Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе1

І. Бастауыш сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. 2

І. 1. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы. 2

І. 2. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы. 4

І. 3. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың психалогиялық негіздері. 5

ІІ. Бастауыш сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың әдістемелік негізі. 7

ІІ. 1. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың қазіргі жайы. 7

ІІ. 2. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың әдістемелік жүйесі. 9

ІІІ. Қорытынды10

Пайдаланған әдебиеттер11

Кіріспе

Елімізде болып жатқан саяси-әлуметтік, мәдени-этникалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамның өзінің келешегіне не ала алады деген сұраққа жалпы қауым болып жауап іздестіруде.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі бірінші міндет-ол дүние жүзі елдерінде жастарға бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетін кіріктіре меңгеру.

Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.

Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін тұрғысынан кемелденуіне аудару.

Ендеше, оқушылардың адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту-заманталабы. Егер адам руханилығынан айрылса, онда ол эмоция мен сезімнен айырылады, жинақ рационолизм мен прагматизмнің құлына айналады. Сөйтіп, материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған қоғамдық даму адамзатты рухани жұтақдыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Жалпы адамзаттық құндылықтар оқушылардың бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады.

“Әр заманның өз адамы’’ деген қағиданың мәніне терең үңілетін болсақ, өмір тәжірбиесі өзінің нәтижесімен көрсете отырып, дәлелдеп береді.

Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан: онда: “Білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі”, -деп жазылған. Ал, “Қ. Р. жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында” білім беру жүйесінің негізгі міндеттері төмендегідей көрсетілген:

--жеке адамның, яғни оқушылардың рухани қабілет мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен сауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

--жеке адамның шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеуді дамыту. Зерттеу нәтижесінде бастауыш буынның 1-2-сын/ғы ана тілі сабағында оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың әдістемесі дайындалып, бүгінгі күнгі ана тілі оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселені жүзеге асыруда нақты қадам жасалды. Зерттеу ана тілі әдістемесі ғылымындағы ғылыми әдістемелік жаңа зерттеулерге пайдалануға негіз болады. Зерттеу нәтижелерін оқу бағдарламаларының жаңа нұсқаларын жасауда, сонымен бірге ана тілі пәні оқулықтарының мазмұнын жетілдіруде, көмекші әдістемелік құралдар дайындауда және сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыруда пайдалануға болады.

І. Бастауыш сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері.

І. 1. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы.

Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жүгіртсек, Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауи, Ж. Баласағұн, Я. А. Коменский, И. Г. Песталоции, К. Д. Уминский, А. С. Макаренко, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сияқты оқымысты-ойшыл ғалымдардың бірде-бірі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес.

Мәселен, әл-Фараби философиялық трактаттарында; “жақсы мінез-құлық пен ақын біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ”, -деп жазса, ХVІІ ғасырда чек ғалымы П. А. Коменский өзінің атақты “Ұлы дидактика”, “Ағайынды чектарды тәрбиелеу” атты еңбектерінде тұңғыш рет білім беру мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұғынды.

ХVIIІ ғасырдың көрнекті ағартушылары мен педагогтары А. Н. Радишев, И. И. Бецкой, И. Н. Новиковтердің ғылыми ақиқатты оқып үйренуде, баланың қабілетін дамытуға және ұнамды адамгершілік сапасын нығайтуа көмектесетін оқыту әдістерінің қолданылуын талап етулері бүгінгі күнгі жеке тұлғаның, оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесінің қажеттілігін айқындайды.

Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов рухани-адамгершілік сезімді туғызатын әсемдік тегін болмыстан, сұлулық негізін табиғат арасындағын байланысты, үйлесімділікті сезіне білді және сол сезімді жас жеткіншек зердесіне құюға талпынды. Өйткені халық шығармашылығының “қай түрінде де табиғат құбылысының жырға, күйге, ою-өрнекке түсіргенде, алдымен, кәсіптік қажеттілігін ойластыра отырып, жарастық, әсемдік жағына да баса көңіл бөлген. Әсемдік адам тұрмысына қажетті құбылыс болумен қабат, асқақ сезім туғызатын рухани күш екендігі анық”. Сондықтан Ш. Уалиханов болмысқа деген эстетикалық көзқарасын, талғамын шығармалығы арқылы көрсетті.

Қазақ педагогигасында ірі тұлғалардың бірі-А. Құнанбаевта өз өлеңдерінде, қара сөздерінде, балаларды жамандықтан жирендіріп,

жақсылыққа үндеп отырған Абай шығармаларының потенцианы

бүгінгі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. “Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз” деп ұлы ақынның өзі айтқандай, оның өлеңдері туған жердің сұлулығын, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл күйі сан алуан сезімдермен ұласып, музыка үніндей естіледі. Ақын шығармаларының негізгі-адамгершілік және имандылыққа тәрбиелеу, Мәселен, ұлы Абай “біреуге көмектесу-ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі” деп біледі. Баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту жолдарын Ә. Дибаев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Әуезов және т. б. ғалымдар ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып, айқындап берді. М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, С. И. Абакумов, К. Б. Соловыв, Н. Б. Баркин және т. б. ғалымдар бастауыш сыныптарда оқушыны шығармашылыққа баули отырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оны жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы жөнінде мәселені қарастырады. М. Жұмабаевтың: “тәрбиелі балаға түрлі әсерді құрық

көзімен салыстырып, үретуге міндетті. Бала салыстырып,

сынап үйренсе, адамгершілік туралы белгілі бір ұғымға не болады. Ол уақыттағы алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны һәлі жеңіл айыратын болады”, -деген сөздерінен аңғаруға болады. Сонымен қатар еліміз егемендікке қол жеткізген тұста оқыту процесін ізгілендіру, оқушының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру барысында бірқатар зерттеулер жасалды. Оған Ә. Қоңыратбаев, Т. Ақшолақов, С. Ұзақбаева, А. Бейсенбаева, Т. Қ. Жұмажанова, Г. Құрманбаева, Қ. Бітбаева және т. б. ғалымдар зор үлес қосты.

Қорыта келе, оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыта оқыту дегеніміз-тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт ойының, жанының ішкі қуатынын ойануына ықпал жасайтындай етіп, ұйымдастыру, жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту.

І. 2. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы.

Оқыту- екі жақты процесс. Онда мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастық іс-әрекеті жүзеге асады. Осы процесте оқушының ақыл-ойы, танымы, білігі мен дағдысы қалыптаса отырып, әр оқушының жеке тұлға ретінде жан- жақты дамуы жүзеге астырылады. Оқыту процесі өзіне тән мынадай функцияларды атқарады.

Оқытудың білім беру функциясы оқушыны біліммен қамтамасыз етеді, оны өз бетімен білім алуға, білік пен дағдыны игеруге даярлайды. Қазіргі педагог ғылымдардың пікірінше (П. Н. Пидкасистый, Т. А. Ильина, Р. М. Қоянбаев, И. П. Подласый. ), білімді толық игеру үшін мынадай талаптар ескерілуі тиіс.

Олар:

-білімнің толықтылығы;

-білімнің жүйелілігі, үлесімділігі, бірізділігі;

-білімнің ұғымдылығы;

-білімнің тәрбиелік сипаты;

-білімнің әрекеттілігі;

Бұл талаптардың ішінде біз оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда білімнің тәрбиелік сипатын басты нысанаға аламыз. Демек, оқытудың білім беру функциясы ғылым негіздерін, біліммен дағдыны шерту үшін бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды жинақтаған ақыл-ойы жетік адам дайындауға бағытталуы тиіс. Өйткені оқушының рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда оның тәрбиелік функциясы негізгі рол атқарады. Оқытудың тәрбиелік сипатын оның ғылыми мазмұнына тәуелді дегенді алғаш рет анықтаған ғалымдар Н. И. Пирогов пен К. Д. Ушинский болатын. Сондықтан К. Д. Ушинскийдің мына қағидасы негіз бола алады: “тәрбиелей отырып оқыту -дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау”. Бұл көз қарасты кезінде ғалым И. Ф. Гарбарт: “Оқыту-адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал”, - деп тұжырымдаған болатын. Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуде Ш. Аманошвишдің мұғалімдердің берген кеңесін басшылыққа алуға болады. Ол : “педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысы мен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер- қуатының жемісін көруге болады, мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады”, -дейді.

Оқушылардың рухани - адамгершілігін дамыта оқыту алуан түрлі іс-әрекет барысында жүзеге асырылады. Мәселен, өнегелі адамдардың, ғалымдардың өмірі мен шығармашылығын, адамгершілік әрекеттерін талдау тұлға бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға игі ықпал етеді. Мысалы, “Сыйлық” (2 - сыныпта) тақырыбын оқығанда: мәтін мазмұн талдау барысында Абайдың оқуға құштар Хасенге берген сыйлығы мен көрсеткен бағыты және айтқан өсиеті болды. Ұлы педагогтардың (А. Коменский, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, К. Д. Ушинский) еңбектерінен орын алған оқытудың мазмұнын өмірмен байланыстыру мәселесінің бүгінгі күнгі маңызы арта түсуде. Күнделікті сабақтың оқушыларға айналасындағы өмірмен тікелей байланыста етуі өмірге қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасы туғызады және шығармашылық шабытын оятады.

Белгілі әдіскер-ғалым С. Рахметова ана тілі сабақтарында оқушының тек тіл заңдылықтарынбіліп қана қоймай, сонымен бірге тіл мен ой бірлігіне сүйене отырып, тілді ауызша және жазбаша дамыту қажеттілігін атап көрсетеді. Тіл білімінің атасы А. Байтұрсынов: “Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын-сөзбен сөйлеп, сүгіреттен көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де қызыметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады”, -деген тұжырымынан бастауыш сатыда жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту үшін, ең алдымен, оның ауызша тілін дамыту міндеті тұратынын аңғаруға болады.

І. 3. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың психалогиялық негіздері.

Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты атап өткеніміздегідей, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мектепке алғаш келген балалардың ой-өрісіне, сана-сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың психологиялық даму себептері мен жағдайларына байланысты. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізі мектепке дейінгі кезеңнен қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиалогия ғылымдарында теориялық және тәжірибилік тұрғыда дәлелденіп негізделген.

Атап айтсақ, А. Н. Монтыв, С. Л. Рубингитейн, Л. С. Вьпотский, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомменский, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, А. Темірбеков, Л. М. Фридман, Н. С. Лейтас, Л. И. Божович, С. Рахметова, Ә. Садыков, Н. Айғабылов және т. б. ғалымдардың барлығы да өз еңбектерінде оқушының психикалық дамуын ойдағыдай басқару үшін, оның бойында бар мүмкіндіктерін, оны қоршаған ересек

адамдар-н және өз құрдастарымен қарым-қатынастарын жан-жақты зерттеу қажеттілігін айтады. Ол үшін педагогиканың, психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын кіріктіре үйлесімді қолдануға тура келеді. Себебі, оқытудың психологиялық негіздерін білу әр оқушының таным, деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Ал оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеп білу-оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Сондықтан да қазіргі педагогикалық психологияның оқушының саналы әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында.

Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: “Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларғ керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білуге керек ”, -деген психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескерте отырып, оқушының өзіндік табиғатына көңіл аудару керек. М. Жұмабаевтың пікірінше, адам ойының һәлі ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымына кірмейді. Өйткені, ойы бір дәрежеде және сезімдері бір қалыпты адамдардың мінездері түрліше болуы мүмкін. Алайда мінездің қалыптасуы да, көрінісі де темпераментке байланысты. Темперамент- жүйке саласының тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке дара ерекшелігі, өзгешелігі. Бұл табиғи қасиет. Сондықтан өмір сүру барысында ол өзгермейді десе де болады. Темперамент типтері жүйке жүйесінің күшіне, орнықтылығына, шапшаңдылығына қарай анықталады. Олар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

Холерик тез қызады, икемді тұрады. Олар мәтін мазмұнын талдауға белсене қатысады. Бірақ олардың сезімін ояту қиынға соғады. Өйткені, шыдамсыздығынан іс-әрекет нәтежесін көруге асығады, яғни еңбегінің жылдам бағаланып, мадақталуын тағатсыздана күтеді. Сондықтан олардың белсенділігіне дер кезінде назар аударып, бағалауға үлгермеген жағдайда, келесі сабақта бағасын қойып беруге уәде беру қажет. Әйтпесе, олардың сабаққа ынтасы тез жойылып кетуі мүмкін.

Сангвиник-еті тірі, қозғалғыш, әсерленгіш, бір беткей, ұзақ қызметке шыдамсыз, жеңіл ойлы, тез ысып, тез суынғыш. Оларды сабақ барысында назардан тыс қалдыруға болмайды. Көңіл күйінің тұрақсыздығынан талданып жатқан мәтін мазмұнын толық сезіне алмауы мүмкін. Сондықтан оларға арнап жеке тапсырма үлгілерін дайындап қоюмен қатар, оның тақырып мазмұнын талдауда “сенің пікірің қажет болып тұр”, “сен қандай көмек бере аласың?” деген сияқты сауалдар қою арқылы сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз етуге болады.

Фиегматик-баяу. Оларды қызықтыру өте қиын және іске қабілетінде төмен. Бірақ мәтін мазмұнын асықпай, жетік түсінген кезде ғана белсенділік танытады және ісіне тиянақтылығын байқатады. Сондықтан оларға жеке көңіл аудара отырып, рухани құндылықтар жөнінде өзіндік пікірлерін, ішкі сезімдерін білдіруге жағдай туғызуды көздеп отыру қажет.

Меланхолик-табанды, сезімтал, алған әсері көпке дейін басылмайды, жеке жұмыс істегенді ұнатады, қиялдауға икемді, бірақ сыртқа шығара алмайды. Олардың қайратынан да, ақылынан да сезімі басым болады. Сондықтан олармен жеке тапсырма беру немесе жеке әңгімелесу арқылы, аса жақындық таныта отырып, оның рухани-адамгершілік құндылығының дамуына дербес ықпал етуге болады.

Оқушылардың дербестігін ескеру мәселесі баланың ақыл-ой, таным деңгейін оның көзқарасымен, өзіндік ой-пікірмен, білуге ұмтылысымен, қызығушылығымен біріктіре қараудан басталады. Мұнда оқу әрекетінің нәтижесі ғана емес, баланың әрекетіне қозғаушы болып отырған себептерді ажырата білудің маңызы зор. Баланың оқуға деген құштарлығын оятатын күш оның сол білім алуға деген қызығушылығы болып табылады. Сонымен, белгілі педагог К. Д. Ушинскийдің “Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек”, -деген көрегендігі педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыстылығын дәлелдейді.

ІІ. Бастауыш сыныптың ана тілі сабағында оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың әдістемелік негізі.

ІІ. 1. Оқушылардың адамгершілігін дамыта оқытудың қазіргі жайы.

Білім мен тәрбие теориясын және тәжірибелік педагогикалық жинақтау мен зерттеу әрбір кезеңнің әлемдік танудың жаңа формаларын қажет ететіндігін көрсетеді. Егер де өткен дәуірде адам әлемді ақпарат жиынтығы формасында жүйелі өңдеу арқылы таныса, ал қазіргі замантанудың мейлінше басым эмоциональды сезімдік формасын ұсынады. Жаңа мыңжылдықтағы жаңа буын қазірдің өзінде-ақ материалдық қажеттіліктен гөрі рухани азыққа зәру. Сондықтан да білім беру мазмұнын қазірден бастап қайта қарау қажеттігі байқалады.

Зерттеу барысында ана тілі сабағында оқушылардың рухани-адамгершілігін идамыта оқытудың қазіргі жай-күйін білу мақсатында бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарына, оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасалынды. Бақылау сыныптарындағы ана тілі сабақтарына қатынаса отырып, оқушылармен, мұғалімдермен, қажет кезінде ата-аналармен әңгіме-семинар ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде ана тілі сабағында жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, қалыптастыру мақсаты жалпылама жүргізілгенімен оның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту жұмысы толық іске асып жатқан жоқ. Әсіресе, бала бойындағы көзге көрінбейтін, тек адамның көңіл-күйінде ғана көрініс табатын ішкі сезімі-рухани дүниесіне көңіл бөлінбей келеді. Өйткені, бүгінгі күні оқушылардың сезіміне әсер ете оқыту оның бойындағы асыл қасиеттерін дамыта отырып, бар мүмкіндігін сарқа пайдалану әдіс-тәсілдерін қолдану бірінші орынға шықпай отыр.

Жеке оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятуды мақсат еткен әдіс-тәсілдер біршама баршылық. Бірақ олар біріңғай жүйеге келтірілмегендіктен, бастауыш мектептегі ана тілін оқыту процесінде оқушылардың қабілет-мүмкіндігі толық ашылмай келеді. Оның басты себебі оқушылардың бойындағы сезімі мен сенімінен құралған рухани-адамгершілік құндылықтарын қатынасқа түсіру әдіс-тәсілдерінің жетіспеушілігінде болып отыр.

Білім беру құжаттары мен оқу-әдістемелік кешенге жеке-жеке тоқталатын болсақ, қазіргі жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасындағы білім берудің басты міндеттерін белгілегенде: оқушының жеке тұлға ретінде жас ерекшеліктерін ескеру қажеттігі және оқытудың тәрбиемен, байланыстылығын ескеріп, оқушының адамгершілігін қалыптастырып, дамыту мәселесі жөнінде сөз болған. Алайда, оқушының рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға баса көңіл бөлінбеген, яғни жас баланың жан дүниесіне әсер ету, сезімін ояту, шынайы қарым-қатынас тудыруға жағдай жасау сияқты оның ішкі жан дүниесімен байланысты әрекеттер жөнінде ешнәрсе айтылмаған. Тек, “эстетикалық, этикалық, адамгершілік нормалар меңгеріледі” деп көрсетілген.

АЛ, осы тұжырымдама негізінде дайындалған оқу бағдарламасына тоқталатын болсақ, 1-сыныпта “Ана тілі”пәні “Қазақ тілі”пәнімен кіріктіріліп, оқу жылының ІІ-жартысында тіл мен оқу материалдары кешенді жүргізіледі. 1-сыныптағы ана тілін оқытудың мақсатын айқындауда оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлгенімен, оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыта оқыту бағыты көзделмеген. 2-сынып бойынша ана тілін оқыту мақсатында бұл мәселеге біраз көңіл бөлінгендегі байқалады. Ондағы міндеттердің бірінде: “оқушылардың бойында ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты қасиеттерді дарыту”, - деп көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі білім берудегі инновацилық педагогикалық технологиялардың рөлі
Бастауыш сыныпта ана тілі сабағы арқылы жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту
Жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы
Дидактиканың оқыту технологиясы
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Мектептерде оқытуға үйрету әдістері
Халық педагогикасы
Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz