Шопенгауэрдің пікірінше



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Артур Шопергауэр неміс философиялық мектебінің өкілі 2
Философтың өмірдеректері 2
Шопенгауэрдің негізгі философиялық еңбегі – Дүние ерік және елес хақында
3
Адамның жасы туралы 5
Ницше 6
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер 16

Артур Шопергауэр неміс философиялық мектебінің өкілі

Философтың өмірдеректері

Артур Шопенгауэр (1788-1860), иррационалдық философияның өкілі.
Дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция,
медицина, кейін философиямен шұғылданды. Берлин Университетінде приват -
доцент болып орналасқан соң әйгілі Гегельмен бақ таластырды. Ол Гегельдің
сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қойды. Әрине,
студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты
тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз
қалса, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды.
Ол өзінің Дүние ерік пен елес ретінде еңбегінде Канттың көзқарасын
жалғастырды. Шопенгауэрдің пікірінше: Дүниеде негізгі де, ақыл–ойы да жоқ.
Дүниеде тек ерік бар. Еріктің мәні кең - оны адамның жаны емес,
табиғаттағы, қоғамдағы Ұмытылу деп санайды. Мысалы, жануарлар
дүниесіндегі Ұмтылыс (порыв-екпін, қарқын) өмірін сақтап қалу талабы,
физикалық дүниеде өзіне тарту - тартылыс бар, ал қоғамда мемлекеттің,
нәсілдің, халықтың және адамдардың еркі бар - ол өмір сүру. Бұл ерік
көмескі, ал ақыл-ойда, мақсаты жоқ болғандықтан, иррационалды.
Ерік дүниедегі барлық процестерді және құбылыстарды тудырады, ол
негізсіз және себепсіз. Адам деңгейінде ерік шектен тыс сезім күйі аффект
- ашу ызадан уақытша естен кету, мансап қорлық, кекшілдік, жыныстық
ұмтылыс, сүйіспеншілік, делебесінің қозуы, қобалжу түрінде болады. Егер
дүниенің негізі ерік ақылсыз болса, онда дүниеде де ақыл жоқ. Ғылым -
дүние құбылыстарын ақыл-ой заңдарымен негіздеуге ұмытылып, әрдайым тұйыққа
тірелді. Техниканың дамуы, адамға жақсылық емес, зияндық келтіреді.
Шопенгауэрдің адам тағдырына, бостандығына, қажеттілігіне, бақытына
байланысты көзқарасы түңілушілік (пессимистік) сипатта болды. Өмірдің мәні
- дүниенің қайғы екенін түсіну. Ол адамның қоғам заңын және дүниені
танудағы әлсіздігі мен үмітсіздігін алға тартты. Моральдық прогресті,
бақытты және ақылға сиятын мемлекет құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл
идеялар ХІХ-ХХ ғасырда экзистенциализм философиясының қалыптасуына алып
келді.

Шопенгауэрдің негізгі философиялық еңбегі – Дүние ерік және елес хақында

XIX ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өpic
алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық тұжырымдамалардың
қалыптасуына үлкен әсер етті. Сезімдік түйсінуді немесе ақыл-ойды өз
тұжырымдамаларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер,
интуиция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған
табынған жаңа философиялық бағыттар пайда болды. Осы ағымдардың көрнекті
өкілдерінің бірі — неміс философы Шопенгауэр Артур (17881860 ж.ж.). Негізгі
еңбектері: "Әлем — жігер және елестету ретінде", "Табиғаттағы жігер
туралы", "Афоризмдер мен максималар", т.б.
Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезіндегі біздің қарастырып
жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект
немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гері ауқымдырақ тағы қандай
құбылыстар бар екенін зерттей келе, таным субъектісі, яғни жеке адам оз
денесінің тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды. Жігер
— әр уақытта рухани акт. Жігер кейбір құндылықтарды қалыптастырады, ал оны
құндылық ретінде мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады. Жігердің өзі екі
түрлі мәннен тұрады: 1) елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер;
2) әркімге тікелей белгілі — саналы жігер, яғни дененің өзіндік болмысы.
Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы жігер объективті тұрғыда — табиғат және
адам денесі ретінде бейнеленсе, субъективті тұрғыда — сана жігер ретінде
көрінеді. Жігер тек адамдарға ғана емес, жалпы табиғатқа тән құбылыс,
сондықтан ол барлық күштердің ішкі мәні. Мысалы, өсімдіктің өсуін жетелеуші
күш те, заттарды кристалдандыратын күш те, магнит күші де, барлық
материалдық денелерге тән салмақтылықтың арқасында тастарды жерге тартатын
күш те жігерге жатады. Жігер "өзіндік зат" ретінде кеңістіктен де, уақыттан
да, себептіліктен де тыс жатыр. Жігер себепсіз болғандықтан, оны танып-
білуге болмайды. Бірақ ол объект ретінде танымда елестетілгендіктен,
кеңістік пен уақытта дараланған қағидаға (әмбебаптық жалпылықты жеке және
ерекшеленген денелерге бөлу салдарынан олардың өмір сүруі) бағынады және
соның аркасында өмірлік жігерге айналады. Өмірлік жігер рухани акт
болғандықтан, әр уақытта жігер еркіндігі немесе өзіндік себептерді (мотив)
таңдау мүмкіндігі ретінде көрінеді. Осы қасиеттерінің арқасында адамдар өз
еркімен өз мүддесіне қарсы келетін, керек болса, өзін-өзі құртуға апаратын
өзіндік себептерді тандап алуы мүмкін. Мұндай қарама-қайшылық дараланған
қағидадан туындайды. Даралануға байланысты қалыптасқан жаңа жағдайды
түсінгенде, адамға әділеттілік пен жанашырлық қасиеттер пайда болады.
Ал жанашырлық — әдептіліктің негізі. Жанашырлық тек адамға ғана емес,
сонымен бірге жануарларға да тән. Даралану (индивидуация) салдары өмір
қасіреттеріне әкелсе, онда одан құтылудың жолы біреу-ақ, ол — өмірге құштар
жігерді құртып, дараланушылық қағидадан құтылу. Жігер оз алдына жете
алатындай мақсат қоймайды және түпкілікті қанағаттанарлыққа, бақытқа жетуге
қабілетсіз, сондықтан ол ылғи да ұмтылыста болуы керек, себебі ұмтылыс оның
жалғыз ғана мәні. Кеңістік пен уақыт арқылы белгіленген объектілерді
себептілік қағидасын басшылыққа алған ғылымдар қарастырады. Ал онер
данышпандары, өздерінің фантазия күшінің және таза байқағыштығының
арқасында мәңгілік идеяларды танып-біліп, оны поэзияда, бейнелеу өнерінде,
музыкада көрсете алады. Ал музыканың рөлі қалған өнер түрлерінен ерекше
бөлек, себебі онда тек идея ғана бейнеленбейді, сонымен қатар, ол әлемдік
жігердің бізде тікелей объективтендірілуі болып табылады.
Шопенгауэрдің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше
Фридрих (18441900 ж.ж.) әрі қарай дамытып, өзінің "билікке ұмтылған жігер"
деген тұжырымдамасын құрды.
 “Үрей метафизикасын” пайымдауға тырысқан алғашқы философтардың бiрi
А.Шопенгауэр болып табылады. Философтың пiкiрiнше, бұл әлемде ешқандай
объективтi шындық та, әдiлеттiк те жоқ, тек бiр-ақ нәрсе бар ол - өлiм
алдындағы үрей. Бiздiң өмiрiмiз қаншалықты жемiстi, толыққанды немесе түкке
тұрғысыз болса да, ол бәрiбiр әрқашанда өлiммен аяқталады. Алайда, өмiрдiң
осылай шарасыз және бақытсыз аяқталатынына қарамастан адамдарды өмiр сүруге
ерiк мәжбүрлейдi. Ерiк – бұл онсыз өмiрдiң жалғасуы мүмкiн емес, онсыз
ешнәрсе де мүмкiн емес болатын нәрсе. А.Шопенгауэр бойынша ерiк “бейсаналы”
және мәңгi, ол жалғыз нағыз нақтылық болып табылады. Әлем, философтың
пiкiрiнше, ерiк және елестету болып табылады. Әлемде үстемдiк ететiн
еркiндiк те, ақыл-ой да емес, ерiк қана. Ерiк қай жерде болса да, қасiрет
те сол жерде, өйткенi бұл екеуi бiр-бiрiнен ажырағысыз. Адамның неғұрлым
өмiрге деген құштарлығы көп болса, соғұрлым еркi де көп және адамның онан
сайын қасiретi де көбейе түседi, адам бақытты болатындай жер бетiнде бiрде-
бiр орын жоқ деп түйiндедi А.Шопенгауэр.

Адамның жасы туралы

Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет
атап көрсетілді. Ол адамньң өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде
жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А.
Шопенгауэрдің Адамның жастары туралы еңбегінде нақты көрсетілген, онда
ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік
ерекшеліктері және белгілері бар.
Аналогия үшін Шопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді.
Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және
жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі
болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. 20 жылдары махаббат құдайы
Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік жасайды.
30 жылдары оны Марс ауыстырады, ол адамға табандылық, батырлық, күш,
батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке шақырады.
Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас иеді. Веста
оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды, Юнона сияқты
оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер билік көрсетеді,
адам өзінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай, беделге ие,
басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн өзінің қорғасындай
ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғыңдығымен әсер ете бастайды.
Шопенгауэр өмірдің бірінші жартысының сипаты бақытқа ұмтылудың
қанағаттаңдырылмауымен айқындалатынын, ал екінші жартысына тән ерекшелік —
бақытсыздықтан қорықпау екенін айтады. Бұл ретте философ адамның оның
жасына қатысты уақытты қабылдауындағы айырманы атап көрсетеді. Жасөспірім
шақта сағаттың өтуі қарттық шақтағыдан гөрі ұзағырақ болады. Жастық шақта
адам көптеген қауіп пен толқуды бастан кешіреді, оның көңіл-күйі масаттану
мен энтузиазмнен бастап жабырқаушылық пен көңілсіздікке дейін өзгеріп
отырады. Қарттық шақта азапқа түсумен оның құмарлығы басылады, көңіл-күйі
неғұрлым тұрақты және селқос болады, ал егер денсаулығы жақсы сақталса,
онда адам аса ауыртпашылыққа тап болмайды, ол қамтамасыз етілгенін,
қолайльлықты жақсы көреді, тыныштықты қалайды.
Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді.
Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына
қатысты екені атап керсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете
алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағьнбайды. Есейген шақ — іс-қимыл
жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ — алғашқы масаттану және
бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне
қарамастан, өнімін тек шыңы таным: ағашының түбірі болып қалады.

Ницше

Алайда немiс философтарының әр түрлi деңгейде адамзат ақыл-ойын
негiздеуiн А.Шопенгауэр және Ф.Ницще қабылдамады. Немiстiң бұл екi
философының ақылды сынаған iлiмдерiн ХIХ ғасырдың интелектуалдары
қабылдамай, оны маргиналдық мәдениетке қарай ығыстырғанымен, А.Шопенгауэр
мен Ф.Ницщенiң идеялары ХХ-ғасырдың басынан қайта жанданып, бұл
“метафизикалық үрей” философиясы революциялық   азат ету мен әлеуметтiк
қайта құру немесе өзгерiстер философиясын кейiнге ығыстырып шығарды.
  “Үрей метафизикасын” пайымдауға тырысқан алғашқы философтардың бiрi
А.Шопенгауэр (1788-1860 ж.ж.) болып табылады. Философтың пiкiрiнше, бұл
әлемде ешқандай объективтi шындық та, әдiлеттiк те жоқ, тек бiр-ақ нәрсе
бар ол - өлiм алдындағы үрей. Бiздiң өмiрiмiз қаншалықты жемiстi,
толыққанды немесе түкке тұрғысыз болса да, ол бәрiбiр әрқашанда өлiммен
аяқталады. Алайда, өмiрдiң осылай шарасыз және бақытсыз аяқталатынына
қарамастан адамдарды өмiр сүруге ерiк мәжбүрлейдi. Ерiк – бұл онсыз өмiрдiң
жалғасуы мүмкiн емес, онсыз ешнәрсе де мүмкiн емес болатын нәрсе.
А.Шопенгауэр бойынша ерiк “бейсаналы” және мәңгi, ол жалғыз нағыз нақтылық
болып табылады. Әлем, философтың пiкiрiнше, ерiк және елестету болып
табылады. Әлемде үстемдiк ететiн еркiндiк те, ақыл-ой да емес, ерiк қана.
Ерiк қай жерде болса да, қасiрет те сол жерде, өйткенi бұл екеуi бiр-
бiрiнен ажырағысыз. Адамның неғұрлым өмiрге деген құштарлығы көп болса,
соғұрлым еркi де көп және адамның онан сайын қасiретi де көбейе түседi,
адам бақытты болатындай жер бетiнде бiрде-бiр орын жоқ деп түйiндедi
А.Шопенгауэр.
  А.Шопенгауэрдiң iзiнше ақыл-ойды сынаған ХIХ ғасырдың екiншi
жартысында өмiр сүрген ықпалды философтың бiрi Ф.Ницше (1844-1900 ж.ж.)
болды. Ф.Ницше ақыл-ойға қарсы өзiнiң “барлық құндылықты қайта бағалау”
лозунгысын көтердi. Адамның iшкi әлемiне “үңiле” отырып, Ницше өз
замандастарының барлық “iзгiлiктi” күнәларын жалаңаштап көрiп, мынадай
қорқынышты тұжырымға келедi: “Құдай өлдi!”. Адамзатқа тән күнә, қызғаныш,
кещелiк, азғындық және құндылықтардың құнсыздануы сияқты терiс қасиеттер,
Ницшенiң ойынша, христиандықтың  салдарынан. Христиандық идеология және
әлсiздердiң өмiр тәртiбi ретiнде көре алмаушылық, екiжүздiлiк, бейшара
адамның мәңгiлiкке ұмтылған түкке тұрғысыз қиялын тудырады. Христиандық,
нигилистiк декаденттiк мәдениеттiң ықпалынан құтылу үшiн оның мұрасынан бас
тартып, өзiне тән асқақтығы мен абыройы бар, қайғы қасiреттен қорықпайтын,
билiкке деген еркi жоғары жаңа мәдениетпен кездесу керек.
 Осылайша христиандық дәстүрдiң басты құндылығы - Құдай идеясының
терең жайылған тамыры екендiгiн дәлелдеп, Ницше “Құдай өлдi!” идеясын
жариялау арқылы “билiкке деген ерiк”, “мәңгi айналым” принциптерiн
бекiтедi. Ницше үшiн “Құдайдың өлiмi” трансценденталдық сипаттағы барлық
құндылықтардан бас тартуды, дiн мен этиканы және барлық бұрынғы
метафизиканы бұзуды бiлдiредi. Бұл адамның осы уақытқа дейiн нанып, бас иiп
келген түсiнiк формаларынан бас тарту. Бұл Құдай идеясынан, ескi моральдық
құндылықтардан, Абсолюттiк идеядан, ақыл-ойдан, субстанциядан бас тарту
деген сөз. Құдай да, субстанция да жоқ. Шындығында осы дүниедегi ғана әлем
өмiр сүредi. Шындығында әлемнiң мәңгi қайта айналымы ғана бар. Ницше
қалыптасу және тұрақты, трансценденталды әлем арасындағы қайшылықты
түсiндiруге тырысқан бүкiл ескi метафизиканы дуалистiк iлiм ретiнде терiске
шығарады. Немiс ойшылының айтуынша метафизика әлемдi “болмыс” пен
“көрiнiске”, “мәндiлiк” және “көрiнудiң формасына”, “нақты” және “нақты
емеске” бөлiп, болмысты құрылымдық сатыларға бөле отырып  (Абсолют, Құдай,
Игiлiк және т.б.) отырып, оны құнсыздандырды, оны фикциямен алмастырды.
“Құдай өлдi” идеясы барлық дуалистiк теориялардан бас тарту арқылы
шатасудан арылуға мүмкiндiк бередi. Ницше өз философиясын “эксперимент”, ал
өзiн “экспериментатор философ” деп есептедi. Оның экспериментi бiз сыни
тұрғыда емес сол бойында қабылдайтын құндылықтарды қиратуында. Ницше
философиясы ХХ ғасыр философиясында ақыл-ойды сынауды бастаудың негiзiн
қалады.
Шопенгауэр, Ницше сияқты авторлар адам санасынан тыс психикалық
процестердiң маңызы мен рөлiн әр түрлi қырлары мен позициялары тұрғысынан
талдай бастады.
XIX ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өpic
алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық тұжырымдамалардың
қалыптасуына үлкен әсер етті. Сезімдік түйсінуді немесе ақыл-ойды өз
тұжырымдамаларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер,
интуиция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған
табынған жаңа философиялық бағыттар пайда болды. Осы ағымдардың көрнекті
өкілдерінің бірі — неміс философы Шопенгауэр Артур (17881860 ж.ж.). Негізгі
еңбектері: "Әлем — жігер және елестету ретінде", "Табиғаттағы жігер
туралы", "Афоризмдер мен максималар", т.б.
Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезіндегі біздің қарастырып
жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект
немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гері аукымдырақ тағы қандай
құбылыстар бар екенін зерттей келе, таным субъектісі, яғни жеке адам өз
денесінің тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды. Жігер
— әр уақытта рухани акт. Жігер кейбір құндылықтарды қалыптастырады, ал оны
құндылық ретінде мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады. Жігердің өзі екі
түрлі мәннен тұрадьі: 1) елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер;
2) әркімге тікелей белгілі — саналы жігер, яғни дененің өзіндік болмысы.
Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ- Ғасыр философиясы
Мәдениет философиясы
Социализм теориясын нақтылау
Өмір философиясының негізін салушы
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
:ХІХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы философия
Өмір философиясы
ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы
Ренессанс философиясының ерекшелігі
Хіх-ХХ ғасырлардағы батыстық философиялық бағыттардың негізгі проблемалары
Пәндер