Социализм теориясын нақтылау
ЖОСПАР
ХIХ ғасыр философиясы 1
Өмір философиясы 6
Әдебиеттер тізімі 14
ХIХ ғасыр философиясы
ХVII-ХІХ ғғ. Классикалық философиясының өкілдері ақыл – ойдың күшіне,
жеке сананың құдіретіне толық сенді, ол ақыл–ойдың жетілуі, ғылымның
дамуына алып келді. Осының негізінде: ғылыми таным, халықты ағарту,
демократия секілді үштік (триада – үш таған) пайда болды. Бұл мақсаттарды
орындау үшін анық білім, анық дәлел және логикалық қисынды түсініктер
келтірілді. Классикалық философияның өкілдері бүкіл адамзаттың теңдік және
бостандық идеалына, жеке адамның адамгершіліктік прннципіне және
рационалдық танымның мүмкіндігіне сенді
XVII – ХІХ ғғ. классикалық философияның өкілдері ақыл-ойға сүйене
отырып табиғат және қоғам туралы тұжырымды ойлар тудырды.Олар ақыл - ойдың
нәтижесі – идея, ұғым, теория, мұратты дәріптеу – адамзат мәдениетіне
жататын болғанмен, ол жеке нақты адамнан тыс өмір сүреді деп түсінген.
Еркіндік, теңдік, туысқандық деген ақыл-ойдан шыққан ұрандардың
негізінде 1789-1799 жж. Француз революциясы болды. Неміс философтары: Кант,
Фихте, Шеллинг, Гегель және Фейербах оларды өз еңбектерінде мораль,
әдептілік, философия, құқық, дін, өнер және мәдениет түрінің бірі ретінде
ой елегінен өткізіп, маңызды орын берді. Және олар диалектикалық әдісті
дүниежүзілік тарихты талдауға қолданды. Марксизм философиясындағы
принциптік жаңалық – адам тек табиғатта өмір сүрмейді, оны өзгертеді, соның
барысында өзі де өзгереді деп қорытындылауы. Классикалық филосфияда әртүрлі
философиялық жүйенің болуына қарамай мақсаттары мен міндеттерінің жалпы
сипаты бір болды.
Маркстік философия 40 жылдың ортасында қалыптасты (ХІХ-ғ). Оның
авторлары: Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс
Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса оның еңбектерін
диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегельді
және Фейрбахты сынау нәтижесінде диалектиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-
материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолданудың нәтижесінде Ұлы
шығарма Капитал пайда болды.
Марксизимнің пайда болуының тарихи алғышарттары:
1) Капитализмнің, ірі өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пролетариат
табының пайда болуы.
2) Капитализмнің ары қарай дамуы прлетариат үшін ауыр жағдай тудырды,
осының салдарынан оларды стихикалық күреске шығуға мәжбүр етті.
3) Олардың күресін саналы ұйымдастыру, дайындау үшін нақты теориямен
қаруландыру қажеттілігі туды, бұл Маркс пен Энгельсті ойландырып арнаулы
ғылыми ілім жасауға ұмтылдырды.
Бұған ХІХ ғ 30-50 жылдарындағы ғылым саласындағы аса маңызды
жетістіктер де әсер етті. Оларға:
1) Энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы,
2) Тірі организмдердің клеткалық құрылымның ашылуы (клетка теориясы),
3) Эволюциялық ілім - дарвинизм жатады.
Майер - бірінші заңның авторы, Г.Гельмгольц пен М.Фарадей оны теория
және тәжірибе арқылы негіздеді. Дж.Джоуль мен Э.Ленц жылудың механикалық
эквиваленттін тапты, яғни механикалық энергияның қаншасы жылу энергиясының
бірлігіне сәйкес болатынын есептеп шығарды. Неміс биологтары М.Шлейден мен
Т.Шванн 1838-39 ж клетка теориясын жасады. Олар жануарлар мен өсімдіктер
клеткаларының құрылымы негізінен бірдей болатынын, екеуі де бір
физиологиялық қызмет атқаратынын анықтады. Бұл теория барлық тірі
организмнің ішкі бірлігін дәлелдеді, сөйтіп олардың шығу тегін жаңа түрде
көрсетті. Дарвиннің эвоюциялық теориясы жануарлар мен өсімдік түрлерін
ешнәрсемен байланыссыз, кездейсоқ, Құдай жаратқан және өзгермейтін деп
қараушылықты жойды, сөйтіп алғашқы рет теориялық биологияны ғылыми негізге
қойды. Ол жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің өзгеріп отыратынын , олардың
бірлігін дәлелдеді. Дарвиннен бұрын Д.Дидро биология түрлерінің эволюциялық
өзгеріп отыратыны жөнінде болжам айтқан еді.
Марксизм ХІХ ғасырдағы қоғамдық ғылымдардың үш саласын жалғастырушы,
олар:
1. Классикалық неміс философиясы (Гегель мен Фейербах философиясының
үйлескен қосындысы).
2. Ағылшын саяси экономиясы (Адам Смит пен Давид Рикардо)
3. Сен - Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы теориялары (оларды
утопиядан ғылымға айналдырды).
Маркстің ғылымға алып келген екі жаңалығы: 1. Тарихты материалистік
тұрғыдан ұғыну. 2. Қосымша құн құпиясын ашу.
Маркс Саяси экономияға сын жөнінде деген еңбегінің алғы сөзінде:
1. Өндіргіш күштер мен өдірістік қатынастардың ара қатынасы,
2. Базис пен қондырма,
3. Қоғам дамуындағы негізгі күш - қоғамдық сана емес, қоғамдық болмыс,
4. Адамды қанауға әкелетін әлеуметтік теңсіздіктің негізі меншік деп
жеке меншікті мемлекеттік қоғамдық меншікке алмастыру керек деген
идеяларын айтты.
Бұл мақсатқа жету пролетариат революциясы, пролетариат диктатурасы
арқылы іске асады деп санап, Маркс пен Энгельс белсенді түрде саяси
істермен айналысады. Маркс пен Энегльстің кейбір тарихи болжамдары ХХ ғ
аяғында практикада іске аспады. Сондықтан қазіргі замандағы марксизмді
сынаушылар - ХХ ғ оның идеяларын қолдану ауыр жағдайға алып келді, - дейді.
Танымдағы практиканың рөлін философиялық негіздеудің көптеген салдары
болды. Әлеуметтік философия саласында, қоғамның тарихи дамуында ол жаңа
мызғымас принциптілік жолға алып келді. Гнесеологияда танымның ұмтылуы мен
мақсатын жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Маркстік философияда практиканың
рөлі үш жақты:
1. Практика - танымның негізгі және қозғаушы күші. Білуге ұмтылу
практикалық қажеттіліктен туады. Геометрия жер өңдеу үшін, астрономия
теңізде жүзу үшін керек болды.
2. Практика дегеніміз танымның мақсаты. Білімді болу білім үшін емес,
оны практикада пайдалану үшін керек.
3. Практика - ақиқаттың өлшемі.
Марксизм философиясындағы ойлау тәсілі мен білім құрылымының кейбір
ерекшеліктері:
1. Философиялық білімнің қарқынды идеологияға айналуы. Маркс пен
Энгельс алғашқы рет ашық түрде барлық қоғамның мүддесін емес, бір таптың -
пролетариаттың мүддесін қорғауы, олардың идеясының дәреже - деңгейіне әсер
етті. Негізгі идеялар догмаға айналды. Олардың дәлелсіз дұрыстығы оны сынау
немесе дискусия өткізу мүмкіндігін болғызбады.
2. Әлеуметтік топ, ұлт, халықтың мәселелерді шешуге революциялық күш
қолдануды мақтан етуіне жеткізді.
3. Жеке адамның мұқтажына қарағанда таптың, мемлекеттің және басқа да
үлкен әлеуметтік бірлестіктердің мүддесін жоғары қою, соларды шешу арқылы
адам мәселесі, оның өмірінің мәні, бостандығы т.б. өздігінен шешіледі деп
сендіру күшейді.
4. Еңбек нәтижесінде шығарылған азық-түліктің және басқа құндылықтардың
қоғам мүшелерінің арасында әділ бөлінуін сылтау етіп тұрпайы теңдікті
орнату, елдің ынтасын жойды, социализм экономикада және басқа да салаларда
артта қалды. Олар қоғамдық прогрестің ұзақ сипаты бар, ал қазіргі замандағы
күрделі капиталистік жүйелердің дамуы қысқа болады деп санады.
Марксизм теориясына қазіргі замандағы сыни пікірлер:
1. Езуші таптың жойылуы, социализмнің орнауы қанаудан қарапайым
халықты толық құтқармады, енді ол міндетті мемлекет атқарды.
2. Қоғамдық меншіктің мәнін халық түсінбеді. Олардың меншікке
немқұрайлы қарауын өкімет басындағылар пайдаланып, қоғамдық меншікті
жасырын иемденуге жеткізді.
3. Тоталитарлық социализм өзінің негізінде өтірік ақпарат беруге,
қоғамдық мешікті талан - таражға салуға мүмкіндік берді.
4. Әрбір басшы өз басының бүгінгі жайын ойлады,байып қалуға тырысты
себебі оның ертеңі белгісіз болды.
Марксизм философиясын Лениннің дамытуы. Лениннің философияға қосқан
үлестері: 1. Материя туралы анықтамасы. 2. Империализмге берілген
анықтамасы. 3. Социализм теориясын нақтылау. 4. Таптарға берілген ғылыми
анықтама. 5. Жеке, ұжымдық, мемлекеттік меншік туралы оқулары. 6.
Дүниежүзілік пролетариат революциясы ілімі. Марксизм - Ленинизм әлемдік
диктатура орнатуды көздеді. Бұл бізде зорлаушылық, ату, ГУЛАГ арқылы іске
асып жатты.
Лениннің философиялық көзқарасына әсер еткен ғылыми жаңалықтар: 1.
Радиотолқындардың ашылуы (Герц). 2. Сәуле салмағының бар екендігі
(Лебедев). 3. Сәуле кеңістікте толқын ғана емес бөлшек ретінде де таралуы
(Макс Планк). 4. Материяның қозғалысы мен Уақыт бірлігі (Эйнштейн). Осының
нәтижесінде материя анықтамасы пайда болды, материя дегеніміз- адамға
түйсігі арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз бола тұра, сол
түйсіктерде көшірме, сурет ретінде бейнеленетін объективтік реальдықты
белгілеу үшін қолданатын философиялық категория.
Ленин Империализмнің үш ерекшеліктерін көрсетті: 1.Империализм -
монополистік капиализм. 2. Паразиттік немесе іріп- шіріп бара жатқан
капитализм. 3. Ол дүниеден кетіп бара жатқан капитализм. Олай болса оның
орнын басатын социализм, ол революция арқылы келеді. Ленин капитализмнен
социализмге өтудің диалектикасын ашты: 1.буржуазияның қарсылығын басу. 2.
азамат соғысы. 3. буржуазияны шектеу. 4. буржуазиялық мамандарды пайдалану.
5. жаңа адамдарды тәрбиелеу.
Өмір философиясы
Артур Шопенгауэр (1788-1860), иррационалдық философияның өкілі.
Дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция,
медицина, кейін философиямен шұғылданды. Берлин Университетінде приват -
доцент болып орналасқан соң әйгілі Гегельмен бақ таластырды. Ол Гегельдің
сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қойды. Әрине,
студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты
тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз
қалса, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды.
Ол өзінің Дүние ерік пен елес ретінде еңбегінде Канттың көзқарасын
жалғастырды. Шопенгауэрдің пікірінше: Дүниеде негізгі де, ақыл–ойы да жоқ.
Дүниеде тек ерік бар. Еріктің мәні кең - оны адамның жаны емес,
табиғаттағы, қоғамдағы Ұмытылу деп санайды. Мысалы, жануарлар
дүниесіндегі Ұмтылыс (порыв-екпін, қарқын) өмірін сақтап қалу талабы,
физикалық дүниеде өзіне тарту - тартылыс бар, ал қоғамда мемлекеттің,
нәсілдің, халықтың және адамдардың еркі бар - ол өмір сүру. Бұл ерік
көмескі, ал ақыл-ойда, мақсаты жоқ болғандықтан, иррационалды.
Ерік дүниедегі барлық процесстерді және құбылыстарды тудырады, ол
негізсіз және себепсіз. Адам деңгейінде ерік шектен тыс сезім күйі аффект
- ашу ызадан уақытша естен кету, мансап қорлық, кекшілдік, жыныстық
ұмтылыс, сүйіспеншілік, делебесінің қозуы, қобалжу түрінде болады. Егер
дүниенің негізі ерік ақылсыз болса, онда дүниеде де ақыл жоқ. Ғылым -
дүние құбылыстарын ақыл-ой заңдарымен негіздеуге ұмытылып, әрдайым тұйыққа
тірелді. Техниканың дамуы, адамға жақсылық емес, зияындық келтіреді.
Шопенгауэрдің адам тағдырына, бостандығына, қажеттілігіне, бақытына
байланысты көзқарасы түңілушілік (пессимистік) сипатта болды. Өмірдің мәні
- дүниенің қайғы екенін түсіну. Ол адамның қоғам заңын және дүниені
танудағы әлсіздігі мен үмітсіздігін алға тартты. Моральдық прогресті,
бақытты және ақылға сиятын мемлекет құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл
идеялар ХІХ-ХХ ғасырда экзистенциализм философиясының қалыптасуына алып
келді.
Фридрих Ницше (1844-1900) қазіргі батыс философиясындағы Өмір
философиясы коценпциясының негізін салушының бірі, оның әсерімен адам
және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф.Ницше философиясының
мақсаты: адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне
көмектесу. Өмір - философияның өзегі, дүние танушы субъектіге берілген
фактілерді түсіндірудің бір қыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - ерік.
Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады.
Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің концепциясын қолдады, философияның
негізгі мәселесі етіп ерікті қойды. Ницше классикалық философияның
категориялары - материя мен рухтың - орнына билікке жету еркін қойып,
кейін Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны
билікке жету еркі - деп есептеді. Билікке жету еркі - бұл қоғамдағы
өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар.
Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі т.б.
Әдептілік мәселесінде Ницше ниглист (барлық тұрақталған құндылықтарды
жоққа шығарады және жаңа позитивтілерді ұсынады). Ол өз заманның мәдениетін
төменгі және ыдырап бара жатыр, мораль оны іштей ірітуде деді. Христиандық
діндегі әдептілік қағиданы моральдың құлы ретінде көрсетті. Сондықтан
құндылықты қайта бағалау мәселелерін қойды. Біздің заманда Құдай өлді -
деп Ницше жар салды, жаңа дәуірге жаңа құндылық жүйесін алып келді. Жаңа
адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz