Қазақ философиясының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақ философиясы.

Орындаған: Аспирант Жатқанбаева А.

Тексерген: Профессор Рахметов Қ. Ж.

Алматы 2004 ж.

ЖОСПАР

Қазақ философиясының ерекшеліктері2

Қазақ философиясының қалыптасуы8

Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық21

Ағартушылар философиясы37

Қолданылған әдебиеттер55

Қазақ философиясының ерекшеліктері

Идеялардың мыңдаған жылдық құпиясын өз бойына жинақтаған философия тарихы бүгінгі таңда орасан зор мәнге ие болды. Өз ұлтының түп-тамырына, салт-санасына және ерекшелігіне назар сала бастаған жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін мұның маңызы ерекше зор. Жаңа мемлекеттің тарихи-қоғамдық аренасындағы орталық ұғымы «төлтумалылық», өзіндік болмыстылық. Бұл енді өзінің барлық мүшелерінің өмірлік доминант-тарының жалпылығы және өзіне тән ерекшелігіне негізделген қоғамның дербестігін, сапалық айқындылығын білдіруге жұмсалады. Бұл жерде қоғамдық тұрмыстың әр қырлары, қоғамдық сананың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері, тіршіліктің қалыптасқан элементтері мен дамудың ішкі бастаулары ажырамас бір салаға бірігеді. Әр түрлі философтар мен мәдениеттанушылар өзіндік болмыстың орны жайында ой түйе келіп, ол - тарихтың қозғаушы күштерінің бірі, мәдениеттің өміршендік өзегі, ғылымның мәдени өзегі, қоғам дамуының үдемелі қағидасы (динамикалық принципі) деген ұғым қалыптастырған.

Өзіндік болмыс ұғымына жақын тұрған ерекшелік ұғымы көбінесе салт пен дәстүрде, рухани мұра мен адамдардың мінез-құлықтарында басым қолданылады. Бұл ұғым қоғамның сапалық ерекшелігін көрсетуде белсенді түрде көрінеді. Бұның өзі жалпы адамзат айғағының экономикалық шындыққа қатысындағы айрықша рухани бағалы орнын айқындауға да септігін тигізеді. Шығыс қоғамдарының ерекшелігі тұрақты рухани мұраны әлеуметтік байлықпен тығыз бірлікте қарастырады. Осыдан біз индустриялық қоғамға қарсы бағытталған әлеуметтік қатынастардың түбегейлі өзгешелігін көреміз. Сондықтан да, рухани байлық бастауы «ерекшелік» ұғымының жүгін арқалап, шығыстың ойлау ерекшелігін айқындап тұр. Әйтсе де, бұлай бұлтартпас сұрақ туындайды. Экономикалық қатынастардың басты екені жайында батыста қалыптасқан жағдай шығыс елдеріндегі дамудың әмбебап бағыты болып табыла ма?

Азиаттық өндіріс әдісі жайында және басқа да пікірталастар нәтижесінде шығыстық өркениеттің дербестік табиғатын, дамудың өзіндік бастауларына иелігін, осы себептер оның ерекшелігі мен өзгешелігін белгілегенін түсінеміз. Бұл Шығыс ғалымдарында жалпы батыстық бағыттардан өзгеше «эндогендік даму» бағытын іздеу ұмтылыстарын туындатты. Бұған қоғам дамуын зерттеуде бұрынғы формациялық, яғни алғашқы қауымдық және құлдық қоғамнан феодализм арқылы капитализмге, социализмге өтеді деген жорамалдар мүлдем басқа, жаңа өркениетті қоғам дамуын зерттеу факторы да итермеледі.

Еуропалық әмбебаптылықтан бас тарту елеулі салдарға әкелді, ол қоғамның арғы-бергі түп тамырын зерттеуге, өткен мен бүгіннің бірлігін бағалауға, әрі уақыт пен кеңістік мәдениеттерінің арақатынасына негізделген. Шығыс әмбебаптылығының жаңа концепциялары белсенді сөз бола бастады. Мұның маңызды қорытындысы - әр кез шығыс халықтарының мәдениеттері арасынан тарихи және мазмұндық параллельдер (сәйкестік) тауып, Отан, патриотизм, эндогендік идеяларына негізделген ортақ бір мәдениет бар деушілерді біріктіру.

Өркениетті негіздерге жүгіну өркениеттілік ұғымына тереңірек үңілуді туғызады. Бүгінде оны жеке адамдар мен топтардың (материалдық) заттық және рухани аспектілерінің жалпы байланыстарына негізделген, уақыт пен кеңістікте бұлжымас орнықтылығы бар әлеуметтік өмірдің үлкен көлемді қалыптағы ұйымдастырушысы деген түсінік көпшіліктің мойындауына ие болды. Қоғамдық арақатынастардың рухани қалыптары ерекше мәнге ие болады. Мұның өзі жалпылық мәнге ие және қажетті жүйелік компоненттерде іске асады. Бұл өркениеттің әлеуметтік күштері арқылы оның тұтастығы құралады. Бұл өз көрінісін рухани байлықтардың, идеялардың, білімнің, бет-бағдардың, дәстүрдің нормалар мен символдар бірлігінен табады. Тек өркениеттілік қоғам дамуындағы үйлесімділікті, оның болашақпен байланысын қамтамасыз етеді, қоғамды өзінің ырғағына бағындырады. Бұл өз көрінісін әр қилы қалыптасу кезеңдерінен, өркендеуден, тоқыраудан табады.

Осы негізде нағыз ұлттық қоғамдасу тек капитализмнің келуімсн әлеуметтік-мәдени жүйе болып қалыптасады деген формациялық көзқарастың жалғандығына көз жеткіземіз.

Көп жылдық айтыстар көрсеткендей, «азиялық өндіріс әдісі» батыстық экономикалық өлшеулерге бағынбайды. Сондықтан да Шығыстағы өркениет мүлдем батыстық емес қауымдасу әдісіне негізделген. Бұл бірінші кезекте адамдар арасындағы қатынастың базистілігіне қатысты, атап айтқанда, ол мәдени байлықтар молдығынан, рухани реттеу тұрақтылығынан көрінеді. Егер жекелеген қоғамдарды алып қарасақ, ол жеке адамдар арасындағы қатынастар фундаментализмімен сипатталады, экономикалық қатынастардан айқын байқалатындығымен ерекшеленеді. Бұл қоғамда жалпыға ортақ рухани байлықтар болады, ол қоғам мүшелерінің барлығы үшін бұлжымас мәнге ие. Бұл қоғам ерекше күшті рухани арақатынастармен байланысқан. Осы арада қатынастар табиғи бола отырып, өзіндік арақатынас құпияларын, тіл жәпе әдіс коммуникациясын, сондай-ақ, символ (таңба), трансляциясы (жарыққа шығару) қалпын құрайды. Өркениетті тұрғыдан келу қоғамның сапалы өзгешеліктерін бағалауға, оның рухани өнімі ерекшелігіне, ондағы экономика мен саясатқа қарағанда, мәдениеттің үлкен орын алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Көзге көрінбес рухани байлықтар астаса, нығая келіп, Шығыс өркениеттің бүкіл жиынтығын, оның батыстық индустриалдық қоғамнан түбегейлі ерекшелігін анықтайды.

Қазір өркениеттіліктің ортақ теориясы жоқ. Дегенмен, ІІІығыс қоғамдарын жүйе ретінде зерттеу үшін өркениеттілік мәні мен оның орнын сипаттауға мүмкіндік беретін жалпы көпшілік қабылдаған ұғымдар бар. Өркениет бұл жағдайда аталмыш қоғамның бүкіл шекарасы (сферасы) мен он бойын көктеп өтетін, мәдени қалыптардың барлығына қорек беріп, қоғамның рухани негізін құрап, бүтіндікті бекітетін белгілі бір механизм субстанция ретінде түсіндіріледі. Халықтың әр түрлі қауымы, оның ішінде қалалықтар немесе ауыл тұрғындары орталықта тұрса да, шеткері аймақты мекендесе де, белгілі бір мөлшерде сол қоғамға тән идеалдар мен байлықтарға кездесіп отырады. Бұлар сол қоғамда бола тұрып әр уақытта болатын бүтінділік механизмімен бекітіледі.

Бұл өркениеттегі ең бастысы - рухани өндірістің қолма-қол жүйесі, ол заттық (материалдық) өндіріс факторына қарағанда әлдеқайда мығым, орнықты. Бұл қоғамның өзіндік тұрмыс ерекшелігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ондағы рухани эволюцияның ішкі бастауларын бөліп алып, ерекшеліктерін және қозғаушы күштерін табуға жол ашады. Яғни мәдениет проекциясына бой ұру оның базасында және соның өзіне тән құралдары көмегімен тұрақты, өтпелі емес әлеуметтік мәдениет құрылымын, оның қайталанбас бояулары мен иірімдерін сақтай отырып, қалпын сол күшінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Барлық дамушы тұтастықтар модификацияларына қатысатын ортақ бастау іздеу мейлінше ертеден келе жатқан және тарихи есте сақталып қалған, адамдар арасындағы өзара қатынастарды нығайту тәртібі болып шығады.

Бұл жеке адамдар арасындағы қатынас тәртібі қоғамның “differentia specifica” бола тұрып, ұзақ уақыт аралығында күрделі эволюцияға ұшырайды. Бірақ, өзінің бастағы мәнін, «айқындаушы ұйтқысын» сақтап қалады, сондықтан барлық рухани өндіріске және қоғамдық қатынастарға ғасырлар бойы ұйымдастырушы басшылық ықпалын тигізеді. Батыстағы ақша-тауарлық қатынас басады, ол сапаның негізгі заңдылығы ретінде бой көрсетеді. Дәстүрлі Шығыс қоғамдарындағы рулық, туыстық байланыстардың мәні осымен түсіндіріледі. Бұл осы уақытқа дейін сақталған әр түрлі идеологиялық бұрмалауларға соқтырып отырады.

Өркениеттің рухани аспектісінің көлемді болғаны соншама, оның Шығыс қоғамындағы орны Батысқа қарағанда мүлдем өзгеше. Ал бұның өзі қоғамның экономикалық, саяси бейнелерінің (ракурстерінің) тарихи есінде сақталуымен ерекшеленеді. Ол әрқашан тарихи тәжірибені шыңдауға мүмкіндік береді, қоғам жүгінерлік пренеденттер қалыптастырады, мәдени мұраның жүрек соғысы болып табылады.

Осы негізде Шығыс өркениет батыстың өмір сүру үлгісінде конфронтациялық қатынасын қалыптастырады. Шығыс қоғамдарының дербестік және тәуелсіздік шегін белгілейді. Ол таза рухани аспектіге ұласады және шығыс мәдениетінің, өзіндік тұрмыстық, автономдық принциптер негізінде халықаралық құқықтық жүйеленуіне белсенді әсер етіп, халықаралық және ұлттық қауымдастықтардың әрекет ережесі болып қалыптасады.

Қазір өркениетті даму концепциясына үлкен үміт артылып отыр. Бұл дүниетанымдық теориялардың еуроценристік түрінің жалпы әлемдік әмбебапттылыққа ие болмағандығына байланысты келіп тірелген түйық. Даму түрінің көпқабаттылығы идеясы, эволюция жолдарының плюрализмі, яғни өркениет Шығыста да Батыстағыдай әр қилы жолдармен жүреді делінеді. Бұл алшақтық стереотиптерден алыстау қоғам дамуының әр түрлі қарқынынан хабар береді. Яғни, бұл мәдениеті мен философиясында өз көрінісін тапқан, дербес қайталанбас өз тарихы бар Шығыс қоғамын көрсетеді.

Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік алды. Ол Батыстағы шешімді асырып жіберіп, Шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, Шығыста барлык, уақытта бір түрлі философия өмір сүрген. Оның негізгі белгілері - пессимизм, иррационализм, идеализм. Отаршылдықтың көптеген ғасырлары Шығыс ойларының пессимистілігі, инерттілігі делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі. Бұл Гегель концепциясында тіркелген, онда Батыс философиясы Шығыс философиясынан әлдеқайда жоғары бағаланған. Бір жағынан, Шығыс тұрғындары отаршылдыққа қарсы күрес барысында «мәдени империализммен» әр түрлі күрес тәсілдерін тапты. Бұл Шығыс ұлтшылдығының әр түрлі қалыптарында жалпыланды.

Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көреміз (Степанянц М. Т. Своеобразие типов восточного философствования // Вопросы философии. 1987, №6. 158-бет) .

Сондай-ақ, рационализмнің, материализмнің, активизмнің, экстраверттіліктің, тағы да басқа бағыттардың әр түрлі қалыптары Шығыста өмір сүргендігі белгілі. Бұл әдіс Шығысқа тән, өйткені даналық бұл жерде орта ғасырларда туындап, оның кәсіби философия ретінде қалыптасқан университеттік түрі болмады. Сондай-ақ, рационалдық бағыттағы даналықтың басқа да түрлері кездеспейді. Философия мәдениеттің дүниетанымдық негіздерін толғағанда жаңа мәндерді дүниеге әкелетіні белгілі. Бұл әмбебапшылықты бейсапалықтан суыртпақтайды, оларды ой елегінен өткізіп, «философем» қабатын, яғни философиялық ұғымдар мен категорияларды түзеді. Бірақ, Шығыста философиялық емес қабаттар басымдығына байланысты бұл ұғымдар (мәтіндер) көркем және діни мәндегі әдебиеттердің дәстүрлі түрлерінде малтығып қалады. Бұл философиялық дүниенің зерттелуін әлеуметтік-мәдени (контексте) мәнде құруға мәжбүр етеді. Дүниетанымдық бағыттағы мұралардан «философемді» жіктеп алуға көбірек күш жұмсауды қажет етеді.

Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады. Сондықтан да шығыс «философемі» дәстүрлі көркем және діни әдебиеттерде малтығып, философия тарихшыларын философиялық жүйені әлеуметтік аспектіде зерттеуге, дүниетанымдық бағыттағы мәтіндерді тануға итермелейді.

Қазақ философиясының қалыптасуы

Мемлекет негізі әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа ықпал ететіні белгілі. Ал қазақтың ата тектерінде және қазақтарда да мемлекеттіліктің тарихи жағынан әлсіз болғаны белгілі. Табиғат әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және мәңгілік дүние бастауы, бірден-бір ақиқат болды. Ол өздігінен жаратылған, тіршілік етудің имманенттік себептері мен факторларының, белсенділік пен эволю-цияның негіздері болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдарына мойынсұнып қалтқысыз бағыну ғана қалды. Оның себептерін түсініп және соған өз болмысын құрып, табиғат катаклизмаларынан қашақтап отырды. Табиғат бұл жерде адамдарға тұрмыстың формалары мен әдістерін, көшпенділікті немесе егіншілікті таңдауларын белгілеп беретін ғалам ретінде көрінеді.

Көне заманда адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық ұстанымына адалдығын дәлелдеп отыруға мәжбүр етті, өйткені тіршілік етудің ауыр және қатал жағдайлары руластардың әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді, әйтпесе оларға рудан аласталу - көп жағдайда мұның арты бөлімге апарып соқтыратын еді. Дүниені сезіну айқындала түсті, дүниені түсіну айқын әрекеттерге игермеледі, дүниетаным нақты жағдайдан туатын, шын айқындық болды. Табиғат дүниенің аяқталған қалыпты жағдайы, ал адам табиғаттың бір бөлшегі ғана болды.

Алайда, адамзат баласының даму эволюциясы нәтижесінде еңбектің практикалық және жаңғыртушылық қызметі бірте-бірте түсінікті бола түсті, сөйтіп табиғи органы адам қажетіне бейімдеп, қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Егіншілік пайда болады, жинаушылық бау-бақша өсіруге айналады. Үй малдарына шөп шабу жүзеге асады. Табиғи ортаны бейімдеуден адамдар оны өңдеуге ауысады. Оның енді бір формасы аңдарды қолға үйрету болды. Жабайы жылқыны қолға үйрету жабайы мал өсіру мен көшпенділікке жол ашты. Бұл сол заманда прогрестік құбылыс болды.

Табиғи ортаны өзгертудің пайда болуы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметін, мақсат қою факторын өмірге келтірді.

Қазақтың ата тегі мәдениетіне назар аудару ондағы этнос менталитеті ұғымын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, бұдан қоғам мүшелерінің барлығына қатысты және индивидуалдық деңгейде көрінетін, қоғамда ұжымды түрде қалыптасатын ойлау және психика құрылымын ұғынамыз. Мәдениеттің бұл «ферменті» әрбір адамның әлеуметтік мінез-құлқында шешуші рол атқарады. Өйткені, ол оның санасында орныққандықтан оған қоғамдық қозғалыстың жолын айқындайды, сан қилы өмір сәттеріне бағдар береді, ең бастысы, барлық объективті мүмкіндіктер ішінен өз қалауын таңдауға жөн сілтейді. Егер түйсік дәрежесіндегі қалау архетиптік қалып базасында жүзеге асып, инстинктер импульстерде көрініс тапса, ал менталитет «ғылыми мінез-құлық» пен әдет-ғұрыптар жиынтығы негізінде бағдар таңдауын талап етеді, бұларды тәрбие мен білім т. б. арқылы ұжым (коллектив) береді.

Адамдардың материалдық-өндірістік қызметі жағдайында танымдық қатынас практикалық тіршілік қызметінің мұраты ретінде көрінеді. Қоғамдық өндіріс үдерісінің өзінде адамның мақсаттары мен қажеттілігі, қызмет заты, құралдары мен нәтижелері туралы ұғым пайда болады. Сондықтан сапа өз бойына материалдық өндіріс саласымен тікелей байланысты және материалдық мәдениет ескерткіштерінде өз ізін қалдырған өзіндік болмыс категориясы болып табылады.

Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімге негізделген заттың әрекет үдерісі басталды. Ежелгі адам Қаратау жотасы салаларына орналасты; мұны шелль-ашелль дәуірі ескерткіштерінен көреміз. Бұл жерде көне кремнийден жасалған ежелгі тас құралдары табылды. Одан бас жағының жартысы соғатын шүйде түрінде жасалған шоқпар нобайын байқаймыз. Бұдан кейінірек пайда болған шоқпардың немесе сойылдың белгісі аңғарылып тұр. Көне екі қырлы шабу құралы, қырғыш, өткір ұштықтар табылған. Бұдан кейінгі ашелль-мустьерлік кезеңде құралдар күрделіленіп, бизонға, бөкенге, марал мен тарпаңды аулауға қолданылатын түрге енген. Кремнийден жа-салған құралдармен қатар халцедон пайдаланылады. Өндіріс қызметі нәтижесінде тастың сапасы да өзгере бастайды. Тас құралдарды өңдеу үшін сүргіш және жонғыш ретінде сүйек пен мүйізден жасалған құралдар пайдаланыла бастаған. Заттың жаңа қасиеттері мен сапасын анықтау оны адамның заттық қызметіне тартудың негізгі жолы болды. Тас құралдарды одан әрі дамыту оның сапасын жетілдіру жолымен жүзеге асырылды.

Тас құралдар уақыт өте келе өзінің сапасы жағынан дамып отырған өндірісті қанағаттандыра алмады. Сөйтіп, мыстың және қалайының қорытпасын, қорғасын, мырыш қосып дайындалған қоланы еңбек құралдарын, аңшы қаруларын жасаудың негізгі шикізаты ретінде пайдалану кең тарады. Тас шапқыштардан әдемі де берік металға көшуден қазақтың ата тегінің де сапалық артықшылықтарды пайдалануда алға басушылығы болғанын көреміз.

Қола дәуірі барлық халықтар арасынан бақташы тайпалардың бөліну және алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі айқындалу тарихымен байланысты. Бұл бірден материалдық мәдениеттің дамуына қозғаушы күш болды. Тері шалбарлар пайда болды, ал, көрші халықтар мұны тез-ақ қабылдап алды. Ауыздықтың, айыл, құйысқан, ер-тоқым, найза, жебе ұштарының қажеттілігі металлургия мен тау-кен өндірісі жедел дамуына жол ашты. Қоғамның анағұрлым сапалы өндіріс құралдарына және қару-жараққа зәрулігі Жезқазғанда, кенді Алтайда, Қаршығада, Жалтырда, Ащылыда, Ұратөбеде - мыс; Атасуда, Қалбада, Нарымда - қалайы; Степнякта, Қазаншұңқырда, Балажалда, Ақжалд, Майқапшағайда - алтын өндірісін дамытты.

Қоланың сапасы еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға ғана емес, сондай-ақ тұрмыс заттары мен әшекейлік заттарды дайындауға да мүмкіндік берді. Мұның өзі құю, нақыштау, жылтырлау, майдалау, заттарды әрлеу өнерін көркемдікке жеткізді. Әйткенмен біраз уақыттан кейін Қазақстанның байырғы тұрғындарын қоланың сапалық қасиеттері қанағаттандырмады және сол сақ дәуірінде жалпы адамзат баласы дамуында революциялық рөл атқарған аса маңызды шикізат темірге көшті. Темір құю өндірісі қызыл және қоңыр темір рудаларын қорытудан басталды. Өндірілген шойын мен темір ат әбзелдерін, қару-жарақ, тұрмыс саймандарын дайындауға кеңінен пайда-ланылды. Ақинақ пен пышақ дайындауда темір қоланы тез арада ығыстырып шығарды.

Ғұндардың өзі заттары мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Мейлінше күшті, күтім тілемейтін, алыс жорықтарға төзімді асыл тұқымды жылқыларды өсіргенді дұрыс көрді. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін бағалай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым күштілігімен, айлалығымен және көргендігімен бағаланды. Мұндай сапалық қатынас мынадан да көрінеді: «Күштілері айлалы және дәмдісін жейді, қартайғандары солардың қалдықтарымен тамақтанады. Жастар мен мықтыларды сыйлайды, қариялар мен әлсіздерге құрмет аз» (Бичурин Н. Я, Собрание сведении о народах обитавших в Средней Азии и древние времена. М., 1950, т. 1. 40-бет) . Жауынгердің қылыш шабу өнері жауынгерлік сапаның шығу формасы болды. Жігіт сапасы ретінде батыры таңдап алынды. Халық тарихында оның орнының зор екендігі белгілі. Әр жігіттің өз басына тән сапасы мен қасиеті, ерлігі мен қаһармандығы, өрлігі мен өжеттігі ерекше құрметке ие болды. Мұның халық қалыптасуында орасан зор мәні болғандығы сондай, басқаларда, тіпті көршілес халықтарда да батырлардың, бағадүрлердің маңызы зор болғанымен, батырлар қоғамдық мәнділігі жағынан қазақ қауымындағыдай дәрежеге жете алмады. Бұл - мекендеген аймақтың кең байтақтағы мен оны қорғап-сақтау қажеттігіне, қорғаныс факторының маңыздылығына байланысты.

Қабанбай мен Бөгенбайдың, Наурызбай мен Сыпатайдың, Малайсары мен Тайлақтың, Жәнібек пен Өтегеннің, Саурық пен Әбілқайырдың, Баян мен Таукенің, Бұхарбай мен Ағьбайдың және басқа көптеген батырлардың қазақ халқы есінде сөнбес ерлік үлгісі ретінде қалып, қаһармандық бейнелері батырдық эпостарда көрініс тапты. Бұл батырлық дәрежеге жетіп, қол бастап қана емес, рулар мен тайпаларды аузына қаратып, билік айтқан жігіт сапасының қандай мәнге ие болғандығын көрсетеді. Жоңғарлармен Аңырақай шайқасы ерлік пен қолбасшылық таланттың жарқын үлгісі, Кіші жұз ханы Әбілқайырдың абырой-атағының қайнар бастауы болғандығын айтса да жеткілікті.

Тарихи деректер көрсеткендей, Жетісу қазақтарының арғы тегі асыл тұқымды жылқылар өсірді. Бұл көршілес елдерде, әсіресе Қытайда қызу қанды жүйрік тұлпарлар ретінде аса жоғары бағаланды. Үйсін жылқылары, Теңлік қорғанынан табылған алтын (пластинка) тақташада бейнеленгендей, ірі жәие биік, бұлшық етті, үлкен басты, жалы мен құйрығы өрілген немесе күзелген. Олар, әрине, Персеполь релъефіндегі және Петров коллекциясындағы Сібірден табылған алтын тақташада бейнеленген сақ жылқысына ұқсайды. Бұл жылқылардың құндылығы сондай, олармен бекзада қалыңдықтардың, хан қыздарының қалыңмалын берген. „Бұл уақытта Цзюцюань бекеттер мен бекіністерді Юймыняға дейін қойды. Үйсін 1000 бас жылқыны ханшаның қалыңына айдатты. Хан сарайынан император тегінен Цзянду есімді ханшаны ұзатты”, - дейтін деректерге назар аударыңыз. Сапаны айқындаудағы осы дағды қазақтарда осы күнге дейін сақталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Зар заман философиясы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Қазақ этнопедагогикасы
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясы қалыптасуы
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz