Сабақтың негізгі элементтері, сабақ типтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті

Лекция тақырыбы: Жоғары мектептегі оқытудың формалары

Орындаған: әлеуметтік жұмыс бөлімінің І курс
магистранты Көшербаева Г.Т.
Тексерген: п.ғ.д. проф. Баширова Ж.Б.

Алматы 2005

Жоғары мектептегі оқытудың формалары

1. Оқытудың жүйесі және оның ерекшеліктері.
2. Сабақтың негізгі элементтері, сабақ типтері.
3. Дәрістің тиімділігін арттыру жолдары.

Тақырыптың мақсаты: Қазіргі кезде бүкіл оқыту процесінің тиімділігін
арттырудың жаңа жолдары мен құралдарын іздестіру жөнінде творчестволық
үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, оқытудың жаңа анағұрлым жетілдірілген
формалары іздестіріліп, тарихи қалыптасқан дәстүрлі формаларды пайдалануға
жетілдіру енгізіліп отырғанын барынша ашып көрсету.

1. Оқытудың ұйымдастыру формасы дегенді оқытушы мен
студенттердің арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп пен белгілі режимде
өтетін жұмысы деп білу керек.
Ұйымдастыру формасының қандайы болса да коллективтік
және жеке дара оқытудың түрліше үйлесуімен, студенттердің сабақ оқуда
дербестігінің түрлі дәрежеде болуымен, оқытушы тарапынан берілетін оқуды
олардың түрліше тәсілдерімен басшылыққа алуы арқылы сипатталады.
Қазақстанда Жоғары мектепте оқыту аудиториялық дәріс деп
аталатын жүйе бойынша жүргізіледі. Оның аудиториялық деп аталу себебі
университеттің барлық студенттерінің өздерінің топтарымен (яғни
студенттердің тұрақты құрамы бар); дәрістік деп аталуы - әр пән бойынша оқу
курсының біркелкі және бір ізді орналасқан белгілі кесте бойынша бірінен
соң бірі келіп отыратын бөлшектерге – дәріске бөлінетіндігінде.
Аудиториялық дәрістік жүйе – педагогика саласындағы бағалы
жетістіктердің бірі. Педагогиканың тарихын зерттеу қазір бәріміз үшін
үйреншікті болып кеткен сабақтың мектепке бірден осы күйінде келіп
қоймағанын көрсетеді. Ол Қазақстанда жоғары мектеп болып бірден қалыптаса
қойған жоқ.
Тарихқа бірнеше жүйе мәлім. Қазір өздерінің тарихи дамуына
байланысты солардың ең маңыздылары қарастырылады.

2. Оқытудың жеке дара – топтық жүйесі – бұл оқытудың
анағұрлым ерте, тарихи қалыптасқан жүйесі. Ол топтап оқытудың алғашқы
кезеңінде қалыптасты. Ол орта ғасырларда шіркеу, иезуит, рыцарь
мектептерінде қолданылды. Жылдың қай мезгілінде болсын мектепте қабылдау
беру оқытудың бұл жүйесінің ерекшелігі болды. Мұнда әр түрлі жастағы
оқушылар қабылдана берді. Топта, әдетте, 15 шақты адам болатын. Оқыту жеке
дара жүргізілді, яғни оқытушы әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беріп, қиын
жерлерін түсіндіріп, кейіннен оны сұрап отырды; оқыту методикасы тыс
қарапайым болды. Оқыту нәтижесі мардымсыз, бірақ білім беру мәселелері
жөніндегі талаптардың төмен дәрежесіне сай болды.
Оқытудың бұқаралық болмауы себепті, белгілі бір кезеңде бұл
жүйеге төзуге тура келді. Өмірдің өзі, өнеркәсіптің, ғылым және техниканың
дамуы кең көлемде білім беруді қажет еткенде, яғни түрлі салаларда сауатты
жұмысшылар, білімді мамандар қажет болғанда, бұл жүйе жарамсыз болып қалды,
оның орнына оқытудың басқа, бір оқытушыға көптеген оқушыларды оқытуға,
мұның өзінде анағұрлым жоғары дәрежеде білім беруге мүмкіндік жасайтын
ұйымдық жаңа түрлері келді.
Бұл жүйенің студенттермен жеке дара сабақ өткізу түріндегі
элементтері, мәселен, Кеңес үкіметі кезіндегі елдерде кездесті. Мұнда
жоғары ақы төленіп, студенттерге репетиторлық қамтамасыз етіледі.
Ағылшынның грамматикалық жоғарғы мектебінде де бұл жүйе өзіндік
ерекшелігімен қолданылып келді. Мұнда студенттер анағұрлым терең оқып
үйрену үшін, таңдап алған пәндері бойынша оқытушыдан жеке тапсырма және
консультатция алып, өздерінің жеке жоспарлары бойынша оқиды. Барлық
студенттерді бірге оқыту жағдайында әр студентке жеке қарауды қамтамасыз
етуге тырысатын біздің оқытушылардың жұмысында да оның элементтері
қолданылады.

3. Жеке дара – топтық оқытудың орнына, ХҮІІ ғасырдың өзінде
чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) ұсынған және насихаттаған
оқытудың жаңа жүйесі келді, ол жаппай оқыту идеясын алға қойды. Ол Чехияның
сол кездегі ең таңдаулы мектептерінің, сондай - ақ Украина мен
Беларуссиядағы туысқан мектептердің тәжірбиесін мұқият зерттеу, оқытудың
жаңа жүйесін – бір оқытушының бір мезгілде бір топ студенттерді оқыту
жүйесін жасап берді. Мұның өзінде оқытудың тиімділігін арттыру үшін топтар
құрамының тұрақты болуын, жасы біркелкі студенттерді іріктеп алуды және
олардың бәрін бір мезгілде қабылдауды ұсынды. Басқаша айтқанда, ол
аудиториялық дәрістік жүйені ұсынып, оны іс жүзінде қолданды. Ол уақыт үшін
бұл педагогикалық үлкен жаңалық болды, сондықтан да Ян Амос Коменский одан
кейінгі жылдары да тек қана дамып, жетілдіре түскен аудиториялық дәріс
жүйесінің шын мәніндегі атасы болып саналады.

4. Англияда – бірінші болып капиталистік даму жолыа түскен,
өзге елдерге қарағанда жаппай оқытудың қажеттілігі анағұрлым бұрын сезіле
бастаған елде, Я.А. Коменский жасаған жүйе түрін өзгертіп, өзіндік
ерекшелігімен қолдануды бастады. Ағылшын өнеркәсіп елдерінің жұмысшыларға
білімнің әліппесін үйрету жөніндегі талаптарын орындауға тырысқан ағылшын
педагогтары „сатылы” оқытудың немесе „өзара оқытудың” айрықша жүйесін
ұсынды, бұл жүйе мұғалімдерге деген үлкен тапшылық жағдайында бір
оқытушының жас шамасы әр түрлі 200-300 оқушыны оқытуына мүмкіндік берді.
Оны кейде осы жүйені ұсынған және оны іс жүзінде қолдана бастаған оқытушы
Ланкастердің және священник Белльдің атымен белль – ланкастер жүйесі деп те
атайды.
Ол мынадай жолмен жүзеге асырылады: оқытушы түске дейін
ересектер тобындағы студенттермен – оныншылармен немесе мониторлармен сабақ
өткізді; түстен кейін бұлар өздерінен кішілермен сабақ өткізіп, оларға өз
білімдерін үйретті. Әрине, оқытудың мұндай жүйесінің нәтижелері қынжыларлық
болғаны аян. Бұл нәтижелер өзіне аса қажет болғандықтан ғана жұмысшыларға
білім беруге тырысқан ағылшын буржуазиясы мұқтаждығының өзін қанағаттандыра
алмады.
Бұл кезде Англияда „паблик скулз” – ағылшын аристократиясы мен
буржуазиясының балалары ақысын көп төлеп білім алатын және әр класта әқ 20
– 25-тен аса оқушы болмайтын жеке меншікті қымбат мектептер пайда болғанын
айта кеткен жөн.
Алайда белль - ланкастер жүйесі ұзаққа бармады. Россияда оған патша
үкіметі көңіл аударды. Тәжірибені үйрену үшін Англияға орыс педагогтары
жіберілді. Бірақ бұл жүйе Россияда қолдау таба алмады. Алайда, солдаттардың
арасында сауаттылықты көтеру үшін бұл тәріздес мектептерді біраз уақыт
бойына декабристер пайдаланды.

5. ХІХ және ХХ ғасырлардың шебінде, буржуазия тіпті бұқаралық
мемлекеттік мектеп шеңберінің өзінде балаларға – түрлі таптардың өкілдеріне
әр түрлі дәрежеде білім беру қажет екенін сезгенде (кедейлердің балалары
үшін білімге мейлінше шек қойып, интеллигенция мен халықтың анағұрлым
ауқатты топтараның балаларына мүмкіндігінше толық құнды білім беріп),
мектептерде қабілері әр түрлі балалар үшін әр түрлі кластар құру идеясы
пайда болды. Мұның өзінде қабілеттілік ғылымға жат текстер жүйесі көмегімен
өлшенетін болды, бұлардың құрылымының өзі оларды қолданудың нәтижесінде
жұмысшалар мен шаруалардың балаларын „қабілетсіздер” ретінде жеке кластарға
жіберуге жағдай жасап отырды. Бұл балалардың мекпетке келерде, үй
жағдайында жақсы дайындығы болмады және олар мәдени ортаның ықпалын
көрмеді, ал мұның өзі осындай дайындықтың болуын көздеген текстердің
тапсырмаларын ауқатты тұратын семьялардың балаларына орынап отыруға
көмектесті.
Студенттерді қабілетіне қарай топтарға топтастыратын, кейде мангеймдік
жүйесі деп аталатын (тұңғыш рет Мангейм қаласында қолданды) бұл жүйе жаппай
оқыту жағдайында билеуші таптарға өз балаларының анағұрлым жоғары білім алу
правосын қамтамазсыз етуіне көмектесетіндіктен, буржуазиялық елдерде кең
қолдау тапты. Ол Англияның, АҚШ-тың және көптеген басқа европалық елдердің
қазіргі кездегі мектеп жүйелеріне алынған.

6. Америка Құрама Штаттарында ХХ ғ-дың басында тұңғыш рет
Дальтон қаласында қолданылған, дальтон – жоспар деген атпен мәлім болған
оқыту жүйесі кең тарады. Бұл жүйенің негізінде әр оқушыға жеке дара, өз
қарқынымен және өздігінше жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін талабы
жатыр. Бұл жүйе де ақыл қабілетінің тең еместігі және ақыл дарындылығы әр
түрлі студенттердің білімге құштарлығы да әр түрлі болады деген ережеге
негізделген. Дальтон – жоспар сабақты өткізбеуді, жүйелі курстарды оқытуды
талап етті. Программа бірнеше тапсырмаларға бөлшектелді, өз бетімен жұмыс
істейтін әбебиет көрсетілді, міндеттер қойылды, студенттер жеке дара оқыды.
Іс жүзінде келгенде, студенттердің ғылымды оқытушының
көмегінсіз өз беттерімен меңгеруге шамасы келмейтін болып шықты. Бұл жүйе
осы күйінде өміршең болмады. АҚШ-та оның элементтері сырттан оқытуда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақ оқытудың негізгі түрі, қазіргі сабақтың құрылымы
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы
Жаңа сабақты оқып үйренуге оқушыларды қатыстырудың тағы бір жолы - дидактикалық материалдармен, тарих дәптерімен жұмыс істеу
Озат тәжірибені тарату әдіс - тәсілдері, түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Сабақтың типтері, құрылымы
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Пәндер