Бастауыш мектеп мұғалімі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Есік педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш мектеп мұғалімі
Пән: Педагогика
Жетекшісі: Қилыбаева Г.Қ.
Орындаған: Аманбаева Н.Ж.
41-топ студенті
Есік 2006ж
Теориялық бөлім
Практикалық бөлім
Жоспар:
1. Мұғалім, оның қоғамдағы алатын орны
2. Қазіргі кезеңдегі мұғалімге қойылатын талаптар
3. Бастауыш мектеп мұғалімі
4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы
5. Мұғалімнің мәдениеті
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы
Төртінші басымдық
Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта
даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі
өркендеуі
4.1. Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту
Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы
заманғы білім беру жүйесі қажет.
Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби
білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он
жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім
алуы үшін жағдай туғызуймыз керек.
Жоғары білім алғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік бюджет қаржысы
есебінен 12 жылдық білім алу жөніндегі ұсыныстар әзірленуге тиіс.
Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше
назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге
тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару
академиясының негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы
қажет.
ЖОО-лардың мәртебесі мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын
саралауды ойластыруымыз керек.
Мұғалім – бұл арнайы даярлығы бар және және педагогикалық іс-
әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам.
Мұғалім – жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде
оқушылар мен оқу тәрбие жұмысын жүргізетін маман;
- дүниеге ғылыми дидактикалық материалистік көз қарасты, әлеуметтік,
психологиялық, педагогикалық даярлықты,жоғары адамгершілік сапасын,
қоғамдық белсенділікті, оқушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті,
дербес білім алу мен өзін өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген
біздің заманымыздың алдыңғы қатарлы адамы.
Мұғалім – оқыту мен тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін
әлеуметтік қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, жеткіншек
ұрпақпен белгілі бір қатынаста болатын белсенді әрекет иесі. Мұғалім
сөзінің мәні, ол атқаратын қызметпен айқындалады.
Мұғалім
Тәлімгер Оқытушы
Педагог-оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде
сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін кісі.
- ақылшы ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытылатын адам, маман.
Педагогикалық әдеп - әр түрлі әрекет саласына педагогтің балалар
мен қарым-қатынастың принціпті шамасын сақтау, оқушылармен байланысты
олармен тәрбиелік қатнас жүйенің дұрыс таңдай білуі.
Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібінің, мінез құлқына, өзін- өзі
ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап –
түлектердің, қағида мен ережелердің, қалыптың мазмұндық ой-тұжырымдардың
жүйесі, жиытығы.
Педагогикалық стиль – мұғалім дұрыс тәжірибесінде қалыптасқан
педагогикалық шеберлікке тән сипат.
Ұстаздық шеберлік – балаларды сүйетін жүрек қалауымен істеитін әрбір
педагогтік қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын
өнер.
Мұғалімнің қоғамдағы алатын орны
Мұғалімнің қоғамда алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің
еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры
үшін өзін жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын
орны,адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның жүрегіне
жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге
құштарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оятырып, баланы білімге
ұмтылдырып, талпындыратын мұғалім. Оны осы қасиеттері үшін адам жанының
инженері деп атайды. Қоғам мұғалімге балаларды сеніп тапсырады, оларға
ықпал жасап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп
тапсырады. Мұндай орасан сенім мұғалімдерге қоғам алдында ұлы жауапкершілік
жүктейді.
Қазақтың қазіргі сынып сабақ жүйесіне негізделген ғылыми
педагогиканың негізін салушы Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлі
қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп, кезінде ...Салып жатқан үйдің
жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты
болатынына байланысты болатын сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізде,
қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына
байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен
де қымбат көремін ...,-деген пікірі қазақ халқының мұғалімге қоятын талабы
ретінде естіледі.
Мұғалім мамандығы - өте жауапты және игілікті мамандықтың бірі. Әрине,
ол материалдық игіліктерді өндіретін орындарда істемейді, технологиялық
процесті жетілдіру ісіне де тікелей қатынаспайды. Бірақ мұғалім өндіргіш
күштердің дамуына және халықтың материалдық игілігінің дамылсыз өсуіне әсер
етеді. Ол қоғамның ең басты өндіргіш күштерін – жеке адамды оқытып
тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете
түсіндіруде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көз
қарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке қоғамға
деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалім мамандығы – ең ардақты әрі қадірлі мамандық. Өйткені мұғалім
әр адамның бойына білімінің жарық сәулесін құяды, өмірді, өзін қоршаған
ортаны түсініп білуге, табиғаттың сырларын ұғып, жұмбақтарын шешуге
зердесін оятып, білуге деген құштарлығын оятады ұштайды. Алдына келген
жас сәбиге қаламды қалай ұстаудан бастап, таяқша сызуды, әріптен сөз құрап
жазуды, оқып, санауды үйретеді, оның алдынан кітаптың құпия сырын ашып
білімінің есігін ашып, енгізіп, оның зердесіне білімнің шамшырағын жағып
жарыққа жетелейді. Сондықтан оның есінде ұзақ сақтайды. Мұғалім мектептегі
басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлі
түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншілік.
Бұл туралы кезінде көптеген педагогтар, ғалымдар өздерінің пікірлерін
жазып қалдырған. Мысалы, Француздың ұлы ойшылы, педагогы Ж.Ж.Руссо, Швейцар
педагогы И.Г.Пестолоци, Совет дәуірінің ұлы педагогы А.С.Макаренко
мұғалімнің өз ісіне жан-тәнімен берілу балаға деген зор сүйіспеншілікпен
көрсетеді деп атап көрсеткен.
Ж.Ж.Руссо Эмиль немесе тәрбие туралы деген романында: Балалық
шақты сүйіңіз, оның ойына, жарқын сезіміне ілтипатты болыңыздар,-деп
айтқан болатын.
А.С.Макаренко: балаға деген сүйіспеншілікті талап қоя білушілікпен
ұштастыру керек,-деп әлде неше рет ескерткен. Ал В.А.Сухомлински
Балалармен күнделікті қарым-қатынаста болу адамға сүйіспеншілікті,
сенімділікті арттырады,-деп жазды.
Ы.Алтынсарин: Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір
нәрсені түсінбесе, онда мұғалім балаларды кінәламай олардың көкейіне
қондыра алмағаны үшін өзін кінәләуі тиіс,-деп жазды.
Әр мұғалімге талантты болуына да болады. Педагогикалық шеберлікті
қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар
өмірдің әр саласымен хабары бар. әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын
мектеп өмірімен байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі
сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс. А.С.Макаренко өзінің талантты
педагогпін деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті
меңгердім, осы сөздің бойына барып қарасаң шеберліктің негізі еңбекте екен.
Мен –деді, А.С.Макаренко 32жыл жұмыс істедім, ал азды-көпті ұзақ уақытбойы
жұмыс істеген әрбір мұғалім жалқау болмаса, шебер бола алады... Ал, жас
педагогтардың, әрқайсысы біздің ісімізді тастап кетпесе міндетті түрде
шебер бола алады, ал оның шеберлігін қаншалықты меңгеру оның өзінің
талабына байланысты болмақ.
Адам бойына мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтың
шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.
Бейімділік мектептің өзінде-ақ көрінуі мүмкін. Мұғалім мамандығын
таңдап алудағы тек айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік
балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық
сенімді жақтаушысы, өһз мемлекетінің аяғына тік тұрып кетуіне орның саяси
экономикалық бостандығын Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеуқолынан
келетін мамандарды айтады.
Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан
ұстазды айтады.
Мұғалім қызыметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының
мақсаттары мен міндеттерін жете түсіндіруіне байланысты. Мұғалім оқушыларға
саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады,
дүние танымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын
тәрбиелейді.
Педгогикалық мамандықтың ерекшелігі деп әсіресе педагогтың
ізденімпаздығын, талмай оқитындығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге
ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінін мұғалімнен айырмашылығы ең
алдымен оның өз жұмысында білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша
педогогикалық бағыттаушылық қабілеті болып табылды. Ғылыми материалмен
жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педогогикалық ой елегінен өткізуге
тырысады, бұл арада ол оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын дәл қалай
туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалімге қойылатын негізгі талаптар
С.Б.Елканов мұғалімге қойылатын талаптардың үш тобын бөліп көрсетті:
1. Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық
борыштылық пен жауапкершілік сезімі.
2. Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдық білім.
Өз пәнін, ғылымын игеру, оны оқыту методикасын, психологиясын,
педагогикасын меңгеру.
3. Педагогикалық технологияны игеру.
Ұстаздық қызметке қажетті негізгі
дағдылар мен іскерліктер
Құрастырушылық–педагогикалық қызметті жоспарлау.
Диагностикалық–ерекшеліктерін зерттеу,оқыту мен тәрбиелеудің
тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен іздестіру.
Танымдық (гностикалық) гректің vubig - логос білім, ілімі –
мұғалімдік қызмет – жас жеткіншектер үшін білім алудың негізгі көзі.
Қарым-қатынастық коммуникативтік - мұғалім ман оқушы
жүйесінде қажетті қатынасты қалыптастыру.
Ұйымдастырушылық–оқушылардың мейлінше дамуын жүзеге асыратын оқу-
тәрбие процесінде әр түрлі әрекеттерді басқару.
Реттеушілік–ынталандырушылық процестің белгілен- ген жоспарға сәйкес
жүргізілуі туралы хабарлар жинақтау; осы хабарға сәйкес оқушыларды қызметке
ынталандыру жүйесін қосу.Алғашқы жоспарға өзінің қызметін немесе іс-
әрекетін, болмаса оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер, қосымшалар,
өзгеріст еренгізу, реттеу. Бақылаушылық бағалаушылық – тәрбие
процесімен іскерліктің іс-әрекетіне үздіксіз, ағымдағы қорытынды
бақылау жасау, тексеріп отыру, бағалау.
Ахмет Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика
әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім,
Ұстаздық шеберлік компоненттері
- Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін
еркін терең игеру.
- Мұғалім мамандығына бейімділігі педагогикалық қабілеттілігі.
- Кәсіптік көрегендігі.
- Педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі.
- Ұйымдастырушылық шеберлігі.
- Оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді
дұрыс әрі уақытылы қабылдай алу.
- Ұстаздық сезімталдығы, үлкен жүректілігі.
- Педагогикалық техника.
Педагогикалық техника құрамы
- Тіл мәдениеттілігі, сөзді орынды пайдалана білуі, сөйлеу шеберлігі.
- Ұстаздың сырт бейнесі; киім киюі, өзін-өзі ұстау мәдениеті.
- Бет құбылысы, ишара, ыммен, қимыл-қозғалыстар арқылы сезім қатынасын
көрсете білу.
- Ішкі жай-күйін, сезімдік көңіл-күйін, мінез-құлқын игере білу. өзін
тежей алу. Қажетті жерлерінде педагогикалық ашу-ызаны пайдалана білу.
- Қарым-қатынас жасай білу қабілеттілігі.
- Оқушылардың іс-әрекетін, қызметін, ұжымдық шығармашылық ізденісін
ұйымдастыру
- Ұстаздық сезімталдық, интуиция шығармашылық өрлеу, бағыттылығы
серіктігі.
Педагогикалық қызмет адамзат еңбегіндегі күрделі салалардың бірі. Мұғалім
шешуге тиісті міндеттерге оның қоғам үшін маңызды функциялары мен
қызметінің күрделілігіне қарап, қоғам мұғалімнің жеке басына және кәсіптік
қасиетіне жоғары талап қояады. Мұғалімдер меңгеруге тиісті неғұрлым елеулі
жеке қасиеттерді атап өтейік.
Идеялық шығыны саяси кемелдену, жоғары саналы.
Әлеуметтік жауапкершілікте жоғары дамыған сезім.
Ізгілік, интелектуалдық жетілу және моральдықтазалық, яғни, қоғамның
бала бойына сіңіргісі келетін өзін-өзі байыптылығысияқты адамгершілікке
сәйкес болуы.
Қасиеті
Құрметтеу, белсенділік, шығармашылық, салмақтылық, адалдық, талапшылдық,
мақсаткөздеушілік, еңбек сүйгіштік, ғылыммен айналысу, мұғалім мамандығына
деген сүйіспеншілік, жан-жақты, мәдениетті, т.б.
Мұғалімнің маңызды қызметі – оқыту, білім беру, тәрбиелеу, тәрбиелеу
процесінде жеке тұлғаны қалыптасыру.
Мұғалім мамандығының өзіндік ерекшеліктері
1. Мұғалім балаға беретінінің бәрін өзі жан-жақты білуі керек
2. Жоғарғы жауапкершілік
3. Жеке тұлғаны қалыптастырушы тәрбиелеуші
В.Дальдың Түсіндірме сөздігінде мұғалімге тәлімгер, оқытушы деген
анықтама берді. Яғни оның екі негізгі функциясы – оқушылардың әлеуметтік
тәжірибесіне қабылдау мен іске асыруын басқару және азаматтың жинақтаған
білімдерін тарату атап көрсетіледі. Мұғалімнің бұл екі функциясы адамзат
тарихы барысында мұғалім ретінде шыққан орта ғасырдағы ақсүйек педагогтарда
ең негізгі болып келеді. Қоғамның дамуына және өскелең тәрбие жүйесіне
қойылып келген нақтылы мақсаттар мен міндеттерге байланыстытәлімгерлік
оқытушылық функцияларының мазмұнын өзгертеді.
Мұғалімнің орнымен дамыған қоғамның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу
ісіне тәрбиелеушінің барлық жүйесін және оның негізгі буынына жалпыға
бірдей орта мектепті дамытып, жетілдіре түсуге беріп отырған аса зор
маңызымен айқындалады.
Мектеп жеткіншек ұрпақты тәрбиелейді. Іс жүзінде асыруға негізгі
мемлекеттік тәрбие мекемесі мектептердің алдында қоғамның қойып отырған
айқын міндеттері тұр. Мектеп оқушыларының білім ұғым дағды жүйелерімен
қаруландыру – олардың дүниетанымын, адамгершілік негіздерін, қоғамдық
мінез-құлықың белгілі айқын дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі
жағдайда мектепке қоғам тарапынан талаптар өсіп келеді. Бұл қоғамда
балаларды өмірге даярлаудағы өскелең талаптарға байланысты. Жаңа адамды
қалыптастыру, жеке адамды жан-жақты дамыту программалық міндеттерді
шешудегі маңызды роль мектепке берілген.
Оқушыларды тәрбиелеу мектептен тыс ықпалдар мен мектептің арасында
елеулі бәсекелесу жүреді. Оқу мен тәрбиелеудің мемлекеттік программасын
жүзеге асыруда мектептің жүйелендірілген оқыту мен тәрбиелеудің процесін
ұйымдастыруға қабілеті келетіндігін көрсетеді. Осы орайда шешуші роль
мұғалімге беріледі.
Қазіргі мектепте мұғалім бір қатар функциялар орындайды. Мұғалім
сыныпта оқу прцесін ұйымдастырушы. Ол оқушылар үшін сабақ үстінде қосымша
сабақ және консультация кезінде, оқу процесінен тыс уақытта да білімнің
қайнар бұлағы.
Мұғалімнің көпшілігі сынып жетекшілік функциясын атқарады, яғни
тәрбие процесінің ұйымдастырушылары болады. Қазіргі мұғалім әлеуметтік
психолог болуы мүмкін емес, өйткені оған оқушылардың өзара қарым-қатынас
реттеу, балалар ұжымы әлеуметтік психологиялық механизмдерін пайдалана білу
қажет. Мұғалім педагогтың ұжым мүшесі ретінде мектеп ұжымы қызметін
ұйымдастыруға қатынасады, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің
методикалық бірлестігінде жұмыс істейді. Мұғалім ата – аналармен көпшілік
алдында лекция оқи және әңгімелей отырып, педагогтік және саяси білімдер
хатшысы болады. Осындай көп нақты функцияларға байланысты мұғалімнің жеке
басына қоғамның қойып отырған жан-жақты талабы өте айқын.
Мұғалімнің кәсіби мамандығынақойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
- жан-жақты білімдарлық, өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы;
- педагогикамен байланысты пәндерден-психологияны, ЖПП, физиология,
анатомия, мектеп гигиенасы, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін,
ағымын жақсы білу;
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу,олардың жан-дүнйесін түсіну педагогикалық сенім
оптимизм ;
- педагогтіктехниканы меңгеру қисынды, мәнерлі сөйлей білу;
- педагогтік әдептілікті меңгеру тактыны меңгеру;
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік;
Қабілет
1. Ұйымдастырушылық қабілеті.
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыра білу
2. Дидактикалық қабілеті.
Оқу материалын ірікті іріктей білу
3. Перспективтік қабілет(байқағыштық)
Тәрбиелеушінің ішкі жан-дүниесін білу. Психикалық жан-дүниесін
анықтау.
4. Коммуникативтік қабілет (байланыс)
Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасау.
5. Супесивтік қабілет (беделдік)
Оқушылардың беделіне эмоционалды, еріктік ықпал ету арқылы жету.
6. Зерттеушілік (академиялық) қабілет
Педагогикалық зерттеуді шешу, бағалай білу.
7. Ғылыми танымдық қабілет (академиялық)
Ғылыми білімдерді білу, тану.
8. Сөйлеу қабілеті.
Дауыс тоны дұрыс болуы керек. Дұрыс сөйлеу керек.
9. Елестете білу қабілеті.
Сабақты алдын-ала елестету, алдын-ала дайындау.
Бастауыш мектеп мұғалімі
Басауыш мектеп мұғалімі - ерекше тұлға. Өйткені ол- балалар мен
үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ, ол баланың психикалық
құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді.
Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге
еңбекпен салыстыруға болмайды,өйткені ол еңбектің нәтижесі- адам. Ең
білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен
қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын
табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам
мен мемлекттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Бүгінгі
мұғалім еңбегінің нәтижелері қандай болса, біздің ертеңгі қоғамымыз дәл
сондай болмақ. әрбір адам мен бүкіл халықтың тағдыры тәуелді дәл осындай
өзге қызметті көзге елестету қиын.
Бастауыш мектеп мұғалімі оқушыларға мәдени құндылықтар арқылы
тәрбиеленгенде, оған қазіргі өмірде адамдардың өмір сүру тәжірибесін
көрсетіп, өзінің өмірлік жолын таңдауға оның саналы іске асыруға бағыттау
қажет.
Мұғалім тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап
отыруға міндетті. Тәрбие мақсаты педагогикалық стратегияны, міндеттері
педагогикалық әрекетті білдіреді. Тәрбие мақсаты педагогикалық әрекетті
білдіреді. Тәрбие мақсаты мұғалімге үнемі бағдар береді және тәрбиенің
жалпы бағытын анықтайды. Ал міндеттері оқушылармен атқарылатын жұмыстың
мазмұнын, әдісі, түрін және өмірлік мәселелерді шешуді көздейді.
Мұғалімге мәдени тұрғыдан қойылатын талаптар мынандай: оның іс-
әрекеті, қимыл, тұла бойы мәдениетке үйлесімді өмір үлгілі-өнегелі, рухани
сапасы жоғары болуы қажет.
Педагогиканың іргелі мәселелері іс-әрекеті арқылы танымын жетілдіріп
тәрбие мен адамгершілік құндылыққа ие болады. Оқушының мынандай
қабілеттерін дамыту қажет: өмірлік мақсатты көздей білу; адамдық қадір
қасиетін сақтау; қоғамдағы өз орнын таба білу.
Бастауыш сынып оқушыларының ерекше қасиеттерінің бірі – үздіксіз
дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жан құмарлығы. Осы кезеңге қолайлы
сәттерді тиімді пайдаланып қалу үшін сабақтан тыс, мектептен тыс
жүргізілетін үйірмелері мен тәрбие тарапының ерекше маңызы бар. әсіресе,
сабақтың жалғасы болып табылатын пәндік техникалық, жаратылыстану, көрме-
өнер үйірмелері баланың өз бетінше дамуына, қосымша практикалық іскерлік
дағдылары болады.
Бастауыш саты оқушыларының қасиетін дамытуда тәрбие жұмыстарының
ықпалы зор. Оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды әлеуметтік қатынас,
адамгершілік қатынас, эстетикалық қатынас, ден мәдениетін жетілдіру
көзделеді.
Оқушылардың жан-жақты дамыту мәселелері бүгінгі қоғамның негізгі
міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту А.С.выготски, А.В.Занков,
В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орнын алады. Бастауыш
саты оқушыларының қасиеттерін дамытуда отбасы, мектептен тыс мекемелер,
сыныптан тыс уақытта, жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру
арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екенін анықтап
отыру.
Бастауыш сатыда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-
тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау.
Оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту оқушылардың өзара қарым- қатынасын
қалыптастыру белгілі бір еңбекке баулу, оны дамытуға ықпал ету көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының (ерікті
курстар, үйірме, саяхат және т.б.) тәлімділік мәнінің зор екенін ғылыми
теориялық еңбектерді және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр.
Соңғы кезде нарықтық қатынасқа байланысты мектептегі сыныптан тыс тәрбие
жұмысының өз дәрежесінде жүрмеуі және басылым беттерінде сыныптан тыс
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің
сирек жарияланатын аталған шараларды жүзеге асыруға өз кедергісін тигізіп
отырғаны байқалады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмысын және үйірмелерді
бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық қатынастарға және
ұлттықерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен сананың дамуы қуатты жүретін,
ерекше қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш мұғалімі үздіксіз білім
берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға
белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлесу, оқу,
қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті
түрінде бақылап талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетін үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты
баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу,
іздену. өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның күшін нығайтып, өзін-өзі тануына
көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушылырының зейіні тұрақсыз, импульсивтік қабылдау
мүмкіндіктері әртүрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz