Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы 2
ІІІ Шәкәрім – философ 5
Қорытынды 13
Әдебиеттер тізімі: 14

І Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы

Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі
Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкәрім Абайдың
немере інісі болғандықтан тәлім-тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін
көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде
болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген.
Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген.
Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол
көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі – Стамбул кітапханалардағы асыл
мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге,
өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір
қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан
дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған
тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста
идеалист, өмір бағытында реакционер болған емес. Оның көптеген
шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне
рационализмге, деиизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені
жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі – табиғатың,
жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы:
өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады
да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-
өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы – демократтары
да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де
солардың ізінде болды.
Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер
деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. Арман, Жастарға, Қазақ
айнасы, және т.б өлеңдерінде, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-кебек, Нартай лақ
пен Айсулу поэмаларында, Бәйшешек бақшасы, Өзімшілдік сынды прозалық
туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең
танылады.
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кемеңгер, ойшыл, қазақ
әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында
кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту
ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған
қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік,
адамгершілік идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы,
зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық
күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтың түпкі
түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден туғаны анық. Шәкәрімнің
дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық, эстетиялық көз қарастары
Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен қалыптасты. ХХ ғасырдың бас
кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-
жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған, Абай заманына өзгелерден бір
табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға болды.
Шәкәрімнің қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат-қасиеттер
лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмаларындағы
дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі өрнектерін қызықтауы,
орыс әдебиетінің сюжеттеріне бой ұруда, шежірешілдігі - бәрі де өз заманың
тілек–талаптарына сәйкес қалыптасқан. Шәкәрімнің ақындық әлемі бай, көп
қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның Еңлік-
кебек, Қалкаман-Мамыр сияқты дастандарынан халық өмірін терең білетін,
сан ғасырлық халық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу
тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасына өте
күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін,
жаңашылдығын сезініп тәнті боламыз. Шәкәрімнің өлендеріне шығарған
әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынан
алғанда Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде өте
сирек құбылыс дей аламыз. Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде:

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал, енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық.
Шын іздесек – табармыз шыны ғылым!
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.
Шәкәрім жастардың өмірлік мақсаты тұралы айта отырып, өзінің өнерпаздық
бағытында айқындайды Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық? деген сауал
қойып, кім болса да үлгі аларлық білімді, данышпан, шынайы ғылым Абай
дейді. Өлеңнің негізгі идеясы-жастарды Абайдың жолымен жүруге шақыру.
Абайдың арман-мұратын білім, ғылым үйренуді, адал еңбек етуді,
адамгершілікті, әділдікті ту етіп көтеру, надандыққа, ала ауыздыққа қарап
күресу.
Шәкәрім өзіне Абайдың шыншыл сөздері қатты әсер еткенін тебірене атады.
Абайдың салған ізімен жүру бірден-бір дұрыс деген шешімге келеді.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ
болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім әсерлері,
махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында
сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сары күшті. Шәкәрімнің
ойшылдығының, ақылдығына тән фәлсапашылдығының сыры неде десек, бұл
алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен
қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы-
жыраулармен қатар арғы-бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы,
орыс және батыс ақындарының шығармаларының өте жақсы білген.
Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану салаларындағы
түрік тілдегі, орыс тілдегі, араб тіліндегі ғылым еңбектерді ұзақ жылдар
жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан-жақты, энциклопедиялық білімі бар
ғұлама оқымысты дана адам болған.
Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан
саналы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы мол
қазынаның түп төркіні сонау VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей, ежелгі түркі
жазбаларынан басталады.
Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбрай, Абай,
Шәкәрім еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.
1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралды, жолда Стамбул
кітапханаларындағы рухани асыл мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу,
жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша елсіз жерге барып
мекендейді. Сол жылдары оның еңбегінен көптеген төл еңбектер туындайды.
Солардың бірі Түрік-Қырғыз, Қазақ-һәм хандар шежіресі атты шығарма
(бірінші бөлім), ертеректе жазылған Қалқаман-Мамыр мен Еңлік-Кебек
поэмалары жеке кітап болып жарық көреді. Осы жылдары Том ағайдың
балағанын Л.Н.Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады.

ІІІ Шәкәрім – философ

Шәкәрім қазақ поэмасында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа
түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның
ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние
болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, жерленгіштік қабілеті
мен не нәрсенің болсың ішкі сырын, көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға
келмейтін нәрселердің арасын ажыратып, болмыстын, дүниетану мен моральдың
негізі ақыл деп санайды. Ақыл, парасатты, ақыл қандай да нәрсені, құбылысты
дұрыс түсініп бағалауға, ақ-қараны айыра білуге мүмкіндік береді, сондықтан
ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау деп түсіндейді.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр деген өлеңінде Шәкәрім сол нұрды,
ақылдың керемет күш-қуатын адам жақсы іске ғана емес, сонымен қатар күн
көріс үшін, пайда үшін зұлымдық пен айла жасауға да жұмсап тұр дейді. Адал
еңбек, ақ пейіл, мейірім бар жерде ғана таза ақыл болады яғни адал ниетпен
ақылға билетіп, ешкімге қиянат қылмай істелген іс адамды мұратқа жеткізеді
деген ой-түйеді.
Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі – ақыл-ой, ойлау қабілетінің
қуаттылығы, ой-тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар
ғылымның түп атасы - таза ақыл мен ойлау.
Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір-
болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын
ақылмен сынап, ұғып-түсіну мағынасында алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің,
тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселерді ғылыми ұғым-
түсініктермен ұштастыра толғайтын философиялық өлендерді өз алдына бір
тақырыптық арна болып қалыптасты.
Ақынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі оның ойшылдығымен жалғасып,
дүниеге көзқарасындағы бірлік- біртұтастықты танытады. Шәкәрім дүниедегі
сансыз кереметті кім жаратса –Тәңірі сол дейді.
Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену - ақиқатты іздеу, адалдыққа ақылмен
жету деп түсінеді.
Ақынның ойшылдығың оның дүние-болмыстың терең сырларын тауып-білуге
құмарлығын, мысалы, дүние қалай жаралған деген мәселеге айрықша көніл
қойып, тиянақты жауап іздеп, сол арқылы ен түпкі жаратушы-мінсіз Ие деп
түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.
Тау бойындағы ой деген өлеңінде дөңгеленген жердің күнді айналып
жүретіні көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегенді
айтады:
Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау!
Қайырлы түн болсын деп үнсіз айтып,
Күн кеткен соң, түн келді қараңғылау!
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние? деген басқа да өлеңінде
Шәкәрім дүниеде таңғаларлық нәрсе өте көп, алайда бәрінде де заңдылық,
қисын бар деген пікір айта келіп, себебі толымдының ісі толық дейді.
Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының құдіреті де
шексіз деген мағына туады:
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, білім, ой шықты мұнан неге?
Шәкәрімнің философиялық өлеңдері ой тереңдігі, пікір сонылығымен
танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін ұштастыра білумен оқымысты
ақынның өнерпаздық тұлғасына сай интеллектуалдық сипат алған.
Адамдардың қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын, жеке адамның мінезін, іс-
әрекетін бағалағанда да Шәкәрім ақыл-ой талабын, ақыл- парасаттылықты
қаңдай да іс-әрекетті ақылмен сынауды басты принцип етіп қояды. Ол әр
адамның ісіне өзі сын көзімен қарап, биік талап қоя білуі, қиыншылыққа
төзіп, табандылық, қажырлылық танытуы қажет екенін баса айтады.
Өмірдің өкініші аз болмайтынын айта отырып, ақыл- парасаттылық, ой
тазалығы адамның уайым-қайғыға бой алдырмай, саналы қылық қылуына басшы
болады деп пайымдайды ақын.
Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл,- дей отырып, әр адам өз қабілетін
дұрыс бағалай біліп, өзінің қолынан келетін істі атқаруға ұмтылуы қажет
екенін, өмірдегі нақтылы жағдайды, мүмкіндікті айқын түсіне біліп, соған
орай әрекет қылғанда ғана адам сәтсіздікке ұшырамайтынын мейлінше дәлелді
етіп көрсетеді. Адам өзіне сыншы болып, өмірге саналы көзбен қарауға
үйренсе, әр нәрсенің себеп-салдарын анық танып, біле алады, сонда ол өз
ісінің сәтсіздігін өзгеден көрмей, нақтылы жағдайды дұрыс бағалап, содан
өзіне сабақ алады деген үлкен ғибараттылық мәні бар түйінді ой қорытады.
Қазақ қоғамындағы, жағдайды, әлеуметтік ортаны, әр түрлі топты
өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін жан-жақты барлап, терең түсінген
шығармаларында шынайы бейнелеп берген Шәкәрім халықты ескілік шырмауынан
шығарып, өркениетке бастайтын бірден-бір өнімді сара жол өнер-білімге қол
жеткізу, ғылым үйренуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин (1841—1889)
Құдайбердіұлы Шәкерім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Ыбырай Алтынсарин өмірі
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889ж.)
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы. Шәкәрім - Абайдың бауыры
Пәндер