АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

К I Р I С П Е 3
АБАЙДЫҢ ӨМIРI. ЖАСТЫҚ ШАҒЫ. 3
АБАЙДЫҢ ГУМАНИЗМI 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. 5
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ 5
АБАЙ АФОРИЗМДЕРI ЖӘНЕ ҚАРА СӨЗДЕРI 11
АБАЙДЫ ТАНУДЫҢ ЖАЙЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 14
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 18
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КҮН ШУАҚТЫ АСҚАР БИIГI 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 19

К I Р I С П Е

АБАЙДЫҢ ӨМIРI. ЖАСТЫҚ ШАҒЫ.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев [29.07. (10.08.) 1845, қазiргi Шығыс
Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында туылып-23.06. (6.07.)
1904, сонда, Балашақпай жайлауы, бейiтi Жидебайда)] - ұлы ақын, философ,
ағартушы, композитор. Ақының арғы бабасы - Олжай батыр. Олжайдан Айдос,
Қайдос, Жiгiтек есiмдi 3 ұрпақ тарайды. Айдостың Айпара деген әйелiнен
Ырғызбай, Көтiбақ, Топай, Торғай туады. Бұлардың әкесi момын, шаруа адамы,
ал шешесi өткiр тiлдi, өр мiнездi әйел болған. Ырғызбай аға-iнiлерiнiң
ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар,
Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелi - Зереден Құнанбай туады. Құнанбай төрт
әйел алған. Оның бәйбiшесi Күңкеден Құдайбердi, iнiсi Құттымұхамбетке
айттырылып, қалыңдық кезiнде жесiр қалған соң, өзi алған екiншi әйелi
Ұлжаннан - Тәңiрбердi (Тәкежан), Ибраћим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшiншi әйелi
Айғыздан Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген кiшi әйелi
Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың “Атадан алтау, анадан төртеу едiм” дейтiнi
осыдан. Болашақ ақын сабырлы мiнезiне, кең пейiлiне сай ел анасы атанған
“кәрi әжесi” Зеренiң мол қазынадай аңыз ертегiлерiн естiп, абысын-ажынға
жайлы, әзiл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетiк өз анасы Ұлжанның тәрбиесiнде
өстi.
Абай бала кезiнде ширақ, пысық болмағанымен, елдегi шешен, ақын,
ертегiшiлер әңгiмесiн тез өғып алатын зеректiлiгiмен, ынталылығымен
ерекшеленген. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадiрiн бiлетiн ортада өскен
кiсi. Құнанбай қажының да кеңiнен толғап сөйлер тереңдiгi өз тұстастарының
ғана емес, шетелдiк саяхатшыларының да назарына iлiккен.
Құнанбай қажы “Ескiтам” деген қоныстан медресе салдырып, өзiнiң және
туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегiз жасында әуелi сол “Ескiтам”
медресесiнде дәрiс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған. Әкесi оның
зеректiгiн байқағаннан кейiн, 10 жасқа толған соң Семейдегi Ахмет Риза
медресесiне бередi. Онда 3 жыл оқыған. Медресенiң үшiншi жылында ол осы
қаладағы “Приходская школаға” да қосымша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтiң:
“Өзi тұстас үлкен-кiшi балалардың барлығынан сонағұрлым зейiндi, ұғымтал
және ерекше ықыласты болған. Дәрiсте арабша кiтапты молданың бiр оқып, бiр-
ақ рет түрiкшеге аударып берген сөздерiн кiтапқа қарамай жатқа айтып шыға
алатындай зерек болды” деген сөздерiнен бiз Абайдың дәрiс үстiнде оқылатын
сабақтарды ұғып бiлу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиедi екенiне
көзiмiз жетедi.
Әрине көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз
бетiмен өзi сүйген кiтаптарын оқуға жұмсап, көп iзденуге салынады. Оқуға
кiрген соң-ақ тез есейiп, iлiм қуған кiсiнiң қалпына оңай түсiп кеткен.
Оқыған кiтаптың көбiне сынмен қарай бiлетiн, өзiнiң әбден сүйiп, таңдап
оқыған iрi ақындары болды.
Абай бiр жағынан Шығыс классиктерi Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи,
Физули, Жәми т.б. оқыса, екiншi жағынан Пушкин, А. И. Герцен, М.Е. Салтыков-
Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А.Крылов, Ф.М.
Достаевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс
болған, Батыс әдебиетiнен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлi
ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргiздi. Есейген шағында, осы өзi оқыған
философ, ақын, ғылымдармен тең дәрежеде пiкiр таластырып, олардың iшiнен
iрi ақындардың өзiне әсерi болған кесек туындыларын қазақ тiлiне аударған.
Аударған өлеңдерi көркемдiк жағынан негiзгi нұсқасымен тең түсiп, кейде
асып та жатады. ¤ұмырының соңына қарай пенделiк шаруалардан бойын аулақ
салып, уақытының көбiсiн шығармашылыққа арнаған.
Абай үш әйел алған. Бәйбiшесi Дiлдәдан - Ақылбай, Әбдiрахман,
Күлбадан, Әкiмбай, Мағауия, Райхан, екiншi әйелi Әйгерiмнен – Тұрағұл,
Меқайыл, Iзқайыл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Үшiншi әйелi
Еркежаннан - ұрпақ жоқ.

АБАЙДЫҢ ГУМАНИЗМI

Абай түсiнiгiнше, адамның ең жақсы қасиеттерi - ерлiк, табандылық,
тұрақтылық, әдiлеттiлiк және шыншылдық, сыпайыгершiлiк, еңбек сүйгiштiк,
бiлiмге құмарлық және ақылдылық.
Абайдың бұл пiкiрi өзiнiң сүйiктi ұлы Әбдiрахман мен iнiсi Оспан
қайтыс болғанда жазған өлеңдерiнде, “Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат”,
“Интернатта”, “Сегiз аяқ”, “Жастықтың оты жалындап”, “Себе жұртқа тұрса да
қанша мақтап” т.б. көптеген өлеңдерi мен ғақлия сөздерiнде толық байқалады.

Абайдың айтуынша, адамгершiлiгi мол адам батыл, ер жүрек болуға,
қорқыныш дегендi бiлмеуге тиiс, қайткен күнде алдына қойған мақсатқа жете
бiлуге тиiс.
Абай халықты, әсiресе жастарды үнемi достық, татулық, әдiлеттiк,
дұрыстық сияқты адамгершiлiк қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды. Ол кейбiр
жастардың арасында татулықтың болмаушылығына қатты қынжылды.
Ондай жастар туралы айта келiп, Абай бұлардың:
“... Қосылмас ешбiр бастары
Бiрiне-бiрi қастыққа,
Саудасы - ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы;
Еңбекпен еттi ауыртпай
Құр тiлменен жинағы” -
деп жазды.
Осындай жексұрындық мiнездер мен әрекеттердi әшкерелей отырып, Абай
жастарға:
“Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық бiлуге”, -
дедi.
Абайдың гуманизмi оның интернационализмiмен тығыз байланысты. Патша
самодержавиесi, бiр жағынан, ислам дiнi, екiншi жағынан, ұлт араздығын
қоздыруға тырысатындығына қарамастан, ұлы ақын Абай интернационализмдi
қуаттады. Ол жастарды орыс мәдениетiн үйренуге, қолөнерiн орыстардан, тағы
басқа да халықтардан үйренуге шақырды.
Абай жастарды, яғни бiздi тәрбиелеудiң әр түрлi жолдарын, ең алдымен
отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеудi ұсынды. Балалардың
дүниге көзқарасын және мiнезiн қалыптастыруда отбасының рөлi аса зор
екендiгiн ескере отырып, Абай балаларды тәрбиелеу үшiн ата-аналардың өздерi
жақсы тәрбиеленген болуы керек екендiгiн ескерттi.
Арманы – ұлы орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы достық қатынасты
күшейту, қазақ жастарын, орыс тiлiне, мәдениетiне үйрету, жас ұрпақты
адамгершiлiкке тәрбиелеу болған ұлы ағартушы ақынның бұл сөздерiнiң маңызы
бүгiнгi бiздiң заманымызда да айрықша зор.
Абай уақытын еңбексiз бос өткiзетiндердi, адамгершiлiк қасиетке
ұмтылмайтындарды мейлiнше жек көрдi:
“Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
үтiрiк пен өсектi жүндей сабап”, -
дейдi Абай.
Надан адамды Абай ақылы саяз, бiреудiң ақылымен, бiреудiң айтқанымен
жүретiн ойсыз, бейшара адам деп таныды. Осындайлардың арам ниеттi
мiнездерiн көргенде қаның қайнайды дейдi ол.
Абай адамның адамдық қасиетi еңбекте, ғылым-бiлiм үйренуде,
адамгершiлiк мiнез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елiн еңбекке, өнерге үндедi.
Қазақ әйелiнiң бас бостандығын жырлады. Абайдың барлық еңбегi қай жағынан
болсын, артта қалған халқын алға сүйресе деген идеяға бағынды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ

Абай – әлемге қөзқарасы қалыптасқан, өзiндiк философиялық түйiндерi
бар ғұлама. Ақынның рухани даналық мұрасы терең мағыналы философиялық
идеяларға толы. Оның қазақ философиясының қалыптасуындағы рөлi зор. Абай
дүниетануда материалистiк тұрғыда болды. Абай түсiнiгiнде, табиғат бiздiң
санамыздан тыс және бiзге бағынышсыз өмiр сүредi. Бiздiң сенiмiмiз,
қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат, шындық өмiрдiң сәулесi ғана.
Адам баласы “көзiмен көрiп, құлақпен естiп, қолымен ұстап, тiлiмен татып,
мұрнымен иiскеп тыстағы дүниеден хабар алады”,- дейдi Абай.
Абайдың дүниенiң дамуына көзқарасы, әлi кемелiне келiп жетпеген болса
да, диалектикалық едi: ол табиғат құбылыстарын бiр-бiрiмен өзара
байланыста, үнемi өзгерiсте, дамуда алып қарастырады.
Алайда, Абайдың материализмi дәйектi, жүйелi, толық материализм емес
едi. Оның дүниетануда материалистiк көзқарастарымен қатар, ақының өмiр
сүрген дәуiрiмен байланысты және белгiлi дәрежеде оның материалистiк
көзқарасын бүркемелейтiн деистiк көзқарастың, яғни дiни-философиялық
көзқарастың элементтерi де ұшырасып отырады.
Ол күллi Шығыста философияның негiзгi мәнi болып табылады “жетiлген
адамды” өзектi және басты проблема етiп қарастырып, соған айрықша көңiл
бөлдi. Адамгершiлiк туралы iлiмдi дамыта отырып, адамды адамгершiлiк,
кiсiлiк тұрғысынан жетiлдiру принциптерiн, ұлттық эстетика мәселелерiн алға
тартты. Адамның шексiз танымдық мүмкiндiктерi жөнiнде, бiлiм мен ғылымның
әлеуметтiк рөлi туралы, адамтану мәселелерiн көтередi. Даналықтың өлшемi
бола бiлген философ-ақын рухани мұрасы шын мәнiсiнде, қазақ халқын зерделi
ойы мен өмiрi тұрғысындағы энциклопедия секiлдi.
Ақын шығармалары сусындаған негiзгi үш қайнар көздi айтатын болсақ, ол
ең алдымен Абай қазақ елiнiң ұлттық рухы мен даналық ойларын абыздық
көргендiлiкпен, өлеңмен өрнектеудi қазақ эпосынан үйрендi.
Сондай-ақ Абайдың жүйелi ойларының үлкен бiр арнасының қалыптасуына
Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерiнiң аз болмағандығы сөзсiз.
Үйткенi ол күллi араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың
атағы жер жүзiнде мәшћүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари,
Рабғузи, Рашид Әд-Дин, Бабыр Захиред-дин Мұхаммед, Әбiлғазы, Баңадур ханның
тарихи еңбектерiн, сондай-ақ логика ғылымының негiздерi мен мұсылмандық
құқық, Шығыстың шариғат қағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерiн жетiк
меңгерген. Сол еңбектердi түпнұсқасында оқитын жан-жақты бiлiмдар ғұлама
болған.
Отырардан шыққан және Шығыстың екiншi ұстазы атанған ғұлама ғалым Әбу
Насыр Әл-Фараби философиясы. Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда
елеулi рөл атқарған ақынның шұрайлы философиялық ойлары, негiзiнен, Шығыс
ойшылдары мен ақындарының кемел пiкiрлерiн айрықша шеберлiкпен игергендiгiн
көрсетедi. Орыстың қоғамдық-философиялық ақыл-ойы ақынның эстетикалық
көзқарасының қалыптасуына елеулi әсер еттi. Сондай-ақ басын сонау антикалық
ежелгi заман мәдениетiнен алатын Батыс Еуропа мәдениетi Абай дүниетанымының
даму процесiнде тарихи сабақтастық желiсiн атқарады. Қазақ кемеңгерi
Сократ, Платон, Аристотель еңбектерiмен жақсы таныс болды. Сонымен қатар ол
Спенсердiң “Тәжiриелерiн”, “Льюстiң” Позитивтiк философиясын, Дрепердiң
“Еуропа ақыл-ойының даму тарихы” атты туындылары мен Милльдiң, Бокльдiң
және т.б. көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған.
Батыстың өркениетi мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы
мен мәдениетi Абайдың рухани есею жолында орасан зор рөл атқарып, Батыс пен
Шығыс мәдениеттерiн оның өз дүниетанымда тамаша ұштастырды.
Абайдың негiзгi зерттеу объектiсi - адам. Сол адам эстетикалық,
этикалық талғамы, арман-мақсаты, өмiрiнiң мәнi, сезiмi мен түйсiгi, болмысы
мен ұлттық ойлау ерекшелiгi ұлы ойшылды терең тербенiске түсiрген. Шығыс
ойшылы ретiнде Абай адам проблмасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық,
құндылық, этикалық, эстетикалық тұрғыдан зерделедi. Ол адам табиғатын
этикалық тұрғыда қарай отырып, “сегiз қырлы, бiр сырлы” сырбаз адам, яки
кемелiне жеткен “толық адам” кейпiнде алға тартады.
“Абайға Шығыстан кiрген бұйымдардың басы ислам дiнi”, - дейдi М.
Әуезов. Шындығында, Абайдың “жан сыры”, “жан құмары”, “жан қуаты”, “жан
жарығы”, “хауас”, “хауас салим”, “хауаси хамса”, “хауаси хамса заңири”,
“толық адам”, т.б. философиялық ұғым-танымдар жөнiндегi көзқарасы ислам
философиясын терең танығанын байқатады. “Әрбiр ғалым-хакiм емес, әрбiр
хакiм-ғалым”, “Адаспай тура iздеген хакiмдер болмаса дүние ойран болар
едi” - деген пiкiр-ғұламаның философиялық көзқарасы.
Жоғарыда айтып кеткендей, ұлы ойшыл ақындар Фердауси, Низами, Сағди,
Жами, Науаи, Хафиз т.б. мектебiнен нәр алып өстi. Тiптi, бертiн келе де,
дүниеге көзқарасының қалыптасып, творчестволық талантының шарықтап, кең
арнаға түскен шағы - ұлы орыс әдебиетiнiң өкiлдерi мен революционер-
демократтардың идеясына етене бой ұрып, осы өмiрге бiр жола берiлген кезде
де, Абай Шығыстың бұл тектес бай әдебиетiне қол үзбеген. Әркез қайта
айналып тiлдесiп отырған. Бұл тұста шәкiрттiк елiктеу емес, заман
төрешiлерiнiң мұңдастығы, сырластығы аңсата табыстыратын.
Бұл туралы академик М. Әуезов былай дедi: Абай “Масғұт”, “Ескендiр”,
“Әзiм әңгiмесi” сияқты терең мағыналы дастандар жазғанда, “Көзiмнiң
қарасы”, “Қор болды жаным” сияқты сыршылдық жырлар жазғанда; “өлең-сөздiң
патшасы” сияқты ақындық әсем сөздiң қадiрiн айтқанда Шығыс классик
поэзиясының тiл көрiктiлiгiн, жалпы ұзын ырғақ, сөз сарынды ала отырды.
Бiрақ олардың тұсында да ұлы ақын өзiндiң өзiндiк өзгеше бiтiм бейнесiн
елiктеуге салынып, жеңiлге сайып, өзгерткен жоқ. Дүниенi, өмiр мақсаты,
тартыс бағытты атағанда бар ойы, бар ақындық шабыты өте терең шындықпен
қабысып отырды [1].
Мiне, осы орайда, Абай өзiнiң дидактикалық поэзиясында осылардың
iшiнде тәжіктің әрi парсының ұлы классиктерi Сағди мен Хафизге жақын болса,
қара сөздерiнде Науаидiң “Махбубул кулубына”, Кейқабустың “Қабуснамасына”
ұқсату бар-ды.
Бiрақ та осының бәрiнде де Абай үшiн орта ғасыр әдебиетiнiң жоғарыда
айтылған алыптарына құр елiктеу жат. Ақын өлеңдерiнде, қара сөздерiнде жанр
жағынан үлгi алынғанымен, қозғар тақырыбы өзi өмiр сүрген дәуiрге тән.
Көбiне жұрт Абайдағы Шығыстық үлгi дегенде, ақынның жастық шағына тән
өлеңдерiн жиi еске алады. Анығында олай емес.
“Абайдың орыс классик поэзиясынан алған үлгiсiн мол бағаламақ болған
кейбiр “тексерушiлер” Абайға шығыс поэзиясының әсерi де болған” деген
пiкiрлерге қытықтанып, шамданып қарайтындар да болған. Ол дұрыс емес.
Анығында, Абай жаңағы (Фердауси, Сағди, Жами, Науаи, Физули, Хафиз)
анықталған Шығыстың кейбiр үлгiсiн анық пайдаланған. Реалист ақын болып
қалыптасқаннан кейiн де, сол жаңағы Шығыс поэзиясында кездесетiн толық
жатқан сөздiктердi, ақындық лексиканы Шығыстық әдебиеттен алған. “Абай
терең сезiм, идея, мазмұн жағынан түгелiмен Шығыс ақындарының ықпалына
берiлмесе де, өлең құру шеберлiгi, түр жаңалығы жөнiнде, бұл кезде де көп
нәрсе табады.
Сонда әсiресе өзiне ең жақын ұстаз етiп классик Науаи шығармаларынан
үлгi iздейдi[1]”.
Абай шығыс әдебиетiнiң бұл алып ақындары сияқты кесек жанрда сюжеттi
шығармаларды көп жазған жоқ. Өйткенi бүкiл ақындық өнерiнiң денiн
ұстаздыққа арнаған, өсиет өлең жазып, надан көңiлдi оятуды мақсат еткен.
Абай сөздi қызық үшiн жазған жоқ. Осы үшiн ол:
Батырды айтсам, ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам, қыздырмалап,
Әншейiн күн өткiзбек әңгiме үшiн
бiр сөзiн тыңдап едiң мыңға балап. –
деген болатын.
Абайды М.О. Әуезов былай бағалаған: “Шығыс жағынан нәрдiң бәрiн Абай
өз ақылымен, сыншы, ойшы ақылымен, бiрақ, әрине, санашылдық жолымен өзiнше
қорытып алады. Бұған кiрген бұйымдардың басы ислам дiнi, онан соң Шығыс
поэзиясы және мұсылман ғылымының iлгерi-соңғы ғұлама философиялық сөздерi
болды” [2].
Ендiгi сөз Абайдың көзқарасының орыс әдебиетiнiң ұлы классиктерiнiң
идеяларымен үйлесуi жайлы болмақ. Қараңғы сахарада етек басты елдiң төрiнде
тұрмыс құрғанына қарамастан, Абай сонау россиядағы озық идеямен-орыстың
классикалық әдебиетi өкiлдерi Крылов пен Пушкин, Лермонтов пне Салтыковтың,
Толстойдың революционер-демократ сыншы жазушылар Белинский, Чернышевский,
Добролюбовтың идеяларымен үндес болды. Абайдың осы мектептен ең бiрiншi
алған “түсiнiгi, үлгiсi ақындық халыққа қызмет етудiң үлкен бiр жолы”,
“ақын шығармалары қоғамның тәрбиесiне, өсiп дамуына, дүние тануына жәрдем
ететiн еңбек”,-деген көзқарас болды.
Осы мектеп бағытымен Абай да қазақ топырағында әдебиеттi-өз
шығармаларын мешеу тұрмысқа мұрындық, соқыр кеудеге сәуле, надан өмiрге
өнеге-үлгi, тез деп бiлдi. Бiрақ Абай әдебиеттi қару еткенде бiрiңғай
пушкиндiк, лермонтовтық, некрасовтық поэзия үлгiсiмен кете алған жоқ. Қазақ
жағдайы ақынды ерiксiз өзге тәсiлге бұрылуға мәжбүр еттi. Халық өмiрiне
еншiлене болған қараңғылық, надандық өз тұстарынан бiр дәуiр iлгерi кеткен,
кеудесi құдiреттей ақындық талантқа толы Абай қаламын поэзияның көркем
үлгiлерiн жасау жолынан әр кез қақпалай бердi. Данышпан ақын осы тарихи
шындықтың шегiнен асып кете алмады.

Осы тарихи шындық ақынды заманының өрiсiне лайық әдеби үлгiнi қару
етiп, тар өрiстiлiктiң негiзгi тамыры-надандылыққа соққы беруге мiндеттедi,
мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың түсiнiгiне
қозғау салу үшiн, насихатшы, өнеге үйретушi болуға бой ұрғыза бердi. Осының
нәтижесiнде көп жағдайда көркем поэзияға тән шығарма бояуының әсерлi
фонтандық тасқыны, ақын қиялының кереметтеу құлаш жаюы т.с.с. екiншi
қатарға шегiндiрiлiп, оның орнын мысқылдай ұсынып, батпандап жүк артатын
өнеге тiлi-дидактикалық поэзия басты:
Әуелде жас қартаймақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмiр қайта келмек.
Басқын iз-көрген қызық, артта қалмақ,
Бiр құдайдан басқаның бәрi өзгермек.
Ер iсi ақылға ермек, бойды жеңбек,
үнерсiздiң қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай,
Ерiншек ездiгiнен көпке көнбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек.
Әр нәрсеге өзiндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында
Наданның сүйенгенi көп пен дүрмек.
Орыс әдебиетiнiң ұлы классиктерiнiң және революционер-демократтарының
еңбектерiн мол қамтып, терең зерттеп оқуы оның өмiрге көзқарасын
айқындаған. Ақынның ғылым, өнерге үндеуi мен демократтық бағытқа бой ұруы,
өмiр шындығын терең танып, бой ұруы, өмiр шындығын терең танып, оның терiс
жақтарын өткiр сатира әдiсiмен өлтiре шенеуiнiң бiр тамыры орыстың ұлы
демократтарымен шығармашылық байланысында жатыр.
Абай орыс әдебиетi мен публицистикасын тек оқушы, үйренушi ғана емес,
оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзiнiң мазмұнына түрi сай, көркем
аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да қазақ оқушыларына дәл
жеткiзушi болды.
Жалпы орысты Абай жатсынбайды.
Орыс терiс айтпайды –
Жаман бол деп оларды,
Қаны бұзық өзi ойлар
Қу мен сұм боларды, -
Деген сөздерден ақынның интернационалдық көзқарасы танылады. Сөйте отырып,
ол жастарға патша әкiмдерiнен үйренбеудi ұсынады:
Военный қызмет iздеме
Оқалы киiм киюге,
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкiрек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге, -
дейдi.
Белинский, Чернышевский, Добралюбовтың әдебиеттi өмiрге жақындату,
сол арқылы қоғамдық дамудың өзектi мәселелерiн батыл көтеру жайлы ойлары
Абайға күштi әсер еткен. Осы идеяға сүйене отырып, ақын қазақ ортасындағы
өлең сөздiң маңызын көтерудi мiндетiне алады. Жаңа сөзге лайық жаңа оқушы,
тыңдаушы тәрбиелемек болды. Бұл – Абайдың қазақ әдебиетiне кiргiзген үлкен
жаңалығы.
Сайып келгнеде, ақынның шығармашылығы өз дәуiрiндегi оқушы, тыңдаушы
жұрттың ой-өрiсi талабынан келiп туған, өз дәуiрi жағдайлары қажетiнен
келiп туған филосифиялық шығармалар. Мораль философиясы.
Абайдың философиялық көзқарастарының көбi адамгершiлiк мәселесiне
келiп тiреледi. Ақын “жеке адамдарды жаманшылықтарынан арылтып сол арқылы
заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетiп, өзгертпек болады”. Сонда
оның бұл адамы мейiрiм, әдiлет, шапағат, ар-ұят, ұялаған жылы жүректi жан
және бұл адам жылы жүрек жетекшi болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың
иесi. Ал осы адам “... адамзатты махаббатпен жаратқан Алланы сүюi,
адамзаттың бәрiн бауырым деп сүюi, халықтың жолы әдiлеттi сүюi тиiс, сонда
ғана бұл адам “толық адам” болмақ”.
Әрине, Абайдың бұл адамы-әрекеттiң иесi, ақылдың иесi. Ал бұл екеуi
адамға жеке-жеке тұрып, пайда мен залалды, жақсылық пен жамандықты қатар
жасата бередi. Егер ақыл мен қайратты жүрекке билетсе, адам залалдық пен
жамандыққа бармайды. Ақын өзiнiң идеялы болған осы “толық адамында” -
жүректi ең жоғары сатыға қояды да, “жүрек адам денесiнiң патшасы,
билеушiсi, әмiршiсi”, - дейдi. Нұрлы ақыл, ыстық қайрат және оларға әмiрi
жүретiн жылы жүрек бiр кiсiде табылса, онда ол “табанының топырағын көзге
сүртерлiк қасиеттi адам”,- деген тұжырымға келедi.
Абайдың осы ойлары Әл-Фарабидiң: “Жүрек басты мүше, мұны тәннiң
кшқандай басқа мүшесi билемейдi. Бұдан кейiн ми келедi, бiрақ мұның
үстемдiгi бiрiншi емес, екiншi. Өйткенi ол барлық басқа мүшелердi дилейтiн
болса, оның өзiн жүрек билейдi”, - деген оймен үндесiп жатыр.
Абй осылайша өзiнiң адамгершiлiк жайлы бiраз ойларында Шығыс
ойшылдарымен көбiрек үндесiп жатса, ал қоғамдық-әлеуметтiк тақырыптарға
жазған шығармаларында, оқу-бiлiмдi, еңбектi үндеген сөздерiнде белинский
бастаған революцияшыл-демократтардың идеяларымен, Салтыков-Щедрин сияқты
сыншыл суреткерлердiң дәстүрiмен үндес келедi.
Әрине, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан және географиялық детерминизм. Абай және қазіргі заман. Фрейд және Ницше
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Шәкәрім философиясы
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым
Этика оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Абайдың ақындық кітапханасы
Қазақ этнопедагогикасы
Қазақ халқының философиялық мұрасы
Пәндер