Достоевскийдің философиялық көзқарасы
ЖОСПАР
Кіріспе 1
Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершілікке тәрбиелеу
ілімі 1
Достоевскийдің философиялық көзқарасы 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9
Кіріспе
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы орыстың дiни
философиясы философиялық жүйелердiң қалыптасуымен байланысты болды. Бұл
дәуiрдiң ойшылдарына М.Ф.Федоровты, Б.Н.Чичериндi, М.О.Лосскийдi жатқызуға
болады. Бұл дәуiр философиясының сипаттамалық ерекшелiктерi оның гуманизмi
және дiни сипаты болды. Бұл кезеңнiң тағы бiр ерекшелiгi – жаратылыстың
дамуымен байланыс және орыс космизмiнiң пайда болуы. Космизм екi бағытқа
бөлiнедi: мистикалық (Н.Ф.Федоров, Б.С.Соловьев, П.А.Флоренский) және
ғылыми (К.Э.Циолковский, В.И.Вернадский).

ілімі
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Он себебі -
Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты
болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасы әлем назарын өзіне аудара
білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге
дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-
ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең,
интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс
философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды.
Қазіргі таңда орыс философиясы қызықты зерттеу обьектісіне айналып отыр.
Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып,
көптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді.
Философиялық әдебиетте ХІХ-гасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс
философиясының негізгі екі багыты атап көрсетіледі: славянофил бағыты және
батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да
енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму
ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православне.
И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін
арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың. қоғамның өміріне
керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де. себебі орыс халқының
санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, "идеалға" деген сенім өмір
сүрді. Үнемі "идеал" жетегінде өмір сүрген адам озін басқалардан рухани
жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні
белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті
еткен "орыс жанының" ("загадочная русская душа") жұмбақ табиғатының да
себебі осында болса керек.
Марксизм бағытының негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, И.Бухарин,
А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм
кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының
идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп,
кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген
идеологиялық құралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең
еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі,
көзқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден
аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық
шығарылып, 161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп
аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға "Философский пароход" деген атпен
енді. Бұл "еріксіз саяхатшылардың" қатарында белгілі философтар С.Л.Франк,
Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының
құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші бағыт - біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзистенциалистер
бағытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің мәні болды. Атап
көрсететін бір ерекшелік - жалпы фнлософия тарихында өмірдің мәні мәселесін
талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл
құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор -
Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа
ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырықка тірелген қоғам мүшелерінің
бойында бұрыннан да бар, уақытша бұғып жатқан өмір туралы сауалдар тізбегі
адамды осындай қиын кезеңдерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің
даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды,
қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің
ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Сонымен қатар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының
бәрін де Ресей мемлекетінің тағдыры толғантты. Қай бағыттың окілі болғанына
қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы
туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі,
бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе
жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең. объективті зерттеу ісі әсіресе
соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі
ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық
көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын
жарияланбаган философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып
шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық
көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын
айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десем өзінің
шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін
талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін
санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық мәселе - адам өмірінің
мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің
мәні бар ма? Бар болса неде? Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір
сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа
бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар
жазушының бүкіл көркем жәна философиялық шығармаларының желісі болды. Осы
мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі - "Исповедь" ("Жан сыры"
немесе Тәубе еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла койған жоқ). Бұл
еңбектің ортағасырлық ойшыл Августин Аврелийдің "Исповедь Блаженного
Августина епископа Гиппонского" еңбегінің ізімен жазылғаны күмән
тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы
сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге
осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адамзат тарихынан өшпес
орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін
әлемге танытқан ұлы жазушы "Не үшін өмір сүрдім?'" деп қиналады, сұрағына
жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-философиялық тілмен айтсақ,
гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдайын жазушы өте дәл суреттейді:
"...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала
алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды - одан
құтылғым келді. Өзімді өлтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден
қаштым".
Жазушыны таңдандырған бір нәрсе - осы мазасыз өмірмәндік қиналыстың оның
бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезеңде - сүйікті
әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті,
дені сау, әлі 50 жасқа да толмаған кезеңде мазалауы. Философиялық тұрғыдан
талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға жер таба
алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы
адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі
түсінікті. Бұл жазушының рухани дүниесінің тереңдігін көрсететін өзін-өзі
танып-білу қыз-метінің ерекшелігінің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні
мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне көңілі толмаушылық пен
мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде
шарқұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады.
Бұл адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса
бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы
кезде адамға даналыққа, парасатқа негізделген философия ғылымының көмегі
қажет. Әрине, философия өмірдің мәні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге
болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас
қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.
Л.Толстой да өзін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға
жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы
ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген "мәңгілік" сұрақ
екендігіне көз жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы
салмақты көзқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру
салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы
оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай төрт топқа бөледі:
1) Ештеңе білмеу жолы - өмірдің зұлымдықка толы және мәнсіз екендігін
білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, қаннен-
қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте
жас адамдар және әйелдердің көпшілігі. Эпикур жолы - өмірдің үмітсіздігін,
өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
Күш пен энергия жолы - өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою
керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп
атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер, мол қуат иелері
ғана бара алатындығын ескертеді.
4) Әлсіздік жолы - өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағынына
еріп өмір сүру.
Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп ойлаймыз.
Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады. Бірақ бұл жіктеудің
өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамга ой тастары анық.
Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы шешеді:
"Менің ойымша, өмірдің мәні - сенім. Сенім адамға күш береді". Сенім
категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды.
Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді,
өмірмәндік мәселені діни, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты
қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой
үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім
арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінін
біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл
діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам
әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті
мақұлыққа айналады. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп
кана қоймайды. Жануарларға құдай қажет нәрсенің бәрін бере салған, ал адам
көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай
еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған
еңбекті жоғары бағалайды. Яғни, адам ең әуелі өіінг сен-,-ені дұрыс, себебі
бұл сенім өз бастауын ізгіліктен алады. Сенімнің тағы бір түрі - махаббатқа
деген сенім: "Адам өмірінін барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім –
махаббат, оны адамдардың бәрі біледі". Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге
дейін көтереді: "...адам жанының ең басты қасиеті - сүю, басқа адамдардың
бәріне бірдей жақсы болу үшін сүю. Осындай махаббат - адам өмірінің мәні".
Бұл көзқарас адамдарды жақсы көру, олардың арман-мақсаттарын түсіне білу,
өмірлерінің бақытты болып, армандарына жетуіне іспен, не болмаса сөзбен
көмектесуді адам өмірінің мәні ретінде түсінген ежелгі Конфуций мен қазіргі
заманғы Камюдің ойларымен үндес, бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу. Әрине,
әрбір адам әуелі өз өмірінің жақсы болғанын қалайды. Адамның биологиялык
табигатынан туындайтын бұл құбылысқа Толстой түсінушілікпен қарайды, бірақ
өзінің ғана өмірінің жаксы болуына ұмтылған адамның өмірін зүлымдыққа толы
мәнсіз бір нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы тиіс емес деп есептейді. Өмірдің
мәнінің басқа жолын көрсететін адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты екендігін
де жазушы дәл атап көрсетеді. Адам санасы оған жеке бастың ғана жақсылығы
жалған екендігін көрсетіп, бір ғана жол қалдырады, ол - махаббат. Толстой
адам қоғамының өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне, сыйлауына негізделуі тиіс
екендігін дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа қарсы қоюға шақырады. Осы
пікірден мейірімділікке деген сенім туындайды. Мейірімділікті ұлы ойшыл
адамның адамшылығын керсететін бірден-бір қасиеті ретінде түсінеді, басқаға
мейірімсіздік көрсеткен жанды бұл өмірдегі басты міндетін атқармаған деп
есептейді.
Л.Толстой адам емірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді, көп
адамдардың бойында табиғат берген руханилыктың жануарлық өмір сатысында
қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік ағымына ермей,
материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам ғана мәнді
өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді. Өмірден өз орнын
таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы өтеді, сондықтан ол
өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадағы өзгерістермен
түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы өзгерістермен
теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы "Тұрмыс сананы
билейді" қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір таңсық керінуі де
мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы тәрбиелеудің маңызы зор
екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зияльшары Ә.Бокейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-қайта ескертіп,
қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал ету арқылы өзгерту
жолын ұстануға ұмтылған екен.
Л.Толстойдың өмірдің мәнін адамгершіліктен іздеуін өз замандастарының көбі
бағалай білмеді, бірақ оның ізденістері сол кездегі қоғамдық ойға, кейінгі
Батыс экзистенциализмінс мықты әсер етті. Жазушымен хат алысып тұрған қазақ
ойшылы Шәкәрімнің көзқарастарына да орыс жазушысының өмірмәндік
толғаныстары әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ретте Л.Толстойдың өзі өмірдің
мәнін тапты ма?" деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік мәселе философияда
"мәңгілік", "шексіз" мәселелер қатарында аталады. Себебі, ол адамды өмір
бойы мазалап, бір кезеңдерде күшейіп, енді бірде бәсеңдеп отырады, онын
нақты, түпкілікті шешімін табу мүмкін емес. Ұлы жазушының бүкіл өмірі мәнді
өмірдің үлгісі десек те, өз өмірі оны қанағаттандырмады. Өмірдің қиын
кезеңдерін бірге өткізген жұбайы Софья Андреевнаға да, балаларына да көңілі
толмады. Өмірін сараптай келіп, алаңсыз балалық шағынан басқа сәттерінен
басқа мән таба алмай, өмірінің босқа өткеніне өкінеді. Бұл пікірімізге оны
өмірінің соңғы кезеңдерінің оқиғалары дәлел бола алады. Өлімі жақындаған
сайын өмірден түңіліп, көзі тірісінде бүкіл әлем мойындаса да,; қоғам, дос-
бауыр, жакын-жұрағат тарапынан түсіністік таба алмаған Толстой өзінің "Иван
Ильичтің өлімі" әңгімесінің кейіпкері Иван Ильич сияқты тән ауруынан жан
ауруы басымырақ болып, "Осы мен қалай өмір сүрдім?" деп қиналды. Оның өз
отбасынан безіп, алыс бір станицаға сапар шегіп, бейтаныс адамдардың
арасында өмірмен қоштасуы да соның айғағы. Өмірінің соңына дейін адамдарды
жақсылыққа тәрбиелеуден танбаған ойшыл (оның соңғы туындысы "Өмір жолы" да
осы мақсатқа арналған) еңбегінің еш кетіп, қоғам да, адам да өзгермегенін,
адамзат жаралғаннан бері өмір сүріп келе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz