Сабақтың көрнекілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы

Жақсы іс – көпшілікке ортақ.

Қапшағай, 2000.
Алғысөз
Этнопедагогика ғажайыптары...
Жас ұрпаққа білім беру жолында сабақтың сапасын шәкірттердің
қызығушылығын арттыруда ұстаз атқаратын шаруалар қыруар. Тынбай ізденген
адам ғана алға қойған мақсатқа жетері қашан да айқын. Бұл жинаққа сондай
жаңалықтардың бірімен көптен бірі жұмыс істеп, оны өзінің іс-тәжірибесінде
орнымен жүзеге асырып жүрген біраз ұстаздардың сабақ өткізудегі
әдістемелері енгізіліп отыр.
Этнопедагогика – халықтқық педагогика. Оның ұрпақтарға білім беру және
тәрбиелеу саласында берер қазынасы мол. Халықтық педагогика элементтерін
сабақ беру кезінде жүйелі түрде пайдалана отырып, шәкірттерге ұлтымыздың
салт-дәстүрлері, халық ауыз әдебиеттері, өнерлері жайлы мағлұмат беруге
болады.
Сондықтан топ мүшелеріне қашан да жаңалықтың жаршысы, жақсы істеріңіз
көпшілікке ортақ болып, жас ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеудегі
еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер демекпіз.

Информатика, физика, математика пән бірлестігінің
жетекшісі, жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі
Закериянова Раушан Әлжанқызы

Сембаева Рая Қонысбайқызы, 1985 жылы қазақтың Абай атындағы
педагогикалық институтының математика факультетін бітірген.
Қазір Қапшағай қаласындағы № 3 орта мектепте математика пәнінен
дәріс береді. Мектептегі "Этнопедагогика ғажайыптары"
шығармашылық тобының жетекшісі. Сіздерге өзінің іс-тәжірибесінен
6-шы сыныптағы "Жай бөлшектерді көбейту" тақырыбына өткен ертегі
сабағының жоспарын ұсынып отыр.

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды бөлшектерді көбейту жолымен таныстыра
отырып, еспетер шығару арқылы білімдерін жетілдіру
ә) Түрлі әдіс-амалдар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
б) Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, карточкалар, сандықша, домбыра, балапандар.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, бекіту.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтағы пән аралық байланыс: Әдебиет, халықтық педагогика, информатика.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі;
2) Үй тапсырмасын тексеру (оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді).

517

1525=35 4872=23 927=13
26390=115 4064=58 114171=23

3) Ал, балалар, біз осы уақытқа дейін бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу,
алу, бөлшектерді салыстыру, қысқартуды үйрендік. Бүгінгі сабағымызды да сол
бөлшек тақырыбына арнаймыз. Және де осы сабағымызды ертегі сабақ етіп
өткізсек деп ойладым.

"Ертөстік" ертегісін баяндату
(Шойынқұлақтың қолына түсуне дейін)
Ендеше, балалар, біз Ертөстікті Шойынқұлақтан құтқарайық. Өздерің
айтқандай, Шойынқұлақтың жаны мына сандықшада сақталған, ал сандықша
сыртында мынадай жазу жазылған:
- Құрметті Ертөстіктің жанашыр достары, сандықшаның аузын ашуға
сендерге көмекке мына қағазды жәбірдік.
"Ертегілер еліндегі достарың".
Ал енді осы қағаздағы алгоритмді шешіп көрейік.

12:4 168
42 2*3
63 12:4
2:2 147
10:5 4*2
4:4 2211
84 6:3
3:3 333
- Өте тамаша! Сонда, балалар, ненің суреті шықты?
- Кілттің.
- Міне, балалар, біз жаңа сабаққа қатысты көбейту және бөлу амалдарын
қайталап, еске түсірдік, әрі сандықшаның аузын ашатын кілтті де тауып
алдық. Сандықшаны ашып көрейік. О, мұнда бізге тапсырмалар беріпті.

1 тапсырма (мұғалімге).
Сіздің бүгінгі жаңа сабағыңыз "Жай бөлшектерді көбейту"
1 мысал.
а=34 м 34 м =0,75 м
в =75 м 75 м =1,4 м
S-? S=0,75м*1,4 м =1,05 м2
1,05 м2 =105100 м2 =2120 м2
Алымы 21 берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісі (3*7), ал бөлімі 20
берілген бөлшектердің бөлімдерінің көбейтіндісі (4*5). Ендеше,
тіктөртбұрыштың ауданы: S=34*75 =2120 (м2)
Осыдан барып, екі жай бөлшектердің көбейтіндісі алымы берілген бөлшектердің
алымдарының көбейтіндісіне тең, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең
бөлшек екендігін көреміз. Әріп түрінде бұл ереже былай жазылады:

ab*cd=acbd,
a,b,c,d – кез келген сан

2 мысал. 56*83=5*86*3=209
3 мысал. 23*32=2*33*2=1
4 мысал. 35*0=0.

Ескерту:
Әрбір тапсырма орындағанда Шойынқұлақтың жаны балапандардың көзі жойылып
отырады.

2 тапсырма.
518
54*13=512 43*34=1
512*45=412 1625*1524=25
27*12=17 79*514=518
385*1019=4 3027*1820=1

3 тапсырма.
519
35*27*56=17 114*1722*0=0
512*910*125=910 34*49*13=19

4 тапсырма.
520
(23)3 =23*23*23=827 (1112)2=1112*1112=121144

5 тапсырма.
Жаңа тақырыптан алған оқушылар білімін байқау үшін өз бетінше жұмыс беру.
(5 минут).

6 тапсырма.
522
а=25 дм. V=abc
b=35 дм V=25*35*106=25 (дм3 )
с=106 дм Жауабы: V=25 дм3
7 тапсырма.
(Ауызша карточкалар арқылы сабақты қорытындылау)
Міне, балалар, біз тапсырманың барлығын жақсы орындап, Ертөстікті
Шойынқұлақтан құтқардық. Сендерге Ертөстік батырдың сыйлығы бар екен. Соны
қабыл алыңдар. (домбыра). Домбыра құлағындағы қағазда:
Құрметті достарым!
Сіздердің бүгінгі сабақта көрсеткен білімдеріңе мен өзімнің рахметімді айта
отырып, сіздердің "Атамекен" бағдарламасының "Домбыра дастан" бағытымен
жұмыс істейтіндеріңізді естіп, сіздерге мына домбыраны сыйға тартамын.
Сәлеммен Ертөстік.
Енді, балалар, домбыраның бағасын көрейік. 532 тенге. Ендеше, үйге
тапсырма – 532 есеп. (Үй тапсырмасына түсінік беріледі).
Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланады.

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Елін, жерін қорғаған
Батыр бабам – Райымбек!
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды батыр бабамыз – Райымбек Қангелдіұлының
өмірімен, жүріп өткен жерлерімен таныстыру.
ә) Оқушыларды патриоттыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
б) Тарих, әдебиет пәндерімен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін, ой-
өрістерін, тілдерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Саяхатқа арналған карта, ұлағатты сөздер, Райымбек
батырдың суреті, домбыра, үнтаспа.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, ән.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Біздің бүгінгі кезекті тәрбие
сағатымыз "Ұрпақтар бірлігі мен ұлттар сабақтастығы" жылына байланысты
батыр бабамыз – Райымбек Хангелдіұлына арналады. Бұл тәрбие сағатын
өткізудегі мақсатымыз – оқушыларды батыр бабамыз Райымбектің өмірімен
таныстыру, сол рухта батырлыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Облысымыздың
әкімі З. Қ. Нұрқаділовтың "Мың бала" үндеуіне үн қоса отырып, батыр баба
өмірі мен жүріп өткен жерлерімен танысу үшін бүгінгі сабағымызда Қапшағай-
Нарынқол бағытына саяхатқа шығамыз.
1. Жүргізуші сайлап алу.
Ал енді, балалар, ұзақ жолды өткізу үшін ән салып, өзіміз білетін өлең-
тақпақтарымызды айтайық. Біз батыр бабамыз Райымбектің туған жеріне әрі осы
ақпан айында туған ақ иық ақын Мұқағали Мақатаевтың ауылына бара
жатқандықтан, Нарынқол өңірінің белді жайлауы – Шалкөдеге арналған әнді
Эльнураның орындауында тыңдасақ.
Осы өңірдің перзенті, ақ иық ақын Мұқағали аталарың бабасы Райымбек
батырға арнап дастан жазған. Осы тұрғыда ол ұлтшыл, рушыл деп көп қудалау
көрген.
Сол дастаннан үзінді келтірсек. (Елім-ай музыкасы ойнап тұрады).
1 оқушы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.

2 оқушы:
Қара жұртта бықсыған шала қалған,
Аналардан ес кеткен, балалардан.
Тал да таппай қармауға жағалаудан,
Ақ қашқан адыра бабалардан.
Қандай қарғыс атты екен қайран елді?
Қайда барып тығылар паналауға?

3 оқушы:
Қайда барып қалжырап жатар екен,
Қандай сордың сортаңын татар екен.
Көр болса да, болса екен қазақ жері,
Қазақ жері болғасын – Атамекен.

4 оқушы:
Шұбатылған шаң көріп алыстағы,
Қабай жырау жар сала дауыстады.
- Жау келеді, жұртым-ау, жау келеді!
Жаудан қалған жемтікке жабысқалы.
Тағдырыңды біржола тауысқалы,
Сап түзеді қажыған нар боздақтар.
Қара жаумен қайтадан алысқалы,
Қайта қозып қазақтың намыстары.

5 оқушы:
Желпіне барып, желігін жұрт та басқан-ды,
Оқыс бір ғажап оқиға сонда басталды.
Жалғыз бір қара жұлдыздай ағып келеді,
Қараңғы түнде қақ жарып тілген аспанды.

6 оқушы:
Қу даладағы құйын ба дерсің ойнаған,
Қыран ба дерсің қылт еткен құсты қоймаған.
Өз атын өзі ұрандап бала келеді,
Қамшы сабына жейдесін ту ғып байлаған.

7 оқушы:
Доғара қойып ойын мен дырду сауықты,
Бір сәтке қауым ішінен тына қалыпты.
Он үшке толған Түкенің ұлы Райымбек,
Албанға алғаш өсітіп өзін танытты.

Міне, балалар, біз ат сабылтып, алыстан іздеп келген Нарынқол ауылына
да жеттік. Енді батыр баба өмірімен, жүріп өткен жерлерімен танысамыз.
1 аялдама. Нарынқол ауылы. (Қазіргі Райымбек ауданы).
Райымбек батыр Жоңғар шеңгелінен азат етіп алған ежелгі атамекені
Нарынқол өңірінде туып-өскен. Он алты жасынан қол бастап, елге ерте
танылған, жаугершілік жылдарда дүниеге келіп, ат үстінде ер жеткен қазақтың
әйгілі батыры. Қалмақтың Қорын, Секер секілді хандарының жекпе-жекте басын
алған. 1755 – 57 жылдардағы жеңістен кейін Абылайханның қоршысына
шақырылып, Бас батыр деген атақ алған. Түке ұлы Райымбек Балқаш бойындағы
Аңырақай ұрыстарында асқан ерлік көрсеткен, албан мен суанның сарбаздарын
басқарған сардар Ханкелді батырдың немересі.
а) Ерлік туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

2 аялдама. Ағанас тауы мен Жалаңаш өңірі.
Ол заманда осы өлке түгелдей құба қалмақтың қол астында болатын. Ар
жағындағы Қытайдан қысым көрген қонтайшылар мен нояндар жасақты әскер,
қалың қолмен қаңсыратып, Жетісудың ең шырайла жерлерін басып алды.
Атамекен, құтты қонысынан айырылған қазақ жұрты босқынға түсті. Қалың-қалың
қол тоқтап, алыста қалған Алатаудың ақбас шыңдарына ұзақ-ұзақ қарасты. Әлде
Бақай мен Сатай батырлардың бірі, әлде қарт бура Ханкелдінің өзі, әйтеуір
дуалы ауыздың біреуі:
- Шұбырынды болып бас сақтағанша, бездк шыбын жаннан, Еркек тоқты -
құрбандық. Кешегі қапыда кеткен боздақтардың садағасы. Не біріміз қалмай
қырыламыз, не қалмақты қасиетті мекенімізге қайтып аяқ баспайтындай
қыламыз?
Қасқыр тигендей босқын болып келе жатқан қалың ел кілт тоқтап, естерін
жинасады. Ұлы жүздің басты рулары Албан, Суан, Дулат болып бас қосып,
бәтуаға келіпті. Содан үш рудың басты-басты батырлары үлкен-үлкен үш жасақ
құрып, кері аттанады. Мақсаттары – Іле бойындағы Қорын қалмақтың,
Жалаңаштың баурайындағы Ағанас ханның қолын бір-біріне қоспай, жеке-жеке
шабу. Содан кейін ғана үш жасақ бірігіп, қалмақтардың негізгі күші – Секер
ханды жеңу болды.
Ән: Қазағым.
3 аялдама. Іле бойы.
Іле бойына аттанған қарт батыр Ханкелдінің жасағында он сегізге жаңа
толған Райымбек те бар еді. Тасып жатқан дарияның жағасына жеткенде ағындап
келе жатқан қазақ қолының екпіндері сап басылады. Небір жүрек жұтқан
батырлардың да бастары салбыраңқы. Қорын қалмақты қапыдан шаппақ болған
қазақ жасағы осылайша екі-үш күндерін босқа өткізеді. Жоғары-төмен өткел
іздеп сарсылғанмен, тасып жатқан Іле өткел бермейді. Үшінші күні қол басы,
қарт бура Ханкелдінің де қабағы түсіп кетеді.
- Иә, аруақ!
Саңқ еткен қыран үн қалың қолды селт еткізді. Бет-аузын тұмшылып алған
көк атты тасып жатқан дарияға беттеп барады. Ханкелді батырдың жүрегі шым
ете түсті. Үркіп сескенуді білмеген көк тұлпардың үстіндегі иесі: -
Райымбек, Райымбек, Райымбек! - деп ұрандатқан қалың қолда бас сардардың
соңынан ереді. Осылайша өткел бермес дариядан аман-есен өте шыққан қазақ
жасағы Қорын қалмақты қапыда басып, тас-талқан етіп жеңеді.
"Батырдың бес қаруы" туралы жұмбақтар.
4 аялдама. Көкпек жазығы.
Қорын қалмақты талқандаған аз ғана қол Секер ханның өздерінен үш-төрт
есе көп қалың қолына қарсы шапты. Осы шайқаста Райымбек бабамыз қалмақ
батырымен жекпе-жекке шығып, қалмақ батырын жеңіп шығады. Осылай "Жекпе-
жек", "Жекпе-жек" деп айқайлаған жас бөрі Райымбек қалмақтың батырларымен
он жеті рет жекпе-жекке шығып, барлығын жер құштырады. Сөйтіп, Райымбек
бабамыз он сегіз жасында қалмақтар мен соғыста осылайша алғаш рет көзге
түсті. Сондықтан осы Көкпек жазығының төбелері "Қалмақ қырған" деп аталады.

Өздері білетін батырларды атату.
5 аялдама. Байсейіт ауылы.
Біздің тоқтаған жеріміз Алматы-Нарынқол тас жолының бойындағы
Байсейіт ауылының қарсы бетіндегі тау бөктері. Көкпек жазығынан бастап, осы
таудың қойнауына дейінгі аралық жусаны тығыр, бір ұрттам суы жоқ кебір
дала. Жазықтықтың солтүстігіндегі мол сулы, көгалды аса шұрайлы Бұғыты
тауын иемденіп алған жау Райымбек қолын олай қарай қадам бастырмай, шөл
далаға ығыстыра береді. Судан тарығып, адам да, ат та қаталай бастағанда
сол күнде жасы қырықтан асқан Райымбек өзінің өмір тәжірибесіне сүйеніп, су
шығады-ау деген бір көгалды ойпаңды қаздырады да, су көзін табады.
Соны жұрт "Райымбек батырдың сұғып жіберіп, қайта тартып алғанда
найзасының ұшына ілесе шыққан су" деп дәріптейді. Және оны киелі бастау
ретінде қастерлейді. Осы бүлкілдеп ағып жатқан мөлдір суды "Райымбек
бастауы" деп атайды.
Ән: "Алматы – бас қала". (үнтаспадан тыңдату).
6 аялдама. Алматы қаласы.
Райымбек Ханкелдіұлы Жоңғар шеңгелінен азат етіп алған ежелгі
атамекенінде ұрыстан кейін де ұзақ жыл бейбіт тірлік кешті. Батырлығымен
қоса алдын болжай білетін әулиелік, көріпкелдігі бар қасиетті адам өмірінің
соңғы күндері таяғанда ауылдастарына өсиет етеді. Сол тұстағы даңқты
адамдарды Түркістанға апарып жерлеу дәстүрі бойынша, Райымбекті де ақ
түйесіне отырғызып, Ахмет Яссауи күмбезіне қарай алып жүреді. Бірақ
көздеген жеріне жетпей, уақыты бітеді де, тағы да "Ажалым жеткен жерге
жерлеңдер" деген өсиетін орындап, алып келе жатқан адамдар дәл қазір сүйегі
жатқан орынға – Алматы қаласына жерлейді. Сүйек үстіне "Ақ күмбез"
тұрғызады. Еліміз егемендік алғаннан кейін бабамыз басына жаңа күмбез
орнатты. Бабамыздың зираты батыр баба атындағы даңғылдың бойында.

Құрметті оқушылар, біз бүгінгі тәрбие сағатымызда батыр бабамыздың
өмірімен, жүріп өткен жолдарымен таныстық. Сендер де осы Райымбек бабаларың
сияқты елін, жерін сүйетін егеменді еліміздің жақсы бір азаматы болыңдар.
Осындай елімізді жаудан қорғаған батыр бабалар туралы Кенен әзірбаев
аталарың мынандай дастан жазыпты:

Албаннан да батырлар шыққан ерек,
Жан сауға ел қорғаған өңкей серек.
Ханкелдіден қаһарлы Райымбек,
Ұран болған жұртына бір бәйтерек.

Ерлерін аңыз қылған өрдегі Албан,
Дәу Қараш, Малай батыр, Қатпа, Төлеп.
Суаннан Сатай, Бөлек, Аралбайлар,
Қабанбай күркіреген талайлар бар.

Тұс-тұстан қос саңылақтар атой салса,
Жау жаны кеудесінде қалай қалар?
Шапырашты шабады Қарасайлап,
Жасыл туы желбіреп, бөрлі байрақ.

Шамалхан мен Қаскелен батырларын,
Наурызбайдың бір өзі кеткен жайлап!
Сұраншыдай батырдың туын байлап,
Кейін де шыққан талай садыр-саңлақ.

Екей, Сиқым, Есқожа, Асыл, Шыбыл,
Ақындары шығады "Сүйінбайлап".

Ендеше, өткенімізді жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына ата-баба ерлігін
сіңіріп, сол рухта тәрбиелеуге осы егеменді еліміздің арқасында қол
жеткізіп отырмыз. Сондықтан да біздің сынып "Атамекен" бағдарламасының
"Домбыра дастан" бағытымен жұмыс істейтіндіктен кезекті егеменді елімізді
жырға қосу үшін сынып ақындарына берсек.

1. Бақыт.
Армысыз мұнда отырған шағын қауым,
Аслан, биік болсын сенің тауың.
Екеуміз шығып қаппыз айтысуға,
Қырандай жұлқып шыққан балақ бауын.

Еліміз тәуелсіз деп мақтанамыз,
Өз әні, ұраны бар шаттанамыз.
Патшамыз өз тағына қайта отырып,
Сеніммен болашаққа аттанамыз.

2. Аслан.
Ассалаумағалүйкум, халқым менің,
Ардақта туған елің, салтыңды елім.
Алдыңда домбырасын қолына алып,
Отыр ғой ақын балаң саған сеніп.

Айтысқа топ алдына шықтық біздер,
Төреші болыңыздар, халқым сіздер.
Молайып жылдан-жылға табысымыз,
Көбейсін көшемізде жарқын жүздер.

1. Бақыт.
Қадамың құтты болсын, бала ақыным,
Жүйріксің, жүзден озған дара ақылың,
Халайық әділ баға берсін саған,
Қақ жарып әділдіктің қара қылын.

2. Аслан.
Өренім, айналайын өнеріңнен,
Біз сенің сусындадық өлеңіңнен.
Құлашын арғымақтай жаза шапқан,
Бойыңнан бір шабытты көремін мен.

Елміз ғой, егеменді, табысты елім,
Бермейік қолымыздан намысты елім.
Аруағы бабалардың желеп-жебеп,
Шарықтап Республикам көкке өрлесін.

1. Бақыт.
Аслан, жырдан шашу шаштық біздер,
Мектепте айтысты да аштық біздер.
Тәуелсіз елімізді әнге қосып,
Жарлайтын бала ақын мына біздер.

2. Аслан.
Қос атпен қосақтала қатар шаптық,
Әнменен талай істің басын аштық.
Келесі кездескенше күн жақсы деп,
Қоштассақ болар еді құшақтасып.

Қымбатты оқушылар, біздің бүгінгі саяхатымы аяқталуға таяп қалды. Енді
өз қаламыз Қапшағайға қайтайық. Қапшағайға жеткенше өздеріңе күш беретін
батырлыққа, ерлікке шақыратын "Қырандар" әнін шырқап жіберейік. Міне,
балалар, біз саяхаттан өз қаламызға қайтып оралдық. Сонымен қоса бүгінгі
тәрбие сағаты да аяқталды.

Закириянова Раушан Әлжанқызы, 1975 жылы Қазақтың қыздар
педагогикалық институтының математика факультетін бітірген.
Қазір Қапшағай қаласындағы № 3 орта мектепте математика пәнінен
дәріс береді. Сіздерге өзінің 11-шы сыныпта "Конус" тақырыбына
өткізген поэзиямен ұштасқан сабақ жоспарының үлгісін ұсынып
отыр.

Сабақтың тақырыбы: Конус.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды айналу денелерінің қасиеттерін, өтілген
сабақтардағы формулаларды білуге және оны өз беттерінше пайдалануға үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды геометриялық фигураларды құрастыруда, олардың
қасиеттеріне назар аударуға, өтілген сабақтардағы формулаларды тиімді
пайдалануға, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ойын ашық айта білуге,
өлшеу жұмыстарындағы өлшемдерді дұрыс пайдалануға, эстетикалық, этикалық
талғамдарға баса назар аударуға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
І. Сабақта оқушылар нені үйреніп білуі керек?
1. Конустың анықтамасы және оның жасалынуын;
2. Беттік өлшеулерінің формуласын;
3. Күнделікті тұрмыстағы кездесетін заттардың геометриялық фигураға
келетінін анық ажырата білуді;
4. Өз беттерінше өлшеу жұмыстарын жүргізуді;
ІІ. Сабақта кездесетін сөздер.
1. Конус.
2. Жазбасы.
3. Дұрыс көпжақтар (тетраэдр, икосаэдр, октаэдр, додекаэдр).
Сабақтың көрнекілігі: Бор, тақта, фигуралардың модельдері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
а) Берілген есепті парта бойынша араларп тексеру.
ә) Оқушылардың қолдан жасап келген көпжақтарының ішіндегі әдемілерін
көрсетіп, атап өту.
Ұстазыңнан бар ма адам кешірімді,
Ұмытпассың алтын ұя бесігіңді.
Әр қайсыңның қалдырған қолтаңбаңа,
Қараймын да, сағынышпен еске алам есіміңді.
дей отырып, Айнұр, Ершат, Анар, Жанар, Назгүл, Дана, Даниярларға өз
рахметін білдірді.
в) Жалпы өткен тақырыпқа шолу (сұрақ-жауап арқылы).

Қойылатын сұрақтар:
1. Көпжақ дегеніміз не? Қандай көпжақтарды білесің?
2. Дұрыс көпжақтар дегеніміз не, олар қайсы?
3. Айналу денелері дегеніміз не?
4. Цилиндр дегеніміз не?
5. Беттік есептеу жұмыстары қандай бөліктерден тұрады?
6. Цинидр қандай фигураның айналуынан жасалады?

3. Жаңа сабаққа оқушылардың ой-өрісін дайындау.
Қолыңа алда бір қағазды дұп-дұрыс,
Әдемілеп келтіріп ал тікбұрышты үшбұрыш.
Айналдырсаң бір катеттен өз-өзін,
Ұқсайды деп ойлайсың қай сызыққа бұл тұрыс?
Осыдан соң оқушылардың айтуымен тақтаға салып, конусқа анықтама беремін.

S – төбесі,
SA - жасаушы SA=L
AO- радиусы AO=R
SO- биіктігі SO=H
Sт.б.=Sтаб+Sб.б.
Sтыб=ПR2, Sб.б.=ПRL
Sт.б.=ПR(R+L)

Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң, оқушылар модельдердің беттерінің
аудандарын есептейді.
а) 1. Призманың, 2. Пирамидиның, 3. Конустың.
(Бұнда қатардағы оқушылар сараланады да орталаулары – тек табан бетін,
не бүйір бетін есептейді.) Осы кезде үш оқушы үш қатардан тақтада жұмыс
істейді. Олар конустың, сегіз бұрышты призманың, жиырма жақтың толық
беттерін есептейді.
ә) Математикалық диктант. (Мен оқимын, олар аяқтайды).
Мысалы: Табандары параллель жазықтықтарда жатқан көпбұрыштардан және
олардың сәйкес төбесін қосатын кесінділерден құралған көпжақ ... деп аталады.

Осылай, 2. Цилиндр, 3. Қиық пирамида, 4. Дөңгелектің ауданы, 5.
Шеңбердің ұзыңдығы, 6. Үшбұрышты пирамиданың табанының ауданы, 7.
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы дегендердің жауабын жазады.
б) Жұмбақ шешу арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютердің программалық жабдықтары
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
1-4 сыныптардағы еңбекке баулудың мазмұны мен мақсаты
Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Суретті слайдтың өзінен кірістіру оңай
Мектеп оқушыларын компьютерлік графикамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Педагогикалық практикадан есеп
Пәндер