Матамен жапсырмалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________к олледжі
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жапсырмалау және мозайка құрастыру

алардың мінезінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3Орындаған:___________ ____

Қабылдаған: _______________

Астана 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .3
1. Жапсырмалаудың технологиясы
1.1 Қағаздың шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жапсырмалау. Симметриялы, асимметриялы фигураларды қағаздан
жапсырмалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .7
1.3 Матамен
жапсырмалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2. Мозайка саласының даму барысынан
2.1Мозайка өнерінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2Қазақстан
мозайкасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

3. Жаңа сабақ жоспары Қағаздан гүл жасау ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...20
Жапсырмалау сабағы бойынша презентация ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе
Адамдар қазір біз жазып, сурет салып жүрген қағаз табылғанша қаншама
нәрсенің бетін шималамайды десеңші.
Ежелгі мысырлықтар мен индустар құрма ағашының жапырағына жазыпты.
Вавилондықтар мен ассириялықтар қыш тақтайшаларға ұшы біздей істік
таяқшалармен таңбалар салып, артынан отқа өртап, күйдіріпті.
Ондай қыш тақтайшалар қыш қораптарға салынып сақталыныпты. Кейбір
елдердің жазуы таңбалардан емес, суреттерден тұрады. Ондай жазулар күні
кешеге дейін өмір сүріп келген. Мәселен, 1849 жылы АҚШ президенті сондай
суретпен жазылған хат алып, көпке дейін оқытатын кісі таба алмаған. Сөйтсе,
ол үндіс тайпасының қарағайдың қабығын сыдырып, соған жазған арызы екен.
Ніл дария жағасында папирус деген өсімдік өседі. Ол суда өсетін деген
сөзден шыққан. Оның талшықтарын қиып алып желімдеп, нығыздап қатырады, да,
ондай жеке-жеке парақтарды бір-біріне жалғастырып, одан шыққан ұзынша
бумаға жазу жазылады. Папирус арзанға түседі, сондықтан да әр алуан елдерде
папирус қолжазбалары сақталған аса бай кітапханалар бар.
Ежелгі Пергамда жануарлардың терісін жазу жазуға болатындай қып илеу
меңгерілді. Ондай тері пергамент деп аталды. Бірақ, пергамент папирусқа
қарағанда қымбаттқа түсетін. Шағын ғана кітап жазып шығару үшін ең кемі бір
табын торпақты сойып, терісін алуға тұра келетін. Ондай кітаптарды тек аса
дәулетті адамдар ғана сатыпала алатын.
Алғаш рет қағаз жасаудың қайдан шыққаны әлі күнге дейін даулы, бірақ,
оны біздің дәуіріміздің ІІ ғасырында қытайлар ойлап тапты деген пікірге
көбірек ден қойылады. Онда алғаш рет әбден мұқияттап жыртылған мата тінінен
тезге басып қағаз жасау әдісі меңгерілген.
Арада бірнеше ғасыр өткен соң Европа елдері де қағаз жасау құпиясын
біліп алды. Өзендердің жағасына ұн тартатын диірмендер секілді қағаз
фабрикасы 1564 жылы Москва түбінде салынды.
Біздің кезімізде қағаз матадан емес, ағаштан жасалады.
Қағаздың жұқа, қалың, тегіс, бұдыр әр алуан түрлері бар. Кітап басатын,
газет шығаратын, журнал, дәптер жасайтын қағаздардың да түрлері де бөлек-
бөлек.
Қарындаш пен акварель бояулармен сурет салу, ватман, жартылай ватман деп
аталатын қатты, тығыз қағаздар ыңғайлы.
Қағаздың өте бағалы түрлеріне арнаулы әдіспен тек күнге қарағанда ғана
көрінетін ерекше өрнектер салынады. Ондай өрнектерді әдетте су таңбалар
деп атайды.
Жалпы біз осы курыстық жұмыста қағаздың шығу тегіне және қағаздан
жасалынатын жапсырмалау әәдісіне кеңірек тоқталамыз. Атап айтсам алғашқы
бөлімде қағаздың шығу тарихына тереңірек тоқталамыз. Ертедегі Египетте
папирусқа жазған. Ресейде, Қазақстанда қайыңның, басқа да ағаштардың
қабықтарына, теріге жазған.Алғашқы қағаздар бамбук жапырақтарынан, тұт
ағашының қабығынан жасалды.
Қазіргі кезде қағаздардың 200-ден астам түрлері өндіріс орындарынан
шығарылып тиісті орындарға жіберіліп отырылады. Бұл өндіріс орындарының
барлығы қазіргі заманғы жаңа технологиялық машиналармен жабдықталып өнім
түрлерін көптеп шығарылуда. Қағаздар мен қатырма қағаздар, өзіндік
қасиеттерімен жоғары бағаланып, тіптен қолданбайтын сала жоқ деп айтуымызға
болады. Қағаз дегеніміз – бүктеуге, бояуға, майыстыруға, қаттауға, қиюға,
сызуға, желімдеуге ыңғайлы болып келген талшықты жұқа материалды айтамыз.
Бірінші бөлімде - жапсырмалауға толық тоқталғанбыз. Жапсырмалау,
негізінен, балалар заттарын әшекейлеу тәсілі. Балалар киімдеріне арналған
жапсырмаларда әр түрлі жемістердің, жануарлардың, сандардың, ойыншықтар мен
геометриялық пішіндердің бейнелерін пайдалануға болады.

1.1 Қағаздың шығу тарихы.
Қағаз алуан түрлі болады. Бірінен-бірі салмағы, тығыздығы, түсі бойынша
ажыратылады. Адамдар қағазды білмеген өте ерте кезде сөздерді таңба түрінде
тастарға ойып түсірген. (1-сурет).Кейіннен жұмсақ балшыққа ағаш
таяқшалармен түрлі белгілер салған. (2-сурет). Ертедегі Египетте папирусқа
жазған. Ресейде, Қазақстанда қайыңның, басқа да ағаштардың қабықтарына,
теріге жазған.
(3-сурет)

Алғашқы қағаздар бамбук жапырақтарынан, тұт ағашының қабығынан жасалды.
Сонымен қатар адамдар ағашты әрқашан пайдаланған. Жазуға болатын, ұзақ
уақытқа шыдайтын, күн сәулесі мен ылғалға төзімді материал іздеген. Соның
нәтижесмінде адам қағазды ойлап тапты. Қағаз неден жасалды? Ағаштан. Жұқа
ақ қағаз парақтарын жасап шығару үшін, көптеген адамдар еңбек етеді.
Қағаздың түрлеріне: сурет қағаздары, жазба қағаздары, сызба қағаздары,
боялған түрлі-түсті қағаздар, екі жақты қағаздар, гүлдік (папирус, колька)
қағаздар, мұқабалық қағаздар, столдық, салфеткалық қағаздар, фото қағаздар,
сорғаш қағаздар, рентген қағаздары, қабырғалық қағаздар, шегрен қағаздары
(тері тәріздес) орауыш қағаздары (конфет, чай, темекі, май заттарды салуға)
орам қағаздары т.б. заттарды орау үшін, плакат қағаздары, баспахана (газет,
журнал, кітап) қағаздары жатады. Қазіргі кезде қағаздардың 200-ден астам
түрлері өндіріс орындарынан шығарылып тиісті орындарға жіберіліп отырылады.
Бұл өндіріс орындарының барлығы қазіргі заманғы жаңа технологиялық
машиналармен жабдықталып өнім түрлерін көптеп шығарылуда. Қағаздар мен
қатырма қағаздар, өзіндік қасиеттерімен жоғары бағаланып, тіптен
қолданбайтын сала жоқ деп айтуымызға болады.
Әрбір қағаздардың өзінің бірнеше сорттары болады. Мысалы: жазба қағазы 4-
түрге 1, 2, 3, 0 бөлінеді. Қағаздар құрылымына, спасына қарай бөлінеді.
Сурет қағаздары, жазу қағаздарына қарағанда қалыңдау, беті кедір-бұдырлау
болып келеді, жазу қағазының беті тегіс, әрі жұмсақ болып келеді (торкөзі,
жалаңжолды т.б.).
Сызба қағаздары қатты, беті жылтыр сурет қағаздарына қарағанда мықтылау
болады. Гүлдік қағаздар жұқа беріктігі мықты болып келеді. Түсті қағаздар
жұмсақ әрі жұқа, бірнеше түске боялып дайындалады. Ол қағаздар көбінесе
аппликациялық жұмыстар үшін қолданылады. Қағаздың қатырма қағаздан
айырмашылығы қалыңдығы мен тығыздығына қарай ажыратылады. Егер қалыңдығы
0,5 мм-ге дейін болып келсе, онда ол – қағаз деп, ал қалыңдығы 0,5 мм-ден
артық болып келсе, оны қатырма қағаз деп атаймыз.
Қағаз дегеніміз – бүктеуге, бояуға, майыстыруға, қаттауға, қиюға,
сызуға, желімдеуге ыңғайлы болып келген талшықты жұқаматериалды айтамыз.
Қағаздың негізгі шикізатына ағаш материалы жатады. Ағаштарды сорттап,
бөрене түрінде хауыздарда жібітіп, қабықтары ажыратылып кеспе түрінде
кесіліп, майдалап, ағаш ұнтағы әзірленіп, су қазандарында қоспалармен бірге
қоймалжың күйге келтіріліп қағаз дайындайтын агрегаттардың (машиналардың)
ұзындығы 1 км көлемінде болып агрегат биіктігі 3 қабатты үй көлемінде болып
келеді.
Қағаздардың қоймалжың көлемі торлардан өткізіліп, кептіріліп, сығымдап,
тегістеп, орам түрінде оралып дайындалынады. Қатырма қағаздардың да бірнеше
түрлері болады. Әрбір қатырма қағаздардың қаситеттеріне байланысты,
тұрмыстық өмірде кеңінен қолданылады. Қатырма қағаздың негізгі 4 түрі
болды.
1. Мұқабалық қатырма қағаздар;
2. Қорапшалқы қатырма қағаздар;
3. Техникалық қатырма қағаздар;
4. Құрылыстық қатырма қағаздар;
Қатырма қағаздар негізінен сары сабыннан, қағаз, мата қалдықтарынан
(макулатура) ағаш ұнтақтарынан дайындалады. Қағаздарды ең көп қолданылатын
сала – баспахана, жеңіл өнер кәсіп, тамақ өнеркәсібі салаларымен бірге
халыққа білім беру орындары көптеп қолданылады.
Қатырма қағаздың кейбір түрлерін жасау үшін шыны талшықтарын, асбест,
слюда және жасанды талшықтарды пайдаланады. Қатырма қағаздарды қағаздар
дайындайтын агрегаттар арқылы бөлек машиналарда дайындалады. Қатырма
қағаздар пішімі түрінде дайындалып кесіліп тиісті жерлерге жіберіледі.

1.1 Жапсырмалау. Симметрия. Симметриялы фигураларды қағаздан
жапсырмалау.
Жапсырмалау, негізінен, балалар заттарын әшекейлеу тәсілі. Сатып алатын
немесе дайын жапсырмалау үлгілері де бар. Олардың үтіктің көмегімен
жапсырып, тігеді немесе желімдейді. Төмендегі суреттерде жапсырмалау
үлгілері берілген.

Балалар киімдеріне арналған жапсырмаларда әр түрлі жемістердің,
жануарлардың, сандардың, ойыншықтар мен геометриялық пішіндердің бейнелерін
пайдалануға болады.
Жапсырмалауды бантиктермен, түймелермен, жапырақтармен, кестемен
немесе бояулы суреттермен әшекейлеген дұрыс.
Симметрия. Симметриялы фигураларды қағаздан жапсырмалау.
Егер суреттегі бейнелердің әрқайсысын тең ортасынан бүктесек, онда
бүктелген бөліктердің екеуі де бірімен-бірі дәл келеді – мұны симметриялы
деп аталады.
Сендер көбелекті, қоңызды, мысықты, күшікті, балапанды көрдіңдер,
олардың аяқтары симметриялы.
Сонымен бірге табиғаттағы барлық өсімдік жапырақтары, жәндіктер мен жан-
жануарлардың дене бітімдері, тіпті қар қылаулары да симметриялы болып
жаралады екен. Сондықтан кез келген қол өнер шеберлері де жасаған
дүниесінде симметрия шартын сақтауға тырысады. Көркем бұйымдар құрастырып,
жасағанда, табиғат сыйы – симметрияны үнемі есте ұстау қажет.

1.3 Матамен жапсырмалау.
Мата қиықтарынан жасалған суреттер. Әр суреттің (1-3) бөлшектері
суреттегі сияқты пішіледі.Жапсырмалау – алуан түрлі.
Біз қағазға не матаға қағаз немесе мата қиықтарынан жасалған өрнектерді
желімдеп немесе тігіп жапсырған жапсырмалауды көрдік. Оны киімдерді сәндеу
үшін де қолданады Жапсырмалауға арналған қиықтарды алдан ала крахмалдаймыз
(желатин желімін жаққан жақсы) және тегістейміз. Бөлшектерді сурет бойынша
қағаздан немесе матадан, мата қалдықтарынан пішеміз. Екі матаның да тік
жіптері дәл келуі керек.
Содан кейін оларды матаға тепшіп тігеміз. Матаға немесе қағазға
желімдеуге де болады. Шеттерін ілмекпен тігеміз. Кейде көзге қомақты
көрінуі үшін, астына синтепон немесе мақта саламыз. Жапсырмалау арқылы
халық ойындарын, ою-өрнектерін, ертегі кейіпкерлері мен көріністерін жасап
алуға болады..
Матамен жапсырмалау берік әрі әдемі болу үшін, оны крахмалдайды.
Крахмалданған бұйым тез тозбайды және тез кірлемейді.
І. Сабақтың тақырыбы: Киім кескінін жапсырмалау (аппликация)
ІІ. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды киім кескінін жапсырмалауға
үйрету. 2. Ұлттық киім ерекшеліктеріне зер салдыра отырып, ұлттық киім
үлгілерін айыра білу.
Сабақтың өтілу әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық киім үлгілерінің суреттерінен жапсырмалау
тәсілімен орындалған ұлттық киім үлгілері.
Сабақққа қажетті материалдар: түсті қағаз, қатырма қағаз, желім,
фламастар түрлері.
Сабаққа қажетті құралдар: қайшы, сызғыш, қалам.
ІІІ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі, өткен сабақты жаңа
сабақпен байланыстырып оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп шығу. 2.
Жаңа сабақ мақсатын түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
Мұғалім бұған дейін өткен сабақтарда орындалған жапсырмалау жұмысының
техникасын еске түсіре отырып желімді қалай жағу, немен жағу керектігі,
қағазды қалай үнемдеу керектігі еске түсіріліп оқушыларды ептілікке
үйретіп, ұқыптылықпен жұмыс істей білуге шақырады.
Орындайтын тапсырманы жүйелеп түсіндіргеннен соң оқушылармен бірлесіп
жұмыс жүргізіледі.
Тапсырма: 1-сынып болғандықтан алдын ала дайындалған киім үлгілерінің
бөліктерін түсті қағазға көшіріп қиып орындауға рұқсат етіледі.
Мұғалім әр партаға жеке ашық хатқа салып келген үлгілерін 2-3 оқушыға
тарқатып береді. Оқушылар үлгілердіретімен түсті қағазға көшіріп, басқа
қағаз бетіне жапсырмалап үйренеді, киім бөліктері нөмірленуі қажет. Жұмыс
үстінде ұлттық жапсырмалау (аппликация) техникасын киімдердің түр-түсі, ою-
өрнектеріне мән берілуі керек. Оқушыларға қазақ, өзбек, орыс халықтарының
ұлттық киім түрлерінің ерекшеліктеріне мән берілуі керек екендігі
ескертіледі.
1. Оқулықтағы суретті таңдап алу.
2. Ұлттық киімнің бөліктерін үлгі бойынша түсті қағазға көшіру.
3. Киім бөліктерін қиып алу.
4. Қиып алынған киім элементтерін басқа түсті қағаз бетіне жапсырмалап
орындау. Киім бөліктері нөмірленуі тиіс.
5. Киім үлгілерінің ою-өрнектерін желімдеу.
Практикалық жұмыс кезінде оқушыларға көмек көрсетіліп кемшіліктерін
дер кезінде түзетіп отыру қажет. Сабақ барысында оқушылардың жұмыстарын
салыстыру арқылы бағалау. Мұғалім киім үлгілерін жапсырмалау жұмысына
қайтадан соғатынын ескертіп кету.

2.Мозайка саласының даму тарихы
2.1 Мозайка өнерінің тарихы
Мозайка – ең ежелгі өнердің бірі. Ол смальта немесе басқа бір асыл
шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.
Ежелгі мысыр перғауыны Тутанхамонның тағы асыл тастар сынығынан
құрастырылған мозайкамен әшекейленгенді.
Италия музейлерінде бір кезде ежелгі ғимараттар қабырғаларын безендірген
мозайкалар өте көп-ақ. Ол кезде үйдің төбесіне, еденіне, есігіне түрлі-
түсті смальтадан құрастырылған ою-өрнек салынатын болған. Кейде тіпті
мекемелердің өзін мозайкамен нақыштайтын. Ежелгі Помпей, Пергам қалаларын
қазған кезде табылған мозайкалар ақ, сары, қара су тастар мен күйдірілген
ал қызыл қыш сынықтарынан құрастырылған. Бір үйдің едені тұп тұтас мозайка
болып шықты. Онда қалай болса солай шашылып жатқан гүлдер, жемістер мен
овощ қалдықтары бейнеленгендыктен, ол сыпырылмаған еден атанып кетті.
Орта Азияның ескі мешіттері мен сарайлары ақ, сары, көкшіл шытыра тастар
жапсырылған кірпіш мозайкамен көркемделген.
Мозайканың ерекше бір етек жайған жері – Византия. Мұнда Равенна
қаласындағы шіркеулердің бірінен табылған император Юстинианың мозайка
портреті берілген. Ол 6-ғасырда жасалған.
Ежелгі Русьта да түрлі-түсті шынылар жасауды білген. Х-ХІ ғасырларды
Киевте, Черниговта, Владимир – Суздальда салынған шіркеулер түрлі-түсті
смальтадан құрастырылған суреттермен әсемделген. Олардан қалған азғантай
жұрнақ осы кезге дейін әдемілігімен, бояуларының қанықтығымен қайран
қалдырады.
Кейін бұл өнер тоқырап, атымен ұмыт болды. Русьте мозайка өнерін Михаил
Васильевич Ломоносов қайта жандандырды. Ол арнайы лабороторияда түрлі-түсті
шыны жасау жолында мыңдаған тәжірибелер жасады. Ломоносов смальтаның 112
реңкін тапты.
Асыл тас та, алтын да емес, шыныға,
Арнаймын мен мақтау, мадақ жырымды.
деп жазды ол. 1753 жылы Петербург түбіндегі Усть-Рудницкое селосында түрлі-
түсті шыны жасайтын фабрика ашты, кейінірек Петербургте мозайка
шеберханасын ұйымдастырды. Сол шеберханада шәкірттерімен бірге аса көркем
Палтава шайхасы мозайкасын құрастырды. Жасыл көк орыс мундирінде көздің
жауын алып қызыл оқа жарқыраса қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ермексаздың қасиеттері және ыдыс түрлері дайындауға үйрету
Қазақ халқының ою-өрнек өнері
Сәндікқолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері
Жапсырмалаудың салалары және түрлері
Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері
Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жапсырмалау
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Пәндер