Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылау саласындағы педагогикалық ізденістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________к олледжі
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

_____________________пәні

Тақырыбы: Дүниетану сабағында оқушылармен табиғатты бақылау

Тексерген:______________
Орындаған:_____________

Астана 2008
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
11.Бастауыш сыныптарда табиғатты бақылауды тиянақты меңгерту мәселесі ... 5
1.2Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылау саласындағы педагогикалық
ізденістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..9

2. Дүниетану сабағында оқушылармен табиғатты бақылау

2.1 Дүнетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылау
тәісілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Табиғатты бақылауда қазақтың салт-дәстүрлерінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ..2 0

3.Дүниетану сабағында оқушылармен табиғатты бақылау
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .32

Кіріспе
Курыстық жұмыста мен Дүниетану сабағында оқушылармен табиғатты
бақылау түрлерімен тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп
көрсетемін.
Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде Дүниетану пәніне қысқаша
тоқталып өтейін.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республкасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан
демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере
отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда көзделген білім беру жүйесіне қойылатын
талаптар күшейе түсті. Сол талаптардың бірі – оқушының дүниетанымын
қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім
дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да
қалыптасып, тұрақтана түседі
Дүниетану дүние және тану деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Алдыменен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға
танытқалы отырғаымыз- дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен олардың
қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануғаұсынбақпыз.
Дүние - қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның
құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы
танып-білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен
айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін
емес. Бірақ оның сырын түгел біліп танып-білу әр адамның меңгерген білім
деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Курыстық жұмыстың алғашқы бөлімінде Бастауыш сыныптарда табиғатты
бақылауды тиянақты меңгерту мәселесі қаралады.
Бастауыш сыныптарда табиғаттану материалдарын оқушыларға тиянақты
меңгеру жолдары - бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың
негізгі бір жолы - пәнаралық байланысты күшейту.
Дүниетану деген мағанаға ой жүгіртсек, тану сөзі қандай болмасын
процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету үшін
немесе екінші сөзбен айтқанда оқып, танып-біліп әрбір жаңа білімді меңгеру
үшін мұғалім әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс қолданылып,
ұтымды жұмыс түрлерін іздестіреді. Сол арқылы оқушының ми қызметінің
белсенділігін арттырып, іздемпаздығын жетілдіреді. Соның бірі берілетін
білімнің жүйелігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту.
Біз пәнаралық байланысты екі түрлі жолын ұсындық. Бірінші –уақытылы
байланыс, екінші – ұғымдық байланыс. Бұл байланыс түрлеріне бірінші бөлімде
тереңірек тарқатылады.
-Табиғаттың біртұтастығын, оған ұқыпты көзқарас керектігін ұғындыру;
-Қоршаған ортаны бақылау, жергілікті материалдарды пайдалану;
-Жергілікті табиғат проблемаларды өздігінен шешу;
-Зертеушілік қабілетімен шығармашылық белсендігін дамыту мәселелеріне
екінші бөлімде, яғни дүнетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының
табиғатты бақылау тәсілдері мен дүнетану сабағында бастауыш сынып
оқушыларының табиғатқа сүйіспеншілігін қалыптастыру жолдарында тереңірек
ашып көрсетілген.
Табиғатты қорғау үшін және бақылау үшін, практикалық іс-қабілетін дамыту
сияқты мақсаттар толық нәтиже беру үшін - сабақтың алуан түрлі әдіс-
тәсілдері қолданылады. Дүниетану дәріс сабағы, топ серуен, кеш,
танымжапырақ, сайыс, апталық т.б. өткізу ойлануға шығармашылық қабілетін
дамытуға болады.
Үшінші бөлімде дүниетану сабағында оқушылармен табиғатты бақылау
мониторингі ұсынылады.

1.1 Бастауыш сыныптарда табиғатты бақылауды тиянақты меңгерту мәні
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негізгі бір
жолы-пәнаралық байланысты күшейту.
Пәнаралық байланысты міндетті түрде жүзеге асырылуы арқылы оқушыларға
берілетін білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етуге болатындығын алғаш
А.Коменцкий айтқанды. Одан кейінгі дәуірде осы пәнаралық байланыстың
психологиялық негізін құрған орыс халқының ұлы педагогі К.Д.Ушинцкий болды.
Кейінгі кездегі совет педагогтері М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Н.А.Лашкарева
еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер айтылды.
1960жылдардағы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз өзгеріс
болып, оқушыларды тәрбиелеу, білім беру және дамыта оқыту міндеті де
қойылды. Осы тұстада пәнаралық байланысқа үлкен мән берілді. Сондықтан да
соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары мен әдіскерлері оқушыларды дамыту
жолдарының бірі ретінде пәнаралық байланысқа ден қойып, бұл саланы көбірек
зерттеуге кірісті. Бұған Н.Оразханова, С.Мұсабеков, С.В.Илларионов,
А.А.Бейсембаева, т.б. зертеулері жатады.
Бағдарламалық талаптарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әр уақытта да
назардан тыс қалған емес. Себебі пәнаралық байланыс арқылы берілетін
білімінің жан-жақты меңгерілуі, білім сабақтастығы қамтамасыз етіліп, пәнді
оқытудың тиімділігі артатыны белгілі.
Біз пәнаралық байланысты екі түрлі жолмен жүзеге асырдық. Бірінші
–уақытылы байланыс, екінші – ұғымдық байланыс. Уақытылы байланыс әрбір
бағдарламалық талаптарды іске асыру барысында әрбір бағдарламалық
талаптарды іске асыру барысында берілетін жаңа ұғымды келесі пән бойынша
алған ұғыммен күнбе-күн байланыстырып отыру барысында олардың бәріне ортақ
ғылыми ұғымдарды солардың бәріне де қолдануға көңіл бөлу арқылы жүзеге
асты. Дүниетану деген мағанаға ой жүгіртсек, тану сөзі қандай
болмасын процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету
үшін немесе екінші сөзбен айтқанда оқып, танып-біліп әрбір жаңа білімді
меңгеру үшін мұғалім әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс
қолданылып, ұтымды жұмыс түрлерін іздестіреді. Сол арқылы оқушының ми
қызметінің белсенділігін арттырып, іздемпаздығын жетілдіреді. Соның бірі
берілетін білімнің жүйелігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту.
Бұл үшін – оқылатын пәннің өз ішіндегі мәтін мазмұндарының
байланыстылығымен қоса сол сыныпта оқылатын әрбір пәннің бір-бірімен
байланысына да көңіл бөлінеді. Бұл берілген ұғымды оқушының тиянақты
меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесті. Байланысты күшейту үшін оқушының
өмір тәжірибесі мен бұрын алған білімін жаңадан қабылдағалы отырған
білімінің мазмұнымен байланыстырудың тиімділігі байқалды.
Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімінің байланысының
маңызын психологтар да ерекше атап көрсетеді. Баланың кез келген затты,
құбылыс пен оқиғаны, сол сияқты әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін
жете тануы үшін алдымен оларды оқитын мәліметтері жайында түсінік
қалыптастыру керек. Ол үшін бұрыннан белгілі таныс зат енді танығалы
отырған затпен салыстыру, талдау, жинақтау арқылы оладың ұқсастығы мен
айырмашылығын айқындау, осы арқылы әр пәннен алған білімдерін байланыстыру
іске асырылады. Мұғалімнің көздейтін мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми
білім неіздерінің бірлігін, тұтастығын сақтау болды. Сол сияқты ілесе
отырып байланыстыру да жиі қолданылады. Кез келген пәнді оқыту барысында
ұтымды бөлімін тауып, сабақ желісіне басқа пән мазмұныдағы байланыстықты,
заңдылықтарды кірістіре кету жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып,
оқушылардың ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойда сақтау
мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалды.
М.Жұмабаев ...суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп
аталады,- деп, еске анықтама береді де еске сақтаудың білім алудағы өте
жоғары ролін ашып көрсетеді. Ең болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып
тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді... Ес болса ғана адам білімді
бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол болса, ой
терең болады,-дейді.
Ал, Т. Тәжібаев есті ең күрделі псиологиялық процесс ретінде қарап, Ес
бұрын тәжірибеде қабылданған нәрселерді мида қалдыратын, жаңғыртатын және
оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функциялар екенін айтады.
Бұл қағидаларға жүгініп отырған себебіміз - пәнаралық байланыстың қай түрі
болса да, бала есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі. Бұрын оқып өткен
мағлұматты не жаңа оқып отырған материалды басқа пән мазмұнымен
байланыстыру арқылы қалайда естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру арқылы
қабылдау, естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру, қайталау, тиянақтау түсу
мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларда білім негіздерінің бірлігі
туралы пікір қалыптасады.
Сол сияқты пәнаралық байланысты күшейтудің екінші жолы-арнайы
жүргізілген кешенді топсаяхаттар екені ескеріледі. Мұндай жағдайда ана тілі
пәнінің де табиғаттану пәнінің де мүдесіне жарайтындай мазмұнда
ұйымдастырылған топсаяхаттар өте тиімділік көрсетеді. Жыл мезгілдеріне
байланысты топсаяхатқа шыққанда оқушылардың табиғат туралы түсінігі
кеңейіп, алған ұғымдары бекіп, нақтылы заттар мен құбылыстарды танып білсе,
ана тілі сабақтарына байланысты табиғат тамашасына қызыға қарау, әдемілік
пен сұлулықты сезіну сияқты эмоциялық әсерді де іске асыру жағы орындалады.
Осы арқылы оқушылардың эстетикалдық талғамы қалыптасты.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский пән аралық байланысты жете көрсетіп,
оқушылардан үнемі оқыған заттары мен құбылыстарының ішкі және сыртқы
байланыстарын ашуды талап етті. Оқудың қызықтылығы, тартымдылығы мен
нәтижелігі сонда ғана қамтамасыз етіледі деп есептеледі. Өйткені,
қызығушылық бала сезімін кеңейтіп, тереңдете түседі, сол арқылы таным да
тиянақты болады деп білген.
Әсіресе білім беруге арналған кешенді топсаяхаттар баланың әртүрлі
затты, құбылысты, өсімдік пен жануарларды және адамдар арасындағы қатынасты
нақты жағдайда көруін, олардың ішкі, сыртқы байланыстарын байқауын жүзеге
асырады. Кешенді топсаяхаттың тиімділігін, әсіресе, уақыт үнемдей отырып,
пәнаралық байланысты күшейтуге көмектесетіндігін Ю.К.Бабанский де атап
көрсетеді. Осы жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып, бастауыштағы
сауат ашу кезеңінің өзінде-ақ оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуін,
байқағандарын әңгімелеп беруге төселуін көздей отырып, оның нәтижесін тек
әліппені оқытуда ғана емес, айналамен таныстыру сабақтарында пайдалану
жүзеге асырылады.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылау саласындағы педагогикалық
ізденістер
XVIII ғасырдағы атақты педагог И.Г.Пестолцийдің пікірі бойынша балаға
білім берудің табиғи жолы – сезімдік қабылдауға жол ашу екендігін айтып,
оқыту барысында қолданылатын көрнекіліктер мен бақылау әдістеріне аса
жоғары мән берген болатын. Сонан бері қаншама уақыт өтсе де, бұл әдістердің
мәні төмедеген емес, педагог зерттеушілер назарынан тыс қалған да емес. Сол
әдістерді кеңінен қолдануға негіз салатын дүниетану материалдарын оқыту
және оның пәнаралық байланысын күшейту болды. Баланың танымы мен ойлау
қабілетін және ой-өрісінің дамудындағы, жекебас ретінде қалыптасудағы
табиғатты оқытудың маңызы туралы пікірлерді академик В.А.Сухомлинскийдің
еңбектерінен көптеп кездестіреміз.Ол Балалардың сезіміне, түйсігіне,
қиялына ықпал жасаңдар, шексіз әлемге деген терезені біртіндеп қана
ашыңдар-деп, уағыздайды. Ғалым жас балалардың табиғат аясында ой еңбегінің
де өркендейтінін, зор эмоциялық өрлеу кедерінде бала ойы ерекше айқын, ал
есте сақтауы неғұрлым интенсивті түрде болатынына көз жеткізе білген.
Сондықтан да А.В.Сухомлинский мектеп реформасын жасаудың негізін қалады деп
айта аламыз. Себебі ғылым баланы алты жастан бастап оқытуға болатынын өз іс-
тәжірибесі арқылы бұған дейін дәлелдеді.Бірақ ол алты жастағы баланы
партаға отырғызып қойып оқытуды уағыздаған жоқ. Дүниедегі ең ғажайып
кітаптың – табиғат кітабының беттерін оқитын болуы керек деп, соған күш
салды. Мектеп қабырғасына жаңа келген алты жастағы сәбидің даму ерекшелігін
айтқанда ...табиғаттағы ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен бала
миымен істес боламыз, сондықтан онымен жұмыста сақтық керек деп
ескертеді.
Баланың ойлау үрдісі жайындағы академик В.А. Сухомлинскийдің пікіріне
толығырақ тоқталайық. Бала ойлайды... Мұның өзі оның ми сыңары қабығы
нейрондарының белгілі біртобы қоршаған дүниенің образдарын, картиналарды,
заттарды, құбылыстарды, сөздерді қабылдайды, сөйтіп өте нәзік нерв
клеткалары арқылы-байланыс каналдары арқылы өткендегідей –сигналдар өтеді-
деген сөз. Нейрондар осы информацияны өңдейді оны жүйеге салады,
топтастырады, жалғастырып, салыстырады. Ал осы кезде жаңа информация келіп
түседі, оны қайтадан үсті-үстіне қабыдап, өңдеу керек болады. Үсті-үстіне
жаңа образдар қабылдап әрі өңдеп үлгеру үшін нейрондардың нерв энергиясы
өте қысқа уақыт ішінде дереу образдарды қабылдаудан оларды өңдеуге
көшеді. Міне, нейрондадың нерв энергиясының осы ғажайып тез көшуі біз ой
деп айтатын құбылыс болып табылады, - бала ойланады... Бұл қағидадан бала
ойының нәзік қылын шертуге, олардың көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен
ұстап, бақылап байқай алатын образдар болған жағдайда ғана әсер ете
алатындығы көрініп тұр. Бұл бала ойына, қиялына, тілінің дамуына дүниетану
материалдарының қаншалықты әсер ете алатынын көрсетеді. Көгілдір аспан
астындағы мектептің бірде-бір оқу кітабы алмастыра алмайтынына көз жеткізу
қиын емес.
В.А.Сухомлинский ұсынған табиғаттан оқу қағидасы мектеп реформасы
талаптарын жүзеге асыруда белгілі орын алды. Соған сәйкес алты жасар баланы
оқытуды бастауыш мектеп жүйесіне енгізген кезде оқушыларды айналамен
таныстыру міндеті жүктеліп, Айналамен таныстыру пәні оқу жоспарына енді.
Оқу жоспары бойынша жетісіне бір сағат уақыт бөлінген бұл пәннің
бағдарламасы жасалып, оны оқытуға керекті көмекші дидактикалық құралдарды
оқукшылардың дүниетанымын арттыру барысында қолданылудың әдіс-тәсілдерін
көрсететін нұсқау да берілді. Жоғарыда көрсетілген осы тұста жетісіне бір
ғана сағат оқылатын Айналамен таныстыру пәнінің мазмұны басқа пәндермен
байланыста оқытылу арқылы ашыла түсетіні байқалды.
Сонымен айналаме таныстырудың мазмұны тек табиғатпен таныстыруға ғана
емес, сонымен бірге бүкіл қоршаған дүниеден адамдар, олардың бір-бірімен
қатысы, табиғат, қоғам туралы өздері көріп, сезіп, бақылап байқай алатын
заттары мен құбылыстарына сүйеніп, соған негіздей отырып білім беру
болғандығы. Сөйтіп, мектеп реформасы оқушыларға білім беруді алға қарай бір
жылға жылжытқан кезде оларды қоршаған дүниемен таныстырудың мамұны да,
жүйесі де үлкен өзгеріске ұшырады. табиғат аясы, қоршаған орта бала ойының
қайнар көзі екені ескерілді. В.А.Сухомлинскийдің эмоциялық-эстетикалық
лепсіз баланың толыққады ақыл-ойының дамуы мүмкін емес деген қағидасы
осыған негіз салды десек те болады.
Мектеп реформасы кезінде педагогикалық ізденістер де күшейе түсті.
Мұғалімдер тәжірибесі, оқыту проблемалары, әдістемелік жаңалықтар жайында
кітаптар баспадан шығып, жарық көрді. Осылардың ішінде баланы алты жастан
оқытудың тиімді жолдарын, оқуды ұйымдастырудағы өзінің іс-тәжірибесін
ортаға салған. Ш.А.Амонашвили болды. Ол алты жасар баланың психологиялық
ерекшелігін айта келіп, оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін
ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды - дейді. Практик-ғалым
Л.С.Выготскийдің Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана жақсы болады деген
пікірін қуаттайды. Л.Г. Выготскийдің зерттеуді дамудың актуальды өрісі мен
іргелес өрісі жайындағы идеяны алға тартқан болатын. Баланың актуальды
өрісі ол бүгінгі күні игерген білімі, танымы және іскерлік дағдылары десек,
іргелілес даму өрісі ол етеңгі меңгеретін білім көлемі, дағдысы, іскерлігі,
бұған оқушы біртіндеп жетеді. Жеткеннен кейін де тоқтап қалмай, оның
іргелес өрісі тағы алға қарай жылжи бермек. Сөйтіп ол көкжиек сияқты өзінің
шеңберін кеңейте түседі.
Дамудың актуальды өрісі мен іргелес өрісі идеясын басшылыққа алу
айналамен таныстыруды ана тілімен ғана емес, математика, сурет, еңбек, дене
шынықтыру және т.б. пәндермен кеңінен байланыстыруға мүмкіндік туғызды Осы
жылжу – білім берудің алға қарай жылжуы оқушыларға күрделі материалдарды
меңгертудің жолын іздестіруі керек етті. Алты жасар балаға, яғни, бірінші
сынып оқушысына берілетін ұғым олардың қоршаған орта туралы алғашқы ғылыми
түсініктерін қалыптастыруға әсер ететіндей болу жағы қарастырылғандықтан,
оны барлық сабақта да сабақтастыра түсіндіру әдістерін қолдануға тура
келді.
Л.И.Бурова бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан алғашқы білім
беру жолдарын зерттеген жұмысында білім беудің басты міндеті-адам баласы
ашқан жаңалықта жетістігін меңгерту екенін айтады. Бұл осы кезге дейін
ғылымға айналған дайын білім, бірақ оны оқушыға ұғындыру оңай емес. Адам
баласы осы шындыққа жету үшін қандай тарихи жағдайды бастан кешірсе, оқушы
да соған татитын қиындықтан өтер еді. Бірақ алдына жоспарлы мақсат қойып,
олардың оқыту әрекеттерін тиімді ұйымдастыра білетін мұғалімнің көмегімен
оқушы бұл қиындықтан жеңіл өтіп, дайын ғылымды меңгеретінін айтады.
Берілген білімді тиянақты меңгеу оқушының таным әрекетіне тікелей
байланысты. Ал алты жастағы баланың танымын қалыптастыруда пәнаралық
байланыстың мәні ерекше.
Айналамен таныстыру пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенді жасауда
бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ұғымды меңгеруі туралы психологтардың
пікірлері де ескерілді. Л.В.Занков, Н.Б.Менчинская, Э.И.Залькинд және т.б.
Ғылыми ұғымды меңгеру үшін баланың қоршаған дүние жайында бұрыннан, өмір
тәжірибесінен алған түсініктері болуы керек. Сол түсініктерін кеңейту,
байту және оның қатесін түзету арқылы ғылыми ұғымды жеңіл қалыптастыруға
болады-дейді. Ал, Г.А.Гальперин, Н.Ф. Тальзина, Б.Д.Элконин, В.В.Давыдов,
Т.Тәжібав, Қ.Жарықбаев сияқты ғалымдардың пікірінше, оқушылардың өмір
тәжірибесінен алған түсінігіне сүйеніп, оны жөндеп, қорытуға жұмсалатын
уақыт оқушылар ойының дамуын тежейді. Сондықтан ғылыми ұғымды бірден дұрыс
қалыптастыруға тырысқан жөн деп қарайды. Шын мәнінде алғашқы ғылыми түсінік
мектепке дейін де беріле бастайды. Мысалы, балаларға ағаш және оның
бөліктері жайында мектепке дейін-ақ, білім беріледі. Бұл білім тәрбиешінің
айтып түсіндіруінен ғана емес, сонымен бірге баланың топсаяхат кезінде
көріп, бақылауы, серуен кезінде сезінуі және басқа заттармен салыстыру
нәтижесінде меңгеріледі. Енді ағаш қандай болады деген сұраққа олар бұрын
көргендерін көздеріне елестете жапырағы болатынын және оның өсуіне керекті
жағдайларды да айта алады. Мұндай жағдайда бала тек тәрбиешінің берген
түсінігіне ғана емес, өмірден күнделікті көріп, біліп жүрген мәліметтерін
де сүйенеді. Мұнан түйетініміз-алты жасар балаға берілетін білім олардың
сезіміне әсер ететіндей болуы қажет. Сондықтан да оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыру үшін олардың мектепке дейін алған ұғымдарына көңіл аударылып,
тиісті байланысын тауып, қажет жерінде қолдану жолы да ескеріледі.
Рухани дүниесі бай адамды тәрбилейтін басты құрал-табиғат сұлулығы. Оны
өз дәрежесінде түсініп, көркемдігіне сүйісіп, байлығын пайдаланып қана
қоймай, қорғай да білу үшін оған деген қызығушылығын арттыру, ынтасын
тудыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ол мақсаттар сынып қабырғасында
емес, табиғат аясында жүзеге асады. Соған сәйкес Айналамен таныстыру
пәнінің бейнелеу сабағымен байланысы күшейтілді. Табиғат көрнекіліктерді
пайдалып, нақты дененің (ағаш, шөп, жапырақ, жеміс және т.б.суретін салу,
байқағандарын қайта жаңғыртып бейнелеу сияқты жұмыс түрлері кіргізілді.
Табиғатты пайдаланатын да, оны түлететін де - адам. Сондықтан сол тұста
жарық көрген әдістемелік нұсқауда адам еңбегі, оның түрлерімен, еңбек
адамдарымен таныстыру да, айналамен таныстыру сабақтарының бір саласы
болуға тиіс деп көрсетілді.
Бірінші сынып оқушыларына табиғаттанудан берілетін білімді еңбекпен
байланыстыру міндеттері де жүктеледі. Еңбек түрлерін балалар күнделікті
өмірден байқап қана қоймай, өздері де еңбектің жеңіл түрлерімен айналысу
барысында табиғи құбылыстарды түсінуге мүмкіндік алатын айта келіп
(өсімдіктерге су құю, шаңын, сүрту, қураған жапырақтарды жинау, құстарға
жем шашу), оқушылардың өздерін еңбекке қатыстыру талабы қойылды. Осы
еңбектер нәтижесінде өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды, олардың
тұқымнан өнетінін, бөліктерін оқулықтан оқып қана емес, нақты объектілер,
образдар арқылы сезіне отырып қабылдау үрдісін дамыту ескертілді. Сонымен
қатар табиғат қорғау мәселелерін жүзеге асыру да көзделді (өсімдікті
жұлмауға, құстарды қорғауға, пайдалы жануарлар мен өсімдіктерді тани білуге
дағдылану).
Алты жасар балаға қоршаған ортадан берілетін білім, негізінен, олардың
топсаяхат кезінде табиғи материалдарды бақылауы не өндіріс, шаруашылық
орталықтарында болып, керекті объектіні көріп танысу барысында сезімдік
қабылдауы арқылы жүзеге асатынын айтқанбыз. Ал мұндай әрекеттер кезінде
алынған деректер мен ұғымдар мазмұнына қарай әр сабақтың қолайлы бөлімінде
кіріктіре қолданылады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту кезінде олар жыл
мезгілдерінің өзгеретінін, ол өзгерістің адам еңбегіне, өсімдіктер мен
жануарлар тіршілігіне әсер ететінін аңғаруына, сезінуіне сол арқылы білім
жүйесінің қалыптасуына жағдай жасалды. Олардың бұл ұғымдары кейінгі
сыныптарда жыл мезгілдерінің ауысу себептерін түсінулеріне негіз салды.
Айналамен таныстыру барысында оқушыларды туған жерін сүюге тәрбилеу,
еңбек адамдарын қадірлеу, табиғатты қорғау дағдылары ғана қалыптасып
қоймай, ой қорыту, қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын
дамыту көзделді. Табиғатқа адам да жататынын түсіндіріп, жекебас
гигиенасына да көңіл бөлінді. Қалалы жерлерде оқушыларды айналамен
таныстыру үшін мектеп маңындағы алаңға, саябаққа, баққа апаратын болса,
ауылды жерлерде бақшаға, шалғынға, орманға апарып таныстыру жүктеледі.
Табиғат объектілерімен (өсімдік, жануар, жер бедері, су және т.б.)
таныстыру үшін жүргізілетін бақылаулар табиғат аясында, не мектептегі
табиғат жүйісінде өтуге тиіс болды. Оқу алаңында балалар көкөніс, сәндік
гүлдер өсіруге қатысып, мұғалімнің көмегімен өсімдіктің өсіп жетілуін
бақылау, жануарлармен танысу көмегімен өсімдіктің өсіп жетілуін бақылау,
жануарлармен танысу кезінде жабайы аңдар мен үй жануарларының
тіршілігіндегі айырмашылықты да байқау талаптары қойылды. Жануарлар,
өсімдіктер туралы оқығанда, олардың суретін салу сурет сабағында жүзеге
асса, дайын қиылған пішіндер оны өз түсіне келтіріп бояу, ермексаздан мүсін
жасау еңбек сабағына жүктелді. Сонымен қатар ана тілі сабағында әртүрлі
мазмұндағы мәтіндерді (ертегі, өлең, жұмбақ, мақал-мәтел) оқу барысыда
дүниетану мақсатын үнемі ескеріп отыру жағы да көзделді. Бірінші сыныптағы
тіл дамыту сабағында оқушыладың айналадағы дүниеден алған білімдерін
нәтижесін пайдалануға үлкен мүмкіндік берді. Оқушылардың табиғаттан көріп,
байқағандарын әңгімелеу арқылы сөз қорларын дамытып, сөйлем құрауға, әңгіме
құрастыруға үйрету жағы қарастырылады.
Айналадағы дүниемен таныстыру кезіде оқушылардың өздігінен атқаратын іс-
әрекеттеріне баса көңіл бөліп, дербестігін арттыруға мүмкіндік берілді.
Мұғалімнің мақсаты- проблемалық жағдай туғызып, оны шешудің жолын
оқушылардың өздеріне жүктеу болды. Осы тұста В.А.Сухомлинскийдің Бастауыш
класстар оқушысының ойы сезім мен көңіл толқуларынан ажырамастай тығыз.
Оқыту процесінің әсересе қоршаған дүниені қабылдаудың сезімге бай болуы –
бала ойы заңдарының алға қоятын талаптарының бірі деген пікір ойға оралды.
Ол жанды сөз бен шығармашылық ойдың қайнар көзі табиғат пен бүкіл қоршаған
орта екенін ашық айтқан. Балалар қоршаған орта дүниелерін қабылдап және
оларға қиялдан бір нәрсе қоса отырып, қызу қуанышты бастан кешіреді.
Қабылдаудың сезімге бай болуы-бала творчествасының рухани күші мен
эмоциялық өрлеусіз бала миы клеткаларының қалыпты дамуы мүмкін емес деген
кәміл сенімдемін. Бала миында болатын физиологиялық процестерді эмоциялық
байланысты: қарбаластық, өрлеу, елігу сәттерінде ми сыңарлары қабығының
клеткалары күшті азықтанып отырады. Бұл кезеңдерде клеткалар көп энергия
жұмсайды, бірақ сонымен бір мезгілде организмнен көп энергия жұмсайды,
бірақ сонымен бір мезгілде организмнен көп энергия да алады. Егер алты
жасар балаға қоршаған дүниеден білім беру кезіңде оның жанына әсер
ететіндей сезімдер туғыза алсақ, оладың ақыл-ойын, қиялын, адам
қатынастарының күрделі де сан-алуан дүниесіне енгізе аламыз.
Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптасытыру
Дүниетану Табиғаттану пәндерін басқа пәндермен байланыстыра оқыту
арқылы жүзеге асты. Бастауыш сыныптардағы оқу мерзімінің алға жылжуы
оқушылардың қоршаған дүниеден алатын білім мазмұнының кеңейюіне және оны
оқытудың тиімді әдістерін іздестіруге, пәнаралық байланысты күшейтуге себін
тигізді.
2.1. Дүнетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылау
тәсілдері
Дүниетанулық білі мен тәрбие берудің өзекті орталығы –сабақ. Сабақта
оқушыларға төмендегідей мәселелерді түсіндіріп өткен жөн.
-Табиғаттың біртұтастығын, оған ұқыпты көзқарас керектігін ұғындыру.
-Қоршаған ортаны бақылау, жергілікті материалдарды пайдалану.
-Жергілікті табиғат проблемаларды өздігінен шешу.
-Зертеушілік қабілетімен шығармашылық белсендігін дамыту.
Табиғатты қорғау үшін практикалық іс-қабілетін дамыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру теориялық негізі
Окушыларды сабаққа даярлау
Адамгершілік мәдениеті
В. Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие мен білім берудің жүйесін саралау
ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларына педагогикалық процесте адамгершілік тәрбиесін беру
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
Бастауыш сыныптың тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшелігі
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Пәндер