Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Экзистенциализмнің басты өкілдері мен негігзі бағыттары 3
С.Кьеркегордың философиялық көзқарасы 6
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 14

Кіріспе

Экзистенциализм, немесе "өмір сүру философиясы", буржуазиялық Батыс
философиясының иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын)
бағыттарының бірінен саналады. "Экзистенция" ұғымы (латынша ехsictencia -
өмір сүру дегенді білдіреді) экзистенциализмде ерекше рел атқарады, оның
барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін құрады. Бірақ
экзистенциализмнің бастапқы негізі материяның, заттар дүниесінің өмір сүруі
емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл күйі, сезімі, ішкі талпынысы,
яғни өзінің психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін
субъекттің өмір сүруі. Міне осыдан философияның міндеті келіп шығады -
болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің және танымның
мәнін ашу емес, адамның өмір сүруінің мәнін, экзистенцияның шын мәнін ашу.
Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не
бар екені жайында пікір айта алады. Субъективтіктің алғашқылығы бұл жерде
гносеологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ онтологиялық тұрғыдан да
көрініп тұр.
Өмір философиясы - Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп
бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана
қарастырумен шектелмей, оны дүниежүзілік түтастықтың қақ ортасына қояды,
өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс
жасайды. Өмір философиясының өкілдері философияның міндетін тек осылай
түсіндіреді, себебі философия адам мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам
үшін өмірден маңызды ештеңе жоқ деп есептейді.
Экзистенциализм — өмір сүру философиясы өз бастамасын дат философы С.
Кьеркегордың адамды — өз өмірінің себепкері әрі өзінің ауыртпалығын өзі
көтеруші және ол езіне ұқсас дараланған құдайдың алдында дірілдеп, қорқып
тұрады деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен
Э. Гуссерельдің ілімдері де зор әсер етті.
Ұзақ уақыт бойы философияда антропологиялық рационализм принциптерi
үстемдiк еттi, адам оның қылықтары және болмысының өзi саналық өмiрдiң
көрiнiсi ретiнде қарастырылып келдi. Адам "ақылды адам" ретiнде ғана
саналып келдi. Ал Жаңа заманнан берi философиялық антропологияда бейсаналық
мәселесi үлкен орын ала бастады. Лейбниц, Кант, Кьеркегор, Шопенгауэр,
Ницше сияқты авторлар адам санасынан тыс психикалық процестердiң маңызы мен
рөлiн әр түрлi қырлары мен позициялары тұрғысынан талдай бастады.
Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған
—экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С. Кьеркегор (18131855 ж.ж.), М.
Хайдеггер (18891976 ж.ж.), К. Ясперс (18831969 ж.ж.), Ж.П. Сартр (19051980
ж.ж.), . Марсель (18891973 ж.ж.), Л. Шестов (18661938 ж.ж.), Н. А. Бердяев
(18741948 ж.ж), т.б.

Экзистенциализмнің басты өкілдері мен негігзі бағыттары

Экзистенциализм — XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған
субъективтік-идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм
капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінщ бір формасы
болып табылады. Оның ірі екілдері М.Хайдеггер (1889-1976), К.Ясперс (1883-
1969), Г.Марсель (1889-1973), Ж.П.Сартр (1905-1980), А.Камю (1913-1960)
және басқалар.
Өмір философиясының негізін салушы - дат философы С.Къеркегор (1813
-1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы
экзистенциалдык ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша. адамның
шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы "үрей", "қорқыныш"
сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз - субъективтілік.
Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен
басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан
қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп
тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі - философиялық тұлғаға мән беруге
ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті - жеке
адамның өмірін. сезімдерін зерттеу деп анықтауында.
Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі - Артур Шопенгауэр (1788
-1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын,
ашы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа,
күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен
бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады,
себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен
өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың
уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады.
Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін
дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға
пайдалы, себебі адам төрт құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп
өмір кешсе, жақсы нәрсенің қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді
тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен
арпалысқан, бірін-бірі аңдыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға
жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі - адам эгоизмінен, оның "адам адамға
қасқыр" принципін ұстанғанынан. Сондықтан бұл өмір түсінген адам көрмен
бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэр түсінігінше, өлімнен
қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақысы. Өмір қайғысына
ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім
алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына қуанғаны дұрыс. Өлім мен азапты
өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүниежүзілік ырық мағынасыз болса, оның
туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы
мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім - адам өмірінің мақсаты.
Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз нәрсе
ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-
1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, замандастарының
бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты. Өмірі деген осындай
көзқарас Ницшенің "Заратустра осылай деген" еңбегіне мықты сезіледі. Оның
кейіпкері "ең жоғарғы адам" (сверхчеловек) үшін өмір ақиқат болмыс қана
емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнап айтқан сөзінде адамзат тегінің
негіздерінің құнарсызданып, тамырының солып бара жатқаны туралы уайымдап
жар салады.
Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша мазалануының
себебі - олар өмір сүрген кезеңде адам мүмкіндіктеріне деген сенімсіздіктің
пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан бері дамудың күрделі
сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Европа тұрғынының күш-қуаты мен
өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-
шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген
құштарлықты ояту үшін Ницше өмірді сүйген "ең жоғарғы адамнан" үлгі алуды
ұсынады. "Ең жоғарғы адам" - еркін, ешкімнен де. ештеңеден де тәуелсіз, өз
өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі (образы). Еркіндік - адам
қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам
бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі
мен бостандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен
асқақтатуды өз міндетіне алған "ең жоғарғы адам " ең әуелі өзін еркіндік
сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана
мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздері жақтайтын
христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.
Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекі
өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның болмысын құрайтын
оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген
экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889-1976)
ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда болмыс жалпы, индивидке жат болмыс,
ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам
болмысы — болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана - онтологияның
кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз
мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі
- адам ғана.
Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол — азап шегуші сана. Бұл
сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге
тырысады, Хайдеггердің "Адам дегеніміз - маза" деуі де сондықтан. Азап
шегуші, уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс
экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану,
өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде
Хайдеггер Гуссерльдің "мәнді көре білу" әдісін таңдады, оның "көңіл-күй"
ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы
түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің "маза", "үрей",
"қорқыныш" терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті.
Француз жазушысы Жан Поль Сартр (1905-1980) қоршаған ортадан нақты
нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сананың
қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның
түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің
жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті
әлемде қалықтайды. Яғни. елестету адамға еркіндік береді. Әз философиясының
негізгі мәселелерінің біріне айналған еркіндікті Сартр тек сана еркіндігі
ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей
қоймайтынын ол жақсы ұғынды. Бүл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде
күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-
әрекет жасауға, өзін де, басқаны да өзгертуге итермелейтінін Сартр жақсы
түсінді. Адамның еркіндігі ең әуелі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.
Адамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап
алуында: "Адам ...әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анықалады.
Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиын-қиынының себебі
оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады
және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам
табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзін қандай етіп
елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей".
Сартр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне
байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.
"Адамды қоршаған дүние - мәнсіз, абсурд" деген қағида француздың тағы
бір көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты берілген жазушы
Камюдің (1913-1960) экзистенциализмінің негізі болды. Адам бойындағы
абсурдты Камю Хайдеггер мен Сартрдың экзистенциализм философиясының
ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен қайғы-уайым ағымынан туындатады,
абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды, уайымдар оның қасында түк емес деп
тұжырымдайды. Дүниенің абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі
қисынсыз екенді мойындағанымең, Камю өмірмәндік ізденісті тоқтатпауға
бекінді, өзі ойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, "бір жөні болар"
деп ой күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге құштарлығын
жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды.
Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі - "Сизиф туралы
аңыз" шығармасын жазуы және фашизмге қарсы қозғалысқа қатысуы. Абсурдтың
өзі адамға еркіндік береді: "Абсурдқа кездескенге де адам өз мақсаттарымен,
болашақ немесе ақталу (кімнің немесе ненің алдында екені - бәрібір) туралы
мазасымен өмір сүреді. Ол өзі мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге,
зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне
сенеді. ...Осының бәрі абсурд шайқалды. ...Абсурд менің иллюзияларымды
ыдыратты: ертеңгі күнге сенгенім жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне
айналды".
А.Камюдің кейіпкері Сизиф абсурд өмірмен күресуді еркін таңдайды.
Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық
арқылы қарсы тұруы Камюдің "Оба" романының да желісі болды. Адал болу
дегеніміз - өз ісімен айналысу. Адамның абсурдпен күресуі бүлік түрінде де
көрінеді. Бүлік көтеруші адам - "жоқ"' деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды
біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылықтың, жатсыну мен жалғыздықтың
орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең басты - күйзелмеу.
Экзистенциализмнің салыстырмалы түрде үшінші түрі - позитивизм
экзистенциализмнің негізін салушы Николо Аббаньяно (1901-1977) философияның
практикалық сипатын ерекше атап көрсетеді. Оның ойынша, философия өзінің
романтикалық уағыз-өсиет айту әдетінен арылып абсолюттік ақыл-ой, өзін-өзі
танушы идея, шексіз рух, адамзатқа танылған нәрсе және тағы басқа бұлдыр,
түсініксіз, адамға пайдасы жоқ а ракциялардан бас тартуы қажет.
Философияның ендігі міндеті аспанн жерге, адам қоғамына түсіп, адамның
алдынан күн сайын туындап оған өмірлік мәселелерді шешуге, адамға өзінің
кім екенін, өмірге не үшін келгенін түсінуге көмектесу, ең бастысы -
адамға сенімді, анық бағыттарды көрсету. Осы ойын ол экзистенциализмге
байланысты да қалайды. Экзистенцияның өзі болмыс пен субъектінің арасындағы
күрделі шым-шытырық қатынас, сондықтан адам өзінің назарын өзінің бойындағы
"ештеңеге" де, алдындағы "болмысқа" да емес, өзіне аударғаны дұрыс.
Аббаньяноның пікірінше, экзистенциализм адамға басшылық және көмек бола
алады. бірақ ол үшін шешім қабылдап немесе дайын формулалар ұсынбайды. тек
жол көрсетеді.
Аббаньяноның ойынша, философия адамды өтірік жұбатып, өмірдің нағыз
шындығын жасырып, иллюзиялармен алдарқатуды қойып, оны үнемі оятып, мазасыз
күйге түсіріп отыруы қажет. Себебі, өмірдің өзі өте қауіпті, сондықтан адам
күресуі, еңбектенуі, тығырықтан шығатын жолды үнемі іздеуі керек.
Экзистенциализмнің мәні де осында, оның мақсаты адамды уайымға салып,
күйзеліске ұшырату емес, қысқа өмірді мәнді өткізуге қозғау салу,
ойландыру, іс-әрекетке жетелеу.

С.Кьеркегордың философиялық көзқарасы

ХХ ғ Батыс философиясының белгілі бағыты экзистенциализм. Оның негізін
дат теологі және философы С.Кьеркегор (1813-1855) жасады. Ол рационалдық
философияны раелизмді мүлде жоққа шығаратын абстракциялығы және адамға
деген салқындығы үшін айыптады. Олар тек бір жалпылықты - рухты, материяны,
құдайды, прогресті немесе дерексіз ақиқат мәселелерін қарастырады, ол
философиядағы негізгі мәселе - адам екенін ұмыттып кетті деді.
Философияда адамды мадақтауды антродиция дейді. Бұл мәселе өмір
философиясының үлкен ағымы экзистенцтализмде қаралады. Экзистенциализм
бағытына өмір философиясының өкілдері көп әсер етті. Олар Б.Паскаль, Ф.М.
Достоевский және Ницше секілді ұлы адамдардың шығармаларынан да көп ойлар
алды. Философия ілімінің дамуының қазіргі кезеңі және мектептері ақыл-ой
дәлелінің жүрек дәлелін алмастыра алмайтынын көрсетті – деген Б.Паскаль.
Адамды және оның болмысын ақыл-ой тәсілімен түсіндіру өте қиын. Нақты
адамды ғылым көмегімен, ұдайы өзгеріп отыратын тұтас мән ретінде және оның
мақсатын, пейілін, күйзелісін, қамқорлығын, қорқуын, өмір сүруі мен билікке
ұмтылу еркін түсіну мүмкін емес.
Экзистенциализм идеялары әр елде, әр уақытта айтылды. Экзистенциализм
өзінің мазмұны бойынша бір текті емес. Сондықтан ол: діни, атеистік болып
екіге бөлінеді. Экзистенциализмге жақын теорияларды Ресейде бірінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңында Л.Шестов, Н.Бердяевтар насихаттады,
Германияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін Францияда ол
тез тарады (К.Марсель, Ж-П Сартр, А.Камю т.б.), 50 жылдардың соңында АҚШ-та
дамыды.
Экзистенциализмнің басты мәселесі: адам, адамның болмысы, оның мәні мен
тағдыры. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық жауапкершілік,
үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық. Экзистенциалдық онтологияда
объективтік физикалық болмыс емес, адам болмысы туралы сөз болады. Ондағы
басты онтологиялық сипат - адамның әртүрлі күйінің болуы. Жиі-жиі
кездесетін жағдайлар - қорқыныш, ұят, намыс, күмән, үрей - күтімсіздік пен
қамқорлықтың салдары. Шынайы болмыстың негізгі көрінісі-адамның өмір
сүруі және ондағы оқиғалар. Оқиғалар ғана адам болмысының іске асуының
тәсілі болады. Оқиғасыз болмыстың өзі жоқ, экзистенция жоқ, адамның өмір
сүруі тоқтатылады. Адам өміріндегі оқиғаның көптігі, оның болмысының
толықтығының кепілі.
Экзистенциядағы шынайы болмыс уақытқа сәйкес болады. Уақыт - ең
алдымен адам болмысының нәтижесі, сонымен бірге болмыстың өзі оқиғаның
туындысы. Уақыт - өмірдегі бір оқиғадан басқадай нәтиженің қалыптасуы.
Сондықтан олар физикалық уақыт туралы емес (секунд, минут, сағат), оқиғалар
уақыты туралы айтады. Адамның барлық уақыты өз кезегімен өтіп жатқан
оқиғалар (туу, шілдехана, үйлену, ажырасу, оқуға түсу, пенсияға шығу, жұмыс
істеу, қызықты кездесулер т.б.) болады. Экзистенциалық уақыт - жеке бастық
сипатта болады, ол адам өміріндегі оқиғаның саны, сапасы, уайым, қайғы-
қасірет, таңдау мен жауапкершілік, яғни былайша айтқанда - ол тағдыр.
Экзистенциализмнің онтологиялық коценпциясының мәні: болмыс пен уақыттың
арасында өзара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер болмыс пен Уақыт
бір-бірін анықтайды дейді.
Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы)
тиянақты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қайғыруы, әрі
тағы да одан да күшті қайғыруы; осыған сай болмысты терең танимыз.
Дүниедегі нақты болмысты, әсіресе болмыстың мәнін ашуда Ясперс енгізген
шекаралық жағдай категориясының рөлі зор. Ясперс тек осы минуттарда ғана
адам өзінің нағыз өмір сүруін (өзінің табиғатын) ұғынады, басқа уақытта
олар кәдімгі болмыстың күнделікті тікелей әсері арқылы жасырынып жатады -
дейді. Дау-жанжал кезінде адамның үміт үзуі, қайғыруы, қорқынышы шекаралық
жағдайға келеді, онда шынайы өмір сүрудің мәні ашылады. Қорқыныш тағдырда
табылады.
Мұндай танымды түсіну діни және атеистік экзистенциализмге де тән.
Осындай нақты шекаралық жағдайда адам өзінің таңдауын жасайды. М: Авраамның
таңдауы. Құдай Авраамға өз баласын өлтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан-
дүниесі күйзеліске түседі: не сенімге бағыну немесе өзінің әкелік-моральдық
борышын атқару мәселесі туады. Экзистенциализмдегі діни көзқарастың
негізіндегі таңдау - ол дұрыс жол, Христос жолы, Құдай-адам жолы. Атеистік
экзистенциалимздегі таңдау – құдайсыз-ақ өзіңді табу, іске асыру. Жеке адам
өзін-өзі іске асыруы тиіс - дейді Сартр. Құдай арнауымен емес, өзін сырттан
іздеу арқылы азат болу немесе басқа әркетте өзін табу. Адамды ештеңе, ешкім
(құдайдың өзі де) өзінен құтқармайды. Бұл мәнінде: Экзистенциализм -
оптимизм, әрекет туралы ілім - деп жазады ол.
Экзистенциализмде таңдау ұғымдары мен бостандық категориясының толық
байланыста болуы ең бір негізгі ерекшелік болып есептеледі. Таңдау
бастапқыда танылмаған бостандықпен түйіндес болады. Адам өзін-өзі жасау
арқылы, өзін іске асыру тәсілін таңдайды. Экзистенциализмде таңдау
мүмкіндігі әр адамның ең бастан-ақ берілген еркіндігі, әрине оны ол керек
етсе. Ал бостандық адам өмірінің өзі. Атеистік экзистенциализмде бұл
ұғымдар негізінен бір ретте болады, ал, діни экзистенциализмде экзистенция
жердегі өмірдің арғы жағына тарайды, яғни эсхатологиялық мәні бар,
бостандық өмірден де жоғары қойылады.
Экзистенциализм өкілдері өз философиясының өзегіне адамның қоғамнан
жаттануын қойды. Олар адам қоғамнан тығылуы, оның әсерінен қашуы керек
дейді. Ол үшін қиялы болып келетін осы дүниені ұмытып шынайы шындық”,
Мен-ге терең үңілуі керек. Жеке адам болмысы ғана бірден-бір шын дүние
саналуы қажет. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақылдан
және адамның қоғамдық табиғатынан ажыратып қарайды. Экзистенциализм
философиясы жетілуде, оның идеялары кең түрде әдебиетте, өнерде қолданылып,
аса маңызды жалпы адамдық мәселелерді қарастырады.
Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған.
Біріншісі — Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан
экзистенциализм онтологиясы. Болмыс — материалдық құбылыс емес, ол озінің
әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз нәрсе. Адам оны таным
процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады,
сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Демек, болмыс туралы ойлар,
айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі, К.
Ясперстің экзистенциялық нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы
сүрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы
экзистенциясының өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға
қатынасын айқындауға аударады. Үшіншісі, экзистенциализм ұғымын бірінші
қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі.
Экзистенциализм "өмір философиясындай" жалпы "өмір" мәселесін
қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін — "экзистенция" (өмір сүрудің
қарапайым нақтылығы), "адамның өмір сүруі" сияқты мәселелер тұрғысынан
қарастыруға жұмсайды. Экзистенция — ешқашан объект бола алмайтын ұғым,
өйткені ол, біріншіден, жеке-даралық, сол себепті жалпы мәнділікке
үміттенбейді; екіншіден, экзистенция — біздің өзіміз. Олай болса, біз оған
өзінің объектісіне ғылым карайтындай объективті түрде қарай алмаймыз (К.
Ясперс). Өмір сүру дегеніміз адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру
дегеніміз күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен
тілегінің, сенімі мен қауіптенуінің, тәжірибесі мен үмітінің, оз қамы мен
мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдардың экзистенция
ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы — "дүниенің
қасында болу". Бұл жердегі "дүние" адамның қамдану өрісі — еңбек әлемі,
заттар әлемі, құрал-жабдықтар жиынтығы, ал "болу" — бірдеңенің қасында"
деген мағына береді. Адам өз ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі,
сондықтан да оны әлемнен бөлек қарастыруға болмайды. "Дүниенің қасында
болу" адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциалиі (өмір сүру тәсілі, адам
болмысының категориялары) және трансценденциясы (Хайдеггерше — шектен
шығуы). Демек, тәжірибе жете алмайтын нақтылық пен "біріккен әлемнің"
(адамдардың қосылған болмысы) арасында пәлендей айырмашылық жоқ, себебі
"басқалар" (қоршаған орта, т.б.) менімен бірге өмір сүреді. Адамның шынайы
тіршілігі — "уайымдау". Бірақ кез келген "уайымдау" (мысалы, адам дем
алғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін тереңдеткенде, т.б.) "өмір
сүру" емес, себебі ол —сырттай өмір сүру. Мұндай өмір сүруде адамның
жекешелік касиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз "өмір сүру" олардан және
"іштегі сыртқы әлемнен" (сыртқы әлем туралы оқу, тәжірибе арқылы санада
сақталған білім) батыл арылғанда ғана басталады. Ал шын мәнінде "өмір сүру"
үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін түсініп,
қорқыныш ояту қажет. Құдайдың, "ештеңесі жоқ мәнсіздіктің" алдындағы
себепсіз бостандықтың әсерінен өзіңнен өзіңнің үрейленуіңді болжай
алмауыңнан қорқыныш пайда болады (Сартр). Олай болса, ол — еш күмәнсіз,
мүмкін болатын болмыс. Осындай қорқыныш қана адам болмысын айқындап, оны
өзінің жеке басының болмысына және бостандығына жетелейді. Демек, қорқыныш
— адам тіршілігінің негізгі қасиеті, ал оның негізгі құрылымы — қамдану,
жеке басының қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау, олармен бірге болу
жалпы қамдануға жатады. Адам "сыртқы әлемде" жүргенде қорқыныш ұмытылады.
Шын мәнінде, сыртқы әлем дегеніміз адам қорқынышының, күнәсінің,
уайымдарының экстериоризациялануы (іске асырылуы, нақтылануы).
Қорқыныштардың ішіндегі өлімнен қорқу адамға туа біткеннен тән априорлы
уайымдау. Ал "өлім" дегеніміз болашақтың өзі, ол арқылы тіршілік өзіне
қайтып келеді. Сөйтіп, болашаққа талпыныс дегеніміз өлімнің бетіне қарау
болып шығады. Демек, экзистенция өлімге қадам басқан болмыс ретінде
айкындалады. Осыдан келіп, тіршіліктің уақытша, тарихи және шектеулі
сипатта екендігін түсінеміз. Экзистенцияның шын мәніндегі тереңдігін тек
айрықша, "шекаралық жағдайларда" ғана түсіне аламыз. Менің өлуім хақ екенін
түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға
тәуелділігім, менің сөзсіз кінәлілігім — бұлардың бәрі "шекаралық
жағдайлар" (Я.Сперс). Адамдар әр уақытта да осындай "шекаралық жағдайда"
болады, ал оны қаншама өзгертеміз деп тырыссақ та, олар өзгерместен, сол
күйлерінде қалады. "Шекаралық жағдай" адам тіршілігіне өзінің
біртұтастығын, өзгермейтіндігін, аяқталғандығын біліп-түсінуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы экзистенциализм проблемасы және қоғамдағы көрінісі
Адам өмірінің мәні
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
Болмыс философиясы
Философия тарихында болмыс категориясы.Болмыс және бейболмыс
ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы
Хіх-ХХ ғасырлардағы батыстық философиялық бағыттардың негізгі проблемалары
Болмыс философиясы. Материя
ХХ ғасырдың философиясы
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер