Платонның өмірбаяны


ЖОСПАР
І. Кіріспе2
Платонның өмірбаяны2
Платонның «Пифагор» және «Элей» мектебі туралы жалпы сипаттама2
ІІ. Негізгі бөлім4
Платонның теориясына деген Демокриттің көзқарасы4
Платонның танымы4
Платонның диалектикасы4
ІІІ. Қорытынды14
Қолданылған әдебиеттері16
І. Кіріспе
Платонның өмірбаяны
Платонның «Пифагор» және «Элей» мектебі туралы жалпы сипаттама
Бәрімізге белгілі Платон (б. з. б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан адам. Әкесі - Аристон жағынан, Аттиканың соңғы патшасы Кодр тұқымынан шықса, ал шешесі Периктиона жағынан атақты данышпан, заң шығарушы Солонмен туыстас.
Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе, оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырылады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері - Сократ.
Алайда, Платонның шығармашылық жолын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде ол Сократтың шәкірті, соның идеясын насихаттаушы, шығармашылық мұратын ілгері апарушы ойшыл. Дегенмен, бұл дәуірде Платонның ой-пікірлерінің өте терең екендігіне, оның философиялық проблемаларды жан-жақты талдай алатын қабілеттілігіне таң қалмай қоймайсын.
Екінші кезең - Платонның Сократ ықпалынан бірте-бірте босап шығып, өз жүйесін, өз шығармашылық жолын негіздеуге ұмтылған кезең. Мұнда Платон болашақ идеяларын, әсіресе, таным теориясын, диалектикалық ойлау әдісін қалыптастыруға айрықша күш салған.
Үшінші кезең - Платонның философиялық жүйесінің толығынан айқындалып, оның саяси - әлеуметтік көзқарасының кемеліне келген шағы. Платонның бұл кезеңдегі де шығармаларында, сұхбаттарында Сократтың есімі кездесіп отырады. Бірақ, ендігі жерде Сократтың айтқан идеяларының сыртында Платонның өзі тұр. Ол өзінің негізгі идеяларын әрі қарай жан-жақты дамыта берді. Платонның қалыптасу жолдары оның шығармашылық бейнесін аша түсті. Дегенмен, Платонды тек Сократтан ғана шыққан деп есептеу кателік болар еді. Оған кезінде Пифагор мектебі және Элей философтарының, Гераклиттің және софист Кратилдің, тағы басқаларының ықпалы өте күшті болған.
Платон философиясынан, әсіресе, Пифагор мектебінің ықпалы анық байқалады. Айталық, Пифагордың жан өлмейді, мәңгі деген идеясынан Платонның идеялар туралы ілімі дүниеге келді.
Бұл жерде біз Платонның көзқарасына, әсірсе, Элей мектебінің тікелей әсер еткенін айта кеткеніміз жөн. Өйткені, өзімізге белгілі Элей мектебі дүниені екіге бөлді. Бірі - сезімдік заттар дүниесі, екіншісі - сезімнен тыс дүние. Бірінші дүние уақытша, өткінші, жалған болса, екінші дүние мәңгі. Элей мектебі «бірінші дүние үнемі қозғалып, дамып отырғандықтан, бізге білім бермейді, одан пікір шығады, ал екінші дүние қозғалмайтын болғандықтан, одан білім мен ақыл пайда болады» деп дәлелдеді.
Платон болса, осы идеяға сүйене отырып, Элей мектебінің ақиқат дүние ешбір қозғалмайды, ешбір өзгермейді деген ілімін жаңаша қарап, оны жандандыруға тырысты. Ол осы идеяны әрі қарай жалғастыра отырып, сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, дамып отыратын болғандықтан шындыққа жатпайды, ақиқат емес деген қорытынды жасады. Ал сезімнен тыс дүние ол болмыс, оны тек қана ақыл-зердемен танып түсінуге болады. Бірінші дүние, яғни сезімдік заттар дүниесі үнемі қозғалып, ешбір тұрақтылыққа ие болмағандықтан ол бізге ақиқат, білім бермей, пікірдің ғана объектісіне айналады. Ал екінші дүние бізге білім береді, бізді ақиқатқа қарай жетелейді. Бұл дүниені Платон идеялар дүниесі деп атады. Сонымен Платон қарама-қарсы екі дүниені бір-бірінен ерекшелейді. Бір дүние қалыптасу, үнемі өзгеру дүниесі. Бірақ, ол үнемі қалыптасу үстінде болғандықтан, болмысқа ие болмайды деп кесіп айтты. Ал екінші дүние - әбден қалыптасқан, бұрын болған мәңгі абсолютті дүние. Ендеше, бұлардың біріншісі екіншісіне бағынышты.
ІІ. Негізгі бөлім
Платонның теориясына деген Демокриттің көзқарасы
Платонның танымы
Платонның диалектикасы
Платон сезімдік заттар дүниесін ешбір білім бермейтін процесс деп қарап, оның маңызын барынша төмендетті емес пе? Ал екінші дүниені - идеялар дүниесін асыра дәріптеп, соны негізгі етіп, тың жол бастады емес пе?
Бұл, әрине, дұрыс та шығар! Дегенмен, мәселенің мәні әлдеқайда тереңірек. Платонның айтайын деп отырғаны, дүниені екіге бөліп, бірін сезімдік заттар дүниесі, екіншісін идеялар дүниесі деп қана шектеу емес, мәселе осы екі дүниенің арасындағы байланыста жатыр. Шынында да, сезімдік заттар дүниесі идеялар дүниесіне бағынышты. Оны Платон жасырмайды. Алайда, сезімдік заттар дүниесі белгілі бір себептерден, мақсаттылықтан пайда болып, ілгері қарай дамиды. Ендеше, оның негізгі себебі, мақсаты алға ұмтыла қозғалу идеясымен тығыз байланысты. Идеялар негізгі мән, ал сезімдік заттар дүниесі олардың салдары, көшірмесі, елесі ғана.
Алайда, заттар үнемі өзгеріп, дамып, қалыптасып отырғандықтан, олар бірде болмыс, ал бірде болмыс емес болуы мүмкін. Осы болмыс емес «материя» деген ұғыммен сәйкес келеді. Ендеше, материя сезімдік заттар дүниесі мен сезімнен тыс идеялар дүниесінің ортасындағы аралықта орналасқан. Материяның өзі үнемі қозғалыстың, пайда болу мен өзгерудің мекені.
Бұл жерде Платон «материя» деген ұғымды қолданғанымен, оның мәнін ашып бере алмай отырғанын ашық айту керек. ол тек өзгеріс пен қозғалыстың, тұрақсыздықтың бейнесі сияқты. Ал, атомдық философия болса бұл көзқарасқа, керісінше, сезімдік заттар дүниесін, денелерді ашықтан ашық атомдардан тұрады деп атады, ал болмыс емес дүние бос кеңістікпен теңестірілді. Міне, бұл Демокрит пен Платонның арасындағы айырмашылықты сипаттайды.
Демокриттің көзқарасы мен Платонның теориясының арасындағы осы айырмашылық көне грек философиясында айқын байқалып, өліспей беріспейтін қарама-қарсылыққа айналды ма екен? Өйткені, жаңағы біз айтқан денелерді, сезімдік заттарды бейнелейтін «атом» деген ұғымның өзі бөлінбейтін деген мағына берсе, «идея» деген сөз (оны бірінші пайдаланған Платон емес, Демокрит қой) атомдардың немесе заттардың материалдық элементтері деген мағына берген. Мұндай пікірді бізге В. Ф. Асмус өзінің «Платон» деген кітапшасында сонау алпысыншы жылдардың аяғында мәлімдеді.
Сонда атомдар идеялар болғаны ма? Қалайша біз атомдар мен идеялар бірдей, тепе-тең, өзара ұқсас деп айта аламыз?
Мұның ешқандай өрескелдігі жоқ. Жаңағы кітапта Асмус түсіндіргендей «идеялар» деген сөз Демокриттің шығармаларында «формалар» деген мағынамен дәлме-дәл келеді. Ендеше, «атомдар - идеялар» деген сөз «атомдар-формалар» болып шығады. Ал «форма» деген сөз өз мәнісінде «пішін» деген ұғымға өте жақын.
Демокриттің философиясын талдағанда, жоғарыда атап көрсеткендей, атомдар тек түсі, температурасы, жұмсақтығы, қаттылығы, тығыздығы, тағы басқа жағынан емес, пішіндері жағынан да айырмашылықта болады екен. Ендеше, бұл формалар - пішіндер болмыстың элементтері. Оларды, Демокриттің ойынша, сезімдік таным арқылы анықтай алмаймыз, қолмен ұстап, көзбен көріп, иісін білуге болмайды. Оларды сезіммен емес, ақылмен ғана айырамыз. Сөйтіп, «идея» деген ұғымды Демокрит те пайдаланып, ол ұғым заттар болмысының элементтерін ақыл арқылы ашуға мүмкіндік беретін формалар екенің айқындайды.
Платонның диалектикасы таным процесін де қамтып кетеді. Айталық, оның ойынша, өрлеу әдісі бар. Ол әдіс бойынша, таным әуелі қарапайым гипотезалардан, болжамдардан басталып, идеяға дейін, яғни белгілі бір бастамаға дейін жету керек. ал екіншіден, осы бастамадан, түрлерден төмен қарай өту процесі орын алады. Міне, біз байқап отырғандай алғашқы әдіс (идеяға қарай өрлеу әдісі) - біріктіру, яғни көптеген бытырап бөлек жатқан заттардың басын қосу, солардың бәрін бір негізге жинақтау. Екінші әдіс (идеядан төмен қарай түсу әдісі) - оларды бөлу деп аталады.
Осы айтылып отырғандардан болашақтағы индукциялық және дедукциялық, анализ бен синтез әдістері көз алдымызға елестейді.
Бірақ, Платонның диалектикасы шын мәнісінде әдіс туралы ілім емес. Ол сондай-ақ, таным туралы ілімге де жатпайды. Ендеше, оны логика деп айтуға да болмайды. Сонда ол не? Егер ол әдіс, таным, логика болмаса, бұл диалектика нені зерттейді?
Платонның диалектикасы онтологиялық диалектика, яғни ол заттар мен процестердің, сезімдік дүниенің онтологиясын зерттейді. Платонның диалектикасы түсінікті болуы үшін мынандай мәселелерді қаралық. Оның ойынша, кім дүниені таныса, сол іс-қимылмен әрекет етеді. Яғни танылған нәрсе қимылға ұшырады деген сөз. Ал әрбір қимыл өзгеріс әкеледі. Әрбір өзгеріс қозғалыс тудырады. Бұл ой қазіргі біздің табиғатты асыра дәріптеп, диалектиканы мойындамай жүрген онтологиялық көзқарастағы кейбір философтарымыздың идеяларымен сәйкес келетін сияқты.
Бірақ, Платонның осы саяси-әлеуметтік ой-пікрлерінде де жанды, идеяны асыра дәріптеген, кейде діни мистикаға ұқсас көзқарастардың кең орын алғанын ұмытпағанымыз жөн. Осы мистикалық ұлы ойшылдың пікірлерін жете түсінуге бөгет жасап келмедй ме? Ол да болуы мүмкін. Платонның саяси-әлеуметтік көзқарасының оның объективті ойларымен тығыз байланыстылығы өзінен өзі-ақ көрініп тұр. Дегенмен, осы ойлардың ішінде адам мен оны қоршаған орта - мемлекет, қоғам туралы бағалы тұжырымдары да аз емес.
Сондықтан біз адам туралы мәселе көтеріп, оны жете түсінуге ниет білдірген көне грек философы - Платонның саяси-әлеуметтік көзқарасына біраз талдау жасағанды жөн көрдік.
Алдымен Платонның мемлекет жөніндегі ойларының аса көңіл аударарлық құнды екенін атап өткеніміз дұрыс. Ол мемлекеттердің жетілген, идеалды және жетілмеген формаларын анықтауға ұмтылады.
Дегенмен, Платон мемлекеттің бір формасына ғана ерекше назар аударды. Оның ойынша, адам баласының алтын дәуірі артта қалған. Сондықтан да өзі өмір сүріп отырған заман оның сынына ұшырады.
Шынында да, көне грек дәуіріндегі адамдардың ұғымы бойынша уақыт кері жүріп отыратындықтан, Платон адамзаттың тарихының дамуын болашақтан күтпей, өткенге көп көз салады. Осыған байланысты, оның ойынша, қазіргі мемлекеттік құрылысқа өткен заман, әсіресе, мифке, аңызға айналған Хронос басқарған қоғам адамдардың бірге өмір сүрген формасының ең жоғары түрі болып саналады. Ол уақытта құдайлардың өздері құдіретті бақташылар сияқты жекеленген аймақтарды басқарып отырған. Ал қоғамда өмір сүруге қажеттілердің барлығы жеткілікті болғандықтан ешбір соғысқа, жаугершілік пен өзара жауласушылыққа себеп жоқ еді. Сол кездегі адамдар тікелей жердің өз перзенті болғандықтан, оларға үй мен тұрмыс бұйымдарының қажеттігі болмады. Сондықтан олардың бос уақыты мол еді. Адамдар осыған байланысты, көбінесе, философиямен айналысты. Сол кездегі адамдар табиғатпен аса жақсы қатынаста болып, оның ауыр зардабына ұшырамады.
Платон осы өзі идеалды деп есептеген Хроностың басқаруындағы аңызға айналған қоғамдық құрылысты неге өз заманына, яғни құлдық демократиялық дәуірге ұсынбаған деген ой да туады. Платонның өзі-ақ көне замандағы мифке, аңызға сүйенген Хронос патшалығы үлгісінің ең жақсы қоғамдық құрылыс ретінде өз заманына ұсынуға келмейтін жоба екендігін даналықпен көре білген. Себебі, ең алды мен, адам мен табиғат арасындағы үйлесімсіздік бұл кезде өрши түсті; адамдардың, халықтардың арасында өзара қырқысқан майдан басталды. Сонымен бірге, осы құлдық қоғамның өзінде-ақ шаруашылық қажеттерінің тапшылығына, жанұялық қатынастардың бүлінуіне байланысты шиеленіскен қайшылықтар өз шегіне жеткен еді. Платон өзі идеалды, «алтын дәуір» деп отырған замандағы үлгіге қарама-қарсы қоғамдық құрылымның теріс кейпін көрсетіп, оны талдап берді. Ол теріс типті қоғамдық құрылыстағы адамдардың мінез-құлқы мен іс-қимылының негізгі қозғаушы күші - олардың материалдық қажеттілігін өтеуге бағытталған күнделікті күйбең тіршілігінде екенін айқындады. Өзінің «Мемлекет» деген сұхбатының 4-кітабында Платон: «Қандай ғана болмасын мемлекеттің өз ішінде бір-бірімен жалғасқан екі мемлекеті бар: бірі - кедейлердің мемлекеті, екіншісі - байлардікі», - деп атап көрсетті.
Міне, Платонның өзі сол замандағы мемлекеттің ішкі жағынан алғанда, бір-бірімен жауласқан, екі әлеуметтік жіктің қарама-өарсылықтарынан тұратынын көрсетіп берген.
Платон әрбір категорияның, ұғымның мәні мен көрінуін бір-бірінен айыра қарайда. Айталық, әдеміліктің процесс ретінде мәні мен оның көрінісінің бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар. Платон «Үлкен Гиппий» деген сұхбатында осы мәселеге ерекше назар аударады. Бұл сұхбатта Сократ (оның көзқарасы, әрине, Платонның ойы ғой) софист Гиппиймен айтысып қалады. Сократ әуелі «кім көп ақша тапса - сол данышпан» деп софистерді кекетіп алып «әдемілік» дегеніміз не?» деп сұрақ қояды. Гиппий түсінбей қалып, «әдемілік дегеніміз әдемі зат» деп жауап береді. Сократ өзінің ойын софиске былай деп ұғындырады: «Не әдемі деп сұрақ қойып отырғанымыз жоқ, әдемілік дегеніміз не?». Бұған Гиппий бірден: «Әдемі - ол мына әдемі қыз» деп жауап береді. Әуелгі кезде Сократ онымен келісе кеткен ыңғай білдіреді. «Иә, бұл қыз әдемі» дейді. Одан соң: «Егер сен нені әдемі десең, сол әдемі бола кете ме?» деп тағы да сұрақ қояды.
Бұл жерде Сократ (Платон) софистің субъективтік көзқарасын сынап отыр. Шынында да, мынау әдемі екен деген нәрселердің бәрі әдемі бола бере ме? Егер олай болса, онда әркімнің өзіне ғана тән әдемілік туралы талғамы болғаны ғой. Талғам жөнінде пікір әртүрлі. Бұл жерде данышпан қазақ айтқандай ғой «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деп. Ал мына көзқарас бойынша талғам туралы айтысты қоя салуға болады. Егер олай болса, субъектиатік, сыңаржақ көзқарастағы софистер дұрыс ойлап, шындықты ашқан болып шығады.
Айтыстың негізі басқада. Сократ осы айтыста «әдемілік өзінен өзі ғана өмір сүре ме, егер солай болса, жаңағы қыз не себептен әдемі?» деп сұрақ қояды. Ал софист Гиппий болса, «әдемі болғандықтан әдемі» деп қыздың әдемілігін қарсыласының алдына тарта береді. Сол мысалға қайта-қайта оралады. Сондықтан Сократ сырт қарағанда софист Гиппийдің пікірін қолдаған болып, «әдемі бие де әдемі, әдемі құнан да әдемі» деп, пікірін әрі қарай жалғастырады. Мұндай ойға амал жоқ софист Гиппий де келіседі. Ендігі жерде осылардың барлығын салыстыра келіп, Сократ әдемілік жөнінде көне грек философы Гераклиттің идеясын қайталап: «маймылдардың ішінде де ең әдемісі болған. Бірақ, олар адам мен салыстырғанда, өте ұсқынсыз емес пе?» деп Гиппийді тағы да өз ойына көндіреді. Сөйтіп, әдемі деген құнан қызға қарағанда ұсқынсыз, әдемі деген қыз құдаймен салыстырғанда көріксіз болып шығады. Сонымен бір-бірімен салыстыра келіп, барлық заттар әрі көректі, әрі әдемі, әрі көріксіз, әрі ұсқынсыз екені анықиалады. Сонымен әдемілік сезімдік заттар дүниесіне тұрақты түрде тә н емес екен. Өйткені, ондағы әдемілік үнемі өзгеріп, дамып, қалыптасып қана отырады. олай болса, әдемілік заттардан, дүниеден тыс өз алдына бөлек, мәңгі өмір сүретін идеялардан, түрлерден келіп шығады екен. Осы ойда Сократ (Платон) былай деп тұжырымдайды: әдемілік - ыңғайлы, ізгілік жасауға қабілетті процесс. әдемілік - пайдалы нәрсе. Ендеше, әдемілік - ізгіліктің себебі. Сөйтіп, Платон әдемілікті мәнге қарай жақындата түседі. Бұл сұхбаттың ерекшелігі сонда, сайып келгенде, айтысқа қатысып отырған. Сократ та, Гиппий де әдемілікті әлі толық анықтамайды, бірақ оны түсінуге, оның мәнін ашуға жақындап келеді. Дегенмен мынандай сұраққа да жауап қажет: Платонның әдемілікті ізгілікпен және ізгіліктің себебімен ұштастыруын қалай түсінесіз?
Платон бұл жерде жекелеген заттарда, процестерде, адамда әдемілік ұғымның болмайтынын, ал бола қалса ол үнемі өзгеріске ұшырап отыратындығын көрсетіп берді. Сондықтан Платон жекелеген заттардағы әдемілік негізгі мәнінде емес екендігін талдап шықты. өзінің негізгі идеясына сүйене отырып, Платон әдемілікті адамның іс-қызметіне, адамгершілік қасиетіне қарай жақындата түсті. Әдемілік ізгілікті болуы керек. яғни ол пайдалы, оның пайдасын жеке адам ғана көріп қоймай, немесе әсемдік ғана жаратылмай, барлық жандар мен заттарға өзінің әсерін тигізіп, зор ықпал етуі керек. Ендеше, әдемілік алдымен идея. Ол сырттан танылатын идея. Ал идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі.
Енді Платон атап көрсеткен екі дүниенің арасындағы диалектикалық байланысты (егер ондай байланыс бар болса) талдауға көшелік. Бұл екі дүние туралы түсінікті Платон тек Элей мектебінен алып, оларды өз шығармаларына көшіре салған жоқ. Дүниені бұлай екіге бөліп қарауда тегі үлкен мән бар.
Платонның сезімдік заттар дүниесі мен сезімнен тыс дүниені қарама-қарсы қоюында, бірін-тіршілік, ал екіншісін - мән деп айыруында үлкен мағына жатыр. Енді біз осыларға жеке-жеке қысқаша тоқталып өтелік. Ең алдымен, Платонның ойынша, идея - бір жағынан себеп, заттың болмысының, олардың қасиеттері мен қатынасының қайнар көзі, ал екінші жағынан заттар дүниесін тудырушысы және жасаушысы, яғни барлық заттардың жасампаз негізі. Үшіншіден, идеялар - барлық өмір сүретін заттардың ең жоғары игілікке қарай ұмтылатын мақсаты.
Сөйтіп, Платон ең алдымен әр уақытта және мәңгі өмір сүріп, ешуақытта да қалыптаспайтынды және үнемі қалыптасып, бірақ ешуақытта да өмір сүрмейтінді бір-бірінен айыру керек деп атап көрсетеді.
Біз жоғарыда айтқандай, үнемі көңіл аудартатын және біздің зерттейтін пәніміз сияқты көрінетін әдемі зат құбылыс емес, шын мәнінде, әдемі болатын, былайша айтқанда, өзіне-өзі болып сәйкес келетін мін. Платонның айтуынша, сайып келгенде, идея-мән. Ол мән болғандықтан, бір де бір кездейсоқтыққа, өзгермелі және салыстырмалы түрде көрінетін жағдайларға бағынышты емес. Ендеше, Платонның сұхбатында атап көрсеткендей, әдемілік дегеніміз қай уақытта да әрдайым әдемі болады. Сонымен идея - мән және өзімен өзі ғана бөлек өмір сүретін барлық заттардың қатынастары мен әр жақтылығын көрсетіп отыратын жалпылық. Идея - барлық заттар мен процестердің негізі және соны тудырушы. Міне, осы жерде қайдағы бір заттар мен процестерден тыс тұрған идеяны көрсете отырып, Платон, шын мәнісінде, өзінің сыңаржақ кеткенін дәлелдемей ме?
Әрине, сырт қарағанда идея бірінші, негізгі заттар мен процестер соның туындысы деп отырған Платон қателесіп кеткен сияқты. Біздің философиялық әдебиеттердегі материализм мен идеализм туралы жасалған сұлбаға Плато сиып кеткендей көрінеді. Ал шындығында, Платонның осы идеясының өзінде де адамзаттың ойын толғандырған, мәдениеттің алға басуына септігін тигізген көптеген проблемалар бар.
Айталық, қазіргі әдебиет пен көркемөнердегі, тағы басқа салалардағы көркем шығармалар үшін идеяның атқаратын маңызы өте зор. Ең алдымен, қандай ғана шығарма болмасын, негізгі бір идеяның айналасына барлық оқиғаларды, шиеленіскен қайшылықтарды топтасрыдаы. әрине, мәседе идеяның ақиқаттағында жатыр. Дегенмен, идея бұл жерде шешуші және негізгі. Олай болса, Платонның идеяларға көп көңіл бөлуі философияның кейінгі даму процесіне, жаңа заман мәдениетіне үлкен әсер етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz