Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер


КІРІСПЕ1
ІІІ БӨЛІМ4
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БҰҰ4
§ 1. Біріккен ұлттар ұйымындағы Қазақстанның қызметі4
§ 2. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер14
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі . Біріккен Ұлттар Ұйымы дүние жүзінде көптеген мемлекеттерді біріктірген ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым болып табылады. Жер бетінде дүние жүзілік соғыстардың көбейуі барлық елдер басшыларының өзара бірігіп, осындай ұйым құруына алып келді. 1919 жылы негізі қаланған халықаралық ұйым Ұлттар Лигасы өзіне жүктелген міндет - дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап тұра алмады.
1944 жылы Думбартон - Окс конференциясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының жобасын жасап шығарған болатын. БҰҰ- ның құрылуы адамзат тарихында бейбітшілікті сақтап, миллиондаған адам өмірінің қиылуына алып келетін дүние жүзілік соғыстарды болдырмауда және де олардың алдын алуда маңызды орын алады. Сондықтан да дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікке жан - жақтан қауіп төніп тұрған қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихын зерттеу және осы Ұйымның жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жолында атқаратын елеулі еңбектерін атап өту және оны оқырман қауымға жеткізе білу бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мәселенің тарихнамасы . Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылу тарихы және де атқарған қызметтері осы күнге дейін жан-жақты және терең зерттелген тақырып болып табылады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы жайлы Кеңес дәуірі зерттеушілірі Р. Л. Бобровтың, Д. И. Фельдманның және В. В. Фоминнің және тағыда басқа көптеген зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. 1
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Курстық жұмысты жазуда алдымызға қойған масатымыз - бұл халықаралық аренада маңызды орын алатын Біріккен Ұлттар Ұйымын құрудың әлемдік дәрежеде маңызды қадам болғандығын көрету болып табылады. Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды, яғни көптеген мемлекеттерді біріктірген және дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың негізгі тірегі болған мемлекетаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымының жер бетіндегі ең жоғарғы байлық болған адамзат өмірін бағалау және қорғауда алатын орнына дұрыс баға беру болып табылады.
Деректемесі . Біз курстық жұмысты жазу барысында 50-шы жылдары “Наука” баспасында жарыққа шыққан орыс тіліндегі дерек көздерін пайдаландық. 2
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмыстың бірінші тарауында Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы мен Ұйымды құру барысында елдердің ұстанған позицияларына терең және жан - жақты тоқталып өттік.
БҰҰ-ны құрудың негізгі алғышарттары 1943 жылы Мәскеудегі Кеңес Одағы, Америка және Ұлыбритания мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Тегеран конференциясында жер бетінде берік те әділетті бейбітшілік орнату үшін демократиялық күштерді біріктіруге негізделген жаңа халықаралық ұйым құру туралы қаралған мәселесі болды.
1945 жылғы Қырым конференциясында Думбартон - Окс жобасы бірауыздан мақұлданып, сондай - ақ 1945 жылы 26-шы маусымда Сан-Францискода өткен конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына байланысты принципті мәселелер өз шешімдерін тапты. 3
Сан - Францискода өткен конференцияның жұмысына Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылтайшы мүшелері ретінде елу мемлекет қатысқан болатын. 1945 жылы 26-шы қазан Жарғының күшіне енген күні болатын, осы күн тарихта БҰҰ-ның күні деп атап өтілетін болды.
БҰҰ-ның негізгі қызметі - жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап, мемлекеттердің алуан түрлі салалардағы ынтымақтастығына көмектесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу, оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады. 4
Сонымен қатар БҰҰ-ның құрылу барысында одақтас мемлекеттердің көзқарастары мен олардың ұстанған позицияларына да назар аудардық.
Саяси аренада жаңа халықаралық ұйымның пайда болуы экономикалық және әлеуметтік даму саласында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың дауына да үміт арттырды. Бұл жерде айта кететін маңызды мәселелердің бірі - бұл жаңа ұйымның міндеттері туралы одақтас мемлекеттердің көзқарастарының сәйкес келмеуі еді.
Бұл жерде Кеңес Одағы мен Ұлыбританияның позициялары ерекше көзге түсті. Мысалы, Кеңес Одағы БҰҰ туралы ең алдымен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғайтын ұйым ретінде пікірде болды, Ұйымды құруда осыдай бағыт ұстанған болатын.
Сондықтанда одақтас мемлекеттер осы бағытты басшылыққа алып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды міндеттер атқаратын Қауіпсіздік Кеңесін құруда қақтығыссыз тез келісімге келді. Сонымен қатар Думбартон - Окс конференциясында ұсынылған Ұйымның Жарғысы туралы кеңес үкіметі өзінің жеке көзқарасын білдірген болатын. Олар БҰҰ - ның міндеттері жер бетінде бейбітшілікті сақтаумен шектелуі қажет деп Ұйымның экономикалық және әлеуметтік мәселелерге араласуына үзілді - кесілді қарсы шықты. Кеңес Одағы БҰҰ-ның елдердің ішкі экономикалық мәселелеріне араласуын мемлекет егемендігіне қол сұғушылық деп бұрыс тұжырымдар жасаған болатын.
Ал батыс мемлекеттері әуел бастан-ақ БҰҰ құрудағы елдердің алдына қойған негізгі мақсаты ретінде Ұйымның экономика, мәдениет, ғылым салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастық құру деп қарастырған болатын.
Біз осы курстық жұмыстың екінші тарауында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы және оның органдарының өкілеттілігі туралы қарастырдық.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылы 26-шы қазанда қабылданды. Осы күн БҰҰ-ның күні болып белгіленді.
БҰҰ-ның негізгі органдары - бұл Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Халықаралық Сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес, Хатшылық болып саналады. БҰҰ-ның Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан.
БҰҰ-ның әр бір органдарына өздеріне тиісті міндеттер жүктелген. Мысалы, Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның Жарғысының 24-бабына сәйкес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау сияқты маңызды міндет жүктелген. Қазіргі кезде кейбір арнайы емес деректерге қарағанда кейбір мемлекеттер жаппай қырып - жоюға арналған қарулармен жабдықталған бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық саяси аренада алатын орнына тағы да бір тоқталып өту және оны оқырман қауымға жеткізе білудің өте зор табылатыны ешқандай күмән келтірмейді.
ІІІ БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БҰҰ
§ 1. Біріккен ұлттар ұйымындағы Қазақстанның қызметі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz