Зар заман ақындарының философиялық көзқарастары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Жыраулық философияның бастаулары 2
Зар заман ақындарының философиялық көзқарастары 13
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19

Кіріспе

Әрбір халықтың рухани мұрасында әлемдік мәдениеттің жалпы қазынасын
байытатын құнды ойлар болатыны белгілі. Халықтың бай рухани мұрасын зерттеу
тек осы мәселемен айналысатындар үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар
бүгінгі құн адамдарының өзара адамгершілік қатынастарын дұрыс пайымдау үшін
де қажет, болашақта адамзаттың адамгершілік үдерісі заңдарын дұрыс түсінуге
де көмек береді. Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында
ақыл-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Біз бұл жерде белгілі
философ О.А.Сегізбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығы дамуы
барысындағы үш кезеңге бөлінген жіктемені келтіреміз:
а) шартты түрде жыраулар дәуірі деп аталатын кезең (XV— XVIII ғасырдың
бірінші жартысы);
ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX
ғасырдың бірінші жартысы);
б) ақындардың өзіндік сайысы - айтыстың пайда болуымен байланысты
кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы)[1].
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, философиялық даналық ойлары төл
философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады.
Олардың шығармаларынан дәстүрлі философиялық тарихи сабақтастық
принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағй философиялық
бағыттың негізін салушылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465—1560)
шығармашылығы, философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше.

Жыраулық философияның бастаулары

Асан қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XV ғ.), Доспанбет жырау (XVI г.).
Шалкиіз (1465-1560), Ақтамберді (1675-1768), Бүқар жырау (1668-1781), Шал
ақын (1748-1819) және т.б. -өз дәуірінің философиялық идеалдарын білдірген
ойшылдардың бүтіндей бір жоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерін толғандырған
мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан
зор рухани күш-жігерді қорытты. Кез келген даму идеалы сабақтастық
идеясымен тұтас байланыста екендігі белгілі. Осыған орай біз ақын-жыраулар
дүниетанымы қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн
көрдік. Өйткені, олардың өздерін де, шығармашылығын да халық даналығының
қайнар бұлақтары суарып отырды. Олардың қатарына ертетүркі әдеби
ескерткіштерін, дала тайпаларының әлеуметтік-саяси, адамгершіліқ,
философиялық көзқарастарының белгілі дәрежеде квинтэссенциясын білдіретін
мақал-мәтелдер түріндегі халық ауыз әдебиетін жатқызуға болады. Дүниетаным
қалыптасуына исламға дейінгі және ислам діндері де үлкен ықпалын тигізді.
Адам жанын ашылған кітаптай оқитын, туған даласымен физикалық тұрғыда да,
рухани тұрғыда да байланысты болған бізге белгілі және белгісіз данышпандар
шығармашылығындағы уақыт жібінің сабақтастығы дәл осындай өлшем арқылы
айқындалады.
Ақын-жырау көзқарастары қалыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бірі
ертетүркі жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткіштердің тас тақташалар
мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгілі.
Бізге дейін жеткен санаулы ертетүркі жазбасы мәтіндерінде түркілердің ата-
бабаларының жоғарғы адамгершілік қасиеттері туралы этикалық мәселелер
молынан кездеседі. Халықпен, Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркіндігі
мен тәуелсіздігін сақтаумен байланысты мәселелер жазба әдебиет
ескерткіштерінің ең ежелгілерімің бірінен саналатын Орхон-Енисей
жазбаларында өте өткір қойылуымен ерекшеленеді.
Бұл жазбаларға талдау жасау ертедегі түркілердің әлемге деген
көзқарасын, олардың идеалды өткен шағының толық картинасын түсінуге және
оны жоғары адамзаттық қасиеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Жазба
авторы түркі қағанаты құлауына әкелген олардың өміріндегі өзгерістер
себебін ата-бабалардың қалдырған өсиетінен ауытқудан көреді. Қағанаттың
күші мен құдіреті қағанға адалдықпен, аристократия бірлігімен сипатталады.
Автор идеалды батыр-қағанға қажет міндетті этикет қалыбын ұсынады:
1) түркі халқының заңы мен мемлекеттің құру және қолдау;
2) дүниенің төрт бұрышындағы халықтарды басу және қолдау;
3) дана және батыл қаған болу. Орхон жазбаларында қағанды көктен
жаратылған деп атайды.
Түркілердің шынайы тарихын ертетүркілердің сына жазуымен
салыстырғанда, оның ақиқаттылығы мәтіндердегі сипаттаудан анағұрлым бай
және алуан түрлі болғандығы аңғарылады. Бұл жазбаларда өз дәуірі үшін қажет
идеалдарды, моральдық кодекстерді, яғни өзара қырқысқа жол бермей, ата-баба
жолымен мемлекеттің құдіреті мен тұтастығы идеяларын ғана автордың
жариялауға мүмкіндігі болды. Халық өз батырларын даңққа бөледі, соғыста да,
бейбіт уақытта да батырлық адамның жағымды адамгершілік қасиеті ретінде
жоғары бағаланды. Батыр болу ерте түркі қоғамында ең жоғарғы өлшемдерге
лайықтылықты білдірді.
Ертетүркі қоғамында қалыптасқан адамгершілік көзқарастар біздің ата-
бабаларымыздың белгілі бір мораль мәселелері бойынша ақыл-жыраулардың
этикалық көзқарастарынан байқалатын ойлау деңгейін салыстыруға,
адамгершілік дамуындағы сабақтастықты анықтауға мүмкіндік береді.
Ақындардың рухани оны қалыптасуының келесі бір маңызды идеялық бастауы
шаманизмнің (бақсылықтың) діни-этикалық концепциясы болып табылады.
Шаманизм дінінің атауы ретінде ғылыми қолданыста да, тұрмыстық
қолданыста да әр түрлі мағынаға ие. Белгілі бір пайғамбарлар немесе оның
ізбасарлары арқылы негізі қаланған діндердің көпшілігімен салыстырғанда
шаманизм ертерек пайда болғанына қарамастан, халық дүниетанымы негізінде
табиғи, тарихи жолмен қалыптасқан дін болып саналады. Онда адамның қоршаған
табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатынасымен байланысты ерте діни
және мифологиялық көзқарастар да ерекше орын алады.
Шаманизм адамзат қоғамы дамуының ерте кезеңдерінде материалдық өмір
мен ұжымдық сананың жалпы заңдылықтары шеңберінде табиғи жолмен пайда
болып, қалыптасты. Шаманизм ұрпақтан ұрпаққа ауызша және визуалды дәстүр
арқылы жеткізіліп сақталды және бұл бүгінгі ұрпаққа осы дін туралы белгілі
бір түсінік болуына мүмкіндік береді. Қазақтар мұсылман болғанымен дәстүрлі
шамандық наным-сенімдерін, ертетүркілерден тарайтын Тәңіріге, Ұмайға, Жер-
Суға табынушылықтарын сақтап қалды. Қазақ шамандары (бақсылары) өздерінің
құрбандық шалу рәсімін мұсылман пайғамбарлары мен әулиелеріне жалбарынудан,
мұсылман сүрелерін оқудан бастады және аяқтады. Ш.Уәлихановтың айтуына
Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігі, өмір мен өлім мәселесі және
адамның табиғатқа қатынасы шамандықты, яғни Ғаламды немесе табиғатты және
өлген адамдар рухын қастерлеуді тудырды.
Шаманизмнің культтық (табынушылық), ғұрыптық (ритуалдық) ерекшелігіне
кеңінен тоқталмай, біз оның маңызды қырына - моральдық-этикалық
адамгершілік-тәрбиелік қырына көңіл қоямыз.
Қоршаған табиғат — оған бағыштылыққа орай діни сезім тудыратын
бастапқы нәрсе. Табиғатты бейнелеу барлықтайпалар мен халықтарда заңды және
универсалды құбылыс болды. Ол адамдардың бастапқы дүниетанымын бейнелейтін
мифологияның, фольклордың, діни түсініктердің өзгешелігін тудыратын
қоғамдық сана дамуының кезеңі ретінде қарастырылады. Бақсылар бүкіл өзінің
табылушы құралдарымен адамның құдайлар мен рухтарға толық бағыныштылығы
идеясын орнықтырды. Жекеленген адам тағдыры, оның өмірі, денсаулығы,
материалдық игілігі рухтар мен құдайларды бір тұтуға тәуелді болды.
Ендігі жерде, отбасылық тұрмыс жағдайында адамның рухтар мен
құдайларға қатысты жүріс-тұрыс ережелерінің кейбір түрлерін қарастырған
орынды. Бұл әсіресе отбасы шмагым білдіретім от-ана құдыретін пір тұтуға
байланысты тыйымдарды қамтиды. Жалпы отқа табыну түркі халықтарына ғана
емес, Азияның моңғол немесе иран халықтарына және өзге халықтарға да тән
универсалды құбылыс. Қазақтардағы отқа табыну жоғарыда аталған от-ананы
құдірет тұтумен байланысты. Кейде от-ана өзін құрметтемегені, пір
тұтпағаны үшін жазалаушы әрекетімен де көрінеді. Оны бүлдіруге, яғни оған
қоқым лақтыруға, өткір темір заттар тастауға, оны аттап өтуге, күлді басуға
және т.б. тыйым салынады. Отқа күн сайын шаңырақ иелері қоректенетін
тағамынан ауыз тигізіп отыру да міндетті саналады. Тіпті үй ошағынан шыққан
күлді де адам мен мал, баспайтын жерге төгеді. Бұл тәртіптер мен қалыптар
бұзылса, от құдайы бұл үйдің иелерін зұлым рухтан қорғамайды, әр түрлі
аурулармен жазалайды, кейде тіпті белгілі бір заттарды, үйді өртеп те
жіберетін. Өрт от құдайының ашуын, қаһарын білдірді, сондықтан онан кейін
құрбандық шалынып, құдайға жалбарынып құлшылық етеді.
Осылайша, ошақ бақыт пен бақтың көрсеткіші, зулымдықтың қарсыласы
ретінде барлық түркі халықтарында қастерленді. Қазақтың киіз үйінде ошақпен
қатар, табалдырық та қасиетті деп саналады. Оған отыруға немесе есікті
көруге болмайтын еді, өйткені онда үйді қорғайтын есіктің иесі орналасады.
Ол да бұл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды немесе ауруларды жіберу
арқылы жазалай алады.
Азиялық көшпенділердің табынушылық өмірінде Аспан құдайының (көктің)
ролі мен маңызы ерекше болғандықтан Ж.П. Ру бұл діни нанымдарды
Тәңірішілдік деп атады. Малшы көшпендінің табиғатқа толық бағыныштылығы
құдіретті, тылсым күштерді қастерлеуге, әулиелендіруге әкелді. Қазақ –
көшпенді барлық қайғы-қасіретті, пәле-жаланы, ауру-сырқау-ды көктің
жазалаушы күшімен ұштастырды және барлық үмітін де көк тәңірімен
байланыстырды.
Қазақтар Айға, Күнге, отқа, суға, аспанға, Жерге табынды, оларды
қасиетті деп есептеді және соның нәтижесінде анттар пайда болды. Ант абырой
және адалдықпени қатар тұтынылды. Антты бұзудан өлім артық болды (ең жаман
қарғыс - ант ұрсын). Қарғыс адамның басына бақытсыздық әкеледі деген
сенім пайда болды. Халық бүгінгі күніне де өзінің жек көрушілігін
қарғыспен, сүйіспеншілігі мен игі тілегін батамен білдіреді. Адамды
тәрбиелеуде, оны қайырымды істерге ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды
аулақ ұстауда батаның рөлі өте зор.
Адамдар қазіргі күні де қайғы-қасіреттен құтылу осы өмірдегі қайырымды
қылықтар мен игілікті істер арқасында деп пайымдайды. Сондықтан да бата
орындалды деп түсінеді. Мазмұндалған бұл материалдан жер бетінде игілікті
өмір сүрудің жалғыз жолы рухтар мен құдайлар алдындағы бағыныштылықты
уағыздайтын дін ретіндегі шаманизмнің идеологиялық мәні айқын көрінеді.
Оның тағы ерекшелігі, адамдардың бұл өмірдегі әр түрлі қылықтары мен
қылмыстары, сондай-ақ, жақсылықтары оның өлгеннен кейінгі тағдырына әсер
етпейді.
Шаманизм қарапайым малшылардың діни санасында терең және берік орын
алған. Шаманизмге тән мәнді белгі ретінде оның діни мәнділігі жазбаша түрде
сипатталмағанына және насихат түрінде уағыздалмағанына қарамастан, тарихи
тұрғыдағы тұрақтылығын да айтуға болады. Ол отбасылық және рулық-тайпалық
деңгейде ұрпақ арасындағы үздіксіз байланыс жолымен жалғасты. Оның маңызды
себептерінің бірі көшпенділер өмірінің ерекше экономикалық жағдайымен
сипатталады. Шаманизмнің моральдық-этикалық түсініктері ақын-жыраулардың
адамгершілік көзқарастары қалыптасу мен дамуына тікелей ықпал етті, бұл
олардың шығармашылығынан айқын аңғарылады.
Ақын-жыраулардың этикалық көзқарастары қалыптасуына ықпал еткен
идеялық бастаулардың бірі исламның діни-этикалық концепциясы болды. Қазақ
қоғамында патриархалды – феодалдық дәстүр үстемдігі жағдайында мұсылмандық
фанатизмінің ролі төмен болды. Арабтар Орта Азияны жаулап алғанға дейін
қазақтар Тәңіріге (аспанға) табынды. Тарихшылардың бірауызды пікірінше,
Орта Азияның отырықшы халықтары 713-714 жылдары арабтарға толығымен
бағынды.
Ислам дүниетаным ғана емес, адамгершілік туралы ілім де болып
табылады. Ислам Қазақстанның, Орта Азияның көптеген халықтарының, шетелдік
Шығыстың бүтіндей бірқатар елдерінің ізгілікті дамуына ықпал етті және
ықпал етіп келеді. Жалпы исламның этикалық ойы исламның өмір сүру тәртібін
анықтайтын идея ретінде осы дін пайда болғанынан бері өмір сүріп келеді.
Бірақ теологиялық-этикалық жүйе түріндегі бұл ойдың қалыптасуына
мұсылманшылықтың негізгі деректері - Құран мен Суннада көрініс табатын
мұсылмандардың моральдық қалыптары жинағы әсер етті. Исламдық этикалық ой
сүрелер мен хадистерге идеялық бағдар ретінде сүйене отырып, мұсылман
қоғамының тәрбие принциптеріндегі қажеттіліктерін өтей алды.
Құран бір жағынан рулық-тайпалық қауым дәстүрлерін бейнелейтін, екінші
жағынан, алғашқы қауымдық, құрылыстың қоғамдық институттарына қарсы
бағытталған пайымдарды бейнелейтін этикалық-құқықтық нормалардан құралады.
Құранның моральдық қағидалары күнделікті өмірдің барлық қырын қамтиды:
отбасы қатынастары, туыстар арасындағы міндеттер, айналысатын пайдалы
әсерлер жиыны, өзге дін (христиан, иудей) өкілдерімен қатынас, саудамен
және қолөнермен айналысу, тыйымдар, парызды өтеу және т.б. Шариатта бес
уақыт намаз адамды күнәдан тазартады деп айтылғандықтан намаз оқуға, ораза
ұстауға кұрметпен қарайды. Ең ауыр күнә - Құран талаптарынан ауытқу.
Алланың ізгілігі мен қайырымдылығына қарамастан бұл күнә кешірілмейді. Ең
жоғарғы қасиет – Алланың еркіне бағыну, шынайы сенім үшін өзіңді
құрбандыққа шалу. Мұсылмандарға ізгілікпен қарау және дінсіздерді қудалау -
Құранның негізгі ерекшеліктерінің бірі. Ислам қағидасы бойынша тек құдайға
қызмет жасап, құлшылық ету жолымен ғана бақытқа жетуге болады. Осыған орай,
мұсылмандар дұрыс жолды таңдай алады. Бұл тезис мұсылмандық ойдың өзегін
құрайды және ол ислам ізбасарларының рухани өмірінде маңызды рөл атқарды.
Мұсылман дінінің моральдық-этикалық жүйесінің бүкіл іргеттасы осы
бағыныштылық талаптарымен құрылғаны белгілі. Мұсылман нағыз адам болу үшін,
ол моральды тұрғыда таза, өз әрекеті мен сөздерінде адал болуы тиіс. Тек
сонда ғана ол адамдар алдында да, Алланың алдында да құрметке ие болады.
Ортағасырлық және онан кейінгі дәуірлердегі мұсылман авторлары
шығармаларының барлығы дерлік Құранның бірінші сүресімен басталады.
Ақтамберді жыраудың, Үмбетей жыраудың Бұқар жырау мен Қабан жыраудың және
т.б. адамгершілік-этикалық көзқарастарында исламның ықпалы айқын байқалады.
Ақын-жыраулар өздерінің адамгершілікке қатысты ойларын құдайдың,
пайғамбарлардың атынан айтты және бұл қазақ қоғамында олардың
көзқарастарының ықпалын күшейтті. Бұл әсіресе Бұқар жыраудың моралистік-
дидактикалық шығармаларынан айқын байқалады. Исламға тән қайырымдылық,
аяугершілік, ізгілік сиякты қасиеттер жыраулардың кейінгі шығармаларында
молынан ұшыраса бастады. Осылайша, ақын-жыраулар шығармашылығы негізінен
діни сипатта, оны рационалдандыру жолымен, моральдық-этикалық бағытта
уағыздау мен насихаттау сипатында дамыды. Демек, қазақ ақын-жырауларының
адамгершілік философиясы адамзаттың бүкіл тарихи дамуы барысында
жинақталған адамгершілік идеялардан және философиялық-этикалық теориялардан
арасы алшақ емес және қазақ халқы өмірінің тарихи жағдайларына сай
келетіндей жоғарыдағы идеялардың заңды жалғасы мен қорытындысын білдіреді.
Ақын-жыраулардың этикалық ойы қалыптасуының ең маңызды бастауларының бірі
білім мен тәрбиенің, оның ішінде адамгершіліктің де қазынасы мен
энциклопедиясына айналған мақал-мәтелдер түріндегі фольклор болып табылады.
Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, данышпандық сүзгісінен өткен, мәңгілік
өмір сүруге құқылы, біздің заманымызға дейін жеткен қазақтың мақал-
мәтелдері, ертегілері бүгін де өз маңызын жоғалтпай, өзінің жарқын
бейнесімен халықтың адамгершілік-психологиялық дамуының тарихи жолын нұрға
бөлеп тұр. Қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, аңыздар мен өлеңдерге,
айтыс пен толғауларға еніп кеткен. Мақалдар халықтың қуанышы мен қайғысын,
даналығы мен өмірлік тәжірибесін білдіретін ең кеңінен таралған формасы
ғана емес, моральдық нормалардың өзіндік кодексі де болып табылады.
Мақалдардан көрінетін моральдық кодекс балалық шақтан кәрілікке дейінгі
тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Қазақ мақалдарының тақырыбы барлығын
қамтиды. Ол өмірдің барлық қырын құрамына енгізеді: күнделікті тұрмыстан
тарихқа, өмірге дейін, халықтық этика нормаларының кең кодексін қамтиды.
Көшпелі өмір тәртібіне сай қазақ халқының өз еңбек әрекетіне деген
көзқарасы мақалдарда бейнеленеді. Бақыттың көзі ретіндегі еңбекке деген
көзқарас көп мақалдарда кездеседі. Мысалы, таяқпен құлын табасың, құлынмен
тұлпар табасың, тұлпармен бақытыңды табасың".
Патриархалды-феодалдық өмір тәртібін бейнелейтін қазақ мақалдарын
зерттеу олардың идеялық мазмұнының өзегі "жаман адам" мен "жақсы адам"
түсініктерінен құралатынын көрсетеді. Қолдаушы формула жақсы адам мен
кінәлаушы жаман адам отбасылық өмірде де, қоғамдық өмірде де моральдық
нормалардың бүтін жиынтығын білдіретін қорытындылаушы түсініктер болды.
Жақсы мен жаман халықтық мораль тұрғысында былайша бағаланады немесе
сыналады: Жақсы іске келеді, жаман асқа келеді, Жақсыдан қашпа, жаманға
баспа.
Қазақ мақалдарында қайырымдылықтың зұлымдықпен күресі мәселесі үлкен
орын алады. Халықтың қолдайтын барлық жүріс-тұрыс нормалары мен
принциптері, жағымды бағаланатын адамгершілік әрекеттердің барлығы
қайырымдылық болып табылады. Ал халықтың кінәлайтын әрекеттері мен
қылықтарының барлығы, адамның қоғамдық және жеке өміріне зиян келтіретін
нәрсенің бәрі зұлымдық болып табылады. Сонымен қатар қайырымдылық ақылмен
және біліммен байланыстырылады, адамгершілік өмірде үлкен мәнге ие болып,
зұлымдыққа қарсы күресте маңызды құрал ретінде бағаланады.
Қазақтың халық далалығы адам абыройын түсіретін моральдық принциптерді
қатал айыптайды. Және керісінше, батырлық, патриотизм, төзімділік сияқты
жағымды адамгершілік қасиеттер бағаланады. Ер түсінігі туралы мақалдар
өте көп. Мысалы, Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. Мыңжылдық
тәжірибеден туындаған Таспен ұрғанды - аспен ұр деген даналықты айту үшін
қазақ халқы небір қиын-қыстау күндерді бастан өткізді. Көшпендінің кең
пейілділігі мен қонақ-жайлылығы мына мақалдан көрініс табады: Кездескен
адамыңды сыйла, мүмкін оны соңғы рет кездестірген шығарсың.
Осылайша, қазақ мақал-мәтелдеріндегі адамгершілік-этикалық идеяларға
үстірт шолу жасаудың өзі Қазақстандағы этикалық ой халық даналығының
тереңдегі таусылмас қайнар бұлағынан нәр алатын бай адамгершілік материалға
негізделгенін көрсетеді. Қазақтың ақын-жыраулары ойдың асыл інжу-
маржандарын осы мақал-мәтелдерден алып отырды. Көпғасырлық халық даналығы
адамгершілік-этикалық идеяларға толы. Тарихтың бүкіл он бойындағы өзара
қатынастарды реттеп отыратын адамгершіліктің қарапайым нормалары бүкіл
халық жинақтаған тәжірибенің нәтижесі мен қорытындысы болып табылады. Біз
мазмұндалған материалдық өзектілігін рухани ақиқаттар тұрмысынан жеткізуге
тырыстық, бірақ оның алғышарты кез келген философиялық проблематика сияқты
философияның өз дамуының ішкі (имманентті) қажеттіліктермен қатар,
әлеуметтік дамудың сыртқы қажеттіліктерімен де сипатталады.
Ел аузынан жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда Шалкиіз Батыс
Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші —
қазақ арасындағы көп шонжардың бірі болса керек.
Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі — ондағы философиялық
толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой-
өресімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық ойлары ұзақ
толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер
жыраудын, шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді.
Осыдан келіп біздер Шалкиіз ойларының, шығармаларының өміршеңдігін, арада
төрт жарым ғасырдай өтсе де ұрпақ жадында ұмытылмай сақталуының сырын
ұғамыз.
Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: "Шалкиіз — новатор едь—
дейді. — Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл
тұрғыдан алғанда Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады.
Өзінің философиялық афористік поэзиясы — толғауларында Шапкиіз ойлылықтың,
көркемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нактылық, ықшамдылық,
ойнақылық, сонымен қатар тереңдік — Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. Бұл
жағынан алғанда қазақ жырауларының ешқайсысы да онымен белдесе алмайды".
Қазақ ақын-жырауларының шығармалары, негізінен, көшпелілер болмысы,
ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық,
көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты болып келдці.
Осы тұрғыдан алғанда Шалкиіз шығармашьбіығында бір қалыпқа түскен
философиялық көзқарас жоқ. Ол Шалкиіз шығармаларының біздерге дейінгі
ұрпаққа толық жетпеуі себепті болар деп ойлаймыз. Дегенмен, қолда бар
толғаулардың өзі адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терен түсініктер
береді.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау. Өмір қысқа екен,
бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз ғұмырды
дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп, жырау өмір
мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Жырау өмірдің
бар қызығы, бақыты, қуанышы о дүниеде емес, адамның бар бақыты бұл дүниеде
екендігін айтып өтеді.
Шалкиіз жырау "көп түкірсе — көл" деп елді ұйымшылдыққа, бірлікке
шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі келеді. Ол жауға
айбар, елге қорған дейді. Сондыктан да Шалкиіз жырау: "Жалғыздың жағы
жоғалса табылмас, рулының оғы қалса табылар", "Жағаға дұшпан қолы тимеске,
артында туысқанның көбі игі", "Белуардан саз кешсең тобығыңнан
келтірмейтін" "қамалаған қалың туғанның арқасы",—деп ағайынның, туғанның
көп болғанын қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде де айта келіп "көрінгеннің
бәрі бірдей емес", "қырға шықпас жаманның барынан да жоғы жақсы" деп, адам
бойынан үлкен адамгершілік, игілік, тереңдік іздейді.,
Жауынды күні көп жүрме
Жар жағасы тайғақ-ты,
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
Қорыта айжанда, Шалкиіз мұралары бізге әлі толық жетпегенмен, оның
рухани мұрасы өте бай. Оның сөз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл ойлау
мәдениетіміздің қалыптасуына, сөз жоқ, айтарлықтай ықпал етгі.
Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі — Ақтамберді жырау Сарыұлы
(1675-1768 ж.ж.). Халидидің айтуынша, Ақтамберді — ойраттармен күрес
дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Актамберді
шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақ халқыныц
болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның
толғауларынан ерекше айқын көрінеді.
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі қазақтың
намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.
Дұшпаннан көрген, қорлығым
Сары су болды журекке,
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке,
Жауга қарай аттандым,
Жеткіз деп, құдай тілекке!
Ақтамберді, өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі
қарай жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақгардың ой арманы, мақсат мүдделері,
олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады.
Бұған жыраудың "Күлдір-күлдір кісінетіп" деп басталатын ұзақ толғауы дәлел
бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық — малда. Ол "алғайдың
құба жонына сыймас" ақтығы қой, "көлге түссе көз жетпес" көк алалы көп
жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды,
елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды. Қазақтар үшін мал
асылы — жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер өміріндегі алатын орны
жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны жоқ. Ол — еліміздің ұлттық
қасиеттерін, қонақжайлығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе, от
басының сыйлығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің
топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты
орындалғандығына ризашылығын білдіре келіп "батырларша оққа ұшпай, төсекте
жатып тек өлгендігіне" өкінеді.
Қазақ тарихындағы келесі алып тұлғалардың бірі — Бұқар жырау.
"Бұқар жырау (XVII—XVIII ғ.ғ.) XVIII ғасыр жыраулары ішіндегі ең
көрнекті кесек тұлға — Бұқар жырау Қалқаманұлы шамамен 1668 жылдары дүниеге
келді.
"Заманының бізге бір табан жақын тұрғаныңа, өмір сүрген дәуіріндегі
көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына қарамастан,
қазақтың ескіде өткен басқа ақын-жыраулары сияқты, Бұқар өмірі қақында да
біздің білеріміз тым тапшы. Жыраудың туған, өлген жылдары жайында нақты
деректер жоқ. Қолда бар бірден-бір нақты мәлімет жыраудың Абылайдан бұрын
туып, соң өлгендігі".
Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі
ықпалды билердің бірі болғаңдығын білеміз. Алайда, Бұқардың Тәукеден соңғы
әміршілермен тіл табыса алмағандығы аңғарылады.
Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және
өз, шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп-
түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн
кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау,
ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп, қабырғалы биге, өз
заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл
шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далбатауының етегінде. Мәшһүр
Жүсіптің айтуынша, Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
Совет дәуіріндегі казақ философиясы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Академик Р. Сыздық және әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлері
ХІХ ғасыр ақындары туындыларындағы заман бейнесі
Дәстүрдің жаңғыруы, Ежелгі қазақ әдебиетінде бар поэтикалық үлгінің дәуірлер өте келе жаңа қырынан түлеуі
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ МЕН ҚАЛЫҒҰЛ БАЙҰЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЗАР ЗАМАННЫҢ СИПАТЫ
Пәндер