Аникалық философия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгi Үндi және Ежелгi Қытай философиясы

1. Ежелгi шығыс өркетиетiнiң ерекше белгiлерi. Философиялық ойлардың
бастаулары.
2. Үндi философиялық ойларының негiзгi принциптерi, оның негiзгi мектептерi
мен бағыттары.
3. Ежелгi Қытай философиясының әлеуметтiк-өнерлiк, тұрмыстық-практикалық
сипаты, оның негiзгi мектептерi мен бағыттары.

Философия ғылыми көзқаралатын бастауы ретiнде б.з.д. ҮI-Ү ғ. қалыптасты,
осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзiнiң орны мен тағдыры
туралы рационалды көзқарасқа сүйене басталы. әлемнiң рационалды
түсiндiрiлуiне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрлымы туралы ерекше iлiмдi
тудырду. Ежелгi Үндi астрономдары Жердiң шар тәрiздi екендiгi, оның өз
осiнен айналуы туралы ойларды айтты, математиктерi санаудың мәндi жүйесiн,
цифрларды белгiлеудi ойлап тауып, тригонометрия негiзiн қалыптастырды.
Әр дәуiрдiң, әр заманның өкiлi өз философтарын шығарды. Алғашқы кезде
философия мифология байланысты болды. Философия бiр жағынан мифологияға,
екiншi жағынан ғылымға сүйендi.
Философия өзiнiң зерттейтiн объектiсiн ерекше қарастырды, яғниғ
математик бiрлiк санын неше түрлi сарапқа салып, зерттейтiн болса,
философтар болмысты солай талдайтын болды. өмiр сүрудiң мәнi неде? Болмыс
деген не? Философ пайда болған кезден бастап-ақ дүниекөзқарас ретiнде
қалыптасты.
Философияның пайда болуы, оның дамуы бiр логикаға сүйендi.
1. Шығыс философиясы.
1) Үндi, Қытай, Египет, Вавилонда б.з.д. ҮIII-ҮI ғ. қалыптасты.
Дүниетанымда, қоғам даму нәтижесiнде: прогрессивтiк, атеистiк,
консервативтiк, мистикалық бағыттар дүниеге келдi.
2. Аникалық философия
1) Мифология
2) Жаңадан туындап келе жатқан ғылым.
3. Отрағасыр. Дiнге байланысты болды.
4. Қайта өрлеу дәуiрi ХIҮ ғ. ортасы –ХҮII ғ. басы.
Эстетикалық ой-пiкiрдiң әсерi арқылы дамыды.
5. Жаңа дәуiр философиясы (реформация)
Адам тағдырын, оның iшкi дүниесiн зерттеудi алға қойды.

Ежелгi Шығыс деген не?
Географиялық жағынан Ежелгi Шығыс, Таяу Шығыс (Вавилон, Шумер,
Египет, Ассирия, Палестина);
Орта Шығыс – Үндi, Иран, Афганистан;
Қиыр Шығыс – Қытай, Вьетнам, Корея, Япония.
Ежелгi Шығыс күрделi өркениет типi, оның жалпы белгiлерiнiң сипаты:
1. Ежелгi Шығыс өркениетiнiң негiзi егiн шарувшылығы, жер өңдеу, бұл
жағдайда жер мен су мемлекеттiң меншiгiнде болды.
2. Мемлекеттiң құрлысында орталыққа шоғырланған және дамыған
бюрократтық (төрешiлдiк, кеңсешiлдi) өкiметi бар.
3. Мемлекеттi абсолюттiк өкiметтiң басқарушысы фараон, патша,
император.
4. Халықтың көпшiлiгi тұйықтау, шашылған ауылдық қауымлы өмiр сүредi,
толық мемлекетке тәуелдi болады.
5. Адам өзiне табиғат пен қоғамнан не объективтiк, не субъективтiк деп
бөлмейдi. Бұл жағдайда жоғарғы дәрежеде рухани мәдениеттiң
спецификасын (ерекшiлiгiн) анықтайды.
6. Ежелгi Үндi мен Қытай философиясының ерекшiлiгi туралы, жүз жылдан
артық уақыт екi түрлi көзқарас арасында дискуссия жүрiп жатыр. 1)
Үндi мен Қытай нағыз философияны жасаған жоқ, олар оған жете
алмады. Сондықтан, оларды осыған сәйкес алғашқы (алдыңғы,
алдындағы) философия, немесе дiни философиялық көзқарас деп атау
керек дейдi.2) Үндi мен Қытай ең жоғарғы философияны әлемге алып
келдi. Батыс бұл деңгейге әлi жеткен жоқ дейедi.
Бұл секiлдi қарама-қарсы пiкiрдiң өмiр сүруiнiң себебi философияның
эталондық үлгiсi ретiнде Батысеуропалық философиямен шұғылдану вариантының
алуына байланысы.
Ал, ендi, Үндi мен Қытайлықтардың ойлау тәселi бұл жүйеге келмейдi
(түспейдi), сондықтан алдыңғы немесе жоғарғы философия деп атауы,
Батысеуропалық философияны зерттеушiлерге байланысты.
Қытай мен Үндiлiк философия тәсiлiнiң Батысеуропалыққа сай келмеуң,
ерiксiз оларды Шығыс деген атпен бiрiктiрiп Батысқа қарсы қойды. Шын
негiзiнде әлемдiк философияның қайнар көзi, екеу емес, оның үшеу екенiн
айту керек. Батыс пен Үндi және Қытай. Қытай мен Үндi арасындағы ұқсастық,
Батыс пен Үндiге қарағанда аз, Батыс пен Үндiлiктердi байланыстыратын
олардың арғы тiгi мен тiлi. Үндi мен Қытайды Рухани туысқандастырған
буддизм, ол б.з.д. II ғасырда кiрдi.
Көптеген философия тарихын зерттеулiшер антикалық Батыс, Ежелгi Үндi
және ежелгi Қытай үш әртүрлi, бiрақ теп-тең рухани дүние ретiнде қарайды.
Үндi, Қытай философиясының генезисi (пайда болуы) өте күрделi мәселе
оның бай мифологиялық түсiнiгi және оның тәсiлiне қатысты.
Философияның философия болып қалыптасуы үшiн ол өзiнiң мифтан және
ғылымнан бөлек ерекше-шындықты ұқыну тәсiлi мен тiлiн жасайды.
Ежелгi Шығысқа өндiрiстi тәсiлдiң баяу қалыптасуы философиялық ойдың
дiни-мифологиялық көзқарастан, күнделiктi әдептiлiк санадан толық арылуына
мүмкiндiк бермедi.
Философияны ғылым ғана емес, дүниеге көзқарастың iлiм ретiнде, оның
негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi сыни пiкiлрелдiң пайда болуы десек, оның пайда
болуын таптық қоғамынан пайда болуы кезеңiне ұзартуымыз керек. Таптық қоғам
еңбек бөлiнуiнiн нәтижесi, жеке меншiктiң, рудың сананың орнына жеке адам
санасының алдыңғы қатарға шығуы болып табылады. Яғни ру мифологиясын
өзгерту, оны жеке адам мүддесiне ыңғайландыру қажеттiгi туады. Ал
көзқарасты өзнерту әртүрлi деңгейдегi сыннан басталады, яғни мифологияның
жан өлмейдi қағидасын сынау, оны жүйелi түрде көрсете бiлу алғашқы
философиялық ойлардың қалыптасуының белгiсi.

Үндi философиясы

Б.з.д. II мыңжылдығында Солтүстiк Үндiстанға көшпендi
малшаруашылығымен шұғылданатын тайпалар қоныстана бастады, олар Орта
Азиядан, Ираннан; Волга бойынан келгендер едi. Олар өздерiн арийлықтар деп
атады.
Бiздiң жыл санауымыздан 3 мыңдай жыл бұрын Ежелгi Үндi жерiнде
қауымдық қоғам ыдырап,оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған
орай Үндi қоғамы төрт варнаға бөлiндi. Олар брахмандар (абыздар) кастасы,
кшатрийлар-әскери, аристоркартиялық каста, вайшилер - басы бос қоғам
мүшелерi, шудралар – төменгi каста – құлдар болады. Брахмандар – ой еңбегi,
кшатрийлер - әскери қызмет, вашилер ауылшаруашылық, қол өнер кәсiбi, сауда
мен айналысты, шудаларға қара жұмыс қана тидi. Ежелгi Үндi қоғамының
дамуының осы кезiне сай мифологиялық, философиялық көзқарас қалыптасты.
Үндiдегi философиялық ойлау брахманизмге, яғни брахманның iлiмiне
(дiни қызметкерлер, абыздар) байланысты қалыптаса бастады. Брахманизм
өзiнiң догмаларында ведаға (ежелгi Үндiлер ауд.веда –бiлiм, басқару)
сүйенедi. Үндi философиясы б.з.д. I мың жылдықтың ортасында ведалық
мифологияның негiзiнде пайда болды. Ол көлеледi ән ұрандарының
(гимндерiнiң) қосындысы. Онда: дуаларды үйрету, табиғат циклдерiн бақылау,
әлемнiң пайда болуы мен жасалуы туралы турпайы түсiнiк болды.
Қазiргi кезде бiзге А веда белгiлi: Риведа, Самаведа, Яджурведа,
Атхарваведа. Олар төрт бөлiктен тұрады.
1. Самхит – құдайларға арналған ән ұрандар (гимнедер) жинағы.
2. Брахман – кiтаптар, самхиттi түсiндiретiн әртүрлi мифологиялық
әңгiмелер, салт-жоларар. (Үндi абыздарының өздерiне арналған салт
жоралар өткiзудiң дұрыстығын және құрбандық жасау рәсiмдерi туралы
кiтаптары.
3. Араньяктар (дүниеден безген дуаналардың орман кiтабы брахманга тән
салт жоралардың орнына құдайларды iштей сыйлап-құрметтеу, оларды
ойлап-толғану сияқты көзқарастар берiлген.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы – Упанишада (санскр. Upa – рядом, sad
– сидеть с Учителем – Ұстаз қасында отырып дәрiс тыңдау) - өте
қадiрлi (асыл) бiлiмдi игерi үшiн, ұстаздан сабақ алу.
Пуруша – мифологияда астан-кестеннен пайда болған алғашқы адам, оны
құрбан ету әлемнiң пайда болуына алып келедi (ол әлем, адам түрiндегi
әлем). Оның демiнен жел, бiр көзiнен күн, екiншiсiнен Ай (ж.т.б.) пайда
болады. Пуруша философиялық түсiндiруде – бұл барлық әлемге енген, өзiндiгi
жоқ рухани бастама.
Рита – қарыш тәртiбi, заң мен заттардығ заңдылық барысы. Рита –
сезiмдiк дүниенiң алдында пайда болды, денелiк заттар тек қана ританың
көрнiсi. Рита – бұл тек физикалық заң ғана емес, оған барлық тiршiлiк
иеледi бағынатын моральдықта болып саналады.
Сансара (сескрит дәлме-дәл бiрдемеден өту, қайта туу) – Сансара
концепциясы өзiне барлыө тiрi жанның туысқандығын тұжырымдайды және жаңадан
пайда болудың арқасында, олардың түрiнiң арасындағы бiр-бiрiне ауысуын
(адам, жануарлар, өсiмдiктер, тiптi құдайғада) айтады.
Карма (санскрит iс-әрекет, қимыл, iс, жеребе салу) – iс әрекетiне
қарай құрметтеу я жазалау заңы, индавидтiң (және адамның) келешектегi
өмiрiн алдын ала анықтайды (толық мәнiнде). Кең мағынада - әрбiр тiрi
жанның жасаған iс-әрекетiнiң жалпы қосындысы, оның жаңа туғаннан кейiнгi
(яғни, ары қарай өмiр сүруi) кезеңдердегi сипатын анықтайды.
Үндi философиясының манызды ұғымдары Сансара, Карма Упанишад
жүйесiнде дүниеге келген. Сансара Карма заңына сай келедi. Карма ұғымы
ведалық түсiнiн Ританың негiзiнде қалыптасты.
Упанишад түн негiзi Брахман. Ғарыштық негiзiнде мәңгi мәндiлiк –
Брахман жатыр. Сондықтан одан барлық заттар дамиды. Брахман – барлық
әлемнiң бастамасы және соңы. Брахманның екi түрi бар: 1) қозғалмайды, нақты
өмiрсүредi, бiрақ жойылып кетуi мүмкiн –көптүрлi; 2) жойылмайды, өлмейдi,
қозғалыста және ақиқат – жекелiк түрде. Брахман бұл дүниенiң рухани
бастауы, ол адамның рухани мәнi атманмен тең.
Атман бiр жағынан дене, екiншi жағынан рух секiлдi.
Брахман мен Атман туралы iлiм Упанишадтың негiзгi сәтi, және адам
болмысының жалпы әлемдiк мәнмен сәйкестiгi бекiтiлдi.
Упанишадта сансара (қайта туылу жүйелерi) және карма (жазалау заңы)
iлiмдерi байланыста болады. Сансара туралы iлiмде адам өмiрi шексiз қайта
туудың анықтаушы түрi ретiнде түсiндiрiледi. Келешектегi индивидтың дүниеге
келуi карма заңымен себептеледi.
Адамның келешегi оның өткен өмiрдегi iс-әрекетi мен қылығының
нәтижесiне байланысты болады. Тек өткен өмiрде сыпайы өмiр сүртендер ғана,
келешектегi қайта тууында жоғарғы варна (әулиелер), кшатрилер-әскерлер,
ваишьилер-қолөнершiлер, терiс (шын емес) өмiр сүргендер төменгi варна
шудалар кейiпiнде келедi. Бәрiнен де қиынны оның атманының жануар денесiне
орналасуы болады.
Бостандыққа ұмтылатындар алдымен қалыптаскан әдептiк нормаларға және
драхмаға (өмiр жолы, әлде бiр өмiр салты) жүгiнуi керек. Упанишадта таным
және өзiн-өзi тану мәселелерi ең маңызды тақырып болып саналады. Алдымен
сезiмдiк және рационалдық таным туралы. Нағыз ақиқатты тану өзiнiң Брахман
мен Атманның бiрiгуi толық қосылуын түсiну болады. Мұны кiм iстей алса, сол
шексiз қайта туу сансарынан құтылады. Мұндай адамның жаны Брахманмен
қосылып онда мәңгi қалады. Сонымен бiрге ол карманың ықпалынан құтылады.
Бұл ең жоғарғы мақсат және ең ақиқат жол – құдайлар жолы.
Питрьяна (деваяна) әдеттi жолдан әкелер Питрьяна жолына қарағанда,
Деваянаға сопылық пен жоғарғы танымның арқасында жетедi. Осылайша Упанишад
философиясында адам (христиан және iсләмнан айырмашылығы) басқа адамдармен,
бүкiл адамзатпен бiрге, өзара қатынаста қаралмайды. Адам өмiрiнiң өзi
басқаша ойланады. Адам жаратушының арқасында пайда болған және бiр ғана
өмiрдiң иесi емес, оның өмiрi шексiз қайтадан туу. Оның сансара шеңберiн
үзу мүмкiндiгi бар, сөйтiп туу тiзбеоiнен шығу және жоғарғы мақсат –
болмастан босануға жету. Сондықтан, өмiр, әртүрлi өмiрдiң ұзақ алмасу
үдiрiсi ретiнде қаралады, оларда тек солай өмiр сүру керек, тек ең ақырында
сансараны тастау, яғни өмiрден құтылу.
Рухани Атман – тiршiлiктiң негiзi, ал екеуi қосылып барлық денелердiң
iшкi бастамасы, негiзiмен соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол
саналы тiршiлiк иесi, әлемдi жаратушы. Адамның ең маңызды мәселесi және
Упанишадтың негiзгi категориясы Әлем объектiсiнен және құмарлықтан
босану, - Мокша; күнделiктi тұрақты әдепке жету, өнегелiктi жетiлдiру. Бүо
Мокша босану, атманның брахманмен бiрiгуi, өзiнiң жеке жанының әлемдiк
жанмен сәйкестiгiн тану арқылы iске асады. әркiм өз бақытының Ұстасы, оның
бақыты тәлiм-тәрбиесiне байланысты. Упанишадфилософиясында тiрек (опора
– сүйену, сүйеншi) түсiнiгi бар. адамның негiзгi тiрiгi туралы сұрақ оның
өзiнiң қай қасиетiнен арылуына байланысты өмiр де тоқтайды. Демек, адамның
тiрегi тыныс, оның денесi тек жасыратын қабығы. Өмiр тынысы – Прану,
кейiннен Прануды Атманмен (жанмен) теңдестiру басталады. Атман түсiнiгi
жеке адамның Рухани Менi ретiнде барлық тiршiлiктiң бiрте-бiрте өзiндi
жоқ себебiне Брахманға айналады.
Упанишад iлiмiнде Веда тақырыбы дами бастады: барлық тiршiлiктiң
бiрлiгi идеясы, космологиялық тақырып, құбылыстардың себептермен свлдарының
байланысын iздеу және тағы б. М: мына сұрақтар: Түнде күн қайда болады?,
жұлдыздар күндiз қайда кетедi? Упанишадта бұрынғы мәтендерге қарағанда,
болмыс пен құбылыстардың алдымен сыртқы шағына емес, iшiне көңiл аудару
керек. Сонымен, назарды адамға, оның танымына және алдымен өнегелiк
жетiлуiне аудару керек. Бiз кiмбiз?, қайдан келдiк?, қайда барамыз? -
мiне бұл сұрақтар Упанишад iлiмiне тән болады.
Философия терминi данышпандықты сүю, батысеуропалық мәдениеттiң
негiзiгде пайда болды. Ал, ежелгi Үндi ойшылардың дүние тануы мен
көзқарастарының жүйесiн белгiлеуге аз қолданылады.
Ежелгi шығыс мәдениетiнiң дәстүрiнде философияны жоққа шығару дұрыс
емес. Данышпандық бұл жерде, алдымен теориялық концепцияны дәлелдеу емес,
ақиқатты iздеуде эмпирикалық және рациональдық тәсiл ретiнде бағытталған,
ал жоғарғы таныи және өзiн-өзi тануды сопылық арқылы, тiкелей брахман мен
даралықтың бiрлiгiне жетудi түсiну болды. Ақиқаттық жол – бұл адамның
әдептiлiкке жету жолы, ол теориялық таным жолы емес.
Уапнишад әртүрлi философиялыө жүйплпрге әсерiн тигiздi. Атап айтқанда,
индуизм мен буддизм. Олар Раммохон Рая, Ганди, Шопенгауэрге өте зор әсер
еттi.

Философияның эпостық кезеңдерi

Эпостық кезең деп аталуы (эпос деген сөзден шыққан) осы кезде шыққан
эпостық поэмалар Рамаяна және Махабхаратаға байланысты, ол адамдық
қатыныстағы батырлық пен құдайшылықты көрсетуге қызмет етедi.
Бұл кезде (б.з.д. ҮI ғ.)Үндi философиясының дамуы, Үндi қоғамында
айтарлықтай өзгерiс болады: агралық және қол өнер өндурусу дамыды,
әлеуметтiк бөлшектену (дифференциация) ұлғайды, монархия билiгi күшейiп,
тайпа өзгерiс бастады. Интуицияның орына зерттеу, философия келдi.
Философия өзiнде де әртүрлi, қарама-қарсы және бiр-бiрiмен жауласқан
мектептер мен жүйелер туды, оларда сол кездегi өмiр шындығының қайшылықтары
көрiндi.
Жаңа көзқарастың жақтаушылары Веданың беделiне қарсы шықты. Олар:
Чарвака (материалистер), жайнизм, буддизм, ортодоксалбдық мектептерге
қосылмайды. Чарвака – бұл ежелгi Үндi iлiмi кейiнгi философиялық
концепцияның тектес бiр түрi – Локаята. Сондықтан, бұл мектептi Чарвака-
Локаята деп атайды.
Чарвака брахман, атман, сансара және карма концепциясын жоққа
шығарады. Барлық тiршiлiктiң негiзi ретiнде материяның алғашқы төрт
элементiн, жердi, суды, отты және ауаны алады. Өмiрде және санады
материалдық алғашқы элементтердiң туындысы ретiнде қаралады.
Негiзiн салушы Брихаспати (б.з.д. ҮII-ҮI ғғ). Оның пiкiрiнше жан
дегенiмiз, саналы дене. Материя ойлайалады. Ажал – сана мен жанның қарауы.
Тек осы дүние бар, бұл дүние Лока ешқандай ожақтағы о дүние жоқ. Құдай
да, жан да және карма заңы да жоқ. Танымның негiзгi сезiмдiа қабылдау.
Ақиқат дегенiмiз, тек тiкелей қабылдау арқылы танылады. Сондықтан,
сезiммен қабылдау мүмкiн емес басқа өмiр сүру ортасы бар деуге негiз жоқ.
Ешқандай басқа әлемнiң бар болуы мүмкiн емес. Дiн – орынсыз адасу.
Құрбандық шалу, ақылға симайтын әрекет. Бiздiң жақындарымыз үшiн ешқандай
тамақтың қажетi жоқ, өйткенi қайтыс болған, олардың дене құрлымы шiридi.
Құдайға және о дүниеге сену, бұл мектептiң өкiлдерiнiң пiкiрiнше ақылының
кемдiгi, әлсiздiгi, жүрексiздiгiнiң белгiсi деп санайды.
Чарватардың этикалық концепциясының негiзiндi гедонизм (hedone –
рахаттану) болды.Тiршiлiктiң қызығын көрiп, өмiр сүруғ ажал қадалып келiп
тұрғанда ешкiмнiң ондан құтылып кетуi қолдан келмейдi, ол бәрiбiр алып
тынады. Адам мақсаты байлық пен рахат өмiр сүрi деп санады. Бұл теория,
осылайша, адамды эгоизмге баулайды, тiршiлiктiң қызыған қалауыңша көр деп
насихаттайды.
Материалистердiң iлiмiн бағалауда, олардың дiн мен философияны сынап,
Веданың ақиқатқа симайтын және қайшылықты iлiмiнiң абыройын төгуде көп
еңбек еттi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгi Үндi философиясы туралы ақпарат
Ежелгi Үндi және Ежелгi Қытай философиясы
Шөгінді тау жыныстары жайлы мәлімет
Топырақтағы биологиялық белсенді заттар
Жерасты суларының деңгейін жасанды төмендету
Жеделсатыны басқару жүйелері
Ұлт мәселелері Ресей тарихнамасында
Философия (Оқу құралы)
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Пәндер