Көне грек философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Көне грек философиясы 3
Классикалық кезең (Б.з.д. Vғ.) 6
Эллинизм дәуiрiнде философиялық ойлар 10
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Antiquus деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық
философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және
Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.б. VII ғ соңында VI ғ
басында пайда болып б.з. V ғ өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы
спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Әлемнiң
қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осыған сәйкес
өткен кездiң, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл
ғарыштың табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу ежелгi грек философиясына тән
болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген табиғаттың дiнi
болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық
көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия:
“Ол неден пайда болды?”- деп сұрайды. Әртүрлi дәуiрдiң философтары
антикалық философиядан шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты Гректер
философия терминiн дүниеге алып келдi, адам онда рухани белсендiк типiнiң
ерекшелiгiн анықтады.
Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:
1. Көне грек философиясы, немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д.
VI-V ғ басындағы кез болады. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет
мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар;
Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Мектептерден
тыс тұрған философтар: Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор.
2. Классика осы кезеңнiң негiзгi мектебi софистер (Горгий, Гиппий, Протогор
және т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаға Сократ, Платон
және оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.
3. Эллиндiк кез (б.з.д. IV – б.з. V ғ). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi:
Эпикур және Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней
Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); киниктер
(Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
Антикалық философияның (даму кезеңiне тәуелсiз) негiзгi сипаты ғарыштық
логоцентризм. Логос – ежелгi философияның орталық ұғымы. Гректер ғарышты
тәртiпке салынған және антикалық адамды да тәртiпке салынған және үйлесiмдi
жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақты бiлiмнiң
жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi және оны философия көмегiмен
толықтыруға болатынына сенедi.

Көне грек философиясы

Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы ғарыш, физика. Алғашқы
грек философтарын физиктер, ал философияны натурфилософия деп атады. Осы
кезеңде әлемнiң бастамасы мәселесi қалыптасты. Элеаттардың философиясы
бiрте-бiрте натурфилософиялық мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс,
оның құрлымы ойлаудың басты тақырыбы болып қалды. Ертедегi антикалық
философияның орталық мәселесi онтология болды, алғашқы ғылыми (мифологиялық
емес) дүниеге көзқарастың жиынтығы жасалды.
Көне грекияның атақты философы – Фалес. Фалестiң пiкiрiнше барлық
тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы
бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi таста осының нәтижесi . Әртүрлi,
әр алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәнi және байланысының айрмашылығы
осыдан алғашқы орынға шығады.
Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға
жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таң қалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес:
тiршiлiк мәннiң ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi -
әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол
бәрiн ашады, - дейдi. Сұрақтарға жауабы: дүниедегi қиын не? – Өзiңдi
тану. Ең оңайы не?- Басқа бiреуге кеңес беру. Бақытсыздықтан қай кезде
құтыласыз? – Жауыңа сенен де қиын болғанда.
Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлде бiр белгiсiз және
шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне осы түсiнiк
дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi.
Анаксимен – материалист . Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан –
ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа қозғалыста, шексiз,
мәңгiлiк зат.
Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешiлiгi мен ең маңызды
табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан
Гераклит (б.з.д. 540-460ж) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса
ұлы пiкiр айтты: Дүние дегенiң – аққан су, табиғаттың түп негiзi – от, ол
әрдайым өзгередi. Ол қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл
заң диалектиканың негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл
зат құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсылардың
күресiнiң нәтижесi. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және өзгерiсте
болады. Бiр өзенге екi рет түсе алмайсың, қайтара түскенде онда жаңарған су
болады. Қоршаған ортаның салыстырмалығын мойындаған: Теңiз суы адам үшiн
кiр, балық үшiн – таза. Адам әр жағдайда әр түрлi жақсы да, жаман да амал
жасайды. Табиғаттағы осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын
байланысты ол жалпыға бiрдей логос заңдылығы деп атады. Демек, логос -
әлемдiк ақыл-ой. Қоршаған ортаны сезiм арқылы тану дұрыс деп есептедi.
Пифагор (б.з.д.584-500 ж) ежелгi грек философы және математигi.
Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi - сан деп есептеген. Барлық қоршаған
шындықты таңбалап санға теңедi. Санның арқасында өлшеуге және тануға да
болады,- дейдi. Категорияларды бөлiп көрсету арқылы әлемнiң бiрлiгiнiң
диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол,
әйел мен еркек т.б.) көрсеттi. Бiрлiк барлық өте ұқсастықтың бөлiгi, деп,
ол иррационалдық сандар туралы ғылымның негiзiн қалады, математиканың
дамуына елеулi үлес қосты. Оңтүстiк Италияда Пифагор одақ құрып сан
мистикасы, сфералардың ғарыштық гармониясы iлiмдерiн таратты. Ол жанның
өлмей көшетiнiне сендi, бұл кейiн неоплатонизмде қайтып жаңғыртылды.
Элеаттар – Элей философия мектебi б.з.д. VI–V ғғ – ежелгi Элейде,
қазiргi Италия территориясында өмiр сүрдi. Өкiлдерi: Парменид, Зенон
Элейский, Мелисс Самосский.
Парменид – бiрiншi болып болмыс түсiнiгiн еңгiздi. Оның пiкірiнше
дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. Болмыс бар, биболмыс – жоқ. Биболмысты
тану, немесе ол туралы пiкiр айту мүмкiн емес. Сондықтан әлем болмыспен
тығыз және үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi бермейдi.
Тек философиялық ақыл-ойға салу арқылы ақиқатқа жетуге болады. Элеаттар
тану мәселелерiнде, сезiмдiк таным (докса – пiкiр) және идеалдың жоғарғы
рухани таным деп қатал түрде бөледі. Бұл монизмдi жақтаушылар – көпшiлiк
құбылысты бiрлiк бастамадан шығарады. Барлық материалдық тiршiлiктiң
көрнiсi идея деп олар идеализмнiң алғашқы хабаршысы болды.
Элейден шыққан ойшылардың жаңалығы мынада: космологияны онтологияға
(болмыс теориясына) өзгерту, өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу
(болмыс, биболмыс, ойлау), диалектикалық тәсiлдi еңгiзу мен пайдалану
арқылы философияда дәлелдеудiң қажеттiлiгi мен оның тәсiлдерiн қолдануды
(абсурдқа әкелу принципi) мойындау. Зенонның апориялары өзiндiк заңдылықтың
күш-қуатын бекiтетiн тәжiрибе деректерiне күмән келтiретiн логос
позициясын күшейтуге бағытталған. Егер Парменид философиялық тезистердi
дәлелдесе, Зенонды Аристотель диалектиканың атасы деп атады (қарсыластың
пiкiрiн терiске шығаратын диалогты пайдалануына байланысты). Зенон әдiсi –
жағымсыз жағдайды дәлелдеу. Парменидтың “Қайшылық заңына” ол “Үшiншiнi
жоққа шығару” заңын қосты. Зенонның “Ахилес”, “Дихотомия”, “Жебе”,
“Стадион” және басқа апориялары философия ұрпақтары мен көпшiлiк үшiн
алынбас қамал болды.
Зенонның “Ахилл және Тасбақа” апориясы (апория – түсiнiксiз қайшылық).
Алғашқы шарт. Ахилл мен Тасбақа бiр-бiрiнен А аралығындағы қашықтағы
жол бойында тұр. Олар бiр кезде бiр бағытқа қарай қозғалады. Ахилл барлық
күшiн салып жүгiредi, ал тасбақа болса, бауырлап жылжиды.
Тезис: Ахилл ешқашанда Тасбақаны қуып жете алмайды.
Дәлелдеу: Тасбақаны қуып жету үшiн Ахилл алдымен қозғалыс басталардағы
бөлiп тұрған А аралықты жүгiрiп өтуi керек. Осы уақытта тасбақа да А
аралығын өтедi. Демек, ендi Ахилл тасбақаны қуып жету үшiн тағы да А
аралығын жүгiрiп өту керек және т.т. Себебi кеңiстiктегi жол шексiздiкке
дейiн бөлiнедi, онда Ахилл мен Тасбақа арасында азда болса аралық қалып
отырады, оны Ахилл жүгiрiп өтуi керек.
Қорытынды: Ахилл ешқашан да Тасбақаны қуып жете алмайды. Кеңiстiкте
шексiз бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiн интервалдардың (аралықтар) өмiр сүруi
мүмкiн болса, онда қозғалыстың болмайтындығы туралы тұжырым жасауға болады.
Зенон бойынша кеңiстiк өзiнiң құрлымы бойынша шексiз (континуальдық),
немесе оның бiр шекке (дискреттiк) дейiн бөлiнетiн және одан ары ұсаққа
бөленбейтiн интервалдары бар. Егер кеңiстiк белгiлi бiр шекке дейiн
бөлiнетiн болса, онда жебе туралы апория қолданылады.
Ұшып бара жатқан жебе t уақыт сәтiнде кеңiстiкте белгiлi интервалда
орын алады: 3-тен 8-ге дейiн. Қозғалыс – бұл кеңiстiтегi орын ауыстыру,
демек, жебе жылжиды, олай болса келесi сәтiнде уақыт t, ол басқа
кеңiстiктiң интервалында орналасады: 4-тен 9-ға дейiн. Әрбiр кеңiстiктегi
интервал бөлiнбейдi: жебе онда толық орналасады, немесе орналаспайды, жарым-
жартылай орналасуы мүмкiн емес. Демек, жебе интервалдың бiр бөлiгiн, 8-9
өтуi мүмкiн емес, бұл интервал бөлiнбейдi. Онда уақыт t кезiнде жебе
қозғалыссыз 3-8 интервалда, ал уақыт t΄ кезiнде қозғалыссыз 4-9
интервалында болады.
Қорытынды: Ешқандай қозғалыс жоқ, тек кеңiстiктiң әртүрлi интервалында
қозғалыссыз орналасу бар.
Ежелгi Грециядағы материалистiк бағыт кейiнгi кезеңде Демокриттiң
(б.з.д. 460-370 жылдар шамасы) философиясынан толығырақ көрiндi.
Демокриттiң көзқарасы бойынша, нақты дүниенi, негiзгi кеңiстiктi толтырып
тұратын атомдар. Олар табиғаттың бөлiнбейтiн және мәңгi өмiр сүретiн ең
кiшi бөлшектерi. Олар сапа жағынан емес, саны, түрi, формасы, ретi,
тәртiбi немесе орналасуы және көлемi жағынан бiр-бiрiнен өзгеше келедi.
Соларға байланысты денелер белгiлi бiр сапаға, қасиетке ие болады, жылы не
суық, ауыр не жеңiл, қатты не жүмсақ болып келедi. Атомдар мәңгi қозғалып
тұрады, бiр-бiрiмен соқтығысып шағысып жатады.
Бәрi де үнемi өзгеру үстiнде болады, бәрi де заңды түрде және қажетiне
қарай өтедi. Демокрит табиғат пен қоғам құбылыстарын детерминизм (барлық
заттар мен құбылыстардың заңды, себептi-шартты байланысы туралы iлiм)
принципi негiзiнде дәлелдейдi.

Классикалық кезең (Б.з.д. Vғ.)

Классикалық кезең тақырыбы – адам мәнi, оны танудың ерекшелiгi,
философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру. Атап айтқанда
осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және оның бiлiм
түрiнiң басқаларына қарағанда алғашқы болды. Теориялық философия
принципiнiң негiзiнде құрылған классикалық кезеңнiң негiзгi проблемалары:
онтология, антропология, гносеология
Сократ (б.з.д. 469-339 жж) туралы Аристотель мен Платонның айтуы
бойынша бiлемiз. Сократ әлем құрлымын, заттардың (физикалық) табиғатын
танып бiлуге болмайды, тек өзiмiздi ғана бiлуiмiз мүмкiн дейдi. Мұны
“өзiңдi танып бiл” формуласы түрiнде өрнектедi. Бiлiм - дегенiмiз ой, жалпы
туралы ұғым. Ұғым анықтау арқылы айқындалады да, индукция арқылы
жалпыланады.
Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртiптi өмiр
сүруге баулу. Көбiнесе пiкiр таласы және өз айтыстарымен шұғылданған.
“Менiң бiлетiнiм – еш нәрсе бiлмейтiнiм” – дейдi ол. Сократ этика саласында
өнегелiктi ақиқат және даналық пен теңестiрдi. Тек ақылды адам ғана
өнегелi, себебi ол iзгiлiктiң, жақсы мен жаманның не екенiн бiледi. Әсiресе
Сократ үш iзгiлiктi бағалайды: сабырлық - сабырлы адам құмарлықты қалай
басуды бiледi; батылдық - батыл адам қиындықты қалай жеңудi бiледi;
әдiлеттiлiк - әдiл адам адамдық пен құдайлық заңдарды қалай ұстауды бiледi.
Сократтың ойынша даналық тек қана “мейiрбан адамдарға” ғана тән.
Платон (б.з.д. 428-347 жж). Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы,
әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын
идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, “сезiмдiк заттар”
дүниесi дегенiмiз идеялардың көмескi бейнелерi болып табылады. Заттар мәңгi
өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн
және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс
мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал
биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол
материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi,
түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай,
неге болмысты идея деп, ал биболмысты материя деп санайды? Материалдық
заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) ешуақытта зақым
келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы
болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше азаймайды және көбеймейдi,
жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея
мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте және т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа
берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзгi бiр абсолютi.
Платон диалектик ретiнде ешқандай абсолют, қарама-қарсылықсыз толық
болмайтынын бiледi. Сондықтан болмыс биболмыспен толтырылуы керек, яғни
әлемдегi құбылмалық, өлiм, жалғыздық және ерiксiздiкпен толықтырылады. Бұл
материалдық әлем. Осылайша “идея әлемi” және “заттар әлемi” қарама-қарсы
қойылады. Платонның “Тимей” диалогында ғарыш теориясы дамиды. Ғарышты
Демиург жасайды. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi
мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлем), көшiрме (физикалық әлем)
және Жаратушы (Демиург) – үлгiге сәйкес көшiрменiң авторы. Демиург әлемдiк
жанды жасайды, ғарышқа тiршiлiктiң ерекше-нысанын бередi. Ғарыш құрылымында
құдiреттi ақыл-ойды, әлемдiк жан мен әлемдiк дененi қамтитын тiрi,
жарасымды дүние ретiнде көрiнедi.
Платонның ойынша нағыз шын бiлiм сезiмнен тыс мәңгiлiк идеялар әлемi
туралы бiлiм болып табылады. Оны табудың жолы - адамның мәңгiлiк жанының
өлетiн денеге кiрмей тұрғандағы идеялар дүниесiндегi Өмiрiн еске түсiруi.
Жалпы ұғымдардың жаратылысын зерттей отырып, ол сезiм арқылы танып бiлудiң,
бақылаудың, тәжрибенiң ролiн кемсiтуге тырысты, олар бiзге ақиқатты бере
алмайды деп мәлiмдедi. Сонымен, танымның нақты процесi Платонда бұрмаланған
түрде болып шықты. Бiрақ идеялардың бағыныштылық байланысын, бiр-бiрiне
өтiп отыруын зерттеп диалектиканы, ғылыми теорияны дамытуға өте үлкен үлес
қосты. Платон әлеуметтiк философия саласында мiнсiз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антикалық философияның элиндік-римдік дәуірі
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Көне Греция философиясы
Көне Греция философиясы жайлы
Платон философиясы туралы
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі.Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері жайлы мәлімет
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Антикалық философия тарихы
Пәндер