Яссауи философиясындағы әлем мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Ф - ОБ - 001/033

Яссауи философиясындағы әлем мәселесі

Ф - ОБ - 001/033

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . 3

І. Қ. А. Яссауи дүниетанымының қалыптасуы мен даму жолдары

1. 1 Қ. А. Яссауи шығармашылығының қалыптасуы және рухани танымдық көзқарасының әлем тарихындағы орны . . . . . . 9

  1. Қ. А. Яссауи танытқан сопылық ілім және оның мәдени, рухани қатынастар мен әлеуметтік жүйелерді реттеуші сипаты . . . 25

ІІ. Қазақ халқының қоғамдық ой-пікірлеріндегі Қ. А. Яссауи ілімінің маңызы

  1. Қ. А. Яссауи философиясындағы әлем жаратылысы және оның ұлттық танымдағы орны . . . 40
  2. Қазіргі қоғамдық ой-пікірде ойшыл дүниетанымының құндылығы мен әлем философиясына ықпалы . . . 47

Қорытынды . . 53

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 55

Ф - ОБ - 001/033

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Әлемдік философияда қоғамды демократияландыруды жүзеге асыру барысында адам ең жоғарғы құндылық ретінде бағаланды және оның дүниетанымы өз алдына тың зерттелмеген мәселе ретінде қаралады. Даму жолында ұлттың рухани көзқарасының орны ерекше. Ал оның адамның өмір сүруін қамтамасыз етуші жүйе екені белгілі. Міне осындай рухани жүйелердің бірі әлемге әйгілі ойшыл Қ. А. Яссауи болатын.

Әлем тарихында өзіндік рөлі бар Қ. А. Яссауи әрбір жеке тұлғаның жүрек тазалығын мақсат етер рухани тәлім-тәрбиені алуға құқықы бар деген. Бұл тұрғыда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев біздің өзімізді қоршаған қоғамның қалай өзгеретінін көріп - білуге қабілетіміз кәміл жетеді, оның есесіне, кейде өзіміздің қалай өзгеретінімізді аңғара бермейміз. Біз өзімізше мынау жаңадан пайда болды, немесе бұрынғылар көзден ғайып болды ғой дейтініміз бар, алайда мен бір кездері былай ойлаушы едім, енді ойым мен әрекетім басқаша дегенге мейілінше сирек барамыз. Әсілі адам өмірінің ұзына бойына, тәннің ғана эволюциясы емес, сонымен бірге рухтың да эволюциясы серік болса керек” /1/ -деген.

Демек, қазіргі таңдағы өмір талабы тек ғылыми және мәдени жетістіктермен ғана емес, әрбір жеке тұлғаның бойындағы шығармашылық деңгейін кеңейтіп, даналықпен қоректенген өмір тәжірибесін арттыру болып табылады. Сондықтан, адам жаратылысы әр қилы болады. Тіпті, мәдени ниетіміз бен салтымыз да, рухани байлығымыз да орын алатын құндылықтар адами идеялдар көрінісін береді. “Адам-әлемнің патшасы”, - деген сөз бекер емес. Сондықтан да адамға қатысты өмір жолы - адамдық “мен” дәрежесін өз деңгейінде құрудан бастау алуы тиіс. Бұл тұрғыда “адамның ең қауіпті және ең мықты жауы адамның өзі екені”/2/ белгілі. Адамның өзін-өзі тануында, оның өзін үлкен әсерге алып келетіні даусыз.

Ф - ОБ - 001/033

Бұл зерттеу әлем, оның негізгі құндылығы адам болмысын зерттеуге бағытталған. Қ. А. Яссауи жеке тұлғалық келбетi жалпы түркi халықтарына ортақ деген пікірдеміз. Сондықтан, бұл жерде ұлттық өзiмшiлдiктен гөрi ғұламаның айтып кеткен даналық сөздерiн жан-жақты игеру мақсаты ұтымды болып келедi.

Ақиқаттың ұлы заңдылығы рухани дамудың әр түрлi қырларын айқындай түседі. Ал ғылыми зерттеулердің негiзгi мақсаты тарихи болмыстағы iнжу-маржандарды әлеуметтік дүниеге обьективтi түрде паш ету болып табылады. Осыған байланысты ұлтымыздың қазіргі жаһандану заманында рухани бағдарлардан айрылып қалмауына демеу болатын рухани құрылымдар мен жүйелерді сараптауға арналған Қ. А. Яссауи ілімі мен ізденістерінің маңызын келешек ұрпаққа танытудың маңызы айтарлықтай қажет. Сондықтан, диплом жұмысының тақырыбын таңдауда ойшыл дүниетанымынң қоғам үшін маңызы мен рухани қажеттілігіне баса назар аударылды деуге болады.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Философия тарихында көптеген ойшылдардың есімі қалды. Олардың барлығы дерлік өз көзқарастарында әлем, адам, табиғат, қоғамдық орта, рухани дүниетаным, саналылық пен мәдени дәстүрлер жөнінде пікірлер қалдырды. Ойшылдар шығармашылығы өзінің басқаға ұқсамайтын бірегейлілігімен ерекшеленді. Қоғам соны жоғары бағалап, әрдайм ойшыл қыл қаламынан туындаған дүниені бағалап, құндылыққа теңеді немесе ойшыл өмірін ізгіліктің жолы ретінде таныды. Міне біз зерттеп отырған тақырып осы бағыттағы жұмыстардың бірі.

Қ. А. Яссауидiң «Даналық хикметтер» атты тарихи еңбегi егемендік алғаннан кейінгі дәуірлерде аударылып, қазақ тiлінде жарық көрдi. М. Жармұхаммедұлы осы еңбектiң алғы сөзінде « . . . басқа түркi халқының тiл тарихын, әдебиет тарихын, ондағы рухани танымдық көзқарастар және басқа да ерекшелiктер негiзiн, әлемдік көзқарастар мен адам жан дүниесіне имандылықты мұсылман

Ф - ОБ - 001/033

ілімі арқылы ендіруді қолға алған таптырмайтын құнды мұра болып табылады»- дейдi. Бiздiң пiкiрiмiзше, бұл еңбектiң философиялық тұрғысындағы құндылығы да зор деуге болады. Жалпы философия тарихы бойынша зерттеулердің бұл мәселе бойынша санаулы ғана екенiн атап өтуге болады.

Бұл күрделi мәселенің қазіргі кезең үшін маңыздылығын айтқан Ә. Нысанбаев сияқты зерттеушiлер былай деп орынды тұжырымдайды: «Дәстүрлi ұлттық мәдениетті және оның дүниетанымдық әмбебаптарын зерттеуде түрік халықтарының дүниеге көзқарасының ашықтауда Орталық Азия мен басқа да түркi тiлдес халықтардың ғалымдарымен біріге отырып зерттеулер жүргізу үлкен маңыздылыққа ие болу үстінде» /3/. Мiне, осы пікір бізді ортақ негiздерiмiздi iздеуге, рухани ынтымақтастыққа шақырған үндеу тәрізді.

Тәуелсіздік кезеңiндегi жаңа тарихымызда философиялық зерттеулерге деген қажеттілік арта түскені мәлім. Сол әлеуметтiк дамудың қисынына сәйкес Д. Кенжетай Қ. А. Яссауи философиясындағы «Миратул кулуб» деген тақырыпта еңбекке зерттеу жасайды. Бұл кітапта автор түркілік ойшылдың дiни-философиялық көзқарасына жан-жақты талдаулар жасайды. Міне осы бастама Қ. А. Ясауиді қазақ даласында көптеген ойшылдарымен (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Абай, Шәкәрім және т. б. ) салыстыра отырып, дүниетанымдық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауға және әр түрлi түсiнiктер мен ұғымдарға арнайы талдаулар жасауға жасаған алғашқы қадам болды.

Дегенмен Қ. А. Яссауи дүниетанымының әрi қарай жан-жақты зерттелу қажеттілiгi өмiр қажеттiлiгiнен туындайтыны күмән туғызбайды. Даналық келбеттi тереңiрек көрсете бiлу үшін түркілік ғұламалардың шығармашылығын философиялық талдаудан өткiзген авторлардың еңбектерiне сүйендiк. Әсiресе, Қорқыт, Әл-Фараби, Әл-Кинди сынды тұлғаларды сараптаудан өткiзген С. Н. Ақатай, М. С. Бурабаев, А. Қ. Қасабек, А. Қ. Қасымжанов, Н. Л. Сейтахметова,

Ф - ОБ - 001/033

Т. Х. Рысқалиев және т. б. ғалымдардың еңбектерiн атап өтуге болады.

Әрине, Қ. А. Яссауидiң философиялық көзқарасының ерекшелiгiн анықтау үшін бүкіл адамзаттың философиялық ой тарихындағы даму үрдiстердi бiлудiң қажеттiлiгi бар екенi белгiлi. Әсіресе, түркілік әлемдегi философиялық ойдың ерекшелiктерiн пайымдаудан өткiзген еңбектер диплом жұмысының жалпы мазмұнына, құндылықтың басымдылықтарына игi әсерiн тигiздi. Мәселен, философия тарихындағы басымдылық танытқан идеялар мен мұраттарды, дiни құндылықтар мен адамгершiлiк принциптердi анықтауда, түркілік философиядағы экзистенциалдық айшықтауда және сонымен қатар тақырыпты жан-жақты зерттеуде бағыт-бағдар болған еңбектердiң қатарына Т. Айтқазиннiң, Ж. М. Әбділдиннің, Қ. Ә. Кекілбаевтің, Т. Ы. Әбжановтың, Т. Х. Ғабитовтың, Ғарифолла Есiмнiң, Қ. Ш. Нұрланованың, К. Рахметовтың, Г. Г. Соловьеваның, А. Тайжановтың ғылыми философиялық зерттеулерi жатады.

А. А. Хамидов шығыс ойшылдары өз көзқарастарында рух адам және қоршаған ортаны қарастырады. Бұл тұтас алғанда әлем, яғни тұтасортаны қарастыру болмақ /4/-деген.

Жалпы философия тарихы мен қазақ философиясының тарихын тұтастай алғанда өзара байланыстағы жақын құбылыстар ретiнде қарастыруға болады және оның ежелгi заманнан қазіргі кезеңге дейiнгi тарихына объективтi баға беруге көмектескен, оған тарихи процесс ретiнде сипаттама берген және өзiндiк өзгеше пiкiрлер бiлдiрген еңбектердiң қатарына А. Ф. Лосевтiң, Ж. А. Алтаевтың, Ш. Бейсеновтың, Н. Н. Иманқұлдың, Н. Р. Мусаеваның, М. С. Орынбековтың, О. А. Сегiзбаевтың, Г. К. Шалабаеваның, және т. б. шығармаларын жатқызуға болады. Қ. А. Яссауидiң дүниетанымының ерекшелiктерiне алғашқы болып философиялық пайымдаулар жасаған авторлардың қатарына М. С. Орынбеков /5/ пен Ж. Ж. Молдабеков /6/ сияқты қазақстандық ғалымдардың да еңбектерiн

Ф - ОБ - 001/033

жатқыза аламыз. Олар ортағасырлық түркілік философиялық ойдың тарихында Қожа Ахмет Яссауидің де лайықты орны бар екенiн атап көрсетедi.

Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттерi: Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты шығыс ойшылы Қожа Ахмет Яссауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру. Сонымен қатар оның дiни философиясына тән гуманистiк негiздердi, рухани құндылықтарды тұтастанған кейiпте пайымдаулар жасауға ұмтылу да зерттеу жұмысының басымдық танытатын бағдарларының бiрі болып табылады. Осы зерттеу мақсатына сәйкес дипломдық жұмыста төмендегiдей мiндеттердi шешудi алға қойдық:

- Қожа Ахмет Яссауидің өмір жолын ойшылдар шығармашылығымен байланысытыра отырып зерттеу

- Қожа Ахмет Яссауидің дүниетанымының қалыптасуына негiз болған рухани, әлеуметтiк, мәдени, тарихи бастауларды анықтау;

-Түркілік ойшылдың шығармашылығындағы дiни-философиялық тұжырымдардың ерекшелiктерiн әр түрлi бағыттарға қатысты салыстырмалы талдаудан өткiзу;

-Ғұламаның дүниетанымында орын алған құндылықтық-мағыналық құрылымдарға философиялық сұрыптамалар жасау;

- Қожа Ахмет Яссауидің шығыстық дәстүрдегi даналық түсiнiктерiн зерделеуден өткiзу;

- Қазiргi рухани жаңғыру жағдайындағы елiмiздiң әлеуметтiк болмысына ортағасырлық гуманистiк идеялардың әсерi мен мәдени сабақтастығын көрсету.

Ф - ОБ - 001/033

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Жұмыстың ең басты жаңалығы - Қожа Ахмет Яссауидің дүниетанымын философия тарихы тарапынан жасмалған талдауларға салыстырмалы талдаудан өткiзу болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуде әр түрлi философиялық ізденістердің тәсiлдерiн қолдана отырып төмендегiдей негiзгi ғылыми нәтижелерге қол жеткіздік.

- Шығыстың ойшылы Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасына жүйелi түрде философиялық талдау жасалынды және оның әлемдік философиядағы орны жан-жақты зерттелiндi;

- Ортағасырлық ойшылдың дүниетанымының қайнар көздерi түркi менталитетiнiң ерекшелiктерi мен исламдағы этикалық қағидалардың бiрлiгiнен туындайтыны анықталған;

- Қожа Ахмет Яссауидің дүниетанымында орын алған рухани бағдарлардың тарихи процесте өмiршеңдiгi дәлелденедi, оның қазақ даласындағы сабақтастықпен жалғасып отырғандығы зерделендi. Адам тұлғасының рухани дамуының қайнар көздерi болып табылатын әмбебап қасиеттер жүйесi сараптаудан өткiзiлдi.

Диплом жұмысының құрылымымен көлемі: Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес бұл жұмыс кiрiспеден, екi бөлiмнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Диплом жұмысының жалпы көлемі 58 бет.

Ф - ОБ - 001/033

І. Қ. А. Яссауи дүниетанымының қалыптасуы мен даму жолдары

1. 1 Қ. А. Яссауи шығармашылығының қалыптасуы және рухани танымдық көзқарасының әлем тарихындағы орны

Түркі әлемінің ұлы ойшылы Қожа Ахмет Яссауи ілімінің қалыптасуы мен дамуы - адамның танымдық рухани көзқарасын дамытатын негізгі күш болды. Адамның рухани танымдық жолындағы жүрек тазалығы - оның көзқарасмын танытады, рухани жан дүниесін кеңейтеді. Яссауидің басты көздеген мақсаты осы болатын. Сондай-ақ, ол әрбір адам баласының алдына “өзіңді тани отырып, хақты тану” талабын қояды. Шынайы адам болмысы - Алламен табысу, оның бейнесін көру екенін өзінің сопылық дүниетанымында жан жақты ашып көрсетеді.

Ахмет Яссауи өз шығармасын жеке адамға немесе ұлыстарға емес, күллі түркі әлеміне арнағанын, “хикметтегі” терең ойлардың тұтас елдер мен халықтардың тағдырына түпкілікті әсер ететінін жақсы сезген. Оның мұншалықты берік сенімі өз заманындағы қауымының адамгершілік сұрауларын, әдеп - ғұрып мұқтаждарын, салт - санадағы алуан қайшылықтарды терең пайымдаудан, жұртшылықтың тән жарасын емес, рухындағы жарасын емдеудің жолын тапқандығынан туған. /7/

Бұл жөнінде Яссауи хикметтеріндегі негізгі тұлға - Алла - тағала, Аллаға ғашықтық, Алланың нұрлы жамалын көруге бар өмірі мен күш - жігерін жұмсауға салды. Ол ғашығымен қауышу үшін жаннан кетіп, белді бекем байлап түн ұйқысын төрт бөліп, жылап, еңіреп, оны бұл сәтте естен шығармауы ләзім. Бұл жағдай Яссауише- “Түн сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер” деген адам баласының жан дүниесін нұраландырып тұратын сәулесі ұлық Аллаға деген шынайы махаббаттан туындайтынын аңғартады.

Алланың қахар ғазабынан қорықпай, адамдарды ренжітіп, көздерінен жас ағызатын тас бауырларды имансыз деп олардың зұлымдығын бар даусымен

Ф - ОБ - 001/033

айыптаған. Яссаудің көзқарасы бойынша, мұсылман да, кәпір де бір - біріне азар бермеуі шарт:

Сүндет екен кәпірге де бермеу азар,

Көңілі қатты діл азардан құдай безер.

Құдай ақы ондайларға үкім жазар /8/

Қожа Ахмет Яссауидің есепсіз көп хикметтеріндегі негізгі түйін: адам баласының жалған дүниеден бағилық өмірге етудегі үмбеттілік жолдың дұрысы мен барысын көрсету, Аллаға шын берілген құлдың іс - әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Осы орайда оның ең алдымен қандай ауыр қиыншылықта тап болса да, шыдамдылық, сабырлылық танытуға мән бергенін көреміз. Ақын ойынша, әр іске төзімділік, шәкіршілік етіп, қадайға жалбарыну, одан шапағат күту, дүние мүлік, байлық үшін жанын жалдап өтірік - өсекке ұрынбау тәрізді мәселелер күнәдан арылудың басты - басты талаптары делінеді. Сондай - ақ ол адамның Аллаға деген сенімінің, ой - пиғылының тазалығына баса назар аударады. Осыдан барып құдайға деген ықыласы артып, мұның ақыры оған қалтықсыз шын сүйіспеншілікке ұласады, - деп көрсетеді. Егер кісі тек сырттай ғана құдайшыл болып, іштей басқа ниетте болса ол сөз жоқ, екі жүзділікке, опасыздыққа ұрынады- деп түсіндіреді. Мұндай аяр да алдамшы жандар мейілінше сабырсыз, арсыз, төзімсіз келеді - дейді. Осының арты надандық, ғафылдыққа жалғасады деп қорытады. Ақын надандықтың адам баласына келтіретін зияны мен бөлігін жеріне жеткізе қатты сынап, бұған даналықты ғана қарама - қарсы қояды, үміт - тілегін де даналарға арнайды:

Наданмен өткен өмірің тозақ болар,

Надан барса тозақ та одан қашар.

Наданмен тозаққа қарай қылма сапар,

Адамдардың ортасында суық шалғандай болдым мен- ә.

Жер астына қашып кірдім надандардан,

Ф - ОБ - 001/033

Қолым жайып дұға тілеймін жомарттардан.

Ғаріп жаным мың садаға даналардан,

Дана таппай жер астына кірдім мен - ә. /9/

Ақын қаламынан туған хикметтерінің адам өмірі үшін маңызы орасан зор. қасиет пен киеге толы, адамды тек жақсылыққа өндейтін асыл жырлардың бағасын қашанда халық біледі. Ол тек өзі өмір сүрген мезгілді ғана емес, болашақты да қата жібермей көріп тұрғандай, алыстан соққан ызғарымен салқын сызын айнытпай, асырмай қаз - қалпында жеткізді: “ Үлкен - кіші адамдардан үдеп кетті, қыз келіншек нәзік жаннан ұят кетті, “Ұят барда - иман бар” - деп Расул айтқан арсыз қауымды қатты сынға алады. Қожа Ахмет Яссауи пайғамбар жасы алпыс үшке келген кезде “бұдан былайғы ғұмырымда жарық дүниені көрмеуім керек” деп сол кездегі Яссы - Түркістан қаласының терістігінен жер асты ғимаратын салғызып, соған түсіп, былайғы өмірін жер асты мекен жайы - қылуетте өткізді. Хикметтердің көбін сонда отырып жазды. Яссауи хикметтерінің негізгі сарыны адамның мінез құлқы мен қалыптасу барысында ерекше сипатқа ие. Мәселен, “соғыс, ұрыс - керіс, кісі өлтіру, қиянат, қайбат” бәрі - бәрі екі нәрседен шығады. Оларды атап айтар болсақ, бірі - жеке бастың қамы, екіншсі - нәпсінің қамы. Жеке бастан қанағат кетсе, адамды арсыздық, тойымсыздық, яғни, ішсем - жесем, кисем - жүрсем, байысам деген мінез аздыра бастайды., ал нәпсіден қанағат кетсе, ол да жаман нәрсе, мәселен, құштарлық оты бойын қыздырып, арсыз қылықтарға бой алдырады” - деп адам бойын таза ұстауды ниет етеді /10/.

Яссауи туындыларындағы адамның ішкі рухани әлемімен тікелей айналысатын жан ғылымы және сыртқы ғылым салаларымен шұғылданатын тән ғылымы туралы тосын танымның шығу төркіні туралы назар аударар болсақ - екеуінің арасындағы негізгі күш - адамның өзіндік санасының дамуына әкеп саяды. Яссауи адам жанының, рухының кеселді, зиянды жағын оқырманнан

Ф - ОБ - 001/033

аулақ ұстап, рухани жағынан іштей түлеп жетілу, кемелдену жолына өндеген ойшыл. Яғни ол әрбір пенденің іштей рухани дамуы арқылы пенделіктің кәмалаттығының биік тұғырына көтерілу мақсатын қояды. Осы таным тұрғысынан келіп, Яссауи жан ғылымының әрекетін жоғары бағалап, тәннің әрекетін нәпсілік құрығынан шыға алмаған “малға достық мұңы жоқ, малдан басқа” дегендей пенделіктің төменгі сатысындағы тән құмарына, нәпсілікке бейім құбылыс ретінде қарайды. Мүмкін бұл пікірді ойшыл, сопыға өз заманының ащы шындығын да айттырып отырған болар.

Ұлы бабамыз Яссауи тән құмарлығына қарсы тұрып “жан тазалығы хазіретте жағын тұрар” деген аса күрделі гуманистік маңынадағы ой байламына келген. Әрине, бұл күрделі даму жолынан өткен мораль философиясының өзекті желісінің, оның даму, тарихының жолынан бейхабар адамның ұғына алуы екіталай. Жан тазалығын мақсат еткендегі негізгі зерттеу нысанасы бүкіл сопылық ой танымның, сопылық гуманистік бағыттағы ілім жолының өзекті арнасы - адамның ішкі рухани ілім жолының кеңейіп, кемелденуінің жолы болмақ. Бүкіл сопылық танымның жұрт таныған сатысының ең биік тұғыры - ақиқатқа жету жолы. Осы жолда жүріп, азапты жетілу өткелдерінен өтіп мақсатқа ұмтылар үміттің сүйеніш болар тірегі жәуанмәрттілік іліміне келіп тіреледі. Оның мағынасы, сопылықтың басты мұрат мақсаты Аллаға ғашық болу жолындағы Абайдың “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” өлеңіндегі айтылған айнымай сүюге тікелей байланысты. Аллаға ғашық болу жолында оның пендесі рухани жағынан іштей жетілу жолында, өзінің жан дүниесін кемелдендіруде, сопылық ілімге сүйенбей тұрмайды. Ал, ол іліммен айналысушыларды Яссауи сөзімен айтар болсақ, жан қуатының өзі болып шығады. Яссауидің өзі жан ғылымының күш басшысы, сол ілімнің ғалымы ғана емес, оза шапқан хакімі болу себепті де Әзірет Сұлтан аталып кеткені жай нәрсе емес. Атақты Дулат ақын да Яссауиді Әзірет Сұлтан деп тануы себепті:

Ф - ОБ - 001/033

Әзірет қонған Қаратау,

Аса алмаған одан жау,

- деп мадақтауында көп сырлар жатыр.

Яссауи өзінің тән мен жан ғылымына байланысты 20-хикметінде былайша көрсетіп өтеді: Ілім екеуі тән мен жанға басшы. Жан ғалым хазіретіне жақын тұрады. Махаббаттың шарабын осы жан ғылымын дамыту үшін іске асырады. /11/. Адамның дүниетанымын жетілдіріп, жарты адам, жарты молда, жарты мұсылманға айналған қиянатшылдық жолындағы адамдардың жан жарасының емін тауып толық адам қатарына қосылушылар - жан тазалығының көрінісі болмақ. Сол себепті Яссауидің жан ғылымының адамзат баласы үшін біз біле бермейтін сырларының көп екенін білеміз. Бұл мәселе бүкіл адам баласына тән құбылыс. Бүгінгі күннің талабына да жауап бере алатын даналық ойдың адастырмас бағыт - бағалары деп, ұғына алсақ қана, ұлы бабаның даналық жолында болмақпыз. Бұдан бет бұрсақ жанымызды тән құмары билеген нәпсінің арсыз жолынан шыға алмаған жанға айналмақпыз. Бұл жөнінде ұлы Абай айтқан екі ұдай жолға түсеріміз анық.

Мен көрдім дүние деген иттің жерін,

Жеп жүр ғой біреуінің біреу етін.

Қызық жоқ ойлы адамға бұл бір жалғанда,

Көбінің сырты бүтін іші түтін. /12/

Сондықтан осындай жағдайларды сынға ала отырып, Яссауидің әрбір хикметі адамның әлемді тану үшін өзіңді тануға ұмтылуға шақырады. Бұл жөніндегі Яссауидің ойын Абаймен бірге Мұстафа Кемал Ататүрік нақтылай түседі: “Жолда кетіп бара жатқан жолаушының көкжиекті ғана көруі жеткілісіз, міндетті түрде ол көкжиектің арғы жағын көруі керек және білуі қажет. /13/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Адам табиғаттың тамаша туындысы (Әл-Фараби дүниетанымындағы адам мәселесі)
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Түркі философиясындағы әлем мәселесі
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Абай және Йасауи хикметтері
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Философия тарихындағы адам мәселесі
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz