олардың өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа
білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және
практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой
белсенділігін дамыту қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінен шығармашыл,
ақыл-ойы, дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Сондықтан математиканы
оқыту үрдісін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен
ізденімпаздығын арттыруға негізделген.
Оқу - танымдық қызметі барысында оқушының танымдық қызметі мен ойлау
жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының дербестігін, танымдық
қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интелектуалдық ойлау мүмкіндіктерін
қалыптастырады.
Оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін арттыруда мұғалім басты рөл
атқаратындығын соңғы зерттеулер анықтап отыр.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушы арасындағы
қатынасы, әдістемелік шеберлігі – оқушының білімге деген арттырудың кепілі.
Сондықтан оқушының жан-жақты мүмкіндіктерін ашуда мұғалім тәрбиесі негізгі
рөл атқарады.
Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, оқушының өз бетінше жұмыс
жасауына жағдай жасау оқу-тәрбие ісінде оң жетістіктер береді. Үздіксіз
оқыту процесінің барлық ойлау жүйесі қалыптасып отырады. Оқушының алғаш
алған қарапайым білім қоры оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге
жетелейді. Міне, осы аралықта әр пән бойынша алған білім заңдылықтарын
біріктіре қорытындылай білетін бала зор табысқа жетеді. Сондықтан да осы
тұста әрбір мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда өзіне өте
жоғары талап деңгейінде көрсете білуі басты мақсат.
Танымдық қабілетті арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық
мәні мен өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданысын ашып беру болып табылады.
Егер оқушы берілген материалдың өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және
әрбір сабақтың өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге
деген ынтасы артады. Мысалы, көбейту мен бөлудің қысқаша формулаларын
толығымен түсінбей, келесі тарауларда оқытудың алгебралық түрлендіруді шешу
мүмкін емес.
Мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады. Біріншіден,
оқушының мүддесіне сай және жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады,
бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді. Ең бастысы ол танымдық
қызығушылықты қалыптастыратын жұмысты ұйымдастырушы болмақ. Сонымен бірге
мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып бала тұлғасының
білімінің артуына септігін тигізеді.
Математикалық оқытудың әдістерін пайдалану тұрғысынан қарастыратын
болсақ, онда оны үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде оқушы тапсырманы орындаған соң бір заңдылықты, алдын-ала
жаңа ереженің енгізілу қажеттілігін айқындайды.
Екінші кезеңде жаңадан табылған теориялық негіздің, ереженің, заңының
формуланың теореманың бағалылығын нақтылайды.
Үшінші кезеңде алынған білім белгілі математика есептерін шешуде, әр
түрлі практикалық жұмыстарды орындауда қолданылады.
Оқу үрдісін жетілдірудің негізгі тенденциясы оқушылардың өз бетінше
жұмыс істеуі мен танымдық белсенділігін көтеру болып табылады. Педагогика
ғылымдары тиянақты білім маңызына әсер етпейді, қайта оқушыларды оқытуға
тәрбиелеу мен жетілдіру бағытында жаңа мақсаттардың рөлін айқандап береді.
Яғни: -білімді өз бетінше қабылдау;
- ғылыми ойлау тәлім-тәрбиесін кеңейту;
- математиканы оқып-үйренуде танымдық бастауларды өз бетінше ойлау.
Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекет оқушы дамуының
алғашқы сатысы болып табылады және ол біртіндеп сатылап даму нәтижесінде
шығармашылық іс-әрекеттерге айналып отырады. Есептерді шығару барысында
оқушының шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға
икемділігін дамытуға ықпал етеді.

1.2 Математика сабағында тиімді тәсілдерді пайдалану.
Педагогикалық күрделі мәселенің бірі – оқушыларға есеп шығаруды үйрету.
Оның күрделілігі кез-келген есепті шығарудың кілті болатын жалпы ортақ
әдістің жоқтығында. Типтік есептердің ғана шығару әдістері бар. Дегенмен
тәжірибе көрсеткендей, сол типтік есептерді шығаруды үйретудің өзі де
жоғары дәрежеде емес. Дарынды психолог, математик Д.Пойа өзінің есепті
қалай шығару керек деген кітабында есеп шығарудың жалпы әдістерін жасауға
ұмтылған. Автор есеп шығару барысын 4 кезеңге бөлген:
а) Есепті түсіну (есептің шарты).
ә)Есептің шағару жоспарын құру (талдау).
б)Бұл жоспарды орындау (синтез).
в)Өткенге көзқарас (есептің шешілуін ұғыну).
Д.Пойа есеп шығаруды үйретудің тиімділігін арттыруда оларды іріктеу
үлкен рөл атқарады дейді. Бірақ біз тек есептерді іріктеу оқушылардың есеп
шығарудың талдау, синтез, индукция, дедукция т.с.с. негізгі әдістері мен
тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз ете алмайды. Бұрынғы шығарған есеппен
аналогияны іздестірудің өзі, бұған ұқсасты еске түсіруді ғана емес,
аналогияны табу үшін аналитетикалық-синтетикалық әдісті қолдануды талап
етеді. Сондықтан есептер жүйесін іріктеумен қатар , әрбір есепті шығарғанда
мұғалім мен оқушының жүргізген жұмысының әдістемесінің ролі мен маңызы
үлкен.
Мұғалім есеп шығарғандағы әдістемелік жұмысы, біріншіден шығарылған
есептің шартын талдаушы, екінші жағынан синтезбен үйлесе отырып, есеп
шығарудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Д.Пойаның ұсыныстары талқылау құрылымдарын қалыптастыруға ықпал етіп,
есеп шығарушыны ізденіске бағыттайды. Бірақ, барлық ұсыныстарды орындау
есептің шығарылуына толық кепілдік бере алмайды. Есеп шығаруды жеткілікті
дәрежеде меңгеру үшін талдау, жалпылау, индукция, аналогия тәсілдерін
арнайы үйрету керек.
П.В.Стратилов өз тәжірибесіне сүйене отырып теңдеулердің көмегімен есеп
шығару жұмысының әдістемесі мынадай кезеңдерден тұрады деп көрсетуге
болады.
1. есептің шартын оқып және ондағы шығармаларды анықтау;
2. есеп шартындағы шамалардың арасындағы тәуелділіктерді анықтау;
3. есептің сұрағына қарап белгісіздіктерді анықтау және белгілеу;
4. енгізілген қосымша белгсіздер мен есеп шартында берілген
сандар арқылы есептің шартын ауыстыру;
5. есеп шартында қандай да бір шаманың мәнін анықтап, соның
көмегімен теңдеу құру;
6. теңдеу шешу;
7. табылған мәндерді тексеру және жауабын жазу.
Есеп шығаруды үйрету мұғалім мен оқушы әрекетінің күрделі және
динамикалық жиынын білдіреді. Бұл әрекетті белгілі бір жолмен мұғалім
ұйымдастырады, бағыттайды, реттейді және басқарады, ығарылған есепке
қойылатын талаппен үйлестіреді. Бұл әрекеттердің мәні және мақсатты
бағыттары, сол сияқты есеп шығару барысында іске асырылатын әдістер оның
дұрыс шешімін алу үшін тиімді жағдай жасап қоймай, оның тәрбиелік мәні және
дамытушылық әсерін күшейтуге де ықпал етуі тиіс.
Есеп шығарылу – қарастырылыпотырған есептүрін шығарумен оқушыларды
таныстыру оны шығара білу іскерліктерін қалыптастыру. Бұл жағдайлардың
қайсысында болсын, есеп шығаруды үйрету көбінесе оқушылардың ойын дамытуға
әсер етеді, өйткені ол талдау және синтез, нақтылау және жалпылау,
салыстыру, қорыту сияқты ойлау операцияларын орындауды талап етеді. Сонымен
бірге, оқушылардың ойлауын мұндай сапаларын тәрбиелеу есеп шығаруды
үйренуге оң әсерін тигізеді. Оқушыға артық күш түсірмеу үшін есеп шығару
үрдісін төрт кезеңге бөлуге болады:
Есептің мазмұнымен танысу, есептің шешуін іздеу, есепті шығаруды
көрсету. Әрбір кезеңнің оқушылар үшін өзіндік тәрбиелік әсері бар.
Есеп шығару тәсілдері мен құралдарын таңдауда оқушыларға толық
еріктілік беру. Есеп шығаруды қалай бастау керек? деген сұраққа
ойланыңда деп жауап береміз.өзіміздің сұрақтарымызбен оқушыларды есепті
нақтылы шешугеге емес, шешудің жалпы идеяларына әкелу керек. Бұдан біз есеп
шығармашылық көзқарас тудыру әдістемесініңнегізін көреміз. Есеп шығаруда
ойлану үрдісін түйінді үш кезеңге бөлеміз: оқушының ойы есептің мазмұнына
анағұрлым терең бойлайды, ойлау әрекетінің белсенділігі ең жоғарғы деңгейге
жетеді, бұл есепті талдау, есепті алдын-ала зерттеу және таныс әдісті
қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
1. есептің шартын талдау. Есептің шартына кіретін шамалардың сан
мәндерінің арасындағы байланыстарды анықтау мақсатымен есептің
берілгені мен белгісізін салыстыру немесе геометриялық фигуралардың
жекелеген элементтерінің арасындағы байланыстарды анықтау және
шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау.
2. Есепті алдын ала зерттеу. Берілген есептің түрлі нұсқаларын қарастыру,
есептің кейбір берілгендерін сақтай отырып, басқасын еркін өзгерту
және бұл үрдістегі заңдылықты табу.
3. Таныс әдісті қолдану мүмкіндігін зерттеу. Есепке белгілі бір көзқарас
тұрғысынан қарау, есептің берілгені мен белгісіздігінің арасындағы
зерттеу әдісіне тән ерекше байланыстарды анықтауға ықпал етеді.
әдістемелік әдебиетте көбінесе, есеп шығарудың техникалық тәсілдерін
қарастырумен шектеледі, олар есептердің жекелеген типіне ғана
қолдануға қолайлы, ал жалпы әдістер жөнінде аз айтылады. Сондықтан
барлық мәні де оқушылардың қабілетін, дарынын ашуда, оқушыға күш
түсірмей, оқыту бүгінгі күн талабы.

2.1 Математиканы модульдік технологиямен оқыту.
Қазіргі уақытта білім беру үрдісінің барлық параметрлері бойынша
технологияландыру бірталай теориялық және практикалық тәжірибелері
шоғырлануда: мақсаттар, мазмұнды елестету, ақпараттарды игеру үрдістері,
ықпал жасау және іс-әрекеттер тәсілдері, берілген нәтижелердің
жетістіктерін бақылау және бағалау.
Технология ұғымының сөздік анақтамасын жалпылай келе зерттеуші Н.В.
Борисова, берілген атаудың мәнісі іс-әрекеттің өзіне тән нақтылы
аймағындағы әдістер, құралдар, тәсілдер жиынтығын пайдалануарқылыобъектінің
бастапқы жағдайының өзгеруі бойынша белгілі нәтижелерге жету үрдісі, - деп
кқорытынды жасайды. [1. 17 бет].
Оқыту технологиясының бірден-бір мәселесі оқу үрдісін ұйымдастыру болып
табылады. Осы мәселені шешудің негізіне оқытудың әдістері мен тәсілдері,
түрлерінің дидактикалық жүйесін құру жатады. Модульдік оқытудың әдістері
мен түрлерін таңдау және орнықтыруорнықтыру сұрақтарды талдау үрдісінде
біз, оның білім беру мазмұнымен және мақсаттарымен өзара байланысы туралы
педагогикалық заңдылықтарға сүйендік. Оған көптеген авторлар сілтеме
жасайды: Н.В. Борисов Білім беру мақсаттарына сәйкес талданылып алынған
мазмұны оған айқындалған, барабарлы оқыту түріне сәйкестеніп және оқу іс-
әрекетіндегі лайықты әдістердің көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. [1. 12
бет].
Осы оқыту әдістерін таңдау талаптарының тізіміне тағы біреуді қосу
қажет, яғни оқыту түрлері мен әдістерінің жүйесі игеру деңгейіне үйлесімді
болуы тиіс. Психо-педагогикалық әдебиеттерде (t) бірлік уақытта (а) оқу
ақпаратын игерудің келесі деңгейлері айрықшаланады: түсіну, тану, қайта
жаңғырту, қолдану, шығармашылық.
1. (а = 1) деңгейі – ретеректе игерілген ақпараттарды қайтадан
қабылдауда немесе оларға амалдар қолдануда, берілген аймақтың
үрдістерін, объектілері, қасиеттерін тану;
2. (а = 2) деңгейі – қайта жаңғырту;
3. (а =3)деңгейі – қолдану - білім алушылардың алған білімдері мен
біліктіліктері типтік емес жағдаяттарда пайдалануда
қабілеттіліктерімен сипатталады.
4. (а =4) деңгейі шығармашылық - адам, белгілі іс-әрекеттер ортасында
әрекет жасай отырып, ойда болмаған жағдаяттарда жаңа ережелер,
әрекеттер алгоритмдерін құрады.
Білімді игеру деңгейлері және дидактикалық мақсаттары арасындағы
сәйкестігін орнатып, оқытудың нәтижелеріне жетуге жол беретін оқытудың
әдістерін және тәсілдерін анықтаймыз.
Білімді игерудің бірінші және екінші деңгейлерімен оқытудың
келесідегідей танымдық мақсаттары ара қатынаста болады: білім алушыларға
теориялық білім жүйесін және іс-әрекет тәсілдерін беру және осы іс-
әрекеттәсілдерін жүзеге асыру біліктіліген қалыптастыру. Осы мақсаттарға
жету, оқытудың келесідегідей әдістері және тәсілдері арқылы жүзеге аспақ;
дәстүрлі дәрістер және тәжірибелі сабақтар, семинарлар, әңгімелер,
зертханалық жұмыстар, әдебиеттерді конспектілеу.
Білімді игерудің 3-ші және 4-ші деңгейлермен танымдық және операциялық
мақсаттары, нақтылай түрде шығармашылық іс-әрекет тәжірибелерінің
қалыптасуы ара қатынаста болады: салыстыру біліктілігі, талдама жасау,
қабылдаған білімді басқадай аймақтарда қолдану. Операциялық мақсаттарға
жетуде, оқытудың әдістері және тәсілдері әртүрлі: мәселелік дәрістер,
әдебиеттерді жүйелеу, оқу және оны сынды түрде талдау, тірек конспектілерін
құрастыру, дидактикалық ойындар, пресс-конференция , сараптама және т.б.
Оқыту нәтижелері және дидактикалық мақсаттарының талдамасы негізінде,
біз игеру деңгейлеріне сәйкес жоғары математиканы оқытудың әдістерін және
түрлерін жүйеледік.
Жоғары оқу орындарында оқытудың негізгі түрі – дәріс болып табылады және
ол ақпараттарды жүйелеп баяндаудың монологиялық тәсіліне жатады. Оқытудың
дәрістік түрлерін белсенділендіру мәселесі оның құрылымында, баяндау
әдістемесінде, оқу ақпаратын проблемалы беруде өзгертулер жасау жолымен
шешілуі мүмкін. Осы көзқарасты бөлісе отырып, біз жоғары математика курсы
үшін дәстүрлі емес дәрістерді зерттеп дайындап көрейік; жоспарланған
қателарі бар дәріс (ЖҚД); ағымдық бақылауы бар дәріс (АБД); дәріс-
визуализация (ДВ).
Мысал ретінде, вектордың координаталары. Координаттық түрдегі
векторларға сызықтық амалдар қолдану тақырыбы бойынша АБД-нен және
Екінші ретті қисықтар тақырыбы бойынша визуализация –дәрісінен
көрсетіледі.
Визуализация әдісі үлкен көлемді ақпараттарды жүйелендіру, топтау,
хабарлаудың мәнді элементтерін белгілеу негізінде сығылған түрде ұсынуға
мүмкіндік береді. Бұл әдісті модуль үшін трек конспектілерін құрастыруда
пайдаланамыз. Трек конспектілерін құрастыру кезеңдері:
1) модульдің құрылымды-логикалық схемасын өңдеу. Модульдің құрылымды
логикалық схемасын әртүрлі ұсынуға болады, мысалы, логикалық құрылымның
графасы немесе блок-схемалар түрінде;
2) құрылымды логикалық схеманы кодталған оқу ақпараттарымен (трек
сигналдарымен) толтыру. Мұндай кодтар, оқу ақпаратының мазмұнымен немесе
оның құрылымымен семантикалық байланысқан графиктер, формулалар схемалар,
заңдардың атаулары және тұжырымдалулары, суреттер, диаграммалар әртүрлі
ұқсастықтар және байланыстар бола алады.
Тірек конспектісін екі тәсілмен пайдалануға болады.
1. тірек конспектісі оқу ақпаратын визуализациялау құралы ретінде;
2. тірек конспектісіоқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы ретінде
орындалады.екінші тәсіл пайдалы болмақ. Өйткені тірек сигналдары,
қалыптасатын әрекеттерге бағыттама (сілтеме) болып, ал модульдің
әртүрлі оқу тапсырмалары үшін құрастырылған тірекконспектілері, осы
әрекеттердің қасиеттерін қалауынша (еркінше) өтеуде жағдайлар жүйесін
құру қажет.
Бұл басты ойлардың бірі және ол модульдің тірек конспектісін
құрастыруда негізгі принцип болып табылады яғни тұжырымдалады:
модульдің мазмұнын және құрылымын талдау негізінде және сонымен
қатарбарлық оқу іс-әрекеттерінің түрлері тірек конспектісімен жүргізілуі
керек.
Бұл принцип тірек конспектісін құрастырудың келесідегіде ережелерімен
қамсыздандырылады:
Модульдің құрылымын және мазмұнын талдап шығу, көмекші материалды және
оқу ақпаратының түйінін белгілеу; құрылымды-логикалық схемасын құрастыру;
түйіннің белгіленген компоненттерін кодтау.
Жоғарыда айтылған тірек конспектісі әрекеттердің бағыттама (сілтеме)
негіздері болса, онда оны модульдік оқыту технологиясында үлкен үлесті
салмақ алатын, өз бетімен істейтін жұмыстарын ұйымдастыру әдістері
баршылық: модуль бойынша оқу материалын өздігінен талқылау; жұптық жұмыс;
тьюторлық оқыту; эвристикалық сипатты элементтерімен өздігінен істейтін
жұмыстар; студенттің оқытушы ретінде болуы; рефераттарды дайындау және
қорғау;
Сөзсіз, модульдік оқыту технологиясында пайдаланатын СӨЖ ұйымдастырудың
басқадай да әдістері бар болуы мүмкін.Оларды қарастыру және зерттеу жеке
ғылыми мәселе болып табылады.
Модульдік оқыту технологиясында білім алушылардың дербестігін кеңейту
рейтингтік бақылау жүйесіне (РБЖ) бағытталған.
Сабақта модульдік оқыту технологиясын қолдану.
Жаңа технологиясы жақсы дамыған мемлекет құру процесінде техникалық
мамандар өміріміздің барлық саласын қамтиды. Техникалық мамандарды
дайындауда математикалық білім ерекше роль атқарады. Сондықтан да осы пәнді
үйрету, оқыту жаңа талапқа сай болуы қажет.
Біз көбінесе математиканы білуді, оның оқу қабілетімен байланыстырамыз
Бірақ математиканы білуді, оның оқу қабілетімен байланысты.
Әр мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыру. Бұл міндеттерді жүзеге асыру ұстаздың
шеберлігіне байланысты. Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі –
оқушының білім алу арқылы дамуы. Мұнда оқу материалын ірі блокпен беріп,
сөйлесу бөлімінде теориялық материал тиянақты практика арқылы сөйлесу
бөлімінде ұйымдастырылған сабақтарда әр оқушы өзінің қалай және немен
шұғылдануы тиіс, сабақ үстінде не істеу керек екенін біледі.
Модуль бойынша дайындалған сабақ әзірлемелері толық берілген.
Тақырып: Ондық бөлшектер.
Мақсат: 1. Оқушыларды ондық бөлшек ұғымымен таныстыру, жазу үлгісін
көрсетіп, оқуға үйрету; ондық бөлшектерді сандық сәуледе кескіндеу,
салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.

1. Оқушылардың есте ұстау, ойлану, өз бетінше қорытынды жасау
қасиеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
2. Еңбектенуге, ұйымшылдыққа, достыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.
3. Жалпы сағат саны: 6 сағат
Модуль құрылысы:
Модуль құрылымы Сабақ реті Сабақ мазмұны, түрі Уақыт Күні
Кіріспе бөлімі 1-ші сабақ 1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
2.Модуль құрылымымен
таныстыру 5 мин
3. Мақсаттары мен
міндеттерін анықтау 38 мин
4.Дәріс арқылы жаңа
сабақ оқыту
Сөйлесу бөлімі 2-ші сабақ 1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
2.Модуль құрылымына
оралу 5 мин
3. Мақсаттары мен
міндеттерін анықтау 38 мин
4. Қарлы кесек ойыны
3-ші сабақ 1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
2.Модуль құрылымына
оралу 5 мин
3. Мақсаттары мен
міндеттерін анықтау 38 мин
4. Қарлы кесек ойыны
4-ші сабақ 1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
2.Модуль құрылымына
оралу 5 мин
3. Мақсаттары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту
Колледждегі математика курсына қатысты аталмыш проблема
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Жаңа ақпараттық технологияны мектеп геометрия курсында қолдану
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Геометрия сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Шығармашылық қабілетті дамытудағы әдістер мен жетістіктер
Педагогикалық технологиялардың түрлері және оларды қолдану
Оқытудың жаңа технологиясы
Пәндер