Кинизм философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кинизм философиясы 2
Диоген Синопский және киниктер мектебі 7
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

Кинизм философиясы

Кинизм философиясы атауын Афина төбе шетiнде орналасқан “Киносарг”
(“қырақты төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийдан алады, онда алғашқы
киниктер (кюнокс – ит (собачий)) шұғылданды (осыдан кинизм – “ит
философиясы”, “ит мектебi”, cynici - латын тiлiнде), бұл мектептiң
iзбасарларын – cynici – циниктер деп атады. Кинизм мектебінің өкілдері
Диоген Синопский, Антисфен, Кратет және т.б.
Бұл мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368жж.). ол алдымен
софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңкты және байлықты
ең соңғы омфальдық iс-әрекет ретiнда қабылдамайды және “Рахаттың өзiн
рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады.
Космополитизмдi патриотизмен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын
ұсынды.
Антисфен өмірді қарапайымдату керек, сондықтан тұтынушылықтан бас
тарту керек деп уағыздады. Ол қарапайым адамдармен араласып, солар тәрізді
киініп, өз ғылымын көшеде және алаңдарда ауызекі әңгіме ретінде айтып
жүрді. Ол табиғатқа жақын болу керек деп ойлады. Антисфеннің тұжырымдауынша
үкіметте, жеке меншік те, тіпті неке де болмауы тиіс. Оның ізбасарлары
құлдыққа қарсы шыққандар болды. Антисфен толығымен аскет (тақуа) болмаса да
байлық пен құмарпаздықты жек көретін.
Антисфеннен кейінгі киниктердің ең әйгiлi өкiлi Синоптан шыққан
Диоген: “Қауымсыз, үйсiз, отансыз” өмiр сүрудi өзiне мақтаныш тұтып, iс-
әрекетiнде қолданды.
Афинге келген Александр Македонский Диогенмен кездесуге тiлек
бiлдiредi. Ол алаңда еш жанға көңiл бөлмей демалып жатқан Диогенге: “Не
сұраймын десең өз еркiң” дейдi. Ол оған: “Маған күнді көлеңкелеме әрi тұр”-
дейдi. Ол тас түсте тобыр арасында қолына шам ұстап “адам iздеп жүрмiн”
деген тезисiмен белгiлi, ешқандай өркениеттi мойындамай, бөшке iшiнде өмiр
сүрудi мақсат етiп қойды.
Кинизмнiң басты мәселесi – философиялық терең теорияны жасау емес,
қоғамға жат құбылыс – жалғаздық, жоқшылық, қаңғыру секiлдi ерекше өмiр
бейнесiн философия арқылы негiздеу және өз әрекетi арқылы тексеру. Кинизм
стоиктердiң этикасына материалдық игiлiктерден бас тартуына ықпал жасады.
Христиандық идеал – аскетизм де киниктердiң өмiр сүруiнiң негiзiнде
қалыптасты.
Мысалы, киниктер болмыстың бекiтiлген нормалары мен құндылықтарына
қарсы шығып, оларды өткiншi деп бағалады. Олар заттардың алдында бас ию,
нормаларды сөзсiз қабылдау адамды нағыз болмысынан айырады деп есептеп,
нигилистiк тұрғыда терiске шығарады. Киниктердiң пiкiрiнше, әлемдегi адам
болмысының шынайылығы табиғат заңдарымен сәйкес жүруiнде, ал ол үшiн рухани
адамгершiлiк тұрғыда өзгеру қажет. Бұл өзгерудiң мәнi пiкiр айтудан
сақтанумен сипатталады, өйткенi қоғамда қабылданған адамгершiлiк
көзқарастар, нормалар мен заңдар - шартты, ал олар туралы бiлiм мен
айтылған пiкiрлер - релятивтi болып табылады.
Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері, б.д.д. V—IV ғ.ғ. кең
етек алған екі философиялық мектеп: киниктер мен гедонизмнің этикалық
ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды. Киниктер философиясының (грекше
Kynósarges деген сөзден kynikói, "Киносарг" деп аталған гимназияның атымен
аталып кеткен, аудармасы — "көреген ит") негізін қалаушы Антисфеннің
(б.д.д. 444—368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал
жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім
дегеніміз ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың
мазмұнында затгардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әр түрлі белгілерді
теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы пайымдаулар қарама-қайшы
пікірде болуы мүмкін. Ал заттар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат
тепе-тең (тавталогая) болған жағдайда ғана (математик дегеніміз
математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен
жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырдағы номиналистердің жалпы ұғымдар
мен жеке затгар туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз.
Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы
ілімің ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық,
денсаулық т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық—ең құнды және
жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты
бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы
көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол — тек іс-әрекет арқылы ғана
көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын
шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз шын
мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеалы — өздерін күнделікті
қажет талап-тілектермен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын
мәніндегі, ең жоғары бақыт — бақыттымын деп өлу. Киниктер мемлекеттік заң
мен рақымшылық заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң
рақымшылыққа жеткізбейді. Шынында да, дауыс беру арқылы топас адамдарды
қолбасшы қылып сайлайтын мемлекетті рақымшылыққа жеткізетін мемлекет деп
айта аламыз ба?—деп сауал қояды Антисфен.
Кинизм философиясы
Бір қызығы осы киник философтардың артында мұра боп қалғаны ғылыми
трактаттар емес, көбінесе олардың түрлі қызық жағдайлары болып табылады:
мысалы Диогеннің бөшке ішінде өмір сүруі, оның Александр Македонскийге Күн
көзін қалқаламай әрмен тұршы дегені, Кратеттің бүкіл халық жиналатын
алаңда некелесуі тәрізді оқиғалар.
Киник философиясының қарабайыр қарапайымдылығы платонизмнің және
аристотелизмнің жетілген диалектикасына қарағанда көзге ұрып тұрады.
Киниктер бойынша ойлау – тек өмір сүрудің құралы, ал негізгі мақсат –
киниктер бойынша өмір сүрудің өзі.
Кинизм тағылымы антикалық полистің дағдарысы кезінде туды, оны
уағыздаған адамдардың антикалық полисте өзінің үлесі болмаған (Антисфен
некесіз туған бала), олар тек рухани өздеріне ғана сеніп, соған орай жоғары
рухани еркіндікке қол жеткізу үшін патриархалды байланыстардың шеңберінен
шығу керек деп пайымдады. Сократқа еліктей олтырып, киниктер оның
пайымдауларын адам сенгісіз радикализмдерге көтеріп, өздерін сенсациялар
мен көшедегі айқай-жанжалмен біте қабыстырып жіберді. Осы себепті Платон
Диогенді Есінен танған Сократ деп атап кетті.
Сократ болса дәстүрлі патриоттық моралға құлақ асып қана өқоймай оны ұстана
білсе, ал киниктер өздерін әлем азаматтарымыз деп (“космополит”
терминінін алғаш шығарған кинктер болып табылады) әрі кез келген қоғамда
олқоғамның заңдарынан тыс өмір сүруге тырысты. Олар жарлы-жақыбайлылар
мәртебесін иемденуден кетәрі болмады. Адам баласының тек қана мейлінше
кедейленген жайы емес, сонымен қатар ең төмендеген жайын олар өздерінің
қалаулары бойынша таңдап алуға тырысты. Мысалы Диоген отансыз, үйсіз,
қауымсыз формуласын өзіне аса қанағаттану сезімімен қолдана алды.
Киниктер аш-жалаңаш әрі жалғыздықтан жапа шегуші болуға ұмтылды,
әлеуметтік байланыстар және мәдени дағдылар оларға жалған, ауаға жайылып
кететін түтін тәрізді (олар ұятты болып қалмау талаптарынан бас тартты,
тіпті қанның араласуында олар жай қалыптағы нәрсе деп ойлады) болып
көрінді. Түтінді сейілтіп, адамның ішкі дүниесін ашып және қайтадан
томаға-тұыйықтық күйге түсуі керек, сонда кез келген сыртқы соққыларға ол
төтеп бере алатын болады деді киниктер. Киниктер үшін байлықтан гөрі тән
мен жанның рухани кедейлігі жоғары тұрды: эллиндік болғанша варвар болған
жақсы, адам болғанша хайуан болған артық деп санады. Өмір сүрудің
қарапайымдылау интеллектуалды түрде толықтырылды, мысалы олар жалпы
ұғымдарды (атап айтқанда, Платонның идеяларын) сынады. Олар оны зиянды
ойластырылған зат, қажетті нәрсені тікелей қиындататын нәрсе деп
түсіндірді.
Кинизм философиясы стоицизмнің тікелей қайнар көзі бола алды. Киниктердің
өмір сүру образы христиандық аскетизмнің идеологиялық рәсімделуіне орасан
зор әсер етті. Типологиялық тұрғыдан киниктер мектебі іштей ыдыраған
қоғамдағы әлеуметтік қапасты әлеуметтік емес еркіндікпен орнын толтырушы
(йогалар мен диуаналардан бастап қазіргі заманғы хипииларға дейін) әртүрлі
рухани қозғалыстардың қатарында тұр.

Диоген Синопский және киниктер мектебі

Антисфеннен даңқы асқан оның шәкірті Диоген болды. Оның күндіз қолына
шам алып адал адамды іздеп жүргені туралы аңыз оған қызығушылықты тудырады.

Диоген Синопский б.д.д. 400ж. Синоп қаласында туған. Диоген грек
философиясының өмірдегі барлық материалдық құндылықтарды мансұқ еткен
киниктер мектебінің ең белді өкілі. Диоген бұл мектептің ең белсенді
жақтаушысы бола алды. Оның ұстазы Антисфеннің өзі Диоген секілді қатаң
қағидаларды ұстанбады. Диоген даңққа бөленген себебі, ол сол замандағы
қоғамның моральымен қарама-қайшы келіп отыруына байланысты болды. Мұндайда
Диоген көбінесе жеңіліс табатын.
Диоген өз отанынан қуылған кезеңде ол Афинаға келді. Бұл қалада ол
Сократтың тыңдаушыларын – Платон, Аристипп, Эсхин, Антисфенді кездестірді.
Диоген Антисфеннен басқаларын жек көрді, сөйтіп тек сонымен қарым-қатынас
жасап отырды.
Материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-
дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпандық, рақымшылық, бақытты
іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Синопский (б.дл 412—323 жж.)
киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған,
осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әнгімелер
қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді. Бірде, базар
алаңында, бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр сіздің қандай өтінішіңіз
болса да орындауға әзірмін деп сұрағанда, ол — күнді қалқаламаңыз деп жауап
беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше
рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың
кемшіліктерін сынап, ләззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі — ләззат деп
уағыздаған. Тал түсте қолына фонарь ұстап базар алаңында "халық — көп, адам
аз екен" деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты. Киниктер материалдық
игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік (Кирендік —
Кирен қаласының атымен) мектептің өкілдері өмірде өз түйсіктеріңнің
мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу
керек деп уағыздады. Ал ләззат, бақыт дегеніміз — минуттық сезімдік
қуаныштардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киниктер мен киренаиктер
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Антик философиясы туралы ақпарат
Антикалық философия
Антикалық философияның элиндік-римдік дәуірі
Көне грек философиясы
Антик философиясының дамуы
Антик философиясының кезеңдері
Антикалық философия тарихы
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Пәндер