БҰҰ - ның құқықтық негізі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 БҰҰ-ның мақсат-міндеттері, қағидалары және оған мүшелікке өту мәселелері

1. 2 БҰҰ-ның негізгі органдары және олардың қызметі

1. 3 БҰҰ-ның құқықтық негізі

ІІ. БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі және әлемдік қауымдастыққа енуі

1. 2 БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасы

1. 3 БҰҰ-ның Қазақстандағы болашағы және даму мәселелері бойынша бағдарламалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - егеменді мемлекеттердің бірігіп ортақ мәселелерді шешуге көмектесетін негізгі халықаралық ұйым. Ол дүниежүзін басқаратын немесе барлық мемлекеттерге ортақ заң шығаратын мекеме емес, бұл ұйымға барлық елдердің бай-кедейліктеріне, саяси және әр түрлі діни көзқарастарына қарамай, адамзаттың деңгейінің жоғарылауына, адам құқығының бұзылмауына дәнекер болатын, ортақ шешім қабылдайтын халықаралық ұйым.

Бүкіләлемдік ұйымның барлық қызметі ортақ проблеманы шешуге бағытталған, ол - өзіне мүше әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделері мен тұтастай алғандағы халықаралық ынтымақтастық мүдделерінің арақатынасын шешу. Осы негізгі проблема шеңберіндегі БҰҰ-ның қызметін үш негізгі бағытқа бөлуге болады:

- Біріншісі - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау.

- Екіншісі - БҰҰ-ның әлемді қайта қалыптастырудағы күнделікті қызметі.

- Үшіншісі - адамзаттың болашағын халықтар арасындағы ғаламдық ынтымақтастықты реттеу арқылы жоспарлау немесе болжау.

Әмбебап халықаралық ұйымның құрылуына бұдан бұрынғы Ұлттар Лигасының 1940 жылы өз әрекетін тоқтатқаны себеп болды. 1945 жылы 11 ақпанда президент Рузвельд, премьер министр Черчилль, Сталин Ялтада бас қосып "бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін жалпыға бірдей халықаралық ұйым" кұруға бел байлады. Сонымен, одақтас мемлекеттердің "бейбітшілікте де, соғыста да еркін халықұармен бірге жұмыс істеуте" ұмтылысы негізін тауып 1945 жылы 26 маусымда БҰҰ-ның жарғысына қол қойылды. Ұйымның құрылымы алты басты және қажетті қосалқы органдардан тұрады. БҰҰ-ның басты органдары мыналар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқоршылық жөніндегі кеңес, Халықаралық Сот және Хатшылық. БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 1946 ж. 13 ақпандағы Конвенцияға сәйкес, БҰҰ занды тұлға болып табылады; жылжитын және жылжымайтын мүліктер алады; мүліктерге билік етеді; сотта іс қозғайды. БҰҰ-ның өкілдері басты және көмекші органдардағы конференцияларда өздерінің қызметтік міндеттемелерін атқарғанда және мәжіліске беру-келу кезінде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. БҰҰ-ның лауазымды адамдары сот жауапкершілікке тартылмайды және қазыналық, кедендік артықшылықтарды пайдаланады.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. БҰҰ-ның мақсат-міндеттері, қағидалары және оған мүшелікке өту мәселелерін талдау. БҰҰ-ның негізгі органдары және олардың қызметіне түсінік беру. Қазақстанның БҰҰ-на қосылуы және БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасын қарастыру. БҰҰ-ның Қазақстандағы болашағы және оларды дамыту мәселелеріне анализ беру.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

- Біріншісі, бейбітшілік жолмен мемлекет аралық қарым-қатынасты ұлғайтып, экономикалық, техникалық және әлеуметтік прогреске ұмтылу.

- Екіншісі, оның альтернативті жолы дүниежүзіндегі ғылыми-техникалық прогреске ұмтылмай, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтып, жеке саясат құру.

Қазақстанның дүниежүзіне егеменді мемлекет ретінде танылуына, оның 1992 жылы 2 наурызында БҰҰ кіруі нақты себеп болды.

Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде өркендеп жетілуіне кепіл болатын бірден-бір халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы екені ешқандай күмән тудырмайды. Сондықтан да, БҰҰ әр түрлі саласындағы қызметтерінің қыр-сырын талдап, оның мақсат-маңызын анықтау, оларды мемлекетіміздің мүддесі, игі істері үшін қолдану өзекті мәселе деп түсініп, " БҰҰ және Қазақстан" тақырыбына дипломдық жұмыс жазуды ұйғардым.

Жұмыстың мақсаты - БҰҰ-мен оның жарты ғасыр бойы қалыптасқан органдарының мақсат-міндеттерін, қағидаларын, қызметтерін, құқықтық негізін талдап, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі барысында бұл халықаралық әмбебап ұйым мекемелерімен ынтымақтастығын, арнайы бағдарламалар аясындағы қызметтестігін және оларды дамыту мәселелерін зерттеп, бұл байланыстарды одан әрі қарай дамыту жолдарын қарастыру. Осы мақсатта - алдымен БҰҰ-ның құрылымы, мақсат-мүдделері, оған мүшелікке өту мәселелері жан-жақты талданып, онан кейін БҰҰ органдарының Қазақстанмен қарым-қатынасы, байланыстарының орнығу барысы, өзара қызметтестігі және құқықтық негізі жан-жақты зерттелді.

Бітіру жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 БҰҰ-ның мақсат-міндеттері, қағидалары және оған мүшелікке

өту мәселелері.

Ұйымға мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблеяның қаулысы арқылы мүшелікке қабылданады. БҰҰ қағидаларын жүйелі түрде бұзған мемлекеттерді Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблея БҰҰ-ның құрамынан шығарады. Қауіпсіздік Кеңесінің осы мәселеге қатысты ұсынысы ауызбірлік қағидасының негізінде қабылданады, яғни Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінің дауысын қоса алғанда, Кеңестің 9 мүшесінің дауысы қажет. Жарғының ережелерінде ұйымның құрамынан өз еркімен шығу тезисі көзделмеген. Сан-Францискода Уругвай делегациясы БҰҰ-дан шығуға тыйым салу керек деп ұсынған болатын. Бұл ұсынысты конференция қатысушылары жақтамады. 1960 ж. Индонезия мемлекеті БҰҰ-дан шығу туралы өтініш жасады. Барлық міндеттемелерді орындау үшін мемлекетке бір жыл уақыт берілді. 6 ай өткен соң Индонезия өтінішін қайтарып алды. Ұйым мемлекеттердің мүшелік жарнасы есебінен күн көреді. БҰҰ-ны қаржыландыру мүше елдердің жарнасына тәуелді болған соң, ақша қаражаттарының жетіспеушілігі таңсық проблема емес. Бұл проблема БҰҰ құрылған сәттен бастап, оның қыр соңынан қалмай келеді. Көптеген мемлекеттер әр түрлі себептерге байланысты жарналарын уақытында және толық төлей алмауда, оған техникалық бюджеттік проблемаларынан бастап кедейшілік те себеп болуда. БҰҰ-ның қаржылық дағдарысы күннен-күнге өсіп келеді. Мәселен, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің мәліметтері бойынша 1998 ж. 30-қыркүйегіне дейін мүше елдер БҰҰ-ға ағымдағы және бұрынғы жарналары есебінен 2, 5 миллиард доллар, оның ішінде: бітімгершілік күштерінің мақсатына 1, 8 миллиард доллар, БҰҰ-ның реттеу бюджетіне 683 млн. доллар, халықаралық трибуналдарға 22 млн. доллар қарыз болған. Тек 100 мемлекет қана өздерінің жарналарын уақытында толық төлеген. АҚШ сол кездегі ағымдағы және бұрынғы жарналық сомаларының 1, 6 миллиард доллар қарыз болған, яғни ол БҰҰ-ның барлық қарызының үштен екісін құрап отыр. АҚШ 1998 ж. 228 млн. доллар, төлегеніне қарамастан, оның ішінде реттеу бюджетіне 563 млн. доллар, бітімгершілік операцияларына 1, 04 миллиард доллар төлесе де, қарыздарын түгел жапқан жоқ. БҰҰ реттеу бюджетінің шығындарын жабу үшін бюджеттен қарыз ақша алуға мәжбүр болып отыр. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгершілік мақсаттары үшін жеке әскери кұрал мен жабдықтар беретін елдердің қарыздарын уақытында бере алмауда. 1998 жылы БҰҰ әскери контингент және жабдықтар берген 70 елге 864 млн. доллар қарыз болды. БҰҰ Жарғысының 19-бабына сәйкес, егер жыл басында мемлекет бұрынғы екі жыл үшін жалпы қарызының жартысын немесе жартысынан көп сомаға қарыз болса, онда сол мемлекет Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан айрылады. Алайда, Бас Ассамблея БҰҰ-ға мүше мемлекет өзіне қатыссыз себептерге байланысты төлем уақытын өткізіп алғанын мойындаса, онда дауыс беруге қатысуға рұқсат бере алады.

БҰҰ-ның мақсаттары мынандай:

• халықаралық бейбітшілікті қолдау;

• бейбітшілікке қауіп келтіру мен басқыншылық актілерінің алдын алу және жою үшін тиімді шараларды қабылдау;

• халықаралық дауларды немесе оқиғаларды бейбіт құралдар арқылы шешу;

• халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасының негізінде халықтардың достық қарым-қатынасын дамыту;

• экономикалық, әлеумметік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық дауларды шешу барысында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

• осындай ортақ мақсаттарға жету жолында ұлттар әрекеттерін үйлестіру орталығы болу.

БҰҰ өз қызметін жүзеге асырғанда мынандай қағидаларды басшылыққа алады:

1. Ұйымның барлық мүшелерінің дербес теңдік қағидасы.

2. Өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасы.

3. Туындаған дауларды бейбіт құраладармен шешу қағидасы.

4. Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.

5. БҰҰ-ның Жарғыға сәйкес атқаратын барлық әрекеттеріне барынша көмек көрсету қағидасы.

6. БҰҰ-ның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің БҰҰ-ның қағидаларына сәйкес әрекет етуін қамтамасыз ету қағидасы, себебі ол бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қажет болуы мүмкін.

7. Мемлекеттердің ішкі құзыреттеріне жататын істерге БҰҰ-ның қол сұқпаушылық қағидасы.

Сонымен, әмбебап халықаралық ұйымның мақсатттарына мен қағидалар жүйесінің халықаралық құқықтық мазмұны мен негізгі қағидаларына қайшы келмейтінін байқауға болады.

БҰҰ-ға мүшелікке өтудің талаптары мынандай:

1) мемлекет тәуелсіз, бейбітшілікті сүйгіш болуы тиіс;

2) мемлекет жарғылық талаптарға орай өзіне міндеттемелерді жүктеуі тиіс;

3) мемлекет өзіне жүктелген міндеттемелерді орындай алады және орындағысы келеді.

1. 2 БҰҰ-ның негізгі органдары және олардың қызметі

БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес жаңа дүниежүзілік ұйымның алты негізгі органы құрылған, олар: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі, Бас Ассамблея, Хатшылық, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқоршылық кеңесі, Халықаралық соты. Сонымен бірге, Жарғыда Бас Ассамблеяның келісімімен БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері ретінде басқа да өзін-өзі басқаратын ұйымдарын құруға жол беріледі; атап айтқанда осы ереже Қауіпсіздік Кеңесіне бітімгершілік күштерін құруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік Кеңеске 5 тұрақты мүше - Ұлыбритания, Қытай, Ресей (іс жүзінде КСРО-ның мұрагері), АҚШ пен Франция - және Бас Ассамблея сайлайтын (екі жыл мерзімге) 10 мүше кіреді; қайта сайлауға жол берілмейді. Тұрақты емес мүшелер мына аймақтардан: Африка мен Азиядан, Шығыс Еуропадан - 1, Латын Америкадан - 2 және Батыс Еуропадан - 2, сондай-ақ, Австралия мен Канаданы қоса алғанда, басқа аймақтардан да сайланады. Қауіпсіздік Кеңесі оның үздіксіз қызмет атқаруы, ал оның мүшелері әрбір өкілінің БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрақты болуы көзделіп құрылады. Кеңесте төрағалық ету әрбір мүшеге бір ай бойы беріледі, төрағаларды белгілеу олардың есімдерінің ағылшын әліпбиі бойынша орналасуына сәйкес жүргізіледі.

Жарғыны жасаушылар Қауіпсіздік Кеңесін (ҚК) ұйымның шешуші элементі ретінде қарастырған. Соғыс кезінде Үлкен бестік БҰҰ топтарында үлкен бестік ретінде белгілі Тұрақты мүшелер кеңесіне біріктіріледі, оның бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде кең өкілеттіктері болады. Жарғының басқа ережелерінде тек ҚК-нің қарарлары ғана міндетті болады деп пайымдалады; БҰҰ-ның барлық басқа органдар шешімінің тек ұсынымдық сипаты бар. Бұл Кеңес пікірсайыстар ұйымдастыруы және мәселелерді бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз етудің кұралдарын ұсынуы мүмкін немесе оның әр алуан санкцияларды- дипломатиялық қатынастарды үзуден бастап ұжымдық әскери шараларды қолдануға дейін күқығы болады. Жарғы бойынша Әскери-штаб комитеті құрылған, ол БҰҰ-ның бітімгершілік күштерінің әскери операцияларының "стратегиялық бағытын" анықтайды.

Қалыптасқан нормалар бойынша БҰҰ-ны бітімгершілік күштерінің араласуына олар жіберілетін мемлекеттердің алдына ала келісімі талап етіледі. Мұндай операцияларды БҰҰ-на мүше мемлекеттердің ұлттық және аумақтық құқықтарын құрметтеу негізінде жоспарланады. Дегенмен де, бұл шектеулер кейде БҰҰ-ның тиімді іс-әрекеттер жасауына кедергі келтіргенімен, басқа жағынан, олар БҰҰ-на мүше мемлекеттердің мүдделерін кемсітпеуге кепілдік береді. 1991 жылы Франция оның қарауына "ізгілікшілдік араласуы" - тұжырымдамасын ұсынды, ол онда осы тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында тиісті шешімдер қабылданған жағдайда әскери қимылдардың үкіметтердің қалауларына қарамастан жүзеге асыру мүмкіндігінің - сценариі көзделген. Бұл бастама оншалықты мақұлдана қоймады, ал көптеген мемлекеттерде мұндай әрекеттердің БҰҰ-нің ішінде алауыздықты күшейтуі мүмкін деген пікір туындады.

Бітімгершілік күштеріне бақылау жасаудан басқа, Қауіпсіздік Кеңесі Бас Ассамблеяға жаңа бас хатшыны тағайындауға қатысты ұсыным береді.

Қауіпсіздік Кеңесі құрамының аз болуы - оның отырыстары мен акцияларын жедел өткізуіне жәрдемдесетін маңызды фактор. Сонымен бірге, оның тұрақты мүшелерінің бірауызды шешімі қажет болған кезде елеулі рәсімдік проблемалар туындайды.

Қырғи-қабақ соғыстың нәтижесінде қалыптасқан батыс пен шығыс саяси блоктарының арасындағы бөліну бағыты Кеңес тарихының үлкен бөлігі бойында оның қызметіне кеселін тигізді. Кеңестік блоктың ыдырауымен бірінші кезекке бай жәнекедей елдер арасындағы қайшьлықтар қойылды. Қаржы және саяси ынталандыруларды пайдалану немесе Кеңеске кіретін дамушы елдердің үкіметтеріне қоқан-лоққы жасау, оларды ықтимал пайдалану мүмкіндіктеріне ие бола отырып, АҚШ осы алауыздықтарды жойып, ортақ шешімдер қабылдауға қол жеткізді.

Ресми түрде Қауіпсіздік Кеңесі ұдайы отырыс өткізеді, сонымен бірге жалпыға бірдей бейбітшілікке елеулі қатер төндіретін мәселелерді жедел қарау үшін де жиналуы мүмкін. БҰҰ-ның бас хатшысы, кез-келген органы, немесе БҰҰ-ның кез-келген мүше мемлекеттері Қауіпсіздік Кеңес отырысын шақыруды талап етуі мүмкін. Кеңесте төрағалық ету әр өкілге бір ай бойы беріледі, оларды белгілеу елдер атауларының ағылшын әліпбиінде берілуі тәртібінде жүргізіледі.

Бейбітшілікті қолдау үшін жауапкершілікті өзінің міндетіне алған Үлкен бестік елдері Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болуды және оның өздері үшін кез келген елеулі мәселе бойынша тыйым салу құқығын қоса алғанда, белгілі бір артықшылықтарды талап етті. Жарғыда тыйым салу "Кеңестің тұрақты мүшелерінің бірауыздылығы принципі" ретінде белгілене тұрса да, іс жүзінде ол шешіммен келіспеуді білдіреді. Тыйым салу құқығы БҰҰ-ның жаңа мүшелерін қабылдау кезінде, бейбітшілікке қатер төндіретін қадамдарға қарсы әрекеттер кезінде, жанжалдарды бітімгершілікпен шешу туралы ұсыныстар бойынша, Жарғыға толықтырулар енгізуді талқылау кезінде және бас хатшыны сайлау кезінде қолданылады. Ол ма, Үлкен бестік дауыс беру рәсімдерінің принципті сипаты болады және осының нәтижесінде ол тыйым салу құқығына жатады деп тұжырымдады. Сөйтіп, алғашқы сәттен-ақ тыйым салу құқығын дерліктей шектеусіз қолдану осы органның тиімді жұмыс істеуіне күмән келтірді.

Алайда, бұл құқық мейлінше сирек қолданылды, өйткені Қауіпсіздік Кеңес бірауыздылықты қамтамассыз ете отырып, тыйым салу құқығын қолдануға қатерлі қарарды жұмсартуды көздеді. КСРО тыйым салуды, әдетте, батыстық бағдар ұстанған мемлекеттердің БҰҰ-на қабылдауға кедергі келтірді. Бұндай кедергілерді алғашқы жылы жиі пайдаланды. АҚШ тыйым салу құқығын 1970 жылы алғаш рет қолданды және содан бері қарай оны көбінесе адам құқығына қатысты Израйль саясатын сынайтын мазмұндағы қарарлардың тармақтарын талқылау немесе олардың араб жерлерін басып алуын айыптау жағдайларында қолдануда.

1950-ші жылдардың бас кезінде қырғи-қабақ соғыстың күшеюі салдарынан ҚК-нің маңызы нашарлай бастады. Осыған сәйкес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемасы барған сайын Бас Ассамблеяның талқылауына шығарылып жүрді. Кеңес отырысы сирек ретте: мысалы, егер 1948 жылы ол 168 рет жиналса, 1955 жылы тек 23 қана отырыс өткізді.

1960-шы жылдары Кеңестің бұрынғы маңызы қайтадан жандана түсті. КСРО мынандай қорытындыға келді: өмірлік маңызы бар мәселелер жөніндегі шешімдерді мүмкіндігі аз Ассамблеядан гөрі Қауіпсіздік Кеңесіне қабылдау жақсы болар еді деген пікірді ұстанды. Бұл көзқарасты Вашингтон қостады.

Көкейтесті проблемаларды шешуге ұмтылыс жасай отырып, Қауіпсіздік Кеңесі барлық уақытта да тиімді іс қимыл жасай қоймады. 1946 жылы оған Иран мен КСРО-ны келісімдер столына отырғызудың сәті түсті. 1947-1949 жылдары БҰҰ Индонезияның Кұрама Штаттары мемлекетін кұруға жәрдемдесті. КД-нің 1946-1955 жылдарға дейін созылған Грек және КСРО арасындағы дау тұрғысындағы айқындамасы онша сенімді бола қойған жоқ. 1947 жылы басталған Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир үшін күресте ҚК делдаддық тактикасын ұстанды, бірақ ол ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізе алмады.

1971 жылы Кеңестің сипаты оған Қытай Халық Республикасының кіруіне байланысты күрт өзгерді. КСРО мен АҚШ арасындағы бұрынғы екіөрелікке, тайталастыққа негізделген тайталастық жаңа, неғұрлым сараланған күштердің орнығуымен өзгерді. Мұның өзі 1971 жылы, КСРО Үндістанды, ал Қытай Ләкістанды қолдаған кезде, Үндістан-Пәкістан жанжалдарының барысында айқын бола түсті. Қауіпсіздік Кеңесі ендігі жерде АҚШ пен КСРО-ның қақтығысуымен емес, қайта қытай-кеңес қайшылықтарымен дәрменсіз болып қалды. 1972 жылы Қытай БҰҰ-на Бангладешті қабылдауға қарсы бола отырып, алғаш рет тыйым салуды қолданды. Бұрынғы кезде тиімді іс-әрекеттер жасау тек екі державаның келісімі ғана жеткілікті болса, ендігі жерде шешуші үш державаның келісімін талап етті. Бірақ, Қауіпсіздік Кеңесі қалай болғанда да одан әрі іс-қимылдар жасай берді. Оған аралдағы грек және түрік халқы арасындағы қақтығыстардың алдын алу үшін Кипірде 1964 жылы құрылған бітімгершілік күштерінің мандатын әрбір алты ай сайын ұзартуының сәті түсті. 1973-1974 жылдардың аяқ кезінде, Таяу Шығыстағы Тайталас күндері соғысының қызу шағында Қауіпсіздік Кеңесі екі жаңа бітімгершілік күшін: Израйль мен Египед арасындағы қарулы күштерді бөлу жөніндегі келісімді бақылауға тиісті БҰҰ-ның төтенше күштерін және Сирия-Израиль келісімін жүзеге асыру кезінде осыған ұқсас міндеттер атқарған бөлуді байқау жөніндегі БҰҰ-ның күштерін құру жөнінде күш-жігер жұмсады. Сондай-ақ, 1973 жылғы соғыстан кейін Кеңес № 338 қарарды қабылдады, ол Таяу Шығыста "әділетті және баянды" бейбітшілік орнату мақсатында келіссөздер столына отыруға шақырды. Осы тәріздес жағдайларда Қытай тыйым салу құқығын қолдану орнына дауыс беруде қалыс қалуды жөн көрді.

1987 жылы Таяу Шығыста Палестина шырғалаңы басталды. АҚШ Кеңестің басқа мүшелерінің қысым жасауымен жаулап алған аумақтарда палестиндіктердің тұруы жағдайларын зерттеу үшін Бас хатшының өкілін жіберумен келісті. Бірақ бұл қадам да жағдайды онша-мұнша өзгерте алмады. 1990-1991 жылдардағы Парсы шығанағындағы дағдарыс салдарынан Таяу Шығыстағы жағдай мейлінше қиындап кетті. Кеңес Израйлдықтардың, Палестинаның бейбіт халқына қарсы әскери қимылдарына қалайша жауап қайтару туралы пікірсайысқа кірісті. 1990 жылы Омар мешітіндегі кемінде 18 палестиндіктердің өлтірілуін айыптаған қарар қабылдауы 7 апта кейінге қалдырылды, өйткені АҚШ-тың дипломаттары оның тркырымдамаларын жұмсарту бағытында жұмыс істеген еді.

1982 жылы Ливанда болып жатқан азаматтық соғыс осы елге Израиль әскерлерінің баса-көктеп кіруімен қиындай түсті, Кеңес Бейрутқа байқаушылар жіберіп, босқындарға арналған лагерлердегі айуандық кісі өлтірулерін айыптады. № 625 қарар Оңтүстік Ливанның басып алған аумақтарынан Израиль әскерлерін дереу және сөзсіз шығаруын талап етті, Израиль бұл шешімге бағынбады.

Кеңес белсенділігінің арта түсуі 1990-1991 жылдардағы Парсы шығанағындағы дағдарыстың шиеленіскен кезіне жатады. 1990 жылғы 2 тамызда Ирактың Кувейтке шабуыл жасауынан кейін бірнеше сағат өткен соң, АҚШ елшісі Томас Пикеринг Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысын шақыруын талап етті. № 660 қарар бұл шабуылды айыптады, ал 1990 жылғы 29 қарашадағы № 678 қарар жекелеген елдерге Иракқа қарсы тұруға рұқсат етті. Оны қабылдау үшін Кеңестің 12 мүшесі дауыс беріп, 2 мүшесі қарсы болды және біреуі қалыс қалды. Мүше мемлекеттердің қолдауына қол жеткізген АҚШ бұрын-соңды болып көрмеген экономикалық және саяси әрекеттерге барды.

Дауыс беру сонымен бірге кеңестік блоктың құлауымен және одан кейінгі КСРО-ның ыдырауымен байланысты Қауіпсіздік Кеңес ендігі жерде екі өктем державаның қарсы тайталасының қисынына бағынбайтынын білдірді. Қауіпсіздік Кеңес талқыламастан тұрақты мүше ретінде Ресей Федерациясын КСРО-ның орынымен ауыстыру туралы шешім қабылдады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz