Қытайда европ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 2
Қытай Халық Республикасында жаратылыс тану және техникалық ғылымдардың
дамуы 3
Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. 6
Қоғамдық ғылымдар. Философия. 9
Ғылыми мекемелері 14
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Бұл реферат Қазақ совет энциклопедиясы және Т. Х. Ғабитовтың
Мәдениеттануға кіріспе атты еңбектері негізінде дайындалған. Ежелгі Қытай
елінің жаратылыс тану және техникалық ғылымдары жөнінде жазылған. Яғни,
көне заманнан бастап ҚХР құрылғанға дейінгі жаратылыс тану және техникалық
ғылымдар саласындағы зерттеулер туралы жазылған.
Қытайда көптеген маңызды ғылыми-техникалық жаңалықтар басқа елдерден
бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған. Қытайда математика Хань әулеті
тұсында-ақ едәуір дәрежеде дами бастаған. Қытай ғалымдары 11-14 ғасырдың
өзінде-ақ биномдық коэффициенттерін білген және Паскаль ұшбұрышымен
таныс болған. Осы сияқты жаратылыс тану және техникалық ғылымдармен
бірге қоғамдық ғылымдар да жақсы дамыған. Б.з.б. 6-3 ғасырларда
конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде
Қытайда философия пайда болды. Бұл ілімдердің алға қойған басты
мәселелері қоғамды, мемлекетті басқару ісі еді. Қытайда барлық ғылыми-
зерттеу жұмыстарын Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комиссия мен
Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы т.б. органдар арқылы Мемлекеттік кеңес
басқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру ҒА-на жүктелген.

Қытай Халық Республикасында жаратылыс тану және техникалық ғылымдардың
дамуы.
ҚХР құрылғаннан (1949ж.) кейін ғылым мен техниканың жоспарлы
түрде дамуына қолайлы жағдай жасалды. 1949-1957ж. партия мен мемлекет
басшылары ғылым мен техникалық жетістіктерін соц. экономиканы дамыту
мақсатына пайдалана отырып, ғылым мен техниканы неғұрлым кеңінен
өрістету мәселесін алға қойды. Осы тұста ғылыми мекемелер жүйесін қайта
құру, жаңа ғылыми-зерттеу ұйымдарын ашу жөнінде маңызды жұмыстар
істелді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы мөлшері көбейтілді.
Қытайда ғылым мен техниканың ойдағыдай дамуына СССР мен ҚХР арасында
тығыз қарым-қатынас орнауы себепкер болды. Әсіресе 50 жылдардағы
бірлесіп жасалған ғылыми жұмыстардың маңызы зор болды. СССР мен ҚХР
жоғары оқу орындары 124 тақырыпта бірлесіп жұмыс жүргізді. 1951-1960ж.
СССР ҒА-нда 900-ден астам ҚХР қызметкерлері ғылыми дайындықтан өтті. 50
жылдың аяқ кезінде Қытайда бірқатар саяси науқандардың жүргізілуіне
байланысты ғылымның дамуы тоқырап қалды. 1960 жылдан бастап СССР-мен
ғылыми-техникалық байланыс азайды. 1951-1965ж. СССР т.б. соц. елдермен
ғылыми-техникалық байланысты үздіксіз азайта отырып, Франция,
Ұлыбритания, ГФР, Италия т.б. капиталистік елдермен ынтымағын
күшейтті. 1971-1972ж. жаратылыс тану және техникалық ғылымдарының
дамуы жеделдеді. Мәдени революция кезінде тоқтап қалған бірқатар
ғылыми-зерттеу мекемелері іске қосылып, реабилитация алған көптеген
ғалымдар жұмысқа кірісті. Қытайда елдің табиғи байлықтарын зерттеу және
оларды пайдалану жұмыстарына баса көңіл бөлінуде. Геологиялық зерттеулер
нәтижесінде таскөмір, темір рудасы, түсті және сирек кездесетін
металдар мен т. б. пайдалы қазындылардың орасан зор қоры табылды. Алайда
кейбір жеке металдар (никель, хром, платиноидтер) мен алмастан ҚХР-да
түбегейлі кен қоры әлі де жасалған жоқ. 1950-1960ж. ірі мұнай көзі
табылды. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика
мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. Қытайда ҒА-ның жанынан
ядролық энергия комитеті құрылған. 1958ж. Атом энергиясы институты
ұйымдастырылды. Сол жылы Пекин қаласының түбінде СССР-дің көмегімен
жасалған қуаты 10 мың квт тұңғыш эксперименттік ядролық реактор және
қуаты 25 Мэв циклотрон іске қосылды. 1971ж. ҚХР-да 10 шақты реактор
болды. Ядролық проблемаларды зерттеуге У Ю-сунь, Ван Ганчен, Чжао
Чжун-яо, Пэн Хуань-у, Чжан Цзян-хуа т.б. қатысты. Олардың көпшілігі
АҚШ-та оқыған. 1964ж. октябрьде Қытайда тұңғыш рет ядролық
құрылғы сыналды. 1967ж. июньде бірінші рет термоядролық құрылғы жарылды.
Ракеталық және ракетакосмостық техника саласындағы зерттеулерге зор мән
берілді. 1966ж. кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар
ракета қолданылып, ол бірнеше жүз км ұшты. 1970ж. Қытай бірінші
рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971ж. 2-ЖЖС-н ұшырды.
Оңтүстік Қытайдың таудағы обсерваториясында космос сәулелері
зерттелуде. 1967ж. Қытайдағы тұңғыш радиотелескоп іске қосылды.
Математикадан зерттеу жұмыстарын негізінен сан теориясы, есептеу
математикасы, топология саласында дамытылуда. Аса көрнекті
математиктерінің бірі - Хуа Ло-гэн. 1949 жылдан кейінгі уақытта химия
жедел дамыды. Қытай ҒА қарамағында полимерлер және биохимия
проблемаларымен шұғылданатын 10 ғылыми-зерттеу институты бар.
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау техникасы саласында да көлемді
зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соғыс қажеті мен ракета-ядролық программа
тұрғысынан электроникаға баса көңіл бөлінеді. 1956ж. Қытай ҒА
жанынан электрондық есептеу машинасын (ЭЕМ) жасау институты
ұйымдастырылды. 1958ж. совет моделімен жасалған тұңғыш ЭЕМ шығарды.
ҚХР биология мен ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында да елеулі
жетістіктерге ие болды. Әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін
арттыру, мал тұқымын асылдандыру, топырақ зерттеу т.б. салаларда
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар.

300 мың жылдан астам тарихы бар қытай халқы жаратылыс тану
және техникалық ғылымдардың дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген
маңызды ғылыми-техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның
ішінде Европалық елдерден де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған
(компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ дәрі жасау, кітап шығару
т.б.).

Математика. Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ едәуір дәрежеде дами
бастаған. Б.з.б. 2 ғасырдың 1-жартысында Чжан Цан 2-3 белгісізі бар 1-
дәрежелі теңдеу жүйесін шешу әдісін тапқан. Бұдан кейін Цзин
Чоучан математикаға теріс шама ұғымын енгізіп, оларға амал қолдану
ережесін ұсынды, сонымен қатар, квадрат және куб түбірлерді шығару
әдісін тапты. Цзу Чун-Чжи шеңбердің ұзындығын оның диаметріне бөлу арқылы
π-дің 7 цифрдан құрылған жуық шамасын тапты. Оны Европа ғалымдары
бұдан көп кейін, б.з. 16 ғасырында қайтадан ашты. Қытайдың көрнекті
математиктері: Цжу Ши-цзе т.б. еңбектерінен Қытай ғалымдары 11-14
ғасырдың өзінде-ақ биномдық коэффициенттерін білгені және Паскаль
үшбұрышымен (арифмет. үшбұрыш) таныс болғаны байқалады.
Астрономия - Қытайда өте ерте заманда дамыған ғылымдардың бірі.
Қытайдың б.з.б. 1-мың жылдықтағы тарихи ескерткіштерінде комета
және планета туралы жазылған. Б.з-ға дейін келіп жеткен ең көне
жұлдыздар каталогын (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн
құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда
б.з.б. 720ж. жазылған.
Б.з. 8 ғасырының бас кезінде монах И Син мен Лян Линцзан
қозғалмайтын жұлдыздар ара қашықтығының өзгеруі мүмкін деген
пікір айтқан.
Географиялық білім де Қытайда өте ертеден басталады. Б.з.б.
138-126ж. Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың өздерінің
батыс жағындағы елдер мен халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және
Қытай мен Орта Азия арасындағы Ұлы жібек жолы арқылы керуен
жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960-1279ж.) Қытай
араб елдерімен, Кореямен, Үндіқытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз
арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме
жасау, теңіздерде жүзу өрістей бастады. Әсіресе 15 ғасырдың 1
жартысында Қытайдың теңіз саяхатшылары география ғылымын дамытуға елеулі
үлес қосты. Қытайда б.з.б. 206ж. алғашқы компас, б.з. 3 ғасырда
спидометр жасалған, сондай-ақ дүние жүзінде ең тұңғыш сейсмоскоп та
Қытайда жасалған.
Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға саяды. Қытай медицинасының
дамуында елеулі роль атқарған, медицинадан дүние жүзіндегі ең көне кітап
- Нэйцзин (Қытай емшілерінің тәжірибелік бақылау жұмыстарын дәрігер
Бянь Цао қорытқан, б.з.б. 6 ғ.) Қытай медицинасының дамуында үлкен роль
атқарды. Дүние жүзінде тұңғыш Фармакология Қытайда жазылды. Инемен
емдеу әдісі Қытай медицина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі.
Қытайда европ. типтегі алғашқы емдеу орны 1904ж. ашылып, онда
шетелдік дәрігерлер жұмыс істеді. Нанкин мен Пекинде Медициналық ғылыми-
зерттеу институты (1928ж.) мен Фармакология ғылыми-зерттеу институты
(1929ж.) европ. медицинаны зерттеумен ғана шұғылданды.
Қытайда химия мен техника ерте дамыған. Қытай дүние жүзінде
бірінші болып селитраны оқ дәрі жасауға пайдаланды. Сөйтіп, 16 ғасырда
Қытайда оқ дәрі өндіріле бастады. Б.з.б. 16-11-ғасырларда қала
қорыту, ақ керамика және қыш бұйымдар жасау ісі дамыған. Б.з. 3-5
ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Құрылыс техникасы да ерте
дамыған. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы
басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды.
Екінші бір үлкен құрылыс---Ұлы Қытай қорғаны. Қытай халқының дүние
жүзіндегі цивилизацияға қосқан аса зор үлесі---қағаз жасау (б.з. 2ғ.).
Кітап шығару тарихы Қытайда 5-6 ғасырларға саяды. Әріптерді әуелі
тасқа жазып, содан қағазға көшіретін болған. Металл шрифт Қытайда 15
ғасырда қолданылды. Бұл саладағы маңызды жетістік кітапты түрлі-түсті
бояумен басып шығару болды. Қытайда кітапты 2 түсті бояумен басу
1340ж. жүзеге асырылды.

Қоғамдық ғылымдар. Философия.

Б.з.б. 6-3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің
қалыптасуы нәтижесінде Қытайда философия пайда болды. Бұл ілімдердің
алға қойған басты мәселелері қоғамды, мемлекетті басқару ісі еді.
Ежелгі Қытай философиясы саяси-этикалық сипатта дамып, гиосеология,
онтология мәселелеріне елеулі мән бермеді. Елдің әлеуметтік,
мемлекеттік құрылымының түбірлі өзгеруінің нәтижесінде мемлекет
басқаруға философтарды қатыстырып, философиялық академия құрудың өзі
ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді.
Өзінің философиялық принциптерін бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай ғылымы
Медаль соғу өнері
Түркия - республика
Туркия мемлекеті
Европа территориясының климатін қалыптастырушы факторлар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Шошқа обасы кезіндегі биопрепараттар
Инженерлік желі
Метал кешенінің даму тарихы
Пәндер