Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе . . . 3-6

І тарау. ХХ ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласы

өңіріндегі білім ордаларының ашылуы.

  1. Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі . . . 7-10
  2. Ақтөбе қаласында орта және жоғарғы оқу орындарының ашылуы . . . 11-14
  3. Саяси қуғын-сүргіннің орта және жоғарғы оқу орындарын қамтуы: зардаптары мен салдары . . . 15-27

ІІ тарау. 1941-1990 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласындағы орта

және жоғарғы оқу орындарының дамуы.

2. 1. Соғыс жылдарындағы орта және жоғарғы оқу орындары . . . 28-31

2. 2. 1945-1990 жж. аралығындағы орта және жоғарғы оқу

орындарының даму мәселелері: қиыншылықтары мен

жетістектері . . . 32-41

Қорытынды . . . 42-44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45-46

Кіріспе

Елімізде тоталитарлық жүйенің орнығуы, халықымздың өнер білімге деген ұмтылысына да шек қойды. ХІХ ғасырда қарқынды жүрген отаршылдық саясат, ХХ ғасыр басында орын алған қазан төңкерісі, революциялық жолмен дүниеге келген кеңестік үкімет, сол кеңес саясатымен әсіресе кеңестік саясатты өз мүддделіріне жұмылдырған жекелеген тұлғалардың атап айтсақ Сталин мен Голощекиннің халыққа жасаған қиянаты, ашаршылық, жаппай қуғын сүргін саясаты бұның барлығы еліміздің, қаламыздың тарихына тарих қосты. Қаламызда оқу орнының ашылып оның қарқынды әрі тұрақты дамуына да өз ықпалын тигізбей қоймады. Сондықтанда Қала тарихын зерттеуде бұл тақырып өзінің өзектілігінде көрсетеді.

Посткоммунистік кезеңдегі дамып келе жатқан демократия уақыт пен төзімділікті, сондай-ақ жаңа өлшемдер мен құндылықтарды қалыптастыруды қажет етеді. Ең алдымен демократияландыру процессінің мәнін білімнен іздеу керек. Осыған орай тәуелсіз Қазақстанның төл тарихын обьективті тұрғыдан зерттеп, зерделеуіміз қажет. Ол үшін кеңестік дәуірде белгілі себептермен ақиқатты тұрғыдан зерттелінбей қалған тарихымызды қалпына келтіруіміз керек. Сондай өзекті тақырыптардың бірі ХХ ғасырдың 20-90 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласындағы орта және жоғарғы оқу орындарының ашылу және одан әрі даму тарихы борлып табылады. Себебі, блім саласының жетістіктері мен кемшін тұстарын зерттеу, жарқын болашаққа жетелейтіндігі анық. Кез- келгшен қоғамның даму деңгейі білімге келіп тірелетіндігі ақиқат.

Тақырыптың өзектілігі.

Тарих қойнауына үңілген кезде халық тағдырында бастан кешірілген ақтаңдақ күндерді елемей кету күнә. Сол себептенде облыс аумыағында орын алған, қаламызда орын тепкен оқу ағарту мәселелері, осы мәселелер негізінде ашылған оқу орындары бүгінгі күні отанымыздың тарихы тұрғысынан өзекті мәселе ретінде қарастырылмақ. Бұл туралы анығырақ мағлұмат бере кетсек, өткен ғасыр басында қаламызда орта білім беретін арнаулы оқу орындары, іле-шала мамандардың біліктілдігін артыратын, білікті маман даярлайтын оқу орындарыда ашыла бастады. Бірақта сол уақыттарда орын алған саяси оқиғалар, тарих пен сабақтасқан оқиғалар бұған, өз әсерін тигізіп қоймады.

Соғыстың, ашаршылықтың болуына, зиялы адамдардың саясаттың құрбаны болуына тотаритарлық жүйе айыпты болды.

Сол тотаритарлық жүйеге қазақ қоғамының тәуелді болуы бір қатар ағартушы педагог ғалымдарынанда айырды. Бір сөзбен а йтқанда елімізде, қаламыздың өзінде орын алған оқу ағарту мәселесіне тоталитарлық тәртіп өз әсерін тигізбей қоймады. Бір қатар рқытушы, ұстаз маман иелері саяси қуғын қуғын сүргіннің құрбаны болды, бір қатары ұлы Отан соғысына аттанды. Ұлы отан соғысына бүкіл халық жұмылдырылды. Осы орайда бір қатар өскелең ұрпақтың оқуғада мұржасы келмей қалды. Еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін отан деген түсініктен алшақ кетпеді. Бұныңда тарихымызда алар орны ерекше.

Осы орайда туындайтын міндеттер ХХ ғасыр басындағы отан тарихымен сабақтас қаламыздың, әсіресе сол кездердегі орын алған оқу ағарту ісінің барысын, ашылған оқу орындарын, оның алдында тұрған мәселелерді, оның шешілу аясына тарихи шолу болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Аталмыш тақырып көлемінде бірқатар отандық тарихшы-ғалымдар еңбек сіңіріп, туындыларын қалдыруда. Атап атсақ Профессор З. Байдосов, Тәжібаев, Г: С: Сұлтанғалиева, Ұ. Ш. Исмагулов және т. б. ғалымдарымыз осы Ақтөбе тарихының зертелуіне өздерінің ғылыми үлестерін қосуда. Бірқатар ғылыми еңбектер жарыққа шығаруда. Олардың қатарында: Кеңес мемлекетінің өмір сүріп тұрған кезеңінде қаламыздың тарихына арналған ғылыми монографиялар да бар. Олардың ішінде атап айтсақ: «Ақтөбе қаласының тарихы (1869 -1991) - Ақтөбе, 1998. 160 б., «Ақтөбе облысының тарихы (1864 - 1991) Ақтөбе., 1999. 280 б., «Из историй Актюбинской области. Краеведческий сборник // Под редакций кандидата исторических наук, доцента А. П. Прусса. - Актюбинск, 1991»., «Вячеслав Афанасьев События и судьбы заметки Актюбинского краеведа» 1992» және т. б. бар. Аталып өткен еңбектерде негізінен, қала өңірінің тарихы, қаламыздың экономикалық даму деңгейлері, тарихи жағыдайы, қаламыздағы оқу ағарту үрдісінің орын алу деңгейі, ашылған оқу орындары оның бүгінгі даму барысы, Ақпан және Қазан төңкерістерінің ақиқаты, соғыстың нәтижесі мен тарихи маңызы, тотаритарлық жүйенің зардаптары қарастырылады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі мен жағрафиялық ауқымы .

ХХ ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласы өңіріндегі білім ордаларының ашылуы тақырыбына арналған бұл диплом жұмысы 1920 жылдан - 1991 жылдың ақырына дейінгі оқу орындарының даму барысының өрбуін баяндаса, жағрафиялық ауқымы қала және қала аймағын қамтиды.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі.

Аталмыш тақырыпқа арналған диплом жұмысын жазу барысында тақырыпты таңдау, талқылау, сараптама-анализ, салыстырмалы талдау, ізденіс-зерттеу, баяндау, хронологиялық ауқымдау әдістері қолданылды.

Еңбектің құрылымы.

Кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші таурау «ХХ ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласы өңіріндегі білім ордаларының ашылуы» деп аталып, онда Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі, соғысқа дейінгі жылдарда Ақтөбе қаласында ашылған орта және жоғарғы оқу орындары көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл оқу орындарына тоталитарлық жүйенің әсері, саяси қуғын-сүргіннің орта және жоғарғы оқу орындарын қамтуы: зардаптары мен салдары айтылады.

Екінші тарау «1941-1990 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласындағы орта және жоғарғы оқу орындарының дамуы» деп аталып, онда соғыс жылдарындағы орта және жоғарғы оқу орындары, қаламыздағы 1945-1990 жж. аралығындағы орта және жоғарғы оқу орындарының әлеуметтк жағыдайы, даму дәрежесі мен мәселелері: қиыншылықтары мен жетістектері, бүгінгі күнгі жетістіктері зерделеніп көрсетіледі. Қорытынды бөлімде ой тиянақталды.

Диплом жұмысының сыннан өтуі.

«ХХ ғасырдың 20-90 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласында орта жәнежоғарғы оқу орындарының ашылуы және одан әрі дамуы» тақырыбына арналған диплом жұмысы «кафедра аты» сыннан өтіп талқыланды.

І тарау. ХХ ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы Ақтөбе қаласы өңіріндегі білім ордаларының ашылуы.

  1. Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі

«Халықтың кемелденуі үшін оған ең алдымен азаттық пен білім керек» -деп қазақ тарихшысы Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, өткен ғасыр басында қазақ қоғамының алдында тұрған өзекті мәселелрдің түйіні алдымен оқу ағарту мәселесімен тығыз байланысыты болғандығын атап өткенніміз абзал. Ақтөбе өңіріндеде осы әлеуметтік мәселердің негізі ретінде, оқу ағарту мәселелері жолға қойылды. Оқу ағарту жұмыстарыныңда ел тарихына қатысты тұстары жетерлік. Себебі оқу ағарту жұмыстары, үрдістері басым жүрген ортада түрлі қоғам қайраткерлерініңде болатыны да белгілі. Сонымен қатар оқу ағартушылық арқылыда түрлі саяси ағымдардың елімізге келетіндігіде белгілі Бұл мәселелерге де алда әліде кеңінен тоқталмақпыз.

Өткен ғасыр басында қаламыздағы оқу ошақтарын, оның әлеуметтік жай - күйін айтпас бұрын ағарту мәселесінің көтерілу дәрежесіне тоқтала кеткеніміз жөн болар. Себебі оқу ағарту үрдісі алдымен қаланыңғана емес, облыстар төңірегінде жүрген. Бүгінгі біздің қолымызға жетіп отырған тарихи деректер осыны көрсетіп отыр.

«Облыстың қазіргі шекарасында алғашқы білім беретін оқу орнын салу (мектеп ашу) мәселесі 1858 жылы қозғалған. Ақ патша - ағзам осы ұсыныс төңірегінде алты жыл ойланып барып тоқтамға келгенде 1864 жылы Орал бекінісінде бастауыш орыс - қырғыз мектебі ашылды. Кейін бұл бекініс Ырғыз болып өзгертілді» /2; 30/. Осы тұста орынбор шекаралық комиссияның төрағасы Григорьевтің осы оқу мәселесіне, соның ішінде мектепке қатысы айтқан мына бір сөзіне тоқтала кетсек: «Употреблять каким - либо усилия к тому, чтобы склонять и привликайть ордынцев к отдаче детей свойх учится положительно не следует. Штат школы можно ограничить 25 воспитанникам и однм учителем»/2; 38/. Бұл мектептіңде өмірі қысқа болған. Бес жылдан кейін жабылып қалды, мектеп үйі сатылды. Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы біздің облыс аймағында мектеп ашылған жоқ. Ек 1881 жылығана «уақытша» деген бұрыштамамен Ақтөбеде отыз орындық орыс - қазақ училишесі жұмыс істей бастады /3; 10/. Біз бұл тарихи тұжырымды не себептен алға тартып отырмыз? Бір қарағанда бұл сөз қарама қайшы пікірде туғызуы да ықтимал. Дегенменде мектепсіз, адамға мектеп табалдырығын аттамайынша жоғарғы оқу орындарының жұмыс істеп, одан әрі дами түсуі екі талай. Демек жоғарғы білім ордасының негізі мектептен бастау алады. Отандық тарихымыздан белгілі елімізде, қаламыздың төңірегінде орын алған оқу ағарту үрдісіде осы тарихи шындықты көрсетіп отыр. Сондықтанда өткен ғасыр басында қаламыздағы шағын оқу ордаларының ашылу тарихын айтпас бұрын, алдымен осы уақыт майданындағы оқу ағарту ісінің негіздерін, әлеуметтік саяси көріністерінеде қысқаша тоқтала кеткеніміз абзал. Осы тақырыпқа қатысты деректер жинау кезінде мынадай тарихи деректі кездестіргеніміз бар. Қаламызда ең алғашқы кіші оқу ордасы 1894 жылы салынған. Сапалы күйген кірпіштен өрілген, төбесі қаңылтырмен өрнектелген осы ғимарат күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық құрылыс жұмысына 34. 182 сом 27 тиын жұмсалыпты /4; 55/. Ол жылдары бір қонды қойды 1, 50 тиынға сатып алуға болатын көрінеді. Сонымен қатар араға он жылсалып Ақтөбеде екінші кіші оқу ордасы салынды. Онда орыс қыздары оқытыла бастаған /1; 40 /.

1896 жылы «Тургайская газетінде» осы қыздар мектебі жайлы былай деп жазылыпты: Женская школа красивое в архитектурном отношений и удобное по внутреннему устройству здание. Ее большие, чистые и светлые комнаты приятно ласкают взор и оставляют отрадное впечатление. Здес вы не найдете ни душной, пыльной атмосферы которая так учнетающие действует, на казахского ребенка, привыкшего к чистому воздуху степи, нисерого полумрака и отсыревих стен, так обычных в наших школах. /4; 70/. Бұл мектепте қазақ қыздары жатып оқитын 25 орындық интернат, 2 - сынып бөлмесі, мұғалімнің жататын, және қол өнер бөлмесі болған. Осындай әсем ғимарат қала бюджеті есебінен емес, Ақтөбе уезі қазақтарыан жиналған қаржы, яғни түтін салығына салынған/4; 75/. Мұрағатта мектепте осы жылдары білім алған бір топ қызддардыңда ат - есімдері сақталған. Олар: Балғыз Асауова, Әлифа Беркімбаева, Ғалия Беркімбаева, Алма Қосуақова, Камелия Құнайдарова, Сәбира Надралина, Жазира Рыспаева, Алтыншаш Тәжиева, Манибекова, Ақтенге Турумова, Бибізада Түлкібаева, Ақкүміс Есенова /17/.

Осында аты аталған алма Қосуақованың әкесі Қосуақов заманының озық ойлы, білімді адамы болған. Мектеп - интернат ұстаған, ғасыр басында Қазақ азаматы Ахмет Байтұрсыновты өз мектебіне ұстаздыққа шақырған /15/.

Ал, Әлифа және Ғалия Беркімбаевалардың әкесі Қосуақов заманының маңдай алды қайраткері, еліне ерекше қызметімен көрінген. 1902 жылы Ор (жаманқала), қазіргі Орскі қаласында меішт - медресе салдырғанда осы адам. Сонымен қатар Д. Беркімбаев 1913 жылы атап өтілген Романовтар әулетінің таққа ие болуының 300 жылдығына қатысқан қазақ тардың бірі. Бүгіндеде осы Дербісалы мешіті сол аймақтағы 30 мың қазақ пен татар мұсылмандарының игілігіне қызмет етуде. Осы тұста ескеретін жәйт, облыс, қала төңірігінде ХІХ ғасыр аяғы мен мен ХХ ғасында өз орнын тапқан оқу, ағарту, осы мәдени құбылысқа ұйытқы боған білім мәселесіне ел ішінде жүрген білікті қазақ азаматарыныңда бей жай қарап қалмауы. Бұлда әліде зерделеп, жан жақты зерттеуді қажет ететін мәселе. Бұныда бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарының дамуының алғы шарты, қаламыздағы оқу ағарту ісінің табаны деп ұққанымыз жөн. Себебі қазақтардың жаңағы айтып отырғаныымздай өздерінің қаражатымен мектеп ашқан кездеріде болды. Ондағы мақсат ұрпаққты осы рухани тұғырлы биікке жеткізу болса керекті. Сондықтанда болар, 1916 жылдың өзінде жалпы Ақтөбе облысы бойынша мектептердің жалпақ саны 230 ға жеткен, бірақ оның екеуіғана орта мектеп (жеке меншік гимназия және мұғалімдер семинариясы) болған /2; 70/. Осы мектептерде не бәрі 9648 бала білім алған /2; 70/. Өкінішке орай таза қазақ тілінде білім беретін бірде бір оқу орны болған жоқ.

Торғай губерниясының құрылыс комитеті 1915 жылы салуға мынадай құрылыстарды жоспарлапты. Олар: 4 шіркеу, 9 мешіт, 3 мал үйі, ал мектеп және аурухана деген тұст - 0 цифры тұры ғана тұр. Алайда осы тұста қала жерінде уақыт, заман талабына сай қоғамды халықты өрге жетелейтін оқу ордасына деген мемлекет саясатының баяу жүргендігін атап өткеніміз жөн.

  1. Ақтөбе қаласында орта және жоғарғы оқу орындарының ашылуы

1909 жылы Ақтөбеде ашылған оқу орны бұл бүгінгі «Ақтөбе гуманитарлық колледжі». Бұл оқу орнының қаламыздың өсіп өркендеуімен қатар жүріп келе жатқан тарихыда бар. Негізінен қоғамның гуманитарлық саласын қамтығандықтан бұл оқу орын бітірген түлектер сол уақыттарда, әсіресе соғыс және одан кейінгі жылдарда халыққа білім беру үрдісіне атсалысқан. Себебі бұл оқу орны бастапқы кезде (сол кездегі қаламыздағы 4 жылдық училище жанынан) педагогикалық класс, кейін екі жылдық пед курс болып ашылған. Сонымен қатар бұл оқу орны 1912 жылы мұғалімдер семинариясы болды.

1922 жылы қараша айында педагогикалық техникум болып құрылған. Онда 1925 жылдан бастап қазақ бөлімі, 1927 жылдары қазақ қыздар тобы, 1931 жылы украйын тіліндеде білім беретін бөлім ашыла бастады. Бірақ бұл оқу орнының ішінен ашылған украйын тілінен сабақ беретін бөлім 1932 жылы Ақбұлақ педтихникумына қосылған. Ал, қазақ бөлімі 1937 жылы темір қаласына көшірілген. Әрине бұныңда сол кездері елімізде орын алған зобалаң жылдармен сақтасып жатқан тарихи негіздерініңде болуы ықтимал. Қаламыздағы оқу ордаларының ашылып, қарқынды дамуына кері әсерін тигізген бұл саяст зардапқа әліде кейінгі тарауларда кеңінен тоқталмақпыз.

Сонымен бұл оқу орнының ашылуының ғана емес, дамуыныңда өзіндік қаламыздың тарихымен сабақтас тарихының бар екенін ескерсек, 1945 жылы қазақ училищесінің темірден көшіріліп, Ақтөбе педагогикалық училищесімен (бұрынғы орнына қайта келгенін) қосылғандығын айта кеткеніміз жөн. Осындай әры бері көшудің салдарынан училище материалдық техникалық базасын қатты әлсіретіп алды. Мұрағат құжаттарына сүйенсек Темірге көшкенде аталмыш оқу орнының 241900 сомдық бағалы мүлкі болса, қайта көшіп келгенде оның мөлшері 28211 сомға дейін азайып кеткен/15/.

1970 жылдан бермен қарай әр жылдары бұл оқу орны оқу ағарту ісіне өзіне тиесілі үлесін қосты. Мектепке дейінгі балаларға сабақ беретін тәрбиешілер даярланып, қазақ музыка бөлімі ашылып қарқынды жұмыс істей бастады. 1990 жылы «Ақтөбе педагогикалық колледжі болып өзгертілді. 1997 жылы Ақтөбе мәдени - ағарту колледжімен біріктіріліп жұмыс істей бастады және осы атауына ие болды.

Колледждің соңғы уақыттары даярлап келе жатқан мамандықтарына тоқтала кетсек, атап айтар болсақ: бастауын сынып мұғалімі; мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешісі; қазақ мектебіндегі орыс тілі; орыс мектебіндігі орыс тілі; ағылшын, неміс тілдері; бастауыш сыныптарға компьютер негіздерін оқыту пәнәнің мұғалімі; киім және графикалық дизайн шебері; мәдени демалыс қызметі; халықтық көркем шығармашылық; кеден ісі мамандарын даярлап шығаруда.

Бұл оқу орнында құрылған күннен бастап 31 мың маман даярланған /15/. Қоғам қайраткерлеріде шыққан. Атап айтатын болсақ: Қазақ КСР - іне еңбек сіңірген мұғалім М. Г: Солдатова, мелекет қайраткерлері Ұ. Құлымбетов, М. Атаниязов, Б. Алманов, халық ағартушылары Николай және Дмитри Будашкиндер, Д. Имашев, И. Бубличенко, Б. Хмелев және т. б. өздерінің қайраткерлік өмірінің табалдырығын осы оқу орнынан аттаған. Сонымен қатар осы педагогикалық техникумның 20 -40 жылдар аралықтарындағы түлектеріне келетін болсақ, олардың қатарында академик А. Жұбанов, журналистер К. Ержанов, С. Мұқашев, М. Дінішев, ағарту ісінің қайраткерлері Ғ. Ақтаев, М. Жанғожин, Е. Тереков, Советтер одағының батырлары І. Үргенішбаев, Ф. Озмитель, Қ. Жазықов, ҚР. Ұ. Ғ. А. корр. Мүшесі ф. ғ. д. профессор Р. Ғ. Құттығожина есімдерін атауымызға болады. 1950 жылдарданда кейінгі уақыттарда бұл оқу орнынан бірнеше ғалымдар, халық шаруашылығының ірі мамандары, мемлекет қоғам қайраткерлері шыққан. Сонымен қатар бұл оқу орнында бірқатар оқу ағарту ісінің майталмандарыныңда білім бергендігін атап өтуіміз қажет. Бұныңда тарихи маңызы жетерлік. Қазақ тілі білімінің негізін салушы Қ. Қ. Жұбанов, жазушы Тілепбергенов, ағарту ісінің қайраткерлері А. А. Афанасьев, А. Н. Қазанская, Ш. Үдербаев, В. Н. Парфенов, А. Әсенов, М. Дайрабаев өмірлкрінің ақыр соңына дейін ұстаздық етіп кетті.

Соғысқа дейін қаламызда ашылған оқу орындарының бірі Ақтөбе медициналық училишесі. Бастапқыда, яғни 1935 жылы қыркүйек айында бұл оқу орны медбикелер даярлайтын екі жылдық мектеп ретінде ашылған. Соғыстан кейін, 1954 жылы 15 мамырда КСРО Министрлер Кеңесі шығарған № 919 қаулы бойынша медициналық училище болып құрылды. Мұрағат құжаттарына сүйенер болсақ, соғысқа дейінгі жылдары бұл оқу орнынан 122 жас дәрігерлік тәлім алған /18/. Сонымен қатар бұл оқу орнын соғыстан кейін, яғни соғыс аяқталысы мен ақ, екі жылдың ішінде 136 адам бітірген /18/.

Училище болып қайта құқрылғаннан кейін бұл оқу орнынан білім алған студенттер саны да арта түскен. 1962 - 63 оқу жылының өзінде 235 адам бітірген /19/. 1968 жылы 479 адам бітірген/19/. 1989 жылы 17 июнінде «Путь к комунизму» деп аталатын баспасөз бетінде, 1988 жылдың өзінде осы оқу орнын 524 медицина қызметкері диплом алып шықандығы, сонымен қатар осы аталмыш оқу орнын тәмамдаған жас маман иелерінің республика көлемінде денсаулық сақтау саласының қызмет шеңберін кеңейте түскендігі айтылады /6; 4/.

Сондай ақ бұл оқу орнының қаламыздыңғана емес, кеңес үкіметінің тарихымен сабақтасып жатқан даму жолына да көз жүгіртсек, соғыс жылдарында халыққада, майданғада қызмет еткенедігін көру қиын емес. Соғыстың басталып кетуіде бұл оқу орнының қарқынды дамуынада өз зардабын тигізді. Көптеген оқу орындарының корпустары госпитальдар мен т. б. әртүрлі мақсаттарға пайдаланған.

Қаламызда 1932 жылы ашылған оқу орныдарының бірі Ақтөбе темір жол көлік колледжі. Бұл қазіргі атауы. Соңғы уақыттарға дейінгі аталып келген атауы Ақтөбе эксплуатация техникумы болды. Темір жолды пайдалану шаруашылығы негізінде құрылған. Сонымен қатар бұл оқу орныныда жоғарыда атлған мамандықтар мен қатар, телеграфист, машинист, есепші (бухгалтер) маман жұмысшылар даярланған. 1947 жылы бұл техникумға - Орлов, Воронеж, Ворошиловград, Полтова т. ж. техникумдарры келіп қосылған қосылған/16/. 1958 жылы бірыңғай қазақ темір жолының құрылуына байланысты бұл оқу орны соған бағындырылған.

Бұл оқу орнында 1942 жылдан бастап, жол және жол шаруашылығы, 1971 жылдан бастап «Автоматика және телемеханика», 1977 жылы «Тепловоз», 1993 жылдан бастап экономика және бухгалтерлік есеп мамандықтары бойынша мамандықтар ашылып кадрлар даярлануда. Осы жылдар ішінде 12511 оқушы білім алған/16/. Атап айтсақ, 3134 техник - эксплуатационник, 2143 - техник құрылысшы, 2839 - техник жолшы, 1572 - автоматика және телемеханика технигі, 1733 - тепловоз технигі/ /.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Озон қабатының таусылу проблемалары
Ыбырай зертханасы
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Қызылорда экологиялық ахуал
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы
Жайық өзені туралы
Орал өңіріндегі қазақ фольклоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz