Көркемдік қажеттілік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Педагогика кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі

Орындаған: Муратбаев Д.М.

І курс магистранты

Тексерген: Сатиева Ш.С.

Психология ғылымының

кандидаты, доцент

Семей 2008

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің мәні, пәні мен мазмұны
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге
танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және
білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді
ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен
біліктілігін жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс
қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа
қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның
бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық,
отансүйгіштік, т.б. қасиеттер болуы керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие
беруде ар-ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар
қою қажет.
Қазіргі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әлемдік білім беру
жүйесі ХХІ ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. Білім берудің мазмұны,
мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекет болған соң ең алдымен, білім,тәрбие керек.
Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына
айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты
жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазақ халқының ұлттық-мәдени өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты
ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде
тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай
жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен,
әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады.
Өйткені, мұндай негіздерді білмей, біздің ұрпағымыздың тәрбиелі болып өсуі
мүмкін емес. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әр адам ең алдымен өз халқының
перзенті, өз отанына бар жан-тәнімен берілген азаматы болу керек екенін,
ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын ескеруі қажет. Оның осындай
тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі,
солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін
басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз
кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек
ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей
отырып, өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игеруі керек.
ҚР Білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие
бағдарламасы 2005 жылы 13 маусым № 401 бұйрығымен бекітілген. 8
бағдарлама. Соңғы тәрбие бағдарламасы үш ауқымды бағытты көздейді.
1. саяси және құқықтық мәдениетті.
2. ұлтжандылық тәрбиесі.
3. рухани-адамгершілік тәрбиесі.
Адамның жалпы мәдениетін жоғарылату, оның өз-өзін және айналасындағы
әлемді түсінетін рухани жан ретінде қалыптасуының қажетті алғышарттарының
біріне көркемдік-эстетикалық тәрбие жатады. Бұл адамның Планетаға келе
салысымен эстетикалық әлемде өмір сүруімен түсіндіріледі. Ең алдымен
эстетикалық құбылыс адамның бүкіл ғұмыры бойы барлық қоршаған дүниенің
сұлулығы ретінде онымен бірге жүреді. Үйлесімділік пен кемелденгендікке
негізделген сұлулық әлемі адамды табиғатқа еліктеу негізінде өнерді
тудыруға итермеледі (сондықтан да, қазіргі түсіндірмеде – сөз, дыбыс, қимыл-
қозғалыс және көркем образдары ажырамас тұтас өнер мағынасын білдіретін
синкретикалық өнердің қалыптасу кездейсоқ емес). Табиғат дыбыстарына
(құстардың ән салуы, теңіздің шуы, аңдардың дыбыстары...), көру образдарына
(әлемнің барлық түс гармониялары мен сан алуандығы, көпбояулығы),
қозғалыстар мен формаларына (сымбасттылық, шапшаңдық, жануардың күші мен
қуаттылығы...) еліктей бере, адам қолын күлдің бір шымшымын алып, осы сәтті
тоқтатуға тырысып, бизонның сымбастты-күшті қозғалысында тоқтап, таң
қалды... Өнер дәл осы таң қалудан басталады екен. Таң қала алу (күнделікті
нәрсеге болса да) шығармашылықтың негізгі бастауы болып табылады. Өмірге
келген кішкентай сәби де таң қала алады, бірақ бірте-бірте есейе келе,
өкінішке орай, таң қалудың орнына күнделікті және әдетті сезім пайда
болады.
Біз, үлкендер, осыған кінәліміз, себебі біз әлемді бала көзімен
көрмейміз. Эзейнштейн бұл туралы былай деп айтқан: Екі адам төмен
қарағанда: біреуі аяқ астындағы шалшықты көрсе, екіншісі – ондағы
бейнеленген жұлдыздарды көреді.
Әрдайым асығыста, мезеттік мәселелердің шырмауынан Әлемнің бір бөлігі
болатын адам көбінесе әлемді емес, аяқ астындағы шалшықты ғана көреді
көреді. Кезінде И.Кант та тамаша және поэтикалық түрде былай деген: Жерде
екі керемет бар – басыңдағы жұлдызды аспан мен жаныңдағы адамгершілік
заңы.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие өзіне екі адами бастаудан тұрады: Мейірім
мен Сұлулық. Жердегі ең басты құндылық – бұл адамның өзі, гармониялы,
рухани жағынан кемелденген, мейірімді, ақылды, сүйіспеншілігі мол Адам...
Көркемдік-эстетикалық тәрбиенің теориялық-әдістемелік негізі эстетика
педагогикалық ғылымдардың саласы болып табылады. Көркемдік-эстетикалық
тәрбиенің міндеті – адамды таза, мықты, мейірімді ету.
Көркемдік-эстетикалық тәрбиенің кең ауқымды мағынасы педагогикада
ежелден келе жатқан дәстүр. Кеңес билігі уақытындағы алғашқы қаулыларда-ақ
мектеп туралы, соның ішінде ағартуға байланысты Мемлекеттік комиссияның
декларациясында (1918 ж.) эстетикалық тәрбие қарапайым балалық өнерді
оқыту болып саналмайтындығын, ол сұлулықты түсіну және оны тудыру
мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік беретін сезім органдары мен шығармашылық
қабілетінің жүйелі дамуы екендігін анықтаған.
Бірегей еңбек мектебі бағдарламасында (1921 ж.) эстетикалық тәрбие
мектептің бүкіл өміріне кіреді және еңбек тәрбиесінің бір бөлігі болып,
оның ғылыми жұмысымен жарасуы керек екендігі көрсетілген. Бұл мағынада
эстетикалық тәрбие міндеттерін А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С.
Макаренко, С.Т. Шацкий және т.б. білім беру өкілдері түсінген.
50-жылдарда эстетикалық тәрбиенің заттық сферасын шектейтін
анықтамалар шықты. Бірақ сол кездің өзінде-ақ эстетикалық тәрбиеге
байланысты танымал маман В.Н. Шацкийдің басшылығымен Мектептегі
эстетикалық тәрбиенің жалпы сұрақтары кітабында былай деп жазылған: Кеңес
педагогикасы этикалық тәрбиені мақсатты түрде қоршаған шындықты қабылдау,
сезу және дұрыс түсініп, бағалау қабілетін тәрбиелеу ретінде анықтайды.
Бүгінгі таңда эстетикалық тәрбие кең мағынада түсіндіріледі, яғни
өнермен қатар оған шындық және адамның өмірлік қызметінің барлық формалары
эстетикалық тәрбиеге кіреді. Ең алдымен бұл шындықта және өнер
туындыларында болатын сан алуан көрініс табатын асқан сұлулықты мақсатты
түрде қабылдап және дұрыс түсініп, сүйіп, бағалау қабілеттерін тәрбиелеуді
меңзейді.
Бұндай жалпы анықтамаларды адамның шындыққа деген эстетикалық
қатынасын қалыптастыру және оның шығармашылық қызметін сұлулық
заңдылықтарына байланысты белсендендіру ретінде көрсетуге болады, басқаша
айтқанда, көркемдік-эстетикалық тәрбие дегеніміз – бұл көркемдік-
эстетикалық сананың қалыптасуы мен дамуы және шығармашылық іскерлікті
белсендендіру.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие пәніне қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарды эстетикалық бейнелеу мен меңгерудің заңдылықтары, адамның
әсемдік заңдарына бағынып шығармашылық етуі, шындыққа көркемдік-эстетикалық
танудың алғышартын тәрбиелеу жатады. Осыған сәйкес көркемдік-эстетикалық
тәрбиенің өзіне тән мазмұнын анықтауға болады – тұлғадағы шындыққа және
көркемдік-эстетикалық іскерлікке деген көркемдік-эстетикалық қатынасының
қалыптасуы мен дамуының мақсатталған педагогикалық үрдісі.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие процесінің мәнін басқаша айтсақ –өмірдегі
рухани-образды қабылдау қабілетін қалыптастыру және байыту процесі
ретіндегі адамның көркемдік-эстетикалық дамуы. Мазмұнды мағынада көркемдік-
эстетикалық тәрбие үш мазмұнды бөлімнің бірлігін құрайды:

КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ
КӨРКЕМДІК МӘДЕНИЕТ БІЛІМДЕРДІ, ӨНЕРДІҢ
ПЕН ЭСТЕТИКАҒА ЕРЕКШЕЛІГІН
ЗЕРТТЕУ ЖҮЙЕЛІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
(КОГНИТИВТІ КОМПОНЕНТ) (ҚАТЫНАСТЫҚ КОМПОНЕНТ)

КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ІСКЕРЛІККЕ ҚАТЫСУ
(ТӘЖІРИБЕЛІК КОМПОНЕНТ)

Адамның өмірлік әрекетін мәдениет әлемінің сан алуан ғажайып
көріністерінсіз (мифология, дін, өнер, философия, ғылым, құқық, саясат, әр
түрді қарым-қатынастар, ырымдар, мистика, сиқыр т.б.) көзге елестету мүмкін
емес. Мәдениеттің екі мағыналы шектері мен өзгермелі мәні адам табиғатының
функциясы болап табылады. Жаңа уақыттағы мәдениет дүниенің жалғандығын,
тіршіліктің аяқталатынын, өлімнің бас екендігін және адамның экзистенциалды
қорқынышын жеңуге көмектеседі. Ғылыми әдістеме жағынан мәдениет қоғамдық-
тарихи дамудың динамикасымен байланысты, сондықтан әлеуметтік-мәдени
жүйенің үш типі (гомогенді, гомостатикалық және гетерогенді, әрбіреуінің
динамикасы адамның белгілі бір қызығушылықтарымен байланысты) ерекшелігін
қарастыру керек. Мәдениеттің дәл осы сан алуан формалары (гуманистік
принцип, адам өмірінің теориялылығы т.б.) адам табиғатының рационалды
және иррационалды жақтарын ашып көрсетуге, адам өмірінің сандырақ
дүниесін, сонымен қатар классикалық емес гуманизмнің даму перспективаларын
талдауға мүмкіндік береді. Онымен бірге адам іскерлігінің табиғатүсті
тәсілі ретіндегі мәдениеттің қызмет көрсетуі оның табиғатпен бірегей
екендігін және оның дамуындағы табиғи факторларды есепке алуды жоққа
шығармайды. Бүгінгі таңда адамзат Әлемнің шексіз кеңістігіне шығуымен
шартталған мәдениет космизациясы процесі күшеюде. Бұл, әрине, себептілік
пен уақыт туралы, адамзаттық өмірдің мәні, ұзақтығы, өлім және ажалсыздық
туралы біздің түсінігімізді түбегейлі өзгертіп, жаңа космостық этиканың
негізін қалайды.
Бұның барлығы білім беруді гуманизациялау мәселелерімен байланысты.
Білім берудің гуманизациясы – күрделі әрі ұзақ іс, сондықтан да басқа
әсерлерге қарағанда нәтижелері күшті болатын аумақты таңдау міндетті түрде
қажет.
Мектептегі базалық пәндердің көбі қазіргі кезде тұлғаны мақсатты түрде
тәрбиелей алмайды. Себебі сол пәндерді оқытудағы дефектілерде емес, -
олардың, ең алдымен, сыртқы әлемнің тек объективті фактілері мен
заңдылықтарын саналы түрде сезінудің мазмұнында жатыр. Бұл аумақта
гуманизация мүмкіндіктері бүгінгі таңда тек қана оқытудың жағымды
жағдайларын тудырумен: мұғалім тұлғасының әсер етуі, педагогикалық
ынтымақтастықпен байланысты. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие мақсатын
қайта қарауда адам тәжірибесі мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретін пәндерге
ерекше көңіл аудару керек. Әсіресе, көркемдік-эстетикалық бағыттағы
пәндерге.
Мәдениет – қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруда адам қолымен
жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы. Мәдениет – адамды
жалпы адами құндылықтарға эмоциялық күйзелуі ішкі дербес тәжірибе арқылы
қатыстыру. Мәдениет баланы табиғат әлеміне, айналадағы адамдардың сан алуан
мінездеріне, сұлулық пен адамгершілік әлеміне, тарихқа, адамдардың әр түрлі
кезеңдердегі дүниетанымына жетелеуге қабілетті.
Мектепалды балаларына көркемдік-эстетикалық тәрбиелеудің негізінде
балалардың көркем бейнелерді қабылдауы мен жасауы, шығармашылықтары арқылы
өнер құндылықтарына, эмоциялы-рухани ұлы тәжірибеге қатыстыру жатуы керек.
Бұның нәтижесі балалардың көркемдік қабілеттерін, көркемдік-образды
шығармашылық ойлауын, қиялын, эстетикалық сезімін, бағалау құндылықтарын,
руханилылығын дамытады. Мектепалды мекемелерінде тұтас көркемдік-
эстетикалық даму бағытында жүргізіледі, негізгі міндеттері: оқыту,
тәрбиелеу, дамыту:
▪ Қажетті эстетикалық түсініктері мен білімді меңгеру;
▪ Көркемдік-эстетикалық сана мен жеке мәдениет сапасы
компоненттерін қалыптастыру;
▪ Баланың көркемдік-эстетикалық қажеттіліктерін дамытуға жағдай
жасау.
Адамның мінез-қылығы мен дамуының доминантты шарты шарты адамның
қажеттілігі – адам белсенділігінің қайнар көзі. В.А. Разумныйдің пікірінше,
тәрбиелеу де, оқыту да тұрақты қажеттілікті қалыптастыруға бағыталады. Кез-
келген педагогикалық процестің мынандай жан-жақты қалыптасқан формуласы: Қ
– Т - Ә өркениеттіліктің кез-келген деңгейіне қатысы бар. Адам белсенділігі
мен әрекетінің қайнар көзі – қажеттілік, қажеттілік адам психикасында
толғануы түрінде (өзіне, ортаға, басқаларға толғану) болады. Ал, толғану
көбірек болған сайын адамда сезім, эмоция көбейеді, адамның қажеттілігінің
сапасы артады және қажеттілікті қанағаттандыратын әрекет туады. Әрекетте
қанағаттанған қажеттілік жаңа ілгері қажеттіліктерді туындатады.
Қазіргі педагогика гуманистік педагогика мен әлеуметтік педагогика
қағидалары мен әдістеріне өнер арқылы сұлулыққа тәрбиелеуге ерекше мән
беруде. Эстетикалық және көркемдік терминдеріне талдау жасау екі ұғымның
онтологиялық жақындығын көрсетеді. М.Ф. Овсянникованың Краткий словарь по
эстетике еңбегінде көркемдік ұғымы ...көркем шығарманың эстетикалық
жетістік деңгейі - деген мағынаны білдіреді. Көптеген ғалымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас маманға ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыт-бағдары
Көркемдік тәжірибе және ақындық шеберлік
Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу
Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үдерісі
Қазақстанның дәстүрлі өнеріне тарихи және теориялық шолу
Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аллаға сенбейтіндердің өмірі ашшы
Пәндер