Техника философиясы өркениетті тұрғыда бағалау ретінде
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Техника философиясы өркениетті тұрғыда бағалау ретінде
2. Технизм қоғам туралы қазіргі батыстық теориялардың методологиялық
негізі ретінде
Базис пен қондырма
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлемдегi адамның болмысы мәңгiлiк пен өткiншiлiктiң, шексiздiк пен
шектiлiктiң, тұрақтылық пен өзгермелiлiктiң, субстанционалды анықтық пен
бос белгiсiздiктiң, мәндiлiк пен тiршiлiктiң және т.т. арақатынастарымен
сипатталады. Бұл бинарлық стратегияны онан ары жалғастыруға да болады,
бiрақ мына нәрсе маңызды: адам бұл дүниеге келгеннен кейiн ондағы өзiнiң
қатысын аңғарып үнемi әлем болмысының мәнi туралы және ондағы өз қатысуы –
болмысының мәнi туралы ойланумен болады. Егер шығыс адамы бiр кездегi
өзiнiң әлемдегi қатысының бiр сәттiлiгiн, қысқалығын, өзiнiң
жеткiлiксiздiгi мен жалғыздығын мойындап, әлемдегi болмыстың қайта
айналымына назар аударса, ал батыс адамы өз болмысының мәселесiн шешудiң
қарама-қайшылықты жолынан өттi: космоцентризм –теоцентризм - антицентризм
және қазiргi кезеңде әлемдегi болмыс технократиялық бағдардағы позиция
жолына түстi.
Онда өз болмысын өмiр қамының процесi ретiнде түсiнуге негiзделген
әлемдегi өзiнiң шексiз үстемдiгiне деген сенiм негiзгi қондырғы болып
табылады. Оның өмiрқамындағы әлеуметтiк шығармашылық пен ғылыми
рационалдылық әлемдегi адамның белсендi позициясының белсендi формасы болып
табылады. Сонымен, әлемдегi адамның белсендi әрекеттiк болмысының кепiлi
танудағы, өзгертудегi және жаңа нақтылықтар қалыптастырудағы философиялық
ақыл-ойдың, ғылыми-техникалық ойдың шектеусiз мүмкiншiлiктерiне деген
оптимистiк сенiм болып табылады. Ғылымның дамуы, инициативалар мен белсендi
кәсiпкерлiк дүниетанымда антропоцентризмнiң, рационализмнiң қалыптасуына
мүмкiндiк жасады. Алайда, осыған қарамастан, кейбiр философтар әлемдi танып-
бiлудiң мүмкiн еместiгiн (И.Кант) адамның әлемдегi өз әрекетi үшiн
жауапкершiлiгiн (Тейяр де Шарден, В.Вернадский) айтып, мәдени-әлеуметтiк
өмiрде адамның әлемдегi рационалдық үстемдiгiн терiске шығаратын жағдайлар
көптеп кездесе бастайды.
Прогрестiң қайшылығы, әлеуметтiк-саяси катаклизмдер, экономикалық
депрессиялар мен дағдарыстар, рухани азғындық және нигилизм – осы және өзге
де факторлар ойлау практикасындағы өзгерiстерге ықпал еттi. ХIХ ғасырдың
өзiнде-ақ болмысты түсiнудегi антикалық дәстүрден алшақтау байқалады.
“Құдай өлдi!” деген Ницшенiң атақты бас тартуы Құдайдың да, ақыл-ойдың да
екендiгi жерде болмыстың берiк негiзi болудан қалып бара жатқандығын
аңғартады. Адам ендi өзiмен-өзi ғана қала бастады, оның берiк негiзi болып
келген бұрынғы құндылықтар жүйесi бұзылып, антикалық дәуiр мен Жаңа
заманның классикалық мұрасы деконструкцияға ұшырады.
Техника философиясы өркениеттi сыни тұрғыда бағалау ретiнде
Техника философиясының тұтқиылдан пайда болуының себебi неде? Неге
бүгiн адамзатты техниканың келешегi мазалайды? Х.Сколимовскидiң пiкiрiнше
философиялық зерттеулердiң бұл саласының пайда болуы европалық өркениеттiң
пайда болуы мен жойылуындағы техниканың рөлiн кеш мойындауды байқатады.
Оның ойынша техника философиясы таза схолистикалық пән емес. Техника
философиясын ең алдымен бiздiң өркениеттi сыни тұрғыдан бағалаудың
нәтижесiнде пайда болғанын ескеру қажет. Ол аналитикалық тұрғыда ойлаушы
философтар үшiн талдау жасайтын алаң ретiнде қалыптасып, дамып отырған жоқ.
Бiздiң өркениет шексiз көп техникаларды өндiрiп шығарды, бiрақ оның
лингивистикалық-аналитикалық алуан түрi техника мәселесiн шешiп бере
алмайды. Философтардың, ойшылдардың, тарихшылардың, инженерлердiң және көзi
ашық азаматтардың парызы—“өркениет ретiнде бiз тудырған мәселелерге” жауап
табу.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн техника философиясында өзге мәдени
құндылықтарға ғана емес, қандай да болмасын бөтен өркениеттiк болмысқа
деген сағыныш күшейе түстi. Батыстық философтарды мынадай сұрақтар мазалай
бастады: Европа жалған жолмен жүрiп өткен жоқ па, батыстық рух мәдени-
өркениеттiк баламаны таңдауда қателескен жоқ па? Батыстың бүгiнгi
қасiреттерi әуел баста адамзаттың өркениеттiк даму жолын дұрыс таба
алмаудың себебiнен емес пе екен?
Қазiргi батыстық философияда адамзаттың бастапқы кезеңiнде тарихи
перспективаның әр түрлi варианттары болған деген идея қалыптасты. Оның бiрi
бүкiл iшкi ресурстарды адамзат рухын өзiндiк тануға шоғырландыру. Ертедегi
шығыс халықтары осы жолмен жүрдi, оның дәлелi ретiнде олардың дiндерiн
алуға болады. Шығыс дiндерi адамның абсолютпен, болмыспен толық бiрiгуiн
уағыздайды. Адамды табиғаттан тыс құбылыс емес, оның бөлiгi ретiнде
қарастыру, әлемге сiңiп кетуге ұмтылу, рух кеңiстiгiнде барлық Ғаламның
үнiн есту—мiне, ежелгi шығыстық iлiмдер мен дiндердiң насихаттары осындай.
Егер де европалық өркениет осы жолмен жүргенде, батыстық философтардың
пiкiрiнше, онда ол антропологиялық және рухани ресурстарын дамытып,
ғарышқа, Ғаламның универсумына жақындай түсер едi.
Бiрақ батыстық өркениет өзге жолмен жүрдi. Оны таным мен әлемдi қанау
құмарлығы иектедi. Адамзат жан мен тәндi жаттықтыру қабiлетiн жоғалтып,
техниканың көмегiмен бүкiл әлемдi өзiне бағындыру пиғылына берiлдi. Адамдар
өзiнiң табиғатына сенуден қалып, рухты дамыту мен жетiлдiруден бас тартты.
Техникамен қарулана отырып, олар өздерiнiң күш-жiгерiн iшкi әлемге емес,
сыртқы әлемге бағыттады. Хайдеггердiң терминiмен айтқанда техника адам
Болмысына айналды.
Техницизм қоғам туралы қазiргi батыстық теориялардың методологиялық
негiзi ретiнде
Техника философиясы өзiнiң күрделi құрылымы бар жеткiлiктi дәрежеде
күрделi философиялық ағым болып табылады. Техникалық өркениеттiң
динамикалық процестерiн пайымдауға ұмтылған жаңа концепциялар пайда болды.
Техника философиясындағы әр түрлi ағымдардың, көзқарастардың, позициялардың
молдығына қарамастан барлығына ортақ нәрсе олардың технологиялық
детерминизмге негiзделуiнде болып табылады, яғни қоғам өмiрiндегi
техниканың анықтаушы рөлi мойындалады.
Техника философиясы ең алдымен қарама-қарсы екi бағытқа
бөлiнедi—техницизм және антитехницизм.
Техницизм техника дамуының адамзат үшiн сөзсiз игiлiктiлiгiне деген
сенiмге негiзделедi.
Техницизм қоғам өмiрiндегi техниканың рөлiн тек қалыпты құбылыс
ретiнде, адамзаттың игiлiгi ретiнде ғана қарастырады.
Неотехницизм өзiнiң алдыңғы формаларынан ерекшеленедi. Мұнда техникаға
бұрынғысынша қоғам өмiрiндегi негiзгi орын берiледi, бiрақ оның өзiндiк
дамуы, өзiндiк реттелу мүмкiндiгi терiске шығарылып, қоғамдық бақылау
қажеттiлiгi туралы мәселе қойылады.
Антитехницизм—технофобияның көрiнiсi, пайда болып, таралып және өсiп
келе жатқан жаңа технологиялардың жұмбақ қауiп-қатерiнiң алдындағы үрей мен
қорқыныш, сенiмсiздiк. Антитехницизмнiң әр түрлi варианттары бар. Оның
iшiндегi ең кеңiнен таралғаны “батырлық пессимизм” (Ф.Ницшенiң терминi) деп
аталады. Ол бойынша техника мен зұлымдықтың тегеурiнi техниктер мен
технократтардың үстемдiгiн, басқаруын тудырады. Антитехницизмнiң тағы бiр
көрiнiсi адам өзi игере алмайтын рационалдық бiлiмнiң әуел бастапқы
агрессивтiлiгiмен сипатталатын, мәнi “билiкке деген ерiкке” негiзделген
техникаға радикалды дұшпандықты бiлдiретiн позицияны ұстанады (Маркузе,
Адорно, Хоркхаймер). 60-шы жылдардың соңында бұл көзқарастар контрмәдениет
идеологиясына жүйелендi (Т.Розак). Контрмәдениет бойынша барлық қазiргi
саяси күштер—мейiлi ол “солшылдар”, “оңшылдар”, “орталық” болсын,
технократиялық қоғамның бiрыңғай құндылықтарына, техникалық рационализмге
деген дiни сенiмге негiзделген билiк үшiн күреске әкеледi.
Техниканы философиялық зерттеу өте күрделi құбылыс және әр түрлi
қырлардан тұрады; методологиялық, әлеуметтiк, саяси, эстетикалық,
аксиологиялық және т.б. Қай мәселенi алға тартқанына байланысты техника
философиясы не ғылым философиясымен жақындайды, не әлеуметтiк философияның
немесе антрапологиялық философияның бөлiмi ретiнде қарастырылады.
Техника философиясы негiзiнен екi басты дәстүрдiң ықпалында:
неопозитивизммен әсерi және байланысы бар сциентистiк методологизм және
мәдениеттанымдық антропологизм. Техниканы философиялық зерттеулер осы екi
дәстүрдiң бiрiне бағдар ұстануына байланысты не логикалық-методологиялық
мәселелермен айналысады, не техниканың гуманистiк құндылықтық қырларынан
зерттейдi. Бұл дәстүрлер кейде қиылысып жатады, ал бұл аталған
зерттеулердiң синтезiне деген тенденцияны туғызады.
Техницизм дүниетанымы, “технологиялық детерминизм” батыстық
ойшылдардың көптеген теорияларын қамтып жатыр: “индустриалдық қоғам
теориясы”, “постиндустриалдық қоғам теориясы”, “ғылыми революция теориясы”,
“ақпараттық қоғам теориясы”. Және жалпы адамзат қоғамы дамуын кезеңдерге
бөлудi қамтиды. Олардың пiкiрiнше, техника барлық әлеуметтiк факторлардың
алғышарты болып табылады, оның нәтижесiнде өндiргiш күштер стихиялық түрде
жаңа қоғамдық қатынастарды тудырады. Техницизмнiң әр түрлi өкiлдерi адамзат
өркениетiнiң тарихи дәуiрлерiн техниканың белгiлi бiр аспектiлерiмен
байланыстырады, мысалы, еңбек құралдарының алмасуы (Дж.Ленский), байланыс
құралы (Маклуэн) немесе энергия көздерi, яғни қоғамның дамуы мускулдық
энергияның жүйелi түрде алмасуымен (бу, электр, атом) байланыстырылады.
Батыстық авторлар әлеуметтiк дамудағы техниканың анықтаушы рөлiне негiзделе
отырып, адамзат тарихын үш кезеңге бөледi: “индустриалдыққа дейiнгi қоғам”,
“индустриалдық қоғам” және “кейiнгi индустриалдық қоғам”. Индустриалдыққа
дейiнгi қоғамдағы басты сала ауыл шаруашылығы, сондықтан да оны аграрлы,
дәстүрлi қоғам деп атайды және шiркеу мен әскер бұл қоғамның басты
институттары болып табылады. Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар
мен фирмалардың жетекшiлiгiндегi өнеркәсiпке негiзделедi. Кейiнгi
индустриалдық қоғам тарихтың жаңа перзентi болып табылады және бiрқатар
факторлармен анықталады: тауар өндiрушi экономикадан қызмет етушi
экономикаға көшу, қоғамның әлеуметтiк құрылымындағы өзгерiстер, қоғамдағы
саясатты анықтауда теориялық бiлiмнiң басымдылығы, жаңа интеллектуалды
технологияның қалыптасуы, технологиялық өзгерiстердi жоспарлау және
бақылау. Индустриалды қоғам теориясын 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың
басында негiзiн қалағандар қатарына Дарендорф, Арон, Белл, А.Турендермен
қатар У.Ростоу жатады. Әлемтану мен әлеуметтiк философия тарихында ол
технологиялық детерменизмге негiзделген “экономикалық өсiм кезеңдерi”
концепциясының авторы ретiнде белгiлi. Технология дамуының деңгейлерiнен
шығара отырып У.Ростоу адамзат қоғамының даму тарихын бес кезеңге бөледi.
Бiрiншi кезеңдi ол “дәстүрлi қоғам” деп атады және билiк басында жер
иеленушiлер тұратын, ғылым мен техника тұрпайы, “ньютонға дейiнгi” деңгейде
болатын, әлеуметтiк құрылымы көп сатылы өте төменгi ауыл шаруашылық
өндiрiсi бар аграрлық қоғам ретiнде сипаттады. Екiншi кезең —“өтпелi
қоғам”, бұл жаңа қоғам үшiн алғышарттарды қалыптастыру кезеңi ауыл
шаруашылығы өнiмдiлiгiнiң өсуiмен, “iскер, кәсiпкер адамдардың жаңа
типiнiң” пайда болуымен ұлттық қауiпсiздiктiң экономикалық iргетасын
қамтамасыз етуге ұмтылған “ұлтшылдықтың” өсуiмен және осының негiзiнде бiр
орталыққа бағынған мемлекеттiң қалыптасуымен сипатталады. Үшiншi кезең —
бұл қозғалыс кезеңi, “өнеркәсiптiк төңкерiс кезеңi”. Бұл кезең өнеркәсiптiң
негiзгi салаларының тез өсуiнен, капитал жинақтау үлесiнiң жоғарылауына
алып келетiн өндiрiс методының радикалды өзгеруiмен ерекшеленедi.
У.Ростоудың пiкiрiнше, бұл кезеңде Англия ХVIII ғасырдың аяғында, Франция
мен АҚШ ХIХ ғасырдың ортасында, Германия ХIХ ғасырдың екiншi жартысында,
Ресей 1890-1914 жылдар аралығында, Үндiстан мен Қытай ХХ ғасырдың 50
жылдарының басында орналасты. Төртiншi кезеңдi У.Ростоу кемелдену кезеңi
немесе индустриалдық қоғам деп атайды. Оның пiкiрiнше индустриалдық
қоғамның негiзгi белгiлерiне өнеркәсiптiң шапшаң дамуы, өндiрiстiң мүлдем
жаңа салаларының пайда болуы, ғылым мен техника жетiстiктерiн кеңiнен
енгiзу, капитал салымы деңгейiнiң ұлттық кiрiстiң 20 %-ға дейiн жоғарылауы,
қала тұрғындарының 60-90%-ға дейiн өсуi, квалификациялық еңбек үлесiнiң
өсуi жатады. У.Ростоудың есептеуiнше кемелденген кезеңге жету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz