Экологиялық білім және тәрбие берудің теориялық негіздері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
1) Бүгінгі таңдағы ауыл мектебінің проблемалары мен шешу жолдары 4
2) Экологиялық білім және тәрбие берудің теориялық негіздері 10
3) Нарық заманында нарықтық білім берудің әлеуметтік маңызы 16
4) Білім беру перспективалары елбасымыздың жолдауында 17
5) Ақпараттық технология-ертеңгі перспективамыз 17
6) Білім берудің ұлттық моделі - перспективамыз. 18
ҚОРЫТЫНДЫ 23
Пайдаланған әдебиеттер 25
КІРІСПЕ
Еліміздің тәуелсіз ел болғанына он бес жыл болса да, білім беру
жүйесіндегі проблемалар әлі де болса өз шешімін таба алмай келе жатыр. Жыл
сайын білім жүйесін дамытуда түрлі шаралар өткізіліп, оның дамуына күш
салынуда. Мәселен, қазіргі кездегі ауыз толтырып айтылып жүрген он екі
жылдық білім жүйесі, балаларымызды жан жақты дамытып, олардың болашақ
Қазақстанды құру жөніндегі үмітін қанағаттандыру үшін істеліп жатқан игі
істер аз емес. Бүгінгі таңдағы балабақша мәселесі, түрлі статустағы
мектептер, атап айтатын болсақ, Дарын, ҚТЛ, Жас дарын, орта
мектептерде білім беру жүйесі реформаларда көрсетілген істерді жүзеге
асыруда. Еліміздің жоғары оқу орындары кредиттік технология бойынша білім
беруде. Жақсы жетілген кадрларды даярлап, бәсекеге қабілеті бар мамандарды
даярлау алдағы мақсаттардың көрінісі. Жоғары дамыған елдер қатарына жету
үшін жоғарыдан беріліп жатқан барлық ұсыныстарды түбегейлі зерттеп,
өзімізге қажетті жерлерін алуымыз керек. Оның бәрі білімге тірелетіні
бәрімізге белгілі.
Жұмыстың мақсаты. Жоғарыда айтылған мәселелермен қатар, қазіргі
кездегі істелініп жатқан істер, олардың проблемаларымызды қаншалықты шеше
алатындығы жөнінде, сонымен қатар перспективаларымыз төңірегіндегі істерді
толығымен қарастырып, тақырыпты ашу.
Жұмыстың өзектілігі. Экономикалық білім, нарықтық білімнің
маңызы, он екі жылдық білім жүйесі, ақпараттық технология, білім
саласындағы ұлттық менталитетіміздің сақталынуы.
Зерттеу әдістері. Жұмыс жасау барысында негізінен бұқаралық
ақпарат көздеріне көп көңіл аудардым, себебі, білім саласындағы барлық
істер туралы тың материалдар көп. Білім беру туралы конференциялардың,
реформалардың, бірқатар кітаптардың, интернет желісіндегі жаңалықтардан
материалдар алып, реттедім.
Жұмыстың құндылығы. Қажетінше мәселелер қарастырылған және
олардың шешу жолдары, болашақтағы перспективалар, атқарылып жатқан істер,
жоспарлар қарастырылып, жан –жақты ашылған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1) Бүгінгі таңдағы ауыл мектебінің проблемалары мен шешу жолдары
Адам бойындаға игі қасиет мектеп табалдырығынан басталады. Сондықтан
да мектепке қойылатын талап өте жоғары. Мектеп ғасыр талабымен үндесе
дамиды. Мектеп болашағымызды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кездегі оқушылардың білімді игеру дәрежесінің төмендігі
ешкімге де жасырын сыр емес. Соңғы бір жыл ішінде Алматы облыстық білім
департаментінің әр ауданды 100-120 адамнан құрылған комиссияның жан-жақты
жете тексеруі мемлекеттік білім стандартының орындалмайтынын, оқушылардың
білім сапасының өте темен екенін және оның жыл сайын нашарлап бара жатқанын
көрсетіп отыр. Менің ойымша барлық жердегі жағдай осындай. Мұның себебі
неде, оны қалай көтеруге болады дейтін болсақ, оған жауап беру үшін
оқушының бойында жаңа сапаны қалыптастыру керек дер едім. Оған не әсер
етеді, алдымен соны іздеуіміз керек.
Белгілі бір саладағы тұлғаны қалыптастыру үшін педагогикалық жүйе.
(Педагогика, дидактика, мақсат, мазмұн, оқытудың әдістері, ұйымдастыру
формалары, құралдары және оқу процесі). Дидактикада оқу процесі негізінен
үш компоненттен: оқу материалы және оқушы мен оқытушының іс-әрекетінен
тұрады.
Сондай-ақ ізденуге ауылдық жерде олардың тұрмыс дәрежесінің төмендігі
де кедергі келтіруде. Сондықтан мұғалімге тұрмыстық жағдай жасай отырып, іс-
әрекетті ұйымдастыру жолдарын үйрету, яғни, психологиялық-педагогикалық
сауатын көтеру қажет. Бірінші ұсынысым: аудандық білім бөлімінің
мамандарының еңбекақысын аудандағы ең жоғары еңбекақы алатын мектеп
басшыларынан жоғары қою керек. Сонда аудандық білім бөліміндегі
мамандардың санының аздығына қарамай, өз міндеттерін едәуір сапалы атқарар
еді.
Екінші ұсыныс. Сан алуан міндеттер жүктеліп отырған ауыл мектебінің
мұғалімі өзі қолданып жүрген технологияның берген жетістіктерін саралап,
жүйелеп, реттеп, жұмыс нәтижелерін талдап, жаңа педтехнологияларды таңдап
алуға шамасы жете ме? Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
бекіттіруі керек. Сонда әдістемелік жұмыстар жанданып, кемшіліктерге талдау
жасалып, озат тәжірибелерді іске асыруға ықылас арта түседі, мүғалім беделі
өсер еді.
Үшінші ұсыныс. Басқарудағы бір тетік – ол мұғалімді аттестациядан
өткізу. Өз пәндерін білмейтін мұғалім кездессе бұл соларға тосқауыл болады.
Төртінші ұсыныс. Басқару жұмысында білім мекемелерінің ойластырылып
жасалған жылдық жоспарының ерекше маңызы бар. Осы жоспардың үлкен бір
тарауы – мектепшілік бақылау, басшылық. Білім сапасы оқушының білімін
тексеру арқылы жүреді. Осы жұмыстарды сапалы атқару үшін 2-11 сыныптарында
барлық пәндерден әр түрлі нұсқада тақырыптық, тоқсандық жылдық білім
тексеру тестілері Тестілеу орталығы арқылы шығарылса және мектептегі
компьютерлер арқылы сараланатын бағдарламалармен қамтамасыз етілсе, басқару
аппаратына да, мұғалімдерге де көмек болар еді.
Бесінші ұсыныс. Білім негізі – бастауышта. Қиын оқушылар бастауышта
сауатсыз қалған оқушылардан шығады. ҚР Білім туралы Заңының 24-бабында:
... Жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш, негізгі және жоғары жалпы орта
білім. Аталған сатылар дербес немесе бірге жұмыс істеуі мүмкін...
делінген. Сондықтан жеткілікті оқушысы бар бастауыш сыныптарды бастауыш
мектеп етіп бөлу керек. Сонда білім сапасы артып, бастауыш сынып назардан
тыс қалмайды.
Ауыл мектептерінде дәуір ағымына қарай атқарылып жатқан жақсы жұмыстар
бар, шешімін күткен мәселелер де аз емес. Сонымен қатар ауылдық мектептерде
білім сапасы төмен дегенге негіз қалаушылар уақыт үрдісінен кеш қалған
мектептерден бастау алып отырғаны күмәнсіз. Осындай мектептерге талапты,
бақылау-басшылықты күшейту керек-ақ.
Экологиялық тәрбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте
маңызды болғандықтан, соңғы кездері философтардың, педагогтардың және
психологтардың назарын аударып отыр.
Қазіргі кезге ғаламдық проблемаға айналып отырғандықтан, еліміздің
білім беру жүйесіндегі өзекті мәселеге айналып отыр.
Ғалымдардың негізгі бөлігі экологиялық тәрбие берудің нәтижесін жеке
адамның әрекетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай күйіне деген моральдік
жауапкершіліктің белгілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен
мәдениетінің болуы, табиғатқа қарым-қатынасындағы мұраты мен этикасының
қалануы деп атайды.
Атақты педагог Б.М.Кудрявцева экологиялық тәрбиенің психологиялық
табиғатын қарастырып, оны жүйелік жолмен іске асырудың қажеттілігіне ерекше
мән береді.
Ол табиғатты қорғауға жұмылдырудағы адам бойындағы сенімнің негізгі
мына бөліктеріне баса назар аударды.
Оларды төмендегіше жіктеді:
1) Интеллектілік компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді
дүниетанымдық сипаттағы интеллектілік іскерлікті ойлау тәсілдері арқылы
меңгеруі.
2) Жеке-даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі, табиғат
қорғау әдісіне мақсат қою және олардың себептік дәлелі, моральдық
бағыттылығы, табиғатты қорғау қажеттілігіне және адамзаттың бұл
қажеттілікті ұғыну сезімі.
3) Ішкі дайындығы: ықылас, ниет – субъектінің өзіндегі бар біліміне
сәйкес әрекеттенуге талаптылығы ұстанған жолын нақты іске, әрекетке
айналдырудағы дайындығы.
ҚР-да экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізіне өркениетті
елдің өзін - өзі қолдап, тұрақты дамуы жатады. Бұл тұжырымның негізі БҰҰ
ұйымдастырған Қоршаған орта және даму РИО-92 конференциясында қабылданды.
Тұрақты дамудың негізгі ережелерін БҰҰ мемлекеттер басшыларының бас
қосқан конференциясында мақұлдады. Экологиялық білім мен тәрбие беру
қоғамдық, өндірістік, отбасылық қарым-қатынастармен тығыз байланысты және
ғылыми, моральдік саяси, құқықтық, эстетикалық сана түрлерінің бәрін
қамтиды.
Оқушыларға экологиялық білім бере отырып, бір мезгілде табтғат
қорғауға тәрбиелейміз. Себебі экологиялық білім және тәрбие - бірін-бірі
айыруға болмайтын тұтас процесс.
Жалпы білім беретін орта мектептегі экологиялық білім мен тәрбие
берудің теориялық мәселелерін зерттей келемынадай басты принциптерге
тоқталамыз:
1. Оқушылардың экологиялық білім және тәрбиесін қалыптастырудағы
пәнаралық тәсіл.
2. Экологиялық білім берудің жүйелілігі және үздіксіздігі.
3. Оқушылардың қоршаған табиғи ортаны оқып үйренудегі және
көркейтудегі интеллектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекетінің бірлігі.
4. экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік
деңгейде қарастыру.
Осы аталған принциптерді сақтайтын болсақ, табиғат қорғауды және соған
тәрбиелеу жұмыстары оң нәтиже береді.
Бүгінгі күні экологиялық білім және тәрбие берудің үш моделі
қалыптасқан:
1. Көп пәнді
2. Бір пәнді
3. Аралас
Қандай модельді таңдауды әрбір білім беретін орта мектеп өздері
шешеді.
Экологиялық білім және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының
маңызы айрықша зор. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және
оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар
қажет. Үздіксіз білім мен тәрбие беру жүйесін қалыптастыру және дамыту үшін
теориялық жағынан негіздейтін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру – уақыт
талабы.
Экологиялық білім және тәрбие берудің стратегиялық мақсаты – білім
мекемелері мен Қазақстан Республикасының басқа құрылымдары анықтаған
бағыттарын және жобаларын үйлестіру мен қолдау.
Нарықтық қоғамда нарық тауарлы –ақша айырбасы ортасын көрсетеді және
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынас жүйесін
білдіреді. Ендеше, адам өмірі мен қоғамның дамуы біздің заманымызда
нарықтық қатынастар негізінде жетілдіріледі.
Нарықтың мәнді белгілерінің бірі - бәсекелестік. Бәсеке нарықтық
қатыныс субъектілері арасындағы күрестің қоғамдық формасы болып табылады.
Бәсекелестік нарықтық процесті бақылау функциясын да атқарады. Мұндай
бәсеке тек нарықтық білімі жоғары, шебер маман, іскер кәсіпкер адам төтеп
бере алатынын әрқайсысымыздың білгеніміз жөн. Сондықтан да Н.Ә.Назарбаевтың
экономиканың жаһандану кезінде бәріміздің де бәсекеге қабілетті болуымызды
талап етіп отыруы – заманауи заңдылық.
Осы талаптар тұрғысынан нарықтық қоғам мүшесі кім және қандай болуы
керек, нарықтық білім мен тәрбиенің ғылыми-экономикалық ерекшеліктері
қандай, оқушыларға берілетін нарықтық білім жүйесінің қандай болғаны жөн,
бұл жөнінде щетел тәрбиелеріне зер салу, нарықтық білімдер мен ұғымдарды
және кәсіпкерлік тұлғаның қасиеттері сияқты мәселелерді азды-көпті
айқындауды мақсат еттік.
Жаһандану – объективті құбылыс. Қазақстан мұндай әлемдік процестен
қалмай, оған кіріп, дамыған елдермен тең басып жүруі керек. Біздің
жастарымызға жаһанданған өмірде, жаһанданған экономика жағдайында өмір
сүруге, еңбек етуге тура келеді. Біздің білім беру жүйеміздің реформалануы
әлемдік макропроцестерді ескеруі тиіс.
Енді оқушылар мен студенттер қандай біліммен, қандай қабілетпен,
қайтіп бәсекеге араласады, жұмысқа кіріседі? Деген сұрақ туады. Бұл
жағдайда мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының профессор-
оқытушыларына ерекше жоғары талап қойылатыны белгілі. Мұндай өмірде де,
жұмыста да бәсекеге қабілетті болудың бір жолы –қазіргі заманғы әлемдік
нарықтық қатынастардың негіздерімен жастар мектеп қабырғасынан бастап
танысып, микро-макроэкономиканы терең меңгеруі қажет. Ендеше, мұндай
жағдайда басқа елдермен аяғымызды тең басып жүре алуымыз үшін халықаралық
білім нарығы деңгейінде тең келтіретіндей өзіміздің де білім
стандартымыздың болғаны жөн. Осы заманғы жаһанданған экономика тұсында
мектеп пен жоғары оқу орындарының оқытушылары жеткіншектерге даяр білімді
тек тасымалдаушы ғана болып қалмай, олардың өз бетінше нарықтық білім мен
кәсіпкерлік қабілетті меңгеруіне, творчестволық ойлаудың дамуына басшылық
жасаушы жақсы жетекші рөл атқаратын болуы керек. Жастардың көп уақытын
оқуға емес, өзінше өмірге дайындала білуге үйретуіміз қажет.
Нарықтық қоғам мүшесі кім және қандай болуы керек? Бұл сұраққа
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамаларынан әлі күнге
дейін нақты жауап таба алмайтындығымыз анық.
Егемендігімізге лайықты дара тұлға тәрбиелеу мемлекетіміз бен
мектебіміздің басты мақсаты болуы керек емес пе? Көптеген зерттеушілердің
нәтижесіне сүйенсек, нарықтық қоғамға лайықты дара тұлға қажет сияқты. Мұны
дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғаны белгілі. Ғалымдарымыздың
арнайы зерттеулерінде кәсіпкерлердің іскерлік және кісілік қасиеттері
анықталған секілді.
Олай болса жастарға нарықтық білім мен тәрбие берудің жолдарын жан-
жақты қарастыруымыз қажет.
Қазақ халқының өмірі ежелден-ақ нарықтық қатынастарға байланысты
болып келген. Бүкіл әлемге әйгілі Ұлы Жібек Жолы - бұған дәлел.
Қоғамдық – экономикалық формация тұрғысынан қазіргі нарықтық қоғамның
базисі – жекеменшік. Ал оған қатысты тәрбиеленетін жеке тұлға – кәсіпкерлік
тұлға болуы тиіс.
Өркениетті елдердегідей барлық адамдар ұлтына, тіліне, дініне,
мамандығына қарамастан белгілі бір кәсіпкерлік ісімен ұдайы айналысатындай,
кәсіпқой болуы тиіс. Сондықтан ел Президенті атап көрсеткендей, ...нарыққа
байланысты әр адам қай салада болсын, сол алған мамандығының шыңына шығуы
керек. Адамның қадірлі болатыны, табысты болатындығы оның өз мамандығының
шыңына шығуына байланысты. Сол себепті елдің бәрі жақсы шаштаразға, жақсы
тігіншіге, жақсы дәрәгерге, жақсы мұғалімге барғысы келеді. Бар дүние,
байлық - шеберлердің қолында деген халық даналығы да бекер айтылмаса
керек.
Ендеше, нарықтың әлеуметтік – философиялық мәнін: өз күніңді өзің көр,
өкімет сені асырамайды, малыңды бағып, егініңді егіп бермейді, өз
игілігіңді өзің жаса, өзің сүйетін жұмысты өзің тауып ал, нендей кәсіппен
айналысу өз қолыңда, бай болу, кедей болу әркімнің өз қалауында деп
түсінуіміз қажет. Мұндай қиын мәселені шешуіміз үшін жастарға жаңаша
нарықтық сана, творчестволық экономикалық ойлау, тиімді кәсіпкерлік қарекет
керек. Тіпті, нарықтық өзгеше өмір салтына да көшу қажет, яғни, енжарлық
пен мінезді өзгерту керек.
Нарықтың саяси - идеологиялық тұрғыдан артықшылығы - жер жүзінде,
ешбір елде соғыстың болмауына ықпал жасайды.
2) Экологиялық білім және тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазақстанның білім беру перспективаларын Президентіміздің Қазақстан
халқына Жолдауындағы үзіндіден көруімізге болады. Мұнда төменбегідей
мәселелер қамтылған.
Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте онын білімділік
деңгейімен айқындалады.
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін
халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды
жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу
қажет.
Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиісті нормативтік-
құқықтық негізін қалыптастыру аса маңызды мәселе екені белгілі. Ендігі
мақсат нарық талабына сай ғылыми-техникалық саланы жүйелі реформалау, білім
беру ісін халықаралық деңгейге көтеріп, сапасын арттыру, бұған қоса
оқытушылардың шамадан тыс жүктемесін азайту мақсатында он екі жылдық білім
жүйесіне көшу болып тұр.
Мұны өркениет жолына түскен елдер, атап айтар болсақ, АҚШ, Швеция,
Франция, Жапония жүзеге асырған. Тіпті балалары он үш жыл оқитын елдер де
бар. Он екі жылдыққа бірден көшпейді. Бұған дайындық біраз уақытқа
созылатын шығар. Он екі сыныптың ішінде дайындық сыныптартары, яғни, нөлдік
сыныптар да кіреді. Қазір дайындық барлық мектептерде жұмыс істеп жатыр.
Сондықтан да бұл мәселеге алып-қашты әңгімелерге бой алдырмай, түсінікпен
қараған жөн. Осы он екі жылдықтың бір пайдасы 9-сыныпты бітіргендердің
озықтары лицейде оқып, жоғары оқу орындарынаәзірленеді. Кейбіреулері
колледжге түсуге мүмкіндік алады. Оны үздік ақтағандар жоғары оқу
орындарының екінші курсына қабылданады.
Кезінде он екі жылдық оқуға жету бізге әлі ертерек деп Білім мен ғылым
министрі болған Шәмшия Көпбайқызы Беркінбаева кейінге қалдырған еді. Ол
үшін оқу – материалдық база, білімді кадр, жақсы маман, өндіріс орындары
мен ауылшаруашылығын өркендету қажет болатын. Міне, тағы да жаңа министр
келді, ол да өзінің ұсынысы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасын ұсынды. Әрине, бұл да 12
жылдыққа көшу жөніндегі қажеттілікті алға тартады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына Білім туралы
Заңына, Ғылым туралы Заңына, Қазақстан - 2030 стратегиясына,
Қазақстанның 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму
стратегиясыны, Білім мемлекеттік бағдарламасына, Балалардың құқықтары
туралы Конвенцияға, жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік
конференцияның Деклорациясына, т.б. негізделген.
Осы тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама
әзірленетін болады. Оның қамтитыны-мыналар:
- Ағымдағы жағдай және білім беруді тежейтін факторлар;
- Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
- Білім берудің деңгейі мен мазмұны;
- Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже;
- Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері;
Бізге қажетті он екі жылдық білімге жетудің кедергілеріне көп болып
қолға алсақ, жемқорлардың кеңірдегіне тосқауыл қойсақ қана жүзеге асады.
Ендігі мақсат:
1. Мектеп реформасының стандартын, тұжырымдамасын, бағдарламаларын,
оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін жетілдіру және қайта даярлау.
2. Мектепке дейінгі мекемелерді мемлекеттік және мемлекеттік емес
мекемелерді іске қосу арқылы материалдарын жақсартып, бірінші сыныпқа
келетін балаларға білім мен тәрбие беруді жетілдіру.
3. Бастауыш мектептен бастап олардың жеке қабілеттерін зерттей отырып,
белгілі бір кәсіпке икемділігін алдын-ала зерттеп, соған бағдарлауға
психологиялық-педагогикалық зерттеу жургізу.
4. Орта білім алатын (5-10) сыныптар арасында білім берудің барлық
түрлерін жүзеге асыру, оқушының өзін-өзі таңдау, өз қабілетін өзі анықтау
және жетілдіру әдістерін терең ойластырып, оқытудың материалдық-техникалық
базасын жақсарту арқылы, класта және кластан тыс тәрбие жұмыстарын
жетілдіріп, оқушыларды жеке кәсіпкерлікке қабілетін анықтау, бағыт беру,
бағдарлау.
5. Үшінші басқышта 17-18 жастағы оқушыларға өзінің болашағын өзі
таңдауға мүмкіндік беру аса білімді, дарынды оқушыларды жоғары білім алу
үшін білімін жалғастыру, қалған оқушыларды өндіріске, жұмысқа орналастыру,
өз білімін арнайы орта білім беретін гимназия, колледждерде жалғастыру.
6. Мұғалім кадрларды даярлайтын оқу орындарын педагогикалық білім
саласындағы жан-жақты білетін бірнеше мамандық иелерін даярлау.
Осындай нақты жұмыстар жүзеге асырылғанда ғана қазір орта мектептерді
бітіріп, мамандығы жоқ болып жүрген 75-80 пайыз жастарды орналастырып,
жұмыссыздыққа тосқауыл қоямыз.
Мектепке дейінгі даярлық бірінші сыныпқа сәйкес келетін болады.
Балаларымыз он жыл оқудан кейін не жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, не
тиісті кәсіптік-техникалық білім алып, өз бетінше еңбек жолына түсу
жөнінде шешім қабылдауға тиіс. Мектептің соңғы жылындағы оқу қазіргі
жүйедегі ЖОО-ның бірінші курсына сәйкес келеді. Сол себепті жоғары білімнің
өзі негізінен төрт жылдық болады.
Осылайша, біз жаңа он екі жылдық жүйеге өтеміз, Сонымен қатар осы
реформаға жұмсалатын шығындарды қысқартамыз.
Әрине, бұл бірнеше жылға созылатын дайындықты талап етеді.
Сондықтан бұл уақыт араоығында артта қалған учаскелерді алға тартып,
білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын елеулі түрде нығайту
қажет.
Біріншіден, бала бақшалар жүйесін қалпына келтіруге және толыққанды
мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу қажет. Әзірше, мұндай
мүмкіндік бар жерде мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту
қажет.
Екіншіден, реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың
өмірге келуі болуға тиіс.
Үкіметке 2005-2006 оқу жылынан бастап педагог кадрларды даярлауға
мемлекеттік білім беру тапсырысын бес мың бірлікке ұлғайтуды тапсырамын.
Көптілді білімі бар педагогтар үшін қызмет орындарына ерекше назар
аудару қажет.
Мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру білім беру
жүйесінің қызметкерлерін қайта даярлау жөніндегі республикалық және
аймақтық институттардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет.
Мұғалімдер мен балалардың жайлы мектептерде оқып, жұмыс істеп, оқу
жабдықтарының, кабинеттердің, спорт алаңдарының тапшылығын сезінбегені өте
маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар
деңгейіне көтерілуге тиіс.
Келешекте мұғалім мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін
мамандықтардың бірі болуы керек. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына
сәйкес болуы міндетті.
Өткен жылы 68 мектеп салынды, үстіміздегі жылы 70-тен аса жаңа мектеп
салынып, 500-ден астамына жөндеу жүргізілетін болады. Мұның өзі күні
кешегі кеңестік тарихымыздың ең жақсы жылдарында да жасалған жоқ.
Сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz