Зерттеудің жетекші идеялары
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. XIX ғасырдың II жартысындағы саяси - әлеуметтік, экономикалық
жағдайлар және оның ұлттық мектептердің пайда болуына тигізген
әсері
I.1.Патша өкіметеінің отарлау саясатының қазақ өлкесінде сауат ашу
жөніндегі ұстаған
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .9
I.2.Жадидтік жаңа әдіс мектептері мен орыс –қазақ мектептерінің пайда
болуының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...23
I.3.Аралас мектептердегі оқу жоспарлары мен алғашқы оқулықтардың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
II. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеясының XIX ғасырмен XX ғасырдың
алғашқы ширегінде оқу-ағарту саласының дамуы
II.1. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары және оның ағартушылық
қызметін
дамытушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...70
II.2. Алғашқы ана тіліндегі оқулықтардың ғылыми әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .102
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...124
Пайдаланылған деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...128
Қосымшалар
Кіріспе
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзілік
қоғамдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі,
Қазақстан педагогика тарихының жаңа мазмұнда сипат алуына кең жол ашып
отыр.Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан2030 бағдарламасында 1,
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында 2, Қазақстан
Респудликасы мәдени-этникалық білім беру 3, Білім мазмұнын
гуманитарландыру 4 тұжырымдамаларында республиканың әлемдік білім
кеңістігіне енуін ескере отырырып, білім беру мазмұны мен оқытудың барлық
әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттігін атап көрсетеді. Соның бір
көрінісі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты қаралып, ақиқаты айтылмай
келген ұлттық педагогика тарихын қайта ой елегінен өткізіп, шынайы
бағасын беруге деген талпынысты айтуға болады. Олай дейтін себебіміз,
қазақ даласындағы оқу-ағарту мәселесінің даму барысы патшалық отаршылдық
кезеңде Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, А.В.васильев, т.б. еңбектерінде
көініс тапты. Бұл миссионер-ғалымдар шығармаларын патша өкіметінің
өркениеті миссиясының мүддесін көздеп жазды. Олар орыстың мемлекеттік
құрылысы мен мәдениетін асыра дәріптеп, оны барынша қызғыштай
қорғады.Мұндай туындылардың қатарына К.П.Кауфманның, В.П.Наливкиннің,
Г.С.Граменицкидің кітаптарын жатқызуға болады. Одан кейін педагогика
ғылымының даму тарихы туралы кеңестік дәуірде біраз ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізілген. Олар Т.Тәжібаев, К.Бержанов, І.Сембаев,
Ә.Сытдықов, Г.Храпченков, Ә.Дербісалин, І.Төлемісов, т.б. еңбектері. Бұл
авторлардың еңбектері құндылығы жағынан дау туғвзбайды. Алайда, зерттеу
үрдісінде әрдацым шыншылдық , ғылыми обьективтілік ұстанымдары қатаң
сақталды деп айту қиын. Себебі, республикамыздың педагогика тарихы
ондаған жылдар бойы жалпы одақтық редагогика ғылымының құрамдас бөлігі
деп табылып, соның даму арнасымен кете берді. Бұл жағдай, өзге де ТМД
елдеріндегің педагогика тарихы секілді қазақтың ұлттық педагогика тарихын
да екінші дәрежелі сипатта деп қарап, барлық прогрессивті оқиғалар мен
ұбылыстар тек орыс халқының арқасында болды беп түсіндіріліп келді.
Қазақтың сан ғкасырлық педагогика тарихы, тәлім-тәрбиелік мұрасы, оны
насихаттаған, дамытқан зиялы азаматтарының аты атлмады. Қазақ халқының
ертедегі дәуірін былай қойғанда, XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасыр
басындағ өлкедегі оқу-ағарту саласының ақтаңдақ беттері қалыңдай түсті.
Кеңестік педагогикада орысша білім беру жүйесі ғана прогрессивті деп
саналды және империяның шеткері аймақтарындағы жергілікті халықтардың
көзін ашқан бірден-бір бұлақ ретінде қарастырылды.Ал, орысша оқу
жүйесінің патша өкіметінің бұртана халықтарды орыстандыру, шоқындыру
ісінің негізі екені назардан тыс қалдырылды. Қазақтардың ұлттық
ерекшелігі мүлдем ескерілмеді. Өз кезінде мұсылман оқу-орындарынан білім
алғандар сауаттыларқатарына саналмады, я олар орысша білім алғандардан
төмен қойылып, ескі өмірді аңсаушылар деп көрсетілді. Сол кезеңдердегі
орыс миссионер-ғалымдарының бұртана халықты шала сауаттандырып, өз
мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын ерте сезіп,
қарсы шыққан тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин болды. Ол патша өкіметінің
отаршыл саясатына қарамастан ұлттық мектептердің қалыптасуына зор үлес
қосты. Ағартушы алғашқы төл оқулықтардың авторы болды, сонымен бірге ол
правослаславие дінінің ұлттық мектептерде етек алуына тосқауыл қойды.Оған
оның Мұсылмандық тұтқасы атты еңбегін жазып, мектептің оқу тәрбие
үрдісіне енізуі дәлел болады. Жоғарыда атап өткендей XIX ғасырдың II
жартысы мен XX ғасырдың басындағы оқу-ағарту ісінің даму тарихы, соның
ішінде Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі өз
мәнінде дұрыс бағаланбай келді.
Ал, қазіргі заман талаптарына сәйкес халқымыздың талап-тілектерін
қанағаттандыратын, бүгінгі күн тұрғысынан бағалаған деп Ә.Омаров,
С.Ұзақбаев, М.Мырзахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Т.Сабыров, М.Балтабаев
т.б. зерттеулерін жатқызуға болады. Бұл зерттеулерде қазақ халқының
мәдени-ағарту саласындағы басынан өткен шынайы тарихы жазылды. Дегенмен
де, аталған ғалымдардың еңбектерінде XIX ғасырдың II жартысында XX
ғасырдың басында Қазақстанда Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеясының оқу-
ағарту саласында дамуы мен оның ағартушылық қызметін дамытушы-
ізбасарларының педагогика тарихынан алатын орны жан-жақты жете
зерттелмеген. Осыны ескере келе, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбы
XIX ғасырдың II жартысы мен XХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанда
Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметінің дамуы
деп алынды.
Зерттеудің нысаны. XIX ғасырдың II жартысы XX ғасырдың алғашқы
ширегіндегі ұлттық мектептердің білм беру жүйесі.
Зерттеу пәні. Ы.Алтынсариннің және оның шәкірттерінің ағартушылық
қызметі мен педагогикалық идеяларының дамуы.
Зерттеудің мақсаты. XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың алғашқы
ширегіндегі Ы.Алтынсарин мен оның ізбасар шәкірттерінің педагогикалық
идеяларына бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми- теориялық сипаттама бере
отырып, ұлт мектептеріндегі оқу тәрбие жұмысының ерекшеліктерін ашып
көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер ұлттық педагогика тарихында
Ы.Алтынсариннің тәлім-тәрбие мұралары мен оны жалғастырушы шәкірттерінің
педагогикалық еңбектері қазіргі заман талабына сай жан-жақты зерттелсе,
соның негізінде курстық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер жасалып,
оқу-тәрбие үрдісінде қолданылса, онда Ы.Алтынсарин мен оның ізбасар
шәкірттерінің тілім тәрбиелік мұралары студенттер мен оқушылардың ұлттық
педагогика тарихына деген қызуғышылықтарын арттырып, дүниетанымдары
кеңейе түсер еді.
Зерттеу міндеттері:
- Ы.Алтынсарин және оның ізбасар шәкірттерінің педагогикалық және
ағартушылық идеяларына бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға
байланысты ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасау;
- XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-
пікірлердің өзара үндестігін айқындау;
- Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеяларын жалғастырушылардың педагогика
ғылымының дамуына қосқан үлестерін саралап көрсету;
- Ы.Алтынсарин кезеңіндегі және кейін пайда болған мектептердің оқу
жоспарлары мен ана-тілінде жарық көрген оқулықтардың шығу тарихы
мен мазмұнына талдау жасау;
Зерттеудің жетекші идеялары. XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың
алғашқы ширегіндегі ұлттық педагогикалық мұралары мен оның ағартушылық
идеясын жалғастырушы ізбасарларының мәдени ағарту, білім беру мәселелері
бойынша көзқарастарының өзара сабақтастығын ашып көрсету;
Зерттеу жұмысының ғылыми-әдіснамалық негізі: XIX ғасырдың II
жартысымен XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлттық педагогикалық ой-
пікілрерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың ,
психологтардың, еңбектері, ой-тұжырымдары, Ы.Алтынсарин және оның
ізбасарларының еңбектеріне деген әр тарихи кезеңдердегі көзқарастар,
өкіметтің оқу-ағарту мәселесі жөніндегі қаулы-қарарлары, Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы.
Зерттеудің көздері: ҚРОМА құжаттары, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының,
ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қолжазбалар қоры, ғылыми әдістемелік
деректер, оқу бағдарламалары, баспасөз басылымдары.
Зерттеу әдістері. Логикалық, аналитикалық талдау, архив құжаттарын,
сирек кездесетін қолжазбаларды жинақтау, жүйелеу, сұрау, сауалдамалық,
салыстырмалы талдау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1 кезең (1996-1997 жылдары) зерттеу проблемасына қатысты тарихи,
философиялық, тарихи-педагогикалық, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге шолу жасау. Сирек кездесетін қолжазбалар мен архив
материалдарымен танысу, жинақтау;
2 кезең (1997-1998 жылдары) XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың
бас кезіндегі Ы.Алтынсариннің педагогикалық және ағартушылық қызметінің
дамуы ғылыми тұрғыда жүйелеу және негіздеу;
3 кезең (1998-2000 жылдары) ұлттық мектептердегі Ы.Алтынсариннің
педагогикалық идеяларын жалғастырушылар туралы сараланған деректер
негізінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-
пікірлер атты курстық бағдарлама мен оның әдістемесін жасау, зерттеу
жұмысын аяқтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

байланысты ғылыми теориялық тұрғыдан талдау жасалынды;
- XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой
пікірлердің өзара үндестігі сараланды;

ғылымының дамуына қосқан үлестері айқындалды;
- Ы.Алтынсарин кезеңіндегі және кейінгі пайда болған мектептердің оқу

мен мазмұны анықталды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі. XIX ғасырдың II жартысы мен XX
ғасырдың басындағы Ы.Алтынсаринмен оның ізбасар шәкірттерінің педагогикалық
және ағартушылық идеяларына ғылыми педагогикалық тұрғыда сипаттама берілді,
олардың мәдени-ағарту, білім беру мәселелері бойынша көзқарастарының
үндестігі және осы кезеңдегі ұлт мектептеріндегі білім беру мазмұны мен оқу-
тәрбие жұмысының ерекшеліктері бүгінгі күн тұрғысынан алғаш рет
қарастырылып ғылыми-теориялық баға берілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың
басындағы педагогикалық ой-пікірлер атты курстық бағдарлама мен әдістемесі
жасалынды. Зерттеу материалдарын, ғылыми қорытындыларды арнаулы орта және
жоғарғы оқу орындарында, орта мектептерде қоғамдық-әлеуметтік пәндерден
дәріс беруге, тәрбие жұмыстарына пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынатын қағидалар:
- Ы.Алтынсарин және оның ізьасар шәкірттерінің жастарды ұлттық
болмысқа сай қоғамдық педагогикалық көқарастары мен тәлімдік ой-
пікірлерінің қалыптасу жүйесінің ерекшеліктері;
- Ы.Алтынсарин мен шәкірттерінің XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың
басындағы мұсылмандық білім беру жүйесіне және білім беру мазмұнына деген
көзқарастарының үндестік негіздемесі;
- Ы.Алтынсарин және оның мұраларын дамытушылардың еңбектерінің өзара
сабақтастығының үйлесімділігі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Ы.Алтынсарин мен
ізбасар шәкірттерінің педагогикалық және ағартушылық идеяларын ғылыми-
теориялық тұрғыдан негізделуімен, оны зерттеу барысындағы мақсат пен
міндеттердің теориялық және практикалық тұрыда дәлелділігімен, теориялық
және әдіснамалық негіздерді дұрыс талдай білуімен, диссертанттың зерттеу
жұмысымен сипатталады.
Зерттеудің нәтижелерін практикаға ендіру: Диссертацияның мазмұны 1993
жылы Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының 60 жылдығына
арналған Қазақстандағы білім проблемалары: бүгіні мен болашағы атты, 1995
жылы Ұлы ағартушы педагог А.Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған
Абай тағылымы атты, 1999 жылы Этнопедагогика мен этнопсихологияның
қазіргі жай-жапсары, даму переспективалары атты ғылыми практикалық, ғылыми-
теориялық конференциаларда, республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарда
жарияланған 4 мақалада және XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы
педагогикалық ой-пікірлер атты курстық бағдарламада көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, тарау
тұжырымдары мен қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімімен қосымшадан
тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми аппараты, мақсаты,
обьектісі, пәні, міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, зерттеу
әдісі мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық және теориялық
маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің ендірілуі тұжырымдалды.
XIX ғасырдың II жартысындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық
жағдайлар және оның ұлттық мектептердің пайда болуына тигізген әсері атты
бірінші тарауда патша өкіметінің саясатының мәні орыс-түземдік
мектептердің пайда болу себептері мен мақсаттары анықталды. Қазақстан
жерінде ескі кадими мектептердің орнына жаңа әдіс мектептерінің дүниеге
келуінің педагогика тарихындағы заңды құбылыс екені, бұл оқу-орындарының
патша үкіметінің қарсылығына қарамастан өміршеңдігі дәлелденді. Алғашқы
ашылған аралас мектептердегі оқу жоспарларының, оқулықтардың мазмұны мен
мақсаттары сараланды.
XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде
Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеясының оқу-ағарту саласында дамуы атты
екінші тарауда XIX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде Ы.Алтынсариннің
педагогикалық идеясының оқу-ағарту саласына ендірудегі оның ізбасар
шәкірттері еңбектерінің педагогика тарихынан алатын орны мен оқу
құралдарының мазмұны айқындалды.
Ы.Алтынсарин мен оның ізбасарларының ағартушылық идеяларының өзара
сабақтастығы ашылып көрсетілді. Алғашқы шыққан ана-тіліндегі оқулықтар
мазмұны ғылыми-әдістемелік тұрғыда талданды.
Қорытынды бөлімінде зерттеу нысанасы мен пәніне сәйкес нақты
тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
I.XIX ғасырдың II жартысындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайлар
және оның ұлттық мектептердің пайда болуына тигізген әсері
I.1. Патшалық өкіметтің отарлау саясатының қазақ өлкесінде сауат ашу
жөніндегі әрекеттері
Ресей мемлекетінің XIX ғасырдың I жартысындағы саяси-әлеуметтік,
экономикалық жағдайының өзгеруі капиталисттік формацияның дамуына әкелді.
Бұл жағдай тарихта екі негізі процеспен тығыз байланысты болды. Біріншіден,
пайда болған капиталисттік қатынастардың өсуі, екіншіден оның басқа
территорияларға тарауы. Бірінші жағдай Ресейдің батыс аудандарында жүрсе,
екішісі империяның шығыс аудандарына қатысты жүрді. Шығыста капиталистік
қатынастыр феодалдық-патриархалдық қатынастармен тығыз байланыста дамыды.
Крепостнойлық правоның көптеген қалдықтарының әлі де сақталуы Ресейдің
экономикалық дамуына кедергі жасады. Ішкі рынок дамып келе жатқан өнеркәсіп
талабына сай келді. Ресейдің Европалық аудандарындағы реформа кезеңінде
қайыршыланған деревнялардың өнеркәсіп бұйымдарын сатып алуға жағдайлары
болмады. Осымен байланысты фабриканттар шет аймақтарға көз жүгірте бастады.
XIX ғасырдың басында Қазақстан Ресейге тек жартылай бағынды өйткені,
оның бір бөлігі Қоқан мен Қытайдың ықпалында болғандықтан патша өкіметі
белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың сөзімен айтқанда: отарлауды қазақтардың
саяси тәуелсіздігінің қалдықтарын құртудан бастады. Осы мақсатта негізінен
үш бағытта төмендегідей шаралар іске асырылды.
1. Гарнизондарды қаптата отырып, тізілте және жекелеген бекіністер салуды
жеделдетуі және осы бекіністерге жапсарлатыра казактардың әскери тұрғыда
бекініп алуы;
2. Ең әуелі округтар мен округтік приказдар құрып, әкімшілік басқару
реформаларын жасау, соның нәтижесінде қазақтардың саяси құқықтары күрт
шектейтіндей, басқарудың дистанциялық (бөліктік) жүйесін енгізу арқылы
саяси тұрғыда орнығып алу;
3. Қазақтардың жерін жаппай басып алу, салық салуды және әртүрлі
монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т.б. монополия алу секілді)
енгізу арқылы экономикалық тұоғыда бекініп алу 5. Осы шаралардан Ресейдің
патша шенеуніктерінің Қазақстандағы отарлау саясатының ақиқат мақсатын
қоғамдық пікірден жасырғаны анық аңғарылады.
Патша өкіметі өзінің жаулап алу саясатында, бір жағынан, қарулы
күшке, отарлау аппаратына, екінші жағынан қазақ шонжарларының феодалдық
басшы тобына сүйенді. Соңғысы, әсіресе жаулап алған жерлерді бекіту үшін
маңызды болды. Ал, жаулап алған аймақты бекітуді патша өкіметі тек қазақ
қоғамының үстем тап өкілдеріне сүйене отырып жасады. Феодал шонжарлардыөз
жағына тарту мақсатында патша өкіметі олардың Қазақстандағы үстемдік
жағдайын мойыедаған еді. Бұған дәлел ретінде мына мәселеге тоқталып өтейік.
Біріншіден, сұлтандар мен билерге жеке меншік құқықтығын сақтап қыс
қыстауларды және жаз жайлауларды өздерінің жеке меншігі ретінде иеленуге
рұқсат етілді. Сонымен бірге оларға өкімет қорғап тұрған жер мен мүлікті
мұра ету құқығы бекітілді.
Екіншіден, сұлтандар мен билер аға сұлтан, болыс билеушісі т.б.
ретінде әкімшілік қызметке тағайындалды. Қызметке орналасқан сұлтандар мен
билерге дворян деген атақ берілді. Үшіншіден, сұлтандар мен билер
салықтардан және басқа да міндеттерден босатылды. Оларға өкімет пайдасына
заттай төлем, әр жан ұядан және басқада алым жинау құқығы берілді. Ең
соңында, сұлтандар мен билерге сот қызметін атқару жүктелді. Жергілікті
жерлерде қазақтардың дағдылы құқықтығы жүріп тұрса да, сот ісінің едәуір
бөлігі сұлтандар мен билердің қатысуымен орыс әкімшілігінің үкімі арқылы
өтетін.
Қазақ сұлтандары мен билерінің патша әкімшілігінің қызметіне қатысуы
патшалық құқық тұрғысынан бекітілді. Ол М.М.Сперанскийдің 1822 жылы жасаған
Сібір қырғыздары жөніндегі жарғысында көрсетілді. Жарғыны енгізуде
көзделген негізгі міндетте: Сібір шептігі, күзет мағынасында алғанда
әрдайым уақытқа арналған мекемелер емес, бірақ өзіміз иеленген қырғыз
жерлеріне орнатылған тәртіптің таралуына орай бұл күзет ілгері жылжи береді
де ең ақырында, нақты мемлекеттік шекараға жеткен соң тұрақты орын тебетін
болады - деген 6. Басқаша айтқанда, міндет Қазақстандағы тәуелсіздіктің
соңғы қалдықтарын жойып, қазақ даласын империя құрамына біртіндеп,
білдірмей қосып алу. Осы мақсатпен, орта жүз жерлерінде сыртқы округтер
ұйымдастырылып, олардың басына округтік приказдар қойылды. Приказды аға
сұлтандар басқаруы тиіс болды. Оларға заседательдер ретінде екі құрметті
қазақ жіне екі орыс шенеунігі тағайындалды.
Аға сұлтан тек бір ғана сұлтандар жиналысында екі жылға сайланды.
Заседателдер де сол мерзімге сайланды. Аға сұлтандарға Ресей қызметінің
майоры деген әскери атақ берілді. Үш жыл қызмет еткеннен кейін, олар Орыс
дворяндарына лайық деген диплом сұрауға құқылы болды.
Болыс басында болыстық старшиндер тұрды, оларға патша өкіметіне
шын берілген сұлтандар мен билер сайланды. Сонымен, өкімет билігін
жергілікті халықтан шыққан бай-шонжарларға беруде көзбояушылық әрекетпен
патша өкіметі өз қолына ала бастады.
Қазақстан территориясына патша өкіметі өз меншігі ретінде
қарады. Ол ең алдымен саяси-әскери, әкімшілік реформалар, әлеуметтік-
экономикалық бағындыру мақсатында жүзеге асырылды.
Сонымен, қазақ даласында патша өкіметі тарапынан жүргізілген
жұмыстардың барлығы бір ғана отаршылдық, озбырлық мақсатқа бағындырылған
көреміз. Ол-қазақ жерін түгелдей тартып алып, қазақтарды мемлекет, ұлт
ретінде тарихтан, жер бетінен бір жолата жойып, жоқ етуді армандаған еді.
Сондықтан, патша өкіметі қазақ даласындағы хандық биліктің құлауына көп күш
жұмсаған. Оған мына фактілер дәлел болады.
1. Патша өкіметі өз саясатын жүргізу барысында хандарға арқы сүйеді және
олардың билігін жоюдың көзін іздеді.
2. Хандық саясатына қарсы тұра алмады. Патша өкіметінің жоғарыда айтылып
өткен 1822 жылы Сібір қызғыздары жөніндегі жарғысында хандық
биліктің тамырына балта шапты. 1841 жылы орта жүз қазақтары хан етіп
сайлаған батыр К.Қасымұлын патша өкіметі мойындамады.
Отарлаушы өкімет қазақ даласының саяси-әкімшілік басқару жүйесін жасады:
1. Шекара линиясын Қазақстанның ішкі аймағына жақындату;
2. Қытайлардың, татарлардың т.б. қазақтарға тигізіп отырған ықпалын
шектеу;
3. Көшпенділерді тиісті жерлерге бекітіп, оларды региондарға бөлу,
бекіту;
4. Қазақстанды толығымен Ресей мемлекетінің отарына айналдыру 7.
Қазақ жерін отарлаушы патша өкіметі әрқашан, қазақ халқының ұлттық
санасын уландырып, ұлттық арнамысын аяқ асты етуді, әлсіретуді көздеп
отырды. Ол үшін қазақтарды менсінбей, кемсітіп снің сауатын жоқ,
мәдениетінің төмен, тарихың белгісіз, - деген сияқты адам намысын
қорлайтын ұғымдарды уағыздап, бірте-бірте халықтың санасына сіңіре
бастады. Орынбор өлкесінің шенеунігі, әрі әскери губернатор П.П.
Сухотелин болашақта біздің өркендеп өсуін қаламайтынын, олардың қойшы
болып, өнердің, ғылымның не екенін білмей, малайлықпен күні өтсе деген
отарлаушылық ниетте екенін ашық айтқан. Сөйтіп, Ресей мемлекеті
отарланған қазақ халқына өзін ғылымы, техникасы және мәдениеті жан-жақты
дамыған, ең жоғары өркениетті жалғыз ел етіп көрсетуге тырысты. Ат
төбеліндей дворяндар сословиесінің қоғамдағы қолы жеткен дәрежесімен
бүкіл Ресей халқының аянышты экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
мәдени өмірін өшіруге болмайтынын халқының басым көпшілігі сауатсыз аш-
жалаңаш, құқықсыз екенін тәкаппар отаршылардың өздері де білмеді.
Кеңестік өкімет тұсында Қазақстанның Ресейге қосылуын прогресивтілік
құбылыс деп түсіндіргенде, бұлжымас дәлел, дәлелді керексінбейтін аксиома
ретінде К.Маркастың 1851 жылы 23 мамырда досы Ф.Энгельске жазған мына
бір хатындағы: Россия дейстыительно играет прогрессивную роль по
отношению к Востоку. Несмотря на всю подлость и славянскую грязь,
господство Росии играет цивилизатрскую роль для Черного и Каспийского
морей и центральной Азии, для башкир и татар - деген ойын басшылыққа
алды. 8
Ал, шын мәнінде Ресей империясының өткендегі тарихына үңіле қарар
болсақ, олардың өз қол астына енген көп тілді бұратана халықтардың
ғасырлар бойы тұтынып келе жатқан жазуы мен діни наным сенімдерін істеп
шығарып, мүлдем шоқындырып жіберу саясатын тым ерте күннен бастаған
әрекетін, 16 ғасырдағы шуваш, мордва, коми халықтарының тарихынан
білеміз. Мысалы, коми ұлт өкілінен шыққан священник Стефан 1383 жылы
эпископ дәрежесіне көтерілген. Ол орыс графикасының негізінде коми
алфавитін жасап, миссионерлік қызметатқарған. XVI ғасырдағы Қасым
хандығының соңғы мұрагері Сайын Болатханның шоқынып өз атын өзгертіп
Самсон деп атағаны да тарихтан белгілі 9. Әсіресе, миссионер ғалымдар
алдымен қазақ елінің рухани болмысы мен өткендегі тарихи жолын,
психологиясын, мінез-құлқын, салт-дәстүрінің ерекшелігін, ел билеу
жүйесін, яғни өздеріне қажетті буынды да ұрымтал тұрмысын терең барлап
зерттей отырып, миссионерлік саясатын стратегиялық негіздері мен
тактикалық әдістемелік мақсаттарын анықтап отырды.
Ресей империясының тыңшы миссионері Н.И. Ильминский болса, шет елдегі
миссионерлердің осы салада жүргізген жұмыстарынан тәжірибие алмасу үшін
ол жақтарға өз адамдарын жіберді. Өйткені, бұл кезеңде патша өкіметінің
дінге сендіру, орыстандыру саясатының әрекет өрісі көлемі жағынан кеңейіп
бүкіл Сібір, Кавказ, Волга бойы халықтарын тұтас қамтыған еді. Ендігі
өрісін кеңейту маөсатында қазақтар, содан кейін Орта Азиялық халықтар
тұрды. Бірақ бұл өлкенің өз ерекшелігіне сәйкес орыстандыру, шоқындыру
үрдісі халықтың діни намысы мен салт-дістүрлеріндегі ерекшеклігін есепке
ала отырып жүргізілуі тиіс деп ұйғарылған. Өйткені, шоқынған бұратананың
ата-анасы қойған есімі міндетті түрде өзгертіліп, оның атымен әкесінің
аты жаңадан орысша өзгертілуі сол тұста-ақ қалыптаасқан еді. Ресей
патшалығаның сенімді идеология майданының ең белсенді тобы
миссионерлердің бар амал –айласы, күш-қуаты татар халқын шоқындыруға
жұмсалғанын тарихи деректерден бақаймыз. Орта Азиялық автор Рузби хан
өзінің Бүхара миманының жазбасы деген еңбегінде: Қазақтар ілң күнге
дейін пұтқа табынады. Олардың садағат қайталағаны түкке түрғысыз.
Сондықтан намаз оқығанына қарамай қазатарды кәпір деп таныған жөн. Олар
әлі күнге дейін күнге табынады... - дейді 10.
Қазақ елінің мұсылмандық нанымға осалдығын көрсетуі әрине, тарихи
шындық. Бұл жағдайды патшының билеушілерімен миссионер ғалымдары ерте
сезініп, өз мақсаттары жолында пайдалану үшін әрекет етті. Оның бір
себебі, олар мен шекаралас Сібір бұратаналарын зорлық пен тез арада
православия дініне ендіруде жинлған тәжірибиелеріде бар еді. Ресей
империясына қараған түркі тілді халықтардың арасында сан жағынан басымы
да, жері көлемдісіде қазатар екендігімен отаршылар мен миссионерлер
санаспады. Бұл кең байтақ өлкені экономикалық, идеологиялық жағынан
тезірек меңгеріп алудың саяси зор мәні бар екекнін түсінді. Қазақстан
территориясын бөлшекке бөлу, жаңа қосылған жерлердің пайдалы қазынасын
иемденумен халықтарынан алым-салық жинау міселесін Ресей мемлекеті 16,17
ғасырларда –ақ қолға алған еді. Мыңдаған басқа ұлт өкілдері қазақ жерінде
қоныстанған. Отарлауда екі нәрсені аңғаруға болады: Еркін
қоныстаушылардың пайда болуы жәнне солардың ізімен өкімет жасақтарының
келуі. Еркін отарлау ауыр тұрмыс тауқіметіне шыдай алмай қашқан немесе
қорғансыз бұратана халықтың үстінен оңай олжа табуды мақсат еткен шаруа
қылмыскердің, сектанттардың және әр түрлі бұзақыларының келуіне
байланысты пайда болды. Олар оңтүстік Оралдан, солтүстік шышығысқа
дейінгі жерлерді басып алды. XVI, XVII, XVIII ғасырларда мұнда мыңдаған
белгісіз адамдар жиналды. Жер көру туралы ой осыдан туындап, ішке
тереңдей ену қозғалысы басталды. 11
Осындай жасақ басқыншыларының бірі Ермак болатын. Ол туралы ұзақ
уақытқа дейін керемет мадақтау аңыздар айтылып, оның ерліктерімен жеке
басы өрескел әсіре мадақталып келді. Бүгінгі таңда бір қатар
зерттеушілер, оның жорықтарының отаршылдық мәнін анықтауда. Академик
М.Қозыбаев көптеген деректермен беделді авторларға (Саава Эпископтың
Сібір жылнамасы Н.Карамзиннің, А.Дмитровтың, М.Мичкинаның т.б.
еңбектерне ) сүйене отырып Ермак жорықтарның патша өкіметімен
Строгановтар әулетінің кәсіпкерлік мүддесін көздеген отаршылдық мәнін
ашып берді. Патша өкіметінің жүргізіп отырған мемлекеттік саясатының бір
бөлігі ретінде Қазақстанның батыс бөлігінде (Кіші жүзде), солтүстік пен
шығыста (Орта жүзде) ғасырдың І жартысы ұзақтығы 1780 шақырымға жеткен
Жайық бекініс шебі (кейін Пугаяев көтерілісін басқан соң қазақтың Жайық
өзенінің атауын өзгертіп, Орал деп аталған) Гурьев қалашығынан (Қазіргі
Атырау) жерінен басталып, Жайықтың (Оралдың) бойымен Алабұға шебінне
дейін (қазіргі солтүстік Қазақстан облысы Пресногорьков ауданының
орталығынан батысына қарай) өтті. Сібір әскерлерінің казак қоныстарын
салу мәселесі XVIII ғасырдың басынан басталған тұтас жүз жылға созылды.
Ертіс бойына қамалдар орнату барысында орыс әскерлері өлкенің тұрғылықты
халықтарына қазақ жеріне басып кірі, оларды жаппай батысқа қарай
ығыстыруға мәжбүр еткен шапқыншы жоңғарлардан да қатты қысымшылық
көрсетті.
Казак әскерлері Қазақстан территориясында үш түрлі міндет атқарған.
Біріншіден-құнарлы, суы бар жерлерден құмды, сусыз шөлейт жерлерге
ығыстырыған, екіншіден-казактар жергілікті халықтың малдарын тартып алып
отырған, үшіншіден-жаулаушылық, жаугершілік іс-әрекеттерінің ауыл
аймақтағы еркек кіндіктілерді қолға түсіріп, өздеріне малайлылыққа алу,
ұрып-соғып өлтіру сияқты геноцидтік зардап шектірген. Мысалы, реокционер
Э.Лимонов деген азаматты Манифест российского национализма - атты
публикациясында Всего лишъ административные границы коммунистическом
эпохи должны быть немедленно пересмотрены ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz