СПИНОЗАНЫҢ СУБСТАНЦИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе1

1 СПИНОЗАНЫҢ СУБСТАНЦИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМІ2

2. АНЫҚТАМАЛАР ҚҰДАЙ ТУРАЛЫ7

3. АКСИОМАЛАР7

4. АФФЕКТІЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫ ТУРАЛЫ15

5. АФФЕКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУ21

6. Аффектілердің жалпы анықтамасы29

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

Философия тарихында жаңа дәуір деп басталатын таным теориясының екі ағымы (эмпиризм мен рационаличм) толығынан қалыптасып, мұның өзі олардың арасынла үлкен қайшылықтар тудырды. Бұл жағдайларға талдау жасай отырып, мұндағы пайым мен зердеге байланысты мәселелерді диалектикалық негізде шешу керек. Философия тарихына тереңірек үңіле отырып, мынандай бір ойды айта кеткенді жөн көрдік. Рационалистік ағымның сонау Р. Декарттан басталатын негізі әрі қарай дами отырып, диалектикалық ойдың пайда болуына зор ықпалын тигізді. Мұның өзі осы дәуірдегі зерделік ойдың кеңінен өріс жайғандығын айқындайтын дәлел. Біз осы ойымыздың дұрыстығына кез жеткізу үшін XVII ғасырдағы ұлы ойшыл, философ Б. Спинозаның көзқарасына тоқтала кетуді жөн көрдік. Оның негізгі шығармалары "Этика", "Құдай", "Адам және оның бақыты туралы қысқаша трактат", "Діни-ілімдік саясат туралы трактат", тағы басқа да шығармалары негізінен рационалистік көзқарасты уағыздады. Б. Спиноза езінің рационализмінде сол кездегі дедукциялық геометриялық әдісті пайдалана отырып, ойлау мен болмыстың арасындағы қатынасты логикалық тұрғыдан түсіндіруге тырысты, ойлау қарапайьшнан күрделілікке, аб-страктылықтан, нақтылыққа қарай өрлеу процесінде сезімділікке, тәжірибеге сүйенбей-ақ жаңадан білім бере алады. Бұл процесс қалай жүреді? Сондай-ақ, ақиқат дегеніміз не? Міне, Р. Декарттың философиясында толық шешілмей қалған осы сұрактарға Спиноза жауап беруге кірісті.

1 СПИНОЗАНЫҢ СУБСТАНЦИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМІ

Б. Спиноза ең алдымен, дүние бір негізден тұрады, ол - табиғат деп есептеді. Ендеше, Декарт айтқандай субстанция екеу емес, ол - жалғыз. Табиғат - субстанция, себеп-салдарлы байланыстар өзіне-өзі себеп болып дамиды. Бұл субстанция-табиғат шығармашылық процесс. Мұндай шығармашылық тек құдайға ғана тән. Сондықган Спи-ноза өзінің философиясында субстанция-табиғатты құдай деп қарайды. Бұл, әрине, толығынан алғанда діни-мистикалық көзқарас емес, мұндай ілім жаңа дәуірде орын алған пантеистік (қүдай мен табиғат қатар жаратылған деген ілім) көзқарас болып табылады. Мұндай көзқарастың пайда болуы зерделі ойдың жемісі екендігі өзінен-өзі көрініп тұр. Бірақ, бұл идея Р. Декарттың дүниетанымына қарама-қарсы. Өйткені, ол екі субстанцияны қатар өмір сүреді деп мойындаса, Б. Спиноза субстанцияны - табиғатты біреу ғана деп уағыздайды. Егер Декарт ойлауды адам-ның жанымен ұштастырып қараса, Б. Спиноза адамның жанын тек модус (субстанцияның қалпы) деп біледі.

Пайымға жете көңіл бөлмесе де, ұлы философ Спиноза субстанция-табиғат туралы көзқарасында көптеген зиялы ойлар айтты. Оның ойынша, субстанция-табиғат екі атрибуттан тұрады. Оның бірі - тұрақ, өріс, ал екіншісі - ойлау. Ұлы ойшылдың бұл "көзқарасы оның шығармаларын зерттеуші ғалым-философтардың арасында әртүрлі талас пікірлер тудырды. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, субстанцияның-табиғатгың атрибуты - тұрақ, өріс деп анық-тау ойға қонымды болса да, ал енді біреулер субстанцияның екінші атрибуты ойлау деген пікірге келісе қоймайды. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, бұл жерде, яғни философтың ойлауды табиғатқа тікелей қатысы бар, оның өмір сүру формасы деп есептеуі гилозоизмге (бүкіл табиғат ойлайды деген көзқарас) ұрындырып отыр. Ал шындығында, Б. Спинозаның ойлау - табиғат субстанциясының атрибуты деп анықтама беруі, біздің ойымызша, дұрыс пікір. Себебі ойлау процесі адамның материалдық органы - мидьң ғана жемісі емес, ол бүкіл қоғамдық дамудың, қоғамдық қатынастардың туындысы. Ал қоғам дегеніміз - табиғаттың жалғасы, оның ілгері дамуы.

Спинозаның философиясы ойлау процесіндегі зердеге сүйене отырып, кептеген диалектикалық проблемаларды көтерді. Солардың ішінде адам туралы проблеманы қысқаша айтып кеткен жөн. Өйткені, Спинозаның философиялық жүйесі сырт қарағанда адам туралы емес, тек қана табиғат жөніндегі ілім сияқты болып көрінуі мүмкін. Шындығына келгенде, Спиноза адамды "Құдай" дәрежесіне дейін көтермейді, керісінше, оны сол қалпьнда, оған тән кемшіліктерімен, жетістіктерімен талдауға әрекеттенеді. Оның диалектикалық көзқарасының бір ерекшелігі адам мен құдайдың арақатынасын терең талдап бергендігінде болып отыр. Ұлы ойшыл Спинозаның айтуынша құдай бар, бірақ адамдар оны басқаша бейнелейді. Кейде адамдар өздерінің барлық қасиеттерін, бар ерекшеліктерін құдайға ғана таңып, келе-келе өздері бәрінен айырылып, жұрдай болады. Сөйтіп, құдай адамдар сияқты әрі жақсы, әрі жа-ман жақтары мен кемшіліктері бар, белгілі бір ұлтқа жата-тын бейне болып шыға келеді. Міне, сондықтан адамдар өздерінің қандай жағдайға душар болғандықтарын сезбей де қалды. Ал шындығына келгенде, құдай адамдарға түсі-ніксіз, оларға ешқандай ұқсастығы жоқ абстрактылы белгісіз бір нәрсеге айналадй. Сондықтан оны жеке алып бейнелеу, суреттеу, ол жөнінде дәлелді пікір айту өте қиын. Сөйтіп, Спиноза құдай мен адамның арасындағы байланысты анықтай отырып, кұдай туралы ілімдегі дін иелерінің ұзақ жылдар, тіпті, ғасырлар бойы орын алып келген идеологиясына аямай соққы берді. Сонымен қатар, Спиноза "құдай жоқ" деп мәселені оп-оңай шешуге ұмтылған атеистерді де барынша сынға алды. Осыдан келіп ол "құдай" деген тек жалаң ұғым, ал шын мәнісінде ол - табиғат болып шығады. Оны түсіну үшін жан-жакты зерттеп, оның заңдылықтарын ашып, адам өмірінде, қоғамда, практикалық негізде пайдалана білу қажет деп білді.

Ендеше, адамнан тыс тұратын осы объективті күшті (табиғатты) алдымен түсініп, айқындап, оның қаһарлы ықпалынан шығу керек. Өйтпейінше, адамдардың табиғаттан өзін-өзі тани алмай қалуы сөзсіз. Сөйтіп, адамдар надандықтың әзәзіл күшінің құрбаны болады.

Шынында да, адамдар қаншама ғасырлар бойы надандықтың құрбаны болып, діни шырмаудан, реакцияшылдық-идеологиялық құрсаудан құтыла алмай келді. Әлі де болса олар осы тағдырдың тауқыметін басынан кешіруде.

Мұндай надандықтың күші адамдарды көктегі құдайға ғана емес, жердегі жеке адамға да табынушылыққа алып келгенін сан ғасырлар бойғы тарихтың тағдырынан да, біздің күні кешегі өмірімізден де көріп отырмыз.

Спинозаның философиясындағы тағы бір ерекшелік - езі жаратылыстану саласын жетік білгенімен, философияны және өзінің көзқарасын геометриялық, математикалық формада баяндағанымен, ол жеке ғылымдар саласын асыра дөріптемейді. Мұның өзі оның философиясыңдағы ойлау процесінің негізгі бір танымдық әдісі ретінде қабылданып, зерде жаратылыстану саласының, жетістіктерін толығынан түсіндіруге баштгалды. Бірақол осы әдіс арюылы философияны жаратылыстану саласьшан кейін қоюға барынша қарсы еді.

Айталық Спиноза атақты философ Декарттың " психико-физихалық" проблема арқылы "жан мен тәннің" арақатынасын шепшекші болған әрекетіне ажықган ашық қарсы шықты, Ол Декартты қиналдырған бұл мәселені " адамның жаны (рухы) мен тәнінің арасында ешқандай қатынас жоқ, болуы да мүмкін емес" деп зердемен бір-ақ шешті.

Ал бұлардың арасында себеп-салдарлы байланыстардың да орын алуына ешқандай қисын жоқ. Өйткені, олар (жан мен тән) екі белек нәрсе емес, керісіішіе, біреу-ақ, біртұтас. Спиноза бұл жерде денесіз жан бар деген даурықпалы діни-теологиялық ағымдардың іргетасын қалаған идеологтарды, сондай-ақ, " жансыз дене" бар деген, " жан", "рух", "ойлау" т. б. категорияларсыз-ақ өмір сүруге болады деген метафизикалық, механикалық көзқарастарды тудырған ойшылдарды да сынап өтті.

" Ойлаудың табиғатын" жекелеген индивидтің денесі мен миының ішінде жатқан құбылыстар мен оқиғалар арқылы түсінуге болмайтыны осы Спинозаның философиясында айқын көрінеді. Өйткені, бұл оқиғаларда сыртқы қүдіретті себептердің, әмбебап қажеттіліктің әсері бейнеленген. Тек осы күштердің аясында ғана барлық денелер, оның ішінде адамның денесі қозғалып, іс-қимыл жасай алады. Ендеше, ойлау процесін текмидың ғана жемісі деп қарау, жеке адамның денесімен ғана шектеу ағатшқ болар еді. Ал ойлауды тудыратын тек кана адамның денесі емес, бүкіл шексіз денелердің жиынтығы. Адамның денесі болса, осы бір тұтастықтың, табиғаттың бөлігі ғана. Ал ойлауды субстанцшшың, табиғаттың атрибуты, ажырамас касиеті деп қарау сол заманда пайда болған механихалық, метафизика-лық көзқарастың ғана әсерінен емес еді. Бұл - одан кейінгі жерде де екі жүз жылдан астам өмір сүрген, тек қана Жаратылыстану саласының нәтижелеріне сүйеніп келген сыңаржақ дүниетанымға қарсы бағытталған соққы болатын.

Кейін Спинозаның осы ойы көптеген ойшылдардың еңбегінде кеңінен қолдау тапты. Олардың ойларының негізін Ф. Энгельс қолдай отырып, ғылым мен таным саласындағы маңызын: " Алайда, пәле мынада: механизм сондай-ақ, XVIII ғасырдың материализмі де абстрактылы қажеттіліктен еді, сол себепті де сол кездейсоқтықтан арыла алмайды. Материя адамның ойлайтын миын дамытады деген факті ол үшін таза кездсйсоқтық болып табылады . . . " - деп көрсетті.

Ойлаудың табиғаты белгілі бір дененің, оның іс-әрекетінің езгешелігінде ғана емес, керісінше, оның нақты түрде денелік іс-қимыл жасау қабілетінде жатыр. Ендеше, дененің ойлау қабілетіне ие болуы оның өз іс-әрекетінің дүниедегі барлық денелер жиынтығының өмбебап қажеттігінен келіп шығатынын бейнелеуінде.

Бұл жерде Спинозаның нағыз ғылыми принципті ұстап, Декарттың діни-мистикалық негіздегі "ерік бостандығы" деген тезисіне қарсы шығып отырғанын байқаймыз. Дс-карттың "Ерік бостандығын", яғни "жанның" (рухтың) іс-қимылға деген қабілетін материалдық денеге, белгілі бір жағдайлар жиынтығына абсолютті түрде тәуелсіз деп қарауы философия тарихында кейінгі ойшылдардың тарапынан кең қолдау тапқан еді. Бұл идея жаңа дәуірде Кант пен Фихтенің, олардың ізбасарларының қолдауына ие болып, біздің заманымызда экзистенциалистік философиялық кәзқарастарға негіз болды. Спинозаның ойынша, бостандықгы бұлайша түсіну біздің ақыл-ойымыздың объективті дүниені дұрыс ұғына алмауынан туған еді.

Осыған орай, Спиноза бостандық проблемасын ең алдымен объективті дүниені, табиғатты, яғни бізді қоршаған қажеттілікті танумен тығыз байланыстырды. Табиғатты, яғни қажеттілікті барлық адамдардың терең түсініп, соған тән адамдардың сапалыққызметі, одан шығатын олардың мақсаты мен оны іске асырудағы құралдары объективті дүниенің барлық жақтарының озара байланысынан келіп шығады. Міне, мүндай көзқарас орта ғасырлық схоластикаға ғана емес, сол кездегі керітартпа философиялық ілімдерге де соққы болып тиді. Сондықтан мүндай көзқарасты фатализм деп атап, оның өміршеңдігін байқамау ағаттық болар еді. Күні бүтінге дейін ездерін материалистерміз деп кеуде қағатын кейбір ойшылдардың, философтардың Спиноза көрсетіп берген қажеттілік пен кездейсоқтық диалектикасын әлі де түсіне алмай келе жатқанына таң қаламыз.

Спиноза өзінің еркіндікке берген анықтамасы арқылы объективті дүниенің негізіне зерделі ой арқылы жол ашып берді деуге болады. Оның қажеттілікті ұғыну адамдарды олардан тыс тұрған табиғи жағдайлардың көзсіз, соқыр құлына айналдырмай, керісінше, оның қожасына, билеушісіне айналдырады деген қағидасы өте маңызды болды.

Спиноза өзінің ілімінде материалды дүниені біртүтас, ешбір қоспасыз, ешбір бөлшектеусіз қарап, талдауды ұсынды. Бөлшектелген заттардың жиынтығы табиғатты күрап, ондағы қарама-қарсылықтар мен қайшылыктарды тудыра алмайды. Керісінше, қарама-қарсылықтар мен олардың қайшылығы біртұтас жалпылықтан, оның себеп-салдарлы өзара байланысынан шығады. Мүндай көзқарас ғылыми дедукциялық ақиқат жолы болатын. Егер эмпирикалық, күнделікті көзге бірден түсетін қарама-қарсылықтарды алып, оларды алғашқы деп қарап, талдай бастасақ, солардың ішіндегі бірлігін және қажетті өзара байланысын ашу мәселесі шешілмейтін қиындыққа тап болар еді. Осыдан келіп таным процесіндегі пайымның дәрменсіз тірлігі өзінің нәтижесіздігін көрсетер еді.

Ал Спиноза зерделік ой мен таным теориясын ілгері дамыта отырып, әуелі бастапқы бірліктің (тұтастықтың) негізін түсініп, одан оның не себепті бір-бірінен айырмашылықта болатынын, келе-келе тіпті қарама-қарсы жақтарға бөлінетінін зерттеуге кіріседі. Бұл негізгі принцип диалектикалық деп аталып, К. Маркстың "Капиталы" да осы принциптің ізімен эмпирикалық, нақты заттардың пайда болуының, олардың шығу тегінің, тарихи жолының логикалық формасын жасады.

Мұндай зерделік, диалектикалық принциптің тарихи жолы бізді таным процесі мен ғылыми талдауда жекені тұтастықтан бөліп алып, немесе жаллыны жекеден оқшаулап, олардың әрқайсысын асыра бағалаудан сақтандырады. Өйткені, жекені түтастықтан бөліп қарау және оны асыра дәріптеу позитивизмге, неопозитивизмге әкеледі, яғни әрбір бірлік, тұтастық объективтік дүниеде емес, біздің ойлау процесімізде ғана, тілдің қүрамында гана деген теріс козқарас туғызады. Ал тұтастыкты, бірлікті жекеден бөліп алып қарау, оны жоғары багалай отырып, асыра доріптеу бізден тыс идея, рух, ерік, тағы сол сияқтылар бар деп есептейтін, дүниенің озі солардыц жаратуыныц жемісі деп санайтын сонау Платон мен Шеллингтен басталып, Ге-гельмен аяқталатын философиялық сыңаржақ агымға әкеледі.

Спинозаның зерделі философиясының тағы бір срекшелігі - оның диалектикалық принциптерді тудыра отырып, оны озінің ілімінде жан-жақты қолдануы. Ол Дс-карттың сыңаржақ қарсы шыға отырьш, дегенмен оның жаратылыстану іліміне сүйснеді. Алайда, Декарттың көзқарасындағы философияны гылым-дардың жиынтығы ретінде қарап, зерттеуге бағытталган пайымдаушы ойға ашық қарсы шығуы өзіиің маңызын куні бүгінге дейін жоғалтқан жоқ.

Спинозаның ең негізгі зерделік ойға суйснгсн идеясы - заттардың табиғатына да және зердеге де тән жалпы-лықтың, түтастықтың болуын ашып көрсету. Идеялардың арасындағы байланыс заттардың байланысы мен реттілігіне сәйкес келуі керек. Ал бүл сәйкестік жалпы логикаға ба-ғынады. Олай болмаған жағдайда ақыл-зерде озіне тән ло-гиканың жолымен ғана кетіп, тек шатастырудан басқа еш-теңе тудырмайды. Ал ақыл-зерденің негізгі міндеті - абст-рактылық үғымдарды асыра дәріптемей, оларды оз орнында пайдалану.

Ғылым мен мәдениеттің логикасын жасау процесінде Спинозаның зерделі философиясының атқарған рөлі срек-ше. Ол ойлау процесінің диалектикалық модениетін жаса-ды. Табиғат адам арқылы өзін-озі тани ала ма? Нсмесс адам арқылы табиғатты денесіз және ешбір кеңістіксіз омір сүретін "интеллект" ретінде ғана сезіпіл, тануға бола Іиа? Бүл берілген сүрақтар күні бүгінге дейін адам баласының дүниетанымы үшін ете маңызды болып отыр. Табиғатты танитын және оны зерттейтін "ақыл", "рух" немесе "зер-де" емес, тек қана нақты түрде кеңістік пен уақытта омір сүретін, ақылға, рухқа, зердеге ие болган адам ғана. Тск адам арқылы ғана табиғат өзін-озі және озінің шексіздігін таниды. Мүның өзі сонау көне грек заманындагы Аристо-тельден бастап Спинозаға жалғаскан, кейінгі ойшылдар Шеллинг, Гегель, Шопенгауэр арқылы дамып отырған, біздің заманымызға да келіп жеткен сыңаржақтықты, объективтілікті тым асыра бағалаған бағытқа соққы болып тиді.

Спиноза ғылымды және білімді қорғау үшін қүдай ту-ралы ілімнің тілін пайдалана білді. Ал қазіргі замандағы кейбір ойшылдар білімнің тілін пайдалана отырып, не түрлі реакцияшыл керітартпа көзқарастарды қорғап отырғаны-на таң қаласыз. Спинозаның қазіргі барлық фшюсофтар-дан айырмашылығы да осында.

Спинозаның философия тарихында қалдырған бір үлкен үлесі - оның монистік принципі. Бүл принцип бойынша табиғат жалғыз - біртұтас зат. Оның өзіндік ішкі даму заң-дылығы бар. Ол уақытша ғана мәңгілік, кеңістік жағынан шексіздік пен шетсіздікке ие, ал енді субстанция тудырған модустар әрдайым өзгеріп, дамып отырады. Олар не мөңгі шексіз немесе уақытша шекті-шетті болып келеді. Мұндай зерделі көзқарас табиғатты біртүтас деп біледі, сонымен бірге ол механизм емес, заттардың механикалық қосын-дысына жатпайды деп атап керсетеді. Табиғатты бүлай қарау, оның ішкі байланыстарын ашуға үмтылу, диалекти-калық процесс екендігін анықгау өз заманында үлкен жа-ңалық болды. Оның бүл диалектикасы жаратылыстану са-ласына үлкен септігін тигізіп, ондағы себеп-салдарлы бай-ланыстарды толығынан ашуға жақындады.

Спинозаның диалектикалық дүниетанымы мынандай мәселелерді шешкенде де айқын көрінеді. Ол өзінің зерделі философиясында ең алдымен ақиқат туралы проблеманы жан-жақты зерттеп шықгы. Ақиқатты жан-жақты талдай отырып, оның адасушылықпен диалектикалық өзара бай-ланыста екендігін анықгады. Үлы ойшьш адасушылықтың ақиқатсыз, ақиқаттың адасушылықсыз болмайтындығын айқындап берді. Ақиқат осы адасушылықгың мәнін. аша отырып, шындықты көрсетті. Бұл көзқарас сонау Аристо-тель заманынан бері келе жатқан "ақиқат дегеніміз объектінің шындыкден сәйкес келуі" деген қағидаға қара-ма-қарсы еді. Олай болса, ақиқат объективті шындықгың өзін адасушылықпен байланыстыра отырып қарайды. Кейін бүл көзқарас классикалық неміс философиясының үлкен өкілі - Гегельдің ақиқат пен шындықтың диалектикалық байланысын ашуына үлкен ықпалын тигізді. Спинозаның зерделік диалектикасы еркіндік пен кажет-тіліктің өзара байланысын ашып, олардың таным проце-сінде маңызды рөл атқаратынын айқындап берді. Еркіндік дегеніміз, Спинозаның тілімен айтқанда, танылган қажеттілік. Олай болса, еркіндік адамның өз өміріне, оны қоршаған дүниеге тығыз байланысты. Сондықтан адам өзі өмір сүріп отырған ортаны жете танып, түсіну арқылы ғана еркіндікке ие болады. Мұндай көзқарас сол Спиноза өмір сүріп отырған заманда дүниеге деген ғылыми көзқарастың дамуына, қоғамдық емірдің қайшылыққа толы қилы-қилы белестерін түсінуге барынша мүмкіндік беріп, ойлау про-цесінде жаңадан бір даңғыл жол ашты.

Алайда, бұл анықтама сол дәуірдің алдыңғы катарлы ағартушылық көзқарасының жемісі болатын. Еркіндікті ди-алектикалық тұрғыдан түсіну кейінгі дәуірде, әсіресе, XVII-XIX ғасырларда басталды.

Спинозаның зерделік философиясы гылымда да маңыз-ды рөл атқарды. Өз заманының және одан кейінгі дәуірдін аддыңғы қатарлы галымдары мен ойшылдары оның жемісті идеяларына сүйене отырып, көптеген жаңалықгар ашты. Айталық, атақты психолог Л. Выготский "Эмоциялар туралы ілім" деген еңбегінде ұлы ойшыл Спинозаның психологиялық жоғары жүйке қызметінің физиологиясымен, психологиялық процестердің "сыртқы тәртіптерімен" өзара әрі тығыз байланысты екенін шебер түрде талдағанын және ұлы философтың осы принциптерінің өте маңызды екенін жан-жақты көрсетіп берген.

2. АНЫҚТАМАЛАР ҚҰДАЙ ТУРАЛЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Субстанция мәселесі Спиноза пантеизмі
Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы
Философияның алғашқы бастаулары
Жаңа дәуір философиясының ойшылдары және олардың ілімдері
Спинозаның діни көзқарастары
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Готфрид Вильгельм Лейбниц
Шеллинг философиясы
Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
Табиғатты зерттеудегі объективтілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz