Оқытудың ұжымдық формасы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Педагогика кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: « Оқытудың ұжымдық формасы. Оны бастауыш мектепке қолданудың өзіндік белгілері»
Орындаған: Муратбаев Д. М.
І курс магистранты
Тексерген: Сатиева Ш. С.
Психология ғылымының
кандидаты, доцент
Семей 2008
Ұстаз оқышылармен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Бұл жағдай екі жақтық қарым-қаныстардың ерікті түрде жүруіне себеп етеді.
Оқушылар өздерін еркін сезінеді. Оқушылар әрқашан ұстаз тарапынан оларды бағалайтының, олардың пікірімен санасатының, ойларын еркін жеткізе алатының үнемі сезінулері қажет.
Ұстаздың әрбір оқышуының қабелеттілігіне сенім білдіру-оқыту процесінде ең бір қажетті жағдайлардың бірі болу керек. Егер ондай болмаған жағдайда саралай оқыту принципі бұзылады. Сондықтан, жүйелі түрде оқышуларға олардың қабелттілігі туралы сенімді қалыптастырып, үнемі ұлғайту керек. Жаңа оқу материалын оқышулардың игеру кезенінде кездесетін қиыншылықтарын өтеу, ұстаз шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Оқушылардың мектепке деген жағымды көзқарасын оқыту процесінде қалыптастырамыз. Балалардың оқуға деген қатынасы негізінен екі жағдайға байланысты болады.
Бірінші жағдайдың мінездемесі -бала мектепке тек қана білім аламын, білімді меңгермін деген мақсатпен ғана емес, өзінің өмірден алған тәжіриебесімен келеді. Баланың өзінің дербес тәжірибесімен, оның сыныптағы балаларға деген қарым-қатынасы қалыптасып ерекшеленеді. Осыған орай ұстаздың гуманистистік позициясы-баланы өзіне сай қалыпта қабылдау болып табылады. Сондықтан, оқыту процесінде балаларда құндылық, өзін-өзі бағалау тағы сол сияқты сипаттамаларды жүйелі түрде қалыптастыру керек.
Екінші жағдай-оқыту процесінің адам өмірімен байланыстылығы. Оқыту процесінде тек қана ғылыми тұжырымдарды ғана қолданбай, сонымен қатар осы тұжырымдырдың адам өмірімен байланыстылығын балаларға ашып көрсету өте тиімді тәсілдердің бірі болып табылады.
Саралай оқыту, Е. С. Рабунский зерттеу жұмыстарында, ұстаздың шеберлігіне, білімділігіне байланысты деп көрсетіледі М. К. Акимова, В. П. Козловалардың еңбектерінде ішкі сыныптық индивидуализацияны олар негізгі екі критерийге байланыстырады:
1. Оқушының жетістігіне бағытталу.
2. Оқушы әркетінің процессуалды ерекшелігіне бағытталу.
Әдетте, ұстаз жоғарыда аталған критерийлерден бірінші критерийді таңдап алады екен. Себебі, оны тапсырма индивидуализациясы арқылы жүзеге асыру оңайырақ екен .
Ал оқушыларды тапсырманы күрделілігіне қарай бөлу-саралау болып табылады. Саралаудың негізіне оқушыларды үш топқа бөліп жатқызады: әлсіз, орташа және күшті.
Б. М. Теплов, В. Д. Небылицин, В. С. Мерлин және тағы басқа психологтардың еңбектерінде “оқу әрекетіндегі индивидуалдық стиль” теориясы қарастырылып, дамытылады. “Оқу әрекетіндегі индивидуалдық стиль” теориясында оқу әрекетін “Нәтижелігінің жоғарлауы” негізгі фактор ретінде қарастырылады. Сонымен, саралау, мамандар алдында кейбір ғылыми, практикалық, этикалық және тағы басқа проблемалардың шешілуін талап етеді. Сондықтан балаларды бір-екі белгілі бағдарламамен оқытуға болмайды. Алдымен балалармен психология жағынан алдын - ала дайындық жұмысын жүргізіп, олардың актуалды даму аймағын анықтау қажет.
Мектеп реформасын жүзеге асыру барысында көзге ең алдымен түскен жағдайлардың бірі-бастауыш сынып оқушыларының берілетін білім деңгейінің қазіргі өмір талабына сай келмейтіндігі, сонымен қатар оқушылардың жеке дамуының деңгейінің төмендеуі. Сондықтан ұстаз өзіне алуан түрлі сұрақтар қояды:
- не себепті кейбір оқушылар өздері оқыған мәтінің мазмұның түсінбейді?
- неге балалар оқу материалына толық зейін аудармайды?
- неліктен балалар кітапты аз оқиды немесе тіпті кітап оқығысы келмейді?
Сондай жағдайға алдымен себепкер болған әлеуметтік факторлар болып табылады. Әлеуметтік факторларға келесі факторларды жатқызуға болады:
- Балалардың оқуға деген жалпы қызығушылығының төмендеуі;
- Балалардың отбасындағы әлеуметтік материалдық жағдайларының төмендеуі;
- Балалардың дамуына керекті информацияның мектептен тыс келу (телевидение, радио мен автоматтар т. с. с. ) ;
- телекоммуникациялар мен индустрияның шапшаң дамуы;
- кітап оқудан бас тартуы т. с. с.
Алайда сондай жағдайларға негізгі себеп ретінде оқушылардың мектепке келген ең алғақшы қадамдарынан бастап, оқу әрекетін қалыптастыруда мақсатты жүйенің болмауын қарастыруға болады. Оқу әрекетті ғылыми ұғым ретінде психологтардың арасында кейінгі кезде пайда болған түсініктердің бірі болады. Олардың айтуынша, балаларды оқыту процесін коммуникативтік тілдік танымдық қарым-қатынас ретінде қарастыру керек.
Педагогика ғылым іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудың маңызды формасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі, білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибеге игеріледі, жалпы және арнаулы қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері қалыптасады. Іс-әрекет оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан көрінеді.
Педагогика мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқу-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан басқа оқушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі ол кез келген іс-әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. Оқыту өзінің міндеттеріне сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.
Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр түрлі тәсілдер мен әдістер, оқу үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқушыны оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің рөлі ерекше.
Оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Н. Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе «Ұжымдық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар».
Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс сан алуан әрекеттері ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқушылар бригадасы және әуесқойлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнепаздар үйірмесі болуы мүмкін.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқу және оқудын тыс жұмыстарын жақындастырады, ұжымдық қарым-қатынастың дамуын ынталандырады, оқу - тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылым мына бөліктерді қамтиды:
- іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай болу керек;
- іс - әректтің мзмұны - негізгі пәндік бағыттары;
- іс-әрекеттің маңызы - әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері, жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;
- іс-әрекетті ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;
- іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім, білік дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар.
- Іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі, ұзындығының оқушылардың жас мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;
- Іс-әрекеттің қарым-қатынастығы - қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;
- Іс-әрекетті бақылау - критерийлерге сипаттама, ұжымның қалыптсауының нәтижесі, белгілі біліктердің білім сапасының меңгерілуі. Ұжымдық іс-әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу. Басқару циклі үш кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау, қорытынды.
Оқытудың тәрбиеленуші функциясы оқу үрдісінің ұйымдастыру формаларын тұрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқушыға дербес тіл табу - оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық формаларын дамыту әрбір оқушыныңжақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын іздестіру қажет. Оқытуды ұйымдастырудың негігі формасы - сыныптық-сабақтық жүйе. Оның бірқатар педагогикалық артықшылығы бар: педагогикалық үрдістің реттілігін, ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқушылар ұжымына тұрақты идеялық - эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді. Мұның барлығы жалпыға міндетті білім беруде сыныптық - сабақтық жүйенің өзін-өзі ақтағандығын, оны қастерлеудің керектігін көрсетеді.
Ұжымдық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының белсенділігі түрінде, ұжым мүшелерінің әрекеттестік, ынтымақтастық бірлігінде, олардың өзара қарым-қатынас сипатында, танып білу үрдісінде.
Оқытудың ұжымдық технологиясына сәйкес ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың құрылымы мынадай болады.
І. Кіріспе бөлім.
1. 1. Ұжымдық жұмыстың мақсатын, міндеттерін анықтау; әрбір оқушының ұжымдық міндеттері анықталады.
1. 2. Жұмыс мазмұны бойынша оқушылар инструктаж алады.
ІІ. Ұжымдық жұмыс кезеңі.
2. 1. Ұжымдық жұмысты жоспарлау, тапсырма мазмұнымен таныстыру.
2. 2. Жұмысты орындау.
ІІІ. Қорытынды кезең.
3. 1. Жасалынған жұмысқа баға және өзін-өзі бағалау.
3. 2. Ұжымдық жұмыстың нәтижесін қорытындылау.
Оқыту циклінің инварианттық негіздер жүйесінің 3 деңгейлік құрылымнда көбіне репродуктивті әдіс пайдаланылады. Сұраққа жауап беру құқын топ жетекшісі анықтайды. Егер алдыңғы оқушы жауабында қателер жіберсе, жауап толық болмаса, онда келесі оқушы жауапты толықтырады, жіберліген қателіктерді түзетеді. Егегр топтың басқа жауабы болмаса, онда оқулықтарды, оқу, дидиактикалық көмекші құралдарды пайдалан алады. Оқушалрдың барлық жауабы бір ғана параққа түсіріледі.
Жаңа материалды меңгеру кезінде осы типтес тапсырмалар беріледі. Мсыла, сызбаны функцияның әр түрлі мәндеріне сәйкес тұрғызу (әрбір оқушы әр түрлі функция мәндерімен жұмыс жасайды.
Оқушылардың алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануда ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясының 3 нұсқасы қолданылады.
Бірінші нұсқа бойынша барлық оқушыларға топта ұжымдық орындауды қажет ететін бірдей тапсырмалар беріледі. Бұл жұмысты ұйымдастырушылық қабілеті басым, достарының арасында беделі бар топ басшысы жұмысын нәтижеге қарай бағыттап, тек жол сілтейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz