Қазақ ұлттық университеті


ЖОСПАР
1. Жоғары білім
2. Жоғары оқу орындары
ЖОҒАРЫ БІЛІМ
Жоғары білім - толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның көсіби біліктілік дәрежесі. Ежелгі Шығыс елдерінде (Қытай, Мысыр, Вавилон, Ассирия, т. б. ) біздің заманымыздан бұрын түрлі сатылы мектептер пайда болды. Ежелгі Грекия философтары білім беру жүйесін жете зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлді.
Платон (б. з. б. 428 -348) өзінің үш сатылы білім беру жүйесінде абстракциялы ойлау қабілеті байкалған жастар үшін жоғары - үшінші сатыны ұсынды. Аристотель адамның табиғи кабілеті үш сатылы тәжірибенің нәтижесінде жүзеге асатындығын және оның соңғы сатысы жоғары дәрежелі мектеп екендігін айтқан. Ежелгі Грекияда ғылымның сала-салаға бөлінуіне байланысты соңғы сатылы мектептерде философия, филология, медицина, математика ғылымдары өз алдына жеке оқытылды.
Ғылымның, техниканың, мәдениеттің дамуына байланысты әр білім беру сатысынын мазмұны, ғылыми дәрежесі артты. Алайда, жоғары білім ұғымы орта ғасырларда ғана қалыптаса бастады.
11-12 ғасырларда оқыту мен ғылыми жұмыс тығыз байланыстырылып, бірыңғай оқу процесінде жүзеге асырылды. Оқу процесінде теориялық зерттеулермен бірге бақылау, тәжірибе, сынақ жұмыстары да жүргізілді.
12-13 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде (Италия, Испания, Франция, Англия) дін иелерін, дәрігерлерді, заңгерлерді даярлайтын алғашқы ортағасырлық университеттер мен институттар (оқу 2 мерзімі 5 - 6 жыл) пайда болды.
14-16 ғасырларда Батыс Еуропада оннан астам университет жұмыс істеді . Қайта өркендеу дәуірінде математика, механика, астрономия саласында ірі жаңалықтардың ашылуы (Леонардо да Винчи, Н. Коперник, И. Кеплер, Ү. Галилей, Р. Декарт, Н. Ньютон, Т. Лейбниц) жоғары білім беру ісінің шіркеу ықпалынан және қасаң түсініктерден арылуына жағдай жасады.
Педагогтар, жазушы-гуманистер жастардың еркін ойлауын, зердесін, дағдыларын жетілдіру принципіне және табиғат зандарын байыпты зерттеуге негізделген оқыту әдістемелерін ұсынды. Ежелгі шығыстық білім беру жүйесінде жоғары білім беру, негізінен, жеке ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы негізінде қалыптасты. Оның ішінде Конфуций, Будда ілімдеріне негізделген білім сатыларындағы жоғары білім арнаулы мектептерден өткен шәкірттерге ғана берілді.
Сондай-ақ, мүсылмандық оку бағдарламаларына сүйенетін исламдық білім беру жүйесіндегі жоғары білім беру ісіне де өзіндік ерекшеліктер тән болды. Жоғары білім беретін медреселерде араб тілі (лексика, этимология, синтаксис), риторика, тарих, дін (Құран Кәрім мен фикһ ілімін оқып үйрену, аяттар мен хадистерді талдау), философия, логика, математика, география, астрономия, медицина, табиғаттану негіздері окытылды. Оларда ерте орта ғасырларда молла, халфелермен қатар астроном, тарихшы, лингвистер, т. б. сабақ берді. Әбу Райхан әл-Би-руни, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Наср әл-Фараби, Омар һайям, Әлішер Науаи, Махмұт Қашқари, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезм, . Үлыкбек тәрізді атақты ғалымдар негізгі білімді осы медреселерден алды. Сонымен қатар діннің жекелеген салаларын терең білетін (шариат, фикһ, хадис, Құран тәпсірі) адамдар да жоғары білім иелері қатарына жатқызылды. Оларға берілетін діни атақтар мен лауазымдар тікелей алған біліміне байланысты (қазы, қари, т. б. ) болды.
Қазақстандағы жоғары білімді адамдар, негізінен, Қазақстанның өз ішіндегі оқу орындарынан өзге Орта Азия, Ресей медреселерінде даярланса, 19 ғасырдың бас кезінен бастап Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан университетерінде жоғары білім алған казақ жастары айтарлықтай көбейді. Олар өз кезегінде қазақ даласында оркениетті білім үлгілерінің таралуына ықпал етті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда бірқатар жоғары оқу орындарынын ашылуына байланысты жоғары білім беру мәселесі нақтылы шешімін таба бастады.
1920 ж. Мәскеуде ашылған Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті мен 1923 ж. Ташкентте ашылған Орта Азия университеті Қазақстанға жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен рөл атқарды.
1928 ж. Қазақстанда жоғары білімді мамандар даярлайтын тұңғыш жоғары оқу орны - Алматы педагогикалық инстутуты ашылды (қ. Алматы метекеттік. Университеті) .
1940 жылға дейін республиканың жоғары оку орындары 14000, 1941 - 50 ж. 23000, 1956 - 60 ж. 148000 жоғары білімді маман даярлады.
1960 ж. ЮНЕСКО конференциясының 2-сессиясы білім беру саласындағы кемсітушілікпен күресу жөнінде конвенция қабылдады, сондай-ақ осы ұйымның шешмі бойынша 1963 ж. Халық-аралық білім беруді жоспарлау инстутуты (Париж) құрылды.
1966 жылдан бастап мұнда осы үйымға мүше мемлекеттердегі жоғары білім мәселелері жөнінде кеңес өтіп тұрады.
1967 ж. Венада жоғары білімді демократияландыру жөнінде Еуропа елдерінің конференциясы өтті. Жоғары білім беру жүйесі әр елдің өз ерекшелігіне байланысты жолға қойылған. Мысалы, АҚШ-та жоғары білім 3 кезеңнен тұрады. Инженер факультеттерде 1-кезеңде бакалавр, 2-кезеңде академиялық дәреже -ғылым магистрі атағы беріледі. Англияның жоғары білім беру жүйесіне, негізінен, университеттер енеді. Инженер кадрлары университет кұрамына енетін колледждерде, техника факультеттерде және дербес институттар мен колледждерде даярланады. Бразилия университеттерінде оқу мерзімі 5 жыл, дипломдық жоба қорғалмайды, сондықтан жоғары оқу орнын бітіргендер тәжірибелік сынақтан өткен соң ғана маман болады. Жапонияда жоғары білім беру ісі университеттер мен салалық институттар негізінде жүзеге асырылады. Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады.
Алайда, кез келген елдегі жоғары білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімеи қатар, дүниежүзілік ортақ стандарттарға сай келуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Шет елдердін көпшілігшде Қазақстанда берілген жоғары білім мойындалады. Елімізде жоғары білім берудің бес жылдык, жеті жылдық (медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық магистратуралық оқу мерзімі енгізілді. Бакалавр дәрежесіндегі жоғары білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде өр түрлі салаларда еңбек ете алатын болса, жекелеген ғылым салаларын тереңдетіп оқытатын магистратураны бітірушілер аспирантураның екінші жылына қабылдану мүмкіндігіне ие болады. Алайда, бұрынғы кеңестік жүйе кезеңінде қалыптасқан жоғары білім берудің кейбір ерекшеліктері ішінара сақталып калды. Мысалы, магистратура мен докторантура аралығындағы аспирантураның құрылымдық жағының шетелдік жоғары білім жүйесінен айырмашылықтары бар.
Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді.
2. Жоғары оҚу орындары
Жоғары оқу орындары - экономиканың, ғылым мен мәдениеттің турлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог кадрлар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдениет, т, б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары.
Жоғары оқу орындарына академиялар, ушверситеттер, институттар, т. б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т. б. Жоғары оқу орындары да бар. Б. з. б. Афина мен Римде, б. з. 425 ж. Константинополъде ашылған, өз дәуірі үшін жоғары оқу орындары болып саналған философия мектептер "университет" деп аталды.
Нағыз жоғары оқу орындары түріндегі университеттер 11 - 12 ғасырларда Италияда (Салерно және Болонья), Францияда (Париж), 12 - 13 ғасырлар аралығында Испанияда (Саламанка), Англияда (Оксфорд) пайда болды. ТМД елдеріндегі алғашқы жоғары мектеп-тер Грузиядағы Колхида (4 ғ. ), Икалто, Герм, Гелат (11 - 12 ғасырлар) академиялары болды. 13 - 14 ғасырларда Англия, Италия, Португалия, Испания, Чехия, Польша, Германия, т. б. елдерде университеттер кұрылды. 1579 ж. Вильнюс академиясы, 1632 ж. Киев - Могилян академиясы, 1687 ж. Мәскеуде Славян-грек-латын академиясы, т. б. жоғары оқу орындары құрылды. 17 - 18 ғасырлардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы университеттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті.
Ресейде Мәскеу математика және навигация ғылымдар мектебі (1701) . Санкт-Петербург теңіз академиясы (1715) мен Тау-кен училищесі (1773), т. б. оқу орындары ашылды. Тұңғыш орыс университеті 1725 ж. Санкт-Петербургте Ғылым Академиясының жанынан (Академиялық университет) ашылды.
1755 ж. М. В. Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университеттінін іргесі қаланды. 1804 ж. Қазан университетті құрылды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде машина өндірісінің дамуына байланысты көптеген елдерде университеттермен қатар инженерлік және баскада жоғары оқу орындары ашылды.
Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі жоғары оқу орындадары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919 - 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа жастарына жалпы орта білім беру және жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы факультеттері ашылды. 1921 ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов тәрізді танымал жазушылар оқып бітірді.
1920 ж. қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі орталық болды. Университет жанында қазақ жастары үшін арнаулы даярлық бөлімі ашылды. Одан жүздеген қазақ жастары білім алды. 1920 ж. Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей агарту институтын құрды. Сондай-ақ, осы жылдың кузінде Семейде халық ағарту институты кұрылса, 1921 ж. Орынборда Қазак халық ағарту институты (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту интитуты ашылды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту институты Қазақ педагогикалық. институты болып қайта құрылды. Бұл институтының тұңғыш директоры Т. К. Жүргенов болды. Институттың физика-математикалық, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық және лингвистика бөлімдері болды. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - 1928 ж. Алматыда ашылған Қазақ педагогикалық институты (қ. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті) . Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұгалім болды. Алғашқы оқытушылар қатарында А. . Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Қ. Жұбанов, т. б. дәріс оқыды.
Қазақ ұлттық университетінің бас ғимараты
Бұдан кейін Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауыл шаруашылық институты (1930), Қазақ медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1931) ашылды.
1932 ж. Қазақстанның 6 жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 40, 5%-ы казақ жастары болды. 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті мен Кен-металлургия институты ашылды.
1950 - 60 ж. Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қалаларында педагогикалық институттар, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медицина институттар, Алматыда халық шаруашылық, Қарағандыда политех. және кооперативтік, Павлодарда индустриялық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инженерлық құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технология институттары, 1972 ж. Қарағанды мемл. ун-ті, Ар-қалык, Таддықорған педагогикалық институттары ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz