Көне дәуір философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Көне дәуір философиясы 3
1.1. Ежелгі Қытай философиясы 3
1.2. Ежелгі үнді философиясы 8
1.3.Антика философиясы 11
2. Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы 21
3. Жаңа заман философиясы 24
ХІХ – ХХ ғасырлар философиясы 33
4. Қазіргі заман философиясы 35
Пайдаланылған әдебиеттер 41

Кіріспе

Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш
күштердін ширақ дамуына ғана әкеліп соқкан жоқ, сонымен қатар рулық
алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғам орнауына, ой еңбегінің
бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арасында өзінің табиғат құдыреттері
алдындағы әлсіздігі мен бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы
қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы
негізде абстракциялық ойлау қабылетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп
қоғамдық жаңа жағдайларды түсіндіруге талпынған тың көзқарастар да
қалыптаса бастады. Бұл көзқарас күйзеліске ұшыраған қиялы заңдылықтарға
сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім мен
ойлау қабылетінің арасындағы қайшылықтарды шешу негізінде дүниеге келді.
Бірақ мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді.
Бірақ алғашқы философиялық ілімдердің деңгейі әр жерде әр түрлі және
олардың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Мысалы, Шығыс елдеріне (Ежелгі
Қытай, Үнді, Египет, Вавилон, т.б.) қола дәуіріне өту ұзақ уақыт
алғандықтан, ескі дәуірге тән әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, рухани көзқарастар
жаңа дәуірде де көп өзгеріссіз сақталып қалды. Осыған қоса, әр халықка тән
психологиялық ерекшеліктерді ескерсек, Шығыс, Батыс философияның кейбір
мәселелер төңірегіндегі көзқарастарының жақындығына қарамастан олардың
айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсініп, байыптауға болады, Айталық,
Ежелгі Шығыс философияны Антика философиясындағыдай классикалық деңгейге
жете алмады. Себебі, Шығыста ежелгі өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуына
философиялық ой-пікірдің сол кездегі ғылыми жетістіктермен нашар байланыста
болуы Шығыс философияның діни–мифологиялық көзқарастан, күнделікті
әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Ал Антикалық (Батыс) философия болса өз кезеңіндегі ғылыми
жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре
отырып және көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз
байланыстыра қарастырып, классикалық деңгейге дейін көтеріледі.

1. Көне дәуір философиясы

1.1. Ежелгі Қытай философиясы

Ежелгі Қытайдың қола дәуіріне темір дәуіріне өтуі ақшалық-тауарлық
қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі
сатындағы әлеуметтік топтардың және мемлекеттің пайда болуына әкеліп
соқты.
Ежелгі Қытай мемлекеті - шын мәнінднгі Шығыстық деспотия болатын.
Мемлекет басшысы - әрі монарх, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды.
Әр түрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін
әлеуметтік сатыда – ру басылары, от басылары тұрды. Ал құлдар болса, олар
жануарлар сияқты, әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Шын мәнінде, заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары
тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Мемлекет басшысының (ван)
алдында барлық әлеуметтік топтар тең болды. Халық арасындағы қарым-
қатынас күрделі, шым-шытырақ ритуалға негізделеді. Бұл ритуал аспан
қозғалысының тұрақтылығына, жердегі құбылыстардың реттілігіне (рет-ретімен
болуына) және халықтың әдет-ғұрыптарына негізделді.
Ежлгі Кытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады,
Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы
жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтауға,
астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын анықтап,
күнтізбе (календарь), уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік
туды.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы
осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюн-
цзынның есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551-479ж.ж.) кедейленген ақсүйек әскербасының
отбасында өмірге келген, ата-анасынан ерте айырлған ол, тек 15 жасында
ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады.
Оның көптеген ізбасарлары болған.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш – аспан. Ол жерде
әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әр түрлі
сатыдағы топтардың болуы ол - әділеттілік. Олай болса, аспан осы
әділеттілікті қорғайды. Кун-фу-цзы өз ілімінің өзегі етіп материалдық
денелердің заңдылықтарын, бабалар рухын зерттеуден гөрі адам арасындағы
қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін қабылдайды. Осыған орай ол мынадай
ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар тең ортаң, адамгершілікң және өзара
сүйіспеншілікң. Осы үш ұғым бірігіп, даоң (дұрыс жолң) құрайды. Әр адам
осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады
десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-
қалпында болуы керек деп есептейді.
Мэн-Цзы (б.д.д. 372—289 ж.ж.) - Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай
жалғастыра отырып, аспан объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде игілікті
қорғайды җане оның еркі - адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді. Олай
болса, Адамның табиғаты тек игіліктен жаратылғанң, Демек, ван (билеуші)
халқын өз баласындай сүйсе, халқы оны әкесінше жақсы көруі керек деген
пікірді уағыздайды.
Сюн-Цзы (б.д.д. 313- өлген жылы белгісіз).Аспан мен жерді барлық
денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның еркі ретінде
мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып
отырғаннан гөрі, адамдардың күнделікті өміріне керекті заттарды көбейтіп,
аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Легистердің (заңгерлердің) негізгі өкілдері - шан Ян (б.д.д. ІҮ ғ.),
Хавн-Фэи-Цзы (шамамен б.д.д. ІІІ ғ.) Легистер конфуцийшылардың мемлекетті
әдептілікке негізделген заңдар арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы
болып, керісінше мемлекетті тек қана билеушінің өзі шығарып, өзі бекіткен
заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, мейірімділік пен адамгершілікң -
қылмысқа апаратын бірден бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын
жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ұжданның орнына заң
алдындағы қорқынышты негізгі қағида етіп ұсынады.
Даоизм (б.д.д VІ-V ғғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. ҮІ ғ өмір
сүрген Лао-Цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі - Дао және дэ туралы
кітапң (Дао дэ цзинң). Даоизм ілімі даоң ұғымына негізделген. Егер басқа
қытайлық философиялық ағымдарда даоң жолң деген мағына берсе және ол
Қытайдың дамуы мен әдептілікті жетілдіруге негізгі ұғым болса, даоизмде
даоң – жалпы дүниетанымдық ұғым. Даоң - алғашқы бастама, алғашқы
түпнегіз және барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы.
Даоныңң алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: дао -
барлық заттардың анасың, дао – барлық заттардың түпатасың, даоны аспан
аясындағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге боладың, т.б.
Ал даоныңң заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады:
Әлемде сансыз көп зат бар. Бірақ олардың бәрі де өзінің бастамасына
(даоға) қайтып ораладың.
Даоизмдегі қарама-қарсы пікірлерге толы, көмескіленген ілімдердің бірі
– екі түрлі туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол –
денесіз, екіұшты, соншалықты кішкентай, мәнсіз, көрінбейді, енжар және
жалғыз. Ол – мәңгі, еш уақытта өзгермейді. Еш нәрсе оны өзіне бағындыра
алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл
жағынан шектелуді білмейді.
Ал аты бар даоң ұсақ бөлшектерден (ци) тұрады. Ол бөлшектерде
заттардың кескіні бар, сондықтан да олар барлық заттардың анасың, Аты бар
даоныңң негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл
екі түрлі даоң бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен
туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының
арқасында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даоистер аты жоқ
даоның бейболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп түсінген. Барлық заттардың
түп негізі өзгермейтін бейболмыс болғанымен де жеке денелер тұрақсыз, ылғи
да өзгерісте болады, ал даму сатысының соңында ол қайтадан бейболмысқа
айналып тыныштық табады. Сонымен даоң түп негіз ретінде заттарды дүниеге
келтірсе, олардың әрі қарайғы өмір сүруі дэгең байланысты, себебі дэң
олардың өмір сүру заңы, оларды қоректендіруші, олай болса, даоң және
дэсізң еш нәрсе дүниеге келіп, өмір сүрулері мүмкін емес.
Даоныңң екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. Аты жоқ
даоның кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле
алады. Себебі ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан заттардың күресінен
- гармонияны, қозғалыстан - тыныштықты, болмыстан – бейболмысты көре алады.
Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі
түрі бір-бірімен тығыз байланысты.

1.2. Ежелгі үнді философиясы

Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде
қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған
орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінеді. Олар: брахмандар
(абыздар), кшатриилер (әскербасылары), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және
шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы
қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана дәстүрлі
мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі,
кшатрииларға - әскери қызмет, вайшьилерге – егін шаруашылығы, қолөнер
кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиеді. Осы кезде
қоғамдық өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиядлық,
философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді
мәдениетінің ескерткіші - ведаларда (веда – білім) жинақталған. Ведалар
төрт бөлімнен тұрады.
1. Самхит – құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман-самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Араньякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдардың орнына, сол
құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты
козқарас.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы упанишадтаң дәстүрлі касталарды қарсы
қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғарғы білім арқылы
жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың
беделін мойындау-мойындамауына байланысты әртүрлі бағыттарға бөлінеді:
жаинизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б.
Жаинизм (жайнаң - жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық
көзқарастары Сиддхантаң деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д.
ІІІ ғ.) Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға
(жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты – қасірет деп
түсінген өмірден азат болу. Жаинизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға
құрбандык шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды.
Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі.
Тіршіліғи жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану тұратың материалдан (пудгала)
құралады. Олар бр-бірімен қосылып, бөліне алады. Тіршіліксіз әлемге
сонымен қатар кеңестік (акаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс җатады.
Жаинизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан
тұрады, төменгі екі қабатында - әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер,
келесі қабатта – құдайлар, ал ең җоғарғы қабатта - құдайларға ұқсас жындар
орналасқан. Шындап келгенде жаинизм пікірінше құдай жоқ, оның бар екендігі
туралы келтіріліп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан да
құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулиелерге) және жындарға сену керек.
Жаинизмге Үндістанда қазірдің өзінед де қоптеген адамдар сенеді.
Буддизм. Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта
Гаутаманың (б.д.д. 563-483 жж,) есімімен тығыз байланысты. Бүддизм ілімі
бойынша, өмір – қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан,
кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Қасіреттен құтылудың бірден бір жолы -
сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт турлі ақиқатты білуі қажет.
1. Өмір – қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген
әрсеңнен айырылу, қажетіңе жете алмау, т.б. осылардың бәрі
қасірет.
1. Қасіреттің пайда болу себептері туралы ақиқатты білу. Ол - өмірге,
ләззатқа деген құштарлық.
2. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.
3. Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.

Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде
көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон т.б.). Ал Үндістанның өзінде
буддизмнің орнын брахманизм басып, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір
көрінісі болып қалады.
Локаята (Чарвака). Лока – аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмірң.
Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі – ләззат деп түсінген.
Ләззат пен қасірет байланысты. Бірақ қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің
мәні емес, сондықтан оны азайтуға, жеңілдетуге болады.

1.3.Антика философиясы

Б.д.д. VІІ-ХІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет)
қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы
себептердің негізінде талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда
болды, Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің – тирандық, кейінірек
келе құлдық демократия түрлері дүниеге келді, Азаматтардың қоғам сатысында
алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен
байланыстырылды (Солон реформасы бойынша). Осы себептер ой еңбегі мен
дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда
болуына, әр түрлі әлеуметтіқ топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-
әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына
әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік
Греция кезендеріндегі әдеби-дінм-мифологиялық көзқарастар және күнделікті
өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан
кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс
мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіру (мысалы, сол кездегі афро-
азия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары
дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемінің
субстационалдық негізін іздеген, рационалдаған көзқарастар зор әсер етті.
Антика философиясын Сократқа дейінгі (VІ-Х ғ.б.д.) және классикалық
(аттикалық) (б.д.д.ІV ғ.) философия деп екі кезеңге бөлуге болады.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші
Азиядан шықкан Милет мектебі болды, Оның негізін қалаушы Милет қаласында
өмір сүрген, жеті данышпандар қатарына жататын және солардың ішіндегі ең
сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625-547 ж.ж.).
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Бұл
жерде су – мұхит нун, Абзулардың (Апсу) философиялық жиынтықталған ұғымы.
Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші
жағынан, ол жай су емес, ол ақыл-ойң, осы тұрғыдан ол құдай тектес
дейді.
Фалес таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның
төңірегіндегі ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр
(шамамен б.д.д. 611-545 жж.) жалғастырады. Негізгі еңбектері: Табиғат
туралың, Жер картасың, Глобусң, Анаксимандр барлық денелердің бастамасын
сол сол денелердің түпнегізі сатысына дейін көтеріп, оны апейрон деп
атады. Апейрон бастама да, түпнегіз де.
Апейрон космостың генетикалық бастамасы ретінде ондаған денелерді
өзі дүниеге әкелді. Ол ылғи да айналмалы қозғалыста болғандықтан, өзінен
қарама-қарсы құбылыстар (ылғалдық пен салқындық), ауа (ылғалдық пен
жылылық), от (құрғақтык пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі өзара
қатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыры - жер орналасады да,
қалғандары оны сумен, ауамен, жарықпен (от) қоршайды. Аспан отының
әсерінен судың біраз бөлігі буланады да, мұхиттардан жер көріне бастайды,
сөйтіп құрлықтар пайда болады, Аспан әлемі соғыс арбасы дөңгелегінің
шеңбері сияқты үш сақинадан тұрады, Бұл сақиналар көзге көрінбейді. Төменгі
сақинаның тесіктері бар, сол тесіктер арқылы аспандағы оттар көрініп
тұрады.
Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ ғ.
ортасы) жалғастырды.
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық
заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегізін құдайлардың
құдыретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Олардың
табиғаты бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші жағынан, ақыл-ойдан қашық
емес, сондықтан олар кұдайлармен пара-пар құбылыстар.
Милет мектебінің қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай
дамытқан Эфес қаласынан шықкан саяси қайраткер, ойшыл Гераклит (шамамен
б.д.д. 544-483 ж.ж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін тұңғиықң
деп атаған.
Гераклит заттардың түпнегіздік – генетикалық бастамасын от деп
есептеген. От мәңгі құдай тектес. Әлемді құдай да, адам да жаратқан жоқ,
ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын, әр уақытта
болған, бар және болатын тірі от. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит
оттың жетіспеушілігіненң болатын төмен қарай жол десе, оттың
молдылығынанң Ғарыштың кері отқа айналуын, сөйтіп, өзінің түпнегізіне
қайтып оралуын жоғарыға қарай жолң деп атаған.
Гераклиттің пікірінше, қарама-қайшылықтар тепе-тең жағдайда болды.
Бірақ ол тепе-теңдік қарама-қарсылықтардың күресі арқылы бұзылады да
дүниеге жаңа заттардың пайда болуына мүмкіндік туады. Олай болса, қарама-
қарсылықтардың күресі - әлемдегі өзгерістердің негізгі заңдылығы.
Гераклит адамдар табиғатынан бір-бірімен тең десе де, шын мәнінде
олардың тең еместігін мойындайды. Олардың теңсіздігі - талап мүдделерінің
әр түрлілігінің салдары. Көп адамдар логос заңымен өмір сүрмейді, өз
түсінігімен өмір сүреді.
Гераклиттің ілімі ежелгі грек, әсіресе, стоиктер философиясына үлкен
әсер етті, солардың арқасында бүкіл Батысқа тарады, Гегель, Лассаль, Ницше
сияқты ғұламалардың еңбектерінде Гераклиттің көптеген идеялары одан әрі
дамытылып, жалғастырылды. Гераклиттің іліміне марксистер де көп көңіл
бөлді.
Пифагор (б.д.д. 580-55 ж.ж.) Біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырдың
аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан Ұлы Элладағаң ауыса бастады.
Пифагор Самос аралында туып-өскен, кейінірек келе, әр түрлі
жағдайларға байланысты Египетте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында
Ұлы Элладаныңң Критон қаласында өмір кешкен. Осы қалада Пифагор мектебің
деп аталған одақ құрылды.
Пифагор және пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: олар –
математикамен шын мәнінде шұғылданған алғашқы ойшылдар, Пифагор тек қана
математикамен айналысып қана қоймай, оның негізгі қағидаларын – сандарды –
жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың арақатынастарын,
олардың арасындағы пропорцияны - әлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген
көзқарасты өзінің философиялық ілімінің өзегі етіп қабылдаған, Оның
пікірінше, сандар – заттардың, ғарыштың негізі.
Пифагоршылар Гераклит сияқты ғарыш қарама-қайшылықка толы дей
отырып, олардың 10 жұбын атап көрсетеді. Олар: шектілік және шексіздік, тақ
және жұп, жалқы және жалпы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен
қозғалыс, түзу мен қисық, жақсы мен жаман, квадрат пен көп қырлылық.
Осылардың ішіндегі ең маңыздысы шектілік пен шексіздік.
Қорыта айтқанда, Пифагор – философтардың ішінде бірінші болып өз
ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімңде сан
категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп
таратқан ғұлама. Оның ілімдері кейінірек Платон философиясының
қалыптасуына үлкен әсер етті.
Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон.
Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды.
Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз - физикалық дене, ал пифагоршылар
– сан десе, Элеаттарда түпнегіз болмыс.
Элеаттар мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі - Колофон
полисінен шыққан Ксенофан (шамамен б.д.д. 579-487 ж.ж.) болды. Оның
пікірінше барлық заттардың негізі – жер. Жер өзінің тамырларымен
шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жер мен қоса судың да маңызы зор.
Жанның өзі де жер мен судан жаралған. Ал судан бұлттар пайда болады да,
бұлттардан аспан денелері жаралады.
Ксенофан дүниені танып-білу мүмкін емес деп тұжырымдайды да, танып-білу
мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа шығарады.
Ксенофанның ілімін әрі қарай дамытып, оны біртұтас болмыс ұғымына
дейін көтерген ойшыл – Парменид (шамамен б.д.д. 540-480 ж.ж.) болды.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес басқаша айтқанда,
болмыс нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін
Парменид дәлелдеуге тырысады. Оның ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес,
себебі оны танып-білуге және оны сөзбен жеткізуге болмайды. Басқаша
айтқанда, нақты өмір сүрмейтін нәрсені түсінуге де, ойлауға да болмайды.
Болмыс болмағандықтан, болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды
Парменидтің ілімін әрі қарай жалғастырушы – оның шәкірті, элеаттар
мектебінің көрнекті өкілі - Зенон (шамамен б.д.д. 490-430 ж.ж.) болды.
Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы тәсілі
Эпихейремаң арқылы дәлелдемек болды. Бұл тәсілдің мәні - тікелей дәлелдеу
тәсілінің орнына бұрмалап дәлелдеудің негізінде қарсыластарының пікірін
абсурдтық жағдайға дейін әкелу арқылы, оған өзінің бұрынғы айтқан пікіріне
қарсы пікірді мойындаттыру.
Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит,
Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылардың
шығармаларында кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық
көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық
ілімге айналады.
Атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи себептермен
байланыстырып, адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға,
тіршілікте құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырады.
Софистер. Біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Ежелгі Грецияда құл
иеленушілік демократия, логика. Риторика, философияның жедел қарқынымен
дамуына жол ашты. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты,
мүмкін болса, өз қарсыластарын да айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу
өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу
өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Оларды софистер
деп атады. Олардың басты қағидасы - әркімнің өз ақиқаты бар, жақсылық пен
жамандықтың объективті мөлшері жоқ.
Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий, т.б. ойшылдар
ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшеліктерімен көзге түскен ойшыл –
Протагор (шамамен б.д.д. V ғасырдың 80 жылдары) болды.
Протагор білімінің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның
абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп,
дәлелдемек болады. Егер табиғаттың өзі абсолютті өзгерісте болатын болса,
онда оны танып-білуге бағытталған субъектінің білімі де өзгермелі,
тұрақсыз. Олай болса, өзгермелі, өзінің қарама-қарсы күйіне айналып жатқан
заттар туралы бір-біріне қарама-қарсы екі пікір айтуға болады және сол
пікірлердің екеуі де дұрыс болуы ғажап емес. Мұндай жағдайда адам әбден
шатысуы мүмкін, сондықтан ол осы екі қарама-қарсы пікірдің біреуін
қабылдап, екіншісін теріс пікір ретінде жоққа шығаруы керек. Осыдан келіп,
Протагор адам – барлық заттардың мөлшерің деген қағиданы ең негізгі
қағида ретінде қабылдайды.
Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде
Протагордың ілімін сынға алып, софизм деген шын данышпандық емес, алдамшы
данышпандық, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп
көрсетеді.
Антика философиясының екінші кезеңі - классикалық кезең атақты
ойшыл-философ Сократтың (б.д.д. 463-399 ж.ж.) есімімен тығыз байланысты
болғандықтан кейде Сократтан кейінгі кезеңң деп аталады. Ол жазбаша
шығармалар қалдырмаған, оның ілімін бізге Платон, Ксенофонт, Аристотельдің
еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы
өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа тың білімге
әкелуге тырысты. Сократ қарапайым, түк білмейтін адам сияқты көрінеді де,
қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсыласы ол
сұрақтарға жауап бергеннен кейін, тағы да алдын ала дайындалған сұрақтар
қойылады, сөйтіп, қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікірлеріне өзі қарсы
пікір айта бастады.
Платон (б.д.д. 427-347 ж.ж.) өзінің де мағыналы философиялық ғылымының
дамуына зор әсер еткен ғұлама-ойшыл.
Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама -
әлемдік рух шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың
және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемімен заттар әлемін
қосып, байланыстырады. Ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда
болуына көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық
рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек.
Платон мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшыл. Оның көптеген
ой-пікірлері кейінгі ұрпақ – философтарға үлкен ықпалын тигізіп, күні
бүгінге дейін өміршендігін көрсетіп келеді.
Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі _ ұлы ғұлама
Аристотель (б.д ... д. 384-322 ж.ж.) болды. Ол – философияны өз алдына ғылым
ретінде қалыптастыруының негізін қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың
мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-философ.
Аристотель білімінің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі
философияның бар екендігін айтады. Екінші философияң - физика пәні материя
мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса,
бірінші философияң - метафизиканың қарастыратын мәселелері табиғи
құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін, м~нгі қозғалмайтын мәнділік. Оны
танып білу табиғатты танып білуден құндырақ, сондықтан философия физиканың
алдында тұрады да, бірінші философияң деп аталынады.
Бірінші философияң, бір жағынан алғанда, дүниенің алғашқы бастамасы
құдайға байланысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан ткология деп
аталуы керек сияқты. Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастаманың бірі
болғандықтан және философия мәнділіктердің тек алғашқы бастамаларын ғана
қарастырмай, оның себептерін де зерттегендіктен, ол теологиядан әлдеқайда
ауқымдырақ және тереңірек.
Өзінің шығармаларында Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырып, оны
сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. Мән
категориясы – мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап
мәнді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде
де қарастырмайды, оны өзіне тән әр түрлі көріністеріне: түпнегіз
(субстрат); болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар; жалпыға бірдей
әмбебап жалпылық; жалпылық ерекшеліктерге байланысты тануға тырысады.
Ерте дүние дәуірінде қалыптасқан философиялық, саяси-әлеуметтік
көзқарастар жалпы адамзаттық мәдениет төрінен өз орнын тапқан руһани
құбылыс болды. Себебі антикалық дүниетанымдық көзқарастарда кейінгі кезде
қалыптасқан негізгі философиялық ілімдерге тән идеялардың барлығы дерлік
орын алды, сойтіп олар философияның ғылым ретінде қалыптасуына және
дүниежүзілік мәдениеттің сұрыпталып дамуына зор әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Аристотель философиясы
Аристотельдің қоғамда алған орны
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Сократ философиясы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Аристотельдің философиясына қысқа шолу
Антикалық философияның элиндік-римдік дәуірі
Пәндер