Қазіргі кейбір философиялық ағымдарға ғылым мен философияны бір - біріне қарсы қою


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

2. Негізгі бөлім3

1) Неопозитивизм бағытының қалыптасуы4

2) Махизм немесе эмпириокритизм6

Қорытынды12

Қолданылған әдебиеттер13

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім . . . 4Неопозитивизм бағытының қалыптасуы . . . 5Махизм немесе эмпириокритизм . . . 7Неопозитивизм жаңа тарихи формасы . . . 9
  3. Қорытынды . . . 14
  4. Қолданылған Әдебиеттер . . . 15

Кіріспе

Бүгінгі таңда әлемдік философиялық ой шеңберінде мыңдаған ағымдар мен мектептер ұжымдасқан. Олардың сан алуандылығына қарамастан, ортақ белгілері жоқ емес. Өйткені, олардың барлығы да буржуазиялық қоғамның қатынасынан шығады, оларға белгілі идеалогиялық міндет жүктеледі, олардың танымдық шығу себептері де, таптық тамырлары да ортақ сипатта. Қазіргі кейбір философиялық ағымдарға ғылым мен философияны бір-біріне қарсы қою; нақтылы ғылымдардың тілдік құрылымын талдаумен философияның пәнін біртектестік турғыдан карастыру; философияның ауқымын ғылыми ақпараттарды сараптау кызыметімен шектеу тән. Сонымен қатар, сциентизм және антропологизм сияқты қағидалар көптеген философиялық ағымдарды көктей өтеді, яғни олардың теориялық өзегі ретінде қалыптасқан. Сциентизм дегеніміз қоғамдық өмірде, мәдениеттің дамуында, ғылымның маңызын асыра сілтеушілікпен әсірелеп, дәріптеуден келіп шығатын жолбашылық қағида. Ал антропологизм болса, жеке адамның тыныс-тіршілігін, өмірге деген көзқарасын, көніл-күйін бірінші орынға қойып, барлық жалпы мәселелерге осы тұрғыдан баға беруге қосатын философиялық қағида. Бұлардың қай-қайсысы болса да сыңаржақты сипатта болады, алайда белгілі бір тар ауқымда қарастырылатын мәселелер бойынша олардың қол жеткен табыстары да жоқ емес. Сциентизм, негізінен позитивистік бағыттарға - позитивизм, неопозитивизм, ғылым философиясына, структурализмге тән. Ал антропологизм - «өмір философиясына», экзистенциализмге, персонализмге тән.

3

2. Негізгі бөлім

Неопозитивизм өзінің қалыптасып даму барысында үш кезеңнен өтеді:

  1. ХІХ ғасырдың 30-40-жылдары маркстік философияның қалпында ескі философиямен «ат құйрығын үзісеміз» деп жариялаған тағы бір ағым болды. Позитивизм, яғни «оң» деген атқа ие болған бұл ағымның негізін қалаушысы француз ойшылы Огюст Конт еді.
  2. Неопозитивизмнің екінші тарихи түрі - махизм немесе эмпириокритизм болды. Оның негізін қалаушылары - Эрнст Мах, Рихард Авенариус және олардың ресейлік ізбасарлары.
  3. ХХ ғасырдың 20 жылдарында позитивизмнің үшінші сатысы және жаңа тарихи формасы - неопозитивизм пайда болып қалыптасты. Оның негізін қалаушылар - М. Шлик пен Р. Карнап.

1) Неопозитивизм бағытының қалыптасуы

Бұл орайда позитивизм өзінің бүкіл даму барысында өзіне ғана тән болған негізгі қайшылықты ескермей келді. Оның өкілдері өмір бойы философияны жоққа шығаруға тырысып баққанда, өздерінің сол философиялық шеңберден асып кете алмағандығын, қайта философияның белгілі бір ағымын дүниеге келтіргенімен ісі болмады. О. Конттың позитивистік философиясы француз ағартушылық философиясымен белгілі бір байланыста болды. Ғылымның шексіз мүмкіндігіне күмән келтірмесе де О. Конт ұлы француз ағартушыларның дәйекті материалистік сарынын қабылдаған жоқ. Сонда да оның ғылымдарды жүйелеуі француз энциклопедистерінің өсиетін жүзеге асырумен барабар әрекет болатын. Конттың пікірінше ғылым ешқандай философияға мұқтажы емес. Ғылыми ойлаудағы философиялық сарқыншақтардан арылу қажет. Осындай сарқыншақтардың бірі - ғылымының құбылыстардың мәні мен шығу себептерді ашуға ұмтылфтындығы. Ғылым «неге?» деген сұраққа емес «қалай?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оның құбылыстарды суреттеумен және заңдарды тұжырымдауымен шектелуі қажет. Демек, Конт заңдарды тұжырымдау ісі мен себептілікті зерттеудің арасындағы байланысты жоққа шығарғысы келеді. Сонғысы - «метафизикалық» (философиялық) ойлаудың сарқыншағы. Жалпы себептілікті, шынайлықты жоққа шығарытын субъективтілік идеализмнің қағидалары мен жаратылыстанушының көзқарастары бейбіт қатар ұжымдасып жатады. Позитивизм өзінің даму барысында бірте-бірте дүниетаным дық мәселелерден іргесін аулақтатып, тіпті нақтылы ғылының өзіне де алшақтай бастады. Оның куәсі - ХІХ ғасырдың көрнекті позитивистері - ағылшын ойшылдары Джон Милль мен Герберт Спенсердің философиялық ілімдері. Олар позитивистік философиясының негізгі қағидаларын мойындауымен қатар жалқы мәселелерде өзіндік позиция ұстанды. Атап айтқанда, дүниетанымдық мәселерден, ғылымнан алшақтау - олардың философиясынан айкын көрінеді.

ХІХ ғасырдың сонғы онжылдығында позитивистік философияның алғашқы түрі дағдарысқа ұшырады. Оның негізгі себептері мынадай жағдайларымен байланысты еді: 1) позитивизмге негізінен механистицизм тән болғандықтан ол ХІХғасырдың аяғында физика мен биологиядаашылған ғылыми жаңалықтарды түсіндіріп бере алмады. Ол тұрмақ, ескі метафизикалық материализм мен классикалық физиканың дәстүрлі ұғымдары да ештемеге жарамай қалып, керексіз үйіндіге айналды. 2) Ғылымның жедел қарқынымен дамуы, атап айтқанда физикада, биологияда ашылып жатқан жаңалықтар, психологиялық зерттеулердің шұғыл жандануы ғылымдар арасындағы жалпы байланыс және олардың адам мүддесіне тигізер пайдасы туралы мәселелерді күн тәртібіне қойды. Бұл мәселелер - позитивизмнің «жалған мәселелер» деп атап келген ғылымның ең жалпы даму заңдылықтарын қамтитын сұрақтар болатын; 3) Позитивистер ұсынып келген ахлақтық қағидалар да уакыт сынына төтеп бере алмады. Өйткені, ғылыми ізденістерді тек адамгершілік құндылықтардың аясынан қарастыру жансақ көзқарас болып шығады. Бұл сыңаржақты позитивистік әлуметтанудың тоқырауға ұшырағандығының бір көрінісі еді.

2) Махизм немесе эмпириокритизм

Позитивизмнің екінші тарихи түрі - махизм, немесе эмпириокритизм осы осы дағдарыстан шығу жолдарын іздестірудің негізінде қалыптасты. Оның өкілдері Конт-Спенсердің жіберіп алған жаңсақтқтарынан арылып, сонымен қатар, ғылым мен философиялық салалардың ара жігін алшақтату сарынын сақтап қалуға тырысты. Позитивизм өзінің махистік сатысында бұрын «тым философиялық мәселелер» деп ат-тонын алып қашатын сұрақтармен айналысуға мәжбүр болған-ды. Атап айтқанда, олар-танымның табиғаты, объект пен субъекттің арақатынасы, зат пен түпнегіз, шындықтың негізгі элементтері, физикалық дене мен психикалық қасиеттердің өзара байланысы және т. б. мәселелер еді. «Ғылымдар философиясы» деген атақты үміткер болып келген позитивизм өмірдің өз күн тәртібіне қойып отырған бұл мәселелерден атап өтіп кете алмады. Алайда бұл сұрақтарға махизм субъективтік идеалистік тұрғыдан жауап беруге тырысты және философияның максаты - таным теориясының ғылыми жасауда деп ақталуға бейім болды. Сөйтіп махизмнің өкілдері өздерінің бұрынғы әріптестерінен қаншалықты жаңа терминологиядан бүркеншік жамылғысы келгенімен айтарлықтай қашықтап кете алмады. Махизм де философиялық мәселелердің ғылымға өгей екендігін ддәлелдемекші болып, субъективтік идеализмнің шырматылғанын байқамай да қалған болса керек. Алайда Мах пен Авенариус Конт пен Спенсерге қарағанда субективтік идеализмге дәйектілікпен бой ұрған-ды. Осы тұрғыдан материализм мен идеализмнің қайшылықты сипатын «әлем элементтерінінің бейтараптығы» туралы қағиданы жариялау арқылы мүлдем жоққа шығардық деп есептеген еді олар. Ал «әлемнің элементтері» дегендері жаңа ұғым арқылы бүркемеленген түйсіктер болатын.

Позитивизм өзінің махистік даму сатысында бұрынғы қол жеткен табыстарынан да бас тартты. Мысалы, ғылымды философиядан арашалауға үндей отырып, позитивизмнің бұрынғы өкілдері ғылыми зерттеулерді тұжырымдап, жалпы қорытындылар жасап отырушы еді. Ал философияның түпкі мақсаты - таным теориясын жасақтау деп жариялаған механизмнің тұсында бұл артықшылығынан да айырыльш қалды, себебі бұл кезеңде тек себептілік қағидасы ғана емес, сонымен қатар материя туралы, оның құрылымы туралы ғылымда қалыптаса бастаған соны түсініктер де зейіннен тыс қалды.

Сонымен қатар тар ауқымды салаларда, әсіресе себептілікті сыңаржақты механикалық тұрғыдан түсінуді, классикалық физиканың ежелгі ұғымдар жүйесін, атап айтқанда кеңістік пен уақыт туралы Ньютондық пайымдауды өткір сынға алу сияқты пайдалы нәтижелер де болмай қалған жоқ. Бірақ та метафизикалық көзқарасты сынау үстінде ғылымға керекті диалектиканы, материяны жоққа шығарғандары «легендегі жуынды суды ішіндегі баламен бірге төгіп тастағанмен» бірдей болды. Енді осы махизмді дүниеге келтірген негізгі алғышарттардың қатарынан саналатын XIX ғасырдың аяғындағы, XX ғасырдың басындағы жаратылыстану ғылымдарындағы, әсіресе, физикада орын алған төңкеріске қысқаша тоқталайық.

XIX ғасырдың аяғында физика бұрын бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек деп келген атомның күрделі құрылымы бар екендігін ашты. Осыған байланысты материяға деген көзқарас түбірімен өзгеруге тиіс болды. ХVІІ-ХVШ ғасырларда қалыптасып орныққан материя туралы оның бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден тұратын зат деген түсініктің тар ауқымдылығы әрі жаңсақтығы көзге ұрған-ды. Бұл түсініктің жаңсақ екендігін алғаш рет пайымдаған орыс химигі А. М. Бутлеров болатын. Ол 1886 жылы Санкт-Петербургте шыққан «Химияның негізгі ұғымдары» деген кітабында атомдардың бөлінбеуі мүмкін емес, қазір тек біздің ғылыми құралдарымыздың шамасы, өресі жетпегендіктен ғана оның бөлінетіндігіне көз жеткізе алмай отырмыз деген-ді. Алайда, оның пікірі ешкімнің де тарапынан қолдау тапқан жоқ, өйткені ол ешқандай да тәжірибеге сүйенбеген пікір еді. Көп уақыт өтпей-ақ оның дұрыстығы анықталды. Ағылшын физигі Крукс катод сәулелерін зерттей келіп, олардың өте ұсақ бөлшектердің құйыла жүйткіген тасқыны екендігін, олардың электрлік зарядтың ең аз мөлшерін тұтынатындығын ашты. Бұл бөлшектер кейіннен электрондар деп аталған-ды. Ал бастапқы кезде олардың атомның құрамдас бөлшектері екендігі туралы ой ешкімнің де басына келген жоқ. 1896 жылы француз физигі Анри Беккерель уран тұздарының өзінен-әрі сәуле бөліп шығаратынын байқады. Ол сәулелердің өткірлігі сондай, қандай қатты денеден де өтіп кететін еді. Беккерельдің тәжірибесін ерлі-зайыпты Мария Склодовская Кюри мен Пъер Кюри ілгері жалғастырып, өзінен өзі энергия бөліп шығара алатын қабілеті бар басқа элементтерді - торий мен радийді («сәулелі» деген мағына береді) ашты.

1901-1903 жылдары бұл мәселелермен тапжылмай шұғылданған ғалым Резерфорд радий белсенділігінің атомдық өзгерумен тікелей байланысты екендігін дәлелдеді. Бұл теорияға жүгінсек, радийдің атомы гелийдің атомына айналады екен. Бұл жаңалық атомның күрделі құрылым екендігінен хабар берді. Атомның құрылымсыздығы, бөлінбейтіні туралы түсініктің тас-талқаны шықты. Ал, электронның қасиеттерін зерттеу барысында массаның өзгеріп отыратындығы ашылды. 260 мың км/сек жылдамдықпен қозғалатын электронның массасы екі есе үлкейеді екен. Бұл жаңалық ескі классикалық физиканың масса әр уақытта тұрақты күйде сақталады деген тұжырымына мүлдем қайшы келді. Денелер массасының механикалық қозғалыс дәрежесінде өзгеруі туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес. Мұндай өзгеріс тек күн сәулесінің таралу жылдамдығына (3 км/сек) жақын жылдамдықпен қозғалу үстінде орын алуы мүмкін. Бұл жаңалықтар ескі классикалық физиканың ұғымдар шеңберінен шығып кетті, ескі тұжырымдардың күйреу кезеңі туды.

Аталмыш жаңалықтар атомның өзегіне (ядро) жол ашты. XX ғасырдағы физиканың дамуы осы жаңалықтарды жан-жақты, терең зерттеу ісімен байланысты жүзеге асырылды. Атомның электрондық қабығын зерттеу ісі кванттық механика ғылымын, ал оның өзегін зерттеу ісі ядролық физиканы дүниеге кетірді. «Элементарлық» бөлшектер физикасында бұл екі бағыт бір арнаға тоғысты. Физиканың материяның тылсым құпиясына тереңдеуі - оны жаратылыстану ғылымдарының шешуші саласына айналдырған еді. Егер ХVII-ХVШ ғасырларда мұндай саланың міндетін механика атқарған болса, ал ХІХ ғасырда қозғалыстың механикалық формасынан басқа түрлерін зерттейтін физика, химия және биология жолбасшылыққа жетілсе, XX ғасырда қозғалыстың механикалық формасынан басқа түрлерін зерттейтін физиканың элементарлық бөлшектерді зерттейтін, болмыстың негізгі жалпы формаларын (материя және қозғалысқа тәуелді кеңістік пен уақыт туралы) зерттейтін бөлімдері ие болды.

Жаратылыстану ғылымдарындағы революция физиологияны да қамтыды. Бұл орайда жетекші рәл атқарған И. ППавловтың шартты рефлекстер туралы ілімі болды. Оның бұл ғылыми тәсілі жануарлар мен адамның жоғарғы жүйкелік іс-әрекетін зерттеуге жағдай туғызды, демек, олардың денелік әрі психикалық ұйымдасу заңдылықтарын зерттеуге қосты. Бұның өзі философияның түбегейлі мәселелеріне соқпай кете алмады, Атап айтқанда, сананың материяға қатынасы туралы философиялық мәселеге байланысты И. П. Павловтың ілімі көптеген жаңа тұжырымдар мен қорытындылар жасау қажеттілігін туғызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс классикалық философиясының пайда болуы
Ортағасырлық философия
«Араб-исламдық» философиясының пайда болуы
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры
Платон пікірі
Философия пәні мен оның қызметі
Ортағасырлық Ислам философиясы
Философиясының ірі өкілі Г.Ф.Гегель
Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі
Әбу Хамид әл-Ғазалидің тасаууфтық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz