Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тәрбие процесi түсiнiгi мен мазмұны
Тексерген: Туебакова Н. В.
Орындаған: Искакова А. Т.
Алматы 2005
Жоспар
I Кiрiспе
«Тәрбие процесi» ұғымының анықтамасы
II Негiзгi бөлiм
а) Тәрбие процесiнiң ерекшелiктерi, диалектикасы және тәрбиешi тұлғасы
б) Тәрбие процесiнiң жүйесi, құрылымы және оның жалпы заңдылықтары
III Қорытынды
Тәрбие процесiнiң мазмұны
Тәрбие процесi түсiнiгi мен мазмұны
1. 1 Тәрбие процесi ұғымының анықтамасы
Тәрбие процесi - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзiн-өзi тәрбиелеуiн кiрiстiре жүргiзiлетiн тұлға қалыптастыру, дамыту процесi.
ТП - бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесiнiң тiзбегi, мұндағы әрбiр тiзбек алдыңғы нәтижелер есебiнен құралады. Бұл түсiнiк бойынша тәрбие процесi өзiндiк даму жүйесi ретiнде қарастырылады және оның бiрлiгi болып дамушы тәрбиелеу жағдайында (тәрбие iсi) есептеледi: Мұнда тәрбиеленушiлер, тәрбие iс-әрекетi, тәрбиешi, оның тәрбиеленушiлерiмен өзара әрекетi ғана дамып қоймай, келешек күрделi жүйе қалыптастыратын бiртұтас обьектiнi дамытады.
ТП көпқырлылық, иерархялық, статистикалық, өзiн-өзi басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.
ТП-де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бiрлiгi тек тәрбие iске асатын нақты жағдайлар төңiрегiнен шығуға мүмкiндiк беретiн жоғары дәрежедегi абстракциялау арқала жасалады. Оқу пәнi мұғалiмiнiң, сынып жетекшiсiнiң, ұжымның тәрбиелiк iс-әрекеттi - бұлар бәрi тәрбие процесi болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшiн педагогикалық абстракциялау қажет. Абсракциялаудың жеткiлiктi дәрежесi - тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдiснамалық проблемасы. Өйткенi, төмен дәрежедегi абстракциялауда тәрбие процесi тексерiле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупi туады.
1. 2 Тәрбие процесiнiң ерекшелiктерi
Бiртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесi ерекше орын алады.
Бұл процестiң орны мен ролi тұлға қалыптастыру процесiқұрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын-ала белгiленген жоспар мен мiндеттерге сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада тәрбие iске кiрiседi. Тәрбие-бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесi. Бұл сонымен қоса, қоғамға қажеттi әрi пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатындағы тәрбиешi ментәрбиеленушiлердiң ұйымдасқан, басқарылған, бақыланатын бiрлескен өзара әрекетi. ТП - бұл белгiленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң нақты пәрмендi бiрлескен әрекетi.
ТП-нiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Ең алдымен бұл процесс мақсат-бағдарлы болып табылады. Оны ұйымдастыруда мейлiнше пәрмендiлiкке жеткiзетiнi - тәрбие мақсатының тәрбиелеушiге жақын әрi түсiнiктi мақсатқа айналуы. Нақты осы мақсаттардың бiрлiгi мен оған жетудегi өзара байланыс арқылы қазiргi тәрбиелеу процесi сипатталады.
ТП - көпфакторлы процесс. Ондағы көптеген объективтi, субъективтi факторлардың әрекеттерi бұ процестiң өте күрделi екенiн байқатады. Субъективтi факторлар тұлғанның iшкi қажетттiлiктерiн бiлдiрiп, тұлға қалыптасып өмiр сүретiн объективтi жағдайларды бiлдiре отырып, тәрбие мiндеттерiн табысты шешуiне көмектеседi. Ұйымдастырылған тәрбие iс-әрекетiмен объективтi ағдайлардың мазмұны мен бағыты қаншалықты сәйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады. Бұл процестi басқарушы тәрбиешi қызметi объективтi заңдылықтарымен шектелмейдi. Бұл өз мәнiнде, тәрбиешi тұлғанның өзiндiк бейнесiн, даралық қасиеттерiн, мiнез-құлқын тәрбиеленушiлерге қатысатын бiлдiретiн өнер деп танылады.
ТП өзiнiң ұзақтылығымен ерекшеленедi. Негiзiнен ол өмiр бойынан созылады. Тәрбие процесi үшiн тәрбиелiк ықпал ету басталғаннан бастап, соңғы нәтижелер арасының алыстығы, ұзақтығын айқындайды.
ТП-нiң бiр ерекшiлiгi - оның үзiлiссiз болуы. Мектептiк тәбие процесi - бұл тәрбиешi мен тәрбиеленушiлердiң өзара жүйелi, үздiксiз әрекеттесу процесi. Жұмыстың белгiлi бiр мақсаты белгiленген жүйесi қажет. Егер ТП қалса, онда тәрбиешi оқушының есiне жаңадан iз салуы керек және оны тұрақты әдетке айналдыруы шарт.
ТП - комплекстiк процесс, тәрбиелiк жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдiстерiнiң бiрлiгiн бiлдiредi. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесiп жасалынбайды, бiр уақытта болғандықтан педагогикалық ықпал ету комплекстi сипатта болады. Қалыптастыру кезiде бiр қасиеттерi екiншi қасиеттердiң дамуына ыңғайлы әсер етiп отырады.
ТП-не нәтижелердiң бiрмәндi және анық болмауы да құбылыс. Жағдайлар бiрдей болғанда да нәтижелер бөлiктенiп тұрады. Мұның өзi мынадай субьективтi факторларға байланысты болады: тәрбиенушiлердiң жеке өзгешiлiктерiнiң көптiгi, олардың әлеуметтiк нәтижелерi, тәрбиеге деген қатынастары. Сонымен бiрге, тәрбиешiлер дайындығының кәсiптiк деңгейi, олардың процестi жүргiзу шеберлiгi де осы процестiң iске асып, жақсы нәтижелер беруiне үлкен ықпал жасайды.
ТП-i екiжақты сипаты мен ерекшеленедi. Олар тәрбиешден тәрбиеленушiге (тiкелей байланыс) және тәрбиеленушiден тәрбиешiге қарай (керi байланыс) . Процестi басқару негiзiнен керi байланыс арқылы құрылады, яғни тәрбиеленушiден түсетiн ақпараттар арқылы ерекшеленедi. Осы керi байланысты тәрбиешi неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым тәрбиелiк әсер де жоғары болады.
Тәрбие процесiнiң диалектикасы
ТП диалектикалық сипатта болып келедi. Бұл оның үздiксiз дамуынан, динамикалық болуынан, қозғалмалы әрi өзгермелi болуынан байқалады. ТП болып жатқан себептерге сәйкес дамиды. Мысалы, оқушылардың әртүрлi жас ерекшелiктерiне байланысты өзгерiп отырады, сонымен бiрге әртүрлi жағдайлар мен нақты ситуацияларға қарай басқадай сипат алуы мүмкiн. Кейбе бiрдей тәрбие құралы бiрдей жағдайда тәрбиеленушiлерге күштi әсер етуi де, төмен әсер етуi де кездеседi.
ТП-нiң диалектикасы оның қарама-қарсылығының, демек, iшкi және сыртқы қарсылықтарымен бейнеледi. Нақты, осы қарама- үздiксiз жүруiне күш бередi. Iшкi қарама-қарсылықтар тұлғаның барлық кезеңдерде байқалатын, оның жаңа қажеттiлiгi мен қанағаттану мүмкiндiктерiнде көрiнедi. Бұл жаңа сапаларды ң қай бағытқа құралатындығы тұлғаның iс-әрекетiне, белсендiлiгiне, өмiрлiк позицияларына байланысты болады. Тәрбиенiң бағыты - ұлға қалыптастыруды дұрыс бағдарлау, ал мұның өзi тәрбиеленушiлердiң қозғаушы күштерiн, мотивтерiн, қажеттiлiктерiн, өмiрлiк жоспарларын терең бiлу негiзiнде ғана жүзеге асырылады.
Сыртқы қарама-қарсылық та тәрбие процесiнiң бағыттылығы мен нәтижесiнде байқалады. Ысалы, кейбiр жағдайда мектеп пен жанұя арасындағы қарама-қарсылықтар, педагогтардың кейбiр талаптарына ата-ананың қарсы әрекетi жайсыз әсер қалдырады. Сөз бен iс арасындағы қарама-қайшылықтар мен кемшiлiктерге себепшi болады. Педагогтар әсiресе, тәрбиеленушiлердiң iшкi талпыныстары мен сыртқы әсер арасындағы қарама-қарсылығына көп мән берiлуi керек. Соңғы кездерде тәрбиешiлер жұмыстарында тәрбиеленушi дайындығына педагогикалық талаптардың сай болмауы көп қиыншылықтар туғызып жүр. Егер тәрбиелеушiнiң дайындық деңгейi қойылған талаптарлан көп төмен болса, онда талаптар қойылмайды, өзгерiске келтiредi.
Тәрбиешi тұлғасы
Тәрбиенiң ең маңызды субьективтi факторы - бұл тәрбиешi тұлғасы. Адам жанынынң кейбiр нәзiк тұстарын, тәрбие процесiмен iлесе жүретiн мыңдаған үлкендi-кiшiлi өзара ықпал әрекеттердi қамтудың мүмкiншiлiгi аз. Мұндай пәрмендi тәрбиенiң аса маңызды шарты - тәрбиешi тұлғасы.
Қазiргi тәрбиелеу процесiндегi тәрбиешiнiң ролi тәрбиелiк әсердiң бәрiн өзiне бұрып, процеске жетекшiлiктi өз қолына алу емес, керiсiнше, оның ұйымдастырушылық және бағыттаушылық күшiнiң мәндiлiгi мен ондағы демократизiмнiң, шығармашылық еркiндiктiң көптiгiмен байланысты. Педагогикалық позицияның өзi де тәрбиеленушiге бiлiнбейтiн, жасырын, әдептi болуы қажет. Педагог бала жанының төбеден бақылаушысы болмай, оны достық пиғылмен тәрбиелеп өсiруi қажет.
Тәрбие процесiнiң жүйесi мен құрылымы
ТП-күрделi динамикалық жүйе. Бұл жүйенiң әр компонентi өз кезегiнде өзiндiк компонентерi бар жүйе ретiнде қаралады. Қолайлы анықтау шектерiн қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады.
Қазiргi теориялық педагогика ТП талаптарымен құрылған мынадай жүйелерi белгiлi: ТП мақсаты, мiндетi, мазмұны, процестiң өту жағдайлары, тәрбиешi мен тәрбиеленушiнiң қарама-қатынасы, тәрбие iс-әрекетiнiң қолданылатын әдiстерi мен формалары, процестiң даму кезеңдерi және т. б.
Мақсатты талап ТП-нiңқұрылымын шешуге бағытталған мiндеттердiң бiрiздiлiгiн бiлдiредi. Қазiргi мектеп жағдайында тәрбие процесiнiң бағыттары мынадай: үйлесiмдi, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны бiртұтас қалыптастыру;
ТП кезеңдерiнiң өлшем шектерi ретiнде педагогикалық әрекеттiң бiрiздiлiгiн пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бiрлiктер пайда болады.
- Жалпы нормалар және талаптармен танысу;
- қарым-қатынас қалыптастыру;
- көзқарастармен тұжырымдар қалыптастыру;
- тұлғаның жлпы бағытын қалыптастыру;
Бұл әрекеттердiң барлығының нәтижесi- нормалық қалыптағы тұрақты мiнез-құлық әдеттерiн баулу. Әрекеттердiң әдеттенуi бiртiндеп мiнез бiтiстерiне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.
Тәрбие процесiнiң жалпы заңдылықтары
Жалпы заңдылық ауқымының әрекетi ТП-нiң барлық жүйесiне таралады. Жалпызаңдылық осы процестiң маңызды және iрi бiрлiктерiнiң арасын байланыстырып отырады. ТП жалпы педагогикалық процестiң бөлiгi ретiнде осы процестiң заңдылықтарына бағынады.
Тәрбиелеу тәжiрибесi үшiн ТП-iнiң кейбiр бiрлiктерiн тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрмендiлiгiмен байланыстыру қажет.
Тәрбиелеу пәрмендiлiгi мыналарға байланысты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz