Оқу мотивтері мен қажеттіліктері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Педагогика кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Оқу мотивтері мен қажеттіліктері »
Орындаған: Муратбаев Д. М.
І курс магистранты
Тексерген: Сатиева Ш. С.
Психология ғылымының
кандидаты, доцент
Семей 2008
Мектеп жасындағылардың оқу мотивтерін зерттеу мектептегі білімнің сапалы болуы үшін, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін, жалпы мектеп үшін басты мәселелердің бірі деп айтуға болады. Оқу мотивтерінің қалыптасуы білім мен тәрбиенің негізінде жатыр. Адамның белсенділігі, қызығушылығы, еңбекке жауапкершілікпен қарауы, мектеп қабырғасынан басталады, яғни баланың оқу іс-әрекеті процесінде қалыптасады. Жеке адамның қоғамдық маңызы бар мотивтерінің, қажеттіліктерінің қалыптасуы мектеп алдында тұрған маңызды мәселелерге жатады.
Оқу мотивтерін зерттеу барысында оқушылардың не үшін оқығысы келмейтінін, мотивтерінің қандай жақтары онда қалыптаспаған, қандай жағдайда ол оқығысы келмейді, оқуға деген мотивтерін қалай қалыптастыруға болатындығын түсіндіруге, анықтауға тырысу керек.
Мектеп оқушыларының оқу мотивтерін зерттеу өте көп қарастырылған. Оқу мотивтерін зерттеу оқушылардың оқуға, білім алуға деген түрткілерін ашып білуге жол ашып береді. Бұл бастауыш сынып оқушылары үшін, әсіресе І және 2 сынып оқушылары үшін басты болуы тиіс. Себебі, білімнің сапалы болуы, нәтиже беруі, төменгі сыныпта қалыптасқан оқушының қызығушылығымен, оқуға қарым-қатынасы, оқу мотивтер жүйесі дұрыс қалыптасса, оқушының әрі қарай білім алуы, кез-келген пәнді игеруі жылдам әрі нәтижелі болмақ . Демек, оқу мотивтерінің қалыптасуы қоғам, мектеп және жеке адам үшін психологиялық маңызы, мәні бар мәселелер қатарына жатады.
Кеңес психологтары көздеген мотивация теориясы іс-әрекеттің көптеген түрлерін, соның ішінде оқыту іс-әрекетін жаңаша оқытып үйренуге жол ашты. Психологтардың оқыту іс-әрекетіндегі мотивация мәселесіне деген қатты қызығушылығы жеке адамның оқу барысындағы потенциалдық мүмкіндіктерін, қабілетін, ұмтылысын, мұқтаждығын іске асырудағы аса қажеттілігінен туындайды.
Бұл мәселенің өзі мотивацияның оқушыларды оқу іс-әрекетін жүзеге асыруы кезінде қалыптасатын жаңа құрылым екендігімен байланысты. Бұл мотивацияны оқыту іс-әрекетіндегі жоспарлы қалыптастыру арқылы өзгертуге мүмкіндік береді. Біздің көзқарас бойынша осы жолы мотивацияның қалыптасуы мен дамуын зерттеудегі өнімді жоспардың бірі болып табылады.
Оқыту әрекетіндегі мотивациясы мәселесінің шешімі оқыту іс-әрекетін ұйымдастырудағы мазмұн мен пішінін анықтаудан туындайды. Оқу материалын қабылдау, оны меңгерудің тереңдігі мотивацияның интенсивтілігіне тәуелді. Осыған байланысты мұғалімнің маңызды мақсаттарының бірі - оқушылардың мотивациясын күшейтетін оқыту процесін ұйымдастырудың әдістерін табу. Бұл арнайы ұйымдастырылған жұмыссыз мотивация аймағының қайта құлдырамайтындығын, оның құрылымының өзгермейтіндігін және мотивтердің дамымайтындығын көрсетеді.
Оқу іс-әрекеті барлық мектеп жасындағылардың басты іс-әркеті болып есептелгендіктен, оларды түрткілендіретін оқу мотивтерін оқып білу осы жастағы балалардың психикалық дамуында маңызды болып табылады.
Белгілі бір оқу іс-әрекеті әр түрлі оқушыларға түрліше мағыналы болуы мүмкін. Бұл жалпы айтқанда олардың оқу мотивациясын анықтайды. Әрбір нақтылы жағдайларда оқу мотивтерін және олардың оқушылар үшін мәнді-лігін, білу мұғалімдер үшін шешуші роль атқарады.
Л. И. Божович мотивке мынадай анықтама береді: “Мотив - іс-әрекет не үшін іске асырылынатындығын білдіреді, оның мақсаттан айырмашылығы осы іс-әрекеттің бағытталуында. Яғни, баланың белсенділігін түрткіленді-рудің бәрі мотив болып табылады. Олар: баға, ойыншық, қызығулар, ұнамды болуға ұмтылуы, баланың қабылдаған шешімі және борышын сезінуі тағы басқалар болуы мүмкін. (12, 22)
Белгілі бір оқушы әр түрлі оқу пәндерінен түрліше оқиды, яғни үлгірімі әр түрлі болады немесе оның осы пәндерге қызығушылығы бірдей емес. Оқушының белгілі бір мінез-құлқы оқу үстінде әр түрлі мотивтермен түрткі-ленуі мүмкін, демек оқушыға маңыздылығы түрліше болмақ. Мысалы, оқушы белгілі бір тапсырманы бір тәсілмен шешеді делік, бірақ ол бір жағдайда жақ-сы баға алу үшін және мұғалім мен ата-анасының мақтауына бөлену үшін орындайды, ал 2-ші жағдайда сыныптас құрдастарының арасында беделді болу үшін, 3-шіде оны осы пәннің мазмұны қызықтырады, 4-ші жағдайда ол осы пәнді оқуда болашақ мамандығына тигізетін әсерін көреді, 5-ден бірнеше түрткілерді байланыстыру арқылы әрекет жасайды. Барлық осы жағдайларда әрекет бірдей, ал мотивтер әр түрлі.
Белгілі бір мотив әр жаста оқушы үшін түрліше маңыздылық көрсетуі мүмкін, демек түрткілендіру күші де түрліше. Мысалы, қосымша әдебиет оқу мотиві I сыныпта бала өмірінде маңызды болып табылмайды, ал жоғары клас-тарда әрі қарай білім алуға дайындығына байланысты оның өмірлік мәні болуы мүмкін.
Әдебиеттерді талдау негізінде оқыту іс-әрекетіне алып келетін негізгі екі жол:
- оқыту іс-әрекеті индивидуалды іс-әрекет ретінде түсіндіріледі.
Бұл тұрғыда зерттеудің өзегі оқытудың заттық-мазмұнды ұйымдастыру жағдайында, іс-әрекеттің заттық жайы болып табылады.
- Оқыту іс-әрекеті оқытушылар мен оқушылар, сондай-ақ оқушылардың өзара ортақ әрекеті ретінде түсіндіріледі. Бұл тұрғыда оқыту әрекетінің пәндік, әрі әлеуметтік жақтары өзара байланыста зерттеледі.
Егер оқыту іс-әрекетін зерттеу оның пәндік жағына бағытталса, мотивациялық қажеттілік аймақты талдау, оқыту іс-әрекеті мотивациясын ішкі және сыртқы талдауға ыдыратады.
Педагогикалық психологияда белгілерді таңдаудан оқу мотивтерінің классификациясының бірнеше түрлері бар. Мағына құрушы және шын әрекетті мотивтер, іс-әрекет және әрекет мотивтері, танымдық және әлеуметтік мотивтер, тура және жанама, үстем және бағынышты мотивтерге ажыратылды.
Мотивацияларды білуде оқыту әрекетінің мазмұнымен байланысты ішкі мотивацияны білу дұрысырақ болып табылады. Ол танымдық және өзін-өзі жетілдіру мотивтерінен тұрады. Кейбір әлеуметтік мотивтерді қамтитын сыртқы мотивацияны да айтуға болады. Кеңестік психологияда оқу мотивациясын бүгінгі күн тұрғысынан зертеу оқушылардың меңгерілетін пәнге деген танымдық қызығушылығын құрайтын іс-әрекеттің танымдық-амалдық компоненттерін қалыптастыруды ұйымдастыру әсері оқып-үйренуге бағытталған. Меңгерілетін пәнге жағымды қарым-қатынасын қалыптастыруға әсер ететін оқытудың үш типі көрсетілген болатын, сондай-ақ оқыту тәсілдерінің әсері мен оқушылардың меңгерілетін пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыруға тәрбиелейтін пәннің мазмұны ажыратылған.
Оқыту іс-әрекеті концепциясында ой әрекетінің сатылы қалыптасуы теориясы негізінде, оқу мотивацияларын зерттеудің бірнеше тәжірибелері жасалған. В. Ф. Моргун оларды 4 бағытқа топтастырды.
- Оқу мотивациясының жетекші іс-әрекетінің ұйымдастырылуына тәуелділігі;
- Оқу мотивациясының оқушылардың жекелік ерекшеліктеріне тәуелділігі;
- Мотивацияның топтық бірлескен оқу - әрекетінің ұйымдастырылуына тәуелділігі;
- Оқыту іс-әрекетіндегі көп мотивациялықты зерттеу.
В. Ф. Моргун оқу мотивтерінің біршама нақты классификациясын берді. Ол сыртқы және ішкі мотивацияларды қарастырады. Оқытудың сыртқы мотивтеріне функционалды-әрекеті (ойын), заттық-практикалық (еңбек және еңбегі үшін мадақтау), өзара және әлеуметтік мотивтер жатады. Бұл Л. И. Божович пікірі бойынша қарым-қатынас мотивациясы болып саналады. Авторлардың көпшілігі ішкі мотив оқыту әрекетімен байланысты дейді.
Л. И. Божович және оның әріптестерінің еңбектері мотивацияны дамыту мәселесі үшін үлкен мәнге ие болды. Оның жекелік бағыттылық мотиві мен оны қоршаған шындыққа қарым-қатынасының өзара байланысы және мотивация құрылымдылығы туралы шешімі перспективалы болып табылады. Жеке адам бағыттылығын талдау кезінде білім алудың ауқымды әлеуметтік мотивтері және оқу іс-әрекетінің өзінен туындаған ерекше мотивтер бөлініп шықты. Мысалы, Л. И. Божович және оның әріптестерінің тәжірибелік зерттеуі кезінде оқу іс-әрекеті мотивтерінің екі тобын бөліп көрсеткен. Оның бірі оқыту іс-әрекетінің мазмұнымен және оның орындалу процесімен байланысты, өзгелері баланы қоршаған ортамен өте ауысымды өзара іс-әрекетімен байланысты. Біріншісіне баланың танымдық қызығушылықтары, интелектуалдық белсенділіктегі мұқтаждықтары және іскерлікті, білім мен әдебиеттерді игеруі жатады. Басқалары баланың өзге адамдармен олардың қолдаулары, бағалаулары мен тілектеріне негізделген қарым-қатнасқа мұқтаждығымен байланысты. Оқушы өзіне лайықты қоғамдық қатынастар жүйесінде айқын орын алуы керек.
Оқу әрекетін тек ішкі танымдық мотивтерді реттеуші тұрғысында түсіну олардың әлеуметтік және заттық, мазмұндық формалары бірлігінің дұрыс бөлінбеуіне әкеліп соғады. Л. И. Божович және оның әріптестерінің нақтылы жүргізілген тәжірибелерінде оқу іс-әрекетіде қарым-қатынас және баланың өз өзіне сенімі пайда болады делінген. Оқушының оқуға қарым-қатынасының мәнін ашатын маңызды сәттердің бірі мотивтердің жиынтығы болып табылады деген қорытындыға келеді. Ол: «Оқу мотивтерін біз баланың не үшін оқитындығын немесе баланы оқуға не ынталандыратындығын түсінеміз» деп жазады.
Қорыта келгенде оқу мотивациясы іс-әрекетін зерттеу кезінде танымдық мотивтердің қалыптасу жағдайы ретіндегі, кең әлеуметтік мотивтердің және оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасындағы қажеттіліктердің болуын қарастыру маңызды болып саналады. Оқу іс-әрекеті мотивациясын қалыптастыруда, мұғалім оқу іс-әрекетіндегі мотивтердің және танымдық қажеттіліктердің қалыптасуына әсер ете отырып, негізгі рөл атқарады.
Сонымен қатар ол кең әлеуметтік мотивтердің элементі болып саналады. Мұғалімнің оқушымен өзара қатынасының сипаты, оқу іс-әрекетіне қызығушылыққа байланысты болады. Л. И. Божович, А. К. Маркова зерттеулері көрсеткендей кіші сыныптағы әлеуметтік мотивацияның рөлі кең. Жоғары сыныптарда бұл әсер жанамаланып, танымдық мотивация бірінші орынға шығады. Бұл мұғалімнің сыртқы әсері арқылы бөлінетін «ішкі жағдайы».
Т. В. Кускунова өз зерттеулерінде, оқу іс-әрекеті мотивін оқу пәнінің мазмұны арқылы, студенттерді оқыту процесінде ұйымдастырылған арнаулы жағдай арқылы дамытуға тырысты. Ол мотивтерді дамытуда оқу сабағы процесінде туындайтын эмоцияның өте үлкен рөлін белгілейді. Эмоция психикалық және практикалық іс-әрекеттің мотивациялық жағын жандандырып, оған мақсатқа бағытталған сипат береді. П. М. Якобсон бұл жөнінде былай дейді: «Эмоцияның көмегімен туындаған мотивтер, белгілі бір әрекеттегі байқалатын жағымды қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін сәйкес келетін түрткінің» негізі болып табылады.
Ф. М. Рахматуллина зерттеулері студенттердегі оқу мотиві арасынан әлеуметтік мотивтердің бөлінуін көрсетеді. Оның мәліметтері бойынша бірінші курста танымдық мотив жетекші орын алады. Бұл жерде танымдық мотив екінші орынға шығады. Барлық оқыту кезеңінде әлеуметтік мотивтер үшінші орында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz