Менің ойымша, ғылымның мақсаты өзін түсіндіруге мұқтаж нәрсе ретінде көрсететін нәрселердің бәрінің қанағаттандырарлық түсіндірмесін табу


ЖОСПАР
Кіріспе2
Постпозитивизм5
К. Поппердің философиялық көзқарастары7
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Өз-өзін тану, өзгені түсіну, сол сияқты кемеліне келіп жинақталу үшін адамның білімге ұмтылатыны рас. Басты мақсат - бес күн жалғанды мәнді өткізу. Өйткені жаратылыстың сүйеніші де, тұрағы да, түбірі де мәнділікте. Білімнің шыңына шыққан жандар соны түсініп, пендеге тән көзсіз құмарлықтардан, күйкі эмоциялардан арылып, адамзаттың рухани және материалдық игілігі жолында еңбектенсе, олар үшін өмірдің мәні тереңдеп, рухтары биіктей түскені. Сондайда ақиқатты, құндылықтарды жақсы көретін әрбір адам әлгілерге: “Апыр-ай, ұстазы кім, ұстанымы не, ұлағаты қайсы?” - деп қызығушылық танытатыны сөзсіз.
Осы тұрғыдан келгенде біз батыстық білімдарларға, олардың шығармашылықтарына әлі күнге дейін қызығушылық танытып, ұстаз тұтып, білімін ғана үйренудің орнына “менмендіктерін” де жұқтырып алып отырғанымызды мойындауымыз керек. Соның айғағы ретінде жоғары оқу орындарындарда әлі күнге дейін философия, саясаттану, социология, психология, мәдениеттану сияқты қоғамдық пәндердің батыстың “ығына жығылып” оқытылатынын айтсақ та жеткілікті ғой деймін. Ал менмендікке қатыстысын сәл кейінірек сөз етерміз.
Егер философияны білімнің жоғары синтезі ретінде қарастырар болсақ, қазақ қоғамы батыстық философияны игеруде ешбір елден қалыс қалған жоқ. Кеңес үкіметі тұсында философия “жалқау”, белсенділігі төмен, яғни диалектикалық материализмді қанағат еткен пәннің бірі болғанымен, өзге елдердің, әсіресе, батыстың ойшылдарын оқытуға таршылық жасамады. Сол сияқты қазір де сол жақтың қоғамдық ғылымдарына иек сүйеу үстем болып отыр. Әрине, біздің елдің оқығандары шығыстың философтарын, мәдениеттанушыларын, қоғамтану мен жаратылыстану саласында ірі нәтижелерге жеткен ғалымдарын да білетін болар. Бірақ, батысты білудің жөні бір бөлек. Тіпті соңғы тиынға да солардың еңбектерін сатып алуға бармыз. Бұл шындық. Біздің елдегі әрбір жоғары білімді адам ежелгі антик философтарын, соның ішінде “барлық нәрсенің түп негізі - су” деп пайымдаған Фалесті, “түп негіз - апейрон” деген Анаксимандрды, “архэ дегеніміз - от” деп жариялаған Гераклитті, “жаратылыстың түп негізі - ауа” деген Анаксименді өте жақсы біледі. Біздің білімді азаматтардың Демокриттің әлемді атомдар басқаратыны туралы Сократтың “ізгілік дегеніміз - білім” сияқты идеяларын, сондай-ақ Зенон, Эмпедокл пен Анаксагордың философиядағы жаңалықтарын айтып бере алуы ешқандай таңданарлық нәрсе емес. Өйткені олар орта ғасырлық батыс еуропалық философияның ұстыны - схоластиканы, оның өкілдері А. Августин, Боэций, Ф. Аквинский, П. Абеляр, И. С. Эруигенаны да оқыған ғой. Барлық еңбектерін жатқа білмесе де, орта ғасырлардағы батыс еуропалық философияның негізгі ерекшелігі - сол заман адамының ойлау жүйесінің діни-теологиялық шеңберде болғанын аңдайды.
Одан беріде жаңа заман философиясы бар. ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы жаратылыстану және математика ғылымдарының дамуы оның рационалды бағыттағы (ақиқатқа ақыл-ой, білім, интуиция арқылы жету) Декарт, Лейбниц, Спиноза, эмпирикалық бағыттағы (ақиқатқа тәжірибе, бақылау жасау арқылы жету) Бэкон, Локк, Юм, Гоббс сияқты философтарын тарих сахнасына шығарды. Ал өзін білімді санайтын біздің қоғамның адамдары бұл данышпандардың да еңбектерін қызыға оқыған. Әлі де оқиды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы немістің классикалық философиясын, оның өкілдерін білмеу де қазақ қоғамының оқығаны үшін ұят. Сондықтан олар ең болмағанда И. Канттың “Практикалық ақыл-ой сыны” кітабын шолып өткен соң, мораль туралы ең көп пікір айтқан сол болғандықтан, моральға қатысты бір-екі афоризмін жаттап жүреді. Гегель туралы сұрай қалсаңыз, оның классикалық неміс философиясының көрнекті өкілі екенін, “Рух феномені” кітабының авторы болғанын да айтып береді. Енді сол оқығандардың қазіргі заман философиясынан, бүгінгі ағымдардан хабары жоқ дегенге сенбей-ақ қойыңыздар. Өйткені Хайдеггер, Сартр, Камю, Фрейдті былай қойғанда, К. Поппердің, Ж. Дерриданың, Р. Рортидің, Дильтейдің еңбектерінен мысал келтіре сөйлеп, әлем, адам, болмыс туралы көзқарастарын жіліктеп тұрып талдайтын оқымыстыларды көріп жүрміз.
Ал енді біз осылардың бәрін неге тізіп жазып отырмыз? Оқығандарымыздың көп білетінін айтып мақтану немесе аты аталған философтардың одан сайын бағасын арттыру үшін бе? Жоқ. Өйткені білімге қызығу, оны үйрену бір бөлек, сол білімді қоғамдық сананың өсуі үшін практикалық өмірде пайдалану, сараптау, өзің де шығармашылық адамына айналу, білгеніңді жан-жағыңдағыларға үйрету екінші мәселе. Әсіресе, әңгіме қоғамдық білімдерге қатысты болғанда. Осы жағынан алып қарағанда қазақ қоғамының білімге қызығушылығы тек еліктеушілік, әйтеуір, өмір қамын күйттеудің о жақ, бұ жағындағы құбылыс сияқты көрінеді де тұрады. Сондықтан да бізде “энциклопедиялық білімі бар”, бірақ қоғамға ешқандай пайдасы жоқ адамдар көбейді. Қоғам түгілі сол білімінің өзіне де пайдасы жоқ. Өйткені қанша жерден талпынып оқығанымен, миға жиғанымен “қорыта алмады”. Біздің “оқымысты” үйренген, кітабын басына жастана жатып оқыған ғалымдар кезінде (қазір де) өздері ойлап тапқан жаңалықтарымен қоғамдық сананы дүр сілкіндірген болатын. Ал біздікі өзінің санасына да төңкеріс жасай алмады. “Біреу зерттеп жүреді бірдеңені, өзін-өзі түсінбес үшін мәңгінің” кері деп осыны айтса керек. Бірақ, қазақ топырағында туған ойшылдар туралы айтқанда тілді амалсыз тістеуге мәжбүр боламыз. Өйткені, әл-Фараби Аристотельдің “Жан туралы” деген еңбегінің тұсына “мен мұны мың рет оқыдым” деп белгі соғыпты. Еңбегі зая кетпеген…
Егемендік алғанымызға 15 жылдың жүзі өтсе де құр мақтанмен ешқайда бармайтынымызды, қоғамдық санамызды тәрбиелеуде батысты “ығына жығып” оқытудың түк пайда әкелмейтінін, сол әрі-сәрі күйде қалып қоятынымызды терең түсінбеген сияқтымыз. Өйткені біз ешқашан да батыстық адам болмаймыз, олардың қоғамдық білімдерін өмірдің мәнін ашуға да пайдалана алмаймыз. Өйткені біздің болмыстың бастауы ол жақта емес… Бірақ, біздің арамызда шетелде оқуға соншалықты құлшыныс білдіретіндердің көбейіп кетуі де өкініш туғызады. Жасыратыны жоқ, қоғамымыз үшін батыс әзірге “ақиқаттың соңғы үлгісі” болып тұр. Иә, бізде білімділер көп, жаппай білім алушылардың да саны аз емес. Бірақ бағытымыз қайда? Нені нысана етпекпіз? Ұстазымыз кім? Сол жағы белгісіз…
Осыдан бірер жыл бұрын «Зерде» қоғамдық қоры Қазақстанда тұңғыш рет «Зерде» кітапханасына» енетін «Әлемдік саяси ой антологиясын» қ азақ тілінде құрастыру мақсатында әлем ойшылдары: Жан-Жак Руссоның “Қоғамдық келісім немесе саяси құқықтың негізі”, Шарль Луи Монтескьенің “Заңдар рухы туралы”, Джон Локктың “Басқару туралы екі трактат”, Карл Раймунд Поппердің “Ашық қоғам және оның жаулары ” (1-ші томын) атты еңбектерін аудартып, жарыққа шығарды.
Бұл игілікті іс бүгін де өз жалғасын табуда. Олай дейтініміз, қазақ оқырмандары бүгін Карл Раймунд Поппердің “Ашық қоғам және оның жаулары” (2-ші том) еңбегімен таныса алады.
Міне сонымен философтың атышулы “Ашық қоғам және оның жаулары” атты еңбегі қазақ тілінде жарық көріп те үлгерді.
Постпозитивизм
Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К. Поппер (1902-1994), Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74) .
Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Логика научного открытия» және Т. Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты. Рационализм ағымының өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжамының (гипотеза) қортындысы жалған болуынан ешуақытта қорықпау керек. Рационализм демек факті мен ғылыми әдістемелікке сүйенген сынға ашық болу керек. Сол үшін өзіне фальсификация (лат falsus- жалған және fasio- істеймін) принципін қосады. Фальсификация бекерге шығару арқылы дәлелдеу. Ол ойдың қисынды немесе қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Бұл принципті Поппер ғылымды метафизикадан шектеудің белгісі (критерий) ретінде және неопозитивизмдегі верификация әдісіне балама ретінде ұсынды. Оның ойынша ғылым заңдарын бақылауға болмайды, олар верификациялауға жатпайды. Ғылым үшін верификация принципі емес, фальсификация принципі қажет, яғни, ғылыми деген идеяға сенімді қалай да болмасын жалғанға шығарып, жалғанға шықпаған ғылыми жобаны ақиқат деп санауды ұсынады.
К. Поппер әлеуметтік философияда қоғамның дамуын зерттейтін тарихи әдіске қарсы болды. Өзінің әлеуметтік-философиялық концепциясын «Ашық қоғам және оның жаулары» деген еңбегінде баяндайды (1945) . Ол қоғамды екіге бөледі: Ашық қоғам және жабық қоғам. Ашық қоғам: демократиялық жолмен дамитын қоғам; экономикада, саясатта, мәдениетте әлеуметтік дамыған құрылымы бар азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, оның плюралистік сипаты жоғары. Ашық қоғам мүшелері сыни-рационалдық ойлауды алға қояды. Осыдан қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік дамуды саналы түрде басқару және мемлекеттік институттарды демократиялық принциптерге сәйкес қалыптастыру мүмкіндігі туады. Жабық қоғам деп ол капитализмге дейінгі және социалистік қоғамды санайды. Олардың жұмыс істеу тәсілі тоталитаризм, ұжымның жеке адамнан басымдылығы, догматизм және әлеуметтік демагогия.
Постпозитивизмнің өкілі Т. Кун ғылым тарихы ғылыми қауымдастықтардың бәсекестігі, алма-кезек күресінің нәтижесі дейді. Негізгі рольді логика мен методология нормалары емес, парадигмалар (сөздердің үлгісі), қауымдастықтың қабылдаған сенімі, құндылықтар, техникалық құралдарының жиынтығы атқарады. Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты мойындамайды, әрбір теорияны тәуелсіз, басқамен сиыспайды дейді. «Парадигма» деген ұғым қазіргі замандағы постпозитивизмде ең маңызды түсінік болып саналады. Парадигма - барлығының ғылыми жетістіктерді мойындауы, бір берілген уақытта мәселелер мен шешімдерді қоюдың моделі. Ғылым дамуының негізгі сәттері ғылыми революция арқылы, секірмелі процесс ретінде іске асады. Т. Кун ғылымға, оның философиялық мәнін түсінуге өте үлкен үлес қосты. Ол ғылым дамуы және ғылымдардың қызметі туралы біздің түсінігімізді тереңдетті, ғылым дамуының кейбір диалектикалық сипатын ашты.
И. Лакатос теорияларды емес, бірнеше жеке теорияларды қамтитын ғылым-зерттеу жоспарларын салыстыруды ұсынады. П. Фейерабенд ғылымның иррационалдық миф пен діннен ешбір айырмашылығы жоқ дейді. Ол «методологиялық анархизм» теориясын жасады. Онда ол ғылымда ешбір тиянақты өлшем жоқ, оларды біз жасаймыз және уақытқа байланысты өзгертіп отырамыз дейді. Постпозитивистердің пікірінше ғылыми білімнің мақсаты объективтік ақиқатқа жету емес, белгілі-бір міндетті орындау, мысалы, жәй және нақты теория құрастыру. Ақиқат ұғымы сенімге, мүддеге және т. б. алмастырылады. Постпозитивистер неопозитивистердің ғылыми әдістемелік талдау түсінігін сынайды, бірақ логикалық позитивизмнің ұмтылыстарымен жалпы байланысты үзбейді, одан талдау жолдарын алады, эмпиризмді жақсартып философиялық мәселелерді тіл саласына аударады. Бүгінде постпозитивизм өзінің көптеген мәнін жоғалтты. Бұл жалпылай мойындалған ғылымның даму теориясының жасалуымен және ағымның тұйыққа тірелуіне байланысты болды. Постпозитивизмнің өз ішіндегі дискуссия көптеген қарама - қайшылық көзқарастың барлығын, философия ілімінің плюралистік сипатын көрсетті.
Логикалық позитивизмдi кейбiр батыстың тарихшылары британ эмпиризмi мен ағартушылық философиясы ретiнде сипаттаса, кейбiр зерттеушiлер - тоталитарлық және иррационалдық концепцияға қарсы реакция ретiнде, ал үшiншiлерi қазiргi ғылым мәселелерiнiң философиялық рефлексиясы ретiнде қарастырады.
Логикалық позитивистер (М. Шлик (1882-1936), О. Нейрат (1882-1945), Р. Карнап (1891-1970) ) тiлдiң логикалық құрылымы, бiлiмнiң негiзделуi сияқты мәселермен айналысады. Логикалық позитивистердiң пiкiрiнше, грамматикалық тұрғыда дұрыс құрылған және тәжiрибе арқылы немесе гипотездiк-дедуктивтiк тәсiлге негiзделген аналитикалық тұжырымдар мен апостериорлы синтетикалық тұжырымдар ғана өмiр сүредi. Мұндай тұжырымдарға локикадағы, математикадағы тұжырымдар мен тәжiрибеге және гипотездiк -дедуктивтiк тәсiлге сүйенетiн кейбiр ғылымдардың тұжырымдары жатады. Теология мен классикалық метафизиканың тұжырымдарын позитивистер эпитемологиялық тұрғыда мәнi жоқ деп жариялайды. Логикалық позитивизмнiң дамуы ғылым философиясының пайда болуына алып келдi. Ғылым философиясы ғылымды концептуалды талдау, формалданған тiлдердi талдау, логика мәселелерiн зерттеумен айналысты.
К. Поппердің философиялық көзқарастары
К. Поппер (1902-1994) әрбiр мезеттегi технологиялық мүмкiншiлiктерге байланысты болып келетiн жалғыздылықтың талабына сезiмдiлiктiң критерийiн қайта қалыптастырды. “Ғылыми ашылымның логикасы” еңбегiнде К. Поппер эмпирикалық қондырғы туралы тезисiн негiздейдi. Бұл қондырғы бойынша бiлiмнiң өсуi үшiн айқын түйiндер мен ұсынылатын тұжырымдарды өте дәл эмпирикалық тексеру қажет. Поппердiң айтуынша, жалпы тұжырымдарды негiздеу үшiн дедуктивтi тексеруге жүгiну қажет. Бұл үшiн ұсынылған тұжырымнан туындайтын эмпирикалық салдарлар тексерiледi. Бiрақ бұл жерде бiз жалпы тұжырымды түйiндеу мәселесiн оны негiздеу мен тексеру мәселесiнен бөлiп алуымыз керек. Бұл жағдайда алынған айғақтық мәселелердi эмпирикалық ғылымдарға жатқызамыз, ал жалпы мәселелердi зерттеудiң логикасы арқылы түсiндiремiз. Зерттеу барысында дәлелденуi ең қиын деген гипотезаның тексеру тәсiлдерiн тауып алуымыз керек. Егер гипотеза (болжам) мұндай тексеруден қалыпты өтсе, онда оны дәлелденген деп қабылдауға болады, бiрақ бұл нәтиже онан арғы терiске шығарылуға, жалғандандырылуға дайын.
«Менің ойымша, ғылымның мақсаты өзін түсіндіруге мұқтаж нәрсе ретінде көрсететін нәрселердің бәрінің қанағаттандырарлық түсіндірмесін табу. Түсіндірме деп (немесе себепті түсіндірме деп) мен ережелер жи ынтығын түсінемін, олардың біреуі түсіндіруге жататын істің жагдайы сипаттайды (экспликандум), ал басқа түсіндіруші ережелер тар мағынада түсіндіруді құрайды (экспликандумның экспликансы) » - деп жазды К. Поппер өзінің «Ғылымның мақсаты» атты еңбегінде.
Өзiнiң позициясын К. Поппер “сыншыл рационализм” деп анықтайды. К. Поппердiң пiкiрiнше, ғалымдар бiрдеменi үйрену үшiн ашық және еркiн рационалдық пiкiрталас қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды терiске шығару тәсiлдерiн табуға да, оппоненттiң көзқарасын қолдауға дайын болуы шарт. Ашық дисскусияларда ақылды орынды пайдалану - мiне, осы рационализм болып табылады. К. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” кiтабында Платон, Маркстiң идеяларын догматизм ретiнде сынап, оларда нақтылық пен бiлiмдi жетiлдiруге деген ұмтылыс жоқ деп санайды. К. Поппер ақиқатқа монополия жасауға қарсы шығып, толеранттылық (төзiмдiлiк) пен либералдық позицияларын ұстанады. К. Поппер өзiнiң “Тарихилықтың жұтаңдығы” деген тағы бiр еңбегiнде әлеуметтiк болжамдарға қарсы өзiнiң негiзгi қағидаларын дәлелдеп, холистiк жорамалдарға талдау жасайды. К. Поппер бастапқы гипотезаларға түзету енгiзе отырып, салдарларды зерттеу және оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы арқылы болашақ туралы болжам жасауға болады деп санады. Оның ойынша, барлық қоғам туралы болжам жасау және оны өзгерту мүмкiн емес. Философтың пiкiнiше нақты реформалар жүргiзу барысында бiздiң жоспарларға түзету енгiзу мен тексерiлген құралдар арқылы кезеңдерге бөлiп өзгерiстер жасауға болады.
Терiске шығару туралы Поппердiң тезисiн Т. Кун (1927-1996) өзiнiң “ғылыми iс-әрекеттiң тарихи-ғылыми көзқарасы” деген идеясы арқылы сынға алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz