Канттың өзі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
Иммануил Кант (1724-1804): өмірбаяны мен философиялық көзқарастары 3
Гносеологиялық-методологиялық көзқарастары. 7
Ақыл-ой туралы ілім және метафизиканың ғылым ретіндегі проблемасы. 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 14
Кіріспе
Менің осы рефератты жазу барысында И.Канттың практикалық
философиясы деген тақырыпты алудағы басты себебім - Иммануил Кант жайлы
жаңа дерек, жаңалық немесе оның ойлары мен көзқарастарына бір жаңалық
енгізіп, сын жасау емес, оның өз заманындағы бүкіл Еуропаға таныс болған
философиялық ойларымен танысып, сол арқылы білім сусынымен сусындап,
мүмкіндігінше өз білімімді толықтыра түсу еді.
Осы рефератты жаза отырып менің көп нәрсеге көзім жетті-оның өз
әкесінің қалауынша храм қызметкері болмай, білім қуып гимназияны, содан
кейін университетті бітіріп, сол университетке (Кенигсберг) декан болып,
кейінірек ректор болып жоғарылағанын, кейін жасы жетіп отставкаға кетсе де
ғылым қууын тоқтатпаған қайсарлығына көзіміз жетті.
Ол өмір сүрген заманда Еуропада феодализмнің өркендеуі шегіне жетіп,
капиталистік қатынастар орнай бастаған еді және ғылымның психология,
логика, философия, астрономия сияқты салалары қатты дамып келе жатты.
Сондықтан да осы салаларды қуып аз да болса ғылыми дәрежеге жеткен ғалымдар
үлкен абырой атаққа ие болды. Тіпті сол кездегі Шығыс Пруссияның королі
болған ІІ Фридрихтің өзі И. Кантқа аз да болса жағдай жасап отырған.
Иммануил Кант (1724-1804): өмірбаяны мен философиялық көзқарастары
И.Кант 1724 ж Шығыс Пруссияның астанасы Кёнигсбергте дүниеге келген.
Оның әкесі ұсталықпен айналысқан және өз ұлын гимназияда, сосын
университетте оқытып, білім алуына мүмкіндік жасайтындай жағдайы болған.
Бірақ Иммануил Кант 1745 ж Кенигсберг университетінің теология факультетін
бітірген соң әкесі армандағандай пастор, яғни храм қызметкері болудан бас
тартып, философиямен айналысты. Тоғыз жылдай Кант бай дворяндардың
балаларын оқытумен ақша тауып жүріп, философиялық ізденістермен айналысты
және диссертациялық жұмысын қорғап, жоғарғы университетке 1755ж приват-
доцент болып жұмысқа орналасты. Кант метафизика, логика, моральдық
философиямен қатар математика, физика, физикалық география, антропологиядан
лекциялар оқыды. Осындай кең көлемді кешенді білімді игере отырып ол көп
ұзамай өз заманының өте білгір ойшылына айналды. Ал 1771ж тағы бір
диссертациялық жұмысты қорғай отырып профессор атағын алды.
Профессорлық диссертациясында, Кант жаңа философияның негіздерін басты
мәселеге қойып, оны критикалық немесе сыни деп атады. Канттың өзі
“Трансцендентальдық идеализм” концепциясы деп аталатын критикалық
филисофиясы-неміс классикалық философиясының бастапқы этапы болды. Ал 1780
ж ортасынан бастап Канттың философиялық көзқарастары неміс философтарының
назары мен өткір пікір-таласқа түссе, көп ұзамай оның атағы бүкіл Европаға
жайылды. Канттың философиялық атағының бірден көтерілуін-оның Кенигсберг
университетінің деканы болып сайлануынан және 1786-90 ж ректор болуынан
деуге де болар. Тек жасының келіп қалуына байланысты 1797 ж отставкаға
кетуге мәжбүр болған. Әйтсе де философиямен айналысуды қоймады. Оның
өмірінің соңында жазған қол жазбалары көптеген жылдардан кейін “Өлім
алдындағы еңбектер” деген атпен жарық көрді. Негізгі еңбектері -“Әлемнің
әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы”, “таза ақыл-ойды сынау”,
“практикалық ақыл-ойды сынау”, таза ақыл-ой шеңберіндегі дін”
Әдетте Кантты сыни кезеңге дейінгі сыни кезеңнен кейінгі деп екіге
бөледі.
Сыни кезеңге дейінгі Канттың күн жүйесінің аса зор газ тектес
тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға қосқан үлесі
ғана емес, жалпы дүние танымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды.
Біріншіден, қозғалыс – материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты
қарама-қарсы күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштердің әсерінсіз
пайда болған құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге
болады. Екіншіден осы күштердің әсерінен әр түрлі әлмдер жүйесі қалыптасып,
күйреп, одан шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып
жатады. Сөйтіп әлем ылғи даму үстінде болады. Үшіншіден, әлем құрылымына
енетін үлкенді-кішілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта
болады. Өзіне кіші-гірім жүйелерді бағындырған үлкен жүйе, өзінен үлкен
жүйеге кіреді, сөйтіп шексіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі
өзара әмбебаптық байланыста болады.
Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік
және дін туралы мәселелерін қарастырмас бұрын адамның танып-білу
мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.
Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады.
Бірақ, олар бізге “өзіндік заттар” туралы емес, олардың көріністері
(феномендері) туралы деректер береді. Мұндай білімдер жекелеген тәжірибеге
сүйенгендіктен апостериорлы(тәжірибеге дейінгі) бағытта болады. Ал шынайы
әмбебаптық және қажетті білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай
болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында
априорлы(тәжірибеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне
байланысты болуы керек. Сезімдік түйсінудің априорлы сыртқы түрі - кеңістік
пен ішкі түрі - уақыт түйсіктің көп түрі “материаларын” реттеп отырса, ақыл-
ойдың априорлы түрлі категориялары реттелген материаларды заңдылықтар
жүйесіне келтіреді.
Жалпы алғанда таным процесі, Канттың пікірінше үш сатыдан өтеді.
Олар сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге “өзіндік
заттардың” көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің
бей-берекет жиынтығы болып табылады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы
түрлері-кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп,
реттеледі.
Танымның келесі - сараптаушы парасат сатысында априорлы
категориялары себептілік, сана, сан, қажеттілік, т.б-ң арқасында жаңа ғана
реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиісті
заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған білімді
трансцендентальдық білім деп атады. Ол дегеніміз таным процесінің өзіне
емес, априорлы танып - білу мүмкіншілігінің осы затты қандай деңгейге дейін
біле алатындығы.
Танымның үшінші сатысы-трансценденттік танымда таза ақыл-ой заттардың
көрініс әлемімен шектеліп қоймай, олардың ар жағында не бар екенін білуге,
басқаша айтқанда “өзіндік заттардың” табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады да,
шешілмес қайшылықтарға (антиномия) тап болады.
Керісінше, таза ақыл-ой адамның ерік-жігерін, практикалық іс-әрекетін
айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке тұлға ретінде табиғат
заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды,
сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшеліктеріне,
өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол өзінің
практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам
барша жұртқа бірдей әдептілік заңы-әдептілік императивін басшылыққа алады.
Әдептілік императиві бойынша игіліктерге, бақытқа жетуге ұмтылу немесе
сүйіспеншілік, жақсы көрусияқты қылықтар адамдардың іс-әрекетін әдепті
қылмайды, керісінше қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлап, өз
міндетіңді өтесең сол өнегелі іс болады.
Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес, себебі ол - өз заңына сйеніп,
өзінше өмір сүреді. Ал, дін-құдайды ең жоғары идеал, немесе құдай алдындағы
парыз ретінде түсінетін біздің барлық міндеттілігіміздің жиынтығы. Осыдан
келіп Кант, құдайға жағамыз деп сақтап жүрген діни институттардың тіпті де
қажеті жоқ, тек әдептілік императиві негізінде тақуалы өмір сүрсең болғаны
деген тұжырым жасады.
Әдептілік тұрғысынан Кант құқық, мемлекет, саясат мәселелерін де
қарастырды. Оның пікірінше қоғамдық өмірде әлеуметтік қарама-қайшылық
елеулі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz