ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары.
аСТАНА
Тақырыбы: «Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары».
Ж О С П А Р
КІРІСПЕ . . . 3
1. Бөлім
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 5
1. 1. Тіл үйрену және әдістеме ғылымына экскурс . . . 5
1. 2. Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері . . . 7
1. 3. Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары . . . 14
2. Бөлім
СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ17
2. 1. Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді
жолдары . . . 17
2. 2. Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде . . . 23
2. 3. Ағылшын тілі сабақтарында қарым-қатынастың интер-активті формасын
дамыту жолдары . . . 26
3 Бөлім
МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАУ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАЛАБЫ… . . . … 29
ҚОРТЫНДЫ . . . 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35
КІРІСПЕ
Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
“Білім - тұл, тілден шығып есілмесе”, - дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік білімді оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. Сондықтан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстанның білім жүйесін реформалауда оқушының дара тұлғалық қабілеттерін дамыту проблемасы күн тәртібіне қойылды.
Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.
Ағылшын тiлi сабақтарының басты мақсаты - шәкiрттерге өз елiнде басқа пәндерден, күнделiктi өзiн қоршаған ортада, қоғамнан алған бiлiм, бiлiк дағдыларына қоса басқа елдердiң тыныс-тiршiлiгiнен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесiн жетiлдiре түсуге көмектесу
Зерттеудің мақсаты . Жалпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілінде сөйлеудің инновациялық технологиясын оқытудың ғылыми-әдістемелік негізін тұжырымдау, негізгі және бағдарлы мектеп сатыларында ағылшын тілінде оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
Ағылшын тілін оқыту бойынша инновациялық технологияларды қолдану жолдарын белгілеу және ағылшын тілін оқытуға бағытталған кешенді жаттығулар мен тапсырмаларды жүйелеу, жіктеу және сипаттау.
1. Бөлім ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Тіл үйрену және әдістеме ғылымына экскурс .
Тіл - қоғамдық құбылыстың бір формасы. Тіл - ең алдымен қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуына, қарым-қатынас жасауына қажетті құрал. Осыған орай, ол негізінен өзінің коммуникативтік қызметін атқарады. Бірақ тілдің қоғамдық қызметі тек мұнымен шектелмейді. Тіл - құрамдық жағынан үнемі жаңарып, толысып отырады да халықпен, оның өмірімен бірге өзгеріске ұшырайды.
Тіл қоғамдағы маңызды қатынас құралы болғандықтан, ол, ең алдымен, ойлаумен және санамен қоғамдық өмірде нақтылы бір қызметтер (коммуникативтік қызмет) атқару арқылы тиянақты мәнге ие болады. Сондықтан тіл ойды жарыққа шығарып, қажеттілікке жұмсау арқылы оймен тікелей байланысты. Сол арқылы тіл - обьективті шындық туралы адамның санасын жүйеге келтіріп, ұйымдастырады. Осы тұрғыдан тіл табиғи шындықты үйренудің, бейнелеудің және абстракт түрде ойлаудың негізгі тетігі болып табылады. Ойды білудің ең кіші тілдік бірлігі - сөйлем, одан кішісі - сөз тіркестері, одан кейінгі - сөз тиянақты ойды білдіре алмайды.
Сөз- қауымның әрбір мүшесіне тікелей байланысты обьективті құбылыс, обьективті шындық. Әрбір қауым мүшесі оны қарым-қатынас жасау, бір-біріне әсер ету құралы деп есептейді. Сөз - өмірдің сәулесі, қоғамдық құбылыстардың айнасы сияқты. Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәрі әуелі тілден орын тебеді де, содан соң халық мұрасына айналады. Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың, ұлттың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Тіл жүйелілікті сүйеді, жүйесіз тіл болмайды. Сөйлеу тілі мен жазба тіл - жалпы тілдің өмір сүру формалары. Сөйлеу тілі мен жазбаша тіл өте тығыз байланысты. Сөйлеу тілі адамның естуі арқылы қабылдануына бағытталады. Сөйлеу тілі екі не бірнеше адам арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Ол сабақта монолог айту, диалог құру, келіссөз жүргізу түрінде жүзеге асады. Жазбаша тілде басты орын алатын сөздік диктант, мазмұндама, шығарма, шарт жасауда басты роль атқарады. Сабақ - оқу әдісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Қазіргі өмір талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Ағылшын тiлiн үйрену баланың өз бетiнше бiлiм алуына, интермәдениет коммуникациясын бойына сiңiруіне септiгiн тигiзедi.
Осы шет тілдерін оқыту әдістемесінің зерттеулеріне сүйенсек, өткен ғасырдың соңғы 30 жылында жеткен жетістіктері мынадай:
Шетел тілдерін оқу процесін сипаттайтын әдістемлік білімнің категориялары анықталып, әдістемелік түсініктердің жүйелік құрылымы пайда болды.
Даму заңдылықтары бұрынғыдай пәлсапаның жаңа зерттеулерімен, лингвистикамен, психологиямен, психолингвистика және жалпы дидактикамен байланысып жатқан шет тілін оқытудың теориялық және практикалық әдістемелер негіздерін түзу жобасы ұсынылды.
Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әр түрлі жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір-бірімен тығыз байланысты сөйлесім әрекеттерінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдары анықталды.
Шет тілін оқуда үйренуші тіл және сол тіл елінің мәдениетін зерттеуде айтулы нәтижелерге қол жеткізді. Дегенмен, тіл және мәдениет арасынағы қарым-қатынас мәселесі шет тілін үйренудегі белгілі ережелер ретінде әлі күнге дейін толыққанды ашылмай отыр.
Шет тілін үйрену процесінде коммуникативті бағыттағы негіз ұсынылды. Ол дегеніміз - шет тілін үйренуші тұлғаның тілге деген құштарлығы, белсенділік әрекеті, өз бетінше жұмыс істей алу еркі. Осы әрекеттердің барлығы үйренушінің бойынан табылып жатса, онда ол шет тілін үйрену үрдісін жеңілдетер еді.
Шет тілін оқыту процесінде аудио-видео және электронды техникалық аппараттарды пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілді.
Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан тілде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммукативтік жаттығулар орындау, коммукативтік компетенцияларды дамыту енгізілді.
Шет тілін оқытуда білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның актуалды проблемасы ретінде қарастырылып, сараптау, яғни, тестілеу арқылы шет тілін үйренушінің нәтижелері қадағаланып, олардың оқу сатылары анықталып отыратын болды.
Шешімін тапқан осы проблемаларға тереңірек үңілсек, олар әлі де болса зерттеулер мен толықтыруларды қажет ететіні байқалады.
1. 2 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
Ағылшын тілі - Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед, нидерланд және өзге де тілдер жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелден басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген.
Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын тілінің жалғыз ғана нұсқасы болған еді. Ол алғаш Британияда қалыптасты. Бұдан соң ағылшын тілі Америка, Австралия, Жаңа Зеландия, Индия, Азия және Африка халықтарының ортақ тіліне айналды. Бірақ, осы аталған елдерде ағылшын тілі әр түрлі деңгейде дамыды, жетілді, толықты, байыды.
Ағылшын тілі - дүниежүзілік тіл немесе халықаралық тіл. Бірақ, алғаш рет отарлауды бастаған голландықтар мен испандықтар. Ал, олардың тілі неге әлемдік тілге айналмады? Өйткені голландықтар «біздің тіл көркем, әуезді, сендер грамматиканы білмейсіңдер, тілді бұзасыңдар», - деп отар елдерді өз тілінде сөйлетпей қойған. Ағылшындар «қалай сөйлесеңдер де өздерің біліңдер, біз ақпаратты түсінсек болды», - деген. Ағылшын тілінің грамматикасы екі септіктен тұрады. Сондықтан сөйлеуі - жеңілдеу, бірақ жазылуы - күрделі.
Ұлттық география қоғамының деректері бойынша әлем халықтарының 70 проценті бар болғаны қырық тілде ғана сөйлейді екен. Әлемдегі ең көп тараған әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл - ағылшын. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып саналады. Қазіргі қоғамда «ең сәнді» болып келетін ағылшын тілінің Америкалық ағылшын, Канадалық ағылшын, Австралиялық ағылшын, Жаңа Зеландиялық ағылшын секілді түрлерінен басқа отыздан астам диалектілік түрлері бар. Бірақ олар бір-біріне ұқсамайды.
Жуықта елімізде Мемлекет Басшысының жетекшілігімен «тілдердің үш тұғырлығы» тұжырымдамасы әзірленді. Өз мемлекетінің тілін білу - әрбір азаматтың борышы. Орыс тілін білу де қосымша дәлелдеуді қажет етпейді, ол Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс тілі бола отырып, ұлтаралық қатынас құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Әлемде 250 миллионға жуық адам орыс тілінде сөйлейді. Бүгінгі күні ағылшын тілін оқып-үйрену аса маңызды қажеттілік болып табылады. Өйткені ол, шын мәнінде, әлемдік тілге айналып кетті. Ағылшын тілін меңгермей, жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы айту мүмкін емес. Сондықтан қазір қытайлықтардың өзі де ағылшын тілін бар ынтасымен оқып-үйренуде.
Ағылшын тілі - БҰҰ-ның негізгі алты тілінің бірі болып саналады.
Ағылшын тiлi пәнi мектепте бiлiм, тәрбие берумен қатар жасөспiрiмдердiң жеке бас қасиеттерiн тұлға ретiнде жетiлдiруге, қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етедi.
Ағылшын тiлi пәнiнiң басты мiндетi - шәкiрттердiң тiлдiк қарым-қатынас жасай алу бiлiктiлiгiн жетiлдiру.
Ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты. Ол шарттардың ең бастысы ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсат. Сонымен қатар ағылшын тілін оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны да белгілі бір әдістемені қолдануға ықпал етеді. Шет ел тілін оқып-үйретуде шәкірттердің жас ерекшелігі де әдістеме таңдауда ескерілуге тиіс.
Оқыту шарттарының ішінде оқыту мақсаты аса маңызды рөль атқарады. Қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және өзге де байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Осы замандық ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау өте маңызды. Өйткені, пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі болуы заңды.
Сондай-ақ салыстыра сипаттау оқытушының таңдауы үшін де маңызды. Әдістердің түрі - сан алуан. Бұл тәсілдердің өзгешеліктерін білмей отырып, оны таңдау қиынға соғады. Сондықтан да ағылшын тілін оқыту әдістемесіне сипаттама беру - тым өзекті.
Аталмыш зерттеудің міндеттері бүгінгі ағылшын тілін оқыту әдістерінің негізін салған басты принциптерінен дараланып шыққан. Оқыту әдістері: Логикалық ойлау; Сатылау; Рольдік ойындар; Тізбектеу әдісі; Мәдени қарым-қатынас; Проблемалық оқыту; Медиация; Проекттілік (жобалау) әдісі; Миға шабуыл; Анализдеу; Пікір таластыру; Шығармашылық қалыптасу әдісі; Болжау; Интерактивті әдістер; Көру, есту кинестетикалық; Коммуникативтік, Тандем, Витагендік әдіс, Іс-әрекеттік және аралықтан (қашықтан) оқыту әдісі.
Адамзат тарихында білім берудің әр алуан әдіс-тәсілдері әзірленген. Шетел тілін оқытудың жолдары алдымен оқу мен аудармаға лайықталған білім беру процесі аясындағы латын және грек тәрізді «өлі тілдерді» оқыту үшін әзірленген бағдарламалардан алынды.
Мұндай әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың бел ортасында «Grammar-translational method» (грамматикалық-аударма әдісі) атауымен ресімделді.
Жоғарыдағы әдіске сай, тілді меңгеру үшін грамматика мен сөздікті меңгеру қажет болды. Ал мұны жетілдіру процесстері бір грамматикалық құрылымнан келесіге қарай бағытталған қимыл деп пайымдалды. Сөйтіп, осы тәсілмен оқытуды жоспарлаған оқытушы, алдымен қандай грамматикалық құрылымды баяндауды ойластырады. Одан соң сол тақырыптарға орай жеке сөйлем мәтіндері жинақталады. Бұдан соң олардың аудармасы қамтылады, алдымен - шет тілінен ана тіліне, кейін - керісінше.
Қолданысқа ертеден кіргеніне қарамастан, бұл әдістің өзіне тән артықшылықтары бар. Біріншіден, ол грамматиканы жетік меңгеруге жол береді. Екіншіден, бұл тәсіл - тілді грамматикалық формулалардың қосындысы іспетті қабылдайтындарға, логикалық ойлау деңгейі тым жоғары жетілген азаматтарға әбден ыңғайлы. Шетел тілін үйретудің осы тәсілі 50 жылдардың аяғына дейін үстемдік етіп келді. Айта кететініміз, барлық данышпандар мен феноменальді білікті аудармашылар қазіргі кезеңге дейін осы әдіспен оқып үйренді.
50 жылдардың орта тұсында бұл тәсіл лингвистердің заман ағымына қарай қалыптастырған талабына толық жауап бере алмады. Соның нәтижесінде сан алуан әдіс-тәсілдер дүниеге келтірілді. Солардың бірқатарын сипаттап көрелік:
60 жылдары пайда болған «Silent way» (үнсіздік әдісі) атауына лайық, бұл әдістің ағылшын тілін игертудегі принципі - тіл үйренушіге кедергі келтірмеу әрі оған оқытушының көзқарасын араластырмау. Осы әдістеме бойынша оқытушы бастапқыда еш нәрсе айтпайды. Сөздің айтылуының кіші деңгейін оқыту барысында ол күрделі түрлі түсті таблицаларды қолданады. Кестедегі белгілер мен түстер белгілі бір дыбысты таңбалайды. Сөйтіп жаңа сөздер таныстырылады. Мәселен, «table» сөзін айту үшін алдымен «т», одан кейін «эй» дыбысының белгісі саналатын квадрат көрсетіледі. Осылайша, квадраттар мен түрлі таяқшалар арқылы жасалған сабақтағы манипулиямен оқыту ісі өз мақсатына сай ілгерілей береді.
Аталған әдістің артықшылықтары неде? Оқытушының тілді білу деңгейі оқушының тіл білу деңгейіне ықпал етпей, сөйте келе тілді оқушының оқытушыдан артық меңгеріп кететін кездері болады. Бұдан бөлек, оқу процесінде оқушы еркін сөйлеп үйренуге мәжбүр болады. Осы тәсіл жоғары технологияға құмар жандарға тым қолайлы.
Келесі тағы бір қызықты әдіс «Total-physical response» (физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдістің негізгі ережесінде айтылғандар: Өзіңіздің белгілі бір себептермен өткізіп алған нәрселеріңізді түсінудің қажеті жоқ. Осы теорияға сай оқушы алғашқы сатысында ештеңе айтпайды. Алдымен, ол жеткілікті деңгейде білім алуы керек. Алғашқы жиырма сабақта оқушы үнемі ағылшын сөздерін тыңдайды. Ол не оқыса да, оқығаны жөнінде тіс жармайды. Содан соңғы оқу процесі - оқығанын не тыңдағанын қимылмен сезінетін кез. Физикалық қимылдарды білдіретін сөздер арқылы барлық сөздерді меңгеруге мүмкіндік туады. Мәселен, «тұр» деген сөзді түсініп, барлығы орындарынан тұрады, «отыр» дегенде олар отырады. Оқушы біраз мәлімет жиғанда барып (алдымен тыңдады, сосын қозғалыста болды), ол сөйлеуге дайын бола бастайды. Бұл әдістің басымдығы, оқушы үйрену процесінде өзін өте жайлы сезінеді. Керекті эффект адамның алуға тиісті ақпаратын жіберіп алу есебінен жетіледі. Тағы бір айтарлығы, тілді үйрену үрдісінде келтірілген тәсіл бойынша оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады.
Ойға шому («Sugesto pedia») деп аталатын әдіске де көңіл бөлген орынды. Бұл тәсіл 70 жылдары қолданысқа енді. Бұл әдіске сай, ағылшын тілін мүлдем басқа адам бола отырып (әсіресе, үйрену кезеңінде) ұғынасың. Осындай жолмен тіл үйрену барысында топтағы барлық оқушылар өздеріне жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады. Осының нәтижесінде олар өздерін мүлдем басқа әлемде - зердеге тоқыған ағылшын әлемінде отырғандай күй кешеді, қызықты қиялға беріледі. Мұның бәрі оқып-үйрену процесіндегі кез келген адамның кеңінен көсіле сөйлеуіне әрі оның сөзі тұпнұсқаға барынша ұқсас болуына ұйғарылып жасалған.
Ағылшын тілін үйренудің келесісі - аудиолингвистикалық әдіс («Audio-lingual method») . Ол 70 жылдардың аяғына қарай келіп қосылды. Оның жай-жапсары келесідей: бірінші кезеңде оқушы фонограммадан немесе оқытушының түсіндірмесінен тыңдағанын бірнеше рет қайталайды. Одан соң, оған бір-екі фразаны (тіркесті) айтуға рұқсат етіледі, ал қалғандары да осы тәріздес қайталаулардан тұрады.
70 жылдары пайда болған тәсілдің бірі - коммуникативтік әдіс. Оның басты мақсаты - әңгімелесушілердің сөздері түсінікті болуы үшін адам баласын бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Коммункативтік әдіс қазіргі таңда да жұмыс барысында жиі қолданыс тапқан. Осы замандық коммункативтік әдіс - білім берудің әр алуан әдістемесінің даму жолынан өткен, ағылшын тілін үйретудегі бірқатар үлгілі тәсілдердің үйлесімді көрінісі.
Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес. Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол - мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүниетанымдылығы мен қабілеттілігінің артуы.
Тілді меңгеруде сөздік қордың бай болуы да манызды мәселе.
Ағылшын тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео кассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Әр түрлі жаңа технологиялар тәжірибеде қолданылуда. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Тіл үйретудегі ең басты міндет - оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Олардың сөздік қорын дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай-ақ ағылшын тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері түсіндіріледі.
Көрнекілік әдісі - сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі әрі жиі қолданылады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық талаптарға сай әрі екі немесе үш түстен болуы керек. Бұл әдістің сөздік қорды дамытуда орны бөлек.
Келесі әдіс - сұрақ-жауап әдісі. Бұл - балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға қолайлы. Өте белгілі де тиімді әдіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz