Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І. Бөлім 7
1.1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым 7
1.2. Сөйлеу әрекеті және сөйлеу түрлері 14
ІІ. Бөлім 20
2.1. Қабілет және сөйлеу қабілетінің дамуы 20
2.2. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту
23
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36

КІРІСПЕ

ӨЗЕКТІЛІГІ.
Баланың сөйлеу қабілеттері әр түрлі дәрежеде зерттеліп келеді.
Психологияда баланың сөйлеу тілін дамыту мәселесі сөйлеу қабілетінің
дамуына тікелей байланысты. Мысалы: 1930-1940 жылдар арасында жеке тұлғаға
қатысты қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық
практикадан да алынып, тасталған болатын. 1950 жылдардың ортасынан бастап
бұл мәселе қайта көтеріліп, нақты қабілеттер жайлы зерттеулер жасалды.
Олар: әдеби қабілеттер (В.П.Ягункова), бейнелеу өнеріне деген қабілеттері
(В.И.Киренко), ойлау және сөйлеу қабілеттері (Т.Тәжібаев) көркем
шығармашылық қабілеттерінің дамуы (қ:Ә.Жаманбаева), шығарма жазу қабілетін
дамыту жолдары (Ә.Қоңыратбаев), (С.Тіленова) сияқты еңбектер жарияланған
болатын.
Зерттеу барысында психологияның жалпы мәселелерін қарастырған
Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев т.б. еңбектері басшылыққа алынды. Аталған зерттеу
жұмыстар оқыту барысында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мәселелерін жадпы
теориялық және тәрбиелік тұрғыдан ашып көрсетті. Алайда, оқытудың
шығармашылық сипатын күшейтіп, сол арқылы бала тілінің дамуына жүйелі
басшылық жасау, мақсатты бағыт – бағдар беру, педагогикалық ықпал ету
мәселелерін қарастырылғанымен, оқулықтардың ішкі мазмұнында оқу
тапсырмалары баланың даму деңгейінен әдеқайда төмен екендіні белгілі болды.

Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін баланың жеке адамның дамуы
үшін баланың жеке басыныңың алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның
қабілеттерін ашу, оқуға деген ықыласын және сөйлеу тілін дамыту барысында
қабілет-бейімділіктерін ескеру арқылы оқытудың деңгейлік жүйесі ұсынылады.
Платонның шәкірті Аристотель сөйлеу қабілетін адамның ашылмаған
құпиялы мүмкіндіктері деген екен. Ежелден – ақ ұлы ойшы дарымыз Жүсіп
Баласағұн, Әль-Фараби, ұлы Абай өз еңбектерінде адамның жеке басының
қабілеттерін дамыту мәселесін көтеріп отырған.
Жеке пәндерді оқушыларға меңгертуде психологияның алатын орны ерекше.
Адам өзінің қажетін өтеуге байланысты өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа
түседі, біреулермен пікірлеседі. Ол үшін белгілі бір ұлт тілінің
грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады.
Психология пәні арқылы адам миы мен сана сезімінің дамуында дыбысты тілдің
маңызы зор екенін түсінетін болсақ, адам сол дыбыстық тіл арқылы тиісті мән-
мағынасы бар сөздерді айту қабілетіне ие болады. Қатынас құралы ретінде
коммуникативтік қызмет атқару – тілдің негізгі функциясы. Тіл адамды қимыл-
әрекетке итермелеп, эксперессивтік сигналдық қызмет атқарады. Мысалы:
Ерлан сабағын оқыды деген сөйлемде оқушының оқығандығы жөнінде айтылса,
Ерлан сабағын оқыды ма?. Деген сөйлемде екінші бір адамды осыған жауап
қайтаруға мәжбүр етеді.
Сөйлеу процесінің қалыптасу негіздерін Л.С:Выготский, А.А.Леонтьев,
А.Н.Леонтьев, И.А.Зимняя т.б. қарастырады. Бұл мәселе қазақ тілінде
М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаевтардың еңбектерінде
қарастырылады.
Сөз, ең алдымен, басқа адамдарғы әсер ету құралы болып табылады. Сөз
қызметінің адамдар арасындағы қатынасынан жеке адамның сөйлеу тілінің даму
негізі Л.С.Выготскийдің пікіоінше, бірнеше кезеңде өтеді.
І. Кезеңде сөз-басқа бір адамға әсер ету құралы. Сөз арқылы адам
екінші адам мен тілдік қатынасқа түседі.
ІІ. Кезеңде басқа адамнан жауап күтпей-ақ, сөйлеуші өз сөзін
жалғастыра береді. Демек, диалогтық сөйлеу бірте-бірте монологтық сөйлеуге
көшеді.
ІІІ. Кезеңде басқаға бағытталған сөз адамның өзіне бағытталған болуы
мүмкін. Ол сөз шыққанға дейін адам ішкі сөйлеу арқылы өзінің іс-әрекетін,
мінез-құлқын реттеп, бағыттап отырады. Л.С.Выготский анықтаған жоғары
психикалық функциялардың қалыптасу жүйелілігі басқа тілдегі сөзді қабылдау
және оны ұғынуға жолдарын түсіндіруге маңызды қызмет атқарады. Сөзді дұрыс
қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды.
И.П.Павлов былай деп жазды: Егер біздің айналамыздағы дүниеге қатысты
түйсіктеріміз бен елестеріміз біз үшін шындық болмыстық бірінші сигналдары,
яғни нықтылы сигнал болып табылса, онда мидың қабына баратын сөз сөйлеу
органдарының лингвистикалық тітіркенулері, екінші сигналдар, сигналдың
сигналы болып табылады.
Сөйлеу процесін жоғары нерв жүйесі де, сезім мүшелері мен дыбыстау
мүшелері де бірдей қатысады, бұлардың сөйлеу процесіндегі және сөзді
қабылдау кезіндегі. Әрқайсысының әрекеті бір-бірінен байланыссыз, жеке дара
күйінде болмайды. Қайта олардың бірі екіншісімен өзара бірнеше қызмет
атқарады. Сөйлеу жоғары нерв жүйесінің қызметімен байланысты.
Француз ғалымы Брока адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде
(маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып
тұратын нерв орталығы бар, ол сөзді қабылдау үшін көптеген анализаторлардың
(көру, есту қозғалыс т.б.) бірлескен қызметін қажет етеді – дейді. Басқа
біреудің сөзін есту мидың сол жарты шарындағы самай бөліктің арт жағына
орналасқан. Верникс жүйке саласының қызметіне байланысты. Сөзді қабылдауда,
оның мәнісін түсінуде мидың төбе, самай желке бөліктерінің қызметі де
ерекше.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу қабілетін зерттеу.
Міндеттер:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамыту үшін, деңгейлік
тапсырмаларды құру.
2. Оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындай дәрежесін тексеру.

Зертеу объектісі:
Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні:
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін деңгейлік тапсырмалар
арқылы дамытуды іске асыру.
Зерттеудің болжамы:
Бастауыш сынып оқушыларына берілген тапсырмаларын түрлендіріп жүргізу
арқылы, оқушылардың сөлеу тілін дамытуға болады және қазақ – тілі сабағын
қызықты, тиімді жүргізуге мүмкіндік жасалады.

І. Бөлім

1.1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым

Сөйлеу дегеніміз – адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-
қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке
адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен
кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенед. Сөйлеу үшін
жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу
тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз
тіркестерін, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ объектвті
категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас
құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына,
пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам
қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының
білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше құрылады.
Сондықтан да сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай
ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып
келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән
(индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де
болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп
айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық
творчествоға сүйенеді.
Сөйлеу – пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді
қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс
қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды
қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі
іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің
мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты.
Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.
Сөздің мағыналығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың
айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза
болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын
білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп
Баласағұн: Ақылды көркі – тіл, тілдің көркі – сөз деп тауып айтқан.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін
екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу
интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі
сөлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс
орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ
тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін
білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру
сияқты адамның. Әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей
алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы
кідіріс) болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік
қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ылмишараттарымен дұрыс қабысып келіп
отырады.
Сөйлеудің осы жақтары – кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе
мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде
балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді,
сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек деген. Сөйлеу
әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының
бұлшық ететрі т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті – ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің
нәтижесі.
Сөлеу қабілетті – мидың анатомиялық функциясы байланысты болып
келетіндігін мына мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі
зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құблысты афазия
деп атайды. Мұның екі түрі болады.
Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен ол сөзге түсінбей
қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі. Оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады.
Афазияның енді бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің
айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай
алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы,
жарақаттануы, қабынуы, ісуі т.б. – афазияның пайда болуына себеп болатын
факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс
талдай алу адам псикасының дамуында түрлі кезеңдерде көрінеді. Пікірлесудің
қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.
Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын
орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде
оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті практикада жүзеге
асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік
тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне
байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.
Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің
көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің
қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп
қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады.
Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс
ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық
құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш,
одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-
ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды
пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен
үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете
отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары
жүргізіледі.
Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау
әрекеттеріне беймдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге
ықпал жасайды.
Оқу тәрбие ісінде ең қажетті мәселелер мұғалымның психологиялық
жағынан дайындығы. Әсіресе қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық
ерекшеліктерін меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі
ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті
ескеріледі. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өзінің ерекшелігіне
қарай психологияны жақсы білуі тиіс. Бала психологиясын сезіне білу жалпы
педагогикалық бірліктілікке жатады. Онсыз балалардың оқуында болсын,
тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктеріді ажырата білу мүмкін емес.

Баланың жасына, жеке басының ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай
білу дегеніміз оның жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал
жасай алатын жұмыстың әдістері мен амалдарын белгілеу деген сөз.
Я.А.Коменский бала психикасын үшкен бөледі:
1. Зерек бала
2. Ынжық бала
3. Тік мінез бала
Енді осыны алты кырынан көрсетеді
1. білімге бейім, зерек бала.
2. Ынталы, бірақ шабан, момын балалар.
Оларды қамшыламаса, үнемі бақыламаса, өздігінен тыңдауы төмен.
3. Алғыр, тікмінез, өжет бала. Олар не ұлан пайда немесе күлді зиян
келтіреді.
4. Тапсырмалы орындағаш, білгісі келетін, білуге тырысатын, бірақ өте
жай балалар. Оларды үнемі мадақтап, қолдау керек.
5. Қабілеті төмен, ешнәрсе қызықтырмайды.
6. мінезі бұзық, қытымыр балалар.
Росия федерациясының білім беру Заңында деп көрсетеді Әдіскер –
педагог Г.Ю.Ксензова, білім берудің екі түрлі стандартты енгізілген.
Бірінші, міндетті стандарт жалпы білім беру жүйесі бойынша, екіншісі
қосымша стандарт – қабілетті оқушыға арналған, оқытудың жоғарғы дайындығына
бағытталған. (75,58).
• Дарынды балалардың қабілеттілігін арттыруға жағдай туғызылады;
• Оқушылардың табиғи нышандары дамытылады;
• Оқушылардың әлеуметтік, адамгершілік дамуы, өмірге бейімділігі
жетілдіріледі.
Міне, осылайша балаларды саралап оқытудың нәтижесінде байланысты,
мектептердің де әр түрлі сараланған бағыттағы түрлері дамуда.
Білімді толық меңгерту технологиясының ғылыми негізін ашқан америка
психологтары Дж.Кэррон мен Б.Блум болса, Россияда М.В.Кларкиннің еңбектері
білімді толық меңгерту технологиясы бойынша оқушыларға бірдей уақыт
мерзімінде, барлығына бірдей оқу бағдарламасын меңгерту қарастырылады.
Сабақ процесінде жаңа сабақты меңгертуге көп уақыт жұмсалады да, оқығанды
меңгеру нәтижесі тексерілмей қалады. Сабақтың түпкі нәтижесі негізгі
шешімін таппайды. Психологтар Дж.Кэрралл мен Б.Блун бірдей қиындықтағы
тапсырманы оқушылардың әр түрлі мерзімде орындауының себептерін анықтады:
• Қабілеті төмен оқушылар уақытты көп пайдаланғанның өзінде
сабақты меңгеру дағдысына жете алмайды.
• Талантты балалар (небәрі 5%) басқалар орындай алмайтын жоғарғы
қиындықтығы тапсырмаларды орындайды.
• 70% оқушы белгіленген мерзімде тапсырманы орындап үлгіретіндер.
Америка психологтары Дж.Кэрралл мен Б.Блум оқушыларды деңгейлік
саралау барысында 3 деңгейді белгіледі:
1) минимальный (төменгі деңгей)
2) базалық (орташа деңгей)
3) шығармашылық (жоғары деңгей)
Осы үш деңгей бойынша мынадай қағидаларға тоқталады:
1) жалпы қабілетті – қабілетсіз бала жоқ, өз ісімен айналыспайды;
2) өзара сәйкестік, өзара жарысу басқа оқушыдай білмегенмен, іздені
арқылы дамып жетіледі.
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас
ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге
мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы,
жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе, оқушының қызығушылығы мен
бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі
қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-
сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің
түрлері қамтылды. Сыртқы сөйлеудің ауыз екі (бұл тілдің ең көп және кең
тараған түрі) және жазбаша сөйлеу жұмыстары енгізіледі. Ауызша сөйлеудің
диалог және моногол түрлері тапсырмада орындалады. Пікірлесудің қандай
түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің
негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау
кезінде оқушылар мынандай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.
а) диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды
тілемейді;
ә) сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек
әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады;
Мәселен, Келе жатқан он тоғызыншы деген сөйлемде осындай нөмірі бар
автобусты. Күріп тұрған адамдар ғана түсіне алады;
б) диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады;
в) диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-
ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал. Монологтық сөйлеу.
Тапсырмадағы монолог сөздерді орындау кезінде ол тек адамның, лект,
баяндамашының, мұғалімнің, оқушының сөзі екендігі ескеріледі.
а) монолог сөзге жсопар құрылып, толық, белгілі бір жүйемен
баяндалады;
ә) логикалық ойлау жағынан қатаң талаптар қойылады.
б) мағыналығы, түсініктілігі, мәнерлілігі талап етіледі.

1.2. Сөйлеу әрекеті және сөйлеу түрлері

Сөйлеу әрекеті – үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің
нәтижесі. А.А.Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық
тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен. Тілді
интелектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып, психолог-ғалымы былай
көрсетеді:
1. Сөйлеу әрекетін жоспарлау
2. оны жүзеге асыру
3. салыстыру мен бақылау
Сөйлеу іштей сөйлеу және сырттай сөйлеу болып екіге бөлінеді. Ал,
сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша, монологтік және диалогтік болады.
Сонымен, психология ғылымында сөйлеу әрекеті ішкі және сыртқы сөйлеу
деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеу ауызша, жазбаша
болып тағы бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірмен тығыз байланыста іске
асып отырады. Өйткені олардың физилогиялық негізі бір, ол негіз – мидың
жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары.
Психолог Т.Тәжібаев: Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен
айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді – дей
келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның
механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады.
Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің
бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп
отырады.
Ауызша сөйлеу – кезінде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер
күн сайын жиі қолданылатын сөздер болғандықтан деңгейлік тапсырмалардың
барлық түрлерінде кездеседі. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-
мағынасын түсінгенмен күн сайын қолданылмайтын сөздер болғандықтан, ол
шығармашылық деңгей тапсырмаларында ғана кездеседі. Мәселен, ғылыми-
техникалық атаулар, лингвистикалық, фонетикалық т.б. атаулар.
Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөз. Бұл арнаулы әдістер ар0ылы
мектеп қабырғасына келгеннен кейін меңгеріледі. Жазбаша сөйлеу адамның
сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда болады. Қолға қалам-қағаз
ұстап жазып үйренгеннен кейін басталады.
Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
а) жазған кезде ым-ишара қолданылмайды;
ә) логикалық жағынан өте қатаң талап қойылады;
б) грамматикалық ережелерді сақтау қатаң ескеріледі;
в) жазған адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті
баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді. Бұл күрделі ой жұмысын қажет
етеді. Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Бұл тілдік материалдар
негізінде дауысталмай – ақ сөйлей алудың көрінісі. Әр ұлттық өкілі қандай
да бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде
адам ішкі сөйлеуін пайдаланады. Мәселен, жиналыста сөйлейтін оқушы өзі
іштей сөйлеп дайындалуы ықтимал. Сыбырлап сөйлеп дайындалуын да мүмкін.
Ішкі сйөлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады.
Сөйлеуші бұл үшін жатығады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру –
интериоризация деп аталады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі
кездеседі.
Сонымен оқушыға білім беру барысында сөйлеу тілінің дамуы үшін
төмендегі жағдайларды қалыптастыруымыз қажет.
Біріншіден, тілі дамуы үшін бала міндетті түрде үлкен адамдармен
сөйлеу қарым-қатынасында болуы шарт.
Екіншіден, үлкендердің сөйлегенін түсіну үшін баланың реакциясы болуы
тиіс және оны эмоциялық түрде қабылдауы керек.
Үшіншіден, басқа адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөйлеу
процесі өте кеш қалыптасады, сондықтан осыны ескеру қажет.
Төртіншіден, баланың сөйлеу тілінің жетілуі – оның өзінің сөйлеуінде
тілдің грамматикалық және синтаксистік түрлерін дұрыс қолдана бастауы.
Халқымыздың мәнді сөйлейтіндерді Сөзі мірдің оғындай екен деуі тегін
емес. Шебер сөйлей білу де өнер. Оқушының сөйлеу қабілетінің дамуының шарты
– баланың сөздік қорының мол болуы.
Үйретуші мұғалімнің тіл мәдениеті де балаға өте әсер етеді.
Сөйлеуге үйретуге арналған еңбектің ішіндегі құнды еңбектің бірі –
В.Л.Скалкиннің Өзге ұлтқа ауызша сөйлеу тілін үйретудің негізі атты
еңбегі. Бұл еңбек екі тақырыптық бөлімнен тұрады.
І. Бөлім ауызша тіл дамытудың қатысымдық, психологиялық және
лингвистикалық негізіне арналып, мұнда ауыз екі тілді дамытудың
клмпоненттері мен категориялары қарастырылады. Еңбектің ІІ бөлімі толығымен
әдістемелік мәселелерге арналған.
Еңбекте ауызша сөйлеудің жалпы принциптері, лингво-әдістемелік негізі
талқыланады және оқыту материалдарын сұрыптау, оны ұйымдастырудың, оқытудың
әдістемесі, сонымен бірге сөйлеу мен тыңдауға арналған жаттығулар жүйесі
берілген. Әсіресе, бұл еңбекте сөйлеуге үйретуге арналған жаттығуларды а)
жаттықтыру жаттығуы, ә) қатысымдық жаттығу деп екіге бөліп, әрқайсысына
жеке-жеке тақырыптық жаттығулар ұсынады.
Мәселен: қатысымдық жаттығуларды сұрақ-жауап; ситуациялық; мазмұндама;
пікірлесу; ауызша мазмұндау; инициативтік жаттығу және ойын жаттығу деп
бөліп берген (83,248).
Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да
балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген.
Балалармен сөйлескенде эмоция мен сезімнің басым болуы қажеттігін, мұғалім
өзінің дауыс ырғағына, дикциясына назар аудару керектігін айтады. Сыртқы
объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның
ойлау қабілеті артады. Ойлау арқылы сыртқа шығып, адам ойын жеткізуші
құралдың ролін атқарады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс
пайдалана білу керек. сөйлеу тілін арттыру жұмыстарын жүргізгенде ол көзбен
көру, құлақ пен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Ойлау жүйесінің
нәтижесінде сөйлесім әрекетінің маңызы зор. Сондықтан тілді оқыту барысында
оқушының жеке қабілеті, ойлау дағдысы, сана-сезімі, жан-дүниесі ескеріледі.
Сөйлеу тілін дамытудың психологиялық негізі тіл мен ойлауға келіп тіреледі.
Сөйлеу тілін дамыту түйсіну, қабылдау, ес пен ойлау және қиял негізінде
іске асады.
Ал оқушылардың жеке ерекшеліктері (темперамент, қабілет, мінез)
сөйлеу, жазу жұмыстарымен тығыз байланысты.
Психолог Н.И.Жинкин Коммуникативная система человека и развитие речи
в школе деген еңбегінде. Сөйлеу – интелектінің даму Каналы, сөйлеу
тілінің механизмдерін іске қосу – сөз бен буынның бейнесін қайта
жаңғыртудан басталады, дейді (84,83). Н.И.Жинкиннің еңбегінде сөйлеу
әрекетінің қызметтері төмендегідей белгіленеді.
Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан 3-түрлі салаға
топтастырылады.
1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі
2. Сөйлеудің сигнирикативтік қызметі
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі
Сөйлеудің коммуникативтік қызметінің түрі өте көп. Блімідік қатынас,
хабар алмасу, бірнеше адамның қатысы, топтар мен қоғамдық қатынастар, зат
алмасу қатынасы т.б. Коммуникативті әрекет сөзбен де, сөзсіз де (ізет,
құрмет, қозғалыс т.б.) болады.
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі бойынша адамдар бір-бірін белгілер
мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Ым-ишара осы топқа жатады.
Сөйлеудің экспрессивті қызметі үнмен мәнермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарындағы деңгейлік тапсырмалар жүйесі
Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Пәндер